Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
bcc journal
17 ақпан 2026
Жаңартылды: 16 наурыз 2026

Ер адамдарға арналған декреттік демалыс қалай құрылған және оған қалай дайындалу керек

Ресми табысы бар ерлер үшін төлемді есептеу, сондай-ақ декреттік демалыстағы адамдардың басынан кешкендері мен кеңестері 

Қазақстанда да, әлемдегідей, ұзақ уақыт бойы декрет – тек әйелдің ғана құзыреті және ерлерге тән емес нәрсе деген сенім үстем болды. Бірақ уақыт өзгеріп, бүгінде «ерлердің декреті» елде заңды, және біртіндеп әйелдер мен ерлердің декреттерінің ережелері мен талаптары жақсарып келеді. Мәселен, 2025 жылғы қарашадан бастап бала күтіміне байланысты демалыста болған уақыт тек әйелдер үшін ғана емес, ерлер үшін де жалпы еңбек өтіліне есептеледі. Бұл мақалада біз ерлер декретінің «математикасын» талдап, ерлер декретінің қаржылық және эмоционалдық құрамы туралы шынайы кейіпкерлермен сөйлесеміз.

Қазақстанда ер адам декреттік демалысқа шыға ала ма?

Иә. Қазақстан заңнамасында «декрет», «жүктілік және босану бойынша демалыс» және «бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс» деген ұғым жоқ. Егер біріншісі физиологиялық себептермен әйелдерге ғана қатысты болса, екіншісі ерлерге де, әйелдерге де қатысты. Ал егер бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалған болса, онда жақын туыстары немесе қамқоршылары, басқаша айтқанда, нақты бала тәрбиесімен айналысатын адам декретке шығады.

Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыс туралы не білу керек?


  • Бұл демалысты анасы, әкесі немесе жақын туысы: әжесі, атасы, қамқоршысы толығымен немесе бөліп-бөліп пайдалана алады.
  • Қызметкердің жұмыс орны мен лауазымы сақталады.
  • Мұндай демалыста болған уақыты еңбек өтіліне есептеледі, 2025 жылдан бастап бұл әйелдерге ғана емес, ерлерге де қолданылады.

Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз

7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету

Ерлер декретке шыққан кезде қандай төлемдерді алуға болады?

Егер әкесi ресми түрде жұмысқа орналасқан және ол үшiн әлеуметтік аударымдар жасалған болса, әкесінің бiр жарым жасқа дейiнгi бала күтiмi бойынша Мемлекеттiк әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алуға құқығы бар.

Табысынан айырылған жағдайда, ай сайынғы әлеуметтік төлем қалай есептеледі?

Есеп айырысу үшін бала туғанға дейінгі соңғы 24 ай ішіндегі орташа айлық табысы алынады. Бұл кезде әлеуметтік аударымдардың болуы маңызды.

Формуласын былай көрсетуге болады:

(Орташа кірісі * 0,4) * 0,9 = төлем

0.4 – кірісті алмастыру коэффициенті (40%), 

0.9 – 10% міндетті зейнетақы жарнасын шегергеннен кейінгі коэффициент.

Айталық, әкесінің соңғы екі жылдағы орташа жалақысы салық шегерілгенге дейін 500 мың теңгені құрады. Онда төлем мөлшері: (500 000 х 0.4) - 10% = 180 000 теңгені құрайды. Нәтижесінде: әкесі бала бір жарым жасқа толғанға дейін ай сайын 180 000 теңге алатын болады.

«Шекті мөлшерге» қатысты маңызды мәлімет

Ең жоғарғы шегі: есептеу үшін табысы 7 ең төменгі жалақыдан аспауы тиіс (2026 жылы АЕК – 85 000 теңге). Осылайша, 2026 жылы ай сайынғы жәрдемақы есептелетін табысының ай сайынғы сомасы 595 000 теңгеден аспауы тиіс.

Ең төменгі шегі: төлем жұмыс істемейтіндер үшін белгіленген мемлекеттік жәрдемақыдан кем болмауы тиіс. Ол туралы толығырақ біздің мақаладан оқи аласыз.

Әкеге декреттік демалысты қалай рәсімдеуге болады: қадамдық алгоритм

  1. Бала туылған күннен бастап 12 ай ішінде бала күтімі бойынша демалысқа шығуға болатынын білесіз.
  2. Бұл үшiн бала күтiмi жөнiндегi демалысқа мерзiмiн көрсете отырып, кемiнде 30 күн бұрын (егер шартта өзгеше көзделмесе) өтiнiш беру қажет.
  3. Сондай-ақ баланың туу туралы куәлігі және екінші ата-ананың бұл демалысты пайдаланбайтыны және төлем алмайтыны туралы анықтама талап етіледі.
  4. Еgov.kz порталы арқылы өтініш беруге, ХҚО-ға хабарласуға немесе банктік қолданба арқылы өтініш беруге болады.

Қазақстан азаматтарының оқиғасы

Екі қазақстандық өз жағдайымен бөлісті:

Берік, 33 жаста, 2023 жылы туған бір баласы бар.

Бабур, 34 жаста, екі бала: бірінші баласы 2020 жылы Алматыда, екіншісі 2024 жылы Варшавада дүниеге келген.

Мен ұлым екі жаста болғанда декреттік демалысқа кеттім. Жұмыста басшылық ауысты, сонда мен үзіліс жасаудың тиімді болатынын – осылайша орнымды сақтап, күрделі кезеңді өткеретінімді түсіндім. Бірақ басты себеп баламның өсіп келе жатқанын көріп, әйеліме қолдау көрсету болды. Сәбимен 24/7 режімде бірге болу - орасан еңбек, мен үшін бұл жауапкершілікті өз мойныма алу маңызды болды.

 Бұрынғы басшылық бұл шешімімді түсіністікпен қабылдады, ал жаңасы аса қуана қойған жоқ. Дегенмен заң менің жағымда болды. Туыстарым мен достарым жалпы қалыпты қабылдады, бірақ «декреттегі ер адам» туралы әзіл-қалжың айтылмай қалған жоқ. 

Қаржылық тұрғыдан біз алдын ала дайындалдық: бастапқыда жәрдемақыны әйелім алды, ал мен декретке шыққанда жинаған қаражатымыз көмектесті. Алайда бірнеше айдан кейін ресурстардың шексіз емес екені белгілі болды. Мен қосымша табыс табу үшін джиу-джитсудан жаттықтырушы болып жұмыс істедім – спорттық тәжірибем декретті жұмыспен қатар алып жүруге мүмкіндік берді.

Менің кеңесім: бала күтімі бойынша демалысқа шығар алдында балама табыс көздерін алдын ала ойластырыңыз. 

Отбасы алдындағы жауапкершілік ешқайда жоғалмайды. 

— Берік

Менің ата-ана болу жолым 2020 жылдың ақпанында басталды. Ұлымыздың туылған алғашқы айларды пандемияға байланысты отбасымызбен бірге үйімізде өткіздік. Мен еуропалық ұйымда жұмыс істедім, онда әріптестер мен басшылық менің жаңа мәртебеме толық түсіністікпен қарады. Іссапарлар онлайнмен алмасты, жұмыс қарқыны табысын жоғалтпай баяулады. Бірақ пандемия болмаса да, мен әйелім мен ұлымның жанында болудың жолын табар едім - отбасымды қолдау мен үшін әрдайым бірінші кезекте тұрды. 

Екінші ұлым туылған кезде Польшадағы ерлер декреті жүйесін қолдандым, - дейді Бабур. Бұл жерде әр ер адамнан күтілетіні қалыпты жағдай. Бала туылған бірінші жылда әкесі екі апта 100% ақылы демалыс алуға құқылы. 6 жасқа дейін декреттің тағы 9 аптасын алуға болады – ол кезде орташа жалақының 70%-ы төленеді. Ал негізгі декретті (32 апта) ата-аналар өзара бөлісуі мүмкін.

Тәсілдердің айырмашылығы айқын: Қазақстанда жұбайы қаржылық себептерге байланысты бір жылдан кейін жұмысқа шығуға мәжбүр болды. Польшада мемлекеттік қолдау өзін толығымен балаға арнауға мүмкіндік береді, ал менің декретке шығуым отбасы бюджетіне салмақ салмайды. Мен үшін екі ұлдың әкесі болу, бизнесті жүргізу және жұмыс істеу – таңдау мәселесі емес, табиғи үдеріс. Алайда бұл жол тек амбицияны ғана емес, сонымен бірге қолайлы да орнықты әлеуметтік ортаны талап етеді.

— Бабур

2026 жылға арналған Қазақстандағы декреттік төлем калькуляторы
Перзентханаға сөмкені қалай жинау керек: шынымен қажет болатын заттардың тізімі
Саяжай жер телімін таңдау жолдары: қала күйбеңінен шаршағандарға арналған практикалық нұсқаулық

Неге эмоциялық тұрғыдан дайын болу қажет?

Төлем математикасы – бұл әрине негіз, алайда осы кезеңде отбасының «тұрақтылығы» тек есеп-қисапқа емес, эмоциялық зердеге де тікелей байланысты. Кейіпкерлеріміздің тәжірибесіне сүйене отырып, біз тек отбасылық бюджетті ғана емес, ерлі-зайыптылар арасындағы татулықты да сақтауға көмектесетін қағидалар тізімін түздік.

Өзіңіздегі менмендікті жеңіп, көмекті қабылдаңыз 

Декреттік кезең – иығыңа жүз келі жүк артып, өрге қарай өрмелеумен тең. Егер туған-туыс немесе достарыңыз «ең болмаса бір келісін көтерісейік» деп, сәбимен серуендеп келуді немесе баланың тамағын алып келуді ұсынса – ризашылықпен қабыл алыңыз. Жалғыз өзіңіз бәріне үлгеретін суперқаһарман болуға тырыспаңыз. Көмекті қабылдау – әлсіздік емес, күш-қуат пен мүмкіндікті парасатпен бөлісе білудің көрінісі.

«24/7» режимі – демалыс күндері ғана қолғабыс ету емес

Көптеген ер азаматтар: «Мен жексенбі сайын ұлыммен серуендеп жүрмін ғой, бәріне де төтеп беремін», – деп ойлайды. Алайда күнделікті тіршілік – мүлде басқа деңгейдегі жауапкершілік пен жан-тәніңмен араласуды талап ететін әлем. Жоспарларыңыздың жиі өзгеріп, кейде тас-талқан болуына дайын болыңыз. Өзіңіздің уақытыңыз бен еркіңіз енді жүз пайыз өзіңізге ғана тиесілі емес екенін қабылдау – күйзелістен арылудың ең төте жолы.

«Құпия тірек»: істің мән-жайын терең меңгеріңіз 

Біздің кейіпкерлеріміз Людмила Петрановскаяның «Құпия тірек» кітабын бірауыздан ұсынады. «Оны анасы да, әкесі де оқығаны маңызды, бұл махаббат пен тәрбие мәселелерінде бір толқында болуға көмектеседі», - дейді олар. Баланың психологиясын білу – сәби жылап, өзіңізді дәрменсіз сезінген сәтте бойды билейтін үрейді сейілтеді.

Сәби дүниеге келмей тұрып немесе декреттік демалысқа шықпас бұрын «Алдын ала келісіп алыңыздар» 

Ұйқының созылмалы тапшылығы басталғанда, мәмілеге келу қиындай түседі. Сондықтан жауапкершілікті алдын ала айқындап алған жөн: түнгі кезекшілікті кім атқарады, таңғы қарбаласқа кім жауапты? Таңғы асты кім әзірлейді, үйдің тазалығын кім қадағалайды? Осындай нақтылық сәби дүниеге келгеннен кейін туындауы мүмкін күйзеліс пен кикілжіңдердің алдын алуға көмектеседі.

Әйел – тек ана ғана емес 

Бала – махаббаттың шуағы, бірақ бүкіл ғаламның кіндігі емес. Отбасының қаржылық әрі рухани тұрақтылығы үшін ананың өзін тек ана емес, әйел, жеке тұлға ретінде сезінуі айрықша маңызды. Баласыз кездесулерге уақыт бөліңіздер, сыйлық жасап, жүрекке жылы сөз арнаңыздар. Жұбайыңызға күн сайын кемінде екі сағат «өзіне арналған уақыт» сыйлаңыз – тұрмыстың таусылмас тірлігі мен төрт қабырға, жөргек пен жаялықтан тыс кеңістікте тыныстауына мүмкіндік беріңіз.

Қаржылық тәртіп пен «құндылықтарды қайта бағалау» 

Бала – қымбат, уақытша ақша жинау мүмкіндігі де жоғалуы мүмкін. Егер декретке шықсаңыз, тек «аз жұмсауға» тырысудың орнына, кіріс көздерін немесе қосымша табыс табудың жолдарын алдын ала ойластырыңыз.

Сонымен бірге осы кезеңді «баяулау» үшін пайдаланыңыз. Декрет – өмірлік басымдықтарды қайта бағалап, әлемге баланың көзқарасымен қарауға ерекше мүмкіндік беретін уақыт.

Отбасы үшін әкені декретке жіберу тиімді болған жағдайда

Қаржылық жоспарлау тұрғысынан.

СценарийҚаржылық әсеріҰсыныс
Әйелі көбірек табадыЕгер анасының табысы төлемнің «шегінен» едәуір жоғары болса, ал әкесінің табысы орташаға жақын болса, анасының жұмысын жалғастыруы отбасына тиімді.Әкенің декреттік демалысы тиімді.
Жұмыс ақысы әлеуметтік төлемдерге қосылмайтын фрилансер – анаЕгер анасы бейресми жұмыста істейтін болса, ол тек ең төменгі жәрдемақы алады. Егер әкесі ресми түрде жұмысқа орналасқан болса, оның жалақысының 40%-ы төленеді.Әкеге пайдалы (егер ол баланы шынымен күтетін болса).
Мансаптық серпілісЕгер анасының мансабының айтарлықтай көтерілу мүмкіндігі немесе ол жобаны жіберіп алу декреттік төлемдер арасындағы айырмашылықтан қымбатқа түсетін бірегей жоба болсаОтбасының ұзақмерзімді табысы үшін стратегиялық тұрғыдан тиімді.

Қорытынды жасайық

Бабурдың тарихы отбасын қолдаудың қаншалықты әртүрлі болатынын айқын көрсетеді. Егер Польшада жүйе ата-аналарға балалардың кәмелетке толғанына дейінгі бастапқы өмір сүру деңгейін сақтауға мүмкіндік берсе, Қазақстанда мемлекеттік қолдау өзінің ережелері бойынша жұмыс істейді: төлемдердің шегі, аударымдарға қойылатын нақты талаптар және қысқартылған төлем мерзімі бар.

Қазақстандағы ер адамға арналған декрет – бұл «табыскер» мәртебесінен айырылу емес, «серіктес» мәртебесін алу туралы. Біздің кейіпкерлеріміздің бірінің сөзімен айтсақ: «Ешқандай жоба мен жұмыс баламыздан маңызды бола алмайды. Оның бір күлкісі кез келген шаршауды сейілтеді»- дейді.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді