Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
9 қаңтар 2026
Жаңартылды: 23 қаңтар 2026

Перзентханаға сөмкені қалай жинау керек: шынымен қажет болатын заттардың тізімі

Нақты аналардың тәжірибесіне сүйене отырып, біз қажет заттардың тізімін бөлісеміз, үйде нені қалдыруға болатынын түсіндіреміз және ең маңызды сәтте сөмкені оңай жинауға көмектесетін кеңестер береміз.

«Стандарт тізімдер бойынша сөмкені жинағанда шамамен 100–150 мың теңге жұмсадым, бірақ іс жүзінде оның аз бөлігі ғана қажет болды», — дейді 2024 жылдың желтоқсанында алғаш рет ана болған Гүлден Қали. Шынында да перзентханаға сөмке жинау әр әйел үшін ерекше рәсім, бірақ әсіресе тұңғыш сәбиді дүниеге әкелерде үрейге беріліп, дәріхана мен балалар дүкенінің жартысын сатып алу оңай.

Сізді артық шығын мен ауыр сөмкелерден қорғау үшін біз әртүрлі аналардың тәжірибесін зерттеп, шынымен қажет болатын заттар бойынша нұсқаулық жасадық.

Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз

7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету

Тәжірибесін бөліскен аналар:

  1. Гүлден Қали (2024 жылдың желтоқсанында алғаш рет босанды, Алматы)
  2. Дина Жарлықова (2023 жылдың қаңтарында екінші рет босанды, Астана)
  3. Жанель Сқақова (2025 жылдың наурызында босанды, Астана)
  4. Әйгерім Нүсіпқожанова (2025 жылдың тамызында екінші рет босанды, Дубай)

Басты қағида: екі сөмке

Перзентханалардың көбі заттарды жууға болатын (полиэтилен) сөмкелерге салуды талап етеді. Матадан жасалған рюкзактар мен жолсандықтарға санитарлық нормаларға байланысты тыйым салынған. Гинекологтар мен аналар маңызды заттарды екі бөлікке бөлуге кеңес береді:

  1. Босану залына арналған сөмке: тек босану уақытында қажет болатын заттар салынатын ең кішкентай сөмке.
  2. Босанудан кейінгі палатаға арналған сөмке: ана мен балаға 2-4 күнге қажет болатын заттарды қамтитын негізгі сөмке. Перзентханадан шыққан кезде өзіңіз бен нәрестеңіз киетін киімдерді де осы сөмкеге салуға болады.

1-cөмке: Босану залына ең қажетті заттар

Гинеколог Әйгерім Төреқұлованың ұсынған тізімін негізге аламыз:

Босануға:

  1. Жеке куәлік, алмасу картасы, перзентханамен жасалған шарт (егер босану ақылы болса).
  2. Жейде (әдетте перзентханада стандарт жейде беріледі, бірақ өзіңіздікін киюге тыйым салынбаған).
  3. Ересектерге арналған жөргек (2-3 дана).
  4. Ылғалды майлықтар, қағаз сүлгілер (әрқайсысынан 1 дана).
  5. Жууға болатын тәпішке.
  6. Су (егер босану асқынусыз болса).
  7. Серіктеске: ауыстыруға арналған киім мен аяқкиім, жеке куәлік, жеңіл тағам.
Қазақстандағы 2026 жылға арналған өндірістік күнтізбе: мерекелер мен демалыс күндері
ҚР заңнамасындағы өзгеріс: 2026 жылдағы бизнестің жұмысы туралы
Бай болу дегеніміз не?

Аналардың пікірі

Әр ананың тәжірибесі әр бөлек, бір ананың қажет деп тапқаны екіншісіне маңызды болмауы мүмкін. Бұл қағида барлық тізімге қатысты. Міне, осы материалдағы кейіпкерлерге көмектескен заттар:

Жанель: «Толғақ кезінде менің күтпеген құтқарушым кең түтік болды. Оның арқасында дем шығару шынымен де жеңіл болды».

Әйгерім: «Телефонды зарядтауға арналған ұзын сым пайдалы болды. Мен алдын ала үш метрлік кабель сатып алдым, бұл өте қолайлы болды, өйткені розеткалар әрдайым ыңғайлы жерде бола бермейді. Сонымен қатар түтікшесі бар бөтелке немесе стақан да қажет болды. Босанғаннан кейін қалыпты стақаннан немесе бөтелкеден жатып ішу ыңғайсыз».

#IronCard – жоғары мәртебе

Жайлылық пен эксклюзивті бағалаушыларға арналған карта

2-cөмке: Босанудан кейінгі палата және перзентханадан шығару

Босанғаннан кейін:

  • Төсемдер (алғашқы кезеңге урологиялық төсемдерді қолдануға болады, олар жұмсақ әрі ыңғайлы) немесе өз қалауыңыз бойынша.
  • Гигиена заттары (тіс қылшағы, тіс пастасы, сусабын, сұйық сабын) және тарақ.
  • Іш киім (бірреттік іш киімдер, емізуге арналған бюстгальтер және салғыштар).
  • Шұлық, ауыстыратын жейде (емізу үшін).
  • Жұмсақ дәретхана қағазы.
  • Асхана аспаптары (перзентханада беріле ме, жоқ па, соны нақтылап алыңыз).
  • Қуаттау құрылғысы, телефон.
  • Перзентханадан шыққанда киетін киім.
  • Қол кремі, гигиеналық ерін далабы.

Балаға:

  • Жейде, бас киім, жаялық, шұлық, слип, еңбектеме (әрқайсысынан 2-3 дана).
  • Жөргек (1 пакет).
  • Ылғалды майлықтар.
  • Перзентханадан шыққанда киетін киім

Қосымша: егер ұсынылған болса, компрессиялық шұлықтар; дәрі қабылдасаңыз, өз дәрі-дәрмектеріңіз; қаласаңыз, күтім жасауға арналған / декоративті косметика; қажет болса, сүтсауғыш.

Омырау ұшының жарылуы: ең тиімді алдын алу шарасы дұрыс емізу және әйелдерді соған үйрету. Сонымен қатар сүтті ысқылап жағу әдісін де қолдануға болады.

Аналардың пікірі

Гүлден: «Маған шынымен аса қажет болған заттар – бірреттік сіңіргіш іш киім, бірреттік жаялық және емізуге ыңғайлы жейде. Өзіммен бірге портативті биде мен босанғаннан кейінгі алғашқы күндердегі жайсыздықты едәуір жеңілдететін арнайы салқындатқыш төсемдерді алмағаныма өкіндім».

Әйгерім: «Тұңғышым дүниеге келген кезде кеудеге арналған жапсырмалардың бар екенін де білмедім. Омырауым жарылып, оған жақпа май жағатынмын, бірақ ол үнемі киімге жабысып қалатын. Бұл өте қиын болды. Екінші рет баламды дүниеге әкелгенде маған жақпа май да, жапсырма да қажет болмады, өйткені маған баланы кеудеге дұрыс қоюды үйретті.

Егер менен перзентханаға арналған сөмкеге (құжаттар мен телефоннан бөлек) ең қажетті үш затты ғана таңдауымды сұраса, бірінші орынға емізуге арналған топты немесе ішкөйлекті қоятын едім. Өзім оны H&M-нен сатып алдым және өте ыңғайлы болды. Қолыңызда жылап тұрған аш нәресте бар кезде көйлек түймелерін ағытып-жабу қиынға түседі».

Бұл жерде пікірлер әртүрлі. Әйгерім сүтсауғышты алдын ала алмағанына өкінді: сүт тез келді, ал нәресте бәрін бірден ішіп үлгермеді. Бірақ әр ананың тәжірибесі әрқалай — перзентханадағы аналардың көбінде алғашында тек уыз болды, сондықтан сүтсауғыш оларға бірнеше ай өткеннен кейін ғана қажет болды.

Тағы бір даулы зат — қоспа құйылған бөтелке. Дина оны сүт бірден келмесе және баланы қоспамен тамақтандыру қажет болса алу керек деп ұсынады. Алайда емізуді қолдайтындар мұны тіпті уақытша шешім ретінде де қарастырмайды.

Қазақстанның жас қала тұрғындарының Алматы мен Астана қалаларында қаржыны басқаруы туралы
Даладағы қаржы сауаты: көшпенділер экономикасы қалай жұмыс істеген?
Қазақстанда пәтерді заңды түрде жалға беру жолдары

Нені үйде қалдыруға болады: қажетсіз заттардың тізімі

Декоративті косметика мен парфюм: макияж жасауға уақытыңыз болмайды, ал өткір иістер сізге де, балаңызға да жағымсыз әсер етуі мүмкін.

Емізік: перзентханада оны қолдану құпталмайды, себебі емізуді реттеуге кедергі келтіруі мүмкін.

Көптеген балалар косметикасы: май, сүт, ұнтақ — алғашқы күндері мұның бәрі қажет болмайды. Жөргектің астына арналған крем жеткілікті.

Кітаптар, журналдар, ноутбук: бұған уақытыңыз да, күшіңіз де болмауы мүмкін. Смартфонның өзі жеткілікті.

Термалды су: толғақ кезінде оған уақыт болмайды. Сонымен қатар косметологтардың пікірі бойынша, ол теріні ылғалдандырмайды, керісінше құрғатып жібереді.

Сәнді киім және жібек халаттар: перзентханадағы киімнің басты критерийі — ыңғайлылық, әсіресе емізген кезде.

Фен, шаш бұйралайтын құрал: палаталарда электр құрылғыларын пайдалануға көбіне тыйым салынады.

Гүлден бұл тізімді ерінге арналған бальзаммен, мұрынға арналған тамшылармен және кеудеге арналған төсемдермен толықтырады.

Жиналу бойынша кеңестер: ештеңені ұмытпау жолы

  1. Алдын ала бастаңыз. Жиналуды бастауға ең қолайлы уақыт – жүктіліктің 32-35-ші аптасы. Сөмкені одан да ерте жинауға болады. Мысалы, Жанель оны жетінші айда (28-ші апта) жинады, себебі соңғы мерзімде зат жинау (және жалпы қозғалу) әлдеқайда қиын.
  2. Өз тізіміңізді жасаңыз. Нақты перзентхананың талаптарын зерттеңіз (көп жағдайда тізімдер олардың сайтында бар) және біздің мақаламыздағы тармақтарды қосыңыз.
  3. Жол органайзерлерін пайдаланыңыз. «Алғаш рет босанған кезде мен босану залына бөлек киім жинауды ойластырмаған едім, сондықтан кейін жұбайыма телефон арқылы ненің қайда жатқанын ұзақ түсіндіруіме тура келді», — дейді Әйгерім. Екінші рет ол барлық затты органайзерлерге бөліп салды.
  4. Жұбайыңызды / босану бойынша серіктесіңізді қатыстырыңыз. Оған сөмкелердің қайда тұрғанын және олардың ішінде не бар екенін көрсетіңіз. Маңызды сәтте ол тезірек әрекет ете алады.
  5. Мінсіздікке ұмтылмаңыз. Сіз далаға кетіп бара жатқан жоқсыз. Бірдеңені ұмытып қалсаңыз да, жақындарыңыз оны әрдайым жеткізіп бере алады. Гүлден Алматыда босанды және оған онлайн-дәріханалар көп көмектесті. «Егер бірдеңе шұғыл қажет болса, біз перзентхананың автотұрағындағы көлік жүксалғышында «қосалқы қойма» қалдырдық, бұл өте ыңғайлы».

Перзентханаға өзіңізбен бірге алатын басты нәрсе — тыныштық пен позитивті көңіл күй. Босануыңыз жеңіл болсын!

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді