«Рақмет» депозиті
Арзан қызыққа алданбай, көбірек ақша жинаңыз
13,10 - 16,70% (ЖТСМ 13,92 - 18,04%)
Берекелі болашақтың кілті
13,10 - 16,70% (ЖТСМ 13,90 - 18,00%)
Депозиттің артықшылықтары
Депозитіңіздің қандай табыс әкелетінін біліңіз
Жиған-тергеніңіз үшін сенімді банк
Банктің рейтингі
Moody’s Ba1 Оң 12.07.24
S&P Global Ratings BB- Оң 18.07.23
Депозитті қолайлы мерзімге — 3, 6 немесе 12 айға ашыңыз
Жиған-тергеніңіздің сақталатынына сенімді болыңыз
3 ай — жылдық 18,04%-ға дейін
6 ай — жылдық 17,23%-ға дейін
12 ай — жылдық 14,90%-ға дейін
Ақша алынбайтын депозит бюджетіңізді тиімді жинақтауға және жоспарлауға мүмкіндік береді
Депозиттің шарттары
| Мөлшерлемесі | 13,10 - 16,70% (ЖТСМ 13,90 - 18,00%) |
| Салым мерзімі | 3, 6, 12 ай |
| Салым валютасы | KZT, USD |
| Салымның минималды сомасы | 500 000 KZT, 1000 USD |
| Ішінара ақша алу | Қарастырылмаған |
| Қосымша жарна қабылдау | Қарастырылмаған |
| Автоматты түрде мерзімін ұзарту мүмкіндігі | Рұқсат етілген Егер салым 02.12.2020 жылға дейін ашылған болса, онда мерзімін автоматты түрде ұзарту мүмкіндігі бар: 3, 6 және 12 айға – 3 рет ұзарту; Егер салым 02.12.2020 жылдан кейін ашылған болса, мерзімін автоматты түрде ұзарту қарастырылмаған. Салым 13 ай мерзімге «Чемпион» депозитіне қайта ресімделеді. |
| Сыйақы төлеу кезеңділігі | Ай сайын |
| Мерзімінен бұрын бұзу мүмкіндігі | Клиенттің өтініш берген күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, сыйақы Шарт бұзылатын күні қолданыста болатын «Талап еткенге дейін» салымының мөлшерлемесі бойынша төленеді |
| ҚР Азаматтық кодексі бойынша депозит (салым) түрі | Жинақ депозиті |
| Депозит (салым) бойынша кепілдіктің максималды (шекті) сомасы | Ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 20 000 000 теңге Шетел валютасындағы депозиттер бойынша 5 000 000 теңге |
Жиі қойылатын сұрақтар
bcc.kz қолданбасында онлайн
bcc.kz қолданбасын жүктеп алып, тіркеліңіз
Басты бетте «Депозит ашу» → Рақмет бөлімін таңдаңыз немесе «Сервистер» → «Депозиттер» → Рақмет бөліміне өтіңіз.
Бөлімшеде
Бөлімшедегі менеджерлеріміз егжей-тегжейлі түсіндіріп, депозит ашуға көмектеседі
Қазақстан Республикасының 14 жасқа толған азаматтары, сондай-ақ бейрезиденттер аша алады. Бір адамға ашылатын депозиттер санына шектеу қойылмайды.
Қазақстан резиденттері үшін өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы болуы қажет. Сондай-ақ депозитті bcc.kz қолданбасында онлайн ашуға болады. Ол үшін құжаттар қажет емес, тек қолданбада тіркелу қажет.
Бейрезиденттер үшін өзімен бірге шетелдік паспорт және ҚР-да болу мақсатын растайтын құжат болуы қажет (жаңа клиентке ағымдағы шот ашқан кезде ғана сұратылады).
Сіз депозиттің кез келген санын шектеусіз аша аласыз.
Депозитті bcc.kz қолданбасында онлайн немесе біздің банктің бөлімшесінде ашуға болады.
«Рақмет» депозиті бойынша толықтыру және ақша алу қарастырылмаған.
Салым бойынша сыйақы мына формула бойынша есептеледі:
салым сомасы X айына салым бойынша пайыз есептелген күндер саны X номиналды пайыздық мөлшерлеме / 365 күн.
Иә, ЦентрКредит Банкі – ҚР жеке тұлғаларының депозиттеріне міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысушы.
ҚР Заңына сәйкес салымшыларға ұлттық валютадағы депозит бойынша кепілдікті өтеу мөлшері:
● 10 000 000 KZT — мерзімді депозит бойынша
● 20 000 000 KZT — жинақ депозиті бойынша
● ең көбі 5 000 000 KZT — шетел валютасындағы депозит бойынша
Депозит немесе ағымдағы шот ашу, сондай-ақ операция жүргізу үшін Банк бөлімшесіне барып, қажетті құжаттарды ұсыну қажет.
14 жасқа толмаған баланың заңды өкілі мына құжаттарды ұсынуы қажет:
• баланың туу туралы куәлігі;
• екінші ата-анасының келісімі (бар болса);
• қорғаншылық және қамқоршылық органдарының келісімі.
14 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін мына құжаттар қажет:
• баланың жеке тұлғасын куәландыратын құжат;
• ата-анасының екеуінің де (бар болса) немесе қорғаншысының келісімі.
Егер екінші ата-анасы болмаса, төмендегі құжаттардың бірі қосымша ұсынылады:
• қайтыс болу туралы куәлік;
• хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе ата-ана құқығынан айыру туралы сот шешімі;
• екінші ата-анасы көрсетілмеген баланың туу туралы куәлігі.
Картадағы банк
Ештеңе табылмады
-
Мүгедек тұлғалар үшін қолжетімді болуы
-
Пандус не требуется
-
Кнопка вызова помощи
-
Тактильная плитка
-
Желтые круги
-
Звуковой маяк
-
Мнемосхема
-
Заниженная касса
-
Адаптированный санузел
-
Банкомат с наклейками шрифта Брайля
-
Парковка
-
Пандус
Ештеңе табылмады
Ештеңе табылмады
Сізді қызықтыруы мүмкін
Пайыз ай сайын төленеді. Шектеусіз мөлшерде толықтыруға және ақша алуға болады. Жинақты бастау үшін қолжетімді сома
Автоматты түрде толықтырудың 4 тәсілі. Депозит bcc.kz қолданбасында 1₸ бастап онлайн ашылады.