Аннуитет – бұл белгіленген кесте бойынша бірдей мөлшерде орындалатын төлем нысаны.
Аннуитеттік төлем ұғымы әртүрлі салада әрқалай түсіндіріледі:
Сақтандыру. Бұл – еңбекке жарамсыздық немесе белгілі бір жасқа жеткен жағдайда сақтандырылған тұлғаның тұрақты төлемдер алуға құқығын белгілейтін шарт. ҚР-да зейнетақы аннуитеті қолданылады, ол БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақының баламасы ретінде қарастырылады. Бұл ретте сақтандыру ұйымы сақтанушыдан зейнетақы жинақтарының белгілі бір сомасын алады. Сақтандыру жағдайы басталған кезде, сақтандыру ұйымы белгіленген мерзім ішінде немесе өмір бойы төлем жасап отырады
Депозит. Қажет соманы белгілі бір күнге дейін жинақтау мақсатында ақша қаражаты тең мөлшерде және тұрақты түрде депозитке салынып отырады.
Кредиттеу. Аннуитет ұғымы қарыз түріне де, берешекті өтеу кестесіне де қатысты болады.
Бизнеске арналған шотты онлайн ашу
Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз
Аннуитеттік төлемнің ерекшеліктері
Ерекшелігі – төлем сомасына пайыз бен өзге де үстемақылар қосылған. Бұл кредит ресімделмей тұрып-ақ өз қаржыңызды және болашақ жүктемені алдын ала есептеуге мүмкіндік береді. Борышты өтеудің барлық мерзімі ішінде ай сайын бірдей сома төлеу қажет болады.
Төлем басталған кезде төлемнің көп бөлігі пайызды өтеуге жұмсалады. Уақыт өте келе негізгі қарыз бен пайыз арасындағы арақатынас теңесіп, мерзім соңында ақша қаражатының басым бөлігі борыштың негізгі сомасын өтеуге бағытталады.
Аннуитеттің артықшылықтары – бюджетке түсетін жүктемені азайту және табысы төмендеу адамдардың да кредит алуына мүмкіндік беру. Қаржылық жүктемені оңай болжауға болады – төлем кестесін бақылаудың қажеті жоқ. Кемшілігі –дифференциалды мөлшерлемеге қарағанда артық төлем жасау ықтималдығы жоғары, себебі бастапқы кезеңде төлемнің көп бөлігі борыш емес, пайыз төлеуге жұмсалады.