Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Apple Pay
Анықтамалық
29 қазан 2025
Жаңартылды: 29 қазан 2025

Қазақстандағы Apple Pay – қарапайым әрі конфиденциалды контактісіз төлем жасау тәсілі. Бұл технологияның көмегімен дүкендерде, онлайн және мобильді қолданбаларда iPhone немесе Apple Watch арқылы төлем жасауға болады, яғни банк картасын өзіңізбен бірге алып жүру қажет емес.

Apple Pay қалай жұмыс істейді?

Технологияның негізі – NFC (Near Field Communication) жақын өріс байланысы. Ол құрылғылар арасындағы деректер алмасуды қамтамасыз етіп, интернетке қосылуды қажет етпейді. Төлем жасау үшін телефонды немесе ақылды сағатты NFC-терминалға жақындату жеткілікті.

Ерекшеліктері:

  1. Қауіпсіздік. Жүйе пайдаланушының банк картасы деректерін нақты нөмірмен емес, виртуалды нөмірмен (токенмен) алмастырады. Бұл токен тек сол құрылғыда ғана жұмыс істейді. Сондықтан деректерді алаяқтар біліп алған күннің өзінде, клиенттің шотына қол жеткізу мүмкін емес.
  2. Конфиденциалдық. Әрбір сауда жасаған кезде Face ID, Touch ID немесе пароль арқылы екі деңгейлі аутентификация талап етіледі. Бұл құрылғы басқа адамның қолына түссе де, рұқсатсыз пайдалануға жол бермейді.
  3. Жылдам төлемдер. Төлем бірнеше секунд ішінде өңделеді.
  4. Нақты және виртуалды карталарды қолдау. Карталарды Wallet қосымшасында сақтауға, қажет болған сәтте олардың арасында ауысуға болады.
  5. Кең қолданыс. Қазақстанда Apple Pay қызметін қолдайтын банктердің саны үнемі артып келеді. Wallet қолданбасына Visa, Mastercard және American Express карталарын тіркеуге болады.

Apple Pay-ге картаны қалай қосуға болады?

ЦентрКредит Банкінің клиенттері банк картасын Apple Pay жүйесіне тікелей BCC.KZ мобильді қолданбасы арқылы қоса алады:

  1. Қолданбаны ашып, қажет картаны таңдаңыз.
  2. Картаның теңшелеріне өтіп, «Apple Pay жүйесіне қосу» батырмасын басыңыз.
  3. Офертамен келісіп, қолданбадағы толық нұсқауларды орындаңыз.

Содан кейін карта Wallet қолданбасына қосылады және оны iPhone мен Apple Watch құрылғыларында төлем жасау үшін қолдануға болады. Әрбір төлемді растау үшін Face ID, Touch ID немесе парольдің бірін пайдалану қажет.

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді