Кәсіпорынның дамып, заманауи талаптарға сай болуы үшін автоматтандыру қажет.
Автоматтандыру дегеніміз не?
Жалпы түсінікте автоматтандыру адам еңбегін жеңілдетуге, ақпаратпен жұмыс істеуді оңтайландыруға (оны жинау, өңдеу, сақтау және т.б.) бағытталған ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жұмыс процестеріне енгізуді білдіреді.
Көбінесе бұл термин кәсіпорынның қызметіне байланысты қолданылады. Өндірісті автоматтандыру – бұл жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған тетіктерді, математикалық модельдерді, бағдарламалық қамтамасыз етуді өндірістік процестерге енгізуге мүмкіндік беретін кешенді шаралар жиынтығы.
Технологияларды енгізу қандай міндеттерді орындайды?
Мысалы, кәсіпорынды автоматтандыру келесі мүмкіндіктерді береді:
Автоматтандыру медицина, машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы өндірістер үшін өзекті.
Бизнеске арналған шотты онлайн ашу
Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз
Автоматтандыру түрлері
Қолданылатын жабдық түріне қарай автоматтандырудың 6 түрі бар:
Сандық басқару жүйесі бар машиналар – NC (Numerical Control). Бұл оператор белгілі бір әрекеттерді орындауға (мысалы, фрезерлік станокта бөлшектерді кесуге) бағдарламалайтын станоктар.
Ақпараттық технологиялар – IT. Интеллектуалды еңбек осы технологияларсыз мүмкін емес. Олар ақпаратты алу, құру, өңдеу және сақтауды жеңілдетеді.
Икемді өндірістік жүйелер – FMS (Flexible Manufacturing System). Бұл жабдық өзгермелі жұмыс жағдайларын ескере отырып, толық циклдік тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді. Өндірістік циклді тіпті форс-мажорлық жағдайларда да тоқтатуға болмайтын салаларда қолданылады.
Роботтар. Автономиясымен ерекшеленеді, яғни тұрақты адам қатысуын қажет етпейді. Роботтар әртүрлі міндеттерді орындайды – мысалы, ауыр жүктерді түсіру, қауіпті жағдайларда жұмыс жүргізу.
Жобалау жүйесі. Бұл – қолданбалы міндеттерді тиімді шешуге арналған БҚ. Ол станоктардың жұмыс алгоритмін жасауға мүмкіндік береді.
Интеграцияланған кешендер – CIM (Computer Integrated Manufacturing). Бұл бүкіл өндірістік кешенді басқаруды компьютерге толықтай тапсыруды білдіреді: жекелеген учаскелерді, логистиканы, қойма жұмыстарын және т.б. басқару. CIM-нің басты артықшылығы – қателер мен істен шығулар санын барынша азайту қажет салаларда адам факторының әсерін жою.