Банктік деректемелер – бұл банктік операцияны (мысалы, төлем жүргізу, ақша аудару, қаражатты есептен шығару және т.б.) орындау үшін қажет деректер.
Банктің деректемелеріне мыналар кіреді:
БСК
Бұл деректеменің түсіндірмесі – банктік сәйкестендіру коды. Оның SWIFT деген де атауы бар. Осы код әлемдегі барлық банктерді сәйкестендіру үшін қолданылады: егер бұл деректерді білмесеңіз, пайдаланушы ақша аударымын ел ішінде де, шетелге де жасай алмайды. БСК 8 таңбадан тұрады.
Бизнеске арналған шотты онлайн ашу
Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз
IBAN (International bank account number)
Бұл банктің емес, банктік шоттың деректемесі. Ол белгілі бір адамға ақша аудару үшін қажет. IBAN екі латын әрпінен басталады, олар елді білдіреді (Қазақстан үшін – KZ), содан кейін цифрлар келеді – IBAN жалпы 20 таңбадан тұрады. Өз шотыңыздың нөмірін банк бөлімшесінен, интернет-банкингтен немесе мобильді қолданбадан білуге болады.
КБ
Бенефициар коды – банктік аударымның алушысы болып табылатын мекеменің коды. Ол екі таңбадан тұрады: Бірінші таңба – 1 немесе 2 (1 – Қазақстан резиденті үшін, 2 – бейрезидент үшін). Екінші таңба экономиканың нақты секторын көрсетеді.
Сондай-ақ деректемелерге банктің қаржы операцияларын жүргізуге құқығын растайтын лицензия нөмірі мен оны беру күні жатады.