Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Garmin Pay
Анықтамалық
29 қазан 2025
Жаңартылды: 29 қазан 2025

Қазақстандағы Garmin Pay – Garmin ақылды сағаттарына біріктірілген контактісіз төлем жасау қызметі. Бұл технология әмиянсыз, смартфонсыз және банк картасынсыз төлем жасауға мүмкіндік беретін қауіпсіз әрі жылдам тәсілді ұсынады.

Garmin Pay қалай жұмыс істейді?

Жүйенің негізі – NFC-чипі (Near Field Communication). Ол сағат пен төлем терминалы арасындағы қысқа қашықтықтағы сымсыз байланысты қамтамасыз етеді. Тиісті құрылғыны терминалға жақындатқанда электромагнит өрісі пайда болып, деректер қорғалған арна арқылы беріледі.

Төлем қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйе токенизация әдісін қолданады, яғни пайдаланушының банк картасындағы нақты деректер бірегей цифрлық кодпен (токенмен) ауыстырылады. Сол себепті транзакция кезінде нақты карта деректері терминал арқылы жіберілмейді, бұл ақпараттың үшінші тұлғалар қолына түсуінен қорғайды.

Garmin Pay артықшылықтары

  1. Ыңғайлылық пен жылдам төлем жасау. Транзакция бірнеше секундта жасалады. Телефон немесе банк картасы үйде қалып қойса да, төлем құралы әрдайым қолыңызда болады.
  2. Жоғары қауіпсіздік деңгейі. Токенизация мен деректерді шифрлаудан бөлек, жүйе PIN-код арқылы верификациялауды қолданады. Бұл код Garmin Pay қызметін теңшеген кезде орнатылады. Егер сағат жоғалса, картаны Garmin Connect қолданбасы немесе банктің мобильді қолданбасы арқылы бірден жоюға болады.
  3. Қазақстан банктерін қолдау. Қызметті қолдайтын банктер қатарында ЦентрКредит Банкі де бар. Жүйе барлық контактісіз төлемді қабылдайтын терминалдармен жұмыс істейді. Garmin Pay арнайы белгісінің болуы міндетті емес.
  4. Төлемдерге бақылау. Пайдаланушы әр операция туралы жедел хабарлама алады және барлық төлемнің тарихын қолданбада көре алады.

Картаны Garmin Pay Connect-ке қосу жөніндегі толық нұсқаулық

Қолданатын құрылғыңыз аталған қызметті қолдайтынына және бағдарламалық жасақтамасы жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

Содан кейін Garmin Connect қолданбасын (iOS және Android құрылғыларына орнатуға болады) смартфонға орнатып, аккаунтқа кіріңіз:

  1. Мәзірден төлем жасау үшін пайдаланылатын құрылғыны таңдаңыз.
  2. Garmin Pay бөлімін, содан кейін «Картаны қосу» қызметін таңдаңыз.
  3. Қолданбаға қосқыңыз келетін картаның деректерін енгізіңіз.
  4. Верификациялаудан өту үшін Банктен келген SMS-кодты күтіңіз.

Синхрондау сәтті өткен соң таңдалған карта пайдалануға рұқсат етілген төлем құралдары тізімінде пайда болады. Бір қолданбаға бір уақытта ең көп дегенде 10 картаны тіркеуге болады. ЦентрКредит Банкі шығарған барлық картаны Garmin Connect қолданбасына еш қиындықсыз қосып, сағат арқылы төлем жасауға болады.

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді