Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона

Кредиттер

ЖК үшін онлайн-кредиттеу

ЖК үшін онлайн-кредитті ресімдеген кезде, мақсатты пайдалануды растау талап етіле ме?
Қаржыландырудың бұл түрінде кредит қаражатының мақсатты пайдалануын растау талап етілмейді
2 минут оқу
Менің өтінімім қанша уақыт өзекті болады?
Кредиттеуге өтінім ағымдағы күні сағат 23:00-ге дейін өзекті болады.
2 минут оқу
Егер маған онлайн-кредит беруден бас тартса, не істеу қажет?
Егер сізге салық берешегі, шоттарға қойылған шектеулер, кредит бойынша берешек себебінен кредит беруден бас тартылса, сіз бюджет немесе банк алдындағы берешекті өтеп, қайтадан өтінім бере аласыз
2 минут оқу
Банк бөлімшесінде кредит қаражатын қалай алуға болады?
BCC Business қолданбасы арқылы кредит қаражатын өз шотыңызға немесе серіктестеріңіздің шоттарына аудара аласыз, сондай-ақ банк бөлімшесінде қолма-қол ақша алуға болады.
2 минут оқу
Кредитті қалай өтеймін?
Кредитті бірнеше тәсілмен өтеуге болады: сіз ағымдағы шотыңызды касса/терминал арқылы қолма-қол ақшамен толықтыра аласыз немесе ЦентрКредит Банкіндегі немесе басқа банктегі кез келген шоттан аударым жасау арқылы шотты қолма-қол ақшасыз толықтыра аласыз.
2 минут оқу
Жеке кәсіпкер кредит ресімдей ала ма?
ЦентрКредит Банкі жеке кәсіпкерлердің бизнесін қолдау үшін қолайлы шешімдер ұсынады, оның ішінде 48 айға дейінгі мерзімге 30 000 000 ₸ дейін кепілсіз кредит береді.
2 минут оқу
ЖК үшін кредит бойынша қандай сыйақы мөлшерлемесі көзделген?
ЦентрКредит Банкі жеке кәсіпкерлерге 48 айға дейінгі мерзімге 26,95% -дан 31,95% дейін (ЖТСМ 32,74%-дан 37,82%-ға дейін) басталатын пайыздық мөлшерлемемен 30 000 000 ₸-ге дейін кепілсіз кредит береді.
2 минут оқу
ЖК үшін кредиттеудің қандай түрлері қолжетімді?
ЦентрКредит Банкінің кредиттері жеке кәсіпкерге айналым қаражатын толықтыруды және жалақы төлеуді қоса алғанда, әртүрлі мақсаттарға қарыз ресімдеуге мүмкіндік береді.
2 минут оқу
ЖК үшін кредит беру аясында ең жоғары қолжетімді сома қандай?
Жеке кәсіпкерлерге 150 000 ₸-ден 30 000 000 ₸-ге дейін кредиттеу сомасы қолжетімді.
2 минут оқу

Шот бойынша кредиттік лимит

ШКЛ пайдалану үшін комиссия көзделген бе?
Шот бойынша кредиттік лимитті пайдалану және басқару үшін комиссия қарастырылмаған
2 минут оқу
Кредиттік лимитті пайдалану үшін пайыз қашан есептеледі?
Есептеу күн сайын жүргізіледі, ал есептен шығару негізгі борыш өтелетін күні жүргізіледі (30-күні/мерзімінен бұрын BCC Business-тен айыппұл санкциясынсыз)
2 минут оқу
ШКЛ неліктен пайдалы?
Шот бойынша кредиттік лимит тегін ресімделеді және лимиттің қолжетімді сомасы шегінде кассалық алшақтықтар кезінде мерзімді төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2 минут оқу
Шот бойынша кредиттік лимит қандай мерзімге ресімделеді?
Кредиттік лимитті пайдалану шартына 5 жылға (60 айға) қол қойылады және ол ұзартылмайды
2 минут оқу
Кредиттік лимитті пайдалану үшін қандай комиссиялар алынады?
Банк тарапынан ШКЛ пайдалану үшін жасырын комиссиялар алынбайды, ЦКБ АҚ-тағы немесе басқа ЕДБ-дегі өз шоттарына ақша қаражатын аудару үшін ғана 4% комиссия және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін 4% комиссия алынады
2 минут оқу
Негізгі борышты өтеу мерзімінен кешіктіру үшін қандай комиссия қарастырылған?
КЛС бойынша негізгі борышты уақытылы өтемегені және пайыздық сыйақыны төлемегені үшін қарыз алушы төлем мерзімінен кешіктірілген әрбір күн үшін төленбеген соманың 0,2% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді
2 минут оқу
Банк мақұлдаған кредиттік лимит сомасы неге байланысты?
Соманы мақұлдаудың негізгі критерийі – компанияның айналымы және ай сайынғы транзакциялық белсенділігі.
2 минут оқу
ШКЛ өтеу кестесін қайдан біле аламын?
Кредиттік лимитті өтеу кестесі BCC Business қосымшасының «кредиттер мен кепілдіктер» – «шот бойынша кредиттік лимит» – «өтеу кестесі» бөлімінде қолжетімді
2 минут оқу
Кредиттік лимит сомасы қаншалықты жиі өзгертіледі?
Лимит сомасын автоматты түрде қайта есептеу ай сайын жүргізіледі
2 минут оқу
Егер менің ағымдағы шотымда жеке ақшам және кредиттік лимитім болса, ақша қалай алынады
Алдымен сіздің жеке ақшаңыз алынады, содан кейін кредиттік лимит пайдаланылады.
2 минут оқу

Несие картасы

Бөліп төлеу функционалы бар #businesscredit цифрлық кредит картасы дегеніміз не?
Бөліп төлеу функционалы бар #businesscredit кредит картасы – шот бойынша кредиттік лимиттің мақұлданған сомасы аясында 6 айға дейінгі мерзімге қаржыландыруға мүмкіндік беретін карта.
2 минут оқу
Картаны кім ресімдей алады?
Жеке кәсіпкер (егер карта ЖК үшін қажет болса) немесе компания басшысы, егер карта заңды тұлға үшін қажет болса.
2 минут оқу
Картаны ресімдеу үшін қандай құжаттар қажет?
Жеке кәсіпкердің немесе компания басшысының төлқұжаты.
2 минут оқу
Картаны қайда және қалай ресімдеуге болады?
Шот бойынша кредиттік лимиті бар клиенттер виртуалды картаны bcc business мобильді қолданбасында ресімдей алады.
2 минут оқу
Картаны қаншалықты тез аламын?
Банк оң шешім қабылдаған жағдайда, виртуалды карта шартқа қол қойылған күні шығарылады, банк карта бойынша кредиттік лимитті белгілегеннен кейін, картаның деректемелері жеке кабинетте қолжетімді болады.
2 минут оқу
Картаны әмиянға қалай тіркеуге болады?
Картаны Apple Pay / Samsung Pay / Google Pay жүйелеріне bcc.kz мобильді қолданбасында бірінші басшының жеке кабинеті арқылы тіркеуге болады.
2 минут оқу
Онлайн төлем жасаған кезде, динамикалық түрде өзгеретін CVV қалай белгілеуге болады?
Бөліп төлеу арқылы транзакция жүргізудің қауіпсіздігі мақсатында bcc.kz мобильді қолданбасында бірінші басшының жеке кабинеті арқылы динамикалық түрде өзгеретін CVV белгілеуге болады.
2 минут оқу
Кредиттік лимитті қалай жұмсауға болмайды?
2 минут оқу
#businesscredit картасы бойынша бөліп төлеудің қандай мерзімдері қарастырылған?
Сіз өзіңіз үшін ең қолайлы бөліп төлеу мерзімін таңдай аласыз: 3 ай немесе 6 ай.
2 минут оқу
#businesscredit кредит картасындағы соманы қалай ұлғайта аламын?
Карта бойынша кредиттік лимиттің ең жоғары сомасы 5 000 000 теңгені құрайды.
2 минут оқу
Бөліп төлеу бойынша пайыздық мөлшерлеме қандай?
Транш мерзіміне қарамастан, айына 2%.
2 минут оқу
Бөліп төлеу үшін комиссия бар ма?
Қосымша комиссия жоқ.
2 минут оқу
Егер мен барлық берешекті кезең аяқталғанға дейін төлемесем, не болады?
Банк алдындағы берешек қалдығына төлем мерзімі кешіктірілген әрбір күн үшін 0,2% мөлшерінде өсімпұл / тұрақсыздық айыбы есептеледі.
2 минут оқу
Карта бойынша шектеу қойылған ба?
Иә, ҚР және шетелдік банкоматта қолма-қол ақша алуға, P2P арқылы ақша аударуға тыйым салынады.
2 минут оқу
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді