Теңге үшін үшінші тоқсан маусымдағы айтарлықтай әлсіреуден кейін бағамның біршама тұрақтануымен басталды. Нәтижесінде шілденің қорытындысы бойынша теңгенің орташа бағамы Ұлттық қордың валюта сату көлемі бойынша операциясының төмендеуі аясында 6,07%-ға әлсіреді. Шілде айының қорытындысы бойынша Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату 506 млн долларды және Қазатомпром акциясын сатып алу үшін валюта сату аясында шамамен 984 млн долларды құрады. Тамыз айында Үкіметтің болжамды өтінімдеріне сәйкес Ұлттық қор ұқсас деңгейде 500-600 млн мөлшерінде валюта сатады. Бұл операциялар біздің пікірімізше бағамды шамадан тыс әлсіреуден қолдайды. Бұған дейін атап өткендей, бір доллар үшін 480 теңге деңгейі нарық қатысушылары үшін американдық валютаны сату үшін тартымды болып табылады.
Мұнай бағасының төмендеуі нарықтағы девальвациялық болжамды күшейтуі мүмкін
Әлемдік экономиканың баяулауы мен геосаяси шиеленістің әлсіреуі аясында Brent маркалы мұнайдың бағасы $77 дейін төмендеді. Қытайда ішкі тұтыну рекордтық қарқынмен төмендеуде, ал АҚШ-та жұмыссыздық деңгейінің өсуі байқалады. ОПЕК пен ХЭА 2024-2025 жылдарға арналған мұнайға сұраныстың өсуі жөніндегі болжамдарды төмендетеді, бұл да нарыққа қысым көрсетеді. Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің әлсіреуіне және жоғары базалық мөлшерлемелердің ұзақ кезеңінен туындаған әлемдік тұтынудың баяулауына байланысты мұнай бағасының одан әрі төмендеуі күтілуде. Мұнай бағасы соңғы бес жылда теңге бағамымен әлсіз корреляцияны көрсетсе де, одан әрі төмендеген кезде елдің төлем балансын әлсіретуі мүмкін, бұл өз кезегінде валюта нарығындағы девальвациялық болжамдарды күшейтеді.
Қорытынды
Ағымдағы операциялар шотының теріс балансы кезінде фундаменталды тұрғыда әлсіз теңгенің нығаюы ұлттық валютаның тепе-теңдiк мәнін көрсетпеді. Мемлекеттік қордан валюта сату көлемі құлдыраған кезде теңгенің күрт әлсіреуі заңды фактор болып табылады. Қазір валюта сатылымының ұлғаюы есебінен бағам 480 теңгеден аспайды, алайда мұнай бағасы мен доллар индексінің төмендеуі ұлттық валютаға теріс ықпал етеді.
Осылайша, біз 465-480 теңгенің ағымдағы деңгейі сыртқы нарықта ірі күйзелістер болмаған кезде жыл соңына дейін сақталу мүмкін деп есептейміз.
Маңызды ақпарат
«BCC Invest» АҚ клиенттері үшін тәуекел туралы ақпарат»
Маңызды ақпарат :
Бұл материал тек ақпараттық мақсаттар үшін таратылады. Осы материалды тарату инвестициялық кеңес беру жөніндегі қызмет болып табылмайды. Осы материалда көрсетілген ақпарат жеке инвестициялық ұсыным болып табылмайды. Осы материалды алушы шешім қабылдау үшін ұсынылған ақпаратқа ғана сүйенбеуі тиіс. Есептерді, тарихи деректерді және осы материалда қамтылуы мүмкін өзге де ақпаратты «BCC Invest» АҚ қызметкерлері жария дереккөздерден алынған ақпарат пен деректер негізінде дайындады. «BCC Invest» АҚ мұндай ақпараттың толықтығын, дәлдігін және дұрыстығын тексермейді және тексеруге міндетті емес. «BCC Invest» АҚ ұсынатын кез келген ақпаратты клиент тек өз қалауы бойынша және өз тәуекеліне ғана пайдаланады.
«BCC Invest» АҚ ұсынатын ақпарат қандай да бір бағалы қағазды сатып алу туралы ұсыныс және/немесе сату бойынша міндеттеме, мәміле жасасуға түрткі және инвестициялық, салық және заң мәселелері бойынша, оның ішінде жасалатын мәміленің ақпаратты алушының нақты мақсаттарына сәйкестігі туралы мәселе бойынша ақпарат алушыға арналған ұсыным болып табылмайды.
Олар туралы ақпаратты «BCC Invest» АҚ ұсынатын бағалы қағаздармен, оның ішінде шетелдік бағалы қағаздармен, валютамен, базистік активтердің түрлерімен туынды қаржы құралдарымен (бұдан әрі - «Қаржы құралдары») жасалатын операцияларды жүзеге асырғанға дейін аталған ақпаратты алушылар көрсетілген қаржы құралдарын сипаттайтын құжаттармен (эмиссия проспектiсi және т.б.) танысуы қажет және қаржы құралдарымен мәмiле жасасқанға дейiн өзiнiң қаржы, заң, салық, бухгалтерлiк және өзге де консультанттарымен жан-жақты консультациялар өткiзуә тиіс. Қаржы құралдарымен мәміле жасау белгілі бір тәуекелдермен ұштасқан, олар үшін жауапкершілік «BCC Invest» АҚ-қа жүктелмейді, өйткені олар тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс орналасқан және олардың осындай тәуекелдердің салдарын болжау және алдын алу мүмкіндіктері шектеулі немесе мүмкін емес. Ақпарат алушы қаржы құралдарымен мәміле жасау мүмкіндігін дербес бағалауы тиіс. Ақпарат алушы, егер оның экономикалық және заңдық мәні, құжаттамасы, талаптары және оған байланысты тәуекелдері түсініксіз болса немесе ақпарат алушының мақсаттарына, ниеттеріне және болжамына сәйкес келмесе, мәміле жасаспауы тиіс. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасау елеулі қаржылық және өзге де тәуекелдерді тудыруы мүмкін. Ақпарат алушы қаржы құралдарымен мәмілелер жасау мүмкіндігін дербес бағалауы тиіс. Ақпарат алушы, егер оның экономикалық және заңдық мәні, құжаттамасы, талаптары және оған байланысты тәуекелдері түсініксіз болса немесе ақпарат алушының мақсаттарына, ниеттеріне және болжамына сәйкес келмесе, мәміле жасамауы тиіс. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу елеулі қаржылық және өзге де тәуекелдерді тудыруы мүмкін. Осы себептен осы мәмілелер өзіне тиісті тәуекелдерді қабылдауға дайын және оларға байланысты ықтимал қаржылық шығындарды көтере алатын тұлғаларға арналған. Кез келген мәмілені жасағанға дейін ақпарат алушы тиісті мәмілені жасасуға байланысты туындайтын тәуекелдерді түсінетініне және оқиғалардың кез келген даму сценарийі кезінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және өзге де ресурстарға ие екендігіне көз жеткізуі қажет. Қаржы нарығында операция жүргізу туралы шешім қабылдаған кезде қаржы құралдарына инвестиция жасау күтілетін кірісті алмау, инвестицияланған қаражаттың бір бөлігін немесе тіпті барлығын жоғалту, ықтимал шығыстар мен шығындар тәуекеліне әкеп соғуы мүмкін екенін ескерген жөн. Болжамды оң кірістілік туралы ақпарат тек болжам ретінде ғана бағалануы мүмкін. Инвестициялық қызметтiң бұрынғы нәтижелерi болашақтағы нәтижелердi айқындамайды, ал активтердiң құны қалай ұлғайса, солай азаюы мүмкiн. Шетел валютасын айырбастау бағамының өзгеруі инвестиция құнының азаюына немесе ұлғаюына әкеп соғуы мүмкін. «BCC Invest» АҚ ақпаратты пайдалану негізінде ақпарат алушы алуы мүмкін қаржылық нәтижелерге қатысты кепілдіктер немесе мәлімдемелер бермейді және қандай да бір жауапкершілікті қабылдамайды.
«Мүдделер қақтығысы»
«BCC Invest» АҚ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес үшінші тұлғаларға брокерлік қызмет көрсету және номиналды ұстау қызметтерін көрсету туралы шарттардың үлгі нысандарында сипатталған ұқсас қызметтер көрсететінін, сондай-ақ өзге шарттар бойынша үшінші тұлғалардың тапсырмаларын қабылдайтынын және үшінші тұлғалардың мүддесінде және өзінің мүддесінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді және өзге де операцияларды жүргізетінін және кәсіби қызмет түрлерін біріктіру тәртібімен үшінші тұлғаларға өзге қызмет көрсететінін, оның ішінде ақпараттық қызметтер, қаржылық кеңес беру, андеррайтинг қызметтерін, облигация ұстаушылар өкілінің қызметтерін, активтерді сенімгерлікпен басқару және маркет-мейкер қызметтерін ұсынатынын хабарлаймыз.
Жоғарыда көрсетілген қызметті көрсету барысында «BCC Invest» АҚ осындай қызметтер үшін сыйақы алады, бұл «BCC Invest» АҚ пен клиент арасында мүдделер қақтығысының туындауына әкелуі мүмкін.
Егер мұндай мәмілені орындау мүдделер қақтығысының туындауына әкелетін болса, «BCC Invest» АҚ клиентке қаржы құралдарымен мәміле жасауды ұсынбайды.
Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға 10.07.2018 жылғы № 3.2.235/12 мемлекеттік лицензия.