Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Обзор валют
9 шілде 2024
Жаңартылды: 29 қазан 2024

USD/KZT бағамына шолу

Нығаю тарихы

2023 жылғы қазанның аяғынан бастап Ұлттық қор тарапынан доллар сатылымының өсу көлемінің әсерінен теңге мамыр айының ортасына дейін нығая бастады. Ұлттық валюта осы уақыт аралығында 8,3%-ға нығайды. Сонымен қатар, мұнай -4,4%-ға төмендеді, бұл USDKZT бағамын болжаған кезде оны экзогенді түсіндіруші ретінде қолданудан босатады.

Жалпы мұнай, ресей рублі және доллар индексі (DXY) сияқты сыртқы факторлардың 2018 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде 0,45-тен 0,52-ге дейінгі мәндермен әлсіз корреляциялық байланыстары бар. Бұл ретте, егер 2023 жылдың басынан басталатын белгілі бір уақыт кезеңін алатын болсақ, онда әсіресе рубльмен және доллар индексімен коэффициент біршама төмендейді.

Соңғы жарты жылда теңгенің тұрақтылығын түсіндіретін себептердің бірі – Ұлттық қор тарапынан валютаның сатылуы. Теңгенің нығаюы қазан айының соңында 1,5 млрд мөлшерінде АҚШ долларының сатылуы аясында басталды. Маусымда валюта сату көлемінің едәуір төмендеуі байқалды, бұл теңгенің әлсіреуіне алып келді. Шілдеде 450-550 млн диапазонында валюта сату жоспарлануда, бұл теңгенің әлсіреуін кідіртуі мүмкін.

Осылайша, бағамды болжаған кезде мұнай, доллар индексі және рубль сияқты сыртқы факторлардың әсері төмендейді, ал бюджетке трансферттерге тәуелділік күшейеді. 

РЕПО бойынша кірістілік теңгенің одан әрі қысқамерзімді қозғалысын беретін нарықтық озыңқы индикатор бола алады. TONIA индикаторының кірістілігі өскен кезде нарықтағы өтімділіктің төмендеуі байқалады, ол мемлекеттік облигацияларды сатып алуға, немесе шетел валютасын сатып алуға кетеді, бұл теңгені әлсіретеді. Аталған индикатор қысқамерзімді әсерге ие және біз осыған ұқсас жағдайды маусымның соңында теңгенің одан әрі әлсіреуіне ықпал еткен РЕПО кірістілігінің 13,51%-дан 15,08%-ға дейін күрт өсуі кезінде байқадық.

Қорытынды:

Ағымдағы операциялар шотының теріс балансы кезінде фундаменталды тұрғыда әлсіз теңгенің нығаюы ұлттық валютаның тепе-теңдік мәнін көрсеткен жоқ. Мемлекеттік қорлардан валюта сату көлемінің құлдырауы кезінде теңгенің күрт әлсіреуі заңды фактор болып табылады. Қазір бағам 480 теңге деңгейіне жетті, екі жыл ішінде алғаш рет ағымдағы операция есебі оң болып, профицитте қалыптасты (2024 жылғы 1-тоқсанда 1,8 млрд доллар).

Осылайша, біз бір доллар үшін 480 теңге деңгейі қолайлы сыртқы конъектураны (мұнай бағасы) сақтай отырып және ағымдағы бюджет саясатын (ұлттық қордан трансферттер) жалғастыра отырып, америка валютасын сату үшін нарық қатысушылары үшін тартымды деңгей болып табылады деп есептейміз, бағамның 475-465 теңгеге дейін қайтарылу ықтималдығы бар.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«BCC Invest» АҚ клиенттері үшін тәуекел туралы ақпарат

Маңызды ақпарат:

Бұл материал тек ақпараттық мақсаттар үшін таратылады. Осы материалды тарату инвестициялық кеңес беру жөніндегі қызмет болып табылмайды. Осы материалда көрсетілген ақпарат жеке инвестициялық ұсыным болып табылмайды. Осы материалды алушы шешім қабылдау үшін ұсынылған ақпаратқа ғана сүйенбеуі тиіс. Есептерді, тарихи деректерді және осы материалда қамтылуы мүмкін өзге де ақпаратты «BCC Invest» АҚ қызметкерлері жария дереккөздерден алынған ақпарат пен деректер негізінде дайындады. «BCC Invest» АҚ мұндай ақпараттың толықтығын, дәлдігін және дұрыстығын тексермейді және тексеруге міндетті емес. «BCC Invest» АҚ ұсынатын кез келген ақпаратты клиент тек өз қалауы бойынша және өз тәуекеліне ғана пайдаланады.

«BCC Invest» АҚ ұсынатын ақпарат қандай да бір бағалы қағазды сатып алу туралы ұсыныс және/немесе сату бойынша міндеттеме, мәміле жасасуға түрткі және инвестициялық, салық және заң мәселелері бойынша, оның ішінде жасалатын мәміленің ақпаратты алушының нақты мақсаттарына сәйкестігі туралы мәселе бойынша ақпарат алушыға арналған ұсыным болып табылмайды.

Олар туралы ақпаратты «BCC Invest» АҚ ұсынатын бағалы қағаздармен, оның ішінде шетелдік бағалы қағаздармен, валютамен, базистік активтердің түрлерімен туынды қаржы құралдарымен (бұдан әрі - «Қаржы құралдары») жасалатын операцияларды жүзеге асырғанға дейін аталған ақпаратты алушылар көрсетілген қаржы құралдарын сипаттайтын құжаттармен (эмиссия проспектiсi және т.б.) танысуы қажет және қаржы құралдарымен мәмiле жасасқанға дейiн өзiнiң қаржы, заң, салық, бухгалтерлiк және өзге де консультанттарымен жан-жақты консультациялар өткiзуә тиіс. Қаржы құралдарымен мәміле жасау белгілі бір тәуекелдермен ұштасқан, олар үшін жауапкершілік «BCC Invest» АҚ-қа жүктелмейді, өйткені олар тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс орналасқан және олардың осындай тәуекелдердің салдарын болжау және алдын алу мүмкіндіктері шектеулі немесе мүмкін емес. Ақпарат алушы қаржы құралдарымен мәміле жасау мүмкіндігін дербес бағалауы тиіс. Ақпарат алушы, егер оның экономикалық және заңдық мәні, құжаттамасы, талаптары және оған байланысты тәуекелдері түсініксіз болса немесе ақпарат алушының мақсаттарына, ниеттеріне және болжамына сәйкес келмесе, мәміле жасаспауы тиіс. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасау елеулі қаржылық және өзге де тәуекелдерді тудыруы мүмкін. Ақпарат алушы қаржы құралдарымен мәмілелер жасау мүмкіндігін дербес бағалауы тиіс. Ақпарат алушы, егер оның экономикалық және заңдық мәні, құжаттамасы, талаптары және оған байланысты тәуекелдері түсініксіз болса немесе ақпарат алушының мақсаттарына, ниеттеріне және болжамына сәйкес келмесе, мәміле жасамауы тиіс. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу елеулі қаржылық және өзге де тәуекелдерді тудыруы мүмкін. Осы себептен осы мәмілелер өзіне тиісті тәуекелдерді қабылдауға дайын және оларға байланысты ықтимал қаржылық шығындарды көтере алатын тұлғаларға арналған. Кез келген мәмілені жасағанға дейін ақпарат алушы тиісті мәмілені жасасуға байланысты туындайтын тәуекелдерді түсінетініне және оқиғалардың кез келген даму сценарийі кезінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және өзге де ресурстарға ие екендігіне көз жеткізуі қажет. Қаржы нарығында операция жүргізу туралы шешім қабылдаған кезде қаржы құралдарына инвестиция жасау күтілетін кірісті алмау, инвестицияланған қаражаттың бір бөлігін немесе тіпті барлығын жоғалту, ықтимал шығыстар мен шығындар тәуекеліне әкеп соғуы мүмкін екенін ескерген жөн. Болжамды оң кірістілік туралы ақпарат тек болжам ретінде ғана бағалануы мүмкін. Инвестициялық қызметтiң бұрынғы нәтижелерi болашақтағы нәтижелердi айқындамайды, ал активтердiң құны  қалай ұлғайса, солай азаюы мүмкiн. Шетел валютасын айырбастау бағамының өзгеруі инвестиция құнының азаюына немесе ұлғаюына әкеп соғуы мүмкін. «BCC Invest» АҚ ақпаратты пайдалану негізінде ақпарат алушы алуы мүмкін қаржылық нәтижелерге қатысты кепілдіктер немесе мәлімдемелер бермейді және қандай да бір жауапкершілікті қабылдамайды.

«Мүдделер қақтығысы»

«BCC Invest» АҚ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес үшінші тұлғаларға брокерлік қызмет көрсету және номиналды ұстау қызметтерін көрсету туралы шарттардың үлгі нысандарында сипатталған ұқсас қызметтер көрсететінін, сондай-ақ өзге шарттар бойынша үшінші тұлғалардың тапсырмаларын қабылдайтынын және үшінші тұлғалардың мүддесінде және өзінің мүддесінде бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді және өзге де операцияларды жүргізетінін және кәсіби қызмет түрлерін біріктіру тәртібімен үшінші тұлғаларға өзге қызмет көрсететінін, оның ішінде ақпараттық қызметтер, қаржылық кеңес беру, андеррайтинг қызметтерін, облигация ұстаушылар өкілінің қызметтерін, активтерді сенімгерлікпен басқару және маркет-мейкер қызметтерін ұсынатынын хабарлаймыз.

Жоғарыда көрсетілген қызметті көрсету барысында «BCC Invest» АҚ осындай қызметтер үшін сыйақы алады, бұл «BCC Invest» АҚ пен клиент арасында мүдделер қақтығысының туындауына әкелуі мүмкін.

Егер мұндай мәмілені орындау мүдделер қақтығысының туындауына әкелетін болса, «BCC Invest» АҚ клиентке қаржы құралдарымен мәміле жасауды ұсынбайды.

Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға 10.07.2018 жылғы № 3.2.235/12 мемлекеттік лицензия.

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды