За 11 месяцев 2024 года в Казахстан было ввезено из-за границы около 110 тысяч автомобилей. Чаще всего казахстанцы привозят машины из Узбекистана, Грузии, Китая и Кореи. Чтобы пользоваться авто на территории РК и получить казахстанские номера, транспортное средство должно пройти процедуру растаможки.
Назар аударыңыз: бұл калькулятор тек ақпараттық мақсатта ұсынылады және кедендік төлемдерді есептеуге арналған ресми құрал болып табылмайды. Банк ЦентрКредит автокөліктерді кедендік рәсімдеу мәселелері бойынша кеңес бермейді.
Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз
7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету
Өзбекстаннан немесе басқа елден автокөлікті Қазақстанға еш қиындықсыз қалай әкелуге болады? Автокөлікті кедендік ресімдеуден қалай дұрыс өткізу керек және бұл қанша тұрады?
Қазақстанда көлікті кедендік ресімдеу — бұл көлік құралын ел аумағында заңдастыру және тіркеу процедурасы. Бұл процесс арқылы көлік иесі көлігін барлық ережеге сай ресімдеп, қажетті нөмірді ала алады. Процедурадан өту үшін көлік құралы бірқатар талапқа сай болуы тиіс:
Кедендік процедурадан тек сол жақ рөлді автокөліктер өте алады. Сол себепті қазақстандықтар жапондық нарықтан көлік сатып алуды сирек қарастырады (Жапонияда көліктердің рөлі оң жақта орналасқан және жол қозғалысы — сол жақта).
Барлық талап 2015 жылғы 26 наурыздағы № 324 бұйрықпен реттелген.
Кедендік ресімдеу процедурасы кезінде көлік иесі кедендік баж бен салық төлейді. 2020 жылдан бастап барлық көлік үшін баж салығының тарифі 15%-ға тең, ал электромобильдер үшін нөлдік мөлшерлеме қолданылады (бұл жеңілдік 2025 жылдың соңына дейін сақталады).
2025 жылы Қазақстанда көлікті кедендік ресімдеу құнын есептеген кезде, көптеген факторды ескеру қажет. Бұл процесті жеңілдету үшін онлайн-сервис ретінде Қазақстанда көлікті кедендік ресімдеу калькуляторын қолдануға болады.
Сервистің есептеулері ағымдағы тарифтер мен қолданыстағы заңнамалық нормаларға негізделген. Сіз кедендік ресімдеу шығынын алдын ала бағалап, бюджетіңізді тиімді жоспарлау үшін қажетті ақпаратты ала аласыз.
Қазақстанда автокөлікті кедендік ресімдеуден өткізгіңіз келсе, калькуляторды қалай пайдалануға болады? Пайдаланушы ұсынылған жолдарды толтыруы қажет:
Барлық жолды толтырып, «Есептеу» батырмасын басқаннан кейін, жүйе автоматты түрде төлемдер тізімін көрсетеді. Бұл:
Төменгі жолда жалпы сомасы көрсетіледі: ол көлік құнын және барлық кедендік төлем сомасын қамтиды.
Гибридті автокөліктерді (отын мен электр энергиясын пайдаланатын) кедендік ресімдеу Қазақстанда жалпы ереже бойынша жүзеге асырылатынына және кедендік төлемдерді қамтитынына назар аударыңыз. Экологиялық таза электромобильдерге басқа шарттар қолданылады: олар елге бажсыз әкелінеді.
Жалпы, көлігіңіздің Қазақстанда кедендік ресімдеуден өткенін қалай білуге болады? Кедендік ресімдеу (яғни, шекараны кесіп өткен көліктің заңдастырылуы) Eokno.gov.kz порталында тіркеледі, бұл ақпаратты көліктің VIN-нөмірі арқылы тексеруге болады. Егер көлік кедендік ресімдеуден өткен болса, ол ҚР жолдарында заңды түрде жүре алады. Егер кедендік ресімдеу процедурасынан енді өту қажет болса, оның құнын онлайн-калькулятор көмегімен есептеуге болады.