Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business

СЭҚ субъектілеріне арналған қызметтер

Шетелде жұмыс істейтін бизнеске арналған
құралдардың мінсіз жиынтығы

Жаңа сервис

СЭҚ мәселелері бойынша бейнебанкинг

ЦентрКредит Банкі — шетелдік серіктестермен жұмыс істегенде сенімді көмекші

Валюталық шот
Тегін ашу және қызмет көрсету
Валюталық бақылау
Сенімді халықаралық аударымдар
Тиімді бағам
Биржа бағамы бойынша лездік айырбастау
Жылдам аударымдар
Ақша серіктестеріңізге керек жерде және керек кезде бар

СЭҚ жүргізуге арналған кешенді шешім

Мәмілелерді сенімді бақылау
  • Келісімшартты мәміле жасамай тұрып тексеру
  • РФ контрагентін тексеру
  • Валюталық бақылаудың клиентті қолдауға арналған 605, іш.1 нөмірі бойынша желісі
  • Дербес менеджерден жеке көмек
Биржа курсы бойынша валюта айырбастау
  • Бір түртіп мәмілелерді онлайн жүргізіңіз
  • 25 валюта жұбы
  • Дербес бағам және кейінге қалдырылған ордер
Халықаралық есеп айырысу
  • Төлем күйін бақылау мүмкіндігі бар жылдам валюталық төлемдер
  • Төлемді bcc business-те оңай әрі ыңғайлы ресімдеу
  • Есеп айырысуға арналған валюталардың алуан түрі

СЭҚ мәмілелерін сүйемелдеу

Валюталық келісімшарттың сапасын тексеру

Валюталық келісімшартты тіркеңіз,
контрагентіңізбен өзара есеп айырысып,
тіркелген келісімшарт бойынша валюталық кіріс алыңыз

Санкциялық тәуекел факторларын алдын ала тексеру

Контрагентті, алушы/жөнелтуші банкін, сондай-ақ санкциялық шектеудің болуына қатысты СЭҚТН кодын алдын ала тексеру қызметі
Қызмет уақытты айтарлықтай үнемдеуге, ең бастысы, жоспарланған мәміле бойынша тәуекелді азайтуға мүмкіндік береді

ҚР мен РФ контрагенттерін тексеру

Контрагенттің сенімділігін кешенді тексеру
Тиісті сақтық таныту (жақсартылған қауіпсіздік)
Қайтарылмайтын дебиторлық берешекті азайту
Интернетте контрагент туралы ақпаратты іздеуге уақытты үнемдеу
Ыңғайлы пайдалану

SWIFT GPI Трекері
Валюталық төлемді онлайн қадағалау
Дүние жүзі бойынша төлемді жоғары жылдамдықпен өңдеу
Кез келген кезеңде төлем күйін лезде тексеру
Келісімшарт туралы хабарламалар
Келісімшарт бойынша міндеттеме мерзімінің аяқталуы туралы хабарламаны және басқа да маңызды хабарламаларды уақытылы алыңыз
Жеке қызмет көрсету
Дербес менеджердің консультациясы және қолдауы
Валюталық бақылаудың арнайы желісі Call орталығында – 605, ішкі 1
СЭҚ мәселелері жөніндегі қашықтағы дербес менеджер
FX платформасы
  • Ең төмен спредпен айырбастау бағамы бойынша жасалатын мәмілелер 
  • Жеке бағамды онлайн алу мүмкіндігі 
  • Екі валюта арасындағы тікелей кросс бағамдар (25 валюта жұбы) 
  • Шынайы уақыт режимінде бағамдарды жаңарту 
  • Мобильді қосымшада валюта бағамдарын авторизациясыз көруге арналған онлайн конвертер 
  • Кейінге қалдырылған ордер – валютаны жеке бағам бойынша айырбастау

SWIFT Pre-Validation

Клиент валютаны аударуға өтінімді толтырған кезде, деректемелердің дұрыстығын тексеру қызметі, бұл қате жіберуге жол бермеуге көмектеседі және осылайша төлемді қабылдамау/қайтару ықтималдығын айтарлықтай азайтады.

  • Банк деректемелерінің дұрыстығы – алушының деректемелерін тексеру
  • Банк шотының түпнұсқалығы – алушының көрсетілген шотының банкке тиесілілігін тексеру
  • Алушы шотының мәртебесі – алушының банк шотының ағымдағы жағдайын бағалау

SWIFT GO

Төлем мына талаптарға сай болса, толық көлемде валюталық төлемді жедел жеткізу қызметі:

  • $10 000 баламасына дейінгі аударымдар
  • Валюта: USD/EUR/GBP
  • SHA опциясымен төлем
  • Бенефициардың шотына толық түсуі (аударымның барлық сомасы)
  • Бенефициардың шотына 4 сағат ішінде түсіру
  • Swift GPI арқылы төлемді бақылау

Бизнеске арналған ашық тарифтер

Тариф
Еркін
Оңтайлы+
Премиум
Ультра
Шарт шотының нөмірін тағайындау/жаңарту. Bcc бизнес қосымшасы арқылы есептік нөмірі бар келісімге енгізілетін толықтыруды/өзгерісті қабылдау
Стандарт тариф
Тегін
Тегін
Тегін
Bcc бизнес қосымшасы арқылы есептік нөмірін тағайындамай валюталық келісімді тексеру және қабылдау
Стандарт тариф
Тегін
Тегін
Тегін
Bcc бизнес қосымшасы арқылы өтініш берген кезде, валюталық шарт бойынша ақша мен тауар қозғалысы туралы анықтама ұсыну
Тегін
Тегін
Тегін

Тегін
Валютаны конвертациялау
Тегін
Тегін
Тегін
Тегін
OUR аударымы, ТМД елдері валюталары мен юань кірмейді. Жөнелтуші барлық банктің (оның ішінде жөнелтуші банкінің) комиссиясын бөлек сомада төлейді, аударым сомасынан шегерім жасалмайды, ҚҚС есептелмейді.
0,3%
min 20 000 ₸, 

max 134 000 ₸

0,3%
min 15 000 ₸, 

max 120 000 ₸

0,2%
min 12 000 ₸, 

max 100 000 ₸
25 төлем (соның ішінде RUB және CNY) - 0 ₸, одан әрі - 0,15%
min 8 000 ₸,
max 90 000 ₸
Шетелдік валютамен жасалатын операциялар (CNY-да - 09:00-ден 14:30-ға дейін (Алматы уақытымен)
0,3%
min 15 000 ₸, 

max 134 000 ₸
0,25%
min 8 000 ₸, 

max 120 000 ₸
0,17 %
min 7 000 ₸,
max 100 000 ₸
25 төлем (соның ішінде басқа валюталар) - 0 ₸, одан әрі - 0,15%  
min 7 000 ₸,
max 90 000 ₸
BCC Business арқылы
0,20%
min 3 000 KZT
max 50 000 KZT
аударым сомасының 0,15%
min 2 500 KZT
max 40 000 KZT
аударым сомасының 0,10%
min 2 000 KZT
max 30 000 KZT
25 төлем (оның ішінде басқа валютада) - 0 теңге,
одан әрі - 0,05%
min 2 000 KZT
max 20 000 KZT

Сұрақтарыңыз бар ма? Консультация алу үшін өтінім жіберіңіз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шарт жасалған күні шарт сомасы 50 000 USD (шарт валютасындағы баламасынан) асса, есептік нөмір (ЕН) алу қажет. Сонымен қатар экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт жасалған күні ол жерде шарттың сомасы көрсетілмесе, мұндай шарт та есептік тіркеуге алынуға тиіс шарт болып саналады.

Есептік тіркеуге алынатын валюталық шарт бойынша валюталық операциялар тек тағайындалған есептік нөмірі (ЕН) болған жағдайда жүргізіледі. Операция сомасы 10 000 USD (төлем валютасындағы баламасынан) асса, заңды тұлға резиденттер мен бейрезиденттер құжаттарды міндетті түрде ұсынады. Жеке тұлға және заңды тұлға бейрезиденттер 10 000 USD (төлем валютасындағы баламасынан) аспайтын сомаға валюталық операция жүргізген жағдайда, операцияны құжаттарды ұсынбай жүргізе алады. Заңды тұлға резиденттер 10 000 USD (төлем валютасындағы баламасынан) аспайтын сомада операция жүргізген жағдайда, бұл төлем және (немесе) ақшаны аудару ЕН тағайындауды қажет ететін валюталық шартты орындаумен байланысты емес екені туралы растау жазбасы бар болса, операцияларды құжаттарды ұсынбай жүргізе алады.

Валюталық бақылау бойынша құжаттарды мына email-ге жіберуге болады: vk_doc@bcc.kz 

BCC Business (web/mobile) жүйесінде тағайындалған есептік нөмірі бар шарт көшірмесін алу үшін мына жолмен өтіңіз: Валюталық бақылау — Валюталық келісімшартқа (ЕН-мен / ЕН-сіз) өтініш — Қажетті шартты таңдау — "Тіркелген файлдар" қойындысы — Құжатты жүктеп алу.

Басқа банктен қызмет көрсетуге ауысқан кезде, экспорт немесе импорт бойынша валюталық шартқа жаңа есептік нөмір тағайындалмайды. Клиент ЦентрКредит Банкіне мына құжаттарды ұсынады: № 78 Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы заң  (бұдан әрі - ЭИВБ Қағидалары) 3-қосымшасына сәйкес экспорт немесе импорт бойынша есептік нөмір тағайындалған валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдауға өтінім; Алдыңғы банктің ЕН тағайындағаны туралы белгісі бар экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттың түпнұсқасы немесе көшірмесі ЦентрКредит Банкі өтініш пен шартты алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде алдыңғы банкке валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындауы туралы ақпаратты алуға сұрау жібереді, және оны алғанға дейін валюталық шарт бойынша төлем/аударым жасамайды. Алдыңғы банк сұрауды алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде валюталық шартты есептік тіркеуден шығарады (клиенттің тіркеуден шығару туралы өтінішінсіз және келісімінсіз) және ЦентрКредит Банкіне міндеттемелердің орындалуы туралы ақпаратты жібереді.

Репатриация мерзімі – контрагенттің валюталық шарт бойынша экспорттаушының немесе импорттаушының алдындағы міндеттемелерін орындау мерзімі. Репатриация мерзімін экспорттаушы немесе импорттаушы тараптардың валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау шарттарына қарай дербес есептейді және мына мерзімдер арасындағы уақыт кезеңін білдіреді: Экспорт күні мен экспорт төлемі ретінде валютаны алу күні; Импорт бойынша төлем/ақша аудару күні мен бейрезидент міндеттемелерді орындамаған/толық орындамаған жағдайда импортқа төленген пайдаланылмаған аванстық төлемді қайтару күні; Импорт бойынша төлем/ақша аудару күні мен импорт бойынша валюталық шартта пайдаланылмаған аванстық төлемді қайтару мерзімі көрсетілмесе, импорт күні (тауар жеткізу, қызмет көрсету, жұмысты орындау).

Қазақстанда ЖК және заңды тұлғалар үшін СЭҚ банктік қызметі валюталық бақылауды қамтиды. Шетелдік контрагенттермен жүргізілетін операцияларды банктік бақылау осылай аталады. Қызметтің мақсаты – есептеудің заңдылығы мен операцияның негізділігін тексеру. Банк оның нәтижелерін реттеуші орган – Ұлттық банкке хабарлайды. 

Ерекшеліктері 

Егер сыртқы экономикалық қызмет аясында операция сомасы 10 000 USD-ден асатын мәміле жасалса, валюталық бақылау жүргізіледі. Төлемдер ғана емес, сонымен қатар экспорттық немесе импорттық мәміле жүргізу үшін кредиттер, инвестициялар, қаржылық қарыздар да қадағаланады. ҚР аумағына келіп түсетін бағалы қағаздар да бақылауға алынады. 

Валюталық бақылау желісі ЦентрКредит банкінің СЭҚ-қа қатысты барлық қызметтер пакетінде бар. Толық ақпаратты 605 қысқа нөмірі бойынша алуға болады. 

Банк картада

Картада көрсету Тізім түрінде көрсету
Сүзгі
Қаланы таңдау
Табылды:
Табылды:
Жиі қойылатын сұрақтар
Банкоматтың басты экранында тіл ауыстыру мәзірі экранның жоғарғы оң жақ бұрышында орналасқан. Ақпараттық-төлем терминалы мен депозит машинасында — экранның жоғарғы бөлігінде орналасқан.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін.
Жоқ, PIN-кодты қолданба арқылы белгілеуге болады:

- Қажетті картаны таңдаңыз.

- «Әрекет» → «Теңшеу» → «PIN-кодты өзгерту» тармағын таңдаңыз.

- Жаңа PIN-код ойлап тауып, SMS арқылы келген кодпен растаңыз.



- 505 қысқа нөміріне келесі мәтінмен SMS жолдау:

PIN (немесе epin) + карта нөмірінің соңғы 4 цифры
Ақша салған кезде қолма-қол ақша арасында бүктелген купюралар, тиындар, резеңке, қыстырғыш, қысқыш және басқа бөгде заттар жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Сондай-ақ бумадағы купюра саны операция кезінде құрылғы экранында көрсетілген мөлшерден аспауы керек.
Банктің әрбір бөлімшесінде. Сондай-ақ банкоматтар бөлімшеден тыс жерлерде де орналасқан. ҚР қалалары бойынша толық тізімді банктің сайтындағы «Банкоматтар және офистер» бөлімінен қарауға болады
Қолданбадан немесе bcc.kz сайтындағы «Банкоматтар және офистер» бөлімінен білуге болады
Егер банкоматта контактісіз оқу құрылғысы (NFC) болса, ал сіздің картаңызда толқын бейнесіндегі белгі болса, картаңызды, смартфоныңызды немесе сағатыңызды контактісіз оқу құрылғысына жай ғана жақындатып, картаны құрылғыға салмай-ақ, оңай ақша толықтыра аласыз не ала аласыз.
KZT номиналдары: 500, 1000, 2000, 5000, 10000, 20000
RUB номиналдары: 5, 10, 50, 100, 200, 500, 1000, 2000, 5000
USD номиналдары: 1, 2, 5, 10, 20, 50, 100
CNY номиналдары: 1, 5, 10, 20, 50, 100
MasterCard, VISA және China UnionPay төлем жүйелерінің карталарымен жұмыс істейді.
Банкоматтар жаңа купюраларды 3-9 ай аралығында— банкомат өндіруші жаңартылған бағдарламалық жасақтаманы ұсынғаннан сәттен бастап қабылдайды.
Банкоматтар (ATM), ақпараттық-төлем терминалдары (АТТ), автоматтандырылған депозит машиналары (АДМ).

Операцияны бастамас бұрын терминалды/депозит машинасын/банкоматты тексеріңіз — оған бөгде құрылғылар немесе жасырын камералар орнатылмағанына көз жеткізіңіз. Егер бір нәрсе күмән тудырса немесе зақымдалған болып көрінсе, бұл құрылғыны пайдаланбаған жөн.
PIN-кодты енгізген кезде, пернетақтаны қолыңызбен немесе сөмкемен жабыңыз — кодыңызды ешкім көрмесін.

Операция толық аяқталғанға дейін банкоматтан алыстамаңыз және зейініңізді басқа жаққа бұрмаңыз.
Күдікті жайтты байқасаңыз, дереу банктің байланыс орталығына хабарласыңыз.
Иә, картаны, смартфонды немесе сағатты контактісіз оқу құрылғысына (NFC) жақындатып немесе картаны картридерге салып PIN-кодты енгізу қажет, содан кейін мәзірден «Балансты қарау» тармағын таңдаңыз.
Қолма-қол ақша алу, шоттар мен депозиттерді толықтыру, қолма-қол валютаны айырбастау, кредиттерді өтеу, балансты қарау, есеп айырысу парағын алу (жалақы жобалары үшін қолжетімді). Көпвалюталы банкоматтардың мекенжайлары көрсетілген тізімді банк сайтындағы «Банкоматтар және офистер» бөлімінен таба аласыз
KZT, RUB, USD, CNY (көпвалюталы банкоматтардың мекенжайлары көрсетілген тізімді банк сайтындағы «Банкоматтар және офистер» бөлімінен таба аласыз)
KZT валютасымен шоттар мен депозиттерді толықтыру, кредиттерді өтеу, жеткізушілердің қызметтеріне ақы төлеу.
Заңды тұлғаларға өздігінен инкассациялау, KZT валютасымен карталарды, шоттарды және депозиттерді толықтыру.
Жоқ, қолма-қол ақшаны кез келген басқа банктің банкоматынан алуға болады. Банкоматтан ақша алу қызметінің тарифтерімен банк bcc.kz сайтындағы «Тарифтер» бөлімінде таныса аласыз
Ол үшін алдымен қолданбада депозиттегі ақшаны картаға аударып, содан кейін банкомат арқылы картадан қолма-қол ақша алуға болады.
Банктің банкоматтары мен ақпараттық-төлем терминалдары арқылы кредит бойынша ай сайынғы төлемдерді төлеуге, кредитті ішінара мерзімінен бұрын өтеуге және толық мерзімінен бұрын өтеуге болады.
Операция аяқталғаннан кейін, банкомат экранында электронды чек көрсетіледі, оны суретке түсіріп алуға немесе басып шығаруға болады.
Басқа банктердің клиенттері банкомат арқылы қолма-қол ақша ала алады және валюта айырбастай алады.
Ақша шотқа бірден түседі.
Егер смартфоныңызда электронды әмиян болса, смартфонды немесе сағатты банкоматтағы контактісіз оқу құрылғысына (NFC) жақындатып, қызметті бастауға болады.
Есеп айырысу шотынан ақша алу үшін банк бөлімшесіне хабарласу қажет. Картадан ақша алу үшін алдын ала төлем картасын ресімдеп, белсенді ету қажет.
Банкоматтар қолма-қол ақшаны бумамен қабылдауды қолдайды және құрылғы үлгісіне байланысты 40 купюрадан 200 купюраға дейін қолма-қол ақшаны бумамен қабылдай алады. Шектеу операция кезінде құрылғы экранында көрсетіледі.

Ақпараттық-төлем терминалдары қолма-қол ақшаны 1 купюрадан қабылдайды.

Автоматтандырылған депозит машиналары банкноттарды санау принципі бойынша жұмыс істейді және қолма-қол ақшаны бумамен, үстемелеп салу тәсілімен қабылдауды қолдайды.
Банкоматта авторизациядан өтудің 2 тәсілі бар:

1. Карта арқылы (картаны құрылғыға енгізу немесе картаны, смартфонды не сағатты контактісіз оқу құрылғысына (NFC) жақындату). Бұл жағдайда картадан қолма-қол ақша алу, картаны, шотты, депозитті толықтыру, кредитті өтеу, балансты қарау, есеп айырысу парағын алу (жалақы жобалары үшін қолжетімді) мүмкін болады.

2. ЖСН немесе БСН енгізу арқылы (басты экраннан қажетті операцияны таңдау). ЖСН арқылы авторизациядан өткен кезде, картаны, шотты, депозитті толықтыруға және кредитті өтеуге болады.



Ақпараттық-төлем терминалында басты экраннан операцияны таңдап, ЖСН немесе БСН енгізу қажет.



Автоматтандырылған депозит машиналарында басты экраннан операцияны таңдап, ЖСН немесе БСН енгізу қажет немесе картаны құрылғыға енгізу арқылы мүмкін болады.
Банкоматтарда, терминалдарда және депозит машиналарында операция жүргізу тарифтерімен bcc.kz сайтындағы «Тарифтер» бөлімінде таныса аласыз
1. ЖСН немесе БСН арқылы авторизациядан өткен кезде 1 операция аясында ең көп дегенде 500 000 KZT енгізуге болады.

2. Карта арқылы авторизациядан өткен кезде сомаға шектеу қойылмайды, алайда банкоматтың үлгісіне байланысты құрылғының өз шектеуі болуы мүмкін. Құрылғы бір уақытта 40 купюрадан 200 купюраға дейін қолма-қол ақшаны бумамен қабылдай алады. Шектеу операция кезінде құрылғы экранында көрсетіледі.
1. Қолма-қол ақша алу лимиті карта түрі мен белгіленген лимитке байланысты.

2. Банкомат үлгісіне қарай 40 купюрадан 200 купюраға дейін қолма-қол ақшаны бумамен бере алады.
1. Басқа банктердің карталары бойынша комиссия картаны шығарған банктің тарифіне сәйкес алынады.

2. ЦентрКредит Банкінің карталары бойынша банкоматтан ақша алу қызметтерінің тарифтері банк сайтындағы «Тарифтер» бөлімінде орналастырылған
Жеке тұлғалар 505 нөмірі бойынша, ал заңды тұлғалар 605 нөмірі бойынша банктің байланыс орталығына хабарласуы қажет.
Бұл жағдайда қызметті бастау үшін картаны картридерге салу қажет.
Установить новый ПИН-код можно в приложении:

1. Выберите нужную карту на главной странице.
2. Выберите «Действия» и «Настройки карты».
3. Выберите изменение ПИН-кода.
4. Введите новый ПИН-код и подтвердите кодом из SMS.
Дубликат чека можно запросить в отделении банка
Возможно, карта вставлена неправильно, повреждены считывающие элементы чип или магнитная полоса. Рекомендуем для авторизации использовать бесконтактный считыватель банкомата.
Ақшалай қаражатты қайтару туралы өтінімді ресімдеу үшін жеке тұлғалар 505 нөмірі бойынша, ал заңды тұлғалар 605 нөмірі бойынша банктің байланыс орталығына хабарласуы қажет.
Жеке тұлғалар 505 нөмірі бойынша, ал заңды тұлғалар 605 нөмірі бойынша банктің байланыс орталығына хабарласуы қажет.
1. Егер банкомат банк бөлімшесінен тыс жерде орналасқан болса — картаны қолданба арқылы бұғаттап, жеке тұлғалар 505 нөмірі бойынша, ал заңды тұлғалар 605 нөмірі бойынша банктің байланыс орталығына хабарласуы қажет.

2. Егер банкомат банк бөлімшесінде орналасқан болса — жұмыс уақытында бөлімшеге барып, жеке куәлігін көрсету қажет. Маңызды: карта иесіне ғана беріледі, картадағы деректер мен жеке куәліктегі деректер салыстырылады.
1. На главном экране банкомата выбрать «Обмен валюты».

2. Ввести свой ИИН и выбрать вариант обмена.

3. Ознакомиться с условиями обмена.

4. Внести наличные в купюроприемник.

5. Ознакомиться с деталями транзакции и суммой к выдаче.

6. Выбрать способ получения сдачи (карту или ввести номер телефона).

7. Получить купленную валюту.

9. Сфотографировать чек на экране.
1. Введите ИИН либо вставьте/приложите карту, смартфон или часы к бесконтактному считывателю.

2. Выберите валюту для пополнения.

3. Выберите счёт для пополнения.

4. Внесите наличные в соответствии с инструкциями на экране.

5. Сфотографируйте чек.
1. Вставьте либо приложите карту, смартфон или часы к бесконтактному считывателю.

2. Выберите "Снятие наличных".

3. Введите ПИН-код.

4. Укажите сумму.

5. Сфотографируйте чек.
Список с адресами мультивалютных банкоматов указан на сайте банка в разделе «Банкоматы и офисы»
Для обмена наличной валюты необходимо ввести свой ИИН на экране банкомата.
Курс приложения.
Курсы указаны на главном экране банкомата
(Внимание! Курс может быть изменён во время проведения операции).
Да, для обмена валют достаточно ввести ИИН.
До 500 000 KZT или эквивалентной суммы в иностранной валюте за 1 операцию.
Пн-Вс 09:00-20:00, праздничные выходные дни сервис недоступен.
Өңірді таңдау

Пайдалы материалдар

№78 ЭИВБ қағидаларын бекіту туралы 29.09.2023 жылғы ҚР ҰБ Басқармасы мен ПМ орынбасарының бірлескен бұйрығы
2019 жылғы 10 сәуірдегі №64 Валюталық операцияларды мониторингтеу қағидалары
2018 жылғы 2 шiлдедегi № 167-VІ Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы ҚР Заңы
2019 жылғы 30 наурыздағы №40 Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидалары
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді