Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) деректері бойынша 2024 жылдың 9 айында АҚШ долларына шаққандағы айырбас бағамы орта есеппен 458,7 теңгені құрады. 2023 жылғы орташа жылдық бағаммен салыстырғанда, 0,5%-ға немесе 2,5 теңгеге өскені байқалады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен (2023 жылдың 9 айы) салыстырғанда, 1,3%-ға немесе 5,8 теңгеге өскені байқалады.
Орташа мәннің салыстырмалы төмен деңгейі валютаға қатысты жыл басындағы қолайлы тенденциялармен түсіндіріледі. Айырбас бағамының динамикасына әсер еткен негізгі фактор – Ұлттық қордың (бұдан әрі – ҰҚ) шетел валютасын сату жөніндегі операциялары. ҰҚ-дан қаражат алу ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 2024 жылы жүргізілетін трансферт көлемі 3,6 трлн теңгені құрайды деген 2024 жылғы 3 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (бұдан әрі – ӘЭДБ) жоспарлы көрсеткіштерінен 300,4 млрд теңгеге асып түсті. Алайда ҚРҰБ Төрағасының 2024 жылғы 11 қыркүйектегі мәлімдемесіне сәйкес ел бюджетінің тапшылығын жабу мақсатына ҰҚ-дан одан әрі қаражат алуға қатысты белгісіздік белең алып отыр, бұл проинфляциялық қысым тәуекелінің өсуіне және мемлекеттің ақша-кредит саясатының тиімділігінің одан әрі төмендеуіне әкеледі.
Теңге үшін үшінші тоқсан маусымдағы айтарлықтай әлсіреуден кейін бағамның біршама тұрақтануымен басталды. Нәтижесінде шілденің қорытындысы бойынша теңгенің орташа бағамы Ұлттық қордың валюта сату көлемі бойынша операциясының төмендеуі аясында 6,07%-ға әлсіреді. Шілде айының қорытындысы бойынша Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату 506 млн долларды және Қазатомпром акциясын сатып алу үшін валюта сату аясында шамамен 984 млн долларды құрады. Тамыз айында Үкіметтің болжамды өтінімдеріне сәйкес Ұлттық қор ұқсас деңгейде 500-600 млн мөлшерінде валюта сатады. Бұл операциялар біздің пікірімізше бағамды шамадан тыс әлсіреуден қолдайды. Бұған дейін атап өткендей, бір доллар үшін 480 теңге деңгейі нарық қатысушылары үшін американдық валютаны сату үшін тартымды болып табылады.
2023 жылғы қазанның аяғынан бастап Ұлттық қор тарапынан доллар сатылымының өсу көлемінің әсерінен теңге мамыр айының ортасына дейін нығая бастады. Ұлттық валюта осы уақыт аралығында 8,3%-ға нығайды. Сонымен қатар, мұнай -4,4%-ға төмендеді, бұл USDKZT бағамын болжаған кезде оны экзогенді түсіндіруші ретінде қолданудан босатады.
Жалпы мұнай, ресей рублі және доллар индексі (DXY) сияқты сыртқы факторлардың 2018 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде 0,45-тен 0,52-ге дейінгі мәндермен әлсіз корреляциялық байланыстары бар. Бұл ретте, егер 2023 жылдың басынан басталатын белгілі бір уақыт кезеңін алатын болсақ, онда әсіресе рубльмен және доллар индексімен коэффициент біршама төмендейді.