Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
Журнал таспасы
18 қазан 2024
Жаңартылды: 28 қараша 2024

Бүкіл әлемді қалай тиімді аралап шығуға болады: Бюджеттік сапарларға арналған 11 лайфхак

Желіде “саяхат – төлеген ақшаңызға сізді байытатын жалғыз нәрсе” және “саяхат тегін болса, мені бұдан былай көрмес едіңіздер” деген сияқты авторсыз дәйексөздер жетіп артады. Олардың бір ортақ “кемшілігі” бар: әлемде саяхаттау үшін ақша керек. Кейде тіпті қомақты қаражат қажет. Алайда әлемді туроператорлардың айтқан сомасынан әлдеқайда арзан бағада аралауға да болады.

Үнемді саяхаттап, ыңғайлылық пен әсерден құры қалмауға бола ма?

Дұрыс уақытты таңдаңыз  

Шетелде, соның ішінде теңізде ең арзан демалыс іздеп жүрсеңіз, елді ғана емес, бару уақытын да қараңыз. Үнемді саяхаттағысы келетін туристерге екі тыйым бар:

Нақты мезгілде бару  

Мезгілдегі демалыс мезгіл емес кездегі демалыстан әрқашан қымбаттау. Испаниядағы теңізге маусым мен тамыз аралығында бару басқа уақытқа қарағанда әлдеқайда қымбат болады. Бұл ретте сәуір мен мамыр аралығында және қыркүйек-қазан аралығында курорттардағы ауа райы жағажайды жақсы көретіндер үшін әлі де қолайлы болып тұрады. Елдің көрнекі жерлерін көргіңіз келсе, қашан барсаңыз да бола береді.

Еуропаның басқа елдеріне ақшаны үнемдеп қалай саяхаттауға болады? Францияда жағажайдағы демалысқа шілденің басынан қыркүйектің ортасына дейін бармаған дұрыс, ал Италияға сапарды мамырдың соңынан қазанның басына дейін жоспарламаған жөн.

Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз

7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету

Ірі мерекелер кезіндегі саяхаттар  

Карнавал кезінде Бразилияға немесе Венецияға бару үшін бюджетті айтарлықтай арттыру керек, өйткені әуекомпаниялар бұл мерзім аралығында билет бағаларын көтереді. Проблемалар басқа жерлерде де күтуі мүмкін: қонақ үйдегі бөлме мен жалданатын пәтер бағасы көтеріліп кетеді.

Көптеген танымал көрнекі жерлер (әсіресе мұражайлар) тегін күндерді де қарастырған, бірнеше ондаған еуроны үнемдеп, экспозициямен танысуға болады. Париждегі Орс мұражайына әр айдың бірінші жексенбісінде тегін баруға болады, сонымен қатар Еуропалық мұражайлар түніне және Еуропалық мұрагерлік күндеріне баруға болады. Ватикан мен Рим мұражайларындағы тегін күндер – әр айдың соңғы жексенбісі, ал Дүниежүзілік турист күні 27 қыркүйекте өтеді. Флоренция мұражайларына айдың алғашқы жексенбісінде тегін кіруге болады. Нью-Йорктегі аңызға айналған Museum of Modern Art мұражайына жұма күні 16.00 мен 20.00 аралығында барсаңыз болады.

Ұшу күнін дұрыс таңдау үшін бағалар кестесін бақылаңыз - бұл функцияны әуекомпания мен теміржол тасымалдаушыларының веб-сайтында баптап алуға болады. Ең арзан ұшақ билеттері апта ортасында: сейсенбі, сәрсенбі немесе бейсенбі күндері болады. Ең «қымбат» күндер - сенбі және жексенбі.

Қазақстаннан барып қай жерде демалудың ең арзан екеніне мән бермесеңіз де бағаны бақылап тұрған жақсы. Ең төмен бағадағы бағытты таңдасаңыз болғаны.

Әуекомпаниялар мен автобуспен тасымалдаушылар ақшаны үнемдеуге көмектесетін сатылымдарды жиі ұйымдастырып тұрады.

Дұрыс орынды таңдаңыз

Туристік орындар әрқашан қымбат: аттракциондарға барғанда кіру билеттеріне, кафелердегі тамаққа және жалға берілетін тұрғын үйге ақша жұмсауға тура келеді. Сондықтан көп ешкім біле бермейтін маршруттарды таңдасаңыз болады. Мысалы, Аланияның орнына Түркиядағы Фетхиеге барыңыз, ал Францияда Парижде ғана емес: Лион, Марсель, Нант және басқа қалаларда да сізді таң қалдыратын нәрселер көп.

Қаланың өзін ғана емес, онда тұратын орынды да дұрыс таңдау маңызды. Ең бюджеттік нұсқа – хостелдерде түнеу. Дегенмен, бұл басқа адамдармен көп сөйлескісі келмейтіндерге жарамайды (өйткені әдетте бөлмелерде бірнеше адам тұрады). Балаңыз болса, хостелді қарастырмаған жөн.

@travelove100 жобасының саяхат блогерлері Әсет пен Мұхаббат балалы отбасыларға пәтер жалдауға кеңес береді. Ол жерде ас үй бар, өзіңізге және балаңызға әдеттегі мәзірмен тамақ жасайсыз (өзіңіз дайындасаңыз, супермаркеттерде тамақ сатып ала алсаңыз, бұл кафе мен мейрамханаларда тамақтанудан арзанырақ болады). Бұл туристерді жиі қызықтыратын жергілікті тұрғындардың қарапайым күнделікті өмірін сезінуге мүмкіндік береді.

Әсет пен Мұхаббат баратын жерлерден алыс жерден баспана таңдау керек деген пікірде емес. Бұл үнемдеу қосымша көлік шығындарына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ уақытыңыз босқа кетеді, демек жоспарланған тізімдегі барлық жерге бара алмайсыз.

Баспана мәселесіне келсек, әлем бойынша тегін саяхаттауға болады: кейде көмек берсеңіз (үй жұмысымен, фермада, қонақүйлерде) түнеп шығуға болады. Мұндай ұсыныстарды каучсерфиң веб-сайттарынан табуға болады.

Сондай-ақ Қазақстанда қымбат емес демалуға болатын көркем жерлер көп. Жол жүру форматы мұндай сапар үшін өте қолайлы: өзіңіздің немесе жалға алынған көлігіңізбен барған жерді аралауға болады.

Сапарыңызға алдын ала дайындалыңыз

Біріншіден, билеттер мен қонақүй нөмірлерін ерте брондаған арзанырақ. Әрине, соңғы минутта сатып алуға болатын турлар бар, бірақ кенеттен сапарға шығуға бәрі дайын бола бермейді.

Екіншіден, ел мен қала туралы ақпаратпен танысыңыз. Осылайша көрікті жерлерге тегін баратын күндерді біліп алуға, жаяу жүру маршруттарын салуға және әуежайдан трансфер бюджетін есептеуге болады.

Қазақстандағы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы
Стильді әрі тиімді: базалық гардероб дегеніміз не және оны қалай құруға болады?

Арзан билеттерді іздеңіз

Ақшаны үнемдеудің тағы бір жолы - лоукостерлердің ұсыныстары. Тек ұшаққа емес, автобусқа билет алсаңыз да болады. Мысалы Еуропада лоукостерлік автобуспен тасымалдау кең тараған.

Лоукостерлердің арзан бағасы қосымша қызметтердің жоқтығына негізделген. Билет құнына борттағы тамақ немесе багаж кірмейді. Егер жайлылық қажет болмай, тек қол жүгімен саяхаттауға дайын болсаңыз, бұл таптырмас мүмкіндік.

Әсет пен Мұхаббат лоукостерді белсенді пайдаланады. Мұхаббаттың айтуынша: «Егер арзанырақ ұшқыңыз келсе, билеттерді алдын ала брондаңыз, көп зат алмаңыз, яғни багажсыз ұшыңыз және борттағы тамаққа ақша жұмсамаңыз».

Сатып алған заттарыңыздың құнын қалай төлейтініңіз туралы ойланыңыз

Кейбір елде зат сатып алғанда қолма-қол ақшамен төлеу тиімдірек. Егер негізгі валюта ретінде еуро жүретін елдерге барсаңыз, өзіңізбен бірге MasterCard алыңыз, ал доллары бар елге барсаңыз, онда Visa алыңыз. Осылайша қос айырбастаудан және комиссия төлеуден құтылуға болады.

Саяхатқа шықпас бұрын банкіңізге сапарға шығып бара жатқаныңызды хабарлаған жөн: сонда транзакцияларыңыз күдікті ретінде бұғатталуы ықтималдығының алдын аласыз. Демек бөтен елде қаражатсыз қалмайсыз.

Банк карталарының бонустарын пайдаланыңыз

Банктердің көпшілігінде саяхатшыларға арналған ұсыныстар бар, мысалы ЦентрКредит банкінде #TravelCard (Visa Signature) картасы бар. Ол қонақүйге орналасуда, көлікті жалға алуда, таксиге тапсырыс беруде және әуе билеттерін сатып алуда 4%-ға дейінгі кэшбэк алуға мүмкіндік береді. Бүкіл әлемдегі банкоматтарда қолма-қол ақшаны (айына 1,5 миллион теңгеге дейін) тегін алуға болады, ал қосымша #rentacar картасы барлық елде автокөлікті жалға алудағы кэшбэкті 7%-ға дейін арттырады.

Visa Signature премиум картасы ұсынатын басқа да артықшылықтар туралы ұмытпаңыз: Қазақстан мен әлем бойынша саяхатты сақтандыру, әуежайдағы артықшылықтар (бизнес-залдарға бару), Visa Luxury Hotel Collection бағдарламасына қатысатын қонақүйлерде VIP қонақ мәртебесі.

Кәдесыйлар емес, әсерлер әкеліңіз

Саяхаттан алатын кәдесыйлар қымбат әрі сіздің багажыңызда орын алады - бұл тек қол жүгімен саяхаттаушыларға проблема болуы мүмкін. Қол жүгін лоукостерлер өлшемі мен салмағы бойынша шектейді.

Әлемді аралаған кездегі әсерлеріңізді жақындарыңызбен бөліскіңіз келсе, жаңа қаладан ашықхат жіберіңіз немесе үйге келіп, суретті басып шығарып беріңіз.

Әлі де бірдеңе әкелгісі келетіндерге арналған лайфхак: туристік орындардағы кәдесый дүкендерінен емес, алысырақ орналасқан дүкендерден сатып алуға барыңыз. Арнайы заттар (мысалы, Нормандиядағы атақты Жанна д’Арктің көз жасы кәмпиттерін) сатып алу үшін бірнеше есе арзан супермаркетке барған дұрыс.

Байланыс құнын үнемдеңіз

Роуминг әдетте арзан болмайды. Бірақ оның бір жолы бар: қажетті коңыраулар мен SMS саны бар (немесе пакетке тек интернет қосылған) жергілікті сим-карта сатып алу немесе жаңа смартфондарды қолдайтын eSIM технологиясын пайдалану. Тегін Wi-Fi әуежайларда, кафелер мен мейрамханаларда бар.

#IronCard – жоғары мәртебе

Жайлылық пен эксклюзивті бағалаушыларға арналған карта

Тамаққа жұмсаған ақшаңызды үнемдеңіз

Азық-түлікті жергілікті супермаркеттен алыңыз да үйден тамақ жасаңыз. еуропада қымбат емес дайын тамақ тауып, сол жерде жылытып алатын дүкендер көп.

Саяхаттау кезінде туристтік кафе мен мейрамханаларда тамақтануға көп қаражат кетуі мүмкін. Сондықтан жергілікті тұрғындар тамақ ішетін жерлерге назар аударған дұрыс, әдетте мұндай кафелерде дәмді әрі арзан болады.

Көрнекі жерлерді өз бетіңізше аралаңыз

Жеке гидтің қызметі арзан емес Бірақ топтық экскурсияға қатысуға немесе көрікті жерлерді өз бетіңізше зерттеуге де болады. Ақпараттың көпшілігін желіден табуға болады және саяхаттың құндылығы жай факт жинауда емес, әсер алуда. Көптеген мұражайда тегін аудио гидтер бар.

Қаланы өз бетіңізше араласаңыз, өзіңізді турист емес, жергілікті адам ретінде сезіне аласыз, ал бұл саяхаттың жалпы көңілді өтуі үшін маңызды.

Визасыз елдерді таңдаңыз

Қазақстаннан жазда шетелдің арзанырақ жерінде демалуды ойлап жүрсеңіз, визасыз елдерді мұқият қараңыз. Қытайға, Малайзияға, Таиландқа, Вьетнамға, Сербияға, Ресей мен Беларуське, Бразилияға барған кезде виза қажет емес. Бұл мемлекеттердің тізімі өте үлкен, таңдау мол. Қазақстаннан визасыз демалу және саяхаттау үшін ең арзан елдер қатарына Өзбекстан, Түркия, Грузия және БАӘ кіреді.

Ал егер виза қажет елді таңдап отырсаңыз, барлық құжаттарды өзіңіз жинап, елшілікке өзіңіз жазылып көріңіз. Осылайша агенттік қызметтерді үнемдеуге болады.

Жоғарыда келтірілген лайфхактар саяхаттау – аса қымбат, мыңдаған километрден асатын жерге бару емес екенін көрсетеді. «Көбірек саяхаттаңыз. Саяхаттау міндетті түрде АҚШ немесе Оңтүстік Америкаға баруды білдірмейді. Саяхат – үйіңізді аттап шыққан сәтте басталады. Демалыс күндері саябаққа, тауға баруды жоспарлап, өмірден ләззат алыңыз», – деп кеңес береді Әсет.

Автор
Олжас Сагындык
Сізге ұнауы мүмкін
Обзор валют
2024 жылғы 6 желтоқсандағы валюта бағамдары

Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 6 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 524,65 тг., ал ресей рублінің курсын 5,14 тг. деп белгіледі.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы аздап әлсіреді. 2024 жылғы 5 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +1,07 тг. құрады (523,58 тг.-ден 524,65 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл әлсіреп, +0,13 тг. өсті (5,01 тг.-ден 5,14 тг.-ге дейін).

Обзор валют
BCC Invest-тің 2024 жылдың 5 желтоқсанына арналған валюта бағамдары бойынша аналитикасы

5 желтоқсандағы валюта сауда-саттығының жабылу кезіндегі теңге бағамы 0,61%-ға нығайып, сауда көлемі 219 млн АҚШ долларын құрап, 1 доллар үшін 521,79 теңге деңгейінде қалыптасты.

Теңгенің рубльге қатысты бағамы, керісінше, 0,99%-ға әлсіреп, 1 рубль үшін 5,085 теңгеге жетті.

Сарапшылар теңгенің нығаюының ағымдағы үрдістерінің сақталуын және орташа құбылмалылықты болжайды.

Обзор валют
2024 жылғы 5 желтоқсандағы валюта бағамдары

2024 жылғы 5 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын Қазақстанның Ұлттық банкі 523,58 тг. деп белгіледі, ал ресей рублінің курсы – 5,01 тг.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы аздап әлсіреді. 2024 жылғы 4 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +0,41 тг. құрады (523,17 тг.-ден 523,58 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл нығайып, +0,08 тг. өсті (4,93 тг.-ден 5,01 тг.-ге дейін).

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды