Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
30 қазан 2023
Жаңартылды: 4 қазан 2024

Как открыть ТОО в Казахстане в 2024 году

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе қысқаша ЖШС – Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде бизнес жүргізуге мүмкіндік беретін кәсіпкерлік қызметтің түрі. ЖШС әртүрлі ауқымдағы бизнес үшін қолайлы – штаты 15 адамға дейінгі шағын компаниядан бастап 250 адамға дейін жұмыс істейтін ірі ұйымға дейін.

Алматыда немесе Қазақстанның басқа қалаларында ЖШС-ны сәтті ашу үшін оның көптеген қыр-сырын білу керек және біз бұл жөнінде осы мақалада айтып береміз.

Қазақстанда ЖШС-ны қалай тіркеуге болады?

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы ретінде бір ғана адам емес (ҚР азаматы немесе тұруға ықтиярхаты бар шетелдік немесе тұруға ықтиярхаты жоқ, бірақ бизнес-иммигрант визасы бар шетелдік), сондай-ақ бірыңғай бизнес-идеямен біріктірілген тұлғалар тобы (оның ішінде шетелдік азаматтар) бола алады. Бұл ретте ЖШС-ны тіркеу бірнеше кезеңді қамтитын болады.

Дайындық кезеңі

Ең бірінші қадам – заңды мекенжайды анықтау және болашақ бизнесіңіз үшін атау таңдау. ЖШС заңды мекенжайы құрылтайшының тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ жалға алынған немесе сатып алынған алаңда болуы мүмкін. Сіздің бизнесіңіздің атауы бірегей болуы және бұрыннан тіркелген компанияларды атауын қайталамауы маңызды. Сонымен қатар фирмаңызға атау беріп, тіркеген кезде, атауын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсету керек екенін ескеру қажет.

Одан кейін сіздің компанияңыздың қандай қызмет түрлерін жүзеге асыратынын түсініп, оларды ЭҚЖЖ бойынша жіктеген жөн.

Тағы бір маңызды қадам – бизнестің қаншалықты ауқымды болатынын анықтау. Сіз кішкентай компания немесе ірі кәсіпорын аша аласыз. Алдағы қызметтің ауқымы жарғылық капиталдың мөлшерін айқындайды. Нөл теңге – бұл тек микробизнеске арналған жарғылық капитал. Орта және ірі бизнеске жататын компаниялардың құрылтайшылары болашақ компанияның шотына кемінде 100 АЕК енгізуі қажет. 2023 жылы ақшалай есептегенде бұл 3 450 000 теңгеге тең.

Салық салудың қандай режимін таңдайтыныңызды да ойластырған жөн.

Құжаттарды дайындау

Бизнесмен (немесе бизнесмендер тобы) осы кезеңде келесі міндеттерді шешеді:

  • Құрылтай шартын дайындайды (компанияның негізін қалаушылар екі және одан да көп болған жағдайда қажет).
  • Серіктестік ашу туралы шешімді ресімдейді.
  • Жарғыны бекітеді. Бұл құжатты стандарт нысандар негізінде немесе жеке тәртіппен әзірлеуге болады, бұл жағдайда заңгердің көмегі қажет болады.
  • Электрондық цифрлық қолтаңбаны алады. Егер құрылтайшылар бірнешеу болса, ЭЦҚ компанияның барлық негізін қалаушыларда болуы қажет.

ЖШС тіркеу

ЖШС-ны ҚР-да екі тәсілмен тіркеуге болады – халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) немесе онлайн. Бірінші жағдайда құрылтайшы дайындалған құжаттар жиынтығымен тіркелген жері бойынша ХҚКО-ға баруы тиіс. Өзімен бірге құрылтай шарты және компанияның мекенжайын растайтын құжат болуы қажет. Осыдан кейін өтініш жазу қажет және егер сіздің бизнесіңіз ірі бизнес болса, мемлекеттік баж салығын төлеу қажет.

Онлайн тіркеген кезде, сізге әлдеқайда аз құжат қажет болады, бұл осындай тәсілдің артықшылықтарының бірі. Өтінім терезесінде сканерленген құжаттарды (жарғы, негізін қалаушылардың қолдарының үлгілері бар құжат және жүйенің сұрау салуы бойынша басқа да құжаттар) бекіту жеткілікті. Қалған барлық құжаттар мемлекеттік органдардың базаларынан автоматты режимде «жүктеледі».

Онлайн-тіркеуді толығырақ қарастырайық.

Қазақстанда ЖШС-ны онлайн қалай ашуға болады?

Онлайн-форматта тіркеу уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, сондықтан көптеген бизнесмендер осы тәсілді белсенді түрде пайдаланады. Ол Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады және бірнеше қарапайым қадамды қамтиды:

Порталда авторизациядан өтіңіз.

1. «Бизнеске» бөліміне өтіп, «Бизнесті тіркеу және дамыту» қойындысын таңдаңыз. Жаңа бетте «Бизнесті тіркеу және жою» тармағын басыңыз.

2. Ашылған қызметтер тізімінде «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, банктік шот ашу және өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаған кезде жазатайым оқиғалардан жұмыскерді міндетті сақтандыруды ескере отырып олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» санатын таңдаңыз.

3. Беттің оң жақ жоғарғы бөлігінде орналасқан «Қызметті онлайн сұрау» деген қызғылт сары батырманы басыңыз.

4. Бұдан әрі «Заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу...» бөлімін белгілеңіз.

5. Ұсынылған нысанға деректерді енгізіңіз (құрылтайшылар, ұйымның орналасуы, ЭҚЖЖ бойынша жіктеу және т.б. туралы ақпарат). Басшы өзінің қазақстандық ЖСН енгізуі керек екеніне назар аударыңыз.

6. Соңғы кезеңде сіз корпоративтік клиент болатын банкті анықтап, сенімді сақтандырушыны таңдау қажет. Осылайша бір порталда компанияны тіркеп, шот ашып, жауапкершілікті сақтандыруға болады. Үш бөлек ұйымға барудың орнына – тінтуірмен небәрі бір-екі батырманы басасыз, бұл процедураны айтарлықтай жеңілдетеді.

7. Баж салығын төлеңіз (ірі кәсіпорынды тіркеген жағдайда ғана).

8. Нысанға ЭЦҚ көмегімен қол қойыңыз. Егер бизнесті құруға бірнеше құрылтайшы қатысса, нысанға әрбір негізін қалаушының (жеке кабинет арқылы) қол қоюы қажет.

Тіркелу бір күннен аспайды. Процедура аяқталғаннан кейін заңды тұлғаның тіркелгені туралы анықтаманы электронды түрде аласыз. Анықтама тегін беріледі.

ЖШС үшін шот ашу

ЖШС-ны тіркеуді аяқтау және коммерциялық қызметті бастау үшін банктік есеп айырысу шотын ашу, сондай-ақ жұмыс беруші ретінде жауапкершілікті сақтандыру үшін сақтандыру компаниясына жүгіну қажет.

Шот ашу үшін компанияның негізін қалаушылар заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлікті, жарғыны (түпнұсқасы мен көшірмесін) ұсына отырып, банкке өтініш беруі, сондай-ақ өзімен бірге азаматтық төлқұжаттары болуы қажет.

Сақтандыру компаниясына жарғымен және штаттық кестемен жүгіну керек. Сол жерде, сақтандырушылар офисінде өтініш жазу қажет.

Шетелдік азаматқа Қазақстанда ЖШС-ны тіркеу үшін не қажет?

Шетелдік азамат ҚР-да осындай тіркеу процедурасынан өту арқылы ЖШС аша алады. Алайда компанияның негізін қалаушылар қосымша құжаттарды ұсынуға дайын болуы тиіс. Құжаттама нотариуста куәландырылып, қазақ және орыс тілдеріне аударылатынын ескеріңіз.

Сондай-ақ қосымша өз төлқұжатының көшірмесін дайындап, халыққа қызмет көрсету орталығында немесе Egov.kz порталында онлайн режимінде қазақстандық ЖСН алу қажет. Екінші жағдайда сізге ЭЦҚ бар ҚР азаматына сенімхат қажет болады. Егер серіктестікті Достастыққа (ТМД) кірмейтін елдің азаматы ашса, оған виза қажет болады. Бұл жерде сөз С5 санатындағы бизнес-иммигрант визасы туралы болып отыр, ол 24 айға дейін беріледі.

Бұдан басқа егер шетелдік ЕАЭО мүшесі болып табылмайтын елдің азаматы болса және ол серіктестікті өз бетінше басқаруды жоспарласа, оған уақытша тұруға рұқсат (УТР) қажет болады. Жұмысқа рұқсат та қажет. Екі құжат та ХҚКО-да ресімделеді, бірақ оларды Egov.kz-тен алуға болады.

Егер әңгіме шетелдік заңды тұлға туралы болса, ЖШС-ны онлайн немесе жеке қалай тіркеуге болады? 

Бұл жағдайда осы компанияның өтініш берушінің отанында сол елдің заңнамасына сәйкес тіркелгенін растайтын сауда тізілімінен үзінді көшірмені ұсыну қажет. Құжаттарды өз елінде растау керек, ал Қазақстанда оларға апостиль қою немесе заңдастыру керек. Тек ТМД елдерінің бизнесі үшін ғана ерекшелік бар. Достастықтың көрші мемлекеттерінен келген заңды тұлғаларға ЖШС ашу оңай, себебі оларға виза ресімдеп, жұмысқа рұқсат алудың қажеті жоқ.

ЖШС ресімдеу – Қазақстанда бизнес жүргізудің ыңғайлы тәсілі. Компанияны бір адамға емес, бірнеше құрылтайшыға тіркеуге мүмкіндік беретіндіктен мұндай формат жиі таңдалады. Бұған қоса үкімет тек өз елінің азаматтары үшін ғана емес, сондай-ақ шетелдік кәсіпкерлер үшін де серіктестікті тез әрі жеңіл түрде тіркеу үшін қолайлы жағдай жасайды. Серіктестікті ашқан кездегі барлық процедуралар онлайн режимінде қолжетімді, бұл уақыт шығындарын азайтуға мүмкіндік береді

Авторы - Наталья Брославская

Сарапшы - Нургалиева Айжан Толеугазиновна

Сізге ұнауы мүмкін
Обзор валют
2024 жылғы 13 желтоқсандағы валюта бағамдары

Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 13 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 522,91 тг., ал ресей рублінің курсын 5,05 тг. деп белгіледі.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы әлсіреді. 2024 жылғы 12 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +5,98 тг. құрады (516,93 тг.-ден 522,91 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл әлсіреп, өсім +0,07 тг. болды (4,98 тг.-ден 5,05 тг.-ге дейін).

Обзор валют
2024 жылғы 12 желтоқсандағы валюта бағамдары

Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 12 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 516,93 тг., ал ресей рублінің курсын 4,98 тг. деп белгіледі.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы әлсіреді. 2024 жылғы 11 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, өсім +8,88 тг. құрады (508,05 тг.-ден 516,93 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы сәл нығайып, төмендеу -0,08 тг. болды (5,06 тг.-ден 4,98 тг.-ге дейін).

Обзор валют
2024 жылғы 11 желтоқсандағы валюта бағамдары

Қазақстанның Ұлттық банкі 2024 жылғы 11 желтоқсанға арналған доллардың теңгеге қатысты курсын 508,05 тг., ал ресей рублінің курсын 5,06 тг. деп белгіледі.

Өткен күнмен салыстырғанда доллар курсы нығайды. 2024 жылғы 10 желтоқсандағы курсымен салыстырғанда, төмендеу -2,03 тг. құрады (510,08 тг.-ден 508,05 тг.-ге дейін). Сонымен қатар, рубль курсы да сәл нығайып, төмендеу -0,09 тг. болды (5,15 тг.-ден 5,06 тг.-ге дейін).

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды