Қызметкерге еңбегі үшін жалақы есептеледі. Алайда алдымен одан салықты шегеру (оның ішінде міндетті зейнетақы жарналарын, медициналық сақтандыруға аударымдарды төлеу) қажет. Қалған соманы маман «қолына» алады. Оны ыңғайлы онлайн-сервис – жалақы калькуляторы арқылы есептеуге болады.
Бұл сервис бухгалтерлерге бағытталған. Ол жалақы есептеу процесін жеңілдетіп, қателік ықтималдығын азайтады. Сондай-ақ жалақы есептейтін онлайн-калькулятор жұмыскерлердің өздеріне де қажет болады. Мысалы, олар соманың қаншалықты дұрыс есептелгенін тексергісі келсе, осы сервисті пайдалана алады.
Бизнеске арналған шотты онлайн ашу
Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз
ҚР-да 2025 жылы жалақы мөлшерін анықтаған кезде негізгі және қосымша параметрлер есепке алынады.
Қазақстанда 2025 жылы жалақы калькуляторы екі негізгі параметрді – есептеу әдісі мен ұйым түрін ескере отырып жұмыс істейді.
Есептеу әдісі тікелей немесе кері болуы мүмкін:
Бухгалтерлер көбінесе тікелей әдісті қолданады.
Ұйым түрі жалақыға қалай әсер етеді? Ол есептеу формуласын және әлеуметтік салық мөлшерлемесін айқындайды. Оңайлатылған салық салу режимі бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер өз жұмыскерлерінің жалақысынан әлеуметтік салық төлемейді.
2025 жылы ҚР-да жалақы есептейтін онлайн-калькулятор келесі тармақтарды қамтиды:
14 АЕК-ке тең. Тек резиденттерге қолжетімді және негізгі жұмыс орны бойынша өтініш берген жағдайда ғана қолданылады.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарт мысалы, күзет, аумақты тазалау, тауарды тиеу және түсіру сияқты қызмет көрсетілген кезде жасалады. Бұл санатқа мердігерлік шарттар да, ақылы қызмет көрсету шарттары да кіреді.
Кәсіпкер АҚС шарт бойынша жұмыскер үшін жарнаның тек үш түрін төлейді: зейнетақы жарналары (10%), ЖТС (10%) және міндетті медициналық сақтандыруға төлейтін жарналар (2%). Бұл бизнес өкіліне міндетті төлемдерден ақша үнемдеуге, ал жұмыскерге көбірек соманы алуға мүмкіндік береді.
Салықты бірыңғай төлеммен ЖК және заңды тұлғалар төлей алады. Бірақ олар шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері болып, нақты салық режимдері (оңайлатылған немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін бизнес үшін арнайы режим) бойынша жұмыс істеуі тиіс.
Міндетті зейнетақы жарналары 1975 жылғы 1 қаңтарға дейін туған жұмыскерлер үшін аударылмайды. Өткен айда кірісі болмаған ЖК-лер ЖМЗЖ төлемейді.
Бұл топта үш параметр бойынша есеп жүргізіледі:
Қызмет түрі бойынша сипаттамалар да есепке алынатынына назар аударған жөн. Мысалы, студенттер мен көпбалалы аналар үшін жалақы есептегенде ерекше шарттар қолданылады.
Барлық жол толтырылып, жүйе автоматты есептеуін жүргізгеннен кейін пайдаланушы «қолына» алатын таза жалақы мөлшері туралы ақпаратты, сондай-ақ барлық міндетті аударым сомалары туралы мәліметтерді алады.
2025 жылы Қазақстанда жалақыны онлайн-калькулятор қалай есептейтінін қарастырайық. Мысал ретінде салық ұсталғанға дейінгі 400 000 теңге көлеміндегі жалақыны алайық және бұл адам жалпыға бірдей белгіленген режим бойынша жұмыс істейтін ЖШС штатында деп есептейік. Тікелей есептеу әдісін қолданамыз. «Есептеу» батырмасын басқаннан кейін, жүйе келесі мәліметтерді береді: «Қолға» алатын жалақы – 316 800 теңге. Қалған сома салыққа жұмсалады, мысалы, 40 000 теңге МЗТ, ал 35 200 теңге ЖТС төлеуге кетеді.
Онлайн-калькулятор барлық қажетті аударымды ескере отырып, «қолыңызға» алатын соманы жылдам әрі дәл есептеп беруге көмектеседі.