Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
4 қараша 2025
Жаңартылды: 11 қараша 2025

Сенуге болмайды, тексеру керек: фриланста өзіңізді қалай қорғауға болады?

Икемді жұмыс кестесі, жеке істер мен кәсіби міндеттерді тиімді үйлестіру мүмкіндігі, жұмыс орнына байланбау — осының бәрі фрилансқа деген сұранысты арттырып жатыр. Алайда әр артықшылықтың өз кемшілігі бар: делдалсыз немесе заңды тұлға ретінде тіркелмей жұмыс істейтін фрилансерлер белгілі қауіптерге тап болуы мүмкін. Фрилансерді қандай қауіптер күтуі мүмкін? Өзіңізді қалай қорғап, осы қауіптерді азайтуға болады?

Фрилансер неден сақ болуы керек?

Қызмет тұрақтылығын қамтамасыз етіп, бедел мен қаржыға қауіп төндірмеу үшін келесі жайттарға назар аудару қажет:

Жұмыс басталар алдындағы төлем. 

Мәселе. Жұмыс басталар алдындағы төлем — арам пиғылды жұмыс берушілер жиі қолданатын айла-шарғының бірі. Кейбір компаниялар ынтымақтастық басталар алдында ақылы оқудан өтуді немесе шығыс материалдарын сатып алуды ұсынады. Басқалары фрилансерден сайтта ақылы тіркелуді талап етеді. Үшіншілер клиенттерді іздеуге арналған қолданбаны орнату үшін алдын ала жарна төлеуді сұрайды.

Шешім. Мұндай жағдайға тап болсаңыз, ынтымақтастықтан бас тартқан жөн: алаяқтар жұмыс іздеп жүргендердің ақшасын иемденгісі келуі әбден мүмкін. Егер күмән туса, әлеуетті жұмыс беруші туралы пікірлерді мұқият зерттеңіз.

Конфиденциалды ақпараттың таралуы. 

Мәселе. Егер жұмыс басталар алдында сізден қандай да бір қолданбаны орнату немесе бағдарламаны жүктеп алу сұралса, орнатылатын БЖ-мен бірге құрылғыға вирус енуі мүмкін. Мұндай жағдайдың ең жиі кездесетін салдары — конфиденциалды ақпараттың таралуы. Нәтижесінде алаяқтар сіздің жеке деректеріңізге, банк қолданбасындағы аккаунт ақпаратына және өзге де маңызды мәліметтерге қол жеткізуі мүмкін.

Конфиденциалды ақпаратты ұрлаудың тағы бір тәсілі бар. Мысалы, алаяқ жұмыс беруші сізден ақша аудару үшін шот деректерін сұрауы мүмкін. Егер сізден CVV-кодты (картаның артындағы үш цифр) немесе құпиясөзді сұраса, бұл — тоқтауға себеп. Мұндай деректердің көмегімен алаяқтар сіздің ақшаңызды иемденіп қана қоймай, тіпті атыңызға кредит ресімдеуі де мүмкін.

Шешім. Қолданбаларды тек ресми дүкендерден орнатыңыз. Байланысыңыздың қорғалғанына көз жеткізіңіз және антивирус бағдарламасын өшірмеңіз. Тапсырыс беруші жіберген файлдарды вирусқа тексеріп отырыңыз. Сілтемелер бойынша өтпеңіз және төлем деректемелерін енгізуге асықпаңыз. Конфиденциалды банк деректерін қорғауға эскроу-шот көмектеседі.

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу

Бірнеше батырма арқылы қолжетімді мүмкіндіктерді пайдаланыңыз

Тест тапсырмасының ақысын төлемеу. 

Мәселе. Тест тапсырмасы — қалыпты тәжірибе. Ол тапсырыс берушіге сіздің дағдыларыңызды бағалауға және жобадағы қабілетіңізді түсінуге мүмкіндік береді. Дегенмен кей алаяқтар тест тапсырмасын сылтау етіп, сіздің еңбегіңіздің нәтижесін тегін пайдалануы мүмкін. Егер тапсырыс беруші көлемі үлкен, толыққанды жобаға ұқсайтын тест тапсырмасын орындауды сұраса, бұл күмән тудыруы тиіс.

Шешім. Тест тапсырмасы ақысының төлемі туралы жазбаша түрде келісіп алыңыз (мысалы, электронды пошта арқылы). Келісілген сома аударылмайынша дайын жұмысты жібермеңіз. Жобаңызды су таңбасы  арқылы «белгілеуге» болады. Тағы бір лайфхак — файлды PDF форматында жіберіп, көшіріп алу мен басқа өңдеу тәсілдеріне шектеу қою. Осылайша файлды пайдалану қиынырақ болады.

Портфолиоңызға да назар аударыңыз: сәтті аяқталған жобаларға сілтемелер көрсетіңіз. Мүмкіндігінше әртүрлі бейіндегі тапсырмаларға сілтемелер орналастырыңыз. Бұл жұмыс берушіге сіздің кәсіби шеберлігіңізді және көпқырлы жұмысыңызды бағалауға мүмкіндік береді. 

Жалған шарт.

Мәселе. Жұмыс беруші сізге шарт жіберіп, ниеті шынайы көрінуі мүмкін. Алайда фрилансер құжатты мұқият оқымаса, табысынан айрылып қалуы мүмкін. Мысалы, шартта сіз ақысыз қызмет көрсетесіз деп жазылған болуы мүмкін.

Шешім. Шартты мұқият оқып шығыңыз: мәтіннің барлығын (соның ішінде кішкентай қаріппен жазылған бөліктерді) толық қараңыз. Тараптардың міндеттері тізілген тармақтарды, сондай-ақ міндеттер орындалмаған жағдайда жауапкершілік талаптарын мұқият талдаңыз. Сұрақтарыңыз болса, заңгерден кеңес алған жөн.

Жұмыс ақысын төлемеу. 

Мәселе. Бұл — фрилансер үшін ең үлкен қауіптердің бірі. Жұмыс орындалғанымен, ақысы төленбей қалуы мүмкін. Сома келісілген, төлем мерзімі белгіленген, бірақ ақша шотқа түспейді.

Шешім. Мұндай жағдайдың салдарымен күрескеннен гөрі, алдын алу әлдеқайда оңай. Ең дұрысы — тапсырыс берушімен екі тарап қол қойған орындалған жұмыстар актісін жасасу.

Егер жұмысыңыздың ақысы төленбей қалса, не істеу керек? Егер тапсырыс беруші бұрын уақытылы төлеп жүрген болса, қарапайым ескерту жеткілікті болады. Ал егер бұл жаңа контрагент болып, келіссөзге келіспей жатса, нақты шара қолдануға тура келеді. Берешекті өтеу туралы сотқа дейінгі талап-хат дайындауға болады. Егер бұл да нәтиже бермесе, істі сот тәртібімен қарауға болады.

Авторлық құқығыңызды растай алу да маңызды. Ол үшін компьютеріңізде күні көрсетілген түпнұсқа файлдың болуы жеткілікті.

Мерзімді бұзу. 

Мәселе. Сіз тапсырыс берушімен жұмысты тапсыру мерзімін алдын ала келісіп қойғансыз. Алайда ол күтпеген жерден дедлайнды өзгертіп, жобаны әлдеқайда ертерек аяқтауды сұрауы мүмкін.

Шешім. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін шартта нақты мерзімді көрсету қажет. Егер осындай жағдай туындаса, тапсырыс берушімен мәселені шешу жолдарын талқылау қажет. Мысалы, мерзімді икемді етуге немесе жобаны бірнеше кезеңге бөліп орындауға келісуге болады. Бұл жаңа дедлайнды сақтап, ыңғайлы кесте бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Егер тапсырыс беруші диалогқа келмесе, төлем жасалмау жағдайындағыдай талап-хат жіберу көмектеседі

Қазақстандағы криптовалюта: онымен не істеуге болады, не істеуге болмайды
Онлайн-бухгалтерия: сіздің бизнесіңіз үшін шексіз мүмкіндіктер
Қазақстанда контрагентті сенімділікке қалай және қайда тексеруге болады?

Дұрыс хат алмасу жолы

Өзіңізді қорғап, келісімдердің нақты дәлелі болуы үшін хат жазысқан жөн. Тәжірибелі фрилансерлер байланыс үшін мессенджерді емес, электронды поштаны пайдалануға кеңес береді, себебі мессенджерде хабарламаларды өшіру әлдеқайда оңай.

Басқа да маңызды жайттарды ескеріңіз:

  • Өзіңізді толық таныстырыңыз (аты-жөніңізді жазыңыз) және қызмет бағытыңызды көрсетіңіз. Мысалы: Ахметов Азамат, копирайтер / сайт әзірлеуші / веб-дизайнер.
  • Сұрақ қоюдан қорықпаңыз. Егер қандай да бір жайт түсініксіз болса, оны нақтылап алған жөн. Бұл болашақта жұмыстың тиімділігін арттыруға және даулы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.
  • Келісімдерді тіркеңіз. Дедлайн, жұмысқа қойылатын талаптар, төлем мөлшері мен мерзімі сияқты ынтымақтастықтың барлық маңызды тұсын жазып алу қажет.
  • Мессенджер арқылы төлем жасамаңыз. Жоғарыда айтылғандай, мессенджер — алаяқтар жиі пайдаланатын орта. Егер чаттағы сілтеме арқылы төлем жасауды сұраса, ешқандай операция жүргізбеңіз және бұл жағдайды міндетті түрде тіркеңіз (мысалы, скриншот жасаңыз).

Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз

7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету

Шарт не үшін қажет?

Шарт — ынтымақтастықты растайтын негізгі құжат. Онда мәміленің барлық маңызды тармағы көрсетіледі: тараптардың құқықтары мен міндеттері, жұмысты орындау мерзімі, жауапкершілік, төлем сомасы мен тәртібі. Егер даулы жағдай туындаса, шарт екі тараптың да мүддесін қорғаудың кепілі бола алады. Типтік үлгі негізінде стандарт шарт жасауға болады.

Тағы бір нұсқа — оферта шарты. Бұл бір тараптың екінші тарапқа келісім жасасу туралы ресми ұсынысы. Егер екінші тарап ұсынылған талаптармен келіссе, шарт жасалған деп саналады. Оферта — үлгі нысанды дайындауға уақытыңыз болмағанда және келісімді тез растау қажет болған жағдайда ең тиімді нұсқа.

Қауіпсіз сервистерді не үшін пайдалану керек?

Егер сіз клиенттерді биржалар арқылы іздесеңіз, қауіпсіз мәміле жасау мүмкіндігі бар сенімді платформаларды таңдаңыз. Мұндай мүмкіндік тапсырыс берушінің дайын жобаны, ал орындаушының өз еңбегінің ақысын алатынына кепілдік береді.

Эскроу-шот не береді?

Тапсырыс берушінің беделі сізге белгісіз болған жағдайда эскроу-шот – ең тиімді шешім. Мұндай шот тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы делдал рөлін атқаратын банкте ашылады. Тапсырыс беруші қаражатты эскроу-шотқа аударады, ал ақша келісілген талаптар толық орындалғанға дейін бұғатталады. Жұмыс аяқталғаннан кейін орындаушы бұл қаражатты ала алады. Осылайша фрилансер төлемнің түспеу қаупін азайтады, ал жұмыс беруші өз жобасының орындалатынына сенімді болады.

Алдын ала төлем қажет пе?

Тапсырыс берушімен қаржылық өзара әрекеттесудің бір тәсілі — алдын ала төлем алу. Бұл мына жағдайларда өзекті:

  • Жоба ауқымды болған кезде. Мұндай жағдайда алдын ала төлем төлемнің түспеу қаупін азайтады және егер жоба бастапқы шығынды талап етсе, сол шығынды өтеуге мүмкіндік береді.
  • Клиент жаңа болған кезде. Тапсырыс берушімен алғаш рет жұмыс істеп жатсаңыз, алдын ала төлем — оның ниетінің шынайылығына көз жеткізудің сақтық шарасы.
  • Төлем жасамау қаупі болған кезде. Бұрын осы жұмыс берушімен жұмыс істеп, жағымсыз тәжірибе алған болсаңыз немесе оның беделі күмән тудырса, алдын ала төлем қаржылық шығыннан қорғайды. Дегенмен сенімсіз контрагенттермен жұмыс істеуден бас тартқан дұрыс.
  • Жоба шығыс материалдарын қажет еткен кезде. Оларды сатып алу үшін қаражат керек. Алдын ала төлем бұл шығысты өтеуге көмектеседі.
  • Жоба ұзақмерзімді болған кезде. Егер жұмыс ұзақ уақытқа созылса, жобаны бірнеше кезеңге бөліп, әр кезеңге ақша алған дұрыс.

Егер сіз алдын ала төлем бойынша жұмыс істесеңіз, бұл талапты шартта көрсетуді ұмытпаңыз. 

 

Бастайтын уақыты: 2025 жылғы Қазақстандағы бизнес-идеялар
Жинақ ақшаны қайда сақтау тиімді: банкте ме, қолма-қол ақшамен бе, депозитте ме, әлде жастық астында ма?
ЦентрКредит Банкі қаржылық қамқорлықты күнделікті әдетке қалай айналдырды?

Бизнес жүргізудің алтын ережесін ұстаныңыз — ешқандай сенімге немесе «ауызша уәдеге» ғана сүйенбеңіз, тек құжатпен ресімделген шартқа сеніңіз. Тапсырыс берушіні жақсы білсеңіз де, шарт жасау қажет. Ал егер сіз алғаш рет жұмыс істеп жатсаңыз, бұл ережені елемеуге мүлде болмайды. Тапсырыс берушінің беделін тексеруге аздаған уақыт бөліңіз. Тапсырыс берушінің сайтындағы пікірлермен ғана шектелмей, интернеттен ақпарат іздеңіз, пікірлер жарияланатын порталдарды қарап шығыңыз, сондай-ақ жұмыс берушіден бұрын онымен жұмыс істеген фрилансерлердің байланыс деректерін сұраңыз. Мұндай мұқият дайындық сізді алаяқтықтан қорғайды.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді