Демалыстың қай түрін таңдасаңыз да (жағажайда, белсенді демалыс, экскурсия, шопинг), Қазақстан азаматтарына 2024 жылы виза қажет емес елді таңдай аласыз. Ондай елдер өте көп: қазақстандықтар визасыз 43 елге бара алады, және 47 мемлекетке виза қажет, бірақ оны әуежайда тез арада ресімдеп алуға болады.
Қазақстандықтарға виза 2024 жылы қажет емес жиі баратын елдердің тізімімен танысайық.
Желіде “саяхат – төлеген ақшаңызға сізді байытатын жалғыз нәрсе” және “саяхат тегін болса, мені бұдан былай көрмес едіңіздер” деген сияқты авторсыз дәйексөздер жетіп артады. Олардың бір ортақ “кемшілігі” бар: әлемде саяхаттау үшін ақша керек. Кейде тіпті қомақты қаражат қажет. Алайда әлемді туроператорлардың айтқан сомасынан әлдеқайда арзан бағада аралауға да болады.
Үнемді саяхаттап, ыңғайлылық пен әсерден құры қалмауға бола ма?
Саяхатқа дұрыстап дайындалу керек, мысалы, барлық құжаттың жиналғанына көз жеткізу керек. Қазақстаннан шығуға тыйым бар-жоғын тексеру де маңызды. Егер сізге шығуға тыйым салынғанын шекарада білсеңіз, демалысыңыз бұзылып, жоспарды жол-жөнекей өзгертуге тура келеді. Бұл туралы алдын ала біліп алған жөн, сонда жағдайды жол жүргенге дейін реттеп, демалыстың рақатына кенелесіз.
Жаз дегеніміз – шағын ғана өмір. Оны көңілді әрі баянды етіп өткізгіміз келеді. Мұндай мүмкіндікті қазақстандық туристік агенттіктер ұсынады: ондаған бағыттың ішінен күш жинап алуға немесе тіпті арманыңызды іске асыруға жол ашатын бағыт міндетті түрде табылады. Сонымен, шілде мен тамызда Қазақстаннан қайда демалуға баруға болады?