Демалысқа барамыз! Саяхат шығынын үнемдеу үшін бюджетті қалай жоспарлау керек?
«Оған көп ақша керек», — адамдардың саяхаттан бас тартуына ең жиі себеп болатын пікір осы. Алайда үлкен бюджет кез келген сапардың міндетті шарты емес. Егер жоспарлауға сауатты қарап, дайындықты елемесеңіз, «Демалысқа қанша ақша алу керек?» деген сұрақ сізді енді тығырыққа тіремейді.
Қазақстан бойынша саяхаттаймыз
Көпшілік шетелге қарағанда ел ішінде демалу арзанырақ деп есептейді. Алайда бұл бейқам болуға негіз емес — өз еліңізді аралаған кезде де ақшаны үнемдеуге болады.
Маусымнан тыс уақытта саяхаттаңыз
Туристік маусымда саяхаттау маусымнан тыс кезеңмен салыстырғанда орташа есеппен 30—50 %-ға қымбатқа түседі. Мысалы, Қазақстандағы жазғы демалыстың ең танымал бағыттарының бірі — Алакөл көлі. Бұл — емдік балшығы мен минералдандырылған суымен танымал емдік-балнеологиялық курорт. Мұнда жағажайда тынығып қана қоймай, емдік-сауықтыру курсынан да өтуге болады.
Алакөлдегі туристік маусымның ең қызу кезеңі — шілде айынан тамыздың басына дейін. Дегенмен мұнда шомылу маусымы маусымнан қыркүйекке дейін жалғасады. Егер шілде айында судың температурасы +28 градусқа дейін жетсе, тамыздың соңында ол +23—26 градус шамасында болады.
#TravelCard — саяхатқа арналған артықшылықтары бар карта
Әуебилет сатып алу, қонақ үйде тұру және жалға автокөлік алу үшін жеңілдіктер мен кэшбэк алыңыз
Осындай жағдай Каспий теңізіне де тән, бұл да — еліміздегі ең танымал демалыс орындарының бірі. Мұнда демалыс маусымы маусым айынан қыркүйектің соңына дейін созылады. Алайда саяхатшылар әдетте сапарын мамырдың соңына немесе қазан айына жоспарлайды. Бұл кезде су температурасы +22 градусқа дейін жетеді.
Егер курортқа маусымаралық кезеңде барсаңыз, жайлы жағдайда шомылып, күнге қыздырынып, тұратын орын үшін аз төлейсіз. Бұдан бөлек мұндай демалыстың басқа да артықшылықтары бар:
- Айналада адам аз болады, сондықтан кафелерде, мұражайларда және көрікті жерлерде ұзын-сонар кезекте тұрмайсыз.
- Қонақүйлердің жүктемесі төмен болғандықтан, қызметкерлер қонақтарға көбірек көңіл бөліп, жиі қосымша бонус ұсынады (мысалы, бөлме санатын қосымша ақысыз жоғарылатады).
- Ауа райы жайлырақ болады. Аптап ыстықты ұнатпайтындарға Алакөлдің сұлулығын шілдедегі +35 градус ыстықта емес, қыркүйекте ауа температурасы 20—25 градусқа дейін көтерілгенде немесе қазан айында 15 градусқа дейін төмендегенде тамашалау әлдеқайда қолайлы.
- Қаланың атмосферасын туристердің қалың легінсіз, оның шынайы қалпында сезінуге болады.
Егер сіздің мақсатыңыз тек жағажайда демалу емес, еліміздің көрікті жерлерімен жақынырақ танысу болса, сапарды өзіңізге қолайлы кез келген уақытқа жоспарлап, осылайша ақша үнемдей аласыз.
Жергілікті іс-шараларды ескеріңіз
Сапарды жоспарлаған кезде баратын қалаңызда өтетін жергілікті іс-шараларды да ескерген жөн. Концерттер, фестивальдер мен көрмелер кезінде тұру құны едәуір қымбаттайды. Сонымен қатар қалааралық автобус пен пойыз билеттерінің бағасы өсіп, кафе мен мейрамханалардағы бағалар да қымбаттауы мүмкін.
Жаз мезгілінде Қазақстанда бірнеше ауқымды іс-шара жоспарланған. Мысалы, шілде айында Белуха тауының етегінде «Алтай — түркі әлемінің алтын бесігі» этнофестивалі өтеді. Тамыз айының соңы бірден екі ауқымды іс-шарамен ерекшеленеді: әлемге танымал хедлайнерлер қатысатын Park Live Almaty музыкалық фестивалі және Family Rock Fest отбасылық рок-фестивалі.
Егер осы іс-шаралардың біріне арнайы баруды жоспарласаңыз, сапарға алдын ала дайындалған жөн. Ал мұндай мақсатыңыз болмаса, саяхат үшін басқа күндерді таңдаған дұрыс.
Тұратын жерді таңдауда икемді болыңыз
Ең қымбат нұсқа — қонақүй. Мұнда тамақтанудан бастап химиялық тазалауға дейінгі толық қызметтер кешені ұсынылады, бірақ ол үшін көбірек төлейсіз.
Апартаментті (пәтерді) жергілікті тұрғындар сияқты өмір сүргісі келетіндер таңдайды. Алайда бұл жағдайда азық-түлікті өзіңіз сатып алып, тамақты да өзіңіз дайындайсыз.
Егер саяхатқа топ болып шықсаңыз, қонақжайды жалға алуды қарастырыңыз. Олар пәтердегідей барлық қолайлылықты ұсынады әрі кеңірек болады. Мұндай тұрғын үй көбіне экотуризм бағытындағы аймақтарда орналасады. Достарыңызбен бірге барсаңыз, жалдау ақысын бірге төлей аласыз, бұл әдетте әлдеқайда арзанға түседі.
Ең арзан нұсқа — хостел. Аз ғана қаражатқа ортақ бөлмеден төсек орнын аласыз. Үйреншікті жайлылықтан аздап бас тартуға қарсы болмасаңыз және жаңа адамдармен танысуды ұнатсаңыз, бұл — ең оңтайлы таңдау.
Тіпті тегін тұрудың да мүмкіндігі бар — каучсерфинг. Бұл жағдайда сіз өз үйінде тегін орналастыратын белгілі бір адамның үйіне қонаққа барасыз. Каучсерфингтің мақсаты — тек ақша үнемдеу емес, сонымен қатар мәдени тәжірибе алмасу, жаңа адамдармен танысу және көкжиегіңізді кеңейту. Бұл формат әрбір саяхатшыға сәйкес келе бермейді, бірақ бюджеттік саяхатшылардың көбі осы тәсілді тұрақты түрде таңдайды.
Айтпақшы, егер баратын жеріңізде сізді үйіне немесе пәтеріне орналастыруға дайын достарыңыз болса, онда тегін тұруға болады.
Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз
7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету
Тұратын орынды алдын ала брондаңыз
Тұратын орынды алдын ала брондау орналастыру құнының 30—50 %-ына дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек оның тағы бірнеше артықшылығы бар:
- Тиімді жеңілдікті ұстап қалып, одан да көп үнемдеуге болады.
- Қонақүй немесе хостел бағасының кейін қымбаттауынан сақтанасыз.
- Таңдау мүмкіндігі әлдеқайда кең болады. Мысалы, бір қонақүйде «Стандарттан» бастап «Люксқа» дейінгі нөмірлер, сондай-ақ маусым кезінде тапшы болатын әдемі көрінісі бар бөлмелер қолжетімді болуы мүмкін.
Алдын ала брондау психологиялық тұрғыдан да жайлылық сыйлайды. Көпшілік үшін барлығын алдын ала жоспарлап, белгісіздікке тап болмау және мәселелерді соңғы сәтке қалдырмау маңызды. Тұратын орын алдын ала таңдалып, ақысы төленген болса, саяхатқа қатысты қалған шығынды жоспарлау әлдеқайда оңай болады.
Тамақты өзіңіз дайындаңыз
Саяхаттан қаражат үнемдеп оралу үшін саяхат кезінде тамаққа кететін шығынды азайтқан жөн. Ең тиімді тәсілдердің бірі — тамақты өзіңіз дайындау. Бұл жағдайда тамақтану құны кафелер мен мейрамханаларда тамақтанғанға қарағанда 3—4 есе арзанға түседі. Азық-түлік сатып алуды үйдегідей жоспарлаңыз: дүкенге алдын ала жасалған тізіммен барып, артық өнім алмаңыз.
Тағы бірнеше пайдалы кеңес:
- Егер өзіңіз тамақ дайындағыңыз келмесе, кафелер мен мейрамханалардың орнына жергілікті тұрғындар баратын супермаркеттердегі дайын тағамдарды таңдаңыз.
- Супермаркеттерге жабылар уақытта барыңыз — көптеген дүкенде дайын тағамдарға 30—50%-ға дейін жеңілдік жасалады.
Егер кафеге баруды шешсеңіз, мына лайфхактарды ескеріңіз:
- Бір үлкен порцияға тапсырыс беріп, оны екі адамға бөлісіңіз. Бұл көп тамақтануды ұнатпайтындар үшін қолайлы.
- Тамақты толық жеп бітірмесеңіз, қалғанын өзіңізбен бірге алып кетіңіз. Көптеген мекемеде мұндай мүмкіндік қарастырылған, осылайша кешкі ас туралы да алаңдамайсыз.
- Туристік орындардан алыс орналасқан кафелер мен барларды таңдаңыз. Мұндай орындардағы бағалар әдетте әлдеқайда төмен болады.
- Кешенді түскі астан бас тартпаңыз. Ол бірнеше тағамнан тұрады және белгіленген бағамен ұсынылады.
Жаяу жүріңіз
Көлік шығынын үнемдеудің ең қарапайым тәсілі — жаяу жүру. Алайда ол үшін маршрутты алдын ала мұқият жоспарлап, барғыңыз келетін жерлерге жақын орналасқан қонақүйді брондаған жөн.
Алыс қашықтыққа қатынағанда таксидің орнына автобус пен метроны таңдаңыз. Көлік картасын сатып алыңыз — олар әр сапар үшін бөлек төлегеннен арзанырақ болады.
Қалааралық сапарларда пойыз бен автобус тиімді таңдау болып саналады. Сонымен қатар еліміздегі ірі өңірлік орталықтардың көпшілігіне қатынайтын FlyArystan лоукостерінің қызметін де пайдалануға болады.
Жол жүру билеттері мен тұратын орынды алдын ала брондауды ұмытпаңыз.
bcc.kz инвестициялар
KASE / KASE Global биржасында
акциямен сауда-саттық жасаңыз
Шетелге шығамыз
Жоғарыда аталған ұсыныстар шетелде демалған кезде де қаражат үнемдеуге көмектеседі. Дегенмен тағы бірнеше пайдалы кеңесті ескерген жөн.
Икемді күндерді таңдаңыз
Егер уақытыңыз жеткілікті болып, нақты күндерге тәуелді болмасаңыз, тасымалдаушының сайтынан ең төмен баға ұсынылатын күндерді қарап шығыңыз.
Бағалар мен күндерді қолмен бақылаудың қажеті жоқ — мұндай мүмкіндік компаниялардың сайттары мен қолданбаларында қарастырылған. Баға төмендеген кезде сізге хабарлама келеді, сол кезде билетті бірден брондай аласыз.
Багажды оңтайландырыңыз
Ірі әуе компаниялары билет құнына белгіленген лимит шегіндегі қол жүгін және багажды (әдетте тиісінше 10 кг дейін және 23 кг дейін) қосады. Ал лоукостерлердің талаптары қатаңырақ: көбіне жолаушы тек қол жүгін алып өте алады, ал багаж үшін бөлек ақы төлеуге тура келеді. Сондықтан сапарға қажет заттарды мұқият іріктеген жөн.
Тек қол жүгімен саяхаттау — әлемде кең таралып келе жатқан тренд. Ауыр сөмкелер мен чемодандардың болмауы ақшаңызды ғана емес, уақытыңызды да үнемдейді (багажды күтудің қажеті болмайды), сондай-ақ күшіңізді сақтайды (шағын рюкзакпен жаңа қаланы бірден аралауға кірісе аласыз).
Бейілділік бағдарламаларына қатысыңыз
Саяхат кезінде ақша үнемдеудің тиімді құралдарының бірі — банк картасы. Карта түріне қарай онда мынадай артықшылықтар қарастырылуы мүмкін:
- Серіктестерден жеңілдіктер мен бонустар.
- Қызмет пакетіне кіретін сақтандыру. Бұл жағдайда сақтандыру полисін бөлек ресімдеудің қажеті жоқ.
- Саудадан түсетін кешбэк. Жаңа елге барған кезде міндетті түрде бір нәрсе сатып алғыңыз келеді. Сонымен қатар кешбэк билет пен тұратын орынды брондау, автокөлік жалдау сияқты шығын үшін де есептелуі мүмкін.
- Халықаралық әуежайлардың бизнес-залдарына тегін кіру. Мұнда Wi-Fi, хош иісті кофе, жеңіл тіскебасарлар мен жайлы демалыс аймағының игілігін қосымша ақысыз пайдалана аласыз.
Серіктестерден жеңілдіктер мен бонустар.
Саяхатшыларға арналған карталарды ЦентрКредит Банкі арқылы ресімдеуге болады. Картаға bcc.kz мобильді қолданбасы немесе банктің сайты арқылы үйден шықпай-ақ, бірнеше минут ішінде тапсырыс бере аласыз.
Күрделі маршруттарды таңдаңыз
Тікелей рейске билет сатып алмас бұрын, ауысып мінетін рейстерді де қарастырыңыз. Иә, мұндай сапар ұзағырақ уақыт алады, бірақ қажетті нүктеге әлдеқайда аз шығынмен жетуге мүмкіндік береді. Ауысып мінетін маршрутты бір сапар аясында қосымша қалалар мен елдерді аралау мүмкіндігі ретінде қарастырыңыз. Егер уақытыңыз жеткілікті болса, жаңа жерлерді аралап, кейін қайтадан әуежайға орала аласыз.
eSIM пайдаланыңыз
Роуминг әлемнің кез келген нүктесінде байланыста болуға мүмкіндік береді, алайда мұндай қызмет арзан тұрмайды. Бюджетке тиімді әрі ыңғайлы балама — eSIM. Бірақ бір маңызды жайтты ескеріңіз: смартфоныңыз бұл технологияны қолдауы тиіс.
eSIM — смартфонға кіріктірілген цифрлық SIM-карта. Оған кез келген ұялы байланыс операторының профилін пластик SIM-картаны пайдаланбай-ақ қашықтан жүктеуге болады. eSIM әдеттегі қызметтердің барлығын (қоңырау шалу, интернетке қосылу) қамтамасыз етеді және бірнеше минут ішінде іске қосылады.
Бұл қалай жұмыс істейді? Басқа елге барған соң халықаралық сервис (қолданба) арқылы жергілікті операторды таңдап, қолайлы тарифті анықтайсыз да, қызмет ақысын картамен төлейсіз. Кейін цифрлық SIM-картаны «Теңшеу» бөлімінде іске қосып, смартфоныңызды бұрынғыдай пайдалана бересіз.
eSIM сатып алу көбіне өз еліңіздегі оператордың роуминг қызметін пайдаланғаннан 2—5 есе арзан болады.
#IronCard – жоғары мәртебе
Жайлылық пен эксклюзивті бағалаушыларға арналған карта
Жергілікті валютамен есеп айырысыңыз
Баратын еліңіздің әуежайына немесе вокзалына келген соң ақшаны жергілікті валютаға айырбастаңыз. Сонымен қатар банкоматтан қолма-қол ақшаны да жергілікті валютамен алыңыз. Бұл ақша айырбастаған кезде артық шығынға ұшырамауға және жасырын комиссиядан сақтануға көмектеседі.
Көрікті жерлерді тегін аралаңыз
Көптеген елде басты көрікті орындарға тегін кіруге болатын күндер қарастырылған. Мысалы, Луврға айдың бірінші жұмасында (шілде мен тамыздан басқа айларда), ал Орсе мұражайына айдың бірінші жексенбісінде тегін кіруге болады. Осылайша, тиісінше 32 еуро және 16 еуро үнемдей аласыз (2026 жылғы деректер бойынша). Көптеген танымал туристік орынға тегін кіру үшін де билетті алдын ала онлайн брондау қажет болатынын ескеріңіз. Сондықтан сапарыңызды жоспарлаған кезде бұл ақпаратты алдын ала нақтылап алған жөн.
Сыйлықтар тізімін қайта қараңыз
Егер саяхаттан естелік ретінде кәдесый әкелгіңіз келсе, демалыстан алған әсеріңізді ұзақ сақтайтын заттарға басымдық беріңіз. Ұсақ-түйек кәдесыйлардың орнына гастрономиялық сыйлықтар мен жергілікті бұйымдарды (былғары сөмкелерден бастап лама жүнінен тоқылған шарфтарға дейін) таңдаған жөн. Ең бастысы — заттан гөрі эмоцияны көбірек бағалай білу.
Демалыс кезінде ақша үнемдеу әбден мүмкін. Ол үшін сапарды алдын ала мұқият жоспарлап, дайындыққа жеткілікті уақыт бөлген дұрыс. Сонда сіз жақсы демалып қана қоймай, үйге үнемделген қаражатпен ораласыз. Ал бұл өз кезегінде ертеңгі күнге деген сенімділік береді.