Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Мәзір
Войти в BCC.KZ
Войти в BCC Business
bcc journal
12 желтоқсан 2024
Жаңартылды: 22 наурыз 2025

Мүмкіндік бар: Қазақстанда кредит тарихын қалай түзетуге болады

Кредит алуға келген клиентке Банк кредит беруден бас тартуы мүмкін. Кредит неге мақұлданбайды? Негізгі себептерінің бірі – нашар кредит тарихы (КТ). Бұл термин кредит алушы бұрынғы кредиттік міндеттемелерін қалай орындағаны: қанша және қандай сомаға қарыз алғаны, ай сайынғы төлемін уақытылы төлегені, берешегінің болғаны не болмағаны туралы барлық мәліметті қамтиды. Осы ақпараттың негізінде банк клиенттің сенімділігі туралы және оған қарызға қаражат беріп, оның қайтарылуына сенімді болуы туралы шешім қабылдайды.

Әр банк мекемесінде нашар кредит тарихы туралы түсінік әртүрлі. Мысалы бір банк клиенттің қарызы көп болса (тіпті кешіктіріп төлеу жағдайлары болмаса да) КТ нашар деп санауы мүмкін. Ал басқа қаржылық мекемеде кешігіп төлеу жағдайлары белгі болуы мүмкін. Үшінші банк кредит бойынша тек бір рет кешіктіріп төлеу жағдайы болса, клиентті тіпті «кешіре» салуы мүмкін.

Қазақстанда кредит тарихын қалай жақсартуға болады? Ол қаншалықты жиі жаңартылады? Кредит тарихын қайдан білуге болады?

#IronCard – жоғары мәртебе

Жайлылық пен эксклюзивті бағалаушыларға арналған карта

Қазақстанда кредит тарихын тазалауға бола ма және бұл қалай жасалады

Елде КТ жөніндегі барлық мәселемен арнайы бюро – Мемлекеттік кредиттік бюро (МКБ) және Бірінші кредиттік бюро (БКБ) айналысады. Деректерді сақтау мерзімі 5 жыл және олар үнемі жаңартылып тұрады. Кредит тарихы қаржы мекемелері мен басқа мекемелер беретін мәліметтердің негізінде жаңартылады. Кредит тарихын жою жолы жоқ, ол жердегі ақпаратты жою немесе түзету мүмкін емес. Кредит тарихын қалпына келтірудің жалғыз ғана «іске асыруға болатын» жолы – жаңа кредиттік өнімдер бойынша барлық міндеттемені орындау.

Кредит тарихы нашар болса, кредитті қалай алуға болады

Алдымен КТ «сапасына» тек төлем мерзімін кешіктіру (әдетте 90 күннен астам) әсер етпейтінін ескеру қажет. Банкті коммуналдық қызметтер бойынша берешектің болуы, төленбеген салық пен айыппұл қызықтырады. Клиент банкрот болып, банкте бұл мәртебе туралы нақты ақпарат болмаған жағдай да алаңдатады. Дұрыс емес ақпарат беру маңызды ақпаратты жасыру әрекеті болып саналады, бұл клиенттің адал емес екенін көрсетеді.

Кешіктірілген төлем тарихыңызда міндетті түрде «дақ» болмайтынын ескеріңіз. Бюро төмендегі жағдайда клиентті «оңалтады»:

  1. Қарыз толық өтелгеніне 12 ай өтсе.
  2. Қарыз алушы қайта қаржыландыру бағдарламаларына жүгініп, қарызының жартысынан астамын өтесе. Маңызды шарт: өтеуден кейінгі жыл ішінде 30 күн немесе одан да көп мерзімге төлемді кешіктіруге болмайды.
  3. Клиент берешекті өтеді (қарыз мерзімі 90 күн және одан да көп уақытқа кешіктірілді), содан кейін ол кестеге сәйкес жүйелі түрде төлем жүргізіп отырды.

Кредит тарихының рейтингін қалай жақсартуға болады? Келесі ұсыныстарды пайдаланыңыз:

  • Барлық қарызыңызды өтеңіз. Кредит бағдарламалары бойынша ғана емес, айыппұл, коммуналдық қызметтер және салық міндеттемелері бойынша да.
  • Кредит алуды жоспарлап жүрген банкте төлем картасына тапсырыс беріңіз немесе депозит ашыңыз. Бұл сіздің төлеуге қабілетті екеніңізді көрсетеді: егер шотыңызда үнемі ақша болса және картаны үнемі пайдалансаңыз, демек сізге сенуге болады. Сонымен қатар банктер көбінесе өз клиенттеріне жеке шарттармен кредит ұсынады.
  • Мерзімінен бұрын өтелетін кредитке өтініш беріңіз. Әрине, Қазақстанда кредит тарихыңыз нашар болса, ірі қарыз (мысалы, ипотека) ала алмайсыз. Бірақ шағын сомаға қарыз алуға болады. Болашақта ірі қарыз алған кезде, мерзімінен бұрын өтеу жағдайлары сізге артықшылық болады.
  • Кредиттік карта ашыңыз. Жоғарыда айтылғандай, Қазақстанда төлем мерзімі кешіктірілсе және кредит тарихы нашар болса, кредит алу қиынға соғады. Кредиттік карта ашу әлдеқайда оңай. Тек карта бойынша тұрақты төлем жасап отыруды ұмытпаңыз. Егер кредиттік картаңыз болса, екіншісін ашпаған жөн: бұл кредит тарихыңызға қосымша «жүк түсіреді».
  • Қайта қаржыландыру мүмкіндігін пайдаланыңыз. Бірнеше кредитіңіз болса, оларды қайта қаржыландырған, яғни біріктірген жөн. Сонымен қатар кешіктіру қаупін азайтатын қолайлы жағдайларға қол жеткізе аласыз.
Мүлік кепілдігімен берілетін кредит
Банк аккредитиві: бұл не, қалай жұмыс істейді, несімен және кімге тиімді?

Нашар КТ себебі жүйенің қатесі болса, кредит рейтингін қалай көтеруге болады

Мұндай жағдайлар жиі болмағанымен кейде болып тұрады: кредит тарихы жүйе қателерінен «бұзылады». Мысалы, кредит баяғыда төленген, бірақ оның берешегі әлі тұр. Кешіктірілген төлем «ақталған», бірақ бұл КТ-де жазылмаған. Немесе қарыз алушының жеке мәліметтері мүлде дұрыс емес. Көбінесе мұндай қателердің себебі техникалық ақау немесе алаяқтық әрекет (біреу клиенттің дербес деректерін пайдаланды) болады.

Қауіп-қатерді азайту үшін кредит туралы ақпаратты қадағалау керек. Кредит тарихы туралы ақпаратты қалай алуға болады?

  1. Бірінші кредиттік бюро сайтында кез келген азамат есеп сұрата алады. Бұл опция тегін, бірақ оны жылына бір рет қолдануға болады.
  2. Қазақстандағы кредит тарихыңызды тексерудің тағы бір жолы – Egov.kz сайтында есеп алу. Бұл жағдайда сізге ЭЦҚ қажет болады. Онсыз өтінімге қол қоя алмайсыз.
  3. Өтінімді ХҚО-ға немесе «Қазпошта» бөлімшесіне беруге болады.

Құжатты мұқият оқып шығыңыз. Егер сіз қандай да бір дәлсіздік тапсаңыз, бюроға арыз беруіңіз керек. Мамандар құжатты қарап, ақпарат берушіге сұранысты қалыптастырып, тексеру жүргізеді. Бұл қызметке ақы төлеудің қажеті жоқ.

Ақпаратты берген банк мекемесі қате жіберген жағдайда, мамандар өзгеріс енгізіп, түзетілген құжатты бюроға ұсынады (бұған 10 күн беріледі). Егер дәлсіздік бюроның өз жұмысына байланысты туындаса, қызметкерлер ақпаратты түзетіп, клиентке дұрыс есепті жібереді.

Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз

7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету

Қазақстанда кредит тарихының жаңартылуы қанша уақыт алады?

Есептегі дәлсіздіктердің себебі көбіне әлдеқайда қарапайым – деректер жаңартылып үлгермеді. Сондықтан Қазақстанда кредит тарихы қашан жаңартылатынын білген жөн:

  1. Банктер мен микроқаржы ұйымдары кредит берген кезде, жаңартуды 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Қарыз алушы туралы ақпаратты өзгерту немесе нақтылау қажет болса, процесс 10 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.
  2. ЖК мен сауда орындары бойынша (мысалы, өнімді бөліп төлеу мүмкіндігімен сатып алсаңыз) жаңартуға 30 жұмыс күніне дейін кетуі мүмкін.
  3. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына, коллекторларға және коммуналдық қызметтерге де осындай уақыт керек.

Нашар КТ-мен кредит алу мүмкіндігі жоқтың қасы болғанымен Қазақстанда кредит тарихын тазарту мүмкін емес. Қарыз алушының өзін оңалтудың жалғыз жолы – жаңа кредит өнімдері бойынша өз міндеттемелерін дәл және уақытылы орындау. Бұл ірірек сомаға өтінім бергенде кредит алу мүмкіндігіңізді арттырады.

Держите руку на пульсе с bcc journal
Подпишитесь на нашу рассылку и не пропустите новые статьи и актуальные обзоры.
Сізге ұнауы мүмкін
Валюталар шолу
BCC Invest валюта бағамына арналған 2025 жылғы 30 сәуірге аналитикасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы сәуір айынд

Валюталар шолу
2025 жылғы 30 сәуірге арналған валюта бағамдары

Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 30 сәуірге арналған шетел валюталарының ресми ...

Валюталар шолу
BCC Invest валюта бағамына арналған 2025 жылғы 29 сәуірге аналитикасы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметінше, 2025 жылғы сәуір айындағы те

Поиск по сайту
Біз cookies файлдарын қолданамыз
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Артқа
Cookie файлдарын баптау
Біз сайттың функционалын және сіздің пайдаланушылық тәжірибеңізді жақсарту үшін cookies файлдарын қолданамыз
Міндетті cookies файлдары
Әрқашан белсенді
Бұл Cookies файлдары сіз туралы маркетингтік мақсатта пайдаланылуы мүмкін ақпаратты жинамайды және Интернетте қашан болғаныңызды есте сақтамайды. Браузердің параметрлерін өзгертіп, осы Cookies файлдарын ажыратуға болады, бірақ бұл біздің сайтпен әрекеттескенде, веб-сайтыңыздың жұмысына әсер етуі мүмкін.
Қосымша cookies файлдары
Cookie файлдары пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға және сізге берілген кез келген ақпараттың сіздің мүддеңіз бен қалауыңызға сәйкес келетініне кепілдік беруге көмектеседі. Cookies файлдары ақпаратты ешкім тікелей сәйкестендірілмейтіндей етіп жинайды