Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
bcc journal
14 маусым 2026
Жаңартылды: 16 маусым 2026

Шығыннан табыс табу: күнделікті сауда жасағанда кешбэк үнемдеуге қалай көмектеседі

Сіз сатып алу мен қызметтер үшін төлем жасағанда, ақша жұмсайсыз. Бірақ дұрыс таңдалған карта арқылы оны үнемдеуге әрі табыс табуға болады. Бұған кешбэк ұсынатын дебеттік немесе кредиттік карта көмектеседі.

Кешбэк дегеніміз не?

Карта бойынша кешбэк — сауда жасауға жұмсаған соманың бір бөлігінің қайтарылуы. Көбіне ол ақша түрінде қайтарылады, бірақ кейде кешбэк бонус немесе миля түрінде де беріледі.

Кешбэк пен жеңілдік бір ұғым емес. Қаражаттың бір бөлігін қайтару — бұл кейінге қалдырылған жеңілдік: клиент оны сатып алғаннан кейін, әдетте ай соңында алады. Ал жеңілдік болса, төлем жасау кезінде бірден есепке алынады.

Кредиттік #картакартамен қаржыны басқарыңыз

7 000 000 ₸ дейін лимит, ақшамен қайтарылатын кэшбэк, bcc smart арқылы бөліп төлеу, тегін шығару және қызмет көрсету

Дүкенде жасаған сауда үшін есептелетін кешбэк 

Кешбэк клиентке картаны шығарған банк тарапынан есептеледі. Бірақ кешбэк сомасы банктердің бір-біріне төлейтін комиссиялық төлемдері есебінен қалыптасады. Бұл басқа банктердің терминалдары арқылы өз картаңызбен төлем жасауға мүмкіндік береді.

Кешбэктің қалыптасу схемасы мынадай:

  1. Клиент дүкенде картамен төлем жасайды.
  2. Қолма-қол ақшасыз төлемді жүргізу үшін сатушы дүкенге эквайринг қызметін қосқан банкке комиссия төлейді.
  3. Осы комиссияның бір бөлігін эквайер-банк төлем жүргізілген картаны шығарған банкке аударады.
  4. Дәл осы ақшадан клиенттің банкі қаражатты қайтарады.

Кешбэк картаға түседі — демек, оны қайтадан жұмсауға болады.

Мәміленің әр қатысушысы үшін кешбэктің тиімділігі

Кешбэк есептеу күнделікті сауда жасағаннан және ірі саудадан үнемдейтін сатып алушыларға, сондай-ақ мәмілеге қатысушының барлығына тиімді.

Сатушы:

  • Жаңа клиенттерді тартады, соның нәтижесінде табыс артады.
  • Бизнестің бәсекеге қабілеттігін арттырады.

Банктер өз қызметтері үшін ақы алады, сондай-ақ:

  • Клиенттік базасын кеңейтеді.
  • Клиенттердің бейілдігін арттырады.
  • Клиенттерді есеп айырысу үшін қолма-қол ақшаға қарағанда, картаны пайдалануға ынталандырады.
  • Кешбэк ұсынылатын картаның басқа да мүмкіндіктеріне клиенттердің назарын аударады.
  • Нарықты талдау мүмкіндігіне ие болады, өйткені карталар бойынша ақпарат жүйеде тіркеледі.
Қолданбалар арқылы жеке қаржыны бақылаудың топ-5 тәсілі
Google Sheets-те шығын есебін жүргізу жолы: тәжірибелі қолданушылардың хикаялары
Бай болу дегеніміз не?
Қазақстанның жас қала тұрғындарының Алматы мен Астана қалаларында қаржыны басқаруы туралы

Қаражат қайтару түрлері

Кешбэктің төрт түрі бар:

1.Бекітілген

Әдетте мөлшерлеме 1–2% шамасында болады. Ол өзгермейді және карта арқылы жасалған барлық сатып алуға қолданылады. Мысалы: ЦентрКредит Банкінің #bccpay картасы бойынша барлық сатып алуға 1% кешбэк беріледі. Ал премиум санаттағы #IronCard картасы бойынша – 2%. #GoldCard картасы, егер төлемдер Apple Pay сервисі арқылы жүргізілсе, Қытайда юаньмен жасалатын сауда үшін 3% кешбэк ұсынады.

Мысал: Сіз 20 000 теңгеге азық-түлік сатып алдыңыз.

1% бекітілген мөлшерлемені ескерсек, сіз алатын кешбэк:

20 000 х 0,01 = 200 теңге.

2. Прогрессивті.

Мөлшерлеме өзгеріп отырады және жұмсалған сомаға байланысты болады. Сіз карта арқылы неғұрлым көп сауда жасасаңыз, кешбэк мөлшері де соғұрлым жоғары болады. Бұл кешбэк түрі төлем сомасына ғана емес, депозиттің болуына да байланысты. Мәселен, #IronCard картасы бойынша: салым мөлшері 1 млн теңгеден 6 млн теңгеге дейін болса, кешбэк 3% құрайды, ал салым 6 млн теңгеден асса, кешбэк 4% болады.

Мысал. Сіз 500 000 теңгеге смартфон сатып алдыңыз. Мөлшерлеме, айталық, 3%-ға дейін өсті. Кешбэк сомасы:

500 000 х 0,03 = 15 000 теңге.

3.    Санат бойынша

Бұл кешбэк түрі бойынша мөлшерлеме жоғары болады, бірақ ол тек белгілі бір санаттағы сатып алуға қолданылады. Мысалы, #TravelCard картасы бойынша Қазақстан ішінде саяхатқа (қонақүйде тұру, билеттер, гольф алаңдарын жалға алу) — 7% кешбэк. Ал шетелге саяхаттаса (туристік жолдамалар, автокөлікті жалға алу, Duty Free дүкендерінде сатып алу) 4% кешбэк беріледі. Ал #BlackEdition картасы бойынша кешбэк Қазақстанның мейрамханаларына барғанда, кітап дүкендерінен сатып алғанда, білім беру курстарын сатып алғанда 10%-ға дейін жетуі мүмкін.

Мысал. Сіз Алакөлге турды #TravelCard картасымен (7% кешбэк) сатып алдыңыз. Турдың құны — 400 000 теңге. Сізге қайтарылатын сома:

400 000 х 0,07 = 28 000 теңге.

Алайда кейде банктер айына берілетін кешбэк сомасын шектеуі мүмкін (мысалы, 20 000 теңгеден аспауы тиіс).

4.    Бонустық

Бұл жағдайда қайтару ақшамен емес, бонустармен ұсынылады. Банк серіктестерінің картамен есеп айырысқаны үшін бонустар арнайы бонустық шотқа аударылады. Оларды серіктестердің тауарлары мен қызметтеріне жұмсауға, ақшаға айырбастауға болады. Осылайша, бонустық кешбэк 20%-ға жетуі мүмкін (мысалы, #картакарта бойынша). Әдетте бонустарды айырбастау «1 бонус = 1 теңге» формуласы бойынша жүргізіледі.

Мысал. Сіз бонустық бағдарлама бойынша 50 000 теңгеге сатып алдыңыз. Мөлшерлеме — 10%. Сонда:

50 000 х 0,1 = 5 000 бонус, бұл 5 000 теңгеге тең.

Банк ұсынып отырған жазылым аясында да жоғары кешбэк алуға болатынын ескеріңіз. Мысалы, ЦентрКредит Банкінің bcc plus жазылымы 10%-ға дейін жоғары мөлшерлеменің және қаражатты қайтару үшін қосымша санаттарды таңдау мүмкіндігінің арқасында бұдан да көп пайда көздейді. Тарифке байланысты 6 қосымша санатқа (Standard, Comfort, Premium немесе Private) тоқтай аласыз.

bcc junior балалар картасы

Балаңыздың қаржылық тәуелсіздігіне апаратын жол

Кешбэкті қалай тиімді пайдалану керек

Қаражатты қайтару — күнделікті есеп айырысу кезінде үнемдеуге көмектесетін тиімді құрал. Бірақ оны бұдан да тиімді ете аласыз:

1. Сүйікті санаттар тізімін үнемі жаңартып тұрыңыз.

Банктер клиенттерге өзінің сүйікті санаттарын — жиі сауда жасайтын санаттарды өз бетінше таңдау мүмкіндігін ұсынады. Бұл азық-түлік, дәмхана және азық-түлік жеткізу, такси, спорт, сұлулық салондары және т.б. болуы мүмкін. Сүйікті санаттарды тағайындау ең жиі шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Мысалы, маусым айында балалар демалысқа шыққанда, сіз үйде көбірек тамақ пісіресіз, сондықтан супермаркетке жиі баруға тура келеді. Тізімге «Азық-түлік, супермаркеттер» санатын енгізген жөн. Шілде айында сіздер Қазақстан бойынша үлкен автосаяхатқа шығарсыздар, сондықтан «ЖҚС» және «Қонақ үйлер» санаттары қажет болады. Тамыз айында сіз автокөлікті бауырыңызға уақытша пайдалануға берсеңіз, «Такси» санатын таңдаған жөн.

Санаттарды банктің мобильді қолданбасында әдетте айына бір рет таңдауға болады.

2. Кешбэгі бар бірнеше картаны ашыңыз

Бұл ұсынылатын санаттар тізімін кеңейтуге, қажетті сатып алуды көбірек жасауға және бонустарды көбірек алуға көмектеседі.

3.    Акцияларды бақылаңыз

Банктер серіктестерімен бірге акциялар өткізіп, арнайы ұсыныстар жариялайды. Олар нақты дүкендерде жоғары сыйақымен зат сатып алуға мүмкіндік береді.

4. Кешбэк есептеу шарттарын мұқият зерттеңіз

Банктер қаражатты қайтару үшін шарттар белгілей алады, мысалы, айына карта бойынша шығыстар лимитін белгілей алады. Картаға кешбэк есептелуі үшін бұл шарттарды орындау маңызды.

5. Шығындарды талдаңыз

Қажетсіз, ойланбай сатып алатын заттардан бас тарту керек. Кейбір әдеттегі операцияларды банк серіктестерінде жасауға болады, сонда жоғары кешбэк аласыз.

6. Есептеу тәсілін қалай өзгертуге болатынын ойлаңыз.

Мысалы, сіз қолма-қол ақшамен төлеп үйренген қызметтер бар. Егер оларға картамен төлесеңіз, кешбэк ала аласыз.

Кешбэкті мақсатқа айналдырмауға тырысу маңызды. Қаражатты қайтару үшін қажетсіз зат сатып алу үнемдеуге көмектеспейді, бұл кешбэктің негізгі идеясына қайшы келеді. Қаражатты қайтару шығындарды ұлғайтуға емес, ақшаны сақтауға көмектесу үшін қажет.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді