Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
bcc journal
7 ақпан 2026
Жаңартылды: 17 ақпан 2026

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтудың ерекшеліктері, қыр-сыры және күтпеген кедергілер

Қазақстанда кәсіпкерлердің барлығы бірдей ЖК немесе ЖШС ретінде тіркеле алмайды: табыс деңгейі, қызмет түрінің ерекшелігі мен ауқымы ескерілуі тиіс. Жыл басынан бері елімізде жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізіліп, соған сәйкес ЖК-ге рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі едәуір қысқартылды. Ал ЖК немесе ЖШС талаптарына сәйкес келмейтін кәсіпкерлерге арнайы режим – өзін-өзі жұмыспен қамту қарастырылған. Енді осы режимнің ерекшеліктерін толығырақ қарастырайық.

Өзін-өзі жұмыспен қамтудың тартымдылығы неде?

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим бизнеске түсетін қаржылық және әкімшілік жүктемені едәуір азайтты. Атап айтқанда:

  • Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ЖК ретінде тіркелуі қажеті емес, бұл ақша мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
  • ЖТС мөлшерлемесі 0%, яғни өзін-өзі жұмыспен қамтығандар табыс салығын төлеуден босатылады.
  • Әлеуметтік төлемдер алынған табыстың 4%-ына тең. 2% зейнетақы жарналарына (МЗЖ және ЖМЗЖ бойынша әрқайсысы 1%), 1% әлеуметтік жарналарға және 1% медициналық сақтандыруға (МӘМС) кетеді.
  • Салық органдарына декларацияны ұдайы тапсырудың қажеті жоқ. Әлеуметтік төлемдер e‑Salyq Business мобильді қолданбасы арқылы жүргізіледі. Қолданбада қызмет ақысын төлеуге арналған чек жасалады, демек қымбат бақылау‑касса машиналарын сатып алып, қосудың қажеті жоқ. Қолданба кіріс пен шығыстың есебін автоматты түрде жүргізеді. Егер өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам телекоммуникация желісінен тыс жерде жұмыс істесе, кірісті бақылау үшін қарапайым нысанды өз бетінше әзірлей алады.
  • Егер өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам интернет-платформаларда жұмыс істесе, чек жасау және әлеуметтік төлемдерді орындау жөніндегі барлық міндеттеме осы платформалардың операторларына жүктеледі.

Өзін-өзі жұмыспен қамту – ТМД елдерінде кең таралған тәжірибе. Бұл режим Ресей және Беларусь елдерінде де қолданылады. Алайда Қазақстан азаматы осы елдерде өзін-өзі жұмыспен қамту режимін ресімдемес бұрын барлық талапты мұқият зерттеуі қажет. Мысалы, Ресейде жұмыс істеу үшін алдымен уақытша тұруға рұқсат немесе тұруға ықтиярхат алу қажет.

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде кім жұмыс істей алады?

Қазақстан Үкіметі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жүзеге асыра алатын қызмет түрлерінің тізімін жасады. Мысалы, өзін-өзі жұмыспен қамтуды ағаш ұсталары, сылақшылар, бояушылар, ағаш шеберлері, таксистер, курьерлер, мал дәрігерлері және тазалаушылар ресімдей алады – жалпы тізімге 40 санат енгізілген. Сонымен қатар басқа да талаптар бар. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам:

  • Тіркелген жеке кәсіпкерлігі жоқ.
  • Жалдамалы жұмыскерлерді тартпайды.
  • Айына 300 АЕК-ке дейін табыс табады (2026 жылы шамамен 1,3 млн теңге).

Егер кәсіпкердің қызметі аталған талаптарға сәйкес болса, ол өзін-өзі жұмыспен қамтуды ресімдей алады. Айта кетерлігі, өзін-өзі жұмыспен қамту ҚР азаматтарына да, қандастарға да рұқсат етілген.

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамту қалай ресімделеді және қанша төлеу қажет?

Өзін-өзі жұмыспен қамтуды «нөлден» ресімдеу үшін e-Salyq Business қолданбасын жүктеп алып, бірінші чекті жасау қажет. Бірінші чек жасалған күн жұмыс басталған күн ретінде есептеледі.

Егер кәсіпкер ЖК ретінде тіркелген болса, бірақ 2026 жылы жүргізіп жатқан қызметі жаңа Салық кодексінің тізіміне енбегендіктен өзін-өзі жұмыспен қамтуға өтуді қаласа, ол ЖК есебінен шығуы қажет. Бұл 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өз бетінше немесе автоматты түрде жасалуы мүмкін. Автоматты түрде шығару ешқандай әрекетті қажет етпейді: егер ЖК 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық органдарына салық режимін өзгерту туралы өтініш бермесе, 1 наурыздан бастап автоматты түрде есептен шығарылады. Одан кейінгі қадамдар бірдей – қолданбаны жүктеп алып, бірінші чекті жасау қажет.

Процедура ақысыз, бұл бизнеске түсетін қаржылық жүктемені азайтады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамға банк шоты қажет пе?

ЖК мен ЖШС сияқты, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға да екінші деңгейдегі банкте ашылған шот қажет болады. Шот ашу үшін кәсіпкер өтініш береді. Көптеген банктерде (мысалы, ЦентрКредит банкінде) бұл процедураны қолданба арқылы онлайн өтуге болады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамның бірнеше банк шоты болуы мүмкін. Мысалы, біреуі жеке операциялар үшін, екіншісі – жұмысқа қатысты транзакциялар үшін. Бұл қаржы ағындарын бөлуге, кіріс пен шығыс операцияларын бақылауды жеңілдетуге және қаражат есебін жүргізуді оңайлатуға мүмкіндік береді.

Жеке кәсіпкерлік пен өзін-өзі жұмыспен қамтуды қатар алып жүруге бола ма?

Қазақстанда екі қызмет түрін қатар жүргізуге тыйым салынады. Сондықтан өз жұмысыңызды мұқият талдап, сәйкес форматты таңдау маңызды.

Салықты қашан төлеу қажет?

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам салықты есепті айдан кейінгі айдың 25‑іне дейін төлейді. Мысалы, мамыр айына арналған төлемдерді 25 маусымға дейін орындау қажет.

Өзін-өзі жұмыспен қамту жеке кәсіпкерліктен қалай ерекшеленеді?

Жұмыс форматтарының елеулі айырмашылықтары бар:

Ауқым.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам – негізінен фрилансер, ол өзіне жұмыс істейді және қызмет көрсетуге басқа мамандарды тарта алмайды.

ЖК болса, толыққанды бизнес жүргізуге, кеңеюге және қызметкерлерді жалдауға құқылы.

Тіркеу.

Өзін-өзі жұмыспен қамтуда ресімдеу процесі барынша қарапайым – барлығы қолданба арқылы жүргізіледі. Қызметті тоқтату да оңай: егер өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам табыс таппаса, салық органы оны автоматты түрде есептен шығарады.

ЖК үшін процедура сәл күрделірек. Салық органына құжат тапсыру қажет. Алайда бүгінде барлық кезеңді онлайн өтуге болады.

Кіріс есебін жүргізу.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамға (тұрақты интернеті жоқ жерлерде жұмыс істейтіндерді қоспағанда) есепті өз бетінше жүргізудің қажеті жоқ – бұл міндетті қолданба өзі орындайды.

Жеке кәсіпкер бухгалтерия жүргізіп, тұрақты түрде декларация тапсыруы қажет. Яғни, ЖК-ге түсетін әкімшілік жүктеме анағұрлым жоғары.

Салық.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар табыс салығын төлемейді, бірақ табысының 4%-ы мөлшерінде әлеуметтік аударымдар жасайды.

ЖК-нің салық жүктемесі жоғарырақ. Базалық мөлшерлеме – 4%, бірақ мәслихаттардың шешіміне байланысты 50%-ға жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Сол себепті өңірге қарай ЖК мөлшерлемесі 2%-дан 6%-ға дейін өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер әлеуметтік төлем жасайды – 2026 жылы оның жалпы сомасы 21 675 теңге. Өзін-өзі жұмыспен қамтудан айырмашылығы – ЖК табыс болмаса да бұл төлемді төлеуі қажет.

2026 жылы Қазақстандағы борыш жүктемесінің коэффициенті дегеніміз не және ол неге әсер етеді?
Қорықпай алынған кредит: қазақстандық кәсіпкерлер қарызды қалай өсімге айналдырады?
ҚР заңнамасындағы өзгеріс: 2026 жылдағы бизнестің жұмысы туралы
Тұрғын жылжымайтын мүлікті коммерциялық жайға айналдыру жолы: талаптар, ерекшеліктер, мерзімдер

Лимиттер.

Өзін-өзі жұмыспен қамту үшін айына 300 АЕК-ке дейін табыс табу қажет. Жеке кәсіпкерлердің ай сайынғы табысына шектеу жоқ.

2026 жылғы өзін-өзі жұмыспен қамту 2024 жылға дейінгі өзін-өзі жұмыспен қамтудан қалай өзгешеленеді?

2026 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға түсетін жүктеме айтарлықтай азайды, рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі кеңейді, ал жұмыс талаптары икемдірек болды.

Атап айтқанда, 2019-2023 жылдары өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жасаған, ол 5 жылға енгізілген еді. Үкімет бұл төлемді көлеңкелі кәсіпкерлікпен күресу, сондай-ақ фрилансерлерді медициналық сақтандыру және зейнетақы қамтамасыз ету жүйелеріне тарту мақсатында әзірлеген. Бұрын мамандар тек жеке тұлғалармен жұмыс істей алса, бүгінгі таңда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар заңды тұлғаларға да қызмет көрсете алады.

Өзін-өзі жұмыспен қамту режиміне өту кімге тиімді?

Жаңа режим өзіне жұмыс істейтін және қызметкерлерді тартпайтын адамдарға тиімді. Өзін-өзі жұмыспен қамту режимі репетиторларға, жөндеу шеберлеріне, тазалаушыларға, таксистерге, сұлулық саласының мамандарына айыппұлдардан қорықпай, өз қызметін заңды түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл ретте e‑Salyq Business қолданбасы арқылы табысты ресми түрде растауға болады.

Өзін-өзі жұмыспен қамту микроқызмет үшін оңтайлы шешім болып саналады. Мысалы, қаңтар айының алғашқы 10 күнінде 60 мыңнан астам қазақстандық өзін-өзі жұмыспен қамтыған мәртебесін таңдаған.

Дегенмен бұл форматты өзгермейтін шешім деп қарастыруға болмайды: өзін-өзі жұмыспен қамтудың кемшін тұстары да бар. Мысалы, ол бизнесті кеңейтуге және табысты арттыруға белгілі бір шектеулер қояды. Егер кәсіпкер өз ісін одан әрі дамытуға ниеттенсе, салық мәртебесін өзгерту туралы ойланғаны жөн.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді