Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Режим доступности
Қаріп өлшемі:
A A A
Сайт түсі:
Ц Ц Ц
Суреттерді көрсету:
На сайте присутствует голосовой помощник
Вам необходимо выделить текст и нажать на кнопку громкости
Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
bcc journal
3 сәуір 2026
Жаңартылды: 15 сәуір 2026

Бизнесті кеңейту: қашан масштабтау қажет және ол қалай жүзеге асады?

Бизнес тұрақты жұмыс істеп, табыс әкеліп, барлық процесс реттелген кезде де кәсіп иесінде кейде тоқырау немесе бірсарынды жұмыс сезімі пайда болуы мүмкін. Бұл – өзгеріс уақыты келгенінің, яғни бизнесті кеңейту, басқаша айтқанда масштабтау қажет екенінің бір белгісі.

Масштабтау дегеніміз не?

Масштабтау – компанияны сапалық және сандық тұрғыдан қайта құрылымдау процесі. Оның негізгі мақсаты – айналымды арттырып, даму мақсаттарына жету. Сонымен қатар бизнесті кеңейту келесі мүмкіндіктерді береді:

  • Ықпал ету аясын кеңейту және жаңа нарықтарды игеру.
  • Тәуекелдерді азайту.
  • Қызметті әртараптандыру. Әртараптандыру – компанияның дағдарыс кезеңдерін сәтті еңсеруіне кепіл болатын факторлардың бірі.
  • Жаңа жұмыс орындарын құру.
  • Брендтің танымалдығын арттыру.
  • Бәсекелестерден ерекшелену.

Масштабтау – бизнестің дамуындағы табиғи кезең және табысты арттырудың тиімді тәсілі. Бизнесті кеңейту процесін сәтті аяқтаған компаниялар құжат айналымын сауатты жүргізіп, беделін нығайтуға тұрақты көңіл бөледі және қызметкерлердің біліктілігін арттыруға инвестиция салады.

Бизнеске арналған шотты онлайн ашу 

Бизнесіңізді кеңейтетін уақыт келгенін қалай түсінуге болады?

Компанияның өз шегіне жеткенін және әрі қарай даму қажет екенін көрсететін бірнеше белгі бар. Сондықтан төмендегі жағдайларда масштабтау туралы ойланған жөн:

  • Ақша ағыны тұрақты болса. Компания маусымаралық кезеңдер мен дағдарыс жағдайларын сәтті еңсере алады.
  • Бизнес-модель өзін ақтаса. Компаниядағы барлық процесс реттелген, сапаны басқару жүйесі дұрыс жұмыс істейді.
  • Мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі күрделірек міндеттерді шешуге мүмкіндік берсе. Команда өзгерістерге ашық, бизнес иесін шабыттандырып, оның амбицияларын қолдайды.
  • Компания нарықта сенімді позицияға ие болса. Ол бәсекелестерінен айқын ерекшеленеді.
  • Компанияға сырттан қызықты ұсыныстар түссе. Перспективалы жобалар мен серіктестік ұсыныстардың болуы бизнесіңіздің көзге түсіп, нарықта жоғары бағаланатынын көрсетеді.
  • Бизнес иесінде болашаққа арналған бизнес-жоспардың нобайы дайын болса және компанияның даму перспективалары туралы нақты көзқарасы қалыптасса. Бұл жағдайда жобаны пысықтау ғана қалады.

Алайда сарапшылар эмоциялық белгілердің де маңызын атап өтеді: бизнес иесі өзгерістердің қажет екенін сезінеді, оларға дайын, жайлы аймақтан шығудан қорықпайды және өзін жаңа жобаларда көреді.

Қашан асықпаған дұрыс?

Егер жоғарыда аталған белгілердің көбін байқасаңыз, онда масштабтау уақыты шынымен келген болуы мүмкін.

Алайда мына жағдайларда бұл ойды кейінге қалдырған жөн:

  • Компанияның жұмысы толықтай иесіне тәуелді болса. Команда белсенді қатыспайды, міндеттерді табыстау жолға қойылмаған.
  • Команда әлсіз болса. Бұл біліктілік пен тәжірибенің, іскерлік қасиеттердің жетіспеушілігі ғана емес, сондай-ақ ұжымдағы жағымсыз ахуал (мысалы, тұрақты қақтығыстар), кадрлардың жиі ауысуы.
  • Тұрақтылық болмаса. Өнімнің сапасы тұрақсыз, бұл клиенттердің шағымдарының көбеюіне әкеледі. Ақша ағымы ай сайын өзгеріп отырады, тіпті негізгі қажеттіліктерді жабуға ресурстар әрдайым жеткілікті бола бермейді.
  • Регламенттер мен бақылау жүйесі болмаса.Қызметкерлер бірыңғай стандартсыз, «өз бетінше» жұмыс істейді. Бұл клиенттерді жоғалтуға, табыстың төмендеуіне әкеледі.
  • «Қаржылық қауіпсіздік» жастығы болмаса. Демек жаңа нүктені (дүкенді, офисті) дамытуға ресурстар жеткіліксіз.
  • Компанияның қарыз жүктемесі тым жоғары болса.
  • Бірегей сауда ұсынысы қалыптаспаған болса.

Асығыстық мәселені тек ушықтырып, бейберекетсіздікке, табыстың төмендеуіне және беделдің әлсіреуіне әкеледі. Масштабтау – бұл қолданыстағы сәтті модельді дамыту. Оны бизнесті құтқару тәсілі ретінде қарастыруға болмайды.

Бизнес үшін жерді жалға алу: қалай істеу керек және ол әрқашан мүмкін бола ма?
Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтудың ерекшеліктері, қыр-сыры және күтпеген кедергілер
Бизнеске арналған мемлекеттік қаржы: мемлекеттен субсидияны қалай алуға болады?
Қолданбалар арқылы жеке қаржыны бақылаудың топ-5 тәсілі

Бизнесті масштабтаудың қандай стратегиялары бар?

Сарапшылар бизнесті масштабтаудың үш түрін бөліп көрсетеді:

Көлденең стратегия.

Кеңейту нүктелерді (офистерді, қоймаларды, өндірістік цехтерді, дүкендерді, филиалдарды) көбейту арқылы жүзеге асады, бұл ретте бизнес құрылымы өзгермейді. Бұл бизнес-модельге келесі белгілер тән:

  • Компания жаңа өңірлерді игереді. Мысалы, басқа қалаларда филиалдар ашады.
  • Жаңа бөлімшелер негізгі компаниямен бірдей бизнес-модель бойынша жұмыс істейді.
  • Ілгерілету үшін жаңа арналар белсенді түрде қолданылады – жарнамалық науқандар, сараптамалық блог жүргізу, әлеуметтік желілердегі аккаунттарды дамыту, акцияларды іске қосу.
  • Бизнес иесі жаңа бөлімшелердің басшыларына міндеттерді толық табыстай алады, яғни жүктеме мен жауапкершілік біркелкі бөлінеді.

Көлденең стратегияның мысалы – әртүрлі орындарда (кафе, мейрамхана, дүкен) мекемелер желісін құру, франчайзинг (танымал бренд атынан жаңа нүктелер ашу).

Тік бизнес-модель.

Бұл модель компанияның нарықтағы қатысуын кеңейтуден гөрі, оның тиімділігін арттыруға бағытталған. Стратегия бірнеше қадамды қамтиды:

  • Инновациялық технологиялар енгізіледі, бұл процестерді оңтайландыруға мүмкіндік береді. Мысалы, ERP жүйесін енгізу, ол ұйымның барлық ресурсын басқаруға арналған бірыңғай цифрлық орта қалыптастырады.
  • Пайдаланылатын қуаттың тиімділігі артады (мысалы, жаңғырту арқылы), соның нәтижесінде ресурстарды пайдалану сапасы жақсарады.
  • Өнім желісі кеңейтіледі.
  • Жаңа сату арналары іздестіріледі.
  • Өзіндік логистика жүйесі құрылады.

Тік модельді мысалдар арқылы қарастырайық. Өндіруші өз дүкендер желісін ашады, кофехана үшінші тарап қызметтерінен бас тартып, дәндерді өзі қуырып, нан-тоқаш өнімдерін өзі дайындай бастайды. Компания ферма сатып алып, өзін органикалық көкөністер мен жеміс‑жидектермен толықтай қамтамасыз етеді. Стоматология қызмет түрлерін кеңейтеді (терапиямен қатар хирургия, ортодонтия, ортопедия, рентген-диагностика).

Трансформациялық стратегия.

Бұл стратегияда бизнес өз моделінің негізгі элементтерін оңтайлы нәтижеге жету үшін өзгертеді. Оған мыналар кіреді:

  • Баға белгілеуде жаңа тәсілдерді қолдану.
  • Сайтты іске қосу.
  • Мақсатты аудиторияның жаңа сегменттерін тарту.
  • Қолданыстағы нүктелерді кеңейту.
  • Пайданы арттыру мақсатында жаңа бағыттарды ашу.
  • Ұсынылатын өнімдерді жетілдіру.

Бейілділік бағдарламасын іске қосу, жаңа сервистер қосу, тек офлайн емес, онлайн форматта да жұмыс істеу – мұның бәрі трансформациялық стратегияның мысалдары.

Қай стратегияны таңдау керек? Таңдау барысында мақсаттарға ғана емес (олар ең алдымен шынайы болуы тиіс), сонымен қатар ағымдағы жағдайға да (қолда бар ресурстар, команданың тәжірибесі, нарықтағы ахуал) назар аудару қажет.

Онлайн-бухгалтерия

Бизнесіңіздің есебін оңай жүргізіңіз!

Кеңейту қандай кезеңдерді қамтиды?

Бизнесті масштабтаудың кезеңдерін қарастырайық:

Ағымдағы жағдайды талдау.

Бизнестің ағымдағы жағдайын тиімді бағалауға, мысалы, SWOT‑талдау көмектеседі. Бұл әдіс төрт бағыт бойынша бағалауды ұсынады: Strengths (артықшылықтар), Weaknesses (кемшіліктер), Opportunities (мақсатқа жетуге көмектесетін мүмкіндіктер) және Threats (қауіп-қатерлер).

Стратегияны таңдау.

Талдау нәтижелері мен бизнес алдында тұрған өзекті мақсаттар негізінде бизнес иесі көлденең, тік немесе трансформациялық стратегияны таңдайды.

Кеңейтуге дайындық.

Келесі қадамдарды қамтиды:

  • Іс-әрекеттердің толық жоспарын құру.
  • Әр негізгі және аралық кезең үшін дедлайн белгілеу.
  • Бюджетті талдау.

Масштабтау үшін қандай ресурстар қажет екенін анықтаңыз. Жаңа қызметкерлерді жалдау, қосымша алаңдарды жалға алу немесе сатып алу, жабдық сатып алу қажет болуы мүмкін. Егер өз қаражатыңыз жеткіліксіз болса, кредит алу немесе инвестиция тарту нұсқаларын қарастыру қажет.

Жоспарды жүзеге асыру.

Әр кезең басшы тарапынан тұрақты бақылауды талап ететінін ескерген жөн.

Нәтижелерді талдау.

Нәтижелерді барлық көрсеткіш бойынша талдау қажет: өндірістік, қаржылық, маркетингтік. Оларды стратегияны әзірлеу барысында жоспарланған көрсеткіштермен салыстырыңыз. Егер кемшіліктер анықталса, ауытқулардың себептерін түсіну маңызды. Бұл болашақта қателіктерді қайталамауға көмектеседі.


Масштабтаумен байланысты қандай тәуекелдер бар?

Кез келген ірі өзгерістер сияқты, масштабтау да белгілі бір тәуекелдермен қатар жүреді:

Қаржылық тәуекелдер.

Технологиялық шешімдерді енгізу, қызметкерлерді оқыту, жабдық сатып алу айтарлықтай қаржылық салымдарды талап етеді. Сондықтан оларды масштабтауды бастамас бұрын мұқият ескеру қажет.

Ақпараттық тәуекелдер.

Инновациялық шешімдерді пайдалану үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеуді талап етеді, бұл кибершабуылдар мен ақпараттың таралып кету қаупін арттырады. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қауіп-қатерден қорғау жүйелеріне назар аударған жөн.

Адами факторға байланысты тәуекелдер.

Кейбір қызметкерлер өзгерістерді қабылдамауы немесе жұмыстың күрделене түсуіне тез бейімделе алмауы мүмкін. Бұған алдын ала дайын болған жөн.

Құқықтық тәуекелдер

Масштабтаудың әр кезеңі заңнама талаптарына сәйкес болуы тиіс. Талаптарды сақтамау қаржылық және беделдік тәуекелдерге әкелуі мүмкін.


Гайд: 2026 жылғы Қазақстандағы салық режимдері
Арман кедергілерге мойымайды: «АзияЭлитФудГрупп» ЖШС-ның негізін қалаушы Мария Липинскаяның оқиғасы
Эквайринг дегеніміз не, ол қалай жұмыс істейді және қандай артықшылықтарға ие?
Кәсіпкердің қаржы сауаты: ақшаны бақылауда ұстап, бизнестен айырылып қалмау жолдары

Нені есте сақтау маңызды?

Тәуекелдерді азайту үшін келесі ұсыныстарды ескеріңіз:

  • Кезең-кезеңімен әрекет етіңіз.Барлығын бірден емес, біртіндеп іске асырыңыз.
  • Клиенттермен және жұмыскерлермен бірлесіп әрекет етіңіз. Олардан тұрақты түрде кері байланыс жинау пайдалы. Бұл көзге бірден байқалмайтын мәселелерді анықтауға көмектеседі.
  • Икемді болыңыз. Өзгерістерден қорықпаңыз – бұл дамудың ажырамас бөлігі. Масштабтау барысында стратегияны түзетуге болады, бұл ең жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.
  • Талдау жүргізіңіз. Процестің басында және соңында ғана емес, әр кезеңде талдау жасап отыру қажет. Бұл жалпы көріністі толық түсінуге мүмкіндік береді.
  • Инвестиция жасаңыз. Ең алдымен команданы оқытуға және технологияларды енгізуге инвестиция салу маңызды.

Кеңею стандарт дамудан ауқымымен ерекшеленеді: бизнес тек бір компонентті емес, бүкіл модельді жетілдіреді. Масштабтау – күрделі процесс, бірақ оның нәтижесі айтарлықтай жоғары болуы мүмкін. Бір жобаны аяқтағаннан кейін кәсіп иесі келесі кезеңдерде қажет болатын құнды тәжірибе жинайды. Бизнес тұрақты дамып отыруы үшін кеңейту бірреттік әрекет емес, ұзақмерзімді стратегия болуы тиіс.

bcc journal арқылы жаңалықтардан хабардар болыңыз
Біздің хабар таратылымымызға жазылып, жаңа мақалалар мен өзекті ақпаратты шолуды жіберіп алмаңыз.
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді