E-mail: Pr@bcc.kz
Банк ЦентрКредит қаржы қызметін тұтынушылардың өтініштерін қарау тетіктерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құрған FinOtinish цифрлық платформасымен жұмысын бастады.
Платформаға қосылу Банктің клиентке бағдарланған сервисті дамыту және клиенттермен өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыру бағытындағы кезекті қадамы болды.
Жаңа цифрлық құрал қаржылық қызметтерді тұтынушыларға Банкке бірыңғай электронды арна арқылы өтініш жолдауға, сондай-ақ олардың қаралу барысы мен нәтижелерін онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді.
FinOtinish қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға арналған бірыңғай цифрлық арнаны ұсынады.
FinOtinish цифрлық платформасы арқылы қаржы қызметтерін тұтынушылар (жеке тұлғалар) өз құқықтарының бұзылуына, Банктің әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен келіспеуіне, сондай-ақ қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынуға байланысты шағымдары бойынша Банкке өтініш жолдай алады.
Платформа арқылы жолданған өтініштің мәртебесі мен оны қарау мерзімдерін онлайн режимінде бақылауға болады. Келіп түскен өтініш автоматты түрде Банкке жіберіледі.
Өтініштерді жолдау сілтемесі: https://finotinish.kz/.
Мәселе Банк деңгейінде реттелмеген жағдайда, платформа қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес банк омбудсманына жүгіну мүмкіндігін қарастырады. FinOtinish платформасын пайдалану тегін және оны пайдалану тұтынушының өз еркіне байланысты. Сонымен қатар, платформаға қосылу қаржы қызметтерін тұтынушылардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада көзделген өзге де тәсілдерін пайдалану құқығын шектемейді.
Өнімдер мен қызметтер бойынша кеңес алу, қызмет көрсету шарттарын білу немесе басқа да анықтамалық ақпарат алу үшін клиенттер Банктің келесі байланыс арналарына хабарласа алады:
Банктің байланыс орталығы:
Қазақстан Республикасы аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.
жеке тұлғалар үшін — 505;
Банктің мессенджерлері: WhatsApp және Telegram
(мессенджерлер арқылы қоңырау қабылданбайды)
жеке тұлғалар үшін — 8 (747) 111-15-05.
Банктің ресми сайтындағы чат.
Құрметті акционерлер!
Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы «Банк ЦентрКредит» АҚ жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеуі туралы хабарлайды. «Банк ЦентрКредит» АҚ банктік деректемелері: Банктің БСК: KCJBKZKX, ЖСК: KZ958560000004267059, БСН: 980640000093, ҚР Ұлттық банкінің Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасында корр. шот: KZ65125KZT1001300224, БСК NBRKKZKX. Дивидендтер төленетін кезең – 01.01.2024 ж. – 31.12.2024 ж. «Банк ЦентрКредит» АҚ жай акциясына айырбасталатын бір артықшылықты акцияға дивиденд мөлшері: 42,00 теңге. Дивидендтерді төлеудің басталу күні: 2025 жылғы 2 мамыр. «Банк ЦентрКредит» АҚ жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер алу құқығына ие болатын акционерлердің тізімі 2025 жылғы 1 сәуір жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ тіркеушісі берген «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімінің деректері негізінде жасалды. Бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің тізімінде банктік деректемелер болған жағдайда, «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу кезеңі: 2025 жылғы 2 мамырдан бастап 2025 жылғы 16 мамырға дейін. Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде акционердің өзекті деректемелері туралы мәлімет болмаған жағдайда қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 24-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа аударылады. Барлық мәселелер бойынша келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: (727) 2 598 598 ішкі нөмір 10433.
Құрметті акционерлер!
Акционерное Общество «Банк ЦентрКредит», находящееся по адресу Республика Казахстан, A25D5G0, г. Алматы, пр.Аль-Фараби, 38, уведомляет о выкупе простых размещенных акций по инициативе АО «Банк ЦентрКредит» на следующих условиях:
Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы келесі талаптармен «Банк ЦентрКредит» АҚ бастамасымен орналастырылған жай акцияларды сатып алу туралы хабарлайды:
- Акцияның түрі: жай акциялар (CCBN - KASE, ISIN KZ0007786572);
- Сатып алынатын акциялар саны: 15 900 000 (он бес миллион тоғыз жүз мың) дана;
- Сатып алу бағасы: бір жай акция үшін 2 200 (екі мың екі жүз) теңге;
- Сатып алу мерзімі: 2025 жылғы 15 сәуірден бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
- Сатып алу талаптары: Сатып алу «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың ішкі қағидасына сәйкес «Қазақстан қор биржасы» АҚ алаңында ұйымдастырылған нарықта қолма-қол ақшасыз тәртіппен және ақшалай нысанда жүзеге асырылады.
Құрметті клиенттер!
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 2025 жылғы 9 сәуір мен 2025 жылғы 26 мамыраралығында Атырау облысы, Атырау қаласы, Сәтбаев көшесі, 8«А» мекенжайы бойыншаорналасқан Атырау қаласындағы филиалдың№0206 бөлімшесінің кассалары жұмысістемейді.
Кассалық қызметтерден басқа, Банк қызметтері№0206 бөлімшенің сол ғимаратындағы 2қабатында көрсетілетін болады.
Клиенттерге Атырау облысы, Атырау қаласы, Мұхтар Әуезов даңғылы, 59 «А» мекенжайыбойынша орналасқан жақын маңдағы №0406 бөлімшеде кассалық қызметтер көрсетіледі.
📅 №0206 бөлімшенің жұмыс кестесібұрынғыдай:
- Дүйсенбі – Жұма
09:00 – 18:00 - Сенбі
09:00 – 16:00
2025 жылғы 7 сәуірде сағат 03:00-ден 04:55-ке дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты банкоматтармен және ақпараттық-төлем терминалдарымен жүргізілетін операциялар, POS-терминалдар арқылы және интернет арқылы төленетін төлемдер, сондай-ақ P2P-аударымдар қызметі уақытша қолжетімсіз болады.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және шот бойынша жүргізетін операцияларыңызды алдын ала жоспарлауды өтінеміз.
«Банк ЦентрКредит» АҚ 2025 жылдың 31 наурызында CCBNb28 (ISIN KZ2C00003424) облигациясы бойынша купондық сыйақы төленгені туралы хабарлайды.
Төленген купондық сыйақының жалпы сомасы 1 107 693 785 (бір миллиард жүз жеті миллион алты жүз тоқсан үш мың жеті жүз сексен бес) теңге 00 тиын.
ЦентрКредит Банкі өз клиенттеріне жаңа инвестиция құралын – шариғат заңына сәйкес келетін Қазақстандағы алғашқы Wardat al Hayat аралық инвестициялық пай қорын (ИПҚ) ұсынады.
Қор тек рұқсат етілген ислам инвестиция құралдарын (көбінесе сукук) қамтып, ашықтықты және этикалық нормаларға сәйкестікті қамтамасыз етеді.
Мақсатты кірістілігі ≈ 4%-дан басталады
Бір пай құны – 100 $
bcc.kz қолданбасы арқылы KASE биржасында инвестиция салуға болады
Ислам қағидалары бойынша инвестиция салуды бүгіннен бастаңыз!
Бұл сіздің дербес деректеріңіз бен шоттарыңызды сенімді қорғауға көмектеседі.
Алаяқтардың жиі қолданатын қашықтан басқару жүйесін автоматты түрде бұғаттау арқылы bcc.kz қолданбасының қауіпсіздігін күшейттік. Егер bcc.kz қолданбасына қашықтан қосылып, қиындыққа тап болсаңыз, экран жазбасын немесе AnyDesk, TeamViewer, HopToDesk, RuDesktop және басқа бағдарламаларды өшіруіңіз қажет.
Сіздің дербес деректеріңіз бен шоттарыңыз бұрынғыдан да жақсы қорғалады!
ҚР Ұлттық Банкінің 27.03.2018 жылғы №48 Қаулысының 160-тармағының 2-тармақшасына сәйкес
Сіздің #картакартаңыз бұрынғыдан да ерекше болуы мүмкін! Біз Қазақстан қалаларының көркем келбеті мен атмосферасынан шабыт ала отырып, цифрлық дизайн топтамасын әзірледік.
Дизайн нұсқалары тек bcc.kz қолданбасында ұсынылады. Картаңыздың сыртқы көрінісін бір-екі батырмамен оңай өзгертіп, туған қалаңызға немесе жүрегіңізге жақын жерге деген ықыласыңызды білдіре аласыз.
Картаның цифрлық дизайнын қалай өзгертуге болады?
- bcc.kz қолданбасына кіріңіз
- #картакартаны таңдаңыз
- Жоғарғы оң жақ бұрыштағы қылқалам белгішесін басыңыз
- «Картаның дизайнын өзгерту» батырмасын таңдаңыз
- Ұнаған дизайн нұсқасын таңдаңыз
Картаңызды естеліктер мен сүйікті жерлеріңіздің көрінісіне айналдырыңыз. Топтамада Қазақстанның келесі қалаларынан шабыт алған дизайн нұсқалары ұсынылған: Алматы, Астана, Шымкент, Талдықорған, Қонаев, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Петропавл, Өскемен, Орал, Семей, Қызылорда, Түркістан, Көкшетау және Жезқазған.
Құрметті клиенттер!
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 2025 жылғы 15 наурызынан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютамен жаңадан тартылған «Чемпион» және «Рақмет» депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне өзгеріс енгізілгені туралы хабарлайды.
13 наурыз сағ. 23:50-ден бастап 14 наурыз сағ. 00:30-ға дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты bcc.kz мобильді қолданбаның сервистері, банкомат пен ақпараттық-төлем терминалы бойынша операциялар уақытша қолжетімсіз болады.
Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және сізден шот бойынша операцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
27.03.2025 ж. бастап ЦентрКредит Банкінің клиенттері бизнеске арналған «Оңтайлы+», «Премиум» немесе «Ультра» қызмет пакеттерін қосқан кезде, #business картасын толығымен тегін аша алады. Басқа жағдайда карта ашу үшін алынатын комиссия – 2 000 ₸.
Клиенттеріміз жаңартылған тарифтерді әрқашан мына сілтеме бойынша қарай алады: https://www.bcc.kz/business/cards/corporate-card/
2025 жылғы 13 наурызда сағат 04:00-тен 04:30-дан дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты bcc.kz және bcc business мобильді қолданбаларының сервистері, банкомат пен ақпараттық-төлем терминалы бойынша операциялар уақытша қолжетімсіз болады.
Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және сізден шот бойынша операцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Құрметті «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың акционерлері!
A25D5G0, Алматы қаласы, Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы АҚ Директорлар кеңесінің бастамасымен (Директорлар кеңесі мәжілісінің 2025 жылғы 28 ақпандағы хаттамасы) 2025 жылғы 04 сәуірде сағат 10:00-де жеке қатысу нысанында, Zoom конференция арқылы акционерлердің жалпы жылдық жиналысының өтетіні туралы хабарлайды.
Күн тәртібі:
1. Банктің 2024 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп.
2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2024 жылға арналған шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2024 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін айқындау.
4. 2025 жылы Банктің және еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау туралы.
5. «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы.
6. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың үшінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялардың екінші шығарылымының проспектісіне (Мемлекеттік тіркеу туралы 09.10.2017 жылғы №Е99-2 куәлік) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы.
Акционерлер жалпы жылдық жиналыстың күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша материалдармен 2025 жылғы 20 наурыздан бастап Алматы қаласы, Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-та сағат 9:00-ден бастап 18:00-ге дейін таныса алады. Өзімен бірге жеке тұлғасын куәландыратын құжат болуы тиіс. Акционердің сауалы болған кезде, материалдар сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін жолданады.
Кворум болмаған жағдайда, Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы 2025 жылғы 5 сәуірде сағат 10:00-де жеке қатысу нысанында, Zoom конференция арқылы қайта өткізіледі.
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 35-37, 39-48, 50-52-баптарына, сонымен қатар «Банк ЦентрКредит» АҚ Жарғысының қолданыстағы нормаларына сәйкес өткізіледі.
Туындаған барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады:
7 (727) 259 85 18
19 ақпан сағ. 23:00-ден бастап 20 ақпан сағ. 02:00-ге дейін жүргізілетін жоспарлы техникалық жұмысқа байланысты bcc.kz және bcc business қолданбалары, сондай-ақ биометриялық сәйкестендіру процестері уақытша (10 минутқа дейін) жұмыс істемеуі мүмкін.
Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі» РММ 2025 жылдың 14 ақпанында номиналды көлемі 50 000 000 (елу миллион) АҚШ доллар құрайтың айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялардың шығарылы мемлекеттік тіркегенің туралы хабарлайды.
17 ақпанда сағат 03:00-ден 03:40-қа дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі, осыған байланысты bcc.kz және bcc business мобильді қосымшалар пайдалану, сондай-ақ біздің банктің төлем карталары бойынша операция жүргізу уақытша мүмкін болмайды.
Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде» CCBNb36 (ISIN KZ2C00011732) қамсыздандырусыз дисконттық облигацияларды өтеуі туралы "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-тың хабарламасын (12.02.2025 жылғы № 15-08/1510) мәлімет ретінде қабылдағаны жөнінде хабарлайды.
12.02.2025ж. бастап #картакартаны толықтыратын және кредитті өтейтін кезде, "Касса 24 (Astana Plat)"комиссиясы толықтыру сомасының 0,5%-ын құрайды.
Кредит бойынша төлем жасау және картаны толықтыру операциялары bcc.kz қолданбасында және ЦентрКредит Банкінің бөлімшелерінде тегін жүргізіледі.
«Банк ЦентрКредит» АҚ облигациялар шығару шарттарына сәйкес 2025 жылдың 11 ақпаннында CCBNb36 (ISIN KZ2C00011732, «Негізгі» сауда-саттық алаңының «Коммерциялық облигациялар» санаты) облигациясы бойынша номиналдық құнымен толық төлем өтелгені туралы хабарлайды.
Төленген жалпы сомасы 31 890 000,00 (Отыз бір миллион сегіз жүз тоқсан мың) АҚШ доллары 00 центов.
10 ақпанда сағат 03:00-ден 03:40-қа дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі, осыған байланысты bcc.kz мобильді қолданбасын пайдалану, сондай-ақ біздің банктің төлем карталары бойынша операция жүргізу уақытша мүмкін болмайды.
Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.
5 ақпан сағат 23:00-ден 6 ақпан сағат 05:00-ге дейін жүргізілетін жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты bcc.kz, bcc business және JuniorBank қолданбаларын пайдалану уақытша мүмкін болмайды (10 минутқа дейін).
Сондай-ақ 6 ақпан сағат 04:55-тен 06:10-ға дейін биометриялық сәйкестендіру процестері қолжетімді болмайды.
Көрсетілген кезеңде банк сервистері дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.