Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Баспасөз қызметі
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
Жаңалықтар
2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап жеке тұлғаларға арналған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері өзгереді

Құрметті клиенттер!

Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютамен жаңадан тартылған «Чемпион», «Рақмет» және  «Менің мақсатым» депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне өзгеріс енгізілгені туралы хабарлайды.

Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізу

2024 жылғы 4 желтоқсан күні сағат 02:00-ден 06:30-ға дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі, осыған байланысты bcc business және bcc.kz интернет-банкинг сервистері уақытша қолжетімсіз болады.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жаңалықтар
Premium қызметтер пакетінің тарифтерін өзгерту және толықтыру

Құрметті клиенттер,

17 желтоқсаннан 2024 ж. бастап жеке тұлғаларға арналған Premium қызметтер пакеті бойынша тарифтердің өзгеруі күшіне енеді. Жаңа тарифтер туралы толық ақпаратты біздің сайттан сілтеме арқылы алуға болады.

Жаңалықтар
ҚазҰПУ-да ЦКБ қолдауымен Нобель сыйлығының лауреаттарының еңбектері жиналған алғашқы кітапхана ашылды

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Орталық Азиядағы Нобель сыйлығының лауреаттарының еңбектері жинақталған алғашқы кітапхананың ашылу рәсімі өтті. Бұл ерекше жоба ЦентрКредит Банкінің, сондай-ақ Reinventing Bretton Woods Foundation және Корпоративтік Нобель фестивалінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Кітапхананың қорында әлемнің жетекші ғалымдары ұсынған 2500 кітап, қолжазба және мұрағаттық материал бар. Жоба ғылым мен білімді дамытуға және білім мен идеяларды еркін алмасуға арналған кеңістік құруға бағытталған.

«Біздің кітапхана - қоғамның дамуына, оның мәдениетіне үлес қосатын Гарвард, Стэнфорд, Кембридж кітапханаларының үлгісі бойынша бүкіл Орталық Азияның ғалымдары, докторанттары үшін ұжымдық пайдаланудың зияткерлік, білім беру және зерттеу орталығына айналады.Мұнда біздің ғалымдар мен студенттер зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін кең ғылыми қорды пайдалана алады" - деді Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілеп.

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Бреттон-Вуд қоры кітапханасының ашылуы – Қазақстан мен Орталық Азияда ғылым мен білімді дамыту жолындағы маңызды қадам. ЦентрКредит Банкі үшін мұндай маңызды жобаның бір бөлігі болу үлкен мәртебе. Біз кітапхана студенттер, оқытушылар және жас ғалымдар үшін шабыт көзі болып, әлемдік деңгейдегі еңбектерге жол ашып, білім мен идеялар алмасуға арналған кеңістік жасайтынына сенімдіміз», – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің Алматы қалалық филиалының директоры Нұрқанат Оңғаров.

Кітапхана Орталық Азиядағы Нобель сыйлығының лауреаттары, әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері ұсынылған алғашқы ағылшын-француз платформасына айналады.

Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиент!


2024 жылғы 2 желтоқсанда сағат 04:00-тен 04:40-қа дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.

Осыған байланысты bcc.kz және bccbusiness мобильді қолданбаларының сервистері, карта, банкомат пен ақпараттық-төлем терминалы бойынша операциялар уақытша қолжетімсіз болады.

Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және сізден шот бойынша операцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Жаңалықтар
Баға қойғаныңыз үшін сыйлық береміз💚

Бөлімшеге келіп, банк қызметін пайдаланғаннан кейін оған баға қойыңыз да, банктен мерч: поло жейделерін, жамылғыларды және ауа ылғалдандырғыштарын ұтып алыңыз.


📌Ұтыс ойынына қалай қатысуға болады?

2024 жылғы 1-31 желтоқсан аралығында бөлімшеге келіп, банк қызметін пайдаланғаннан кейін 30 минут ішінде SMS немесе push-хабарлама сілтемесі бойынша сауалнамадан өтіп, автоматты түрде ұтыс ойынына қатысыңыз.


10 қаңтар күні парақшамыздың сторисінде 80 жеңімпаз анықталады:

  • жеке тұлғалар арасында 50
  • бизнес-клиенттер арасында 30.

 

Егер жеңімпаз ұйымдастырушы бірінші қоңырау шалған сәттен бастап 48 сағат ішінде ұйымдастырушының қоңырауларына жауап бермесе немесе жүлдеден бас тартса, ұйымдастырушы резервтік жеңімпазбен байланысады.



Толығырақ

Жаңалықтар
New! «Рақмет» салымын АҚШ долларымен

29.11.2024 ж. бастап біздің клиенттеріміз «Рақмет» салымын 12 айға АҚШ долларымен де аша алады.

Салымды bcc.kz мобильді қолданбасында немесе банк бөлімшесінде ашуға болады. Шарттары мен мөлшерлемелері – сілтеме бойынша.

Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиент!

2024 жылғы 26 қарашада сағат 03:00-тен 03:40-қа дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты bcc.kz және bccbusiness мобильді қолданбаларының сервистері, банкомат бойынша операциялар уақытша қолжетімсіз болады.

Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және сізден шот бойынша операцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Жаңалықтар
ЦКБ басшысы Қазақстан қаржыгерлерінің XII конгресінде ESG бойынша панельдік сессияға қатысты

2024 жылғы 15 қарашада Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XII конгресі өтті. Іс-шараны Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) қолдауымен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы ұйымдастырды. Конгреске жетекші қаржы институттарының өкілдері қатысып, орнықты даму мен ESG-қағидаттарын енгізудің негізгі мәселелерін талқылады.

ЦентрКредит Банкінің Басқарма төрағасы Руслан Владимиров Конгрестің іскерлік бағдарламасы аясында «Қаржы секторындағы ESG күн тәртібі: үміт, нәтиже, болжам» панельдік сессиясында сөз сөйледі. Сессияда ҚНРДА төрағасы Мәдина Әбілқасымова модератор болды. Ол климаттың өзгеруін, орнықты жобаларға жасалатын инвестицияның өсуін және жасыл қаржыландырудың халықаралық стандарттарын дамытуды қоса алғанда, жаһандық сын-қатер жағдайында ESG өзектілігіне ерекше көңіл аударды.

Өз баяндамасында Руслан Владимиров заңнамалық бастамалардың және реттеуші тарапынан ESG-стандарттарын енгізудің маңыздылығын атап өтті. Ол ЦентрКредит Банкінің ESG-трансформациясы жобасының нәтижелерімен бөлісіп, банктің осы саладағы ортамерзімді перспективадағы басымдықтарын белгіледі. ЦКБ президенті орнықты жобаларды іске асыруға ықпал ететін мотивациялық тетік құру үшін мемлекеттік органдар, қаржы институттары мен бизнес арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына басты назар аударды.

Сессияға Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC), Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ), Қазақстан даму банкінің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары қатысты. Талқылау барысында олар инвестиция тарту үшін ESG-қағидаттарының маңыздылығын, сондай-ақ орнықты даму бойынша бизнестің хабардарлығы мен мүдделілігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Қазақстан қаржыгерлерінің XII конгресі ESG және жасыл қаржыландыру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және тиімді шешімді іздестіру алаңына айналды. ЦентрКредит Банкі елдің экологиялық және әлеуметтік тұрғыдан жауапты болашағын құруға үлес қоса отырып, орнықты даму стратегиясын ұстануды жалғастырады.

Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиент!

2024 жылғы 21 қарашада сағат 02:00-тен 05:00-ке дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты bcc.kz және bcc business мобильді қолданбаларының сервистері уақытша қолжетімсіз болады.

Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және сізден шот бойынша операцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиент!


2024 жылғы 16 қарашада сағат 03:00-тен 04:00-ке дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.

Осыған байланысты bcc.kz және bccbusiness мобильді қолданбаларының сервистері, карта, банкомат пен ақпараттық-төлем терминалы бойынша операциялар уақытша қолжетімсіз болады.

Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және сізден шот бойынша операцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Инвесторларға
Купондық сыйақы төленгені

«Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылдың 13 қарашасында CCBNb33 (ISIN KZ2C00007714) облигациясы бойынша купондық сыйақы төленгені туралы  хабарлайды. 

Төленген купондық сыйақының жалпы сомасы 304 750 000,00 (үш жүз төрт миллион жеті жүз елу мың) теңге 00 тиын.

 

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі мен BI Group компаниясы ұсынатын «Супер ипотека»

BI Group біздің банкпен бірлесе отырып, «Супер ипотека» бағдарламасы бойынша жеңілдікті талаптармен жылжымайтын мүлік сатып алу үшін бірегей мүмкіндік ұсынады.

Алматы, Астана, Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларындағы 55-тен астам тұрғын үй кешенінен объект таңдаңыз. Бағдарламаға тұрғылықты жеріне қарамастан, Қазақстанның кез келген азаматы қатыса алады.

Бағдарлама талаптары:

Мөлшерлеме: жылдық мөлшерлеме 5%-дан басталады
ЖТСМ5,1%-дан басталады
Мерзімі: 15 жылға дейін

Бастапқы жарна:

- табысты растағанда, 20%
- табысты жанама түрде растағанда, 30%

Бұл – тиімді талаптармен пәтер алғысы келетін барлық жан үшін керемет мүмкіндік.

Бағдарламаға қатысу туралы өтінімді bi.group сайтында бере аласыз.

Жаңалықтар
Haval, Tank және Chery автокөліктерін 5,11%-дан бастап кредитке алыңыз

Haval, Tank және Chery автокөліктерін төмендетілген мөлшерлеме бойынша кредитке алыңыз

Біздің банк пен Astana Motors-тың төмендетілген мөлшерлеме бойынша жаңа автокредит беру бағдарламасын ұсынамыз!

Haval, Tank және Chery маркалы автокөліктерді 10%-дан басталатын бастапқы жарнамен төмендетілген мөлшерлеме бойынша сатып алыңыз.

•  Мөлшерлеме: 5%-дан 20,40%-ға дейін
•  ЖТСМ: 5,11%-дан 22,16%-ға дейін

Өз қалаңыздағы дилерлік орталықта толық ақпарат алып, өтінім бере аласыз.

Инвесторларға
Купондық сыйақы төленген

«Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылдың 06 қарашасында CCBNb29 (ISIN KZ2C00004083)облигациялары бойынша купондық сыйақы төленгені туралы хабарлайды.

Төленген купондық сыйақының жалпы сомасы 2 400 000 000,00 (екі миллиард төрт жүз миллион) теңге 00 тиын.

Жаңалықтар
Премиум карталардың тарифтері жаңартылуы

ЦентрКредит Банкінің бейрезиденттерге премиум картаны шығару тарифтерін қайта қарадық.


Енді барлығы үшін стандарт комиссия болады:


#IronCard – 30 000 теңге

#TravelCard – 10 000 теңге

#BlackEdition – 10 000 теңге


Өзгеріс 2024 жылғы 07 қарашада күшіне енеді.

Инвесторларға
РММ-ні мемлекеттік тіркеу

Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ  Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі РММ 2024 жылдың 28 қазанында көлемі 100 000 000 000 (Жүз миллиар) енге құрайтың жеке көлемі  орналастыруға тиіс облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүргізді.

Инвесторларға
Купондық сыйақы төленген

«Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылдың 29 қазанында ALBNb5 (ISIN KZ2C00006062) облигациясы бойынша купондық сыйақы төленгені туралы  хабарлайды.

Төленген купондық сыйақының жалпы сомасы 242 071 510,00 (екі жүз қырық екі миллион жетпіс бір мың без жүз он) теңге 00 тиын.

Жаңалықтар
Жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша рубльмен жүргізілетін кассалық операцияларға белгіленген тарифтердегі өзгерістер

11.11.2024ж.  жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша рубльмен жүргізілетін кассалық операциялар үшін жаңа тарифтер қолданысқа енді.

Тарифтер туралы толық ақпаратты 505 нөмірі бойынша немесе сайтымыздан ала аласыз: https://www.bcc.kz/fizical/tarify/

Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиент!


2024 жылғы 25 қазанда сағат 02:30-дан 07:20-ға дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.

Осыған байланысты bcc.kz және bccbusiness мобильді қолданбаларының сервистері, карта, банкомат пен ақпараттық-төлем терминалы бойынша операциялар уақытша қолжетімсіз болады.

Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және сізден шот бойынша операцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Жаңалықтар
БДШ (ҚТЖ) бойынша төлем – енді bcc business интернет-банкингінде

Егер сіздің кәсіпорныңыз Қазақстан бойынша теміржол көлігімен жүк тасымалдау қызметін пайдаланатын болса, онда сіз «ҚТЖ-жүк тасымалы» ЖШС-мен жұмыс жүргізу үшін қажетті бірыңғай дербес шотты (БДШ) білесіз.

ЦентрКредит Банкі мен ұлттық тасымалдаушы ҚТЖ заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласында стратегиялық серіктестік орнатты, енді БДШ-ны bcc business интернет-банкингінде төлеуге болады. Төлем туралы ақпарат 1 минутта БДШ жеке кабинетіңізге түседі.

Жаңалықтар
Валюталық операцияларды бақылау ережелеріне өзгерістер

Құрметті клиенттер!

Сіздерге 10.04.2019 ж. №64 Валюталық операцияларға мониторинг жүргізу ережелеріне енгізілген өзгерістер 2024 жылғы 16 қыркүйекте күшіне енгенін хабарлаймыз. Бұл өзгерістерге сәйкес резидент жеке тұлғалардың:

  • бейрезидент брокермен жасалған брокерлік қызмет көрсету шартының;
  • басқарушы инвестициялық бейрезидент портфельмен жасалған инвестициялық портфельді басқару шартының негізінде жасалған есептік тіркеуі жойылған.

Есептік нөмірлері 2024 жылғы 16 қыркүйекке дейін тағайындалған резидент жеке тұлғалардың валюталық шарттары Ұлттық Банктің аумақтық филиалында есептік тіркеуден шығарылған және есептік нөмір реестрінен жойылған болып саналады.

Инвесторларға
«Банк ЦентрКредит» АҚ 22.10.2024 жылы Банктің Директорлар кеңесінің келесі шешімді қабылдағаны туралы

Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 22.10.2024 жылы Банктің Директорлар кеңесінің келесі шешімді қабылдағаны туралы хабарлайды:

  1. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды шығару арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың міндеттемелерін 100 000 000 000 (Бір жүз миллиард) теңге сомасына ұлғайту бекітілсін.
  2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды шығару талаптары бекітілсін.
  3. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды инвесторлардың шектеулі саны арасында орналастыру бекітілсін.
  4. Басқармаға мемлекеттік емес облигацияларды орналастырған кезде бастапқы сауда-саттықта кірістілікті айқындауға рұқсат берілсін.



Жаңалықтар
Жаңартылған bcc.kz қолданбасында кэшбек туралы барлық мәлімет

bcc.kz қолданбасының жаңа нұсқасында пайдаланушылар барлық карта бойынша кэшбекті басқара алады. 

Кэшбектің есептелуін бақылап, жинақталған қаражатты басқару енді әлдеқайда ыңғайлы. Ал кэшбек бағдарламасына қатысатын бес картаның кез келгеніне кэшбек аударуға болады: 

  • #картакарта 
  • жаңа #bccpay 
  • #IronCard 
  • #BlackEdition 
  • #TravelCard 

  

App Store немесе Google Play жүйесінде қолданбаны жаңартып, функционалды пайдаланыңыз. Егер мұндай мүмкіндік қарастырылмаса, кейінірек қайталап көріңіз: жаңарту кезең-кезеңмен жүргізіледі. 

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді