Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Баспасөз қызметі
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
FinOtinish цифрлық платформасы арқылы пилоттық жобаға қосылу

Банк ЦентрКредит қаржы қызметін тұтынушылардың өтініштерін қарау тетіктерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құрған FinOtinish цифрлық платформасымен жұмысын бастады.

Платформаға қосылу Банктің клиентке бағдарланған сервисті дамыту және клиенттермен өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыру бағытындағы кезекті қадамы болды.

Жаңа цифрлық құрал қаржылық қызметтерді тұтынушыларға Банкке бірыңғай электронды арна арқылы өтініш жолдауға, сондай-ақ олардың қаралу барысы мен нәтижелерін онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді.


FinOtinish қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға арналған бірыңғай цифрлық арнаны ұсынады.

FinOtinish цифрлық платформасы арқылы қаржы қызметтерін тұтынушылар (жеке тұлғалар) өз құқықтарының бұзылуына, Банктің әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен келіспеуіне, сондай-ақ қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынуға байланысты шағымдары бойынша Банкке өтініш жолдай алады.

Платформа арқылы жолданған өтініштің мәртебесі мен оны қарау мерзімдерін онлайн режимінде бақылауға болады. Келіп түскен өтініш автоматты түрде Банкке жіберіледі.

Өтініштерді жолдау сілтемесі: https://finotinish.kz/.

Мәселе Банк деңгейінде реттелмеген жағдайда, платформа қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес банк омбудсманына жүгіну мүмкіндігін қарастырады. FinOtinish платформасын пайдалану тегін және оны пайдалану тұтынушының өз еркіне байланысты. Сонымен қатар, платформаға қосылу қаржы қызметтерін тұтынушылардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада көзделген өзге де тәсілдерін пайдалану құқығын шектемейді.



Өнімдер мен қызметтер бойынша кеңес алу, қызмет көрсету шарттарын білу немесе басқа да анықтамалық ақпарат алу үшін клиенттер Банктің келесі байланыс арналарына хабарласа алады:


Банктің байланыс орталығы:

Қазақстан Республикасы аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

жеке тұлғалар үшін — 505;


Банктің мессенджерлері: WhatsApp және Telegram

(мессенджерлер арқылы қоңырау қабылданбайды)

жеке тұлғалар үшін — 8 (747) 111-15-05.

Банктің ресми сайтындағы чат.

Жаңалықтар
«Банк ЦентрКредит» АҚ-та бизнес-клиенттердің ағымдағы шот шарты

Құрметті клиенттер!

06.06.2022 ж. бастап «Банк ЦентрКредит» АҚ-та бизнес-клиенттердің ағымдағы шот шартының жаңартылған үлгі нысаны күшіне енгені жөнінде хабарлаймыз.

Шарттың нысаны www.bcc.kz сайтында орналастырылған.

Жаңалықтар
Бизнес клиенттерге арналған тарифтердің өзгеруі

Құрметті клиенттер! «Банк ЦентрКредит» АҚ «Қолма-қол шетел валютасымен жасалатын операциялар» бөліміне өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды. Ресей рублімен толықтыру үшін алынатын тариф толықтырылған соманың 20% құрайды. Өзгерістер 03.06.2022ж. бастап күшіне енеді. Толығырақ танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіздер.

Жаңалықтар
Бизнес клиенттерге арналған тарифтердің өзгеруі

Құрметті Клиенттер! «Банк ЦентрКредит» АҚ:

- Шот бойынша #business картасы және шот бойынша #business virtual картасы бойынша тарифтеріндегі «Қолма-қол ақша алу» тарауына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.

- Бизнес клиенттерге арналған тарифтердегі: «Қолма-қол KZT-мен жасалатын операциялар» және «Қолма-қол шетел валютасымен жасалатын операциялар» тарауларына.

Өзгерістер 15.06.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі. Толық ақпаратпен сілтемесі арқылы танысуға болады.

Жаңалықтар
2022 жылғы 5 маусымда Республикалық референдум

2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтеді.


«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеріс-тер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Респуб¬ли¬касының Конституциясына өзгерістер мен толықты¬руларды қабылдайсыз ба?» деген тұжырымдағы сауал қойылып, плебисцитке шығарылады.


Сайлау учаскеңізді https://referendum.gov.kz/ сілтемесі арқылы біліңіз.

Ақционерлерге
2022 жылғы 20 мамырда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындысы туралы хабарлаймыз. Қоғамның дауыс беруші акцияларының жалпы санының 85,73% құрайтын, 155 783 586 дауыс беруші акцияны иеленетін акционерлер мен олардың өкілдері қатысты.
HTML:

Сонымен қатар 212 330 артықшылықты акцияны иелентін, артықшылық акцияларды ұстаушылар да жиналыстың күн тәртібіндегі 5-ші және 6-мәселелер бойынша дауыс беруге қатысты. 5-ші және 6-мәселелер бойынша дауыс беруге қатысқан қарапайым дауыс беруші және артықшылықты акциялардың жалпы саны – 155 995 916 дана, олардың үлесі жалпы санның 85,71% құрайды.

ДАУЫС БЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Күн тәртібіндегі мәселелер

        Қолдап

Қарсы болғандар

Қалыс қалғандар

1.    «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқармасының 2021 жылғы қызметінің қорытындысы туралы есеп

155 783 586

жоқ

жоқ

2.         «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2021 жыл бойынша шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту

155 783 586

жоқ

жоқ

3.    «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2021 жылғы таза кірісті бөлу тәртібін бекіту.

150 693 397

5 090 189

жоқ

4.    Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы

155 783 586

жоқ

жоқ

5. «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ты (БСН 941240000341) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосу арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-ты ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы

155 995 916

жоқ

жоқ

6. «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ты (БСН 941240000341) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосу туралы шарттың жобасын мақұлдау туралы

155 995 916

жоқ

жоқ

Акционерлер «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2021 жылғы таза кірісін бөлудің келесі тәртібін бекіту туралы шешім қабылдады:

·         2021 қаржы жылы бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акциялары бойынша дивиденд төленбесін;

·         20 645 млн (жиырма миллиард алты жүз қырық бес миллион) теңге сомасындағы 2021 жылғы таза кіріс «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың резервтік капиталын құруға жұмсалсын.

Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті Mastercard ұстаушылары!

Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 25 мамыр күні Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 4:30-ден бастап 5:30-ге дейін «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның келесі сервистері қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз: АТМ, POS-терминалдар, сондай-ақ ЦентрКредит Банкінің Mastercard карталары бойынша операциялар.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.

Жеке тұлғалар үшін:
505 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-505
Заңды тұлғалар үшін:
605 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-605

Жаңалықтар
Первый автомобиль по программе льготного кредитования выдан через Банк ЦентрКредит
Жаңалықтар
«Eco Center Bank» АҚ-тан (ALFAKZKA) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа төлем/аударым жасау

19.05.2022ж. бастап «Банк ЦентрКредит» АҚ-тан «Eco Center Bank» АҚ-қа (ALFAKZKA) ҚР ұлттық валютасымен төлем/аударым жасауға болатынын және оған лимит белгіленбегенін хабарлаймыз.

«Eco Center Bank» АҚ-тан (ALFAKZKA) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа төлем/аударым жасау «Eco Center Bank» АҚ-та дербес өтінімдерді келісімге алғаннан кейін жүзеге асырылады.

Жаңалықтар
#IronCard және #TravelCard премиум карталары бойынша тарифтерге өзгерістер енгізілді

Құрметті клиенттер!

«Банк ЦентрКредит» АҚ #IronCard және #TravelCard премиум карталары бойынша тарифтерге өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды (29.04.2022 ж. №781 АЖЖ,өзгерістер 05.06.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі)


Негізгі өзгерістер:


1. Енді карталардың тегін болуы бұрынғыдан да оңай, себебі біз картаға қызмет көрсету үшін комиссия есептеу қисынын өзгерттік.


Сізге ыңғайлы болуы үшін 2022 жылғы 05 маусымнан бастап есепті кезең ретінде күнтізбелік ай (айдың 1-ші күнінен бастап соңғы күніне дейінгі мерзім) белгіленеді, картаға қызмет көрсету мүлдем тегін болуы үшін осы кезең ішінде талаптардың кем дегенде біреуін орындау қажет.


Енді алдыңғы айдың талаптары сақталмаған жағдайда, комиссия әрбір айдың 5-ші күні алынады – сатып алу, картадағы қалдықтар, салымдар, ИПҚ. Талаптар өзгеріссіз, Тарифтерде көрсетілген.


Өзгерістер 05.06.2022 ж. бастап күшіне енеді (5 маусымнан 30 маусымға дейінгі кезеңде карталарға қызмет көрсету үшін комиссия алынбайды). Комиссияны жақын арада есептеу/есептен шығару 05.07.2022 ж. жүргізіледі.


2. Кэшбэк туралы ақпарат Тарифтерден жеке Кэшбэк бағдарламасына көшірілді. Кэшбэк бағдарламасы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың сыртқы сайттарында орналасқан:

- www.bcc.kz/cards/ – «Білген абзал» бөлімінде – Кэшбэк бойынша талаптар

- www.bcc.kz/ironcard/ және www.bcc.kz/travelcard/ – «Құжаттар» бөлімінде


Тарифтермен сілтеме арқылы таныса аласыз.


Премиум картаңызды рақаттанып пайдаланыңыз!

Жаңалықтар
1 + 1: ЦентрКредит Банкі Қазақстандағы Альфа-Банкті сатып алу бойынша мәмілені жапты

«Банк ЦентрКредит» АҚ Қазақстандағы «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-тың жай акцияларының 100%-н сатып алу бойынша мәмілені аяқтағанын хабарлайды. Қайта тіркегеннен кейін Банк жаңа Eco Center Bank брендімен жұмыс жасайтын болады.


Қазіргі клиенттер үшін банк өнімдері бойынша барлық талаптар өзгеріссіз қалады және SDN тізімінен шығару рәсімі аяқталғаннан кейін клиенттер Банк өнімдерінің барлық түрін қолдана алатын болады.


Біздің қызмет көрсетуімізге көшкен барлық клиенттерге ыңғайлы болуы үшін BCC.KZ веб-сайтында сұрақ-жауап нысанында ақпараттық жадынама жарияланған. Қосымша сұрақтар болған жағдайда, жеке тұлғалар 505 нөміріне, заңды тұлғалар 605 нөміріне хабарласа алады.


Қазақстандағы Альфа-Банкті сатып алу мәмілесі ЦентрКредит Банкінің меншікті қаражаты есебінен қаржыландырылған. Қазіргі уақытта Банктің ребрендингі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, нарықта 33 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан ЦентрКредит Банкі қалай толық қазақстандық банк болса, бұл банк те толық қазақстандық банк болады.


«Санкция тізіміне енген банкті сатып алу Қазақстанда тұңғыш рет әрі барынша қысқа мерзімде жүргізіліп жатыр. Сәтті нәтиже үшін осы мәміленің барлық қатысушыларына алғысымды білдіремін. Біз үшін басты міндет қазіргі клиенттерден түсіп жатқан сауалдарды шешу болып табылады. Сондай-ақ біз командаға басты назар аударып, қызметкерлеріміздің жаңа банктің бизнес-процестеріне жұмылдырылуын арттыруымыз керек. Бұның бәрі бізге нарықтағы позицияларымызды бекітіп, ұзақ мерзімге серіктестік қарым-қатынастар орната отырып, клиенттеріміз үшін жаңа ығайлы да қарапайым банк өнімдерін іске қосуға ықпал етеді,» – деп атап өтті «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов.


«Банк ЦентрКредит» АҚ 1988 жылы құрылған және заманауи технологияларды пайдалану арқылы қолайлы банктік өнімдерге бағытталған әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар және ол Қазақстанның барлық өңірлеріндегі 130-дан аса бөлімшелері арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді.

Жаңалықтар
BCC.KZ косымшасындағы сыйлықтардың бірін ұтып алыңыз

Біз BCC.KZ қосымшасында «Бақытты төлем» атты жаңа акцияны ұсынамыз

31 мамырға дейін (қоса алғанда) BCC.KZ қосымшасында «Білім беру» санаты бойынша кемінде 5 000 теңге сомасына төлем жасап, төменде көрсетілгендерді ұтып алыңыз:
▫️ PocketBook электронды кітабы
▫️ Яндекс.Станция Мини үндеткіші
▫️ Xiaomi рюкзагы.

Акция өткізілетін кезең ішінде төлем жасағандардың бәрінің арасынан 18 жеңімпаз (әрбір өңір бойынша 1 жеңімпаз) рандомды түрде анықталады

Сәттілік серік болсын!

Жаңалықтар
«Альфа Банк» іскерлік клиенттері
Жаңалықтар
Коммуналдық төлемдер үшін 100% кэшбэк

1 мамырдан бастап біз BCC.KZ қосымшасында #картакарта бойынша жасалған коммуналдық төлемдер үшін 100% кэшбэк акциясын ұсынамыз!


100% кэшбэк* акциясына қатысу үшін BCC.KZ қосымшасында 3 000 теңгеден бастап коммуналдық төлемдер жасау қажет!


Бұл санатқа пәтер үшін түбіртек, газ, жылыту, су, электр энергиясы, ПИК қызметтері, күзет агенттіктерінің қызметтері және домофон үшін жеке төлемдер жатады.

*Кэшбэктің максималды сомасы – 20 000 теңге


Акция 31 мамырға дейін жалғасады.

Тікелей эфирде рандомды түрде 18 жеңімпаз таңдалады!

100% кэшбэкті алуға ұмтылыңыздар және біздің парақшамыздағы жаңалықтардан хабардар болыңызда

Ақционерлерге
Құрметті акционерлер! Алматы қ., Медеу ауд., әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша 2022 жылғы 20 мамырда жергілікті уақытпен 10 сағат 00 минутта жеке қатысу арқылы акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетінін хабарлайды.
HTML:Акционерлердің жылдық жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу жергілікті уақытпен 9 сағат 30 минутта басталады.
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ 2022 жылғы 10 мамырдағы жай-күйі бойынша ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың акцияларын ұстаушылардың тізіліміндегі деректердің негізінде жасалады.
Күн тәртібі:
1. Банктің 2021 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп.
2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2021 жыл бойынша шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2021 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
4. Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау.

Акционерлер жылдық жалпы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен 2022 жылғы 10 мамырдан бастап сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Алматы қ., Медеу ауд., әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» АҚ-та таныса алады. Жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсыну қажет. Акционер сұрау жасаған жағдайда, материалдар сұрау алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі, бірақ жоғарыда көрсетілген күннен ерте жіберілмейді.

Кворум болмаған жағдайда, акционерлердің қайта өтетін жылдық жалпы жиналысы 2022 жылғы 21 мамырда жергілікті уақытпен 10 сағат 00 минутта аудио-бейне конференция (ZOOM) режимінде өткізіледі.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II заңының (бұдан кейін – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 52-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде құрылуы және оған қол қойылуы тиіс.

Акционерлердің жалпы жиналысы Акционерлік қоғамдар туралы заңның 35-37, 39-48, 50-52-баптарына, сонымен қатар «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың қолданыстағы Жарғысының нормаларына сәйкес өткізіледі.

Сұрақтарыңыз болса, 7 (727) 259 85 18 телефон нөміріне хабарласуды өтінеміз.
Ақционерлерге
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің 2022 жылғы «20» мамырға белгіленген жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне толықтырулар енгізілгені туралы хабарлама
HTML:

Құрметті «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлері!

«Банк ЦентрКредит» АҚ (бұдан кейін – Банк) осы арқылы Сіздерге «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Директорлар кеңесінің шешімімен (Директорлар кеңесінің 25.04.2022 жылғы №25.04.2022 қаулысы) Банктің Директорлар кеңесінің 20.04.2022 жылғы мәжілісінің хаттамасымен құрылған Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіне келесі мазмұндағы жаңа тармақтар түрінде толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

«5. «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-тың (БСН 941240000341) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосылуы нысанында «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың ерікті түрде қайта құрылуы туралы;

6. «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-тың (БСН 941240000341) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосылуы туралы шарттың жобасын мақұлдау туралы».

Осыған байланысты енгізілген толықтыруларды есепке ала отырып, 2022 жылғы «20» мамырға белгіленген Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі келесі мәселелерден тұрады:

1. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2021 жылғы қызметінің қорытындысы туралы есеп.

2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2021 жыл бойынша шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту.

3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2021 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту.

4.  Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы.

5. ««Альфа-Банк» ЕБ АҚ-тың (БСН 941240000341) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосылуы нысанында «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың ерікті түрде қайта құрылуы туралы.

6. «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-тың (БСН 941240000341) «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қосылуы туралы шарттың жобасын мақұлдау туралы.

Жиналыс 2022 жылғы «20» мамырда Алматы қ. уақытымен 10 сағат 00 минутта Алматы қ., Медеу ауд., әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізіледі.

Банктің акционерлерін тіркеу 9 сағат 30 минутта басталады.

Жиналыс өткізілмеген деп танылған жағдайда, қайта өтетін жиналыс 2022 жылғы «21» мамырда Алматы қ. уақытымен 10 сағат 00 минутта Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша өткізіледі.

«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ 2022 жылғы 10 мамырдағы жай-күйі бойынша ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың акцияларын ұстаушылардың тізіліміндегі деректердің негізінде жасалады.

Акционерлер жылдық жалпы жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен 2022 жылғы 10 мамырдан бастап сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін              Алматы қ., Медеу ауд., әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» АҚ-та таныса алады. Жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсыну қажет. Акционер сұрау жасаған жағдайда, материалдар сұрау алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі, бірақ жоғарыда көрсетілген күннен ерте жіберілмейді.

Сұрақтарыңыз болса, 7 (727) 259 85 18 телефон нөміріне хабарласуды өтінеміз.

Жаңалықтар
«Альфа Банк» клиенттеріне

1.  Менің кредитімнің Альфа Банктен ЦентрКредит Банкіне берілгенін қалай білсем болады?

Сізге кредиттің ЦентрКредит Банкіне көшірілгені туралы sms-хабарлама келеді.


2.  Менің Альфа Банктегі кредитім бойынша талаптар ЦентрКредит Банкіне өткеннен кейін өзгере ме?

Жақ, кредиттер бойынша талаптар өзгеріссіз қалады.


3.  Мен кредитімді Альфа Банкте өтеуді жалғастыра аламын ба?

Егер Сіздің кредитіңіз Альфа Банктен ЦентрКредит Банкіне берілген болса, жоқ.


4.  Альфа Банктен ЦентрКредит Банкіне берілген кредитті қалай тегін өтейді?

Сіз кредит бойынша ай сайынғы төлемді:

·       BCC.KZ мобильді қосымшасында: https://bcc.kz/app;

·       ЦентрКредит Банкінің банкоматтары мен терминалдарында: банкоматтардың мекенжайлары;

·       ЦентрКредит Банкінің кассаларында: бөлімшелердің мекенжайлары;

·       Касса24, Qiwi және Yurta терминалдарында комиссиясыз енгізе аласыз.


5.  ЦентрКредит Банкіне берілген кредитті өтеуге арналған шот нөмірін қайдан білуге болады?

Сізге ЦентрКредит Банкіндегі кредитті өтеуге арналған шот нөмірі көрсетілген sms-хабарлама келеді.


6.  Альфа Банкте берілген кредитті өтеу үшін ЦентрКредит Банкінде шот ашуым қажет пе?

Жоқ, Сізге ЦентрКредит Банкіндегі кредитті өтеуге арналған шот нөмірі көрсетілген sms-хабарлама келеді.


7.  Менің шотым бойынша ТТТ/ИӨ/Тыйым бар, Альфа Банктен ЦентрКредит Банкіне берілген кредитті қалай өтеуге болады?

Сізге ЦентрКредит Банкіндегі кредитіңізді өтеуге арналған уақытша шот нөмірі көрсетілген sms-хабарлама келеді. Уақытша шот бойынша өтеуді тек ЦентрКредит Банкінің келесі бөлімшелерінде ғана жүргізуге болады: бөлімшелердің мекенжайлары.


8.  Кредитті өтегенімді/өтемегенімді қалай білемін?

·         BCC.KZ мобильді қосымшасынан: https://bcc.kz/app;

·         ЦентрКредит Банкінің бөлімшелерінен: бөлімшелердің мекенжайлары;

·         505 нөмірі бойынша ЦентрКредит Банкінің колл-орталықтарынан (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін) біле аласыз.


9.  Мен ай сайынғы төлемді өтеу үшін Альфа Банкке ақша салып қойдым. Менің бұл ақшамның кейінгі жағдайы қалай болады?

Егер төлем жасалатын күн талап ету құқықтарын қайта табыстағаннан кейін орнайтын болса, онда Сіз:

·           Альфа Банктің мобильді қосымшасы арқылы төлем сомасын ЦентрКредит Банкінің деректемелері бойынша шоттан шотқа аудара аласыз (ақша аудару 3 жұмыс күніне дейін жүргізіледі);

·           бұрын салынған ақшаны Альфа Банктің бөлімшелеріндегі ағымдағы шоттан алып, кредит бойынша ай сайынғы төлемді:

o    BCC.KZ мобильді қосымшасында: https://bcc.kz/app

o    ЦентрКредит Банкінің банкоматтары мен терминалдарында: банкоматтардың мекенжайлары

o    ЦентрКредит Банкінің кассаларында: бөлімшелердің мекенжайлары

o    Касса24, Qiwi және Yurta терминалдарында енгізе аласыз.


10.  Альфа Банктегі кредитім бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы мен күнін қалай білемін?

·         BCC.KZ мобильді қосымшасынан: https://bcc.kz/app

·         ЦентрКредит Банкінің бөлімшелерінен: бөлімшелердің мекенжайлары

·         505 нөмірі бойынша ЦентрКредит Банкінің колл-орталықтарынан (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін) біле аласыз.

11.  Альфа Банктегі кредитімді ЦентрКредит Банкі арқылы өтеу үшін қандай деректер қажет?

Қарыз алушының ЖСН, ЦентрКредит Банкінде өтеуге арналған шоттың нөмірі немесе Банктік қарыз шартының нөмірі.


12.  ЦентрКредит Банкінің банкоматтарының, терминалдарының және бөлімшелерінің мекенжайларын қайдан білемін?

Сіздің қалаңыздағы терминалдардың, банкоматтардың және бөлімшелердің мекенжайларын осы жерден білуге болады.


13.  Кредитті онлайн өтеуге бола ма?

Иә, BCC.KZ мобильді қосымшасында: https://bcc.kz/app


14.  BCC.KZ мобильді қосымшасына қалай тіркеледі?

Тіркелу үшін Сізге телефон нөміріңіз және SMS-те көрсетілген өтеуге арналған шоттың немесе ЦентрКредит Банкінің картасының нөмірі қажет.


Берешегі (ТТТ/ИӨ/Тыйым) бар клиенттер бойынша тіркеу уақытша шоттар арқылы жүргізілмейді.


15.  BCC.KZ мобильді қосымшасы тағы не үшін қажет?

  • ҚР бойынша телефон нөмірі арқылы және бүкіл әлем бойынша ақша аудару;
  • Ұялы байланыс, коммуналдық қызмет, көлік және т.б. үшін #картакарта арқылы 1% кэшбэкпен төлем жасау;
  • Шоттар мен депозиттер ашу;
  • Ең жақсы бағамдармен валюта айырбастау;
  • Анықтамаларға тапсырыс беру, кредиттік есептерді тексеру және көптеген басқа қызметтер;
  • BCC.KZ қосымшасының барлық артықшылықтары осы жерде.


16.  ЦентрКредит Банкінің #картакартасын ашқан кезде, маған қандай артықшылықтар ұсынылады?

  • 3%-ға дейінгі базалық кэшбэк;
  • Сүйікті санаттар бойынша 10%-ға дейінгі кэшбэк;
  • Серіктестерде сауда жасаған кезде, 30%-ға дейінгі кэшбэк;
  • Банктің серіктестер желісінде пайызсыз бөліп төлеу;
  • 7 миллион теңгеге дейін кредиттік лимит алу мүмкіндігі;
  • #картакартаның барлық артықшылықтары осы жерде.

17.  ЦентрКредит Банкінде картаны немесе шотты қалай ашамын?

Сіз оларды ЦентрКредит Банкінің келесі кез келген бөлімшесінде аша аласыз: бөлімшелердің мекенжайлары.


18. ЦентрКредит Банкінің картасын қалай толықтырады?

·       ЦентрКредит Банкінің банкоматтары мен терминалдарында: банкоматтардың мекенжайлары;

·       ЦентрКредит Банкінің кассаларында: бөлімшелердің мекенжайлары;

·       ЦентрКредит Банкінің сайтында картадан картаға лезде ақша аудару арқылы: https://3dsecure.bcc.kz:5443/p2p-ru.html (ақша аудару үшін алынатын комиссияны картаны шығарған банк белгілейді, Альфа Банк пен Сбербанк карталарынан ақша аудару қолжетімсіз).



19.  Кредит беруден кейін қызмет көрсету (кестені өзгерту, мерзімін ұзарту) мәселелері бойынша қайда жолықса болады?

ЦентрКредит Банкінің келесі бөлімшелеріне жолығыңыз: бөлімшелердің мекенжайлары.


20.  Менің Альфа Банкте кредитім бар, оны ЦКБ-де қайта қаржыландыруға немесе ресімдеуге бола ма?

Кредитке өтінімді Сіз ЦентрКредит Банкінің келесі бөлімшелерінде бере аласыз: бөлімшелердің мекенжайлары.


21.  Альфа Банкте берілген кредитті мерзімінен бұрын өтеуге бола ма?

Иә, мерзімінен бұрын толық өтеу және мерзімінен бұрын ішінара өтеу BCC.KZ мобильді қосымшасында қолжетімді: https://bcc.kz/app.

Қосымшадағы Өзімнің кредитім → Төлеу → Мерзімінен бұрын өтеу тарауларын таңдаңыз.


22.  Тауар сатып алуға берілген кредиттерді мерзімінен бұрын ішінара және толық өтеу бойынша талаптар қандай?

Тауар сатып алуға берілген кредиттерді мерзімінен бұрын ішінара және толық өтеуді айыппұл санкцияларынсыз жүргізуге болады.


23.  Тағы да сұрақтарым болса, қайда хабарласуға болады?

·         ЦентрКредит Банкінің бөлімшелеріне: бөлімшелердің мекенжайлары;

·         505 нөмірі бойынша ЦентрКредит Банкінің колл-орталықтарына (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін);

ЦентрКредит

Банкінің +7 747 11 11 505 WhatsApp нөміріне хабарласуға болады. 

Жаңалықтар
Құрметті Клиенттер

Құрметті Клиенттер! «Банк ЦентрКредит» АҚ бизнес клиенттерге арналған тарифтерге өзгерістер енгізу туралы хабарлайды. Өзгерістер 25.04.2022ж. бастап күшіне енеді. Сіздерден сілтеме бойынша танысуларыңызды өтінеміз.


Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі Қазақстандағы Альфа-Банкті сатып алады

ЦентрКредит Банкі Қазақстандағы Альфа-Банкті сатып алады

«Альфа-Банк» АҚ пен «Банк ЦентрКредит» АҚ Қазақстандағы «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ты сату туралы түбегейлі келісімге келді.

ЦентрКредит Банкі жай акциялардың 100%-ын сатып алу арқылы Қазақстандағы Альфа-Банктің жаңа акционері атанады. «Альфа-Банк» АҚ акционерлер құрамынан толық шығып, Директорлар кеңесінің құрамынан өзінің өкілдерін шақыртып алады.

Мәміле заңды тұрғыдан аяқталғаннан кейін ЦентрКредит Банкі Банктің ребрендингін жүргізеді. Осылайша, ол жеке және заңды тұлғаларға арналған барлық банктік қызметтерді көрсететін тұтастай қазақстандық банк болады.

ЦентрКредит Банкі Банкке депозиторлар алдындағы барлық міндеттемелерін орындау және қазіргі кездегі клиенттері үшін орын алған жағдайды шұғыл түрде шешу үшін меншікті қаражатының есебінен қосымша өтімділікпен қолдау көрсетуге дайын.

«Банк ЦентрКредит» АҚ 1988 жылы құрылған және заманауи технологияларды пайдалану арқылы қолайлы банктік өнімдерге бағытталған әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар және ол Қазақстанның барлық өңірлеріндегі 130-дан аса бөлімшелері арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді.

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкінің депозиттерінің рейтингтері – B1 деңгейінде (болжам «Тұрақты»)

Moody's халықаралық рейтинг агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың (BCC) депозиттерінің B1 деңгейіндегі ұзақмерзімді рейтингтерін растады, болжам «Тұрақты».

BCC-дің рейтингтерін растау агенттіктің бағалауы бойынша банктің операциялық ортасы мен кредитті өтеу қабілетінің еліміздегі өсе түскен тәуекелдерге қатысты орнықты болып қалатынын білдіреді. BCC-дің ұзақмерзімді рейтингтері бойынша «Тұрақты» болжамы Moody's агенттігінің банктің капиталдандыруы, кірістілігі мен өтімділігі жиынтық түрде оған қарағанда жоғары құнсыздануға және қаржыландыру талаптарын қатайтуға байланысты сыртқы тәуекелдерді теңдестіреді деген болжамын көрсетеді.

BCC Қазақстанның Екінші деңгейдегі банктерінің рэнкингінде көшбасшы орынға нық ие бола отырып, клиенттер үшін қолайлы әрі оңай шешімдер ұсынады.

Аталған рейтингтердің толық тізімімен Moody's агенттігінің ресми баспасөз релизінен (сілтеме) танысуға болады.

«Банк ЦентрКредит» АҚ 1988 жылы құрылған және заманауи технологияларды пайдалану арқылы қолайлы банктік өнімдерге бағытталған әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар және ол Қазақстанның барлық өңірлеріндегі заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Толық ақпаратты банктің www.bcc.kz сайтынан алуға болады.

Жаңалықтар
«Сбербанк России» БАҚ және «Альфа-Банк» АҚ және олардың еншілес ұйымдарымен жұмыс істеу

Құрметті клиенттер,

«Сбербанк России» БАҚ пен «Альфа-банк» АҚ-тың және олардың еншілес компаниялары мен филиалдарының халықаралық санкциялар тізіміне қосылғанын хабарлаймыз.

Шетел валютасындағы кіріс/шығыс төлемдер мен ақша аударымдарына қатысты келесі ақпаратты назарға алуды өтінеміз:

-          2022 жылғы 13 сәуірден бастап «Сбербанк России» БАҚ-тан (БАҚ-қа) және олардың еншілес ұйымдары мен филиалдарына (-нан) кез келген шетел валютасындағы (USD, EUR, RUB және т.б.) кіріс және шығыс төлемдер мен ақша аударымдары жүргізілмейді. 

-          2022 жылғы 06 мамырдан бастап «Альфа-Банк» АҚ-тан (АҚ-қа) және олардың еншілес ұйымдары мен филиалдарына (-нан) кез келген шетел валютасындағы (USD, EUR, RUB және т.б.) кіріс және шығыс төлемдер мен ақша аударымдары жүргізілмейді. 

Жаңалықтар
Құрметті клиенттер, 2022 жылғы 1 мамырда Delta Bank салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі аяқталады.

Төлем алу үшін қоса алғанда 01.05.2022 жылға дейін уақытылы өтініш жасап үлгеріңіздер.

 «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Сіздер талап етпеген кепілдік берілген өтем сомасын ҚР-дың зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасында көзделген тәртіппен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-та депозитордың атына ашылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударады.

  Кепілдік берілген өтемді төлеу туралы өтінішті банк бөлімшелерінің офистеріне келмей-ақ, төлемдердің электрондық порталы арқылы да беруге болады. Толық нұсқаулықтар порталда және «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ сайтында қолжетімді. Толығырақ сілтеме бойынша

Жаңалықтар
Құрметті клиенттер!

«Банк ЦентрКредит» АҚ 2022 жылғы 5 сәуірден бастап #TravelCard ЖЖ (жалақы жобалары аясында шығарылған) карталары бойынша тегін қызмет көрсету талаптарына өзгерістердің енгізілгені туралы хабарлайды.

Сізге ыңғайлы болуы үшін 2022 жылғы 5 сәуірден бастап карта бойынша қызмет көрсету тегін болуы үшін талаптардың біреуін орындау қажет болатын есепті кезең болып бір күнтізбелік ай танылады (айдың 1-ші күнінен соңғы күніне дейін).

Енді алдыңғы ай үшін талап орындалмаған кезде, 5 000 теңге мөлшеріндегі комиссия әр айдың 5-ші күні алынады (талаптар өзгертілмеген):

  1. Айына 500 000 теңгеден (басқа валютамен баламасы) басталатын сомаға сауда жасау;

  2. Картадағы/депозиттегі (Рақмет/Рақмет+/Чемпион/ Эталон/ Эталон+) қалдық бір ай ішінде күн сайын 3 000 000 теңгеден (басқа валютамен баламасы) жоғары  болуы қажет;

  3. Карта арқылы 140 000 теңгеден жоғары жалақы алу.


Өзгерістер 05.04.2022 ж. бастап күшіне енеді (5 сәуірден бастап 30 сәуірге дейінгі кезең үшін картаға қызмет көрсету бойынша комиссия алынбайды).

Комиссияны есептеу/есептен шығару күні – 05.05.2022 ж.


#TravelCard ЖЖ картаңызды тегін етіп, Visa Signature премиум санатындағы картаның артықшылықтарын пайдаланыңыз және Қазақстан бойынша, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша саяхаттарға 7% кэшбэк алыңыз!


Тарифтермен сілтеме арқылы танысуға болады.Құрметті клиенттер!

Жаңалықтар
C 11 апреля 2022 года вступают в силу изменения в тарифы по дебетным картам
Ақционерлерге
Жай акциялар бойынша дивиденд төлеуді аяқтағаны туралы хабарлам
HTML:


Құрметті акционерлер!

Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» АҚ осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеу кезеңінің аяқталғаны туралы хабарлайды. Дивиденд төленетін кезең- 01.01.2021 ж.-31.12.2021 ж. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияға айырбасталатын бір артықшылықты акциясы бойынша төленетін дивидендтің мөлшері: 39,75 теңге. Дивиденд төлеу басталатын күн: 2022 жылғы 15 ақпан; Дивиденд төлеу аяқталатын күн: 2022 жылғы 18 наурыз. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивиденд алу құқығына ие болатын акционерлердің тізімі 2022 жылғы 14 ақпандағы жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ тіркеушісі берген «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылардың тізімінің деректері негізінде құрылған. Төленетін дивидендтің жалпы сомасы 11 742 706,50 теңгені құрайды. Дивидендтің нақты төленген сомасы 11 675 886,75 теңгені құрады. «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР заңының 24-бабына сәйкес 66 819,75 теңге мөлшеріндегі төленбеген дивидендтер талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-та ашылған шотқа аударылады. Барлық мәселелер бойынша келесі телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады: (727) 2 598 598, ішкі 10430.

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді