Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Баспасөз қызметі
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
FinOtinish цифрлық платформасы арқылы пилоттық жобаға қосылу

Банк ЦентрКредит қаржы қызметін тұтынушылардың өтініштерін қарау тетіктерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құрған FinOtinish цифрлық платформасымен жұмысын бастады.

Платформаға қосылу Банктің клиентке бағдарланған сервисті дамыту және клиенттермен өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыру бағытындағы кезекті қадамы болды.

Жаңа цифрлық құрал қаржылық қызметтерді тұтынушыларға Банкке бірыңғай электронды арна арқылы өтініш жолдауға, сондай-ақ олардың қаралу барысы мен нәтижелерін онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді.


FinOtinish қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға арналған бірыңғай цифрлық арнаны ұсынады.

FinOtinish цифрлық платформасы арқылы қаржы қызметтерін тұтынушылар (жеке тұлғалар) өз құқықтарының бұзылуына, Банктің әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен келіспеуіне, сондай-ақ қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынуға байланысты шағымдары бойынша Банкке өтініш жолдай алады.

Платформа арқылы жолданған өтініштің мәртебесі мен оны қарау мерзімдерін онлайн режимінде бақылауға болады. Келіп түскен өтініш автоматты түрде Банкке жіберіледі.

Өтініштерді жолдау сілтемесі: https://finotinish.kz/.

Мәселе Банк деңгейінде реттелмеген жағдайда, платформа қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес банк омбудсманына жүгіну мүмкіндігін қарастырады. FinOtinish платформасын пайдалану тегін және оны пайдалану тұтынушының өз еркіне байланысты. Сонымен қатар, платформаға қосылу қаржы қызметтерін тұтынушылардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада көзделген өзге де тәсілдерін пайдалану құқығын шектемейді.



Өнімдер мен қызметтер бойынша кеңес алу, қызмет көрсету шарттарын білу немесе басқа да анықтамалық ақпарат алу үшін клиенттер Банктің келесі байланыс арналарына хабарласа алады:


Банктің байланыс орталығы:

Қазақстан Республикасы аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

жеке тұлғалар үшін — 505;


Банктің мессенджерлері: WhatsApp және Telegram

(мессенджерлер арқылы қоңырау қабылданбайды)

жеке тұлғалар үшін — 8 (747) 111-15-05.

Банктің ресми сайтындағы чат.

Жаңалықтар
#картакарта бойынша кэшбэк есептеу процесінің өзгерісі

Құрметті клиенттер!


01.09.2021ж. бастап #картакарта арқылы сатып алынған тауар үшін кэшбэк есептеу процесінің өзгеретіні жөнінде хабарлаймыз.

1 000 000 теңгеден жоғары сомамен Рақмет және/немесе Рақмет+ салымдары болған кезде, салымның ашылған күніне және қалдығына қарамастан, #картакарта арқылы сатып алынған тауар үшін бұрын есептелетін базалық +1% кэшбэк тоқтатылады. 1 000 000 теңгеден жоғары сомамен Эталон/Эталон+ жаңа салымы болған немесе ашылған кезде, #картакарта арқылы сатып алынған тауар үшін +1% кэшбэк есептелетін болады.

 Сонымен қатар алдыңғы айда жеке тұлғалардың карталарында немесе ағымдағы шоттарында күн сайын 1 000 000 теңгеден астам қалдық болған кезде, #картакарта арқылы сатып алынған тауар үшін есептелетін базалық кэшбэкке  +1% кэшбэк қосылады. Бұл кезде теңгемен ашылған шоттағы қалдықтар есепке алынады. Шетел валютасындағы қалдықтар есепке алынбайды.


Құрметпен,

ЦентрКредит Банкі

Жаңалықтар
2021 жылғы 15 шілде Банктің Жеке тұлғаларға ұсынатын қызметі үшін белгіленген тарифтердің өзгеруі

Құрметті клиенттер!


«Банк ЦентрКредит» АҚ 15.07.2021 ж. бастап Банктің қызметтері үшін белгіленген жаңа тарифтердің күшіне енетінін хабарлайды:


- «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың кассалық операциялар бойынша «Шотқа қолма-қол ақшаны қабылдау және шоттан беру» тарифтері https://www.bcc.kz/fizical/tarify/.


Жаңа тарифтермен жоғарыда көрсетілген сілтеме арқылы немесе Банк бөлімшелерінде танысуға болады.

Жаңалықтар
БЦК и ЕБРР подписали кредитную линию по зеленой экономике (GEFF)
Жаңалықтар
BCC.KZ бойынша төлемдер үшін 100% кэшбэк ЦентрКредит Банкі науқанның алғашқы нәтижелерін шығару туралы хабарлайды!
Жаңалықтар
Банк ЦентрКредит уведомляет Вас о проведении плановых работ 08.11.21
Жаңалықтар
«НАКОПИ НА ЛЮБУЮ ЦЕЛЬ В ТРИ ШАГА» – депозит «Моя цель» от Банка ЦентрКредит с уникальной методикой пополнения
Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі Баспана Хит бағдарламасы бойынша кредит беру туралы өтінімдер қабылдауды тоқтататыны туралы хабарлайды
Ақционерлерге
2021 жылғы 28 мамырда өткен Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында дауыс берудің қорытындысы туралы хабарлаймыз
HTML:

2021 жылғы 28 мамырда өткен Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында дауыс берудің қорытындысы туралы хабарлаймыз. 148 764 657 дауыс беретін акцияға иелік ететін акционерлер мен олардың өкілдері қатысты, бұл қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының 81,85%-ын құрайды.

Жаңалықтар
Банк ЦентрКредит запускает уникальный сервис для максимально комфортного получения пенсии
Ақционерлерге
Құрметті акционерлер!
HTML:Құрметті акционерлер! 
Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 2021 жылғы 28 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Директорлар кеңесінің бастамасымен аудио-бейне конференция (ZOOM) режимінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өтетіні жөнінде хабарлайды.

Жаңалықтар
Жилье стало еще доступнее – Банк ЦентрКредит представляет новый продукт «#Ипотека»
Жаңалықтар
Банк ЦентрКредит стал лучшим HR-брендом Центральной Азии
Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі транзакциялардың қауіпсіздігін арттыра түсті

Алматы, 2021 жылғы 05 сәуір

 

ЦентрКредит Банкі Қазақстанда алғашқы болып динамикалық CVV-код қызметін іске қосты, осы кодты іске қосқан кезде, үштаңбалы код оны әр пайдаланған сайын ауысып отырады. Бұл жаңа қадам транзакциялардың қауіпсіздігін әлдеқайда арттырып, картаны ықтимал алаяқтық операциялардан барынша қорғай түседі. Аталған қызмет бүгінгі күні тек ЦБК клиенттеріне ғана ұсынылады.


«CVV-код немесе «card verification value» төлем жүйелері арқылы бұрыннан енгізілген. Бұл – картаның қарсы бетіндегі үш сан, бұл сандар интернет-дүкендерде төлем жасаған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. Алайда тіпті CVV-дің өзі толық қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді, өйткені сайттардың кейбір алақол иеленушілері картаның барлық деректерін өздеріне сақтап, кейін оны өз бетінше қолдануы мүмкін. Сонымен қатар клиенттердің өздері де жиі абайсыздық танытады, мысалы олар картасын даяшыларға береді, ал олар өз кезегінде картаның нөмірі мен CVV-ді жазып алып, аталған карта арқылы сауда жасай алады. Динамикалық CVV-ді іске қосқан кезде, картада көрсетілген үш баспа саны өз қолданысын тоқтатып, олардың орнына жаңа үштаңбалы код құрылады», – деп түсіндірді банктің Басқарушы директоры Павел Кравченко.

 Динамикалық CVV қызметін BCC.KZ мобильді қосымшасында іске қосуға болады. Аталған қызмет іске қосылғаннан кейін экранда динамикалық CVV көрсетіледі, ол картаны әр басқан сайын ауысып отырады. Әр қайта құрылған динамикалық CVV әрдайым қосымшада көрсетіледі. Қызметті өшірген кезде, картаның қарсы бетінде көрсетілген үш баспа саны бастапқы қызметін өзіне қайтарады.

 «Клиенттердің қауіпсіздігі біз үшін әрдайым бірінші орында, сондай-ақ біз нарықтағы операциялардың ең жоғары қорғаныс деңгейін қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Қазіргі күні біз клиенттік шоттардың зақымданбауын әлдеқайда арттыратын осындай қызметті ұсынып отырған бірден-бір банкпіз, – деп жалғастырды банктің Басқарушы директоры Павел Кравченко, – Сонымен қатар динамикалық CVV картаны бөгде сервистерге тіркеген кезде де өз қызметін атқарады.».


Динамикалық CVV қызметін қосымша жүктеудің қажеті жоқ, ол BCC.KZ қосымшасында автоматты түрде пайда болып, ЦентрКредит Банкінің барлық клиенттеріне мүлдем тегін ұсынылады.

 

 ЦентрКредит Банкі туралы


«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 110-нан аса құрылымдық бөлімшелері арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің корреспонденттік желісіне шетелдік 40 банк кіреді. Толық ақпаратты банктің www.bcc.kz сайтынан алуға болады.


Өнімдер желісі мәселелері бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласыңыз:
505 – жеке тұлғалар үшін (ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін)

 Игорь Бушмелев – «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың PR бөлімінің бастығы

Igor.Bushmelev@bcc.kz

Жаңалықтар
2021 жылғы 1 сәуірден бастап сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемелерінің өзгеруі

Құрметті клиенттер!
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 2021 жылғы 1 сәуірден бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы жаңадан тартылған депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне өзгерістердің енгізілгені туралы хабарлайды.

Жаңалықтар
Железная поступь. IronCard от Банка ЦентрКредит уверенно покоряет рынок премиальных карт
Жаңалықтар
«Банк ЦентрКредит» АҚ #IronCard тарифтерінің өзгергені туралы хабарлайды.

Құрметті Клиенттер!

«Банк ЦентрКредит» АҚ #IronCard тарифтерінің өзгергені туралы хабарлайды.


#Ironcard үшін «Негізгі картаны шығару» және «Негізгі / қосымша картаға қызмет көрсету» бөлімдеріне өзгерістер енгізілді.


Өзгерістер 2021 жылдың 19 наурызынан бастап күшіне енеді.


Жаңа тарифтер туралы сілтемені басу арқылы білуге болады.

Ақционерлерге
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларын орналастыру туралы хабарландыру
HTML:1. Осы арқылы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының («АҚ туралы заң») 16 және 18-баптарына сәйкес «Банк ЦентрКредит» АҚ («Банк») жарияланған мөлшер шегінде «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларын («Акция») орналастыратыны туралы хабарлайды.
Жаңалықтар
Банк ЦентрКредит – лучший банк в реализации программы 7-20-25!
Жаңалықтар
25.02.2021 бастап ЦентрКредит Банкі 1 миллион теңгеден басталатын күнделікті қалдық болған кезде, #картакарта бойынша кэшбэкті екі еселейді

Жақсы жаңалықтарымыз бар!


Өткен айда ЦКБ-дегі карталарда 1 миллион теңгеден (балама) басталатын күнделікті қалдық болған кезде*, #картакартамен жасаған саудаңыз үшін 2% кэшбэк алыңыз

 #картакартаны ЦКБ-нің кез келген бөлімшесінде немесе BCC.KZ қосымшасында алуға болады.

  *Банктің бағамы бойынша конвертациялау арқылы ағымдағы шоттардағы кез келген валютадағы қалдықтардың жалпы сомасы есепке алынады. Аталған кэшбэк банктің басқа ұсыныстарымен қосылмайды.

Жаңалықтар
Эксперт BCC Invest отвечает на вопросы по инвестированию пенсионных средств
Жаңалықтар
Ипотекалық қарыз ресімдеу үшін БЖЗҚ-дан қаражат алу тәртібі

EGOV веб-сайтына өтіңіз
БЖЗҚ веб-сайтына өтіңіз

 БЖЗ? веб-сайтына ?т???з

Жаңалықтар
#картакарта туған күніне орай жаңа конкурс

#картакартаның ең алғаш ашылған күнін тойлауды жалғастырамыз.

#картакартамен сауда жасаған көңіліңізден шығады әрі тиімді болады, сонымен қатар күн сайынғы төлемдерді мобильді банкингте жасаған ыңғайлы!

Конкурстың талаптары өте оңай:

Конкурс өткізілетін кезең ішінде BCC.KZ қосымшасында #картакартамен 1 000 теңгеден басталатын кез келген қызметтің ақысын төлеңіз.

Төлемдер неғұрлым көп болса, жеңіске жету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады 

Конкурс өткізілетін кезең – 12.02.21 жылдан бастап 21.02.21 жылға дейін.

Жеңімпаздар кездейсоқ сандардың генераторы арқылы 24 ақпанда тікелей эфирде анықталады.

Сыйлықтар:

3 жеңімпаздың әрқайсысы өз #картакартасына 100 000 теңге алады.

Сәттілік серігіңіз болсын!


Ерекше талаптар:

1.     Жеңімпазды анықтау сәтінде #картакарта қолданыста (жабылмаған) болуы тиіс.

2.     #картакартаны қолдану арқылы жасалатын транзакцияларды ең көп саны шектеусіз.

3.     Акция өткізілетін және қорытынды жасалатын кезеңде жасалған саудадан бас тартқан жағдайда, мұндай транзакция талаптарды орындау ретінде есепке алынбайды.

4.     Ақшалай ұтыс #картакарта шотына аударылады.

5.     ЦКБ-нің қызметкерлері мен үлестес тұлғалары, ҚР бейрезиденттері акцияға қатыса алмайды.

6.     Жеңімпаздарды таңдау: 3 – негізгі жеңімпаз, 2 резервтегі жеңімпаз.

Егер негізгі жеңімпаз ұтыс ойыны аяқталғаннан кейінгі 24 сағаттың ішінде байланысқа шықпаса, онда акцияны ұйымдастырушылар сыйлықты резервтегі жеңімпазға табыстауға құқылы.

7.         Акция өткізілетін кезең ішінде ұйымдастырушы акцияның талаптарына кез келген уақытта біржақты тәртіппен өзгерістер енгізуге немесе акцияның өткізілуін уақытша тоқтатуға құқылы. 

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, алғашқы ипотекалық кредит берді
Ақционерлерге
Құрметті акционерлер!
HTML:Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қаласы, Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлейтіні туралы хабарлайды.
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді