E-mail: Pr@bcc.kz
Банк ЦентрКредит қаржы қызметін тұтынушылардың өтініштерін қарау тетіктерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құрған FinOtinish цифрлық платформасымен жұмысын бастады.
Платформаға қосылу Банктің клиентке бағдарланған сервисті дамыту және клиенттермен өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыру бағытындағы кезекті қадамы болды.
Жаңа цифрлық құрал қаржылық қызметтерді тұтынушыларға Банкке бірыңғай электронды арна арқылы өтініш жолдауға, сондай-ақ олардың қаралу барысы мен нәтижелерін онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді.
FinOtinish қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға арналған бірыңғай цифрлық арнаны ұсынады.
FinOtinish цифрлық платформасы арқылы қаржы қызметтерін тұтынушылар (жеке тұлғалар) өз құқықтарының бұзылуына, Банктің әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен келіспеуіне, сондай-ақ қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынуға байланысты шағымдары бойынша Банкке өтініш жолдай алады.
Платформа арқылы жолданған өтініштің мәртебесі мен оны қарау мерзімдерін онлайн режимінде бақылауға болады. Келіп түскен өтініш автоматты түрде Банкке жіберіледі.
Өтініштерді жолдау сілтемесі: https://finotinish.kz/.
Мәселе Банк деңгейінде реттелмеген жағдайда, платформа қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес банк омбудсманына жүгіну мүмкіндігін қарастырады. FinOtinish платформасын пайдалану тегін және оны пайдалану тұтынушының өз еркіне байланысты. Сонымен қатар, платформаға қосылу қаржы қызметтерін тұтынушылардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада көзделген өзге де тәсілдерін пайдалану құқығын шектемейді.
Өнімдер мен қызметтер бойынша кеңес алу, қызмет көрсету шарттарын білу немесе басқа да анықтамалық ақпарат алу үшін клиенттер Банктің келесі байланыс арналарына хабарласа алады:
Банктің байланыс орталығы:
Қазақстан Республикасы аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.
жеке тұлғалар үшін — 505;
Банктің мессенджерлері: WhatsApp және Telegram
(мессенджерлер арқылы қоңырау қабылданбайды)
жеке тұлғалар үшін — 8 (747) 111-15-05.
Банктің ресми сайтындағы чат.
Біз қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеріп, жақындарыңызбен бірге саяхаттау кезінде аса маңызды болатын артықшылықтарды қостық.
Бүкіл әлем әуежайларындағы DragonPass бизнес-залдарына және Fast Track International-ға қонақтарды тегін кіргізу мүмкіндігі, сондай-ақ Алматы қ. және Түркияның танымал әуежайларынан бүкіл отбасыңызға арналған трансфер қызметі ұсынылады. Бұл тек ЦентрКредит Банкінің клиенттеріне арналған және Visa-мен бірлесіп ұсынылатын артықшылықтар.
Жақын арада бастаймыз. Сапар кезінде артықшылықтарды пайдалану үшін қазірден бастап сауда жасаңыз.
ЦентрКредит Банкінде ашылған премиум картаңыз жоқ па? Ең тиімді талаптарды пайдалану үшін дәл қазір премиум карта ашыңыз:
ЦентрКредит Банкі Шымкент қаласындағы электрмен жабдықтау саласындағы жобаны қолдай отырып, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын (ЭКСЖ) іске асыруға қатысты.
«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ («Бәйтерек» ҰИХ» АҚ еншілес ұйымы) 2,5 млрд теңге сомасындағы кредитті субсидиялауды мақұлдады. Жоба бойынша қарыз алушы – «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС. Жоба ЦентрКредит Банкінің қолдауымен іске асырылды.
Жоба аясында кернеуі 35 кВ және 0,4 кВ болатын әуе желілерін қайта құру қарастырылған, бұл қала тұрғындарын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру табиғи монополиялардың жеке субъектілері (ТМС) үшін екінші деңгейдегі банктердің кредиттерін субсидиялау тетігі аясында жүзеге асырылады. ЦентрКредит Банкі жеке кәсіпорындардың инфрақұрылымды қаржыландыруға қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік бағдарламалар мен бизнес арасындағы көпір ретінде әрекет етеді.
iPhone қолданушыларына тамаша жаңалығымыз бар! Енді #DragonCard және #GoldCard карталарын Apple Pay-ге тіркеп, сауда ақысын смартфон арқылы бір рет қана жақындатып төлей аласыз.
ЦентрКредит Банкі – қытай карталарын ұстаушыларға мұндай мүмкіндікті ұсынған алғашқы шетелдік банк.
Картаны Apple Pay-ге қосу өте оңай: bcc.kz қолданбасында картаңызға өтіп, «Apple Wallet-ке қосу» батырмасын таңдаңыз. Дайын!
Картаңыз болмаса, оны ашатын уақыт келді.
Құрметті акционерлер!
Қазақстан Республикасы, A25D5G0, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы келесі талаптармен «Банк ЦентрКредит» АҚ бұдан әрі – Банк) Банк Директорлар кеңесімен бекітілген Банк бастаған жай акцияларды сатып алу бағдарламасының нәтижелерін хабарлайды:
- Акцияның түрі: жай акциялар (CCBN - KASE, ISIN KZ0007786572);
- Нақты сатып алынған акциялар саны: 11 948 384 (он бір миллион тоғыз жүз қырық сегіз мың үш жүз сексен төрт) дана;
- Сатып алу бағасы: бір жай акция үшін 2 200 (екі мың екі жүз) теңге;
- Нақты сатып алынған акциялар көлемі: 26 286 444 800 (жиырма алты миллиард екі жүз сексен алты миллион төрт жүз қырық төрт мың сегіз жүз) теңге;
- Сатып алу кезеңі: 2025 жылғы 15 сәуірден бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін;
- Сатып алынбаған акциялар қалдығы: 3 951 616 (үш миллион тоғыз жүз елу бір мың алты жүз он алты) дана;
- Сатып алу мерзімінің аяқталуына байланысты қалдықты одан әрі сатып алу жоспарланбайды;
- Сатып алынған акциялардың дауыс беру және дивидендтер алу құқығы жоқ.
ЦентрКредит Банкінің жаңа клиенттеріне ҚР-ның екінші деңгейдегі банктерінің кез келген карталарынан эквайринг бойынша төлем қабылдау үшін бірыңғай комиссия қолданылады:
-ЖК-лерге: кез келген қазақстандық карта бойынша 1%
-ЖШС-ларға: кез келген қазақстандық карта бойынша 1,5%
Сонымен қатар келесі қызмет пакеті бар ЖШС-ларға арнайы төмендетілген комиссиялар қолданылады:
- «Еркін» пакеті — 1,0%
- «Оңтайлы+» — 1,3%
- «Премиум» — 1,2%
- «Ультра» — 1,1%
Қазіргі клиенттер 2027 жылғы қаңтарда эквайринг бойынша бірыңғай комиссияға көшіріледі.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін ЖК-лерге қолданылатын арнаулы салық режимдерінің (АСР) жекелеген түрлері бойынша жаңартылған ережелер күшіне енді. Төменде негізгі өзгерістер және бизнеске арналған практикалық чек-парақ ұсынылады.
1. 2026 жылы АЕК мөлшері – 4 325 ₸.
2. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режимі үшін төлемдер мобильді қолданба арқылы есепке алынады/есептеледі, чек беру міндетті.
3. Жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін ЖК үшін 910.00 нысаны бойынша жартыжылдық мерзім (15/25 тамыз және 15/25 ақпан) сақталады.
4. B2B сегментінде жеңілдетілген режимде жұмыс істейтін жеткізушілермен есеп айырысқан кезде КТС бойынша шегерімдерге қатысты маңызды шектеу енгізіледі.
5. ҚҚС және ЭШФ бойынша жеңілдетілген режим бойынша жаңа ережелер енгізіледі: ЭШФ «ҚҚС-сыз» ресімделеді және режимге өткен кезде ҚҚС бойынша есептен алып тастау тәртібіне қатысты талаптар қойылады.
1) Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға қолданылатын АСР: есепке алу, чек және төлем мерзімдері
- Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар режимінде:
- салық салу объектісі – күнтізбелік айдағы табыс, бұл табыс кассалық әдіспен (нақты алу бойынша) есепке алынады.
- ЖТС пен әлеуметтік төлемдерді есептеу мобильді қолданба арқылы жүргізіледі, төлемді қолма-қол ақшалай да, қолма-қол ақшасыз да қабылдауға болады, алайда әрбір төлем бойынша чек қалыптастыру міндетті.
- төлем мерзімдері: ЖТС – есепті айдан кейінгі айдың 15-іне дейін; әлеуметтік төлемдер – есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейін.
2) Жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін ЖК: шекті көрсеткіштер мен дедлайндар
- 910.00 нысаны бойынша салық кезеңі – жартыжылдық.
- бухгалтерлік есеп жүргізілмеген кезде қойылатын талап – жылдық айналым 135 000 АЕК-тен аспауы тиіс (2026 ж. 583 875 000 теңге).
- 910.00 нысанын тапсыру/төлеу мерзімдері:
- 1-жартыжылдық: тапсыру 15 тамызға дейін; төлеу 25 тамызға дейін.
- 2-жартыжылдық: тапсыру 15 ақпанға дейін; төлеу 25 ақпанға дейін.
3) B2B сегменті: ШОБ-тан сатып алған кездегі КТС шегерімдері
- 2026 жылдан бастап жалпыға бірдей белгіленген режимде (ЖБР) жұмыс істейтін компанияларға арналған жаңа талап күшіне енді:
жеңілдетілген салық режимін қолданатын ШОБ-пен жасалған мәмілелер бойынша шығындар КТС шегеріміне жатқызылмайды (КТС бойынша салық базасын азайтпайды). - Ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР-ды қолданатын тұлғалармен жасалған мәмілелер бойынша шегерімге қатысты шектеу жоқ.
4) Жеңілдетілген салық режимі бойынша ҚҚС және ЭШФ, ескерілетін жайт
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- жеңілдетілген салық режимінде жұмыс істейтін салық төлеушілер тауарлар мен қызметтерді өткізу айналымы бойынша ҚҚС төлеуші болып танылмайды. Егер кәсіпкер бұрын ҚҚС төлеуші болған болса және жеңілдетілген режимге өтсе, онда: ҚҚС бойынша есептен шығуы; тауар қалдықтары бойынша тарату есептілігін тапсыруы тиіс.
- жеңілдетілген режимде ЭШФ-ны «ҚҚС-сыз» белгісімен ұсыну міндеті сақталады. Бұл ретте таныстырылымда ерекше жағдайлар да бар (мысалы, электронды төлем жасалған және/немесе БКМ чегі болған/арнайы қолданба арқылы ресімделген кезде жеке тұлғаларға сатуға қатысты жеке талаптар белгіленген).
Бизнес дәл қазір не істеуі керек?
Егер сіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған болсаңыз:
- Табыс есебінің (кассалық әдіс) дұрыстығын және барлық төлем бойынша чек қалыптастырылуын тексеріңіз.
- Төлем мерзімдерін бақылауға алыңыз: ЖТС келесі айдың 15-іне дейін, әлеуметтік төлемдер 25-іне дейін.
- Сіздің мәртебеңіз режим талаптарына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз (ЖК тіркелмеген жеке тұлға).
Егер сіз жеңілдетілген салық режимде жұмыс істейтін ЖК болсаңыз:
- 910.00 нысаны бойынша есеп тапсыру күнтізбесін бекітіңіз: 15/25 тамыз және 15/25 ақпан.
- Айналым лимитін (135 000 АЕК) және табыс есебінің дұрыстығын тексеріңіз.
- ЭШФ-ның «ҚҚС-сыз» шығарылуын теңшеңіз және ерекшеліктерге жататыныңызды не жатпайтыныңызды анықтаңыз.
- Егер бұрын бөлшек салықтың АСР-ын қолданған болсаңыз, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 28 ақпан аралығында хабарлама беріңіз. Әйтпесе автоматты түрде ЖБР-ге ауысу қаупі бар.
Егер сіз ШОБ-тан сатып алатын ЖБР-де жұмыс істейтін компания болсаңыз:
- Жеткізушілерді қайта қарап шығыңыз: жеңілдетілген режимдегі контрагенттерді айқындап, КТС бойынша шегерім шектеуінің мәміле экономикасына әсерін бағалаңыз.
- Шарттар мен сатып алу регламенттеріндегі жеткізушінің салық режимі құжаттарына/растауларына қойылатын талаптарды жаңартыңыз.
Құрметті клиенттер!
28.02.2026 жылға дейін қосылған Банктің қазіргі клиенттеріне арналған эквайринг тарифтері бойынша талаптар өзгеріссіз қалып, 31.12.2026 жылға дейін күшінде болады
Архивтік тарифтер:
- басқа ЕДБ карталары (Стандарт) - 1,5%
- Біздің карталарымыз - 0,4%
- "Жеңілдікті" тарифі (арнайы МСС) - 1,2%
- "Micromerchant" тарифі ЖК <45 млн - 0,8%
01.01.2027 ж. бастап осы мерчанттар бойынша жаңа талаптар қолданыла бастайды:
POS-терминалдарда және BCC Pay-де төлем қабылдау талаптары оңай және ашық.
Сатып алушының картасына (ЦКБ немесе ЕДБ картасы) қарамастан бірыңғай комиссия алынады:
- ЖК — 1%
- ЖШС — 1,5%
21 февраля с 03:00 до 04:10 будут проводиться плановые технические работы, и в связи с этим будут недоступны операции с банкоматами, оплаты картой офлайн и онлайн, а также переводы с карты на карту.
Приносим извинения за возможные неудобства и рекомендуем заранее запланировать необходимые операции.
2026 жылғы 19 наурыздан бастап «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі № 167-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер күшіне енеді.
Жеке тұлға-клиенттер үшін не өзгереді?
2026 жылғы 19 наурыздан бастап:
- Қазақстан Республикасының барлық азаматы басқа елде тұруға ықтиярхаттың (ТЫ) болуына қарамастан, ҚР резиденті болып танылады, яғни сіздің валюталық операцияларыңызға ҚР резиденттеріне белгіленген ережелер қолданылады.
- Аталған күнге дейін басқа елде тұруға ықтиярхаты бар ҚР азаматтары бейрезидент болып саналады.
Бизнес клиенттер үшін не өзгереді?
2026 жылғы 19 наурыздан бастап:
- ҚР-да жұмыс істейтін шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері де резиденттер болып танылады.
- Бұл өзгерістер бейрезидент мәртебесі Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен бекітілген ұйымдарға қатысты емес.
Бұл неге маңызды?
Өзгерістер ережелерді біріздендіруге бағытталған және клиенттерге банктік қызмет көрсету жағдайларының нашарлауын көздемейді. Резидент немесе бейрезидент мәртебесі жекелеген валюталық операцияларды жүргізу және есептілікті ұсыну тәртібіне әсер етеді.
Birge+ депозитін ашып, жақындарыңызбен немесе достарыңызбен бірге ақша жинаңыз. Ортақ мақсат біріктіреді, ал қаражатты бірге жинау әлдеқайда оңай.
Арманыңызға тезірек жету үшін bcc.kz қолданбасында Birge+ депозитін оңай ашып, бес қатысушыға дейін қосыңыз: әрқайсысы ортақ іске өз үлесін қосып, нәтижені көре алады.
Баспана алу немесе армандаған саяхатқа шығу – мақсат қандай болса да, Birge+ арқылы қаражатты бірге әрі тезірек жинаңыз.
«Сіздің 24/7 режимінде қызмет көрсететін дербес консьержіңіз» функциясы bcc.kz мобильді қолданбасында #IronCard және #TravelCard карталарын ұстаушыларға қайта іске қосылды.
Банк қолданбасынан шықпай-ақ, консьерж-сервис мамандарының көмегін 24/7 режимінде алыңыз:
басты экран → карта → «Сіздің 24/7 режимінде қызмет көрсететін дербес консьержіңіз».
Құрметті клиенттер,
2026 жылғы 12 ақпаннан бастап шетел валютасымен қойылатын төлем талаптары бойынша тарифке өзгерістер енгізілетінін хабарлаймыз.
Аударымдарды жоспарлау және жүзеге асыру барысында жаңартылған талаптарды ескерулеріңізді сұраймыз.
Қолданыстағы тариф туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы қарай аласыздар.
Ынтымақтастығыңызға рақмет.
2026 жылғы 4 ақпаннан бастап #DragonCard және #GoldCard бойынша кешбэк бағдарламасының жаңа талаптары қолданылады.
#DragonCard
Қытайда және бүкіл әлемде жасалатын әр сауда үшін 5% кешбэк – айына 40 000 ₸ дейін беріледі.
#GoldCard
Қытайда және бүкіл әлемде жасалатын әр сауда үшін 3% кешбэк – айына 20 000 ₸ дейін беріледі.
Гонконгта, Макаода, Тайваньда, Alipay және WeChat арқылы жасалған төлемдер ескерілмейді.
Құрметті «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлері!
A25D5G0, Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы АҚ Директорлар кеңесінің бастамасымен (Директорлар кеңесі отырысының 2026 жылғы 04 ақпандағы хаттамасы) 2026 жылғы 18 наурызда сағ. 10:00-де жеке қатысу нысанында Zoom конференция арқылы акционерлердің жалпы жылдық жиналысының өтетіні туралы хабарлайды.
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысына қатысушыларды тіркеу жергілікті уақыт бойынша сағ. 09:30-да басталады.
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2026 жылғы 04 ақпандағы жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімінің деректері негізінде құрылады.
Күн тәртібі:
1. Банктің 2025 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп.
2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2025 жылға арналған шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.
3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2025 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін бекіту туралы.
4. 2026 жылы Банк пен оның еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды бекіту туралы.
5. «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы.
Акционерлер жалпы жылдық жиналыстың күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша материалдармен 2026 жылғы 06 наурыздан бастап келесі мекенжай бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-та сағ. 9:00-18:00 аралығында таныса алады: Алматы қ., Медеу ауд., әл-Фараби даңғ., 38. Жеке тұлғаңызды куәландыратын құжатыңыз болуы тиіс. Акционердің сауалы болған кезде, материалдар сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін жолданады.
Кворум болмаған жағдайда, Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы 2026 жылғы 20 наурызда сағ. 10:00-де жеке қатысу нысанында Zoom конференция арқылы қайта өткізіледі.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II заңының (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 52-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жылдық жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылуы тиіс.
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 35-37, 39-48, 50-52-баптарына, сонымен қатар «Банк ЦентрКредит» АҚ Жарғысының қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Барлық сұрақ бойынша келесі телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады:
7 (727) 259 85 18
Құрметті клиенттер,
2026 жылғы 9 ақпаннан бастап Қытай юанімен (CNY) ақша аудару тарифіне өзгеріс енгізілетінін хабарлаймыз.
Аударымдарды жоспарлау және жүзеге асыру барысында жаңартылған талаптарды ескеруді сұраймыз.
Тариф туралы толық ақпаратты сілтеме арқылы таба аласыздар.
Ынтымақтастығыңызға рақмет.
Құрметті бизнес‑клиенттер!
2026 жылғы 30 қаңтарда «Банк ЦентрКредит» АҚ-та бизнес-клиенттерге банктік қызметтер кешенін ұсынудың стандарт талаптарына (№002 Қосылу шарты) енгізілетін өзгерістердің бекітілгені туралы хабарлаймыз.
Өзгерістер «Депозит‑кепілдік+Кепіл салым» өнімінің күшін жоюға (заңнамаға енгізілген түзетуге байланысты), сондай‑ақ Банктің еншілес ұйымдары арасында клиенттер туралы ақпарат беру талаптарының өзгеруіне қатысты болды.
Аталаған өзгерістермен келесі сілтеме бойынша таныса аласыздар: https://www.bcc.kz/about/sbornik-form-dogovorov/.
Қайта қаржыландыру қолданыстағы кредитті біздің банкімізге ауыстырып, төлемдерді жаңа талаптармен жалғастыруға мүмкіндік береді.
Қайта қаржыландыруды банк бөлімшелерінде ресімдеуге болады. Толық шарттарды, қарыз алушыға және кепіл объектісіне қойылатын талаптарды bcc.kz сайтынан қараңыз.
Мөлшерлеме 23-25%
ЖТСМ 26-29,2%
Құрметті клиенттер!
Қазақстан Республикасы заңнамасына енгізілген өзгерістердің күшіне енуіне және 16% мөлшеріндегі ҚҚС-ның енгізілуіне байланысты халықаралық SWIFT аударымдары бойынша тарифтерге түзету жүргізілетінін хабарлаймыз.
Жаңартылған талаптар 2026 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енеді. Түсіністік танытып, бізге сенім білдіргендеріңізге рақмет!
Біз реттеуші органнан ипотекалық қарыздарды өтеу үшін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) қаражатын пайдалануға қатысты ақпаратты нақтылап жатырмыз.
Қазіргі уақытта біздің клиенттеріміз БЗТ қаражатын бұрынғыдай негізгі борышты да, пайыздарды да өтеу үшін пайдалана алады.
Ресми түсініктеме алғаннан кейін барлық өзгеріс туралы міндетті түрде хабарлаймыз.
Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесіне өзгерістер енгізілді. Өзгерістерге сәйкес, енді біржолғы зейнетақы төлемдері ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша тек негізгі борышты ішінара немесе толық өтеуге бағытталуы мүмкін. Зейнетақы жинақ ақшасы есебінен пайызды, өсімпұлды және айыппұлды өтеуге енді жол берілмейді. Бұрын мұндай мүмкіндік ережеде қарастырылған болатын.
Сонымен қатар өтініш беру тәртібі өзгертілді. Арнайы шот ашылғаннан кейін өтініш беруші зейнетақы қаражатын пайдалану туралы электронды өтінішті толтырады, онда шот нөмірін, пайдалану мақсатын және қолдануға болатын соманы көрсетіп, ЭЦҚ арқылы куәландырады. Бұрын осы өтініште жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару тәсілі де көрсетілуі тиіс еді.
Бұған қоса бұйрықта тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы шарт бойынша құқықтарды жұбайларға және жақын туыстарға беруге болатыны әрі олардың бұл құқықтарды үшінші тұлғаларға бере алмайтыны нақтыланған.
Бұдан бөлек растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, қаражат өтініш берушінің БЖЗҚ-дағы шотына қайтарылады. Ал қаражат қате аударылған жағдайда, уәкілетті оператор үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің келісімімен БЖЗҚ-ға хабарлама жолдайды, содан кейін БЖЗҚ бес жұмыс күні ішінде қаражатты өтініш берушінің шотына қайта аударады.
Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жеке табыс салығынан босатуға қатысты қағидаларды қоспағанда, 2026 жылғы 2 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктердің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына 2026 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енетін жоспарлы өзгерістер мен толықтыруларға байланысты 2240-шот («Клиенттердің міндеттемелерін қамсыздандыру (кепілге қою, кепілақы) ретінде қабылданған ақшаны сақтау шоты») алынып тасталады. Осыған байланысты клиенттердің міндеттемелері бойынша кепілге салынған ақша ретінде қабылданған ақшалай қаражатты сақтауға арналған шот үлгі шот жоспарынан алынып тасталады.
Осы өзгерістер аясында ЦентрКредит Банкі «JAÑA ипотека» өнімі бойынша қарызды қамсыздандыру ретінде пайдаланылатын кепілге салынған ақшаны «Кепілдік» депозитіне аударады.
Бұл клиент үшін нені білдіреді:
- кепілге салынған ақша депозит ретінде ресімделеді
- депозит бойынша жылдық 0,1% мөлшерінде сыйақы есептеледі
- бұл клиентке талаптарды жақсартады, себебі бұған дейін сыйақы есептелмеген.
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес депозиттерге міндетті түрде кепілдік беріледі
bcc.kz қолданбасында пуш-хабарлама жіберілгеннен кейін, келесі құжаттарға онлайн қол қоюыңыз қажет:
- депозит ашу туралы өтініш;
- «Кепілдік» депозиті шарты;
- қажет болса, жұбайының (зайыбының) келісімі;
- банктік қарыз шартына қосымша келісім.
Қарыздың талаптары мен оған қызмет көрсету тәртібі өзгеріссіз қалатынына назар аударыңыз.
bcc.kz қолданбасы әлі орнатылмаған болса, оны QR-код арқылы жүктеп алыңыз.
Сұрақтарыңыз болса, 505 нөмірі арқылы бізбен байланысыңыз.
Сеніміңіз бен ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз!
Құрметті бизнес-клиенттер,
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында Салық кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енгенін хабарлаймыз, оған сәйкес жекелеген банк комиссияларына ҚҚС (қосылған құн салығы) салынады.
Мұндай қызметтер бойынша Банктің тарифтері қосымша немесе жасырын төлемдерсіз, ҚҚС-ны есепке ала отырып көрсетілген.
Банк бизнес-клиенттерге тиімді қызмет көрсету талаптарын сақтайды.
Жекелеген өнімдер бойынша тарифтердің/сыйақылардың өзгеруі туралы ақпарат келесі сілтемелер бойынша берілген:
Факторинг
16.02.2026 ж. бастап BCC төлемдері
Тарифтерге және (немесе) банк қызметтерін көрсету талаптарына қосымша өзгерістер енгізілген жағдайда, Банк клиенттерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде хабардар етеді.
Ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жекелеген банк қызметтеріне қосылған құн салығы (ҚҚС) салынады. Аталған күннен бастап ҚҚС мөлшерлемесі 16%-ға тең болады.
ЦентрКредит Банкі өнімдері бойынша тарифтердің басым бөлігі өзгеріссіз қалады. Өзгерістер төлемдерге қатысты болады — жаңа тарифтер 2026 жылғы 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі. Жаңартылған талаптарды сілтеме бойынша «Тарифтер» бөлімінен қарауға болады.
Сеніміңізге мың алғыс. Біз ынтымақтастығымызды жоғары бағалаймыз және банк қызметтерін сізге ыңғайлы әрі пайдалануға жеңіл етуді жалғастырамыз.
Шот өзін-өзі жұмыспен қамтыған ретінде тіркелген жеке тұлғалардың кәсіби қызметтен түскен кірістерін аударуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимін қолдану аясында есеп айырысуға арналған.
Шотты bcc.kz мобильді қолданбасында немесе банк бөлімшесінде ашуға болады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим сізге сай, егер:
- Сіз Қазақстан Республикасының азаматы немесе қандас болсаңыз.
- Қызметті жалдамалы қызметкерлерсіз өз бетіңізше жүзеге асырсаңыз.
- Кірісіңіз айына 300 АЕК-тен аспаса, шамамен 1 297 500 ₸ болса.
- Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға рұқсат етілген қызмет түрімен айналыссаңыз (тізбені ҚР Үкіметі бекіткен).