E-mail: Pr@bcc.kz
Банк ЦентрКредит қаржы қызметін тұтынушылардың өтініштерін қарау тетіктерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құрған FinOtinish цифрлық платформасымен жұмысын бастады.
Платформаға қосылу Банктің клиентке бағдарланған сервисті дамыту және клиенттермен өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыру бағытындағы кезекті қадамы болды.
Жаңа цифрлық құрал қаржылық қызметтерді тұтынушыларға Банкке бірыңғай электронды арна арқылы өтініш жолдауға, сондай-ақ олардың қаралу барысы мен нәтижелерін онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді.
FinOtinish қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға арналған бірыңғай цифрлық арнаны ұсынады.
FinOtinish цифрлық платформасы арқылы қаржы қызметтерін тұтынушылар (жеке тұлғалар) өз құқықтарының бұзылуына, Банктің әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен келіспеуіне, сондай-ақ қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынуға байланысты шағымдары бойынша Банкке өтініш жолдай алады.
Платформа арқылы жолданған өтініштің мәртебесі мен оны қарау мерзімдерін онлайн режимінде бақылауға болады. Келіп түскен өтініш автоматты түрде Банкке жіберіледі.
Өтініштерді жолдау сілтемесі: https://finotinish.kz/.
Мәселе Банк деңгейінде реттелмеген жағдайда, платформа қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес банк омбудсманына жүгіну мүмкіндігін қарастырады. FinOtinish платформасын пайдалану тегін және оны пайдалану тұтынушының өз еркіне байланысты. Сонымен қатар, платформаға қосылу қаржы қызметтерін тұтынушылардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада көзделген өзге де тәсілдерін пайдалану құқығын шектемейді.
Өнімдер мен қызметтер бойынша кеңес алу, қызмет көрсету шарттарын білу немесе басқа да анықтамалық ақпарат алу үшін клиенттер Банктің келесі байланыс арналарына хабарласа алады:
Банктің байланыс орталығы:
Қазақстан Республикасы аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.
жеке тұлғалар үшін — 505;
Банктің мессенджерлері: WhatsApp және Telegram
(мессенджерлер арқылы қоңырау қабылданбайды)
жеке тұлғалар үшін — 8 (747) 111-15-05.
Банктің ресми сайтындағы чат.
Құрметті Банк клиенттері!
Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 12.08.2018 жылы Астана уақытымен сағат 03:00-ден 07:30-ға дейін төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлаймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөміріне хабарласа аласыздар: Алматы 7 727 244 77 77, 505
При снятии наличных в банкоматах указанного банка для клиентов Банка ЦентрКредит установлены лимиты:
- до 200 000 теңге за одну транзакцию и до 500 000 теңге в сутки.
Клиенты Банка ЦентрКредит снимают в банкоматах до 300 000 теңге в месяц без комиссии согласно условиям своих зарплатных проектов, свыше этой суммы можно снять в банкоматах Банка ЦентрКредит.
Таким образом, общее количество банкоматов по республике, где участники зарплатных проектов Банка ЦентрКредит могут снимать деньги без комиссий, составило -9 939.
О банке
АО «Банк ЦентрКредит» создано 19 сентября 1988 года и является одним из первых коммерческих банков Казахстана.
Банк имеет собственную широкую филиальную сеть по республике, обслуживает юридических и физических лиц более чем в 100 филиалах и отделениях.
Корреспондентская сеть банка насчитывает порядка 40 иностранных банков, что позволяет осуществлять расчеты с вашими партнерами по всему миру. АО «Банк ЦентрКредит» активно участвует практически во всех государственных программах поддержки предпринимательства. По итогам 2015 года БЦК был удостоен звания «лучший банк по субсидированию кредитов в 2014 году в рамках программы развития моногородов на 2012–2020 годы». Также БЦК является лидером по количеству подписанных договоров гарантии АО «Фонд развития предпринимательства «Даму» в рамках программы «Дорожная карта бизнеса 2020».
За дополнительной информацией просьба обращаться в пресс-службу АО «Банк ЦентрКредит» по тел.: +7 727 2598603, +7 727 2443048; asel.durbaeva@bcc.kz, irina.vassilets@bcc.kz, www.bcc.kz
Құрметті клиенттер,
Карточкалық өнімдерді өз клиенттеріміздің қажеттіліктері мен мұқтаждықтарына бейімдеу мақсатында пікіртерімге қатысуларыңызды өтінеміз.
Бұл пікіртерім көп уақыт алмайды, есесіне бізге сіздерді қандай қызметтер қызықтыратынын айқындауға мүмкіндік береді.
Өз ойыңызбен бөліскеніңізге рақмет айтамыз.
Құрметті клиенттер!
Қосымшада жүргізілетін операцияларды (навигацияны) жеңілдету үшін StarBanking қосымшасы бойынша жолнұсқа жасалды.
StarBanking қосымшасын таңдағаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз және StarBanking жүйесі қаржыңызды басқаруда жақсы көмекші болады деп сенеміз!
Құрметті Банк клиенттері!
Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 20.06.2018 жылы Астана уақытымен сағат 02:00-ден 03:00-ге дейін төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлаймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөміріне хабарласа аласыздар: Алматы 7 727 244 77 77, 505
Құрметті клиенттер,
бұл жыл біздің Банк үшін ерекше жыл болып табылады. Өйткені Банк осы кезде құрылғанына 30 жыл толған мерейтойын атап өтеді.
Осы атаулы оқиғаның құрметіне орай ЦентрКредит Банкі лимиттелген өнім – Visa Infinite премиум санатындағы төлем картасын әзірледі!
Картаның көмегімен Сіздер:
- POS-терминалдар арқылы жылдам төлем жасау;
- жоғары Cashback арқасында ақшаңызды үнемдеуң;
- шетелге шыққан кезде сақтандыруға ие болу;
- Visa жүйесінің премиум санатындағы платформасының арнайы ұсыныстарын пайдалану мүмкіндіктеріне ие боласыздар.
Осы картамен 2018 жылғы 4 маусымнан бастап 1 қыркүйекке дейін 30 000 теңгеден астам сомада төлем жасап, жеке саяхаттауға сомасы 3 000 000 теңге тұратын сертификат ойнатылатын ұтыс ойынына қатысыңыздар.
Visa Infinite лимиттелген төлем картасының шығарылымына bcc-limitcard.kz сайтында алдын ала тапсырыс беруге болады.
Асығыңыздар, Visa Infinite картасы шығарылатын мерзім шектеулі!
«Премиум санатындағы Visa Infinite төлем картасы» атты лимиттелген өнімге алдын ала тапсырыс беру 2018 жылғы 7 маусымда аяқталғанын хабарлаймыз.
Сіздерге жаңадан жасалатын шарттар үшін «Сауда эквайрингі» бойынша тарифтерге енгізілген және 2018 жылғы 04 маусымнан бастап күшіне енетін өзгерістер туралы хабарлаймыз.
1.37.1 «Банк ЦентрКредит» АҚ-та шығарылған карточкалар бойынша – соманың 1%.
1.37.2 Басқа банкте шығарылған карточкалар бойынша – соманың 2,5%.
Құрметті Банк клиенттері!
Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 23.05.2018 жылы Астана уақытымен сағат 02:00-ден 03:00-ке дейін төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлаймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөміріне хабарласа аласыздар: Алматы 7 727 244 77 77, 505
Банк ЦентрКредит Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Қарамеңді би көшесі, 4а-үй мекенжайы бойынша орналасқан Қарағанды қаласындағы филиалдың №10 Есеп айырысу-касса бөлімінде (Балқаш қ.) 2018 жылғы 19 мамырда жөндеу жұмыстарының жүргізілетініне байланысты сенбі күні, яғни 2018 жылғы 19 мамырда клиенттерге қызмет көрсетілмейтінін хабарлайды.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
"Банк ЦентрКредит" АҚ 2018 жылғы 17 мамырдан бастап "Delta Bank" АҚ салымшыларының кепілдік берілген депозиттері бойынша жеке тұлға депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеу туралы өтініштер қабылдауды бастайды.
Сізге Банкке келген кезде келесі құжаттарды беру қажет:
- белгіленген нысан бойынша кепілдік берілген өтемді төлеу туралы өтініш
- жеке тұлғаңызды куәландыратын құжат*
*Құжаттар тізбесі толық емес. Қажет болса, банк сіздің жағдайыңызға сәйкес қосымша құжаттарды талап ете алады.
Депозитор кепілдік берілген өтемді төлеу бойынша өзінің құқықтарын растайтын қажетті барлық құжаттарды берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банк депозиторға кепілдік берілген өтемді төлейді.
Өз қалауыңыз бойынша сіз төлемді қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз аласыз немесе біздің банкіміздің депозиттеріне орналастыра аласыз.
Құрметті Банк клиенттері!
Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 08.05.2018 жылы Астана уақытымен сағат 03:00-ден 03:45-ке дейін төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлаймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөміріне хабарласа аласыздар: Алматы 7 727 244 77 77, 505
Құрметті Клиенттер!
"Банк ЦентрКредит" АҚ 02.05.2018 жылдан бастап 31.07.2018 жылға дейін Алматы қалалық филиалының төменде көрсетілген құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс режимінің өзгергені туралы хабарлайды:
- №1 ҚҚО (Алматы қ., Рихард Зорге көш., 16 a);
- №2 ҚҚО (Алматы қ., Төле би көш., 143-а (Мұқанов көш. қиылысы);
- №4 ҚҚО (Алматы қ., Тимирязев көш., 42)
жұмыс күндері сағат 09.00-ден бастап 20.00-ге дейін және сенбі күндері сағат 09.00-ден бастап 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Жоғарыда көрсетілген құрылымдық бөлімшелерде ұзартылған жұмыс режимі кезінде тек жеке тұлғаларға қызмет көрсетіледі.
Құрметті Банк клиенттері!
Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 27.04.2018 жылы Астана уақытымен сағат 04:00-ден бастап 04:10-ға дейін 505, 244 77 77, 2 44 30 30, 8 8000 8000 88 нөмірлері бойынша Банктің Call Center қызметі қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Осы уақыт аралағында сұрақтарыңыз туындаған жағдайда 8 701 223 02 28 WhatsApp номеріне жазыңыз.
Құрметті клиенттер!
Сіздерге "StarBanking" жүйесі бойынша тарифтерге өзгерістер енгізілгені жөнінде хабарлаймыз. Жаңа тарифтер 2018 жылғы мамырда "StarBanking" жүйесінің жаңа нұсқасы іске қосылған күннен бастап күшіне енеді.
| Төлем карталары | |
|---|---|
| 1.34. ЦентрКредит Банкінің қашықтан қызмет көрсету арналары арқылы төлемдерді қабылдау, ҚҚС салынбайды | |
| Шотты, ЦКБ-нің төлем карточкасын (банкоматтар, терминалдар, StarBanking-тен басқа) пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз түрде | 50 теңге (егер «Банк ЦентрКредит» АҚ пен заңды тұлға арасында жасалған шартта өзгесі көзделмесе) |
| Жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтер | |
|---|---|
| VI. StarBanking жүйесінде қызмет көрсету тарифтері | |
| 6.4. «BCC Express» жүйесі арқылы ақша аудару: жеке тұлғаның «Банк ЦентрКредит» АҚ-та ашқан ағымдағы шотынан/төлем картасынан басқа жеке тұлғаға шот ашпай-ақ (банк ішінде) ақша аудару (операцияға белгіленген лимит 100 000 теңге), ҚҚС салынбайды | Аударым сомасының 1% (ең азы – 100 теңге) |
| 6.6. StarBanking жүйесінде ЦКБ-нің шотын/төлем карточкасын пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз түрде төлем жасау | 0 теңге |
Құрметті Банк клиенттері!
Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 23.04.2018 жылы Астана уақытымен сағат 04:00-ден бастап 04:30-ға дейін 505, 244 77 77, 2 44 30 30, 8 8000 8000 88 нөмірлері бойынша Банктің Call Center қызметі қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Осы уақыт аралағында сұрақтарыңыз туындаған жағдайда 8 701 223 02 28 WhatsApp номеріне жазыңыз.
Құрметті Банк клиенттері!
Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 19.04.2018 жылы Астана уақытымен сағат 04:00-ден бастап 04:30-ға дейін 505, 244 77 77, 2 44 30 30, 8 8000 8000 88 нөмірлері бойынша Банктің Call Center қызметі қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Осы уақыт аралағында сұрақтарыңыз туындаған жағдайда 8 701 223 02 28 WhatsApp номеріне жазыңыз.
ҰСЫНЫС
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының («АҚ туралы заң») 25-бабының 3-тармағына сәйкес «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың («Банк») 78 095 863 жай акциясын иеленетін Байсеитов Бахытбек Рымбекович («Байсеитов Б.Р. мырза») Банктің басқа акционерлеріне (жай және артықшылықты акцияларын ұстаушыларға) Банктің оларға тиесілі акцияларын төмендегі бағамен сатуды ұсынады:- бір жай акция үшін 253,94 теңге, бұл 14.09.2017ж. бастап 13.03.2018ж. дейінгі кезең ішінде Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша қалыптасқан орташа алынған нарықтық баға болып табылады, және
- бір артықшылықты акция үшін 253,94 теңге, бұл кәсіби бағалаушы белгілеген баға болып табылады.
Осы ұсыныстың талаптарымен, соның ішінде ұсыныстың соңындағы «Ерекше талаптар» бөліміндегі ақпаратпен мұқият танысып алуыңызды өтінеміз.
ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАЙТЫН АГЕНТ
- жай акциялар бойынша: https://www.bcc.kz/upload/news/prostye-akcii-2018.pdf және
- артықшылықты акциялар бойынша: https://www.bcc.kz/upload/news/privilegirovanie-akcii-2018.pdf
Өтініштер 2018 жылғы 11 сәуірден 2018 жылғы 11 мамырға дейін (қоса алғанда) демалыс және мереке күндерінен басқа күндері Алматы уақытымен сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін қабылданады. Қажетті деректер көрсетілмеген немесе белгіленген мерзімдерді бұза отырып ұсынылған өтініштерді қабылдаудан бас тартылуы мүмкін. Осындай себептермен қабылданбаған жағдайда, акционер кемшіліктерді түзетіп, Өтінішті жоғарыда көрсетілген мерзімдерде қайта ұсынуға құқылы. Өтініш көрсетілген мерзім ішінде берілетін болса, Өтініш беру саны шектелмейді.
ЖАЙ АКЦИЯЛАРДЫ САТЫП АЛУ
Жай акцияларды сатып алу 2018 жылғы 15 мамырда Қазақстан қор биржасында мамандандырылған сауда-саттық әдісімен* Банктің бір жай акциясы үшін 253,94 теңгеге тең баға бойынша сатуға лимиттелген қарсы өтінімдерді қанағаттандыру жолымен жүргізіледі. Акциялар үшін төлем жасау Қазақстан қор биржасында сауда-саттық жүргізу ережелеріне сәйкес номиналды ұстаушының шотына жүзеге асырылады.Банктің жай акцияларын сатуға ниеті бар акционерлер:
- Агентке жоғарыда көрсетілгендей жазбаша Өтінішті жолдауы 11 мамыр 2018 жылға дейін;
- Банктің жай акцияларын номиналды ұстаушыда (орталық депозитарийде) сақтайтын акционерлер (1) тармаққа қосымша брокерге (номиналды ұстаушыға) 2018 жылғы 11 мамырдағы Алматы уақытымен сағат 15:00-ден кешіктірмей Банктің жай акцияларын мамандандырылған сауда-саттық әдісімен сатуға тапсырыс беруі тиіс;
- Банктің жай акцияларын «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамында («БҚБТ») сақтайтын акционерлер (1) тармаққа қосымша:
- 2018 жылғы 14 мамырға дейін Агентте немесе басқа да кез келген номиналды ұстаушыда брокерлік шот ашып, Банктің жай акцияларын БҚБТ-дағы шоттан брокердің номиналды ұстауына аударуды жүргізуі;
- 2018 жылғы 15 мамырдағы Алматы уақытымен сағат 15:00-ден кешіктірмей, брокерге (номиналды ұстаушыға) Банктің жай акцияларын мамандандырылған сауда-саттық әдісімен сатуға тапсырыс беруі тиіс.
АРТЫҚШЫЛЫҚТЫ АКЦИЯЛАРДЫ САТЫП АЛУ
Банктің артықшылықты акцияларын сататын Банк акционерлері Өтініш берген күннен кейінгі 3 жұмыс күні ішінде БҚБТ-ға немесе өзінің номиналды ұстаушысына Банктің артықшылықты акцияларын есептен шығарып, оларды Байсеитов Б.Р. мырзаның шотына есепке алу туралы бұйрық («Бұйрық») беруі тиіс, сондай-ақ тиісті комиссияларды төлеп, Банктің артықшылықты акцияларын аударғаны жөнінде осы ұсыныста көрсетілген байланыс деректері бойынша дереу хабарлауы қажет. Бұл талапты орындамаған кезде, акционер осы ұсыныстан бас тартты деп есептеледі. Осы ұсыныс бойынша артықшылықты акцияларды сатуға Өтініш берген Банк акционерлеріне тез арада Бұйрықты толтыру үшін қажетті ақпарат, соған қоса Байсеитов Б.Р. мырзаның шотына қатысты ақпарат беріледі.Артықшылықты акциялар үшін белгіленген мерзім ішінде аударылған төлем артықшылықты акциялар Байсеитов Б.Р. мырзаның жеке шотына есепке алынған күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде Өтініште көрсетілген акционердің банктік шотына аударылады.
Жоғарыда көрсетілген мерзімдерде жай акцияларды сатуға өздерінің Өтінімдерін және/немесе артықшылықты акцияларды аудару жөніндегі Бұйрықтарды бермеген, сондай-ақ жоғарыда аталған құжаттарды осы хабарламаның, Қазақстан қор биржасының және/немесе заңнаманың талаптарын бұза отырып берген Банк акционерлері осы ұсыныстан бас тартқан болып есептеледі.
Әр акционер рұқсаттарды, мақұлдауды алу және Акцияларды сату үшін қажетті басқа да іс-әрекеттерді уақытылы жасау (солардың ішінде БҚБТ-ға, брокерге (номиналды ұстаушыға) шотты ашу, акцияларды есептен шығару және есепке алу және олардың Қазақстан қор биржасында мамандандырылған сауда-саттық әдісімен сату үшін талап етілетін құжаттар мен мәліметтерді беру) үшін, сондай-ақ кез келген комиссияларды, алымдар мен салымдарды, соған қоса брокердің, БҚБТ, номиналды ұстаушылардың қызметтеріне ақы төлеу үшін өз бетінше жауап береді.
ЕРЕКШЕ ТАЛАПТАР
Жария офертаОсы хабарламадағы Банктің акцияларын сатып алу туралы ұсыныс жария оферта болып табылады және Банктің өздеріне тиесілі жай және/немесе артықшылықты акцияларын сатқысы келген акционерлердің осы ұсыныста көрсетілген мерзімдерде және тәртіппен өтініш жолдауы осы жария офертаны акцепттеуі болып табылады.
Монополияға қарсы органның келісімі
Банктің жай акцияларын сатып алуға Өтініштер мамандандырылған сауда-саттық өтетін күні Қазақстан қор биржасына (бұдан кейін – KASE) берілген сәйкес тапсырыстардың хронологиялық тәртібімен орындалады.
KASE-де мамандандырылған сауда-саттықты жүргізу барысында алынған өтінімдерге сәйкес Байсеитов Б.Р. мырза сатып алуға тиісті болатын Банктің жай акцияларының саны 2 001 833 данадан асқан жағдайда, Байсеитов Б.Р. мырза монополияға қарсы органның келісімін алғаннан кейін KASE-де мамандандырылған сауда-саттықты жүргізу жолымен Банктің осындай жай акцияларын сатып алып, олардың ақысын төлейді.
Осы ұсыныс жарияланған күні Байсеитов Б.Р. мырзаға тиесілі Банктің дауыс беретін акцияларының саны 78 095 863 дананы немесе Банктің дауыс беретін акцияларының жалпы санының (160 195 393 дана) 48,75%-н құрайтынын назарыңызға саламыз.
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес, Байсеитов Б.Р. мырзаның Банк акцияларының кез келген санын сатып алуы нәтижесінде оған Банктің дауыс беретін барлық акцияларының 50%-нан аса көлемі (яғни 80 097 696 данадан көп) тиесілі болса, Байсеитов Б.Р. мырза монополияға қарсы органның келісімін алуға міндетті.
БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ
Осы хабарлама бойынша сұрақтарыңыз болған жағдайда немесе қосымша ақпарат не хабарламада көрсетілген құжаттарды алу қажет болған кезде, «BCC Invest» акционерлік қоғамының Сауда операциялары департаментіне +7 (727) 2-443-232 телефон нөмірі; info@bcc-invest.kz электрондық пошта мекенжайы бойынша хабарласуды өтінеміз.
*Акцияларды сатып алу Биржаның сауда-саттықты жүргізу әдістері туралы қағидаға (http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf) сәйкес Қазақстан қор биржасында мамандандырылған сауда-саттық әдісімен лимиттелген қарсы өтінімдерді қанағаттандыру жолымен жүзеге асырылады.
Құрметті клиенттері!
Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 11.04.2018 жылы Астана уақытымен сағат 02:00-ден 05:00-ге дейін төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлаймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөміріне хабарласа аласыздар: Алматы 7 727 244 77 77
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың толық атауы: «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы.
«Банк ЦентрКредит» АҚ атқарушы органының толық атауы: «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының Басқармасы.
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың атқарушы органы орналасқан жер: Қазақстан Республикасы, пошта индексі: A25D5G0, Алматы қаласы, Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан кейін – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 35-бабына, 37-бабының 1-тармағына және 3-тармағының 3-тармақшасына, 41-бабына сәйкес «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамының (бұдан кейін – «Банк ЦентрКредит» АҚ) Директорлар кеңесі жиналысты шақыруға бастамашы ретінде 2018 жылғы 27 сәуірде сағат 10.00-де (Алматы уақытымен) Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38-үй, 2-қабат, конференц-зал мекенжайында «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан кейін – акционерлердің жалпы жиналысы) өткізілетінін хабарлайды.
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін орында жүзеге асырылады, тіркеу 9 сағат 30 минутта (Алматы уақытымен) басталады және 9 сағат 55 минутта (Алматы уақытымен) аяқталады.
Акционерлердің жалпы жиналысында кворум болмаған жағдайда, «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің қайталап өткізілетін жалпы жиналысы 2018 жылғы 28 сәуірде сағат 10.00-де (Алматы уақытымен) Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38-үй, 2-қабат, конференц-зал мекенжайында өткізіледі.
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі «Бірыңғай тіркеуші» АҚ 2018 жылғы 9 сәуірдегі жай-күйі бойынша ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылардың тізіліміндегі деректердің негізінде жасалады.
Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі:
- «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.
- «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқармасының 2017 жылғы қызмет нәтижелері туралы есебі.
- «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2017 жыл бойынша шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
- «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2017 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту.
- «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Жарғысына және «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Корпоративтік басқару кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы.
- Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы.
Акционерлік қоғамдар туралы заңның 43-бабының 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін, мұндай толықтырулар туралы қоғам акционерлеріне жалпы жиналыс өткізілетін күннен кемінде он бес күн бұрын немесе Акционерлік қоғамдар туралы заңның 43-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен хабарланған жағдайда, қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленген акционер немесе Директорлар кеңесі толықтыруы мүмкін.
Акционерлік қоғамдар туралы заңның 44-бабының 4-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлердің танысуы үшін қоғамның акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін күннен он күн бұрын дайын әрі қолжетімді болады. Акционерлер акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен 2018 жылғы 17 сәуірден бастап сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқармасы орналасқан жерде таныса алады. Өзіңізбен бірге жеке тұлғаңызды куәландыратын құжат болуы қажет. Акционер сұрау жасаған жағдайда, материалдар сұрау алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі, бірақ жоғарыда көрсетілген күннен ерте жіберілмейді.
Сіздерді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша 2 598 598, ішкі 10011 телефон нөміріне хабарласуды өтінеміз.
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлеріне акционерлердің жалпы жиналысын өткізудің келесі тәртібімен танысуды ұсынамыз.
Банк акционерлерінің жалпы жиналысын ашқанға дейін есеп комиссиясы келген акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркейді. Акционердің өкілі өзінің акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге өкілеттілігін растайтын сенімхатты ұсынуы қажет. Жеке тұлға акционердің өкіліне берілген сенімхат нотариатты куәландырылған болуы тиіс. Заңды тұлға акционердің өкілі қоғамның бірінші басшысының немесе бірінші басшыны алмастырушы тұлғаның қолы қойылған және қоғамның мөрімен куәландырылған сенімхатты ұсынуы қажет.
Егер заңды тұлғаның атынан берілген сенімхатқа бірінші басшыны алмастырушы тұлға қол қойған болса, бірінші басшыны алмастырушы тұлғаның Банк акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу туралы жоғарыда көрсетілген сенімхатты беруге құзыреттілігін растайтын, ұйымның мөрімен куәландырылған құжатты ұсынуы қажет.
Акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын заңды тұлға болып табылатын акционер оның акционерлерінің (қатысушыларының) (егер Банкте мұндай акционерлер (қатысушылар) тіркелген ел туралы ақпарат болмаса) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі» туралы Қазақстан Республикасы заңының 17-бабының 5-тармағына сәйкес талаптарды орындағаны көрсетілген өтінішті береді. Өтініш нысаны «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың http://www.bcc.kz/upload/zayavlenie_kaz.doc веб-сайтында орналастырылған.
Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
Кворум болған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысы хабарланған уақытта ашылады. Егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу аяқталған кезде оған қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар, қоғамның дауыс беретін акцияларының жинақтап алғанда елу және одан да көп пайызын иеленетін акционерлер немесе олардың өкілдері тіркелсе (кворум), акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі мәселелерді қарастыруға және олар бойынша шешім қабылдауға құқылы.
Барлық акционерлер (олардың өкілдері) тіркелген, хабарланған және жиналыстың ашылу уақытын өзгертуге қарсылық білдірмеген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысы хабарланған уақыттан ерте ашылмауы тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысы Банктің Директорлар кеңесі Төрағасының алғы сөзінен басталады.
Келесі жағдайларды қоспағанда:
- Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, бір акционерге берілетін акциялар бойынша дауыстардың ең көп санын шектеуді;
- Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау кезінде кумулятивтік дауыс беруді;
- акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беруге құқығы бар әрбір тұлғаға акционерлердің жалпы жиналысын өткізудің процедуралық мәселелері бойынша бір дауыстан беруді қоспағанда,
акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру «бір акция – бір дауыс» принципі бойынша жүзеге асырылады.
Акциялар бойынша берілетін кумулятивтік дауыс беру кезінде акционер дауыстарды Директорлар кеңесінің мүшелігіне бір кандидат үшін толық беруі немесе Директорлар кеңесінің мүшелігіне бірнеше кандидат арасында бөліп беруі мүмкін. Дауыстар саны ең көп берілген кандидаттар Директорлар кеңесіне сайланған болып танылады. Егер Директорлар кеңесінің мүшелігіне екі немесе одан көп кандидат дауыстар санын бірдей жинаған болса, акционерлерге дауыстар санын бірдей жинаған кандидаттар көрсетілген кумулятивтік дауыс беру бюллетендерін беру арқылы осы кандидаттар бойынша қосымша кумулятивтік дауыс беру жүргізіледі.
Акционерлік қоғамдар туралы заңның 52-бабының 1-тармағына сәйкес Акционерлердің жалпы жиналысының хаттамасы акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, оған қол қойылуы тиіс.
Акционерлердің жалпы жиналысы Акционерлік қоғамдар туралы заңның 35, 36, 37, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 50, 51, 52-баптарына, сондай-ақ «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың қолданыстағы Жарғысының нормаларына сәйкес өткізіледі.
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерін «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға шақырамыз.
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың
Директорлар кеңесі
Құрметті клиенттері!
2018 жылғы 18 наурызда сағат 04:00-ден бастап 08:00-ге дейін банк жабдықтарында техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Осыған байланысты көрсетілген уақыт аралығында банктің байланыс орталығының жұмысында бір сағат ішінде ақаулар болуы мүмкін.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
2018 жылғы 14 наурыздан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ пен "Цеснабанк" АҚ үлестес және байланысты тұлғалар болып табылмайды.
"Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – банк) баспасөз қызметі банктің жай акцияларын сатып алу-сату мәмілесі жасалғаны жөнінде мәлімдеді.
Банктің орналастырылған жай акцияларының жалпы санының 29,56% үлесін құрайтын "Цеснабанк" акционерлік қоғамына тиесілі болған жай акциялардың барлық пакеті "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың ірі қатысушылары Байсеитов Бақытбек Рымбекұлына, Ли Владислав Сединовичке және жеке тұлғалар (миноритарлы акционерлер) тобына сатылды.
– Жасалған мәміленің нәтижесі бойынша Бақытбек Байсеитовтің үлесі банк орналастырған жай акциялардың жалпы санының 48,07%-ын, Владислав Лидің үлесі банк орналастырған жай акциялардың жалпы санының 10,05%-ын құрады, - деп хабарлады банк басқармасының төрағасы Ғалым Хусаинов.
Осыдан бұрын банк 2018 жылғы 15 ақпанда ұсынған хатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ли Владислав Сединовичтің банктің ірі қатысушысы мәртебесін алуына келісім бергені жөнінде мәлімдеген болатын.
Бұған қоса банк банктің Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №223 қаулысының негізінде жарияланған "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың жай акцияларына айырбасталатын артықшылықты акцияларын банктің бастамасымен сатып алу процедурасының аяқталғаны туралы хабарлады.
Осылайша, 2018 жылғы 14 наурыздағы жай-күйі бойынша банктің артықшылықты акцияларының 39 044 841 данасы сатып алынды, оның ішінде "Цеснабанк" АҚ-тан 8 366 560 дана акция және "Цесна" қаржы холдингі» АҚ-тан 27 067 109 дана акция сатып алынды.
Банктің ресми хабарламасында: "2018 жылғы 14 наурыздан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ пен "Цеснабанк" АҚ үлестес және байланысты тұлғалар болып табылмайды», – деп көрсетілген.
"Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және Қазақстанның ең алғашқы коммерциялық банктерінің бірі болып табылады. Банктің республика бойынша кең тараған филиалдық желісі бар және өзінің 100-ден астам филиалдары мен бөлімшелерінде заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді.
Қосымша ақпарат алу үшін "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың баспасөз қызметіне хабарласуды өтінеміз. Байланыс телефондары: +7 727 2598603, +7 727 2443048. asel.durbaeva@bcc.kz, irina.vassilets@bcc.kz, www.bcc.kz
Құрметті клиенттері! Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 11.03.2018 жылы Астана уақытымен сағат 03:00-ден 04:00-ге дейін төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөміріне хабарласа аласыздар: Алматы 7 727 244 77 77