Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Баспасөз қызметі
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
FinOtinish цифрлық платформасы арқылы пилоттық жобаға қосылу

Банк ЦентрКредит қаржы қызметін тұтынушылардың өтініштерін қарау тетіктерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құрған FinOtinish цифрлық платформасымен жұмысын бастады.

Платформаға қосылу Банктің клиентке бағдарланған сервисті дамыту және клиенттермен өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыру бағытындағы кезекті қадамы болды.

Жаңа цифрлық құрал қаржылық қызметтерді тұтынушыларға Банкке бірыңғай электронды арна арқылы өтініш жолдауға, сондай-ақ олардың қаралу барысы мен нәтижелерін онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді.


FinOtinish қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға арналған бірыңғай цифрлық арнаны ұсынады.

FinOtinish цифрлық платформасы арқылы қаржы қызметтерін тұтынушылар (жеке тұлғалар) өз құқықтарының бұзылуына, Банктің әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен келіспеуіне, сондай-ақ қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынуға байланысты шағымдары бойынша Банкке өтініш жолдай алады.

Платформа арқылы жолданған өтініштің мәртебесі мен оны қарау мерзімдерін онлайн режимінде бақылауға болады. Келіп түскен өтініш автоматты түрде Банкке жіберіледі.

Өтініштерді жолдау сілтемесі: https://finotinish.kz/.

Мәселе Банк деңгейінде реттелмеген жағдайда, платформа қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес банк омбудсманына жүгіну мүмкіндігін қарастырады. FinOtinish платформасын пайдалану тегін және оны пайдалану тұтынушының өз еркіне байланысты. Сонымен қатар, платформаға қосылу қаржы қызметтерін тұтынушылардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада көзделген өзге де тәсілдерін пайдалану құқығын шектемейді.



Өнімдер мен қызметтер бойынша кеңес алу, қызмет көрсету шарттарын білу немесе басқа да анықтамалық ақпарат алу үшін клиенттер Банктің келесі байланыс арналарына хабарласа алады:


Банктің байланыс орталығы:

Қазақстан Республикасы аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

жеке тұлғалар үшін — 505;


Банктің мессенджерлері: WhatsApp және Telegram

(мессенджерлер арқылы қоңырау қабылданбайды)

жеке тұлғалар үшін — 8 (747) 111-15-05.

Банктің ресми сайтындағы чат.

Техникалық жұмыстар
Жаңалықтар
Плановые технические работы 2025 года

23 тамыз күні сағат 03:00-ден 04:50-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты bcc.kz және bcc business қосымшалары, сондай-ақ банкоматтар мен терминалдар арқылы жасалатын операциялар уақытша қолжетімсіз болады.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Жаңалықтар
Private Banking-те премиум қызмет көрсету критерийлері

2025 жылғы қыркүйектен бастап премиум қызмет көрсету критерийлерін жаңартамыз.

Ай сайын әр айдың 10-шы күніне дейін келесі талаптардың біріне сәйкес мәртебе тағайындалады:

Premium

Private

  • Шоттарыңыздағы (ағымдағы, карталық, депозиттік, аллокирленбеген металл, брокерлік шоттар және инвестициялық құралдардағы активтер) алдыңғы күнтізбелік айдағы жиынтық орташа айлық қалдық кемінде 30 млн ₸ баламасына тең болуы тиіс.

немесе

  • #IronCard картасымен күнтізбелік ай ішінде жасалған сауда сомасы кемінде 3 млн ₸ баламасына тең болуы тиіс.
  • Шоттарыңыздағы (ағымдағы, карталық, депозиттік, аллокирленбеген металл, брокерлік шоттар және инвестициялық құралдардағы активтер) алдыңғы күнтізбелік айдағы жиынтық орташа айлық қалдық кемінде 100 млн ₸ баламасына тең болуы тиіс.

немесе

  • Private қызмет пакеті


Қосымша ақпарат алу үшін дербес менеджеріңізге немесе 303 премиум қолдау желісіне хабарласа аласыз.

Инвесторларға
CCBNb29 екінші шығарылымының күшін жою (19.08.2025 ж.)

«Банк ЦентрКредит» АҚ 2025 жылдың 19 тамызында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің берілген мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою туралы Куәлігіне сәйкес Банктің CCBNb29 (ISIN KZ2C00004083) үшінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде қамтамасыз етілмеген акцияға айырбасталатын купондық реттелген облигациялардың екінші шығарылымының күші жойылғанын хабарлайды.

Инвесторларға
«Банк ЦентрКредит» АҚ 100 млрд теңгеге жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигациялар шығаруды бекітті (Директорлар кеңесінің 18.08.2025 ж. шешімі)

Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 18.08.2025 жылы Банктің Директорлар кеңесінің келесі шешімді қабылдағаны туралы хабарлайды:

1. «Банк ЦентрКредит» АҚ жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларын шығару арқылы 100 000 000 000 (Бір жүз миллиард) теңге сомасына «Банк ЦентрКредит» АҚ міндеттемелерін ұлғайту бекітілсін.

2.  «Банк ЦентрКредит» АҚ жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларын шығару талаптары  бекітілсін.

3. Инвесторлардың шектеулі саны арасында жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру бекітілсін. Облигациялардың кірістілігі облигациялар айналысының бүкіл мерзіміне бекітілген және «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда-саттықты ұйымдастырушының қағидаларына сәйкес облигацияларды орналастыру бойынша бірінші өткізілген сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болады.

Жаңалықтар
Бензин талондары — өткеннің еншісінде!

Смарт жанармай құю — отын шығынын оңтайландыру және бизнес тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген, ЦентрКредит Банкі мен SMART GAS GLOBAL LTD компаниясының бірлескен тегін жобасы.

Смарт жанармай құю сервисінің артықшылықтары:

  • Жанармай шығынын толық бақылау — егжей-тегжейлі аналитика.
  • Бухгалтерлердің уақытын үнемдеу: автоматты есептер мен ҚҚС-ны өтеуге арналған құжаттар.
  • Еліміздегі барлық ірі АЖҚБ-да жанармайды ешқандай кезексіз және жылдам құю.
  • Алдын ала төлемсіз төлеу — қаражат компанияның ағымдағы шотынан есептен шығарылады.

Сервис толығымен тегін және оны ЦентрКредит Банкінің кез келген бизнес-картасы арқылы қолдануға болады.

Толығырақ: https://www.bcc.kz/kz/business/smart-fuel/

Жаңалықтар
Жаңа салымшыларға арналған акция: «Мерзімді» салымдарына +2% үстеме

2025 жылғы 11 тамыз бен 11 қараша аралығында 500 мыңнан бастап 1 млн теңгеге дейінгі сомада салым ашқан жаңа бизнес-клиенттерге/салымшыларға* арналған акцияның басталғаны туралы хабарлаймыз.

Талаптары:

Акция өткізілетін кезеңде салым ашқан жаңа клиенттерге/салымшыларға:

«Мерзімді» салымдарын 3 айдан бастап 6 айға дейінгі мерзімге ашқан кезде стандарт мөлшерлемеге +2,0% беріледі.

Акция тек теңгемен ашылатын салымдарға қатысты қолданылады.

Маңызды: Пакет бойынша үстеме акция бойынша үстемеге қосылмайды.

*Алғаш рет салым орналастыратын және соңғы 12 айда салым орналастырмаған клиенттер жаңа салымшылар деп танылады.

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкінде «Ұлттық қор – балаларға» арнайы шотын ашыңыз

Мемлекеттік «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында арнайы шот ашып, балаңыздың біліміне арналған мемлекеттік қаражатты алыңыз:

  • Қазақстанда білім алу ақысын төлеу.
  • Шетелде білім алу ақысын төлеу.
  • AQYL білім беру салымын толықтыру.


Бұл төлемдерге 2006 жылы және одан кейін туған барлық Қазақстан азаматы құқылы. Қаражатты балаңыз 18 жасқа толғаннан кейін пайдалануға болады.

bcc.kz мобильді қолданбасында арнайы шотты оңай ашып, балаңыздың біліміне арналған қаражатты алыңыз.

Инвесторларға
CCBNb29 облигацияларын сатып алу және үшінші бағдарлама шеңберіндегі екінші шығарылымның күшін жою (04.08.2025 ж. шешім)

Құрметті инвесторлар!

Осымен «Банк ЦентрКредит» АҚ (бұдан әрі - Банк) Директорлар кеңесінің 04.08.2025 жылғы келесі шешім қабылдағаны туралы хабарлайды:

  • Қазақстан Республикасы банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасына Банктің қатысуы аясында шығарылған, жай акцияларға айырбасталатын, қамсыздандырусыз атаулы купондық реттелген облигацияларды (CCBNb29 - KASE, ISIN KZ2C00004083) Банктің бастамасы бойынша мемлекеттік қаражатты қайтару аясында 29 998 759 (жиырма тоғыз миллион тоғыз жүз тоқсан сегіз мың жеті жүз елу тоғыз) дана мөлшерінде 1 000,0 (бір мың) теңге номиналды құнымен сатып алу;
  • «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың үшінші облигациялық бағдарламасының шегінде 60 000 000 (Алпыс миллион) дана мөлшерінде жай акцияларға айырбасталатын, қамсыздандырусыз купондық реттелген облигациялардың екінші шығарылымының күшін жою (09.10.2017 жылғы Е99-2 Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік).
Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкінде AQYL білім беру салымын ашыңыз

Білім алуға жинаған қаражатыңызды қорғап, көбейту үшін ЦентрКредит Банкінде өз атыңызға немесе балаңыздың атына AQYL білім беру салымын ашыңыз. 

Жиналған қаражатты кәсіби-техникалық және жоғары білім алуға жұмсауға болады – қаражат сенімді түрде қорғалады және оны банк Қазақстандағы немесе шетелдегі оқу орнының шотына аударады.  

  • Мемлекеттік сыйлықақы есептеледі 

  • «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында алынған қаражат есебінен толықтыру мүмкіндігі 

  • «Келешек» бағдарламасы аясында бастапқы білім беру капиталына ие болу мүмкіндігі 

ББК 2025 жылы және одан кейін 5 жасқа толған балаларға төленеді. ББК-ны сақтау үшін оны шотқа түскен күннен бастап жыл сайын толықтырып отыру қажет: жыл сайынғы ең төменгі жарна – 12-24 АЕК.  

Мемлекет кепілдігі – тиімді пайыз: 

  • Жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы 5-7% 

  • Оған қоса банк сыйақысы 

  • Оқу орнының шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы қаражаттың бір бөлігін алуға болады 

AQYL білім беру салымын Қазақстан азаматтары bcc.kz мобильді қолданбасы арқылы онлайн аша алады, бұл – балаларыңыздың болашағына тиімді инвестиция салуға тамаша мүмкіндік.  

Толығырақ біздің сайтымыздан біле аласыз: AQYL білім беру салымы 

Жаңалықтар
Жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша рубльмен жүргізілетін кассалық операцияларға белгіленген тарифтердегі өзгерістер

20.08.2025 ж. жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша рубльмен жүргізілетін кассалық операциялар үшін жаңа тарифтер қолданысқа енді.

Тарифтер туралы толық ақпаратты 505 нөмірі бойынша немесе сайтымыздан ала аласыз: https://www.bcc.kz/kz/personal/tariffs/

Инвесторларға
2025 жылдың 5 тамызында купондық сыйақы төлеу жүзеге асырылды

«Банк ЦентрКредит» АҚ 2025 жылдың 5 тамызында CCBNb30 (ISIN KZ2C00004158) облигациясы бойынша купондық сыйақы төленгені туралы  хабарлайды.

Төленген купондық сыйақының жалпы сомасы 600 000 000 (алты жүз миллион) теңге 00 тиын.

Жаңалықтар
Саяхатқа жолдама ұтыс ойыны ұзартылды

2025 жылғы 1-31 шілде аралығында сақтандырумен бірге кепілсіз кредит ресімдеген клиенттер арасында жолдама ұтысқа тігілген акция өтті. Енді жақсы жаңалығымыз бар: акция жалғасады!

1-31 тамыз аралығында өмірді сақтандырумен бірге қолма-қол ақшамен берілетін кредит немесе қайта қаржыландыру ресімдеп, қосымша саяхат сертификаттары ұтыс ойынына қатысыңыз.

Біз әрқайсысы 1 000 000 ₸ сомасында тағы 3 жолдама қостық. Жаңа ұтыс ойынының қорытындысы 23 қыркүйекте @centercreditkz Instagram-парақшасындағы тікелей эфирде жарияланады.

Қатысып үлгеріңіз — тамыз айында сақтандырумен бірге кредит ресімдеп, армандаған саяхатыңызды ұтып алыңыз!

 Маңызды:

Жолдама ұтып алған клиенттер 23 қыркүйектегі ұтыс ойынына қатыспайды.

Шілде айында ресімделген қарыздары бар қатысушылар да қыркүйектегі ұтыс ойынына қатыспайды.

Акция ережесі

Жаңалықтар
Бизнес-клиенттерге арналған FX-платформаның жұмыс уақыты ұзартылды

Бизнесіңізге арналған FX-платформаның кеңейтілген мүмкіндіктері.

ЦентрКредит Банкі бизнес-клиенттерге арналған FX-платформаның жұмыс уақытын ұзартты: енді кейбір валюта жұптары бойынша операцияларды жұмыс күндері сағат 21:00-ге дейін жүргізуге болады. Бұл – келесі негізгі валюта жұптары бойынша мәміле жасауға көбірек уақыт пен мүмкіндіктің болуы:

EUR/USD, USD/RUB, GBP/USD, EUR/GBP, EUR/RUB, GBP/RUB, USD/CNY, USD/AED, CNY/RUB, AED/RUB.

Сонымен қатар ақша айырбастау процесі бойынша 24 валюта жұбынан тұратын кеңейтілген желі ұсынылатынын есіңізге саламыз, бұл ақшаны жедел айырбастауға, серіктестермен есеп айырысуды нақты теңшеуге және валюта тәуекелдерін тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

ЦентрКредит Банкі ұсынған FX-платформаның артықшылықтары:

  • BCC Business қолданбасының виджеті мен авторизациядан өтпеген аймағы арқылы тиімді бағамдарға қол жеткізу
  • BCC Business қолданбасымен интеграция — мәміле небәрі бірнеше батырманы басу арқылы жасалады
  • Сіздің кестеңіз бен міндеттеріңізге сай ұзартылған жұмыс уақыты

Көбірек валюта. Көбірек уақыт. Көбірек бақылау.

ЦентрКредит Банкінің FX-платформасы — белсенді бизнеске арналған заманауи құрал.

Техникалық жұмыстар
Жаңалықтар
2025 жылғы 31 шілдеде жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

31 шілде күні сағат 02:00-04:00 аралығында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. 

Осыған байланысты банкомат арқылы операция жүргізу 20 минут бойы мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Жаңалықтар
2025 жылғы 30 шілдеде жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

30 шілде күні сағат 02:00-03:00 аралығында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты банкомат арқылы операция жүргізу 20 минут бойы мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Жаңалықтар
Aqbulaq эко-қонақүйінде 10% жеңілдік

Демалысыңызды табиғат аясында өткізгіңіз келе ме? Aqbulaq эко-қонақүйінде тұру ақысын Mastercard картасымен төлеңіз де, 10% жеңілдік алыңыз.

Маңызды: ұсыныс тек тұру ақысына қатысты қолданылады және басқа акциялармен қосылмайды.

📅 Ұсыныс 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жарамды
Visit Almaty бейілділік клубының мүшесі

#BlackEdition картасы туралы толығырақ

Жаңалықтар
Sunqar bar&restaurant мейрамханасында 10% жеңілдік

Алматының ғажайып көрінісімен биіктікте әсерлі кешкі ас!

Sunqar мейрамханасында #BlackEdition премиум картасымен төлеңіз де, 10% жеңілдік алыңыз.
Шыны кубтағы ерекше үстелді брондасаңыз, жалға алу құнын Mastercard төлейді.

📍 Сұңқар трамплині, Алматы
📅 Ұсыныс 2025 жылғы 31 тамызға дейін жарамды

Visit Almaty бейілділік клубының мүшесі

#BlackEdition картасы туралы толығырақ

Жаңалықтар
Swissotel Wellness Resort Alatau Almaty

Демалыс пен өзіңізге қамқорлық көрсету атмосферасына бөленіңіз — Alatau Wellness Center мен Pürovel Spa & Sport орталықтарында сауықтыру бағдарламалары мен күндізгі баруға 10% жеңілдік алыңыз.

Жай ғана брондап, #BlackEdition премиум картасымен төлем жасаңыз:

📞 +7 701 346 0214 (Alatau Wellness Center)
📞 +7 701 346 0216 (Pürovel Spa & Sport)

Ұсыныс 2026 жылғы 30 сәуірге дейін жарамды.

#BlackEdition картасы туралы толығырақ

Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар 2025 жылғы 26 шілде

26 шілде күні сағат 04:00-ден 04:45-ке дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты bcc.kz және bcc business қосымшалары, сондай-ақ банкоматтар мен терминалдар арқылы жасалатын операциялар уақытша қолжетімсіз болады.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Жаңалықтар
Картаңызды АТМ арқылы қауіпсіз толықтырыңыз!

Сіздің қаржылық қауіпсіздігіңіз үшін қосымша қорғаныс шарасын енгіздік:

Енді ЖСН бойынша АТМ-ге қолма-қол ақша салған кезде, қосымша мына деректерді енгізу қажет:

  • карта бойынша жүргізілетін операциялар үшін – толықтырылатын картаның соңғы 4 цифр;
  • ағымдағы шоттар мен депозиттер бойынша жүргізілетін операциялар үшін – толықтырылатын шоттың соңғы 4 цифр

Карта немесе шот нөмірін әрқашан банктің мобильді қолданбасынан көруге болады.

Бұл қосымша қауіпсіздік деңгейі конфиденциалды ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуге жол бермейді, клиентті дәлірек сәйкестендіруге мүмкіндік береді және кездейсоқ немесе қате толықтырудың алдын алады.

Жаңалықтар
Түп-тамырыңыздан қуат алған #картакарта 

#картакарта кредит картасы енді жаңа кейіпте — қазақ халқының тарихы мен мәдениетінен шабыт алған ерекше дизайнда ұсынылады. 

Найман, Арғын, Алшын және басқа да қазақ руларының таңбалары бейнеленген #картакарта үлгілерін bcc.kz мобильді қолданбасынан таңдаңыз.  


Картаның дизайнын қалай өзгертуге болады? 

* Картаны Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay немесе Garmin Pay жүйесіне қосыңыз  

* bcc.kz қолданбасына кіріңіз 

* #картакартаны таңдаңыз 

* Жоғарғы оң жақ бұрыштағы қылқалам белгішесін басыңыз 

*«Картаның дизайнын өзгерту» тармағын таңдаңыз 

*Жаңа патриоттық топтамадан ұнаған дизайнды таңдаңыз 


#картакарта — бұл: 

* кез келген мақсатқа пайдалануға болатын 7 000 000 ₸ дейінгі кредит лимиті 

* 55 күнге дейін жеңілдікті кезең  

* серіктестерде 20%-ға дейін, ал сүйікті санаттарда 10%-ға дейін кешбэк 

* bcc club серіктестері болатын сүйікті дүкендер мен сервистерде бөліп төлеу мүмкіндігі 


Толығырақ

Жаңалықтар
Банк ЦентрКредит кеңейтілген ESG деректерімен тұрақты даму жөніндегі екінші есебін жариялады

Банк ЦентрКредит өзінің екінші қаржылық емес есебін жариялады. Құжат АРРФР ұсынымдарына және халықаралық стандарттарға — GRI, SASB, IFRS S1 және S2 сәйкес дайындалған. Есепте тұрақты дамудың негізгі бағыттары қамтылған: мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл, қызметкерлерді дамыту, адам құқықтарын сақтау, қоршаған ортаға әсерді азайту және экономикалық дамуға қосқан үлес. 2024 жылға арналған есепте ақпаратты жариялау ауқымы мен тереңдігі едәуір кеңейтілді – құжат банк қызметімен қатар, оның еншілес ұйымдарына қатысты деректерді де қамтып, ESG тәсілдерінің бүкіл Топ деңгейінде іске асырылып жатқанын көрсетеді. 

2024 жылдың басты жетістіктерінің қатарында 2030 жылға дейінгі жаңартылған ESG стратегиясының қабылдануы, Орталық Азия банктері арасында алғашқы болып Климаттық стратегияның әзірленуі, парниктік газдар шығарындыларын азайту бойынша мақсаттар мен «жасыл» қаржыландыру көлемін арттыру жоспарлары бар. 2024 жылы өткізілген халықаралық S&P Global Corporate Sustainability Assessment бағалау нәтижесінде банк тұрақты даму саласындағы басқару жетілдіру деңгейі жоғары банктердің әлемдік топ 10%-на енді. 

Есепте банктің стратегиялық ESG бастамалары мен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі туралы ақпарат берілген. Негізгі бағыттардың қатарында экологиялық және мәдени жобалар, білім беру қолдауы, цифрлық инклюзия және гендерлік теңдік бар. Бұл жобалардың көпшілігі банк қызметкерлерінің белсенді қатысуымен және ЮНЕСКО сияқты серіктестермен бірлесе жүзеге асырылады. Әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларға 6,6 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Сонымен қатар, банк халықаралық ұйымдармен әріптестікті дамыту мен ЕҚДБ-ның GEFF II сияқты «жасыл» қаржыландыру бағдарламаларына қатысуды жалғастыруда. 

«Жасыл офис» бағдарламасы аясында экологиялық бастамалар жүзеге асырылуда: энергия және ресурстарды үнемдеу шаралары енгізіліп, ел бойынша кеңселерде қалдықтарды бөлек жинау тәжірибесі кеңейтілді. Алғаш рет жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды растайтын IREC сертификаттары сатып алынды. 

Адами капиталды дамытуға ерекше назар аударылды. 2024 жылғы жағдай бойынша банкте 7 692 қызметкер жұмыс істейді, олардың 66,3%-ын әйелдер құрайды. Есепті кезеңде BCC Academy және Көшбасшылық мектебі сияқты білім беру жобалары іске қосылып, 200-ден астам оқу бағдарламасы өткізілді. 

Өткен жылы сияқты, есеп халықаралық KPMG аудиторлық компаниясымен ISAE 3000 стандартына сәйкес шектеулі растаудан өтті, бұл ұсынылған ақпараттың шынайылығы мен ашықтығын растайды. 

2024 жылға арналған тұрақты даму есебінің толық нұсқасы мен ESG Databook құжатын Банк ЦентрКредиттің ресми сайтынан табуға болады. 

 

*ISAE3000 халықаралық аудит стандартының талаптарына сәйкес шектеулі сенімділік 

ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы. 

Жаңалықтар
2025 жылғы 22 шілдеде жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

22 шілдеде сағат 03:00-05:00 аралығында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты bcc.kz қолданбасы мен сайтында операция жүргізу, банкоматтар мен терминалдар арқылы операция жүргізу, сондай-ақ төлем жасау және ақша аудару мүмкін болмайды.


Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Жаңалықтар
Цифрлық премиум карталарын ашуғаарналған тарифтердітөмендету 

24.07.2025 жылы ЦентрКредит Банкініңцифрлық премиум карталарын ашу бағасыөзгереді және қолжетімді болады: цифрлықкартаны шығару енді физикалық картаменсалыстырғанда екі есе арзан болады. 

Мысалы, bcc.kz қолданбасында цифрлық #IronCard картасын 15 000 ₸ ашуға болады, мұндай картаны шығару уақытты ғана емес, қаражатты да үнемдейді. 

Сондай-ақ #IronCard пен #DragonCard карталарын қайта шығару және жабу тарифтеріде қайта қаралды. 

«Тарифтер» бөліміндегі өзекті бағалардытексеріңіз.

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді