E-mail: Pr@bcc.kz
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес «Банк ЦентрКредит» АҚ клиенттің банк шотында 1 (бір) жылдан астам ақша қозғалысы болмаған жағдайда, банктік шот шартын орындаудан бас тартуға (ағымдағы банктік шотты жабуға) құқылы.
№ 001 «Банк ЦентрКредит» АҚ-та жеке тұлғаларға банк қызметтерінің кешенін ұсынудың стандарт талаптарының (қосылу шарты) 351-тармағына сәйкес банктің құқықтары:
24-тармақша. Банк шот бойынша орындалмаған талаптардың болуына қарамастан:
- шотта бір жылдан астам ақша болмаған кезде;
- шотта бір жылдан астам ақша қалдығы болған және қозғалысы болмаған кезде,
клиенттің тиісті өтінішінсіз шотты жаба алады.
25-тармақша. Шотты жабу тараптардың қосылу шартын бұзуына негіз болмайды.
26-тармақша. Шотта бір жылдан астам ақша болмаған жағдайда, банк қызмет көрсету шартын бұзуға құқылы, бұл ретте банк қызмет көрсету шартын бұзу туралы хабарламаны ЦентрКредит Банкінің сайтында, ATM, АТТ, мобильді қосымшада, қашықтағы банкинг жүйесінде жариялайды және/немесе қызмет көрсету шартын бұзу белгіленген күннен 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын клиенттің электрондық поштасына SMS-хабарлама, push-хабарлама түрінде хабарлама жібереді. Шотта ақша болмаған және хабарламада көрсетілген мерзім өткен кезде, банк қызмет көрсету шартын бұзады және шотты жабады. Осы хабарлама клиентке хабарлау үшін жеткілікті және тиісті болып табылады, шартқа қол қоя отырып, клиент онымен өзінің келісетінін растайды. Сонымен бірге банк бұл әрекеттерді жүзеге асырмауға құқылы, бұл жағдайда қызмет көрсету шарты бұзылмайды және шот жабылмайды, ал тараптардың өзара қарым-қатынастары, шартта өзгеше көзделмегендіктен, жалғасады.
ЦентрКредит Банкі өздерін банк қызметкері деп таныстыратын белгісіз тұлғалардың (көп жағдайда дауыстық боттардың) қоңырау шалуы туралы ескертеді. Олар кредит бойынша мерзімі өткен берешек туралы, сондай-ақ осы берешектің коллекторлық агенттікке берілгені туралы хабарлайды. Алаяқтар тіпті қолданыстағы кредиті жоқ қазақстандықтарға да қоңырау шалуда.
Бірнеше күннен кейін басқа телефон нөмірінен екінші қоңырау шалып, өздерін банктік кредит табысталған коллекторлық агенттік қызметкері ретінде таныстырады. Бұл кезеңде алаяқтар бірнеше тәсілмен алдап, ақша иемденуге немесе дербес деректерді алуға тырысады.
Алаяқтықтан қалай қорғануға болады:
Жеке деректеріңізді: банк картасының толық нөмірін, PIN-кодты, қолданыс мерзімін, мобильді қолданбадағы жеке кабинетіңізге кіруге арналған логин мен парольді, операцияны растау үшін SMS-хабарламамен келген кодты және т.б. ешқашан ешкімге айтпаңыз.
Егер сізге күдікті қоңырау шалынса, тұтқаны қойып, ресми ақпарат алу үшін 505 (ұялы телефоннан тегін) нөмірі бойынша ЦентрКредит Банкіне хабарласыңыз. Бұл – алаяқтықтың алдын алудың ең сенімді тәсілі.
ЦентрКредит Банкінің ESG дирекциясының басшысы Арнур Ибраев банктің осындай жобаларға қатысуының маңыздылығын атап өтті: «Біз байқауға планетамызға қамқорлық танытатын көптеген талантты адамдардың жиналғанына қуаныштымыз. Сіздердің жұмыстарыңыз маңызды экологиялық мәселелерге назар аударады және біз үшін осындай жобаларды іске асыруда UNESCO-ның серіктесі болу үлкен мәртебе». ЦентрКредит Банкінің қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды белсенді қолдайтынын айта кеткен жөн.
Жеңімпаздар үш номинация бойынша марапатталды: бейнелеу өнері, қолданбалы өнер және фотосурет. Финалистердің жұмыстары қазіргі заманның экологиялық қатерлеріне креативті көзқарасты көрсетеді.
«TURAQTY JOL ұлттық әлеуметтік экокампаниясы аясындағы шығармашылық байқауды ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Барлығы жоғары деңгейде өтті және бұл жоба бізге өз идеямызды кенепте бейнелеп, экологиялық мәдениетті ілгерілетуге өз үлесімізді қосуға мүмкіндік берді. Мен маңызды бастаманың бір бөлігі болғаныма өте қуаныштымын», – деп ойымен бөлісті «Қоғам таңдауы» номинациясының жеңімпазы Ермахан Әсемай.
TURAQTY JOL – жастарды туған жерін құрметтеуге және экологиялық құндылықтарға тәрбиелеуге бағытталған білім беру бағдарламасы. Биыл бұл жобаны ЦентрКредит Банкінің, «Шеврон» компаниясының және «Шымбұлақ» тау курортының қолдауымен ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан Ұлттық Федерациясы іске асырды.
Бөлімшеге келіп, банк қызметін пайдаланғаннан кейін оған баға қойыңыз да, банктен мерч: үстел сағаттарын, ақылды термостарды, поло жейделерін және жамылғыларды ұтып алыңыз.
📌Ұтыс ойынына қалай қатысуға болады?
2024 жылғы 1-30 қыркүйек аралығында бөлімшеге келіп, банк қызметін пайдаланғаннан кейін 30 минут ішінде SMS немесе push-хабарлама сілтемесі бойынша сауалнамадан өтіп, автоматты түрде ұтыс ойынына қатысыңыз.
7 қазан күні парақшамыздың сторисінде 80 жеңімпаз анықталады:
- жеке тұлғалар арасында 50
- бизнес-клиенттер арасында 30.
Егер жеңімпаз ұйымдастырушы бірінші қоңырау шалған сәттен бастап 48 сағат ішінде ұйымдастырушының қоңырауларына жауап бермесе немесе жүлдеден бас тартса, ұйымдастырушы резервтік жеңімпазбен байланысады.
Толығырақ
«Кең дала» бағдарламасы – егін жинау жұмыстарын жүргізуге тиімді шарттармен кредит алу мүмкіндігі:
- шешiм 5 минутта
- 5 млн теңгеге дейін
- мөлшерлемесі 5% (ЖТСМ 5,09% - 5,1%)
Бағдарламаға қатысатын өңірлердің тізімі:
1. Абай обл. (Семей қ.);
2. Ақмола обл. (Көкшетау қ.), Астана қ.;
3. Шығыс Қазақстан обл. (Өскемен қ.);
4. Қостанай обл. (Қостанай қ.);
5. Павлодар обл. (Павлодар қ.);
6. Солтүстік Қазақстан обл. (Петропавл қ.).
Жинауға арналған дақылдар: бидай, күнбағыс, рапс, қарақұмық.
Кредит ресімдеу үшін:
- Қызмет мерзімі кемінде 36 ай болуы тиіс;
- Бидай, күнбағыс, рапс, қарақұмық дақылдары үшін әр дақылға кемінде 90 гектар егіс алқабы болуы тиіс;
- Статистикалық есептілік және/немесе егілген алқап көлемі туралы ЖАО-дан алынған анықтама.
Кеңес алуға арналған телефон: 605.
Астана, 2024 жылғы 13 тамыз
ЦентрКредит Банкі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму жөніндегі бағдарламасының (БҰҰДБ) «Жаңартылатын энергия көздеріне (ЖЭК) инвестиция салу кезінде тәуекелдерді азайту» атты қорытынды іс-шарасына қатысты.
БҰҰДБ Қазақстандағы жасыл энергетика сеткорына инвестиция салу кезіндетәуекелдерді азайтуға бағытталған жоба нәтижелерін назарға ұсынды. Іс-шара барысында сарапшылар ЖЭК саласындағы жобаларды іске асырудағы тәжірибесімен бөлісіп, саланы дамыту перспективаларын және қаржылық және қаржылық емес қолдау механизмдерін әрі қарай енгізу жөніндегі жоспарларын талқылады.
ЦентрКредит Банкі, «жасыл» жобаларды қаржыландыру бағдарламаларының белсенді қатысушысы ретінде «жасыл» жобаларға жауапкершілік таныта отырып, кредит беру саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті. Тұрақты даму жөніндегі (ESG) дирекцияның басшысы Арнур Ибраев банктің ESG-трансформациясына, сондай-ақ банк қызметіне «жасыл» жобаларға жауапкершілік таныта отырып, кредит беруқағидаттарын енгізуге тоқталып өтті. Ол сондай-ақ ЕҚДБ-мен және БҰҰДБ-мен ЖЭК пен жасыл технологиялар саласында бірлескен бағдарламалардың табысты түрде іске асырылуын атап өтті.
Банк осы жылы банктің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі мақсаттар, іс-шаралар мен бастамалар кешенін қамтитын стратегиялық құжат болып табылатын климаттық стратегияны әзірлеп, бекітті. Баяндамада «жасыл» портфельдің өсу мақсаттарын анықтау тәсілі ұсынылды.
БҰҰДБ-ның «ЖЭК-ке инвестиция салудағы тәуекелдерді азайту» жобасы туралы:
Жоба БҰҰДБ мен Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігінің серіктестік құруы арқылы, Жаһандық экологиялық қордың (ЖЭҚ) қаржылай қолдауымен іске асуда. Бұл жоба инвесторлар үшін қаржылық және қаржылық емес тәуекелдерді азайту есебінен ЖЭК –ке инвестиция салуды ынталандыруға бағытталған.
Құрметті клиенттер!
Бизнес-клиенттерге қызмет көрсету бойынша тарифтер жинағына өзгерістер енгізілгені жөнінде хабарлаймыз:
➢ АХҚО резидентінің ағымдағы шотын ашу-50 000 KZT
➢ АХҚО резидентінің ағымдағы шотын жүргізу- 10 000 KZT
Өзгерістер 13.08.2024 ж. бастап күшіне енеді.
Құрметпен, «Банк ЦентрКредит» АҚ.
Құрметті клиенттер!
«Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылғы 13 тамыздан бастап бизнес-клиенттерге арналған тарифтерге өзгеріс енгізеді:
5.6-тармақ. Ақша аудару деректемелеріне өзгеріс енгізу, ақша аударудың күшін жоюға сұрау салу, бенефициарға ақшаның аударылған күнін растауға сұрау салу, соманы іздестіру және шетел валютасында клиенттік ақша аудару бойынша өзге де сұрау салу (шетелдік банк ұстаған комиссия сомасы, оның ішінде ҚҚС туралы)
5.6.1-тармақша. ТМД елдерінің валюталарында - 10 000 теңге
5.6.2-тармақша. ТМД елдерінің валюталарынан басқа - 25 000 теңге
Телемедицина – дәл осы жерде және дәл қазір клиникаға бармай-ақ, ешқандай кезексіз телефон қолданбасы арқылы алғашқы медициналық кеңес алу мүмкіндігі. Кеңес беру қызметін барлық бейіндегі дәрігерлердің, оның ішінде педиатрлардың халықаралық желісі бар «Дәрігер Онлайн» сервисі ұсынады. Сервистің маңызды ерекшеліктері – отбасылық кеңес алу және шектеусіз мөлшерде өтінім беру мүмкіндігі.
Дәрігерлерден кез келген ыңғайлы уақытта кеңес алыңыз - чат, телефон немесе бейне қоңырау арқылы: диагноз және емдеу бойынша ұсыныстар сіздің жеке кабинетіңізде сақталады
НАУҚАН
Сіз және сіздің отбасыңыз үшін телемедицина – «Премиум» және «Ультра» пакеттеріндегі жаңа қызмет. 3, 6, 12 айға «Премиум» немесе «Ультра» қызметтер пакетін қосып, 0 теңгеге телемедицина алыңыз.
Науқан мерзімі: 01.08.2024 бастап 31.12.2024 дейін
1 тамыз бен қоса алғанда 30 қыркүйек аралығында акцияға қатысыңыз!
bcc.kz қолданбасында білім санатында ЦентрКредит Банкінің картасымен төлем жасап, смартфоныңызда Яндекс іздеу қызметін қосыңыз.
100 000 теңге және Алиса Лайт ақылды бағаншасы ойнатылады!
Акцияға қалай қатысуға болады?
1-қадам
- ЦентрКредит Банкінің кез келген картасын ашып, bcc.kz қолданбасына кіріңіз.
- «Төлемдер» бөлімінен «Білім» санатын таңдап, тізімнен өз оқу орныңызды табыңыз.
- 10 000 теңгеден басталатын сомаға төлем жасаңыз.
2-қадам
Android немесе iOS ОЖ-де шолғышыңыздағы іздеу қызметін ауыстыру
- Экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы үш нүктені басып, «Баптау» тармағын таңдаңыз
- “Іздеу жүйелері” параметріне өтіңіз
- “Яндекс” (немесе “Yandex”) іздеу жүйесін таңдаңыз
- Адрестік жол арқылы кез келген сөзді іздеп көріңіз
Жүлделер:
- 100 000 теңгелік 6 ақшалай жүлде (Алматы қ. 3 жеңімпаз және Астана қ. 3 жеңімпаз)
- 14 Алиса Лайт бағаншасы (Алматы қ. 7 жеңімпаз және Астана қ. 7 жеңімпаз)
*Әр жеңімпаз акция аясында бір ғана жүлдеге ие болады
4 қазанда біз @centercredit Инстаграм парақшамызда тікелей эфирде ұтыс ойынын өткізіп, кездейсоқ сандар генераторының көмегімен жүлдегерлерді анықтайтын боламыз.
Шот 2023 жылғы наурыз айында күшіне енген және азаматтарға қажетті шарттар сақталған кезде банкроттықты ресімдеу құқығына кепілдік беретін «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заңға сәйкес борышкердің қаражатын есепке алуға, ағымдағы шығыстарды өтеуге және сот арқылы банкроттық рәсімі шеңберінде кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға арналған.
Шотты банк бөлімшесінде ашуға болады.
«Қаржылық басқарушыға арналған арнайы шотты» ашуға арналған құжаттар:
- Жеке куәлік.
- Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы жөніндегі мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органның оны борышкерге қатысты сот арқылы банкроттық рәсімін жүргізуге қаржы басқарушысы етіп тағайындау туралы бұйрығы.
- Борышкерге қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану жөнінде іс қозғау туралы сот ұйғарымы.
13.08.2024 ж. бастап жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары еуромен бойынша кассалық операциялар үшін жаңа тарифтер қолданылады
Тарифтер туралы толығырақ 505 нөмірі бойынша немесе біздің сайтымызда: https://www.bcc.kz/fizical/tarify/
Moody's халықаралық рейтинг агенттігі ЦентрКредит Банкінің ұзақ мерзімді депозит рейтингтерін бір сатыға жоғарылатып, Ba2-ден Ba1-ге дейін көтерді, сондай-ақ ұзақ мерзімді депозиттер рейтингтері бойынша оң болжамды қалдырды.
Бұл ретте Moody's ұлттық шкала бойынша банк депозиттерінің ұзақ мерзімді рейтингін A3.kz-тен A1.kz-ке, ал ұлттық шкала бойынша ұзақ мерзімді CRR рейтингін A1.kz-ке көтерді.
«Ұзақ мерзімді депозиттер рейтингінің жоғарылауы активтер сапасы, төлем қабілеттілігі және кірістілік сияқты несие көрсеткіштерінің жақсаруын көрсетеді. Бұл банктің жаһандық рейтингтерге сәйкес ұлттық шкала бойынша рейтинг диапазонындағы позициясының берік орналасуына сеп болады», - деп түсіндірді Moody's сарапшылары.
ЦентрКредит Банкі Қазақстандағы ең ірі 3 ЕДБ қатарында және елдің барлық аймағында 3 миллионнан астам клиентке қызмет көрсетеді.
ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы.
Құрметті клиенттер!
Сіздерге 2024 жылғы 15 шілдеден «Еркін», «Оңтайлы+», «Премиум» және «Ультра» ҚТ аясында бизнес клиенттер үшін валюталық аударымдар бойынша тарифтердің өзгергенін хабарлаймыз:
«Еркін» ҚТ:
5.3. USD валютасында (OUR Guaranteed)
5.3.2. BCC Business арқылы – 0,3%, min 20 000, max 134 000
«Оңтайлы+» ҚТ:
5.3. USD валютасында (OURGuaranteed)
5.3.2. BCC Business арқылы – 0,3% min, 15 000 KZT, max 120 000 KZT
«Премиум» ҚИ:
5.3. USD валютасында (OURGuaranteed)
5.3.2. BCC Business арқылы – 0,2%, min 12 000 KZT, max 100 000 KZT
«Ультра» ҚТ:
5.3. USD валютасында (OURGuaranteed)
5.3.2. BCC Business арқылы – 25 төлем (соның ішінде Ресей рублімен) - 0 KZT, әрі қарай - 0,15%, min 8 000 KZT, max 90 000 KZT
Құрметті клиенттер!
BCC Business қосымшасында SWIFT GO сервисі – валюталық аударымдарды экспресс-жеткізу қолжетімді екенін хабарлаймыз. SWIFT GO сервисінің арқасында сіз жасайтын валюталық аударым келесі талаптарға сай болған жағдайда жедел жеткізіледі:
$10,000-ға баламалы сомаға дейінгі аударымдар;
Валюта: USD/EUR/GBP;
SHA опциясы қосылған төлем;
Бенефициар шотына аударымның толық көлемде түсуі (аударымның толық сомасы);
Аударымның бенефициар шотына 4 сағат ішінде есепке алынуы;
SWIFT GO сервисімен валюталық аударым жасаңыз – бұл тез, сенімді әрі ыңғайлы. Сондай-ақ сіз жасайтын барлық халықаралық аударым әрқашан уақытылы және толық көлемде жеткізілетін болады.
SWIFT GO сервисін пайдаланып, әр аударым үшін сенімді болыңыз!
Құрметті клиенттер!
BCC Business қосымшасында клиент валюталық аударым туралы өтініш толтырған кезде, деректемелердің дұрыстығын тексеруге арналған SWIFTPre-Validation сервисі бар екенін хабарлаймыз.
SWIFT Pre-Validation сервисін пайдалану арқылы клиент төмендегі қызметтерге қол жеткізеді:
банктік деректердің дұрыстығын тексеру – барлық деректердің дұрыс көрсетілгеніне көз жеткізу үшін алушының деректемелерін тексеру;
банк шотының түпнұсқалылығын тексеру – көрсетілген шоттың алушының банкіне тиесілі екенін тексеру деректерді енгізетін кезде қате жіберудің алдын алады;
алушы шотының мәртебесін тексеру – алушының банк шотының ағымдағы күйін бағалау аударымның сәтті өтуіне кепілдік береді.
Бұл сервис клиенттерге уақыт пен ақша үнемдеуге мүмкіндік береді, өйткені артық қатенің болмауы төлемді қабылдамау/қайтару ықтималдылығын айтарлықтай азайтады.
SWIFT Pre-Validation сервисін пайдалану арқылы валюталық аударымдарыңыздың сенімді өтетініне еш күмәніңіз болмасын!
ЦентрКредит Банкі 2023 жылға арналған тұрақты даму туралы алғашқы есебін жария етті. Құжат GRI (Global Reporting Initiative) стандарттарына сәйкес, ҚНРДА, SASB (тұрақты даму есебі стандарттары) және TCFD (климаттық тәуекелдер жайды қаржы есебі) ұйымдарының қаржылық емес ақпаратты ашу бойынша ұсыныстарын ескеріп дайындалды. Есеп жетекші халықаралық аудиторлық компаниялардың бірінің (KPMG) тарапынан верификациядан өтті*. Бұл банктің жарияланған ақпараттың ашық әрі сенімді етуге деген ұмтылысын айқындайды. Аталмыш тәжірибе Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер арасындағы маңызды озық қадам болып саналады.
Есепте банктің тұрақты дамудың негізгі мақсаттарына, қазіргі жобаларына, сондай-ақ жоспарланған бастамаларына қатысты жетістіктері туралы ақпарат берілген. Мәселен, 2023 жылы ЦентрКредит Банкі Green Economy Financing Facility жасыл технологияларды қаржыландырудың жаһандық бағдарламасы аясында Еуропа қайта құру және даму банкінің бірінші қаржылық серіктесі болып танылды. 2024 жылы банк жасыл технологияларды несиелеу бойынша GEFF II бағдарламасының серіктесі болып қалып, аталмыш жобадағы ынтымақтастығын жалғастырады.
Сондай-ақ есепте банктің білім беру, денсаулық сақтау, экология, мәдениет және спорт салаларындағы қайырымдылық жобаларға әлеуметтік инвестициялары, сондай-ақ қызметкерлерді оқыту мен қолдауға қосқан үлесі атап өтілген. Осылайша мұнда банктің барлық әлеуметтік бастамалары туралы ақпарат баяндалады.
Осы және бұдан өзгеде бастамалар туралы толық ақпаратты ЦентрКредит Банкі сайтындағы 2023 жылғы тұрақты даму туралы есебінен табуға болады.
*ISAEZ000 халықаралық аудит стандартының талаптарына сәйкес шектеулі сенімділік
ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы.
100 000 теңге ұтыс ойынына қатысу үшін не істеу керек?
1 шілдеден 30 қыркүйекке дейін bcc.kz қосымшасының «Білім алу» санатында ЦентрКредит Банкінің кез келген картасымен төлеп, 100 000 теңге ұтыс ойынына қатысыңыз!
- 1) bcc.kz қосымшасының «Төлемдер» бөліміне кіріңіз.
- 2) «Білім алу» санатындағы кез келген қызметті таңдаңыз.
- 3) Қажетті деректі толтырып, ақысын төлеңіз.
Акцияға 10 000 теңгеге не одан жоғары сомаға жасалған кез келген төлем қатысады.
Қазақстанның 16 өңірінен үш жеңімпаз кездейсоқ анықталады: Шымкент, Семей, Талдықорған, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Тараз, Орал, Өскемен.
Қорытындыларды біздің Instagram парақшамызда 6 тамыз, 9 қыркүйек және 2 қазан.
Жеңімпаз болыңыз!
1 шілдеден 31 тамызға дейін біздің банкте 1 млн ₸ не одан жоғары сомаға қолма-қол ақшамен берілетін кредит ресімдей отырып, сіз автоматты түрде ұтыс ойынына қатысасыз!
Бас жүлде – 1 млн теңгеге жолдама. Сондай-ақ әр өңірге бір-бірден 19 теледидар ойнатылады.
Акция кезеңі: 2024 жылғы 1 шілдеден 31 тамызға дейін.
Қорытынды ұтыс ойыны аяқталғаннан кейін 15 күн өткен соң шығарылады.
Қолма-қол ақшамен берілетін кредитті онлайн bcc.kz қосымшасында, мына сайтта немесе біздің банктің бөлімшесінде ресімдеуге болады.
Мөлшерлеме: 12,32-45%
ЖТСМ: 28,3-56%
Қазақстанда Астана күні 6 шілдеде аталып өтеді. Бұл күн сенбіге түсетіндіктен, демалыс дүйсенбіге, яғни 8 шілдеге ауыстырылады. Сондықтан бес күндік жұмыс аптасы бойынша жұмыс істейтіндер қатарынан үш күн: 6, 7 және 8 шілдеде демалады.
Келе жатқан мерекелеріңізбен!
Құрметті клиенттер!
«Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылғы 04 шiлдеден бастап сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын бизнес клиенттер үшін «Базалық», «Оңтайлы» және «Корпоративтік» ҚТ-дағы тарифтерге өзгерістер енгізілетіні туралы хабарлайды.
«Базалық» ҚТ:
5.3.USD (OUR Guaranteed)
5.3.2.BCC Business арқылы – Стандарт тарифтерге сәйкес
9.Сыртқы экономикалық қызмет, оның ішінде ҚҚС
9.1.Шартқа есептік нөмір беру/жаңғырту – Стандарт тарифтерге сәйкес
Есептік нөмірі бар шартқа енгізілетін толықтыруды/өзгерісті қағаз тасымалдағышта қабылдау – Стандарт тарифтерге сәйкес
«Оңтайлы» ҚТ:
5.1. USD/EUR/басқа ваютада (BEN)
5.1.2. BCC Business арқылы – Стандарт тарифтерге сәйкес
5.2.В USD/EUR/басқа валютада (SHA)
5.2.2. BCC Business арқылы – Стандарт тарифтерге сәйкес
5.3. USD валютасында (OUR Guaranteed)
5.3.2.BCC Business арқылы – аударым сомасынан 0,3% min 18 000 KZT max 120 000 KZT
5.4. ТМД елдерінің валюталарында
5.4.2.BCC Business арқылы – аударым сомасынан 0,15% min 2 500 KZT max 40 000 KZT
9. Сыртқы экономикалық қызмет, соның ішінде ҚҚС
9.1.Шартқа Есептік нөмір беру/жаңғырту – Стандарт тарифтерге сәйкес
Есептік нөмірі бар шартқа енгізілетін толықтыруларды/өзгерістерді қағаз тасымалдағышта қабылдау – Стандарт тарифтерге сәйкес
«Корпоративтік» ҚТ:
5.1. В USD/EUR/басқа валютада (BEN)
5.1.2.BCC Business арқылы – Стандарт тарифтерге сәйкес
5.2.В USD/EUR/басқа валютада (SHA)
5.2.2. BCC Business арқылы – Стандарт тарифтерге сәйкес
5.3. USD валютасында (OUR Guaranteed)
5.3.2. BCC Business арқылы – аударым сомасынан 0,25% min 15 000 KZT max 100 000 KZT
5.4. ТМД елдерінің валюталарында
5.4.2. BCC Business арқылы – аударым сомасының 0,10% min 2 000 KZT max 30 000 KZT
9. Сыртқы экономикалық қызмет, соның ішінде ҚҚС
9.1.Шартқа Есептік нөмір беру/жаңғырту – Стандарт тарифтерге сәйкес
Есептік нөмірі бар шартқа енгізілетін толықтыруларды/өзгерістерді қағаз тасымалдағышта қабылдау – Стандарт тарифтерге сәйкес
ЦКБ қазақстандық банктер арасында бірінші болып климаттық стратегияны әзірлеп, бекітті. Осылайша банк тұрақты даму саласындағы көшбасшылығы нығайтып, климаттың өзгеруімен күресуге деген ынта-жігерін танытты.
Климаттық стратегия – банктің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі мақсаттарын, шаралар мен бастамалар кешенін қамтитын стратегиялық құжат. Тұрақты дамуға жаһандық көшу және көміртегі бейтараптығы жағдайында тиімді климаттық стратегияны әзірлеу және енгізу банкке тәуекелдерді басқаруға, климаттық өзгеруге жәрдемдесуге және үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес келуге ғана емес, сондай-ақ «жасыл» экономиканы қаржыландыру үшін жаңа мүмкіндіктер табуға көмектеседі.
ЦентрКредит Банкі EY халықаралық консалтингтік компаниясымен бірлесіп, банктің меншікті операциялары бойынша да (2030 жылға қарай 2023 жылмен салыстырғанда шығарындылар көлемін 42%-ға азайту), сондай-ақ қаржыландырылатын корпоративтік кредиттік портфель бойынша да (2030 жылға қарай энергетика, ауыл шаруашылығы, металлургия, өндіріс сияқты негізгі салаларда қаржыландырылатын шығарындыларды 42%-ға азайту) көміртегі ізін төмендету жөніндегі ғылыми негізделген тәсілге сәйкес аралық және ұзақ мерзімді мақсаттарды белгіледі.
Климаттық стратегия «жасыл» қаржыландыру портфелін ұлғайтуға үлкен мән береді. «Жасыл» портфель бойынша мақсаттарды белгілеу үшін қаржыландыру үшін басым қызмет түрлерін / жобаларды айқындай отырып, «жасыл» бағыттар нарығына талдау жүргізілді. Жаңартылатын энергетика және тұрақты ауыл шаруашылығы 2030 жылға дейін банктің қаржыландыруы үшін «жасыл» экономиканың басым бағыттары ретінде айқындалды, Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейін әлеуетті нарық көлемі ~$3.5 млрд-қа жетеді. Нарықты талдау нәтижелері бойынша 2030 жылға дейін 400 млрд теңге мөлшерінде мақсатты мәнге қол жеткізуді көздейтін «жасыл» қаржыландыру портфелі бойынша мақсаттар белгіленді.
Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу бірқатар әзірленген бастама есебінен жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр. Мысалы, ерекше жағдайларда тұрақты даму бағыты бойынша мақсатты жобаларды қаржыландыру (жаңа кредиттік өнімдер), серіктестікті дамыту, сондай-ақ жаңа бөлшекті «жасыл» өнімдерді іске қосу.
«Банктің климаттық стратегиясын іске асыру біздің тұрақты даму саласындағы көшбасшы ретіндегі позициямызды нығайтып қана қоймай, инновация мен даму үшін бірегей мүмкіндіктер береді. Біз осындай стратегияны іске асыруды бастаған өңірдегі алғашқы банк болғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл клиенттеріміз бен серіктестеріміздің сенімін нығайтатынына, сондай-ақ барлық мүдделі тарап үшін қосымша құндылық жасайтынына сенімдіміз. Біздің тұрақты дамуға деген ұмтылысымыз аясында банк климаттық стратегияны белсенді іске асыруға және оның нәтижелеріне мониторинг жүргізуге ниетті. Бұл бізге белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге және процестің барлық қатысушысымен диалогта толық ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» – дейді «Банк ЦентрКредит» АҚ Президенті Руслан Владимиров.
Әзірленген климаттық стратегия – банк үшін де, Қазақстан Республикасы үшін де тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі маңызды қадам. ESG саласындағы ірі өзгеріс аясында әзірленген климаттық стратегия тәуекелдерді басқаруға ғана емес, «жасыл» экономиканың жаңа мүмкіндіктерін дамыту мен іске асыруға да назар аударады. Банктің декарбонизация бойынша алға қойған мақсаттары өршіл және тұрақты даму мен ESG күн тәртібіндегі көшбасшылықты көрсете отырып, ұлттық мақсаттарды басып озады.
*ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензиясы.
Құрметті клиенттер!
Сізге Ресей рубліндегі (RUB) қолма-қол ақшамен жарналар бойынша бизнес-клиенттер үшін тарифтердің өзгергенін хабарлаймыз.
Жаңа тарифтер туралы толық ақпаратты centercredit.kz-тен (сайтқа сілтеме) қарауға болады.
Сұрақтар туындаған кезде 605 нөміріне (ішкі: 1) хабарласыңыз.
Өзгерістер 02.07.2024 ж. бастап күшіне енеді
1 млн теңгеге жолдаманы немесе 19 теледидардың біреуін ұтып алыңыз!
Акцияға қатысыңыз – 1 шілдеден 31 тамызға дейін ЦентрКредит Банкінде 1 000 000 теңге не одан жоғары сомаға қолма-қол ақшамен берілетін кредит ресімдеп, LED-теледидар немесе бас жүлде – 1 000 000 теңгеге жолдама ұтып алыңыз!
Қолма-қол ақшалай несиені bcc.kz қолданбасында, сайтта немесе біздің банктің бөлімшесінде ресімдеуге болады.
Акция қорытындысы ұтыс ойыны аяқталғаннан кейін 15 күннен соң шығарылады.
Үйіңізге теледидар ұтып алу немесе қызықты саяхатқа аттану мүмкіндігін пайдаланып қалыңыз. Біздің банкпен мақсаттарыңызға жетіңіз!
Мөлшерлеме: 12,32-45%
ЖТСМ: 28,3-56%