E-mail: Pr@bcc.kz
11 мамырда Алматы қаласында TURAQTY JOL жалпыұлттық әлеуметтік экокампаниясы аясында Республикалық экологиялық идеялар мен жобалар фестивалінің финалы өтті. Жастар арасында экологиялық құндылықтарды насихаттауғабағытталған бұл фестиваль ЦентрКредит Банкінің қолдауына ие болды.
Жолданған 300-ден астам өтінім ішінде 10 команда финалға шықты. Қатысушылар сарапшылармен бірге онлайн курстарды тәмәмдап, жүлде қоры 15 миллион теңгегежететін қорытынды кезеңде өз жобаларын ұсынды.
"Жоба 2020 жылы басталғаннан бері он мыңға жуық қатысушыны жинап, тұрақты даму үшін ЮНЕСКО-ның білім беру саласындағы басым міндеттерінің бірін шешуге бағытталған негізгі бастамасы болып табылады. Бұл бастама жастардың дүниетанымының өзгеруіне ықпал етіп, экологияны сақтау мәселелеріне қоғамдық назар аударатынына сенімдімін", - деп Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының Президенті Болат Оралұлы Ақшолақов атап өтті.
«ЦентрКредит Банкі тұрақты дамуға және экологиялық тұрғыдан саналы бастамаларды насихаттауға бағытталған TURAQTY JOL жобасын екінші жыл қатарынан қолдап келеді. Бұл жоба табиғи ресурстарға және қоршаған ортаға қамқорлық жасауға, жастарға өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беруге бағытталған. Біздің банк те осы принциптерді ұстанады. Біз мұндай құндылықтарды бойға сіңіру әр адам өз рөлін түсінетін, планетамызды сақтауға атсалысатын болашақ үшін маңызды екеніне кәміл сенеміз», - деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің PR директоры Сәкен Нығмашев.
Өсімдік өсірудің инновациялық жүйесін әзірлеген «MUNARA» жобасы бірінші орын алып, 6 миллион теңге грантқа ие болды. Екінші орын және 4 миллион теңге грант омартаның жағдайын қашықтан бақылауға мүмкіндік беретін ұяны дамытуға арналған BEELIEVE жобасына берілді. Ал парникті газдардан таза сутегін алу бойынша зерттеуге негізделген CARBONICK жобасы үшінші орын мен 3 миллион теңге грантқа ие болды.
«Банк ЦентрКредит» АҚ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Нұрбанк» АҚ серіктестігімен Қазақстандағы алғашқы синдикатталған қаржыландыруды ұсыну туралы келісімге қол қойды. Қаражат «RG BrandsKazakhstan» ЖШС ірі сусын өндіруші компаниясына өндіріс қуатын кеңейту және Өзбекстан нарығына өнім экспортын ұлғайту үшін ұсынылады. Бұл ҚДБ-ның қазақстандық екінші деңгейдегі банктермен серіктестік аясындағы алғашқы синдикатталған қарыз шарты екенін атап өткен жөн.
«Банк ЦентрКредит» АҚ синдикат аясында транш берген және синдикаттың барлық кредиторының мүдделерін білдіре отырып, синдикатталған қарыз шегінде кредиттік әкімгерлік ету бойынша қызмет көрсететін Банк агент рөлін атқарған Қазақстанның алғашқы банкі болды.
«Синдикатталған қарыздар бізге бірден екі мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бір жағынан, біз өңдеуші өнеркәсіптен қарыз алушылар үшін қолжетімді шарттармен ұзақмерзімді қаржыландыру базасын кеңейтсек, екінші жағынан, экономиканың нақты секторындағы ірі жобаларды кредиттеуге көбірек жеке қаржы институттарын тартамыз», – деп мәлімдеді ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.
«Банктің басым бағыттарының бірі – экономиканың нақты секторын қолдау. Сондықтан біз осы бастамаға қатысу жөнінде шешім қабылдадық. ЦКБ командасы Қазақстанда алғаш рет синдикатталған қаржыландыру аясында әкімгерлік ету қызметін көрсетуге мүмкіндік беретін өнім әзірледі. Біз мүмкіндіктерімізді кеңейтіп, өзімізді жетілдірудеміз және осындай мәміле бойынша банк агент ретінде қызмет көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті «Банк ЦентрКредит» АҚ вице-президенті Нұрлан Шегебаев.
«Нұрбанк бизнес, өнеркәсіп өкілдері үшін, демек мемлекеттің барлық экономикасы үшін синдикатталған қарыз тетігінің оң әсері мен маңызын жоғары бағалайды. Мұндай қаржылық коллаборация экономиканың нақты секторына кредит беру көлемін ұлғайтып қана қоймай, клиенттерге неғұрлым қолайлы жағдайлар ұсынуға мүмкіндік береді. Оған қоса, біз ҚДБ және ЦентрКредит Банкімен синдикатталған қаржыландыру бағдарламаларын іске асыру аясында бірлескен ынтымақтастық мүмкіндігін жоғары бағалаймыз», – деп баяндады Нұрбанк Басқармасының төрағасы Гүлнар Мұсатаева.
«Синдикатталған кредит барлық қатысушылардың нақты және үйлесімді жұмысының арқасында сәтті жүзеге асырылды. «RG Brands», «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Нұрбанк» АҚ командаларының бірлескен жұмысы Қазақстанның бүкіл бизнес-қоғамдастығы үшін қолжетімді жаңа қаржыландыру құралына жол ашты. Синдикат бизнесті және жалпы ұлттық экономиканы дамытуға қосымша мүмкіндіктер береді. Бұл жобаны жүзеге асыру RG Brands компаниясына Қазақстандағы өндірістік қуаттарды кеңейтуге және компания өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыруға инвестициялау бағдарламасын жалғастыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті RG Brands қаржы директоры Тимур Жанғожанов.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы желтоқсан айында Даму Банкі, Нұрбанк және ЦентрКредит Банкі арасында бірлескен кредит беру туралы келісімге қол қойылды. Бөлінген қаражатты қарыз алушы жаңа жоғары технологиялық өндірістік желілерді сатып алуға, өндірістік цехты кеңейтуге және Өзбекстан Республикасының нарығына өнім экспортын ұлғайтуға пайдаланатын болады.
Қаржыландырудың жалпы көлемі 26,5 млрд теңге тең, оның 12,5 млрд теңгесі өндірістік қуатты кеңейтуге және тағы 14 млрд теңгесі экспорт алдындағы қаржыландыруға арналған. Өндірістік қуатты кеңейту нәтижесінде олардың кезең-кезеңмен пайдалануға берілуіне қарай шай сусындарының, құрамында шырыны бар, сондай-ақ газдалған және газдалмаған сусындардың көлемі шамамен екі есе артады. Өз кезегінде бұл ішкі сусын өндірісі мен экспортын ұлғайтып қана қоймай, қазақстандық мамандар үшін кәсіпорында жаңа жұмыс орындарын да құрады.
29.05.2024 ж. бастап жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша кассалық операцияларға арналған тарифтерге енгізілген өзгерістерге назар аударыңыз.
Енді банк мына операциялар үшін комиссия алады:
• Ағымдағы шоттан айырбастау нәтижесінде түскен қолма-қол ақшаны беру
• Жинақ шотынан депозитте 15 күннен аз уақыт тұрған, айырбастау нәтижесінде түскен қолма-қол ақшаны беру
• Ағымдағы шоттан депозиттен ішінара алу нәтижесінде түскен қолма-қол ақшаны беру
Тарифтер туралы толығырақ 505 нөмірі бойынша немесе біздің сайтымызда:https://www.bcc.kz/fizical/tarify/
Покупайте автомобили Chevrolet Cobalt и Chevrolet Onix в кредит от 5 до 20,3% годовых (ГЭСВ 5,1–22,3%) сроком до 7 лет. Быстрое рассмотрение заявки. Выгодные условия кредитования. При первоначальном взносе от 50% и оформлении кредита на 1 год номинальная ставка составляет 5%. Приобрести автомобиль можно в любом дилерском центре Allur.
Уважаемые клиенты, просим принять во внимание следующую информацию.
С 13.05.2024 г. автопролонгация пакетов услуг "PRO" и "PROMAX" будет отключена по истечению срока своего действия.
Выбирайте новый тарифный план для осуществления деятельности.
Подключайте новый пакет услуг: https://www.bcc.kz/business/current-account/tariffs/
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс күнін 4 мамырдағы сенбіден 8 мамырға, яғни сәрсенбіге ауыстыру туралы бұйрықты бекітті. Осылайша мамыр айындағы мерекелерде қазақстандықтар қатарынан үш күн, яғни 7, 8, 9 мамыр күндері демалады.
Демалыс күні жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ауыстырылды
Қазақстанда 2024 жылғы мамыр айындағы мереке күндері:
Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамыр
Бұдан әрі қазақстандықтар қатарынан үш күн: 7, 8 және 9 мамыр күндері демалады
Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр және Жеңіс күні – 9 мамыр.
ЦентрКредит Банкі бөлімшелерінің алдағы демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс тәртібі:
2024 жылғы 1, 7, 8, 9 мамыр – банктің барлық бөлімшесінде демалыс күндері
2024 жылғы 4 мамыр (сенбі) – жұмыс күні
Басқа күндері бөлімшелер қалыпты режимде жұмыс істейді.
Келе жатқан мерекелеріңізбен!
«Банк ЦентрКредит» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Бақытбек Байсейітов Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 5,5 млрд теңге бөлді. Қаражат тұрғын үйлерді қалпына келтіруге және жаңасын салуға жұмсалады.
«Біз су тасқынымен бірігіп күресеміз, бірге ғана ғана кез келген қиындықтарды еңсере аламыз. Осы қиын кезеңде зардап шеккендермен бірге екенімді және кез келген қиындықты жеңетінімізге сенімімді білдіргім келеді. Елімізді қалпына келтіру және одан әрі дамыту үшін күш-жігерімізді біріктірейік», - деді «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Бақытбек Байсейітов.
Алматы қаласында ЦентрКредит Банкінің қатысуымен BUSINESS BOOST іс-шарасы өтті. Іс-шараға Алматы бизнес-қоғамдастығының 80 өкілі қатысты.
ЦентрКредит Банкі өз серіктестеріне тиімді бизнес-шешімдер ұсынуға аса көңіл бөледі, бұл семинар да шет қалмады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты кәсіпкерлердің қаржылық танымын арттыру және олардың бизнес саласында тұрақты дамуын ынталандыру болды.
BUSINESS BOOST іс-шарасында негізгі спикерлер ретінде қаржы, салық, маркетинг және франшизаларды басқару саласындағы белгілі сарапшылар сөз сөйледі:
- Dass and Partners және Scale Up компанияларының негізін қалаушы Даяна Асанова даму үшін жаңа перспективалар аша отырып, «Бизнесті масштабтау» әдістерін қарастырды.
- Finpark LLP қаржылық консалтинг компаниясының директоры Жұлдыз Шанайбаева жаңа қаржы стратегияларын ұсына отырып, «Кассалық серпіліс» мәселелеріне тоқталып өтті.
- ҚР салық және қаржы жөніндегі сарапшысы Дмитрий Казанцев бизнесті қорғаудың маңыздылығын атап өтіп, «меншік иесінің салық қауіпсіздігіне» назар аударды.
- Кәсіпкер-маркетолог Саби Бейс бизнесті ілгерілетудің заманауи тәсілдерін көрсете отырып, «2024 жылға арналған маркетингтік стратегияны» ашты.
«Бүгінгі іс-шара іскерлік саласында бірлесіп іс-әрекет ету және оқыту үшін қолайлы ахуал жасау жөніндегі стратегиямыздың маңызды бөлігіне айналды. Алынған білім клиенттеріміздің бизнес жүргізуде табысқа жетуіне әсер ететініне сенімдіміз», – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің өкілі Эмиль Гаязов.
Банк кәсіпкерлердің әрі қарай өсуін ынталандыратын жаңа дағдылар мен мүмкіндіктерге қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін осындай іс-шаралар сериясын жалғастырады.
12 сәуір күні Алматыда жас ұрпақтың жоғары технологиялар саласындағы, атап айтқанда, ғарыш индустриясындағы ғылыми шығармашылық пен технологиялық кәсіпкерлікке қызығушылығын ынталандыруға бағытталған және Қазақстанның 40 жетекші оқу орнының 80-нен астам жобалық командасын біріктірген Smart Space байқауының финалы өтті.
Жобаның мақсаты – білім, ғылым және кәсіпкерлік салаларын біріктіретін «Халықаралық ғарыштық желілік қоғамдастық (МК2С)» бастамашылық индустриялық-инновациялық және ғылыми-білім беру бағдарламасының бизнес-жобаларына кейіннен қосу мақсатында үздік жобалық командаларды іріктеу және оларға қолдау көрсету.
ЦентрКредит Банкі жобаны қолдап, елдің инновациялық әлеуетін дамытуға және жастарды серпінді зерттеу мен әзірлеу жұмыстарына тартуға бағытталған ғылыми-білім беру бастамаларын қолдауға ұмтылатынын атап өтті.
«Kazakhstan Smart Space – біліммен және жаңашыл идеялармен алмасу алаңы болып қана қоймай, біздің прогреске, инновацияға және жас таланттарды дамытуға деген ортақ ұмтылысымыздың жарқын мысалы. ЦентрКредит Банкі жастардың ғылыми әлеуетіне және креативтілігіне, әсіресе білім саласына үлес қосу мүмкіндігін жоғары бағалайды. Біз жас ұрпақтың ғарышты зерттеу мен игеруде маңызды рөл атқаратынына сенімдіміз», – деп мәлімдеді ЦентрКредит Банкінің өкілі Дидар Халық.
Smart Space байқауы барысында TRIZ, PRIZ, STEM және STEAM салаларындағы пікір көшбасшыларымен шеберлік кластары, телекөпірлер өткізіліп, тағылымдама мен акселерациялық бағдарлама мүмкіндіктері, сондай-ақ ғарыш саласындағы жетекші серіктестердің міндеттері таныстырылды. Space Cup KZ Smart Space 2024 турнирі басты оқиға болды, турнир барысында командалар «SpaceTech саласындағы үздік жас жобалау менеджері» атағы үшін бақ сынады. Байқаудың 7-12 жас, 12-16 жас, 16-22 жас аралығындағы үш санаттағы жеңімпаздары Байқоңыр ғарыш айлағына экскурсия және PRIZ Guru Hub платформасына жылдық жазылу сияқты түрлі сыйлықтармен марапатталды.
Құрметті клиенттер!
«Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылғы 15 сәуірден бастап ТМД елдерінің валюталарымен жүргізілетін валюталық аударымдар бойынша бизнес клиенттердің тарифтеріне өзгерістер енгізілетіні туралы хабарлайды.
Стандарт тариф:
5.4. ТМД елдерінің валюталарымен (RUB - 9.00-17.00, қалған валюталар 9.00-14.30)
5.4.1. Қағаз тасымалдағышпен - аударым сомасының 0,25% min 6 000 KZT max 80 000 KZT
5.4.2. BCC Business арқылы - аударым сомасының 0,20% min 3 000 KZT max 50 000 KZT
«Оңтайлы+» ҚП:
5.4.2. BCC Business арқылы - аударым сомасының 0,15% min 2 500 KZT max 40 000 KZT
«Премиум» ҚП:
5.4.2. BCC Business арқылы - аударым сомасының 0,10% min 2 000 KZT max 30 000 KZT
«Ультра» ҚП:
5.4.2. BCC Business арқылы - 25 төлем (оның ішінде шетелдік валютамен) - 0 KZT, кейін - 0,05%
Min 2 000 KZT max 20 000 KZT
Стандарт тарифтерге сілтеме жасайтын архивтік тарифтер бойынша талаптардың да өзгеретініне назар аударыңыз.
Алматыда 10 сәуірде ЦентрКредит Банкінің қолдауымен Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде (ҚазҰМУ) Альбина Леоновна Котова атындағы зал мен Ғылыми-технологиялық паркінің салтанатты ашылуы өтті.
ҚазҰМУ-дағы ғылыми-технологиялық парк – академиялық және ғылыми ресурстарды индустрия және бизнес мүмкіндіктерімен біріктіретін заманауи инновациялық орталық. Бұл орын академиялық және зерттеу топтары, стартаптар, фармацевтикалық компаниялар және инновациялық экожүйенің басқа қатысушылары арасындағы ынтымақтастыққа ықпал етеді.
«ҚазҰМУ ғылыми-технологиялық паркі жай ғимарат немесе зертханалар кешені емес. Бұл идеялар мен инновациялар тоғысатын, студенттер мен зерттеушілер өздерінің ең батыл жобаларын жүзеге асыра алатын орын, ал біздің мамандар, ғалымдар, лаборанттар және Эндаумент қорының өкілдері жаңашылдарға ғылыми идеяларын жүзеге асыруға қолдау білдіруге тартылған. Ғылыми-технологиялық парктің ашылуы – инновациялар мен сапалы білім беруге ұмтылысымыздың дәлелі. Мұнда біз озық медициналық технологияларды дамытуды, денсаулық сақтаудың заманауи сын-қатерлерін шешуге көмектесетін зерттеулер жүргізуді жүзеге асырамыз және болашақ сын-қатерлерге дайын медициналық мамандардың болашақ буынын даярлаймыз», – деді ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов.
ҚазҰМУ технопаркі оқу орнының құрылымдарын, атап айтсақ, ғылым департаментін оның бөлімдерімен, неврология және қолданбалы нейроғылымдар бойынша оқу-ғылыми орталығын, Дата Орталығын, Атчабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтын біріктіреді. Онда бес заманауи зертхана, ғылыми-білім беру фармакопеялық орталығы және виварий жұмыс істейді.
"Біз еліміздің білім беру саласын дамытып, осындай шараға қатысуға шын жүректен қуаныштымыз. ЦентрКредит Банкі және С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті көптеген жылдар бойы сенімді серіктестер. Профессор Котова Альбина Леоновна атындағы жаңа оқу залы мен ғылыми-технологиялық парк Денсаулық сақтау мамандарының жас буынын оқыту үшін тамаша алаң болатынына және университетке жаңа биіктерге жетуге көмектесетініне сенеміз", - деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің президенті Руслан Владимирович.
Ою-өрнегі бар күміс түсті металл премиум карта #IronCard OYU деген өзінің ерекше атауын алды.
#IronCard OYU – бұл ЦентрКредит Банкінің ұлттық сипаты бар шектеулі премиум картасы, оны ашу және қайта шығару бағасы да әртүрлі.
Барлық өзгерістерді ескере отырып, премиум карталардың тарифтерін жаңарттық.
Жаңа тарифтер 2024 жылғы 24 сәуірден бастап күшіне енеді, қазірдің өзінде олармен сайтта танысуға болады.
ЦентрКредит Банкі Қазақстанның зардап шеккен өңірлеріне қолдау көрсету үшін өз қаражатынан 200 миллион теңге бөледі. Бұл қаражат зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіру жұмыстарына бағытталады.
"Тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғындарға қолдау білдіреміз. Біздің көмегіміз зардап шеккен өңірлерде қалыпты өмірді тез арада қалпына келтіруге сеп болады деген ниеттеміз", - дейді ЦентрКредит Банкінің баспасөз қызметі.
Еліміздегі жағдай банктің жіті бақылауында және зардап шеккен аймақтардың қажеттіліктеріне қарай көмек көрсетуді жалғастырады.
ТЖМ мәліметінше, бүгінгі таңда су тасқынынан Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының тұрғындары зардап шекті.
Құрметті клиенттер!
Бизнес-клиенттерге қызмет көрсету бойынша тарифтер жинағына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз:
- BCC Business web (Light, Standart) жүйесінде абоненттік қызмет көрсету, ай сайын – 1600 KZT.
Құрметпен, «Банк ЦентрКредит» АҚ
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес клиенттің банктік шотында 1 (бір) жылдан астам уақыт бойы ақша қозғалысы болмаған жағдайда, «ЦентрКредит Банкі» АҚ банктік шот шартын орындаудан бас тартуға (ағымдағы банктік шотты жабуға) құқылы.
№ 001«Банк ЦентрКредит АҚ»-та жеке тұлғаларға банктік қызметтер кешенін ұсынудың стандарт талаптарының (қосылу шарты) 351-тармағына сәйкес банктің құқықтары:
24-тармақша. Банк шотқа орындалмаған талаптардың болуына қарамастан клиенттің тиісті өтінішінсіз шотты жаба алады:
- шотта бір жылдан астам ақша болмаған кезде;
- шотта ақша қалдығы болған, бірақ бір жылдан астам уақыт бойы ақша қозғалысы болмаған кезде.
25-тармақша. Шотты жабу тараптардың қосылу шартын бұзуына әкеп соқпайды.
26-тармақша. Шотта бір жылдан астам уақыт бойы ақша болмаған жағдайда банк қызметтер көрсету шартын бұзуға құқылы, бұл ретте банк қызмет көрсету шартын бұзу туралы хабарламаны ЦентрКредит Банкінің сайтында, АТМ, ИПТ, мобильді қосымшада, қашықтан банкинг жүйесінде жариялайды және/немесе қызмет көрсету шартын бұзудың болжамды күніне дейін 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын SMS-хабарлама, push-хабарлама, клиенттің электрондық поштасына хабарлама жібереді. Шотта ақша болмаған кезде және хабарламада көрсетілген мерзім аяқталған кезде банк қызмет көрсету шартын бұзады және шотты жабады. Осы хабарлама клиентке хабарлау үшін жеткілікті және тиісті болып табылады және шартқа қол қою арқылы клиент өзінің онымен келісімін растайды. Сонымен бірге банк осы іс-әрекеттерді жүзеге асырмауға құқылы – бұл жағдайда қызмет көрсету шарты бұзылмайды және шот жабылмайды, шартта өзгеше көзделмегендіктен, тараптардың өзара қарым-қатынастары жалғасады.
Уважаемые клиенты, наш банк предоставляет возможность отсрочки платежей по кредитам для пострадавших в результате наводнений и затоплений в ряде областей Казахстана произошедших в марте 2024 года.
Отсрочка платежей предоставляется на 1 (один) месяц с возможностью ее продления.
Подать заявку можно перейдя по ссылке
2024 жылдың 19 наурызында халықаралық S&P Global Ratings агенттігі ЦентрКредит Банкінің рейтинг бойынша болжамын «Тұрақтыдан» «Оңға» өзгертті. Ұлттық шкала рейтингі «kzA-»-ден «kzA» деңгейіне жоғарылап, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие рейтингтері «BB-/B» деңгейінде расталды.
S&P сарапшылары Қазақстанның қаржы жүйесі үшін Банк ЦентрКредиттің өсіп келе жатқан маңызын, оның активтері мен несие портфелі бойынша елдегі үшінші ірі банк ретіндегі позициясын, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттері нарығының 10%-дан астам үлесін иеленетінін атап өтті.
«Болжамның оң болуы салалық тәуекелдерді төмендету және активтер сапасының тұрақты көрсеткіштерін сақтау кезінде алдағы 12-18 айда банк рейтингін көтеруге болады деген үмітімізді көрсетеді", - делінген S&P мәлімдемесінде.
Айта кетсек, өткен жылдың шілде айында S&P Global Ratings халықаралық агенттігі ЦентрКредит Банкінің рейтингін BB- деңгейіне дейін көтерген еді.
«Банк ЦентрКредит» АҚ – Қазақстан Республикасының жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіне қатысушы.
Кепілдік берілетін салымдар:
- Мерзімді депозиттер, талап еткенге дейінгі депозиттер, шартты депозиттер;
- Ағымдағы шоттардағы және төлем карталарындағы ақша.
Бір салымшының әр банктегі барлық депозиттері мен банк шоттары бойынша төленетін мемлекеттік кепілдік:
- 20 миллион теңгеге дейін – ұлттық валютадағы жинақ депозиттері бойынша,
- 10 миллион теңгеге дейін – ұлттық валютадағы депозиттер бойынша,
- 5 миллион теңгеге дейін – шетел валютасындағы депозиттер бойынша (қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнге белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша эквиваленті).
Салымшының бір банкте бір мезгілде теңгемен де, шетел валютасымен де орналастырылған 2 және одан көп депозиті болған жағдайда, 20 миллион теңгеге дейін кепілді түрде өтемақы төленеді.
2024 жылғы 6 наурызда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) серіктестікте және БҰҰ-ның «Тұрақты қор биржалары» (SSE) бастамасы аясында жыл сайынғы Ring the Bell for Gender Equality сауда-саттығының ашылу рәсімін өткізді. Іс-шара тұрақты даму және ESG-қағидаттары саласындағы гендерлік инклюзивтілік пен теңдіктің маңыздылығын атап өтті.
Шақырылған спикерлер қатарында «Банк ЦентрКредит» АҚ Вице-президенті Нұрлан Шегебаев сөз сөйледі. «Invest in Women: Accelerate Progress» пікірталасына ерекше көңіл бөлінді. Талқылау аясында банк әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, ESG стратегиясын іске асыру және ұйым ішіндегі гендерлік теңдікке жәрдемдесу бойынша тәжірибесімен бөлісті.
«Бүгін пікірталас аясында әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың маңыздылығы атап өтілді, бұл ESG стратегияларын іске асыруға және біздің банк ішінде гендерлік теңдікті ілгерілетуге ықпал етеді. Қазірдің өзінде жүргізіліп жатқан жұмыс біздің қоғамда айтарлықтай өзгерістерге әкелетінін, мүмкіндіктердің теңдігін қолдап, әйелдердің экономикадағы рөлін нығайта түсетінін көріп отырмыз», – деп Нұрлан Шегебаев өз ойымен бөлісті.
Сауда-саттықтың ашылу рәсімін өткізу қазақстандық қаржы қоғамдастығы мен KASE-нің халықаралық деңгейде гендерлік теңдік идеалдарын ілгерілетуге бейілділігін жетінші рет көрсетіп отыр.
Әлемнің 200 елінде 11 000-нан астам қатысушыны және 4 миллиард шотты біріктіретін жаһандық банк желісінде жылдам ақша аударымын жасауға мүмкіндік беретін SWIFT GO жаңа сервисін пайдаланыңыз.
SWIFT жоғары жылдамдықты төлем арналарын пайдаланады, соның арқасында халықаралық төлем жүргізу жылдамдығы жақсарды. Бұл банкке қызмет көрсету сапасын арттырып, клиенттеріміздің пайдаланушылық тәжірибесін жақсартуға мүмкіндік берді.
Біздің банктегі SWIFT GO ерекшеліктері:
- 4 сағат ішінде бенефициардың шотына есептелетін баламасы $10 000-ға дейінгі ақша аударымдары
- Валюталары: USD/EUR/GBP
- Swift GPI бойынша төлемді қадағалау
2 наурызда Шымкентте ерекше қажеттіліктері бар тұрғындарға арналған құрал-жабдықтар ұсынатын «Dos Ortopedia» компаниясының жаңа филиалы ашылды.
Шара барысында ерекше қажеттіліктері бар жандардың жағдайын жақсартуға бағытталған арбалар сыйға тартылды. Бастама ЦентрКредит Банкінің қолдауымен жүзеге асты.
«Dos Ortopedia» өкілдері бұл шараның маңызына тоқталды.
«Біз осы бір серіктестіктің арқасында ортақ мақсатымыз – баршамыз үшін өмір сүру сапасының артуына аяқ басып келеміз. Еуропалық брендтердің арбаларын ұсына отырып, біз қозғалысты қамтамасыз етіп қана қоймай, сапалы оңалту өнімдері туралы хабардар етеміз. Бұл өз кезегінде сапасыз өнімдердің таралуына бөгет болады. Біз қозғалыс құралын ұсынудан бөлек, тәуелсіз өмірге жол ашамыз», – дейді «Dos Ortopedia» компаниясының маркетинг және PR бөлімінің басшысы Сұлтан Қоңырбасов.
«Әлеуметтік жобаларды қолдау және қоғамға үлес қосу – банк қызметінің маңызды аспектісі. Теңдікті қамтамасыз ету бойынша мұндай бастамалар тұрақты, әділ, ізгі және дамыған қоғамға қарай қадам жасау және бұл бәріміз үшін маңызды», - деді ЦентрКредит Банкінің PR директоры Сәкен Нығмашев.
2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні уақыт белдеуін UTC +5-ке өзгерту бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Осыған байланысты 29 ақпан күні сағат 23:00-ден бастап 1 наурыз сағат 02:00-ге дейін банк сервистерінің жұмысында үзіліс болуы мүмкін.
Уақытша келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.
2024 жылдың 26 ақпанында Алматыда халықаралық байланыстарды нығайту және кәсіби тәжірибе алмасу аясында "Банк ЦентрКредит" АҚ Тәжікстаннан келген "Банк Эсхата" ААҚ-мен бірлесіп телемаркетинг және сатуды басқару саласында іс-шара өткізді.
Кездесудің маңызды бөлімі банк өкілдерінің тұтынушылармен байланыс пен тиімді сатуды автоматтандыруға арналған озық платформа – Delta m жүйесімен жұмыс істеу бойынша білім және тәжірибе алмасу болды.
Сарапшылар клиенттерден түсетін нәтижелі өтініштері, онлайн мониторинг тәсілдері мен қоңырау сапасын бақылаудың маңызды аспектілерін талқылады. Бұл өз кезегінде қызмет көрсету деңгейін көтеру және тұтынушылардың тәжірибесін оңтайландырудың негізі.
"Бүгінгі оқиға қаржы индустриясында инновациялық шешімдерді дамыту және енгізу үшін халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңызын айқындайды. Біз Эсхат Банкімен ынтымақтастықтың болашағы зор екеніне сенеміз және өзара тиімді тәжірибе алмасуды жалғастырамыз деп үміттенеміз. Бұл біздің клиенттерімізге қызмет көрсетудің сапасын одан әрі арттырып, сатылымның өсуіне ықпал етеді", – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің телемаркетинг дирекциясының басшысы Әлім Әлиев.
Екі банктің өзара серіктестігі кәсіби байланысты нығайтып, сонымен қатар клиенттерге қызмет көрсету сапасын едәуір жақсартып, қаржы секторында инновациялық тәсілдерді дамытуға ықпал ететін озық технологиялар мен жұмыс әдістерін енгізуге сеп болады.
"Эсхат Банкі" ААҚ – Тәжікстандағы банк операцияларының барлық негізгі түрлерін ұсынатын ірі банктердің бірі. Эсхат Банкінің желісіне Тәжікстан бойынша 22 филиал мен 295 банктік қызмет көрсету орталығы кіреді. Банк ұсынатын қызметтерге бизнесті дамыту үшін несиелеу, тұтынушылық көп мақсатты несиелеу, ақша аударымдары, банк карталары бойынша қызмет көрсету, мерзімді салымдар мен депозиттер, сауданы қаржыландыру, аккредитив және банк кепілдіктері, сейф ұяшықтарын жалға алу, кассалық есеп айырысу, инкассация қызметтері және т.б. операциялар кіреді.