E-mail: Pr@bcc.kz
Құрметті клиенттер! ҚР ҚМ МКК салық төлеушілер арасында жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 31.08.2016 ж. №208 ережелерді сақтау қажеттілігіне қатысты 03-04-2023 ж. бастап ОБЖШ АЖ-да пысықтау жүргізу туралы шешімнің қабылдануына байланысты келесіні мәлімдейміз: - бюджетке төленетін төлемдер, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, өзінің оқшауланған бөлімшесі үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар бойынша «төлем мақсаты» бағанында келесі ретпен оның міндеттемелері бойынша төлем жүргізілетін заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесінің БСН және атауы, төлемнің мақсаты көрсетіледі. - әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұлдарды төлеген кезде, «төлем мақсаты» бағанында келесі ретпен «ADM», әкімшілік материалдың сәйкестендіру нөмірі, «/A» белгісі, төлемнің мақсаты көрсетіледі; - көлік құралына салық төлеген кезде (оның ішінде электрондық терминалдар арқылы) «төлем мақсаты» бағанында келесі ретпен «VIN», көлік құралының сәйкестендіру нөмірі, «/V» белгісі, төлемнің мақсаты көрсетіледі; - сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу аясында борышкердің міндеттемелері бойынша бюджетке төлемдерді төлеген кезде, «төлем мақсаты» бағанында келесі ретпен ол үшін төлем жүргізілетін борышкердің ЖСН, оның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе тегі мен инициалдары, төлемнің мақсаты көрсетіледі; Филиалдың деректері көрсетілмеген немесе «Төлем мақсаты» жолында бірнеше салық төлеушілердің БСН/ЖСН көрсетілген бюджетке төленетін барлық төлемдер бойынша сомалар «Ақша жөнелтушіге» түсетін болады.
ЦентрКредит Банкі Hyundai-мен бірлесе отырып, керемет акцияны іске қосады!
2023 жылғы 1 наурыздан бастап 30 сәуірге дейін Hyundai Bayon автокөлігін 8% жеңілдікпен кредитке сатып алыңыз.
Арнайы көктемгі ұсынысты пайдалану үшін Қазақстандағы ресми Hyundai дилерлеріне хабарласыңыз.
Бағдарлама туралы толығырақ Hyundai дилерлік орталықтарынан және hyundai.kz ресми сайтынан біліңіз
Құрметті клиенттер!
Интернет-банкинг Bcc Business (web) жүйесінде микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін Бірыңғай салық төлемін* жіберу мүмкіндігі пайда болғанын хабарлаймыз.
Бірыңғай салық төлемі (БСТ) – жеке табыс салығын, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналарды қоса алғанда, салықтарды бір төлеммен аудару.
Құрметті клиенттер, Сіздерге енгізілген маңызды өзгеріс туралы хабарлаймыз. 2023 жылдың 3 сәуірінен бастап архив карталарындағы кэшбэк бағдарламасы қызметін тоқтатады. Біз сіздерге бұдан да тиімді кэшбэк беретін көптеген басқа карта өнімдерін ұсынамыз.
Сұрақтарыңыз немесе тілектеріңіз болса, 505 нөмірі бойынша біздің байланыс орталығымызбен хабарласыңыздар, сіздерге шын жүректен көмектесуге дайынбыз.
Біздің банк пен Visa ұйымдастырған Sulpak-қа 50 000 теңгелік сертификат ұтысына қатысыңыз!
Ұтыс ойынына қатысу үшін:
2023 жылғы 31 мамырға дейін басқа банктерден телефон нөмірі бойынша ақша аударымын алу қажет (Visa ADS жүйесі бойынша).
Ақша аударымы неғұрлым көп болса, соғұрлым ұту мүмкіндігі жоғары болады
Бір қатысушы тек бір сертификат ұта алады
Қатысып, ұтысқа жетіңіз
2023 жылғы 1 ақпаннан бастап ЦентрКредит Банкінде бүкіл Қазақстан бойынша бастапқы және қайталама тұрғын үй үшін бастапқы жарнасыз ипотека ресімдеуге болады. Бастапқы жарна сомасы ретінде пәтер немесе тұрғын үй түріндегі қосымша кепілді ұсынуға болады. Бұл ретте жылжымайтын мүлік қарыз алушының меншігінде ғана емес, сонымен қатар оның туысының немесе жақын адамының меншігінде болуы мүмкін.
Кепілге ұсынылатын жылжымайтын мүлікке қойылатын талаптар:
• жылжымайтын мүлік кепілге қойылмаған болуы тиіс;
• жылжымайтын мүлік иелері пәтерді немесе үйді кепілге беруге келісетін үшінші тұлғалар болуы мүмкін;
Кепілге қойылатын жылжымайтын мүлік ретінде келесіні қабылдауға тыйым салынады:
• Сыйға тарту шарты бойынша алынған меншік құқығы
• Кәмелетке толмағандарға меншік құқығымен тиесілі мүлік
3-ші тұлғалардың мүлкін кепілге қойған жағдайда қарыз бойынша кепілгердің тартылуын қамтамасыз ету қажет. Кредит мерзімі аяқталған кезде 68 жасқа толмаған Қазақстан резиденті кепілгер бола алады.
Бастапқы жарнасыз ипотека шарттары #Ипотека және #Ипотека плюс өнімдерімен бірдей, бірақ қосымша талаптары бар:
• қарыздың ең көп сомасы 100 миллион теңгеге дейін
• қарыз мерзімі 15 жылға дейін
• сыйақы мөлшерлемесі 17%-дан бастап (ЖТСМ 18,7%-дан бастап)
• мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі.
BCC.KZ қосымшасында төлем жасау үшін «Меломанға» 15 000 теңгелік сертификат ұтып алыңыз!
BCC.KZ қосымшасында 15 ақпан мен 30 сәуір аралығында 5 000 теңгеден бастап балабақша ақысын төлеу арқылы ұтыс ойынына автоматты түрде қатысасыз
Ай сайын парақшамызда тікелей эфирде 18 жеңімпазды (әр өңірден 1 жеңімпаз) анықтайтын боламыз. Барлығы – 54 жеңімпаз!
Дәл қазір BCC.KZ арқылы балабақша ақысын төлеп, ұтысқа жетіңіз
ЦентрКредит Банкі клиенттерге ыңғайлы болу үшін депозиттік өнімдер желісін жеңілдетті. Жаңа қағидалар 10.02.23 жылдан бастап күшіне енеді. «Менің мақсатым» және «Рахмет» салымдарын енді тек 3, 6 немесе 12 айға, ал «Чемпион» салымын 13 немесе 24 айға ашуға болады. Банк енді «Рахмет+», «Эталон» және «Эталон+» салымдарын ашпайды.
Қосымша хабарлаймыз:
Қолданыстағы «Эталон» және «Эталон+» салымдары шартқа сәйкес сол мерзімге тағы бір рет ұзартылады, содан кейін олар қайта ресімдеу сәтінде қолданыста болған сыйақы мөлшерлемесімен автоматты түрде 13 ай мерзіміне «Чемпион» депозитіне қайта ресімделеді. Егер ұзарту мүмкін болмаса, қолданыстағы «Эталон» және «Эталон+» салымдары шартқа сәйкес мерзімі аяқталғаннан кейін жабылады.
Өзекті салым түрлерінің шарттары туралы толық ақпаратты білу үшін 505 нөміріне қоңырау шалыңыз немесе https://www.bcc.kz/fizical/depozity/ сайтына кіріңіз.
Банк Ұлттық кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жобасы және Қарапайым экономиканы дамытудың бағдарламалары бойынша субсидиялар төлеудің
қайта басталғаны туралы хабарлайды.
2022 жылы Банк ЦентрКредит әлеуметтік маңызды мәселелер мен міндеттерді жүйелі шешуге бағытталған бірқатар жобаларды қолдады.
«34 жыл ішінде Банк еліміздегі сенімді және тұрақты қаржы институттарының біріне айналған қаржы институтының біріне алнаған. Біз өз мақсаттарымызға қол жеткізіп қана қоймай, өз клиенттерімізге қолжетімді және ыңғайлы болуды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және қоғамдық бастамаларды қолдағымыз келеді. Өткен жыл ішінде қолдау көрсеткен жобалар арқылы халыққа дұрыс идеологияны жеткізгіміз келеді. Банктің басты мақсаттарының бірі – өзін тек қаржы институты ретінде ғана емес, сонымен қатар елдегі мәдениет, спорт және білім беру саласын құруға және көтеруге көмектесетін банктердің бірі болғымыз келеді», – деді Сәкен Нигмашев «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның PR директоры.
Банктің өткен жылдағы негізгі әлеуметтік бастамаларымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Осы арқылы Банк сіздерге «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тан келіп түсетін қаражаттың уақытша болмауына байланысты сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу қажеттігін хабарлайды.
Субсидиялар түсімдерінің қайта басталуын Банк сіздерге қосымша хабарлайды.
15 желтоқсаннан 15 қаңтарға дейін BCC.KZ қосымшасында Шымбұлаққа ски-пасс үшін төлем жасап, @skadi.kz спорттық жабдықтарын жалға алуға абонемент ұтып алыңыз
Бүкіл маусымға жалға алуға 5 абонемент, сонымен қатар қосымша жүлделер ретінде 1 күн шаңғы тебуге 30 абонемент ойнатамыз
Төлем жасау үшін BCC.KZ қосымшасына кіріп, келесіні таңдаңыз -> Төлемдер -> Shymbulak -> Shymbulak. Skipass
«Сәтті төлем» акциясына қатысыңыз
Мектеп, колледж, ЖОО немесе қосымша білім үшін BCC.KZ арқылы төлем жасап, PocketBook электрондық кітабын, сағаты бар Яндекс Станция Мини smart-колонкасын немесе Xiaomi рюкзагін ұтып алыңыз
18 жеңімпаздың бірі болу үшін желтоқсан айы бойы BCC.KZ қосымшасының «Білім беру» бөлімінде кемінде 5000 ₸ төлем жасаңыз.
Төлем жасау үшін BCC.KZ қосымшасының басты бетінен Төлемдер -> Білім беру бөліміне өтіңіз
Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы бойынша өтемақы төлеу мерзімін 2023 жылғы 31 тамызға дейін ұзартты.
GEFF бағдарламасына қатысу үшін ЦентрКредит Банкінің кредиттік қаражатына бағдарлама бойынша қолайлы жабдықты сатып алып, кәсіпорнында орнатып, кредиттік менеджер арқылы өтемақы-кэшбэкке өтінім беру қажет.
ЦентрКредит Банкі Еуропа қайта құру және даму банкінің Қаржылық серіктесі болып табылады және Қазақстандағы GEFF жасыл экономиканы қаржыландыру бағдарламасы аясында энергияға тиімді жабдықты жеткізушілер мен сатып алушыларды қаржыландырады.
Бағдарлама:
· энергияны пайдалануды азайтатын
· жаңартылатын көздерден энергия өндіретін
· су ресурстарын қорғайтын
· экологияға теріс әсерді азайтатын "жасыл" технологияларға инвестиция салуды қаржыландырады.
GEFF бағдарламасының көмегімен кәсіпкерлік субъектілері ғимараттарына энергетикалық модернизация жүргізе алады, яғни:
▫️жылуды оқшаулау, жарықтандыру, жылыту, кондициялау және желдету жүйелеріне арналған энергияны үнемдейтін жаңа жабдықтар мен материалдарды сатып алу;
▫️ Қасбеттік жүйелер бойынша заманауи шешімдерді енгізу;
▫️ Тұрғын және коммерциялық жайларда энергияны үнемдейтін терезелер мен есіктерді орнату
▫️ Қолданыстағы көліктер мен ауылшаруашылық мақсаттарға пайдаланатын жабдықтарды (жылыжайлар, суару жүйелері, жер және егін дайындау жабдықтарын) жаңарту немесе жаңасын сатып алу
▫️ Фотоэлектрлік күн батареяларын, геотермалдық жылу сорғыларын, суды үнемдейтін суару жүйелерін сатып алу
▫️ Кез келген маркадағы электромобильдерді сатып алу (жеке тұлғалар да сатып ала алады) және т.б.
"Жасыл" технологиялық шешімдерге арналған жабдықтардың толық тізімі Жасыл Технологиялар Селекторының сайтында келесі сілтеме бойынша жарияланған: https://techselector.com/kazakhstan-ru/.
Бағдарлама Жаһандық Экологиялық Қордың (ЖЭҚ) және Аустрияның Федералды қаржы министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Бизнес-клиенттерге арналған «СЭҚ жаңажылдық марафоны» акциясы
Барлық бизнес клиенттер үшін бірегей ұсыныс*
2022 жылдың 1 қарашасынан 2023 жылдың 31 қаңтарына дейінгі науқандық кезеңде СЭҚ өнімдерін комиссиясыз пайдаланыңыз:
FX платформасындағы валюта айырбастау – 0 теңге
СЭҚ опциясы – 0 теңге
BCC Business арқылы ресей рублімен валюта аударымдары (RUB) Астана қ. уақытымен 16-00-ге дейін – 0 теңге
*жеке тарифтері бар клиенттер акцияда қатыспайды
Жаңа iPhone ұтыс ойынына қатысыңыз! Ол үшін 16 қазанға дейін төмендегі банктерден телефон нөмірі бойынша сіздің Visa картаңызға жасалған ақша аударымын алыңыз.
- ForteBank
- Finance Bank
- Еуразиялық Банк
- RBK Bank
- Halyk Bank
- Нұрбанк
- Altyn Bank
- Simply
- Қазпошта
Ақша аударымдары неғұрлым көп болса, жеңіске жету мүмкіндігі де жоғары болады!
24 қазанда біз Instagram-дағы @centercreditkz парақшамызда өткізілетін тікелей эфирде рандом арқылы 8 жеңімпазды анықтаймыз.