Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Жаңалықтар
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі Қазақстандағы Альфа-Банкті сатып алады

ЦентрКредит Банкі Қазақстандағы Альфа-Банкті сатып алады

«Альфа-Банк» АҚ пен «Банк ЦентрКредит» АҚ Қазақстандағы «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ты сату туралы түбегейлі келісімге келді.

ЦентрКредит Банкі жай акциялардың 100%-ын сатып алу арқылы Қазақстандағы Альфа-Банктің жаңа акционері атанады. «Альфа-Банк» АҚ акционерлер құрамынан толық шығып, Директорлар кеңесінің құрамынан өзінің өкілдерін шақыртып алады.

Мәміле заңды тұрғыдан аяқталғаннан кейін ЦентрКредит Банкі Банктің ребрендингін жүргізеді. Осылайша, ол жеке және заңды тұлғаларға арналған барлық банктік қызметтерді көрсететін тұтастай қазақстандық банк болады.

ЦентрКредит Банкі Банкке депозиторлар алдындағы барлық міндеттемелерін орындау және қазіргі кездегі клиенттері үшін орын алған жағдайды шұғыл түрде шешу үшін меншікті қаражатының есебінен қосымша өтімділікпен қолдау көрсетуге дайын.

«Банк ЦентрКредит» АҚ 1988 жылы құрылған және заманауи технологияларды пайдалану арқылы қолайлы банктік өнімдерге бағытталған әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар және ол Қазақстанның барлық өңірлеріндегі 130-дан аса бөлімшелері арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді.

Жаңалықтар
«Сбербанк России» БАҚ және «Альфа-Банк» АҚ және олардың еншілес ұйымдарымен жұмыс істеу

Құрметті клиенттер,

«Сбербанк России» БАҚ пен «Альфа-банк» АҚ-тың және олардың еншілес компаниялары мен филиалдарының халықаралық санкциялар тізіміне қосылғанын хабарлаймыз.

Шетел валютасындағы кіріс/шығыс төлемдер мен ақша аударымдарына қатысты келесі ақпаратты назарға алуды өтінеміз:

-          2022 жылғы 13 сәуірден бастап «Сбербанк России» БАҚ-тан (БАҚ-қа) және олардың еншілес ұйымдары мен филиалдарына (-нан) кез келген шетел валютасындағы (USD, EUR, RUB және т.б.) кіріс және шығыс төлемдер мен ақша аударымдары жүргізілмейді. 

-          2022 жылғы 06 мамырдан бастап «Альфа-Банк» АҚ-тан (АҚ-қа) және олардың еншілес ұйымдары мен филиалдарына (-нан) кез келген шетел валютасындағы (USD, EUR, RUB және т.б.) кіріс және шығыс төлемдер мен ақша аударымдары жүргізілмейді. 

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкінің депозиттерінің рейтингтері – B1 деңгейінде (болжам «Тұрақты»)

Moody's халықаралық рейтинг агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың (BCC) депозиттерінің B1 деңгейіндегі ұзақмерзімді рейтингтерін растады, болжам «Тұрақты».

BCC-дің рейтингтерін растау агенттіктің бағалауы бойынша банктің операциялық ортасы мен кредитті өтеу қабілетінің еліміздегі өсе түскен тәуекелдерге қатысты орнықты болып қалатынын білдіреді. BCC-дің ұзақмерзімді рейтингтері бойынша «Тұрақты» болжамы Moody's агенттігінің банктің капиталдандыруы, кірістілігі мен өтімділігі жиынтық түрде оған қарағанда жоғары құнсыздануға және қаржыландыру талаптарын қатайтуға байланысты сыртқы тәуекелдерді теңдестіреді деген болжамын көрсетеді.

BCC Қазақстанның Екінші деңгейдегі банктерінің рэнкингінде көшбасшы орынға нық ие бола отырып, клиенттер үшін қолайлы әрі оңай шешімдер ұсынады.

Аталған рейтингтердің толық тізімімен Moody's агенттігінің ресми баспасөз релизінен (сілтеме) танысуға болады.

«Банк ЦентрКредит» АҚ 1988 жылы құрылған және заманауи технологияларды пайдалану арқылы қолайлы банктік өнімдерге бағытталған әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар және ол Қазақстанның барлық өңірлеріндегі заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Толық ақпаратты банктің www.bcc.kz сайтынан алуға болады.

Жаңалықтар
Құрметті клиенттер!

«Банк ЦентрКредит» АҚ 2022 жылғы 5 сәуірден бастап #TravelCard ЖЖ (жалақы жобалары аясында шығарылған) карталары бойынша тегін қызмет көрсету талаптарына өзгерістердің енгізілгені туралы хабарлайды.

Сізге ыңғайлы болуы үшін 2022 жылғы 5 сәуірден бастап карта бойынша қызмет көрсету тегін болуы үшін талаптардың біреуін орындау қажет болатын есепті кезең болып бір күнтізбелік ай танылады (айдың 1-ші күнінен соңғы күніне дейін).

Енді алдыңғы ай үшін талап орындалмаған кезде, 5 000 теңге мөлшеріндегі комиссия әр айдың 5-ші күні алынады (талаптар өзгертілмеген):

  1. Айына 500 000 теңгеден (басқа валютамен баламасы) басталатын сомаға сауда жасау;

  2. Картадағы/депозиттегі (Рақмет/Рақмет+/Чемпион/ Эталон/ Эталон+) қалдық бір ай ішінде күн сайын 3 000 000 теңгеден (басқа валютамен баламасы) жоғары  болуы қажет;

  3. Карта арқылы 140 000 теңгеден жоғары жалақы алу.


Өзгерістер 05.04.2022 ж. бастап күшіне енеді (5 сәуірден бастап 30 сәуірге дейінгі кезең үшін картаға қызмет көрсету бойынша комиссия алынбайды).

Комиссияны есептеу/есептен шығару күні – 05.05.2022 ж.


#TravelCard ЖЖ картаңызды тегін етіп, Visa Signature премиум санатындағы картаның артықшылықтарын пайдаланыңыз және Қазақстан бойынша, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша саяхаттарға 7% кэшбэк алыңыз!


Тарифтермен сілтеме арқылы танысуға болады.Құрметті клиенттер!

Жаңалықтар
Құрметті клиенттер, 2022 жылғы 1 мамырда Delta Bank салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі аяқталады.

Төлем алу үшін қоса алғанда 01.05.2022 жылға дейін уақытылы өтініш жасап үлгеріңіздер.

 «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ Сіздер талап етпеген кепілдік берілген өтем сомасын ҚР-дың зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасында көзделген тәртіппен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-та депозитордың атына ашылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударады.

  Кепілдік берілген өтемді төлеу туралы өтінішті банк бөлімшелерінің офистеріне келмей-ақ, төлемдердің электрондық порталы арқылы да беруге болады. Толық нұсқаулықтар порталда және «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ сайтында қолжетімді. Толығырақ сілтеме бойынша

Жаңалықтар
C 11 апреля 2022 года вступают в силу изменения в тарифы по дебетным картам
Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер!

Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 17 наурыз күні Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 3:00-ден бастап 4:00-ге дейін «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның келесі сервистері қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз: BCC Business, BCC.KZ, АТМ, АТТ, POS-терминалдар, www.bcc.kz, www.bcc-invest.kz, сондай-ақ ЦентрКредит Банкінің карталары бойынша операциялар.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.

Жеке тұлғалар үшін:
505 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-505
Заңды тұлғалар үшін:
605 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-605

Жаңалықтар
2022 жылғы 15 наурыз Банктің Жеке тұлғаларға ұсынатын қызметі үшін белгіленген тарифтердің өзгеруі

Құрметті клиенттер!


«Банк ЦентрКредит» АҚ 15.03.2022 ж. бастап Банктің қызметтері үшін белгіленген жаңа тарифтердің күшіне енетінін хабарлайды:


- «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың кассалық операциялар бойынша «Шотқа қолма-қол ақшаны қабылдау және шоттан беру» тарифтері https://www.bcc.kz/fizical/tarify/.


Жаңа тарифтермен жоғарыда көрсетілген сілтеме арқылы немесе Банк бөлімшелерінде танысуға болады.

Жаңалықтар
Металл шоттары бойынша сервистің жұмысын тоқтата тұру

Құрметті клиенттер,


Металл шоттарға қызмет көрсету бойынша контрсеріктесті ауыстыру қажеттігіне байланысты біз металл шоттарда алтын сатып алу/сату сервисін уақытша тоқтатуға мәжбүрміз.

BCC.KZ қосымшасында металл шот бойынша деректер мен қолжетімді қалдықты көруге болады.
Сервис 28 наурызда қалпына келеді


Уақытша ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.


Сіздің ЦентрКредит Банкіңіз.

Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер!

Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 14 наурыз күні Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 3:00-ден бастап 3:50-ге дейін «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның келесі сервистері қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз: BCC Business, BCC.KZ, АТМ, АТТ, POS-терминалдар, сондай-ақ ЦентрКредит Банкінің карталары бойынша операциялар.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.

Жеке тұлғалар үшін:
505 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-505
Заңды тұлғалар үшін:
605 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-605

Жаңалықтар
Банктердің қолма-қол валюта айырбастауға байланысты үндеуі

Банктердің қолма-қол валюта айырбастауға байланысты үндеуі

Құрметті клиенттер!

Қазақстанда қолма-қол шетел валютасын сатып алуға жоғары сұраныс байқалады.

Сонымен қатар, шиеленіскен халықаралық саяси жағдайға байланысты Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізу қиынға соқты. Сондықтан валюта Айырбастау пункттері мерзімді түрде қолма-қол ақша беруді шектейді.

Бұл қолма-қол валютаға қатысты екенін тағы да атап өткіміз келеді. Қолма-қол ақшасыз валюта сіздің шоттарыңызда сақталады, оны сіз онлайн-банкинг арқылы көріп  тексере аласыз.

Бұл қолма-қол валютаны жеткізумен байланысты, қазір қолма-қол валютамен болып жатқан уақытша қиындықтар. Біз қысқа мерзімде Қазақстанға қолма-қол валютаны тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банкпен бірге жұмыс істейміз.

Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер!

Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 10 наурыз күні Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 3:00-ден бастап 4:20-ға дейін «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның келесі сервистері қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз: BCC Business, BCC.KZ, АТМ, АТТ, POS-терминалдар, www.bcc.kz, www.bcc-invest.kz, сондай-ақ ЦентрКредит Банкінің карталары бойынша операциялар.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.

Жеке тұлғалар үшін:
505 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-505
Заңды тұлғалар үшін:
605 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-605

Жаңалықтар
Visa және Mastercard Ресейде жұмыстарын тоқтататыны туралы жариялады

Құрметті тұтынушылар!

Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелері Ресей Федерациясы аумағында жұмысын тоқтатқанын хабарлады. Осыған байланысты, қолма-қол ақшаны алу бойынша барлық операциялар, қолма-қол ақшасыз төлемдер және онлайн сатып алулар тек Ресей Федерациясының аумағында қол жетімсіз болады.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша Call-орталыққа хабарласыңыз:

жеке тұлғалар үшін:
505 - ұялы телефоннан тегін
WhatsApp - http://wa.me/77471111505

заңды тұлғалар үшін:
605 - ұялы телефоннан тегін
WhatsApp - http://wa.me/77471111605

Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер!

2022 жылғы 10 наурызда сағат 00:00-ден 05:00-ге (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) дейінгі аралықта техникалық жұмыстардың жүргізілетінін назарға алуды өтінеміз. Билайн компаниясының Алматы, Өскемен, Талдықорған, Қызылорда, Павлодар, Сарыағаш, Семей, Қарағанды, Жезқазған, Нұр-Сұлтан, Атырау қалаларындағы барлық сервистерінің жұмысында шектеулер болуы мүмкін.

Осы шектеулердің нәтижесінде Билайн абоненттері үшін 505 және 605 нөмірлеріне хабарласуда іркілістер болуы мүмкін.

Жаңалықтар
Теңгемен ашылған депозиттерге 10% өтемақы есептеледі

Теңгемен ашылған депозиттерге 10% өтемақы есептеледі


Біз Ұлттық Банк пен ҚР Үкіметінің теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасына қатысамыз. Осы Бағдарлама аясында теңгемен ашылған депозиттерге 10% өтемақы есептеледі.


Бағдарламаның талаптары:


Бағдарламаға 2022 жылғы 23 ақпандағы жай-күйі бойынша талап еткенге дейінгі және шартты салымдарды қоспағанда, жеке тұлғалардың теңгедегі салымдары қатысады.


10% өтемақы бір адамға бір рет төленеді


Салымның нақты сомасы Бағдарламаны іске асыру басталған сәттен бастап 12 айдан кейін 20 млн теңгеден аспауы керек.


Өтемақыға жеке табыс салығы салынбайды


Бағдарламаға қатысудың міндетті талабы – салымды мерзімінің соңына дейін, бірақ бағдарлама енгізілген сәттен бастап кемінде 12 ай (2023 жылғы 24 ақпанға дейін) банкте сақтау. Егер салымның мерзімі өтемақы төленетін сәтке дейінгі кезеңде аяқталатын болса, депозит бағдарлама аяқталатын мерзімге дейін қайта ұзартылуы тиіс.

Жаңалықтар
Жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер!

Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 21 ақпан күні Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 3:00-ден бастап 5:00-ге дейін «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның келесі сервистері қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз: BCC Business, BCC.KZ, АТМ, АТТ, POS-терминалдар, сондай-ақ ЦентрКредит Банкінің карталары бойынша операциялар.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.

Жеке тұлғалар үшін:
505 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-505
Заңды тұлғалар үшін:
605 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-605

Жаңалықтар
Банк ЦентрКредит стал лидером в реализации программы «7-20-25» за 2021 год
Жаңалықтар
BCC Business (WEB) қосымшасындағы біздің FX Платформамызда маңызды функция

Құрметті клиенттер!

BCC Business (WEB) қосымшасындағы біздің FX Платформамызда маңызды функция – Кейінге қалдырылған ордердің іске қосылғаны туралы естеріңізге салғымыз келеді.  Аталған операция типі үшін 10.02.2022 жылдан бастап шекті сома 100 000 USD-дан 500 USD-ға дейін (баламасында) төмендетілді.


Кейінге қалдырылған ордер – клиенттің қаржы құралын өзінің көңілінен шыққан бағаға сатып алу немесе сату туралы өкімі. 


Бұл қалай жұмыс істейді?

Мәселен, клиентке 500 АҚШ долларын 421 теңге бағамы бойынша сатып алу қажет, ал нарықтағы ағымдағы баға 422 теңге. Енді онлайн режимінде бағамдарға мониторинг жүргізудің қажеті жоқ, клиенттерге бар болғаны 500$-ды 421 теңге бағамы бойынша сатып алу туралы кейінге қалдырылған ордерді белгілеу ғана жеткілікті, сондай-ақ егер күндізгі сауда сессиясының ішінде осы баға нарықта пайда болса, жүйе ордерді автоматты түрде орындайды.

Клиенттер кез келген уақытта ордердің қолданысы аяқталатын уақытты белгілеу, өзгерту немесе жою мүмкіндігіне ие болады.  Егер күндізгі сауда сессиясының соңына дейін ордер орындалмаған болса, онда ордер автоматты түрде күшін жояды.


Ордердің қолданысының ең ұзақ кезеңі – биржаның сауда сессиясының соңына дейін (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 10:30-дан бастап 17:00-ге дейін).


Нұсқаулықты келесі мекенжай бойынша алуға болады: http://ibdemo.bcc.kz/help/index.html  

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі «Қазақстан халқына» қорына 500 млн теңге аударды

ЦентрКредит Банкі «Қазақстан халқына» қорына 500 млн теңге аударды

ЦентрКредит Банкі Қазақстан Республикасының азаматтарына қайырымдылық көмек және қолдау көрсету үшін «Қазақстан халқына» қорына 500 миллион теңге аударды.

2022 жылғы қаңтарда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстан халқына» әлеуметтік қоры құрылып, ол келесі міндеттерді орындайтын болды: ҚР халқына денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салалары бойынша; төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге; халықтың әлеуметтік осал топтарына, сонымен қатар қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына қайырымдылық көмек көрсету.

«ЦентрКредит Банкі азаматтардың игілігі мен еліміздің гүлденуі үшін мемлекет басшысының бастауларын қолдауға дайын», - дейді ЦентрКредит Банкінің Басқарма төрағасы Ғалым Хұсаинов. «Біз қазақстандық екінші деңгейдегі банктер мен компаниялардың белсенді ұстанымының қоғамға қажетті сәтте нағыз қолдау болатынына әрі халқымыздың өмір сапасын жақсартуға итермелейтініне сенеміз».

Тағы бір айта кетерлігі, ЦентрКредит Банкі Қазақстан Республикасының азаматтарына қайырымдылық көмек көрсетуге белсенді қатысады. Елімізде болған қаңтар оқиғаларына байланысты Банк төтенше жағдай кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 1 миллион теңге мөлшерінде көмек беруді жалғастырып келеді.

ЦентрКредит Банкі туралы

«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 125 құрылымдық бөлімшесі арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің корреспонденттік желісіне шетелдік 40 банк кіреді.  Толық ақпаратты банктің www.bcc.kz ресми сайтынан алуға болады.


Өнімдер желісі бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар:

505 – жеке тұлғалар үшін мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін.

605 – заңды тұлғалар үшін мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін.

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкінің рейтингтері – «B/Тұрақты/B» және «kzBBB-»

ЦентрКредит Банкінің рейтингтері – «B/Тұрақты/B» және «kzBBB-»

S & P Global Ratings рейтингілік агенттігі біздің Банктің кредиттік рейтингтерін «B/B» деңгейінде және оның ұлттық шәкіл бойынша рейтингін «kzBBB-» деңгейінде растады.

Құбылмалы жағдайдың жоғарылауына қарамастан, ЦКБ рейтингтері бойынша болжамдар критерийлер қайта қаралғаннан кейін өзгеріссіз қалды.

Сарапшылардың пікірінше, ЦентрКредит Банкі алдағы 12-18 айда активтердің неғұрлым тұрақты сапасын көрсетіп, кірістілік көрсеткіштерін бұдан әрі қалпына келтіру жұмысын жалғастыратын болады.

В және одан жоғары рейтингі бар банктер жоғары дербес қаржылық тұрақтылыққа, берік нарықтық позицияларға және жақсы қаржылық көрсеткіштерге ие екенін атап өткіміз келеді.

S & P Global Ratings кредиттік тәуекелді бағалауға байланысты тәуелсіз зерттеулер мен эталондық көрсеткіштерді ұсыну саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. Рейтинг агенттігінің әлемнің 28 елінде бөлімшелері бар, ол бөлімшелерде 1 500-ден астам кредиттік аналитик жұмыс істейді.

Жаңалықтар
Шот бойынша #business картасы және Шот бойынша #business virtual картасы карта өнімдері бойынша тарифтерге өзгерістер енгізу туралы хабарлама.

Құрметті клиенттер!


ЦентрКредит Банкі «Негізгі/қосымша картаға қызмет көрсету» бөлімінде Шот бойынша #business картасы және Шот бойынша #business virtual картасы карта өнімдері бойынша тарифтердің өзгеретіні жайлы хабарлайды.

Аталған карта өнімдері бойынша тарифтерге енгізілетін өзгерістер 10.02.2022 жылдан бастап күшіне енеді.

Тарифтер бойынша толығырақ: https://www.bcc.kz/kz/smallbiz/tarify-biz/

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі ЕҚДБ-мен бірге Қазақстанда жиһаз нарығын кеңейтуге көмек көрсетеді

«Банк ЦентрКредит» АҚ пен ЕҚДБ Қазақстандағы бизнесті қолдау үшін жаңа қаражат ұсынуға дайын. Ортақ жобаның аясында ірі жиһаз өндірушілер мен дистрибьютерлердің бірі ҚӨК Зета компаниясына бизнесті кеңейтуге қолдау көрсетіледі.ЦентрКредит Банкі компанияның флагмандық дүкенінің сауда алаңдарын 10,000 ш.м. дейін ұлғайтуға және Алматы қ. жабдық сатып алуға 600 млн теңгеге дейінгі мөлшерде қарыз береді. Компания үйге және офиске арналған жиһазды, сондай-ақ үйге арналған заттарды қосқанда, өз өнімдерін іске асыруды арттыра алады. Аталған жоба бойынша тәуекелдің жартысын екі банктің арасында қол қойылған Тәуекелдерді бөлу туралы келісімнің аясында ЕҚДБ өтейтін болады.


Кредит Жаһандық экологиялық қор қаржыландыратын, климаттың өзгеру салдарын жеңілдету және климаттың өзгеруіне бейімделу саласында технологияларды беруді қамтамасыз етуге арналған «Ресурс тиімділігін трансформациялау бағдарламасы» атты ЕҚДБ бағдарламасын қолдау аясында беріледі. 112,084 АҚШ доллары мөлшеріндегі грант энергия үнемдеу технологияларын ендіруді қаржыландыратын болады.

Алматы қаласында жобаның құрылысы аяқталғаннан кейін «Зета» ҚӨК жыл сайын су тұтынуды 6,000 куб метрге азайтуға, сонымен қатар CO2 қалдықтарын 368 тоннаға азайтуға өз үлесін қосады деп күтілуде.Айта кетсек, «Зета» ҚӨК Қазақстандағы ірі жиһаз өндірушілер мен дистрибьютерлердің бірі болып табылады. «Зета» ҚӨК компаниясы 1996 жылы құрылып, Қазақстан тұтынушыларына өзі өндіретін жиһазды ұсынады, сонымен қатар еліміздің барлық аумағы бойынша онлайн сауда алаңдары бар 50 бөлшекті дүкенге иелік етеді.


ЦентрКредит Банкі туралы

«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы 1988 жылғы 19 қыркүйекте құрылған және әмбебап бизнес-модельге негізделген Қазақстанның ең алғашқы әрі ең ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің кең тараған ауқымды филиалдық желісі бар, 125 құрылымдық бөлімшесі арқылы заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Банктің корреспонденттік желісіне шетелдік 40 банк кіреді.  Толық ақпаратты банктің www.bcc.kz сайтынан алуға болады.

Өнімдер желісі бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласыңыз:

505 – жеке тұлғалар үшін мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін.

605 – заңды тұлғалар үшін мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін.

Жаңалықтар
Данные по работающим банкоматам
Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкіндегі кредиттер бойынша мерзімін кейінге жылжыту

ЦентрКредит Банкінде кредиттер бойынша төлем мерзімін кейінге жылжыту

Құрметті клиенттер, біздің банк Қазақстанда төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккендер үшін несиелер бойынша төлемдерді кейінге жылжыту мүмкіндігін ұсынады.

Төлемдерді кейінге жылжыту 2022 жылғы 5 қаңтардан 5 сәуір аралығындағы  кезеңге беріледі.

Бұл туралы толық ақпаратты біздің банкіміздің кез келген бөлімшесінен немесе келесі телефон нөмірлері бойынша білуге болады:

Жеке тұлғалар үшін

505 (мобилді телефоннан)

8-747-1111-505 (WhatsApp)

Кейінге жылжыту туралы онлайн өтініш беру (сілтеме)

Заңды тұлғалар үшін
605 (мобилді телефоннан)
8-747-1111-605 (WhatsApp)
Кейінге жылжытуға өтініш (сілтеме)

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді