E-mail: Pr@bcc.kz
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы (бұдан кейін – Банк) Қаратау ауданы, Нұрсат ықшамауданы, 197-үй, корпус 4А мекенжайында орналасқан Банктің жаңа бөлімшесінің ашылуы туралы хабарлайды.
«ЦентрКредит Банкінің жаңа бөлімшесінің ашылуы – клиенттерімізге қарай бағытталған кезекті қадам, – дейді Банктің Басқарма Төрағасы Ғалым Хұсаинов. – Қазіргі күні үлкен мән берілетін цифрлық арналарды енгізумен қатар, біз ЦентрКредит Банкінің ең үздік сервистерін барынша көп қазақстандықтың пайдалана алуы үшін ЦКБ-нің өңірлік желісін жүйелі түрде дамытуды жалғастыра отырып, классикалық банктік қызмет көрсету туралы да ұмытпаймыз. Шымкент – өте әдемі, қарқынды дамып келе жатқан, әлеуеті жоғары, республикалық маңызы бар қала. Біздің банкіміздің тағы бір бөлімшесінің дәл осы жерде ашылғанына шын жүректен қуаныштымыз. Қош келдіңіздер!»
ЦКБ-нің жаңа бөлімшесі қаланың орталығында, кіреберісі мен тұрағы ыңғайлы жерде орналасқан. Офистің заманауи жабдықталуында бөлімшенің әрбір келушісінің өзін барынша жайлы сезінуі ескерілген. ЦентрКредит Банкінің білікті менеджерлері жек тұлға, сондай-ақ заңды тұлға клиенттер үшін банктік қызметтердің алуан түрін ұсынады.
Бөлімшенің жұмыс кестесі:
Дүйсенбі – жұма: 09:00 – 18:00
Сенбі: 09:00 – 16:00
Жексенбі: Демалыс
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуды өтінеміз:
Жеке тұлғалар үшін:
505 – мобильді телефоннан тегін
WhatsApp +7 (747) 1111-505
Заңды тұлғалар үшін:
605 – мобильді телефоннан тегін WhatsApp +7 (747) 1111-605
Құрметті клиенттер!
Жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 29 қазан күні Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 3:00-тен бастап 4:15-ке дейін «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның келесі сервистері қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз: BCC Business, BCC.KZ, АТМ, АТТ, POS-терминалдар, сондай-ақ ЦентрКредит Банкінің карталары бойынша операциялар.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Барлық сұрақтарыңыз бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.
Жеке тұлғалар үшін:
505 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-505
Заңды тұлғалар үшін:
605 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-605
Құрметті клиенттер!
ЦентрКредит Банкі интернетте тауар сатып алуға белгіленген лимиттерді өзгерткені туралы хабарлайды. Өзгерістер Банк карталарын басқарудың және пайдаланудың ыңғайлы болуы үшін енгізілген.
27.10.2021ж. бастап сіздердің карталарыңыз бойынша жүргізілетін барлық интернет-операциялар үшін бірыңғай лимит – Интернетте төлем жасау (бұрын болған "Интернетте төлем жасау", "Электрондық әмиян", "Казино", "Құмар ойындар сайттары", "Брокерлік-дилерлік сайттар" орнына) белгіленетін болады.
Лимитті BCC.KZ қосымшасында өзгертуге немесе жабуға болады: Карта -> Күйге келтіру -> Карта бойынша лимиттер - > Интернетте төлем жасау.
Сонымен қатар 20.10.2021 ж. бастап Банктің әрбір картасына белгілі бір тәуліктік лимит белгіленетін болады:
- премиум санатындағы #IronCard және #TravelCard карталары бойынша – күнінен 300$;
- жоғарыда көрсетілгендерден басқа барлық карталар бойынша – күніне 150$;
- балаларға арналған #juniorbank картасы бойынша – күніне 12$;
- зейнетақы және басқа әлеуметтік жәрдемақыларды алуға арналған карталар бойынша – күніне 0$.
Сұрақтарыңыз болса, Call-орталыққа хабарласыңыздар:
Жеке тұлғалар үшін:
505 – мобильді телефоннан тегін
WhatsApp +7 (747) 1111-505
Заңды тұлғалар үшін:
605 – мобильді телефоннан тегін
WhatsApp +7(747) 1111-605
Құрметті клиенттер!
15-17 қазан аралығында ВСС.KZ қосымшасында АЛСЕКО төлемдерін жүргізу қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Барлық сұрақтар бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.
Жеке тұлғалар үшін:
505 – мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін
WhatsApp: +7 (747) 1111-505
Құрметті клиенттер!
07 тамызда сағат 2:55-тен 3:50-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты "Банк ЦентрКредит"АҚ-ның төмендегі сервистері қолжетімсіз болатынын хабарлаймыз:
• АТМ, ИПТ, POS-терминалдар, Р2Р және карталары бойынша операциялар 3:00:00-ден - 3:50:00-ге дейін – 50 минут;
• BCC.KZ, BCC business бірге 2:55:00-ден - 3:30:00-ге дейін – 35 минут;
Для физических лиц:
505 – бесплатно с мобильного
WhatsApp +7 (747) 1111-505
Үш ірі рейтинг агенттіктерінің қатарына кіретін «S&P Global Ratings» халықаралық рейтинг агенттігі халықаралық шкала бойынша ЦКБ рейтингін "В/В" деңгейінде растады, сонымен қатар ұлттық шкала бойынша рейтингін "kzBB+" деңгейінен "kzBBВ-" деңгейіне дейін көтерді.
Рейтинг агенттігінің пікірінше, ұлттық шкала бойынша рейтингтің көтерілуі Қазақстанда экономикалық ахуалдың тұрақтануы және экономикалық тәуекелдің азаюы жағдайында Банктің өзіндік кредит беру қабілетінің біртіндеп жақсарып келе жатқанын көрсетеді.
S&P Global Ratings агенттігінің ЦентрКредит Банкі бойынша “Тұрақты” болжамы экономиканың қалпына келуіне, акционер мен мемлекеттің қолдауына және портфельдің тазалануына байланысты активтердің көрсеткіштері сапасының біртіндеп тұрақтануын білдіреді.
01 қыркүйектегі жай-күйі бойынша Банктің шоғырландырылған таза пайдасы 11,5 млрд теңгені құрады.
Капиталдың рентабельділігінің көрсеткіші 12,3%-ды құрады.
Құрметті клиент!
2021 жылғы 27 тамызда банктің https://www.bcc.kz/ ресми сайтында бизнес-клиенттерге арналған «Банктік шот» бөлімінің 1.2.5-т. тариф бойынша комиссия құнының 2 990 теңге мөлшеріне өзгергені жөнінде хабарлама орналастырылды.
ЦентрКредит Банкі «Шотты жүргізу» тарифіне енгізілген өзгерістің күші жойылып, шот бойынша операцияларды бөлімше арқылы жүргізген кезде барлық шоттарды жүргізу үшін ай сайын 1 900 теңге мөлшеріндегі бұрығны тарифтің қайта белгіленгені туралы хабарлайды.
Орын алған жағдай үшін кешірім өтінеміз!
Банктік қызметті барынша қолайлы ету үшін бизнеске арналған оңай әрі тиімді шешімдер – PRO және PRO MAX қызметтерінің тиімді пакетін ұсынамыз!
Пакеттер аясында келесі қызметтер қолжетімді:
- шотты тегін ашу және жүргізу
- BCC Business WEB/Mobile қосымшаларына тегін қосылу
- бизнес-картаның көмегімен шотты 24/7 режимінде пайдалану
- айына теңгемен 50/200 тегін төлемдер жасау
- сонымен қатар басқа да артықшылықтар, толық ақпаратты 605 (мобильді телефоннан қоңырау шалу) немесе +7 747 111 1605 (WhatsApp) телефондары арқылы білуге болады.
Оңай. Ыңғайлы. Тиімді.
Сізге деген қамқорлықпен, ЦентрКредит Банкі
Баспасөз-релизі 21.09.2021
«Банк ЦентрКредит» АҚ «Ақбұлақ» ықшамауданында орын алған қайғылы оқиғаларға байланысты қайтыс болған адамдардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Біз Сіздермен бірге орны толмас ауыр қайғыға ортақтасамыз. Орын алған қайғылы оқиға бізді қатты күйзелтті, барлық даулы жағдайлардың шешімі тек құқықтық желі аясында табылуы тиіс екендігіне сенімдіміз.
Аталған істің мән-жайын түсіндіре кету қажет деп есептейміз.
2011 жылғы шілдеде қарыз алушы «Нано Плюс» ЖШС-ға негізгі борыш пен пайыздар бойынша төлем мерзімін 6 айға кейінге жылжыту арқылы жалпы сомасы 102 000 000 теңгені құрайтын екі қарыз берілді.
Шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамсыздандыру ретінде кепіл шарттары жасалды, мұнда кепілді қамсыздандыру ретінде тұрғын емес жай, жер телімі, сонымен қатар Алматы қ., Алатау ауд., «Ақбұлақ» ықш., Сыздықов көш., 29-үй мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй қабылданды.
07.03.2012 жылы қарыз алушыға негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша төлем мерзімін қосымша үш айға кейінге жылжыту ұсынылды. 20.08.2012 жылдан бастап қарыз алушы міндеттемелерін орындамай, төлем мерзімін өткізіп алды. Банк 11.10.2012 жылы және 17.01.2013 жылы міндеттемелердің орындалмағаны туралы хабарламаларды жөнелтті.
Қарыз алушы мен Кепілгердің Шарттар бойынша көзделген міндеттемелерді орындамауына байланысты 17.04.2013 жылы берешекті сот тәртібімен өндіріп алу туралы шешім қабылданды. Осы сәттен бастап Банк аталған қарыз бойынша пайыз есептеуді тоқтатты.
Банк Алматы қ. Алмалы ауданының №2 аудандық сотына қарыз алушы мен Кепілгерлерден берешекті өндіріп алу туралы талап арыз берді.
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес: «Кепілгер кепілге қойылған мүлікті нарықтық бағамен тәуелсіз сатуға құқылы, борышкер болса сот орындаушысы мүлікке тыйым салуды қолданғаннан және бағалау жүргізгеннен кейін және мүлік алып қойылғанға немесе өткізілгенге дейін сот орындаушысының жазбаша рұқсатымен және ол белгілеген мерзімде тыйым салынған мүлікті бағалау құнынан төмен болмайтын құн бойынша өткізуге құқылы».
Қарыз алушы да, Кепілгер де аталған құқықтарды пайдаланбады.
«Атқарушылық іс жүргізу» ҚР заңының 80-бабының 3-тармағына сәйкес (Электрондық аукцион борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетілген бағалау құнынан белгіленген қадаммен мүліктің құнын көтерумен басталады.
Электрондық аукционға қатысушылардың ешбірі сауда-саттықтың алдын ала белгіленген қадамын қолдай отырып, мүліктің құнын арттырмаған жағдайда, электрондық аукцион құнды төмендетуге ауысумен жалғасатын болады.
Бұл ретте, өткізілетін мүліктің бастапқы бағасы қатысушылардың бірі жарияланған баға бойынша мүлікті сатып алуға келіскен кезге дейін белгіленген қадаммен төмендетіледі, бұл баға электрондық аукционға қойылған мүлік құнының бастапқы бағасының елу пайызынан төмен болмауға тиіс».
22.01.2018 жылы Алматы қ. Алатау аудандық сотының сырттан шығарылған шешімі бойынша Кепілгерге тиесілі тұрғын үй түріндегі кепіл мүлкіне өндіріп алу қолданылды.
16.08.2018 ж. тұрғын үй түріндегі кепілге берілген мүлік бойынша электрондық соттық сауда өткізілді. Электронды аукционның қорытындысы туралы хаттамаға сәйкес оның жеңімпазы болып Н.С. Турганов танылды. 23.08.2018 ж. жеке сот орындаушысы мен Н.С. Тургановтың арасында сатып алу-сату шарты жасалды.
26.12.2018 ж. Алматы қаласының Алатау аудандық сотының ұйғарымымен Алматы қаласының Алатау аудандық сотының тұрғын үй түріндегі кепілге берлген мүлікті өндіріп алу туралы 22.01.2018 жылғы сырттай шығарылған шешімінің күші жойылды.
Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасының 27.11.2019 жылғы қаулысымен Банктің 29 417 000 теңге мөлшерінде іске асырған кезде бастапқы сатылым құнымен тұрғын үй түріндегі кепілге берілген мүлікті өндіріп алу туралы талап арызын қанағаттандыру туралы шешім шығарылды.
ҚР Жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 27.07.2020 жылғы қаулысымен А.П. Демирчяннің, И.И. Дужновтың ҚР ЖС азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарастыру үшін Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 27.11.2019 жылғы қаулысын қайта қарастыру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартылды. Осылайша тұрғын үй (алғаш рет өткізілген сот саудасынан сатып алынған) Н.С. Тургановтың меншігінде қалды.
Кейін тұрғын үйден шығару жеке тұлғаның (сатып алушы) пайдасына шығарылған сот актісінің негізінде жүзеге асырылды, осылайша тұрғын үйден шығару туралы іс азаматтар арасында құқықтық қатынастарға өтті, бұл трагедияға әкеп соқты. Банк тұрғын үйді іске асыру, кейін тұрғын үйден шығару ісін жүргізген жоқ.
Банкке кепілге берілген тұрғын емес жайға қатысты, 07.03.2017 жылы ықтимал сатып алушылардың болмауына байланысты ол бойынша бірінші электрондық соттық сауда-саттық өткізілген жоқ. 18.04.2017 ж. соттық сауда-саттық қайтадан өткізілді. Сатып алушылардың болмауына байланысты және өткізілген соттық сауда-саттықтың нәтижелері бойынша жоғарыда аталған мүлік 96 008 120 теңге сомасында аукцион аясында төмендету әдісімен өткізілген сауда-саттықтан кейін Банктің меншігіне өтті. 24.04.2017 жылы Банк пен ЖСО арасында Тұрғын емес жайда сатып алу-сату шарты жасалды.
Ұзақ уақыт бойы Банк тұрғын үйге меншік құқығын тіркей алмады, өйткені бұрынғы меншік иесі Жер қатынастары комитетінің және Банктің жұмыскерлеріне жерге орналастыру жобасы бойынша және техникалық төлқұжатты әзірлеу бойынша жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік берген жоқ.
Банк меншік құқығын нақты 2021 жылғы мамырда тіркеді. Сәйкесінше 2017 ж. бастап осы уақытқа дейін Банк тұрғын үйге билік еткен жоқ, сонымен қатар 2021 жылғы шілдеде жер телімімен тұрғын емес жайды пайдалануға кедергі келтіруді жоюға мәжбүрлеу жөнінде Алматы қ. Бостандық аудандық сотына талап-арыз берді.
Банк бұл қасіретте қаза болған тұлғалардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтастығын білдіреді. Біз аталған оқиғаны тергеуге белсенді қатысып, іс бойынша қажетті барлық құжаттарды ұсынамыз, сонымен қатар зардап шеккендердің туыстарына жан-жақты көмек көрсетеміз.
Құрметті Клиенттер!
«Банк ЦентрКредит» АҚ #картакарта өнімі бойынша «Банк банкоматтарында қолма-қол ақшаны алу» тарауында тарифтерге өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.
Өзгерістер 01.10.2021ж. бастап күшіне енеді.
Жаңа тарифтермен сілтеме бойынша таныса аласыздар.
Құрметпен,
ЦентрКредит Банкі
Құрметті клиент!
«Банк ЦентрКредит» АҚ бизнес-клиенттерге арналған тарифтерге өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.
31.08.2021Ж. бастап BCC Business (web)/BCC Business (mobile) жүйелері бойынша сағат 00.01 бастап 17:00 дейін жүргізілген ақша аударымдары үшін белгіленген тариф 300 теңгеге дейін төмендетілді.
Сондай-ақ ағымдағы шоттарды жүргізу үшін белгіленген тарифтерге де өзгерістер енгізілді.
Келесі https://www.bcc.kz/kz/smallbiz/tarify-biz/ бойынша өтіп, тарифтермен танысуды өтінеміз.
Біздің керемет жаңалығымыз бар!
ЦКБ мен #картакарта тағы да жолы болғыш адамдарды іздейді!
16 тамыздан бастап біз Жаркент қаласындағы #картакарта ұстаушылар арасында марафон өткіземіз.
Оған қатысу үшін #картакарта иесі болып, ол арқылы 2 500 теңгеден басталатын сомаға сауда жасау қажет.
10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100-операция жүргізген қатысушылар 5 000 теңгеден бастап 50 000 теңгеге дейінгі ақшалай сыйлықтармен марапатталады!
Неғұрлым көп сауда жасасаңыз, жеңіске жету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады!
Марафон өткізілетін кезең: 16.08.21ж. бастап 16.09.21ж. дейін.
Ерекше талаптар:
1.Марафонға тек POS-терминал арқылы жасалған транзакциялар мен Internet-төлемдер ғана қатысады.
2.Талаптарға сәйкес 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100-операция жүргізген қатысушылар жеңімпаздар деп танылады.
Операцияның бір уақытта акцияның бірнеше талаптарына сәйкес келуі мүмкін екендігін есепке ала отырып, сыйлық транзакциялардың ең көп саны бойынша төленеді (мысалы, қатысушы 10, 20, 30-операциялардың талаптарына сәйкес келсе, онда оған 15 000 теңгені құрайтын ең жоғары сома мөлшеріндегі сыйлық бір рет есептеледі).
3. Жеңімпаздарды анықтау сәтінде #картакарта қолданыста (жабық емес) болуы тиіс.
4. Аталған марафонға қатыспайтындар: ЦКБ-нің қызметкерлері мен үлестес тұлғалары, ҚР бейрезиденттері.
5. #картакартамен жүргізілетін транзакциялардың ең көп саны шектеусіз.
6. 2 500 теңге сомасын құрайтын ұсынылған шекті бірнеше транзакциялар арқылы жиынтық түрде қалыптастыруға болмайды. Мұндай транзакциялардың қатысуына жол берілмейді.
7. Марафон өткізілетін және қорытынды жасалатын кезеңде клиент саудадан / төлемнен бас тартқан жағдайда, аталған транзакция орындалған болып есептелмейді.
8. Мерзімінен кешіктірілген берешегі бар клиенттер қатысушылар тізімінен алынып тасталады.
9. Марафонның жеңімпаздарына Банктің Операциялық орталығының қызметкерлері телефон немесе Банктің клиентпен байланысының басқа арналары арқылы хабарлайды.
10.Марафонның жеңімпазы сыйлықты алуға байланысты өзінің құқықтарын үшінші тұлғаларға беруге және/немесе кез келген басқа түрде табыстауға құқығы жоқ.
11.Марафонды ұйымдастырушы қатысушыға талаптарды орындау үшін келтірілген залалдарды, шығындарды және кез келген басқа шығыстарды өтемейді және олардың орнын толтырмайды.
12.Акция өткізілетін кезең ішінде ұйымдастырушының құқықтары:
· конкурстың талаптарына кез келген уақытта біржақты тәртіппен өзгерістер енгізу немесе оны уақытша тоқтату;
· клиент талаптарды сақтамаса және/немесе алаяқтық іс-әрекеттер жасаса және/немесе осы марафонның аясында клиентке ұсынылатын қандай да бір артықшылықтарды және/немесе ынталандыруларды асыра пайдаланса және/немесе жаңылыстыратын ақпаратты ұсынса немесе дұрыс емес / шынайы емес деректерді ұсынса, кез келген клиентті қатысушылар қатарынан алдын ала хабарламай алып тастау.
13. Ақшалай сыйлық әрбір келесі транзакция үшін сәйкес мөлшерде ұсынылады:
10-транзакция үшін – 5 000 тг
20-транзакция үшін – 10 000 тг
30-транзакци яүшін – 15 000 тг
40-транзакция үшін – 20 000 тг
50-транзакция үшін – 25 000 тг
60-транзакция үшін – 30 000 тг
70-транзакция үшін – 35 000 тг
80-транзакция үшін – 40 000 тг
90-транзакция үшін – 45 000 тг
100-транзакция үшін – 50 000 тг
14. Ақшалай ұтыс клиенттің кэшбэк-шотына есептеледі.
15. Марафонды өткізу кезеңі аяқталғаннан кейінгі 15 жұмыс күні ішінде қорытынды жасалады.
Жаркент! Бұл жаз – сен үшін ең бақытты кез!
Құрметті клиенттер!
«Банк ЦентрКредит» АҚ «Банк кассаларында қолма-қол ақшаны алу» тарауында #картакарта өнімі бойынша тарифтерге өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.
Өзгерістер 25.08.2021ж. бастап күшіне енеді.
Жаңа тарифтермен сілтеме бойынша таныса аласыз.
Құрметпен,
ЦентрКредит Банкі
Құрметті клиенттер!
Western Union компаниясы тарапында болған техникалық ақауларға байланысты ЦентрКредит Банкінде аталған жүйе бойынша ақша аударымдарын қабылдау және жөнелту уақытша қолжетімсіз. Жүйе жұмысының қалпына келуі туралы қосымша хабарланады.
Құрметпен,
ЦентрКредит Банкі
Ұтысқа “Тау күні” балалар лагеріне 10 жолдама тігілген “Жазды Juniorbank-пен бірге өткіз» акциясының қорытындысы
Жеңімпаздардың тізімі:
1) Реттік нөмірі 22 – Диана, Тараз қаласы
2) Реттік нөмірі 7 – Саид, Жетіген қаласы
3) Реттік нөмірі 2 – Әлішер, Ақтөбе қаласы
4) Реттік нөмірі 31 – Тампенова Әсел, Ақтөбе қаласы
5) Реттік нөмірі 35 – Велимир Ботаев, Алматы қаласы
6) Реттік нөмірі 5 – Айдар, Петропавл қаласы
7) Реттік нөмірі 41 – Айлин, Талдықорған қаласы
8) Реттік нөмірі 17 – Альтаир, Атырау қаласы
9) Реттік нөмірі 8 – Айдина, Павлодар қаласы
10) Реттік нөмірі 39 – Айзере, Атырау қаласы Ұтысқа 9 бағалы сыйлық (3 лонгборд, 3 самокат, IPad, IPhone және Sony PlayStation 5 ойын консолі) тігілген «#Juniorbank-ке 1 жыл» акциясының қорытындысы Жеңімпаздардың тізімі:
1) Лонгборд: 4899______2833 – Ерәлі, Алматы қаласы.
2) Лонгборд: 4899______2833 – Ерлік, Алматы қаласы.
3) Лонгборд: 4899______3676 – Әмина, Сәтбаев қаласы.
4) Самокат: 4899______2833 – Амир, Алматы қаласы.
5) Самокат: 4899______2833 – Жұлдыз, Алматы қаласы.
6) Самокат: 4899______2833 – Айдана, Алматы қаласы.
7) IPad: 4899______1367 – Сергей, Курчатов қаласы.
8) IPhone: 4899______8150 – Ғалым, Талдықорған қаласы.
9) PS 5: 4899______1086 – Илья, Талғар қаласы.
Құрметті Клиенттер! «Банк ЦентрКредит» АҚ «Ақша аударымдары» тарауы бойынша бизнес клиенттерге арналған тарифтерге өзгерістер енгізу туралы хабарлайды. Өзгерістер 03.08.2021ж. бастап күшіне енеді. Сіздерден сілтеме бойынша танысуларыңызды өтінеміз.
Өзгерістер 03.08.2021ж. бастап күшіне енеді.
Сіздерден сілтеме бойынша танысуларыңызды өтінеміз.
№ пп | Қызметтер | Тарифные планы до 03.08.2021г. | Тарифные планы с 03.08.2021г. | ||||||
MINI (ағымдағы стандарт тарифтер) | Pro | MaxPro | СЭҚ ОПЦИЯСЫ* | Ағымдағы стандарт тарифтер | Pro | MaxPro | СЭҚ ОПЦИЯСЫ* | ||
2. | Ақша аударымдары | ||||||||
| Шетел валютасымен жасалатын операциялар | ||||||||
2.3. | Шетел валютасымен ақша аудару (USD, EUR, RUR валюталарымен – сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін; қалған валюта түрлерімен – сағат 9:00-ден 14:30-ға дейін (Алматы уақытымен) | ||||||||
2.3.1 | Сағат 09:00-ден бастап 16:00-ге дейін | ||||||||
2.3.1.1 | BEN аударымы. Ресей рублімен жасалатын төлемдерден басқа. Жөнелтуші банктің комиссиясын (Жөнелтуші банктің комиссиясы аударым сомасынан аударым кезінде және аударым валютасымен ұсталады) және бенефициар банктің комиссиясын қосқанда, барлық банктердің комиссиясын бенефициар төлейді, ҚҚС салынбайды | ||||||||
2.3.1.1.1 | қағаз тасымалдағышта Банктің бөлімшесі арқылы ақша аудару | аударым сомасының 0,22% min 20 USD max 220 USD | аударым сомасының 0,22% min 20 USD max 220 USD | аударым сомасының 0,22% min 20 USD max 220 USD |
|
аударым сомасының 0,25% min 30 000 KZT max 100 000 KZT |
| ||
2.3.1.1.2 | «Интернет-банкинг»/«Starbusiness» жүйесі арқылы | аударым сомасының 0,20% min 12 USD, max 200 USD | аударым сомасының 0,20% min 12 USD, max 200 USD | аударым сомасының 0,20% min 12 USD, max 200 USD | аударым сомасының 0,12% min 12 USD, max 120 USD |
аударым сомасының 0,25% min 11 000 KZT, max 90 000 KZT | аударым сомасының 0,15% min 11 000 KZT, max 54 000 KZT | ||
2.3.1.2 | SHA аударымы. Ресей рублімен жасалатын төлемдерден басқа. Жөнелтуші жөнелтуші банктің комиссиясын жеке сомамен төлейді, бенефициар банктің комиссиясын қоса алғанда, барлық қалған банктердің комиссияларын бенефициар төлейді | ||||||||
2.3.1.2.1 | қағаз тасымалдағышта Банктің бөлімшесі арқылы ақша аудару | аударым сомасының 0,25% min 25 USD, max 250 USD | аударым сомасының 0,25% min 25 USD, max 250 USD | аударым сомасының 0,25% min 25 USD, max 250 USD |
|
аударым сомасының 0,25% min 15 000 KZT, 110 000 KZT |
| ||
2.3.1.2.2 | «Интернет-банкинг»/«Starbusiness» жүйесі арқылы | аударым сомасының 0,22% min 20 USD, max 220 USD | аударым сомасының 0,22% min 20 USD, max 220 USD | аударым сомасының 0,22% min 20 USD, max 220 USD | 0,18% min 18 USD max 180 USD |
аударым сомасының 0,22% min 13 000 KZT, max 100 000 KZT | 0,18% min 13 000 KZT max 78 680 KZT | ||
2.3.1.3 | ТМД елдерінің валютасынан басқа OUR аударымы. Жөнелтуші барлық банктердің (жөнелтуші банкті қоса алғанда) комиссияларын жеке сомамен төлейді, аударым сомасынан шегерімдер жоқ, ҚҚС салынбайды. | ||||||||
2.3.1.3.1 | қағаз тасымалдағышта Банктің бөлімшесі арқылы ақша аудару | аударым сомасының 0,36% min 60 USD, max 360 USD | аударым сомасының 0,36% min 60 USD, max 360 USD | аударым сомасының 0,36% min 60 USD, max 360 USD |
|
аударым сомасының 0,45% min 30 000 KZT, max 158 000 KZT |
| ||
2.3.1.3.2 | «Интернет-банкинг»/«Starbusiness» жүйесі арқылы | аударым сомасының 0,30% min 30 USD max 300 USD | аударым сомасының 0,30% min 30 USD max 300 USD | аударым сомасының 0,30% min 30 USD max 300 USD | 0,2% min 20 USD max 200 USD |
аударым сомасының 0,35% min 20 000 KZT max 134 000 KZT | 0,2% min 15 000 KZT max 87 200 KZT | ||
2.3.1.4 | ТМД елдерінің валютасынан басқа OUR аударымы. Жөнелтуші барлық банктердің (жөнелтуші банкті қоса алғанда) комиссияларын жеке сомамен төлейді, аударым сомасынан шегерімдер жоқ, ҚҚС салынбайды | ||||||||
2.3.1.4.1 | қағаз тасымалдағышта Банктің бөлімшесі арқылы ақша аудару | аударым сомасының 0,20% min 800 RUB max 8000 RUB | аударым сомасының 0,20% min 800 RUB max 8000 RUB | аударым сомасының 0,20% min 800 RUB max 8000 RUB |
|
аударым сомасының 0,20% min 4 600 KZT max 46 000 KZT |
| ||
2.3.1.4.2 | «Интернет-банкинг»/«Starbusiness» жүйесі арқылы | аударым сомасының 0,15% min 500 RUB max 5000 RUB | аударым сомасының 0,15% min 500 RUB max 5000 RUB | аударым сомасының 0,15% min 500 RUB max 5000 RUB | аударым сомасының 0,10% min 400 RUB max 4000 RUB |
аударым сомасының 0,15% min 3 000 KZT max 30 000 KZT | аударым сомасының 0,10% min 2 400 max 24 000 KZT | ||
2.3.2 | Сағат 16:00-ден кейін ақша аудару, Банктің техникалық мүмкіндігі болған кезде, ҚҚС салынбайды: | ||||||||
2.3.2.1 | қағаз тасымалдағышта Банктің бөлімшесі арқылы ақша аудару | 0,55% min 75 USD max 375 USD | 0,55% min 75 USD max 375 USD | 0,55% min 75 USD max 375 USD |
|
аударым сомасының 0,55% min 65 000 KZT max 165 000 KZT |
| ||
2.3.2.2 | «Интернет-банкинг»/«Starbusiness» жүйесі арқылы | 0,5% min 50 USD max 350 USD | 0,5% min 50 USD max 350 USD | 0,5% min 50 USD max 350 USD |
|
аударым сомасының 0,55% min 60 000 KZT max 155 000 KZT |
| ||
Құрметті клиенттер!
01.09.2021ж. бастап #картакарта арқылы сатып алынған тауар үшін кэшбэк есептеу процесінің өзгеретіні жөнінде хабарлаймыз.
1 000 000 теңгеден жоғары сомамен Рақмет және/немесе Рақмет+ салымдары болған кезде, салымның ашылған күніне және қалдығына қарамастан, #картакарта арқылы сатып алынған тауар үшін бұрын есептелетін базалық +1% кэшбэк тоқтатылады. 1 000 000 теңгеден жоғары сомамен Эталон/Эталон+ жаңа салымы болған немесе ашылған кезде, #картакарта арқылы сатып алынған тауар үшін +1% кэшбэк есептелетін болады.
Сонымен қатар алдыңғы айда жеке тұлғалардың карталарында немесе ағымдағы шоттарында күн сайын 1 000 000 теңгеден астам қалдық болған кезде, #картакарта арқылы сатып алынған тауар үшін есептелетін базалық кэшбэкке +1% кэшбэк қосылады. Бұл кезде теңгемен ашылған шоттағы қалдықтар есепке алынады. Шетел валютасындағы қалдықтар есепке алынбайды.
Құрметпен,
ЦентрКредит Банкі
Құрметті клиенттер!
«Банк ЦентрКредит» АҚ 15.07.2021 ж. бастап Банктің қызметтері үшін белгіленген жаңа тарифтердің күшіне енетінін хабарлайды:
- «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың кассалық операциялар бойынша «Шотқа қолма-қол ақшаны қабылдау және шоттан беру» тарифтері https://www.bcc.kz/fizical/tarify/.
Жаңа тарифтермен жоғарыда көрсетілген сілтеме арқылы немесе Банк бөлімшелерінде танысуға болады.