Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Жаңалықтар
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
Жаңалықтар
Қаражат қозғалысы жоқ шоттарды жабу

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес клиенттің банктік шотында 1 (бір) жылдан астам уақыт бойы ақша қозғалысы болмаған жағдайда, «ЦентрКредит Банкі» АҚ банктік шот шартын орындаудан бас тартуға (ағымдағы банктік шотты жабуға) құқылы.

№ 001«Банк ЦентрКредит АҚ»-та жеке тұлғаларға банктік қызметтер кешенін ұсынудың стандарт талаптарының (қосылу шарты)  351-тармағына сәйкес банктің құқықтары:

24-тармақша. Банк шотқа орындалмаған талаптардың болуына қарамастан клиенттің тиісті өтінішінсіз шотты жаба алады:

  • шотта бір жылдан астам ақша болмаған кезде;
  • шотта ақша қалдығы болған, бірақ бір жылдан астам уақыт бойы ақша қозғалысы болмаған кезде.


25-тармақша. Шотты жабу тараптардың қосылу шартын бұзуына әкеп соқпайды.

26-тармақша. Шотта бір жылдан астам уақыт бойы ақша болмаған жағдайда банк қызметтер көрсету шартын бұзуға құқылы, бұл ретте банк қызмет көрсету шартын бұзу туралы хабарламаны ЦентрКредит Банкінің сайтында, АТМ, ИПТ, мобильді қосымшада, қашықтан банкинг жүйесінде жариялайды және/немесе қызмет  көрсету шартын бұзудың болжамды күніне дейін 15 (он бес)  күнтізбелік  күн бұрын SMS-хабарлама, push-хабарлама, клиенттің электрондық поштасына хабарлама жібереді. Шотта ақша болмаған кезде және хабарламада көрсетілген мерзім аяқталған кезде банк қызмет көрсету шартын бұзады және шотты жабады. Осы хабарлама клиентке хабарлау үшін жеткілікті және тиісті болып табылады және шартқа қол қою арқылы клиент өзінің онымен келісімін растайды. Сонымен бірге банк осы іс-әрекеттерді жүзеге асырмауға құқылы – бұл жағдайда қызмет көрсету шарты бұзылмайды және шот жабылмайды, шартта өзгеше көзделмегендіктен, тараптардың өзара қарым-қатынастары жалғасады.

Жаңалықтар
Бизнес-клиенттер үшін 06.05.2025 ж. бастап «Оңтайлы» және «Корпоративтік» қызмет пакеттерін қосу тоқтатылады

Құрметті бизнес-клиенттер, келесі ақпаратты назарға алуларыңызды сұраймыз. 

06.05.2025 ж. бастап «Оңтайлы» және «Корпоративтік» қызмет пакеттерін қосу тоқтатылады. 

Көрсетілген қызмет пакеттерінің қолданыс мерзімі өткеннен кейін мерзімін автоматты түрде ұзарту тоқтатылады. 

Қызметтеріңізді жүзеге асыру үшін жаңа тариф жоспарын таңдаңыздар. Біздің BCC Business интернет-банкингімізде жаңа қызмет пакетін қосыңыздар. 

Жаңалықтар
2025 жылғы 15-16 сәуірдегі жоспарлы техникалық жұмыстар

15 сәуір сағат 23:00-ден 16 сәуір сағат 01:00-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты bcc.kz, bcc business қолданбалары мен smart QR сервисін пайдалану мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және шот бойынша жүргізілетін операцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қоры картон және қағаз өндіретін зауыт құрылысына қолдау көрсетті

«Банк ЦентрКредит» АҚ пен KZ Recycling ЖШС «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-тың пайдасына төлем кепілдігін беру мақсатында 5 жыл мерзімге 15 миллиард теңге сомасында кредит желісін беру туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім Алматы қаласының индустриялық аймағында картон және қағаз өндіретін зауыттың құрылысын әрі қарай қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Құрылыс сатысындағы зауыт заманауи жоғары технологиялық өндірістік желілермен жабдықталып, өндіріс көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Жоба аясында әртүрлі картон өнімдері мен гофроқаптамалар шығару жоспарланып отыр, бұл ішкі өндіріс пен экспорттық әлеуетті дамытуға оң әсер етеді.

«Банк Қазақстан экономикасының нақты секторына белсенді түрде кредит беріп, өнеркәсіпті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ететін жобаларды қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Картон мен қағаз өндіретін зауыттың құрылысы сияқты маңызды жобаларды қолдау – біздің тұрақты даму стратегиямыздың ажырамас бөлігі. Бизнестің сенімді серіктесі ретінде біз бұл жобаның жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, сонымен қатар қазақстандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететініне сенімдіміз», – деп пікір білдірді «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың вице-президенті Нұрлан Шегебаев.

«Өнеркәсіпті дамыту қоры қолдайтын жобалар елеулі экономикалық және әлеуметтік мультипликативтік әсерге ие, бұл бюджетке салық түсімдерінің айтарлықтай артуын, жүздеген жұмыс орнының құрылуын, жаңа отандық өнімдердің пайда болуын және республиканың экспорттық әлеуетінің артуын білдіреді. Қордың басты назары қолдауға нақты мұқтаж қазақстандық өндірушілерге бағытталған. Қағаз өнімдерін өндіретін жаңа зауыттың құрылысы – осының жарқын мысалы. Сонымен қатар бұл жоба еліміздің экологиялық күн тәртібіне толық сәйкес келеді. 2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы аясында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігімен және «Жасыл даму» АҚ-пен бірлесе отырып, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және кәдеге жарату ісін жүзеге асыратын кәсіпорындарды қолдау бағдарламасын жүзеге асыруды бастағанын атап өткім келеді. Бұл бағдарлама экологиялық тепе-теңдікті нығайтуға бағытталған», — деп атап өтті «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Азат Абайділдин.

Қаржыландыру жаңа өндірістік желілерді сатып алу және жабдықтар лизингі мен құрылыс жұмыстарын қоса алғанда, зауыттың өндірістік қуатын арттыру үшін пайдаланылады.

«Біз «Банк ЦентрКредит» АҚ пен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-қа жобамызды іске асыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Осы қаржыландырудың көмегімен біз өндіріс көлемін айтарлықтай арттырып қана қоймай, жаңа жоғары технологиялы шешімдерді енгізе аламыз, бұл бізге нарыққа сапалы өнім ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл жоба – отандық қайта өңдеу және буып-түю саласын дамыту үшін маңызды қадам және біз оның ішкі нарыққа да, экспортқа да оң әсерін тигізетініне сенімдіміз», – деп айтып өтті KZ Recycling компаниясының бас директоры Қанат Исабаев.

КZ Recycling ЖШС Қазақстандағы макулатураны қайта өңдеу нарығындағы ірі компаниялардың бірі екенін және қағаз, картон және қаптама өндірісін белсенді дамытып келе жатқанын атап өтеміз. Зауыт шығарылатын өнім көлемін ұлғайтуға ықпал етеді, бұл ішкі өндірістің сапасын жақсартып қана қоймай, экспорттық жеткізілімдерді кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
Атырау қаласындағы №0206 бөлімшесінің кассаларының уақытша жабылуы

Құрметті клиенттер!

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 2025 жылғы 9 сәуір мен 2025 жылғы 26 мамыраралығында Атырау облысы, Атырау қаласы, Сәтбаев көшесі, 8«А» мекенжайы бойыншаорналасқан Атырау қаласындағы филиалдың№0206 бөлімшесінің кассалары жұмысістемейді.

Кассалық қызметтерден басқа, Банк қызметтері№0206 бөлімшенің сол ғимаратындағы 2қабатында көрсетілетін болады.

Клиенттерге Атырау облысы, Атырау қаласы, Мұхтар Әуезов даңғылы, 59 «А» мекенжайыбойынша орналасқан жақын маңдағы №0406 бөлімшеде кассалық қызметтер көрсетіледі.

 
📅 №0206 бөлімшенің жұмыс кестесібұрынғыдай:
 

  • Дүйсенбі – Жұма
    09:00 – 18:00    
  • Сенбі  
    09:00 – 16:00
Жаңалықтар
2025 жылғы 7 сәуірде сағат 03:00-ден 04:55-ке дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетін болады

2025 жылғы 7 сәуірде сағат 03:00-ден 04:55-ке дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Осыған байланысты банкоматтармен және ақпараттық-төлем терминалдарымен жүргізілетін операциялар, POS-терминалдар арқылы және интернет арқылы төленетін төлемдер, сондай-ақ P2P-аударымдар қызметі уақытша қолжетімсіз болады.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және шот бойынша жүргізетін операцияларыңызды алдын ала жоспарлауды өтінеміз.

Жаңалықтар
Қазақстандағы алғашқы исламдық ИПИҚ: bcc.kz қолданбасында инвестиция салуға болады

ЦентрКредит Банкі өз клиенттеріне жаңа инвестиция құралын – шариғат заңына сәйкес келетін Қазақстандағы алғашқы Wardat al Hayat аралық инвестициялық пай қорын (ИПҚ) ұсынады. 

Қор тек рұқсат етілген ислам инвестиция құралдарын (көбінесе сукук) қамтып, ашықтықты және этикалық нормаларға сәйкестікті қамтамасыз етеді. 

  • Мақсатты кірістілігі ≈ 4%-дан басталады 

  • Бір пай құны – 100 $ 

  • bcc.kz қолданбасы арқылы KASE биржасында инвестиция салуға болады 

  

Ислам қағидалары бойынша инвестиция салуды бүгіннен бастаңыз! 

Жаңалықтар
bcc.kz қолданбасын қашықтан басқарудан қорғау

Бұл сіздің дербес деректеріңіз бен шоттарыңызды сенімді қорғауға көмектеседі.

Алаяқтардың жиі қолданатын қашықтан басқару жүйесін автоматты түрде бұғаттау арқылы bcc.kz қолданбасының қауіпсіздігін күшейттік. Егер bcc.kz қолданбасына қашықтан қосылып, қиындыққа тап болсаңыз, экран жазбасын немесе AnyDesk, TeamViewer, HopToDesk, RuDesktop және басқа бағдарламаларды өшіруіңіз қажет.

Сіздің дербес деректеріңіз бен шоттарыңыз бұрынғыдан да жақсы қорғалады!

ҚР Ұлттық Банкінің 27.03.2018 жылғы №48 Қаулысының 160-тармағының 2-тармақшасына сәйкес

Жаңалықтар
#картакартаның жаңа цифрлық дизайн нұсқалары

Сіздің #картакартаңыз бұрынғыдан да ерекше болуы мүмкін! Біз Қазақстан қалаларының көркем келбеті мен атмосферасынан шабыт ала отырып, цифрлық дизайн топтамасын әзірледік.

Дизайн нұсқалары тек bcc.kz қолданбасында ұсынылады. Картаңыздың сыртқы көрінісін бір-екі батырмамен оңай өзгертіп, туған қалаңызға немесе жүрегіңізге жақын жерге деген ықыласыңызды білдіре аласыз.

Картаның цифрлық дизайнын қалай өзгертуге болады?

  • bcc.kz қолданбасына кіріңіз
  • #картакартаны таңдаңыз
  • Жоғарғы оң жақ бұрыштағы қылқалам белгішесін басыңыз
  • «Картаның дизайнын өзгерту» батырмасын таңдаңыз
  • Ұнаған дизайн нұсқасын таңдаңыз

Картаңызды естеліктер мен сүйікті жерлеріңіздің көрінісіне айналдырыңыз. Топтамада Қазақстанның келесі қалаларынан шабыт алған дизайн нұсқалары ұсынылған: Алматы, Астана, Шымкент, Талдықорған, Қонаев, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Тараз, Қарағанды, Петропавл, Өскемен, Орал, Семей, Қызылорда, Түркістан, Көкшетау және Жезқазған.

Жаңалықтар
2025 жылғы 15 наурызынан бастап жеке тұлғаларға арналған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері өзгереді

Құрметті клиенттер!

Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 2025 жылғы 15 наурызынан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютамен жаңадан тартылған «Чемпион» және «Рақмет» депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне өзгеріс енгізілгені туралы хабарлайды.

Жаңалықтар
15 наурызда сағат 03:00-ден 05:00-ке дейін жоспарлы техникалық жұмыстар

Осыған байланысты bcc.kz мобильді қолданбасын пайдалану, сондай-ақ біздің банктің төлем карталары бойынша операция жүргізу уақытша мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Жаңалықтар
2025 жылғы 13-14 наурызда жоспарлы техникалық жұмыс жүргізіледі

13 наурыз сағ. 23:50-ден бастап 14 наурыз сағ. 00:30-ға дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.

Осыған байланысты bcc.kz мобильді қолданбаның сервистері, банкомат пен ақпараттық-төлем терминалы бойынша операциялар уақытша қолжетімсіз болады.

Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және сізден шот бойынша операцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Жаңалықтар
#business картасын енді тегін ашуға болады

27.03.2025 ж. бастап ЦентрКредит Банкінің клиенттері бизнеске арналған «Оңтайлы+», «Премиум» немесе «Ультра» қызмет пакеттерін қосқан кезде, #business картасын толығымен тегін аша алады. Басқа жағдайда карта ашу үшін алынатын комиссия – 2 000 ₸. 

Клиенттеріміз жаңартылған тарифтерді әрқашан мына сілтеме бойынша қарай алады: https://www.bcc.kz/business/cards/corporate-card/

Жаңалықтар
2025 жылғы 13 наурызда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

2025 жылғы 13 наурызда сағат 04:00-тен 04:30-дан дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.

Осыған байланысты bcc.kz және bcc business мобильді қолданбаларының сервистері, банкомат пен ақпараттық-төлем терминалы бойынша операциялар уақытша қолжетімсіз болады.

Қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және сізден шот бойынша операцияларды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Жаңалықтар
2025 жылғы 24 ақпанда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

24 ақпан сағат 03:00-ден 04:00-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты bcc.kz қолданбасын пайдалану және банктің төлем карталары бойынша операция жүргізу мүмкін болмайды.


Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Жаңалықтар
2025 жылғы 19-20 ақпанда жоспарлы техникалық жұмыс жүргізіледі

19 ақпан сағ. 23:00-ден бастап 20 ақпан сағ. 02:00-ге дейін жүргізілетін жоспарлы техникалық жұмысқа байланысты bcc.kz және bcc business қолданбалары, сондай-ақ биометриялық сәйкестендіру процестері уақытша (10 минутқа дейін) жұмыс істемеуі мүмкін.


Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Жаңалықтар
2025 жылғы 17 ақпанда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

17 ақпанда сағат 03:00-ден 03:40-қа дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі, осыған байланысты bcc.kz және bcc business мобильді қосымшалар пайдалану, сондай-ақ біздің банктің төлем карталары бойынша операция жүргізу уақытша мүмкін болмайды.


Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Жаңалықтар
2025 жылдың 12 ақпанынан бастап "Касса 24 (Astana Plat)" комиссия алады

12.02.2025ж. бастап #картакартаны толықтыратын және кредитті өтейтін кезде, "Касса 24 (Astana Plat)"комиссиясы толықтыру сомасының 0,5%-ын құрайды.

Кредит бойынша төлем жасау және картаны толықтыру операциялары bcc.kz қолданбасында және ЦентрКредит Банкінің бөлімшелерінде тегін жүргізіледі.

Жаңалықтар
2025 жылғы 10 ақпанда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

10 ақпанда сағат 03:00-ден 03:40-қа дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі, осыған байланысты bcc.kz мобильді қолданбасын пайдалану, сондай-ақ біздің банктің төлем карталары бойынша операция жүргізу уақытша мүмкін болмайды.


Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Жаңалықтар
2025 жылғы 5-6 ақпанда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

5 ақпан сағат 23:00-ден 6 ақпан сағат 05:00-ге дейін жүргізілетін жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты bcc.kz, bcc business және JuniorBank қолданбаларын пайдалану уақытша мүмкін болмайды (10 минутқа дейін).

Сондай-ақ 6 ақпан сағат 04:55-тен 06:10-ға дейін биометриялық сәйкестендіру процестері қолжетімді болмайды.

Көрсетілген кезеңде банк сервистері дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Жаңалықтар
Жазылымдарыңызды бір жерден ыңғайлы басқаруға арналған «Менің жазылымдарым» сервисі

bcc.kz қолданбасының «Менің жазылымдарым» жаңа сервисі ЦентрКредит Банкінің Visa картасы тіркелген сұранысқа ие онлайн-сервис қызметтерінің ақысын төлеуді бір жерден басқаруға мүмкіндік береді.

Қызметті белсенді ету оп-оңай: пайдаланушы профилі – «Менің жазылымдарым» – «Қосу».

Сервисті таңдап, төлемді бұғаттаңыз. Сервис тоқтату парағына енгізілген бойда, ол «Белсенді емес» деген белгісі бар тізімде көрсетіледі. Сервисті кез келген уақытта бірнеше батырманы басып, бұғаттан шығаруға болады.

Бір жазылымды бұғаттау сізге 250 теңге тұрады. Ал сіз әлдеқайда көп ақша үнемдей аласыз.

Шығыныңызды бақылап, күнделікті операцияларға уақыт жұмсамау үшін жазылымдарыңызды бір жерден басқарыңыз.

Жаңалықтар
Касса арқылы бизнес клиенттерге қолма-қол ақша салу тарифтері өзгереді

2025 жылғы 12 ақпаннан бастап «Негізгі», «Оңтайлы» және «Корпоративтік» қызмет пакеттері бойынша касса арқылы бизнес клиенттерге теңгемен қолма-қол ақша салу тарифтері өзгеретінін хабарлаймыз:

Сағат 16.00-ге дейін
2 000 000 ₸ дейін — комиссия 5 000 ₸
2 000 000 ₸ жоғары — комиссия соманың 0,25%-ы

 

Сағат 16.00-ден кейін
2 000 000 ₸ дейін — комиссия 8 000 ₸
2 000 000 ₸ жоғары — комиссия соманың 0,40%-ы


 Маңызды:

«Негізгі», «Оңтайлы» немесе «Корпоративтік» пакеттері қосылған қазіргі клиенттер үшін жаңа шарттар пакет бойынша төленген кезең аяқталғаннан кейін қолданыла бастайды.

Жаңалықтар
«Чемпион» салымын 6 ай мерзіміне

31.05.2025 ж. бастап біздің клиенттерімізге «Чемпион» салымын 6 ай мерзіміне ашуға мүмкіндік беріледі.

Салымды bcc.kz мобильді қолданбасында немесе банк бөлімшесінде ашуға болады. Шарттары мен мөлшерлемелері – сілтеме бойынша.

Жаңалықтар
2025 жылғы 23 және 24 қаңтарда жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

23 қаңтар сағат 23:00-ден 24 қаңтар сағат 05:30-ға дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты bcc.kz және bcc business мобильді қолданбаларын пайдалану, сондай-ақ P2P бойынша онлайн ақша аудару уақытша мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және банк операцияларын алдын ала жоспарлауды сұраймыз

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді