E-mail: Pr@bcc.kz
Банк ЦентрКредит қаржы қызметін тұтынушылардың өтініштерін қарау тетіктерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құрған FinOtinish цифрлық платформасымен жұмысын бастады.
Платформаға қосылу Банктің клиентке бағдарланған сервисті дамыту және клиенттермен өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыру бағытындағы кезекті қадамы болды.
Жаңа цифрлық құрал қаржылық қызметтерді тұтынушыларға Банкке бірыңғай электронды арна арқылы өтініш жолдауға, сондай-ақ олардың қаралу барысы мен нәтижелерін онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді.
FinOtinish қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға арналған бірыңғай цифрлық арнаны ұсынады.
FinOtinish цифрлық платформасы арқылы қаржы қызметтерін тұтынушылар (жеке тұлғалар) өз құқықтарының бұзылуына, Банктің әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен келіспеуіне, сондай-ақ қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынуға байланысты шағымдары бойынша Банкке өтініш жолдай алады.
Платформа арқылы жолданған өтініштің мәртебесі мен оны қарау мерзімдерін онлайн режимінде бақылауға болады. Келіп түскен өтініш автоматты түрде Банкке жіберіледі.
Өтініштерді жолдау сілтемесі: https://finotinish.kz/.
Мәселе Банк деңгейінде реттелмеген жағдайда, платформа қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес банк омбудсманына жүгіну мүмкіндігін қарастырады. FinOtinish платформасын пайдалану тегін және оны пайдалану тұтынушының өз еркіне байланысты. Сонымен қатар, платформаға қосылу қаржы қызметтерін тұтынушылардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада көзделген өзге де тәсілдерін пайдалану құқығын шектемейді.
Өнімдер мен қызметтер бойынша кеңес алу, қызмет көрсету шарттарын білу немесе басқа да анықтамалық ақпарат алу үшін клиенттер Банктің келесі байланыс арналарына хабарласа алады:
Банктің байланыс орталығы:
Қазақстан Республикасы аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.
жеке тұлғалар үшін — 505;
Банктің мессенджерлері: WhatsApp және Telegram
(мессенджерлер арқылы қоңырау қабылданбайды)
жеке тұлғалар үшін — 8 (747) 111-15-05.
Банктің ресми сайтындағы чат.
ЦКБ 2017 жылғы 2 қазаннан бастап Банктің айырбастау пункттерінде қытай юанін сатып алу/сату бойынша қанатқақты жобаны іске қосты. Қолма-қол ақшамен қытай юанін Алматы қаласы бойынша келесі бөлімшелерден сатып алуға немесе сатуға болады:
| Атауы | Мекенжайы | Коммуникациялар | Жұмыс режимі |
| ОперБ | Бөгенбай батыр к-сі, 156 (Сейфуллин даңғылымен қиылысы | (727) 2 59 85 98, іш. 29 086, 29 087, 29 089 - Тұрғындарға қызмет көрсету бөлімі (727) (727) 2 59 85 98, ішкі. 29 055, 29 057, 29 066 - Бизнес-клиенттермен жұмыс жүргізу бөлімі (727) 2 59 85 98, вн. 29 039, 20 210 - Жеке тұлғаларға кредит беру бөлімі | Бизнес-клиенттер: Дүйсенбі-Жұма: 9.00 - 18.00 Үзіліс: 13.00 - 14.00 Жеке тұлғалар: Дүйсенбі-Жұма: 9.00 - 18.00 Үзіліс: 13.00 - 15.00 (өзгермелі кесте бойынша) Сенбі: 9.00 - 16.00 |
| №8 Қаржылық қызмет көрсету орталығы | әл-Фараби даңғ., 19, “Нұрлытау” кешені, 1Б секторы, офис 1/2 | (727) 2 59 85 98, іш. 20 804, 20 805, 20 818, 20 816 - Тұрғындарға қызмет көрсету бөлімі (727) 2 59 85 98, іш. 20 812, 20 813, 20 815, 20 809,20 814, 20 821 - Бизнес-клиенттермен жұмыс жүргізу бөлімі (727) 2 59 85 98, іш. 20 825 - Жеке тұлғаларға кредит беру бөлімі | Бизнес-клиенттер: Дүйсенбі-Жұма: 9.00 - 18.00 Үзіліс: 13.00 - 14.00 Жеке тұлғалар: Дүйсенбі-Жұма: 9.00 - 18.00 Үзіліс: 13.00 - 15.00 (өзгермелі кесте бойынша) |
| №9 Қаржылық қызмет көрсету орталығы | Фурманов к-сі, 65 (Мақатаев көшесімен қиылысы) | (727) 2 59 85 98, іш. 20 906, 20 901, 20 923, 20 905, 20 918 - Тұрғындарға қызмет көрсету бөлімі (727) 2 59 85 98, іш. 20 904, 20 908, 20 910, 20920, 20907, 20909 - Бизнес-клиенттермен жұмыс жүргізу бөлімі (727) 2 59 85 98, іш. 29 050 - Жеке тұлғаларға кредит беру бөлімі | Бизнес-клиенттер: Дүйсенбі-Жұма: 9.00 - 18.00 Үзіліс: 13.00 - 14.00 Жеке тұлғалар: Дүйсенбі-Жұма: 9.00 - 18.00 Үзіліс: 13.00 - 15.00 (өзгермелі кесте бойынша) |
| №33 Қаржылық қызмет көрсету орталығы | Шевченко к-сі, 100 (Сейфуллин даңғылымен қиылысы) | (727) 2 59 85 98, іш. 23 304, 23 302, 23 309 - Тұрғындарға қызмет көрсету бөлімі (727) 2 59 85 98, іш. 23 301, 23 314, 23 308, 23 322 - Бизнес-клиенттермен жұмыс жүргізу бөлімі (727) 2 59 85 98, іш. 20 240, 20 894, 27 097 - Жеке тұлғаларға кредит беру бөлімі | Бизнес-клиенттер: Дүйсенбі-Жұма: 9.00 - 18.00 Үзіліс: 13.00 - 14.00 Жеке тұлғалар: Дүйсенбі-Жұма: 9.00 - 18.00 Үзіліс: 13.00 - 15.00 (өзгермелі кесте бойынша) |
| №44 Қаржылық қызмет көрсету орталығы | әл-Фараби даңғ., 38, блок С | (727) 2 59 85 98, іш. 036 22 - Тұрғындарға қызмет көрсету бөлімі (727) 2 59 85 98, іш. 036 27, 036 41 - Бизнес-клиенттермен жұмыс жүргізу бөлімі | Бизнес-клиенттер: Дүйсенбі-Жұма: 9.00 - 18.00 Үзіліс: 13.00 - 14.00 Жеке тұлғалар: Дүйсенбі-Жұма: 9.00 - 18.00 Үзіліс: 13.00 - 15.00 (өзгермелі кесте бойынша) |
Құрметті Клиент!
Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 24.09.2017 жылы Астана уақытымен сағат 03:00-дан 03:45-ке дейін "StarBanking" жүйесінің жұмыс істемейтінін және төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөміріне хабарласа аласыздар: Алматы 7 727 244 77 77
Енді ипотеканы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша кредиттеудің бүкіл мерзіміне, яғни 15 жылға 10% мөлшерлемемен алыңыз!
Бұрын осы бағдарлама бойынша ипотека алғашқы 10 жылға ғана жылдық 10%-бен берілетін де, қалған 5 жылда мөлшерлеме 15,5%-ды құрайтын. Енді клиенттеріміз үшін жайлы жағдай жасау мақсатында ЦентрКредит Банкі ипотеканы 15 жылға 10%-бен беру жөнінде шешім қабылдады!
Атап өтетін жайт, біз екінші деңгейдегі банктер арасында "Нұрлы жер" ипотекасын жылдық 10%-бен 15 жылға беретін алғашқы банк болдық! Бұл мөлшерлеме бағдарлама аясында барлық қазақстандық банктер беретін кредит бойынша ең төмен болып табылады.
Жаңа шарттармен баспанаға қол жеткізу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Ресімдеу үшін өтінімді дәл қазір қалдырыңыз - www.bcc.kz/kz/product/ipoteka-nurly-zher/
Құрметті Клиент!
Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 23.08.2017 жылы Астана уақытымен сағат 03:00-ден 03:45-ке дейін "StarBanking" жүйесінің жұмыс істемейтінін және төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөміріне хабарласа аласыздар: Алматы 7 727 244 77 77
Құрметті клиент!
ЦентрКредит Банкі Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 18.08.2017 жылы сағат 03-00-ден 03-45-ке дейін төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлайды.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар:
Алматы 7 727 244 77 77
Құрметті клиент!
Банкке қатысы жоқ себептермен Банктің банкоматтары/ POS-терминалдары/өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары бойынша уақытша қызмет көрсетілмейтіні жөнінде хабарлаймыз. Жұмыс процесінің қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарланады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!
Сұрақтарыңыз болса, келесі нөмірге хабарласуға болады:
Алматы – 244 77 77
244 30 00 (Call Center)
ҚР аумағында Beeline / Kcell / Activ ұялы телефон арқылы – 8 8000 8000 88 қосымша 5777, немесе қосылған кезде «0» басыңыз (Келіп түскен қоңырауларға қызмет көрсету орталығы. Қоңырау шалу тегін).
Құрметті клиент!
ЦентрКредит Банкі Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 04.08.2017 жылы сағат 03-00-ден 04-00-ге дейін төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлайды.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар: Алматы 7 727 244 77 77
Құрметті клиенттер!
«StarBanking» жүйесінде «BCC Express» жүйесі арқылы ақша аудару» жаңа қызметі іске қосылғаны жайлы хабарлаймыз. Енді Сіз Қазақстанның кез келген тұрғынына тек қана оның ЖСН нөмірін көрсетіп, ақша жөнелте аласыз. Алушы ақшаны «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың кез келген бөлімшесінен алады.
Бұл қызмет туралы толығырақ «StarBanking» жүйесінде BCC EXPRESS ақша аударымдарын жөнелту жөніндегі пайдаланушы нұсқаулығы сілтемесі бойынша білуге болады.
Құрметті клиент!
ЦентрКредит Банкі Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 21.07.2017 жылы сағат 03-00-ден 04-00-ге дейін төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлайды.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар:
Алматы 7 727 244 77 77
Құрметті клиент!
Банктің бақылауынан тыс себептерге байланысты басқа банктердің банкоматтарында / POS-терминалдарында MasterCard карточкалары бойынша қызмет көрсетудің уақытша тоқтатылғанын хабарлаймыз.
ЦКБ-нің құрылғыларында, сондай-ақ ЦКБ-нің серіктес банктерінің құрылғыларында қызмет көрсету стандарт режимінде жүргізіледі.
Жұмыс барысының қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарлаймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Сұрақтарыңыз болса, төменде көрсетілген телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: Алматы – 244 30 44 244 30 00 (Call Center) ҚР аумағында Beeline/Kcell/Activ мобильді телефонынан - 505.
Құрметті клиент!
ЦентрКредит Банкі Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 13.07.2017 жылы сағат 03-00-тен 03-50-ге дейін төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлайды.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар: Алматы 7 727 244 77 77
Құрметті клиенттер!
Күмәнді сипаттағы брокерлік және өзге компанияларға төлем карточкаларымен ақша қаражатын салу арқылы интернет-төлемдерді жүзеге асыру кезінде алаяқтық жасау жағдайлары жиілеп кетті. Қаржылық шығынға ұшырамас үшін биржалық және брокерлік қызметтермен интернет-сайттар арқылы операциялар жүргізген кезде айрықша сақ болуға кеңес береміз. Интернет арқылы жасалатын барлық операциялар тәуекелдігі жоғары операцияларға жатады.
Брокерлік/дилерлік компанияларға төлемдер жасау үшін +7(727) 244-77-77 телефоны арқылы Банктің авторизация орталығына қоңырау шала отырып, қосымша интернет-төлемдерге жасауға рұқсат алуыңыз қажет немесе өз бетіңізше "StarBanking" қашықтан банктік қызмет көрсету жүйесі арқылы осы аперацияны жүргізуге қол жеткізуге болады.
Төлем картасының деректемелерін пайдалана отырып жасалатын интернет-төлемдерді жүргізуге байланысты барлық тәуекелдер үшін клиенттің өзі жауапты болатынын есте сақтаған жөн. Сайттарда жасалған алаяқтық деңгейі жоғары транзакциялар үшін Банк жауап беремейді.
"StarBanking" жүйесінде "төлем картасын шығару/қайта шығару" жаңа қызметі іске қосылды. Төлем картасын шығаруға немесе қайта шығаруға өтініш беру үшін, Сізге бар болғаны:
- "StarBanking" жүйесінде, өзіңізге қажетті картаны таңдау;
- қажетті жолдарды толтыру, соның ішінде сізге картаны алуға ыңғайлы болатын банк бөлімшесін көрсету;
- өтінішті банкке жөнелту керек.
Картаның дайын болғаны жөніндегі хабарлама "StarBanking" жүйесінде орналастырылады, сондай-ақ SMS түрінде сіздің нөміріңізге жіберіледі!
Қызмет жүйенің m.bcc.kz мекенжайы бойынша web-нұсқасында қолжетімді.
"StarBanking" қызметіне банктің кез келген бөлімшесінде немесе ЦентрКредит Банкінің картасы болған жағдайда, функционалы кеңейтілген банкомат арқылы қосыла аласыз.
Владислав Ли: Біз клиенттерге жедел сервис көрсету және сапалы кеңес беру арқылы "Нұрлы жер" бағдарламасының сәтті іске асуына қолдау көрсетуге дайынбыз.
Бүгін ЦентрКредит Банкі Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірге "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының аясында алғашқы кредитті берді. Тараптар алматылық клиентпен Қарыз шартын жасасып, қол қойды. Қазақстанның тағы 3 қаласында – Астанада, Ақтауда және Оралда банк клиенттері осы бағдарлама бойынша қолжетімді жаңа баспана сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
– Бұл бағдарламаның өзектілігі мен маңыздылығын атап өткім келеді. "Нұрлы жер" ипотекасы – бұл мемлекеттің кредиттеудің ипотекалық нарығын қалпына келтіруге және экономиканың құрылыс секторын жандандыруға бағытталған заманауи әлеуметтік бағдарламасы. «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында ипотекалық кредит алу кезінде қарыз алушы үшін ай сайынғы төлемдер бойынша қаржылық жүктеме елеулі түрде төмендетіледі, – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің төрағасы Владислав Ли.
Қазақстан ипотекалық компаниясының сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялауы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының арқасында мүмкін болып отырғандығын естеріңізге сала кетейік. Бағдарламаның талаптары бойынша тұрғын үй объектілерін салу кезеңінде құрылыс салушының сыйақысының бір бөлігі субсидияланады, сонымен қатар ипотека арқылы түпкілікті тұрғын үй сатып алушы үшін де сыйақы мөлшерлемесі субсидияланады. Соның нәтижесінде клиент ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесі + 5%-дан құралатын жалпы сыйақы мөлшерлемесінің тек жылдық 10% өтеп отырады.
Осы бағдарламаның арқасында енді халықтың көпшілік бөлігі де қолжетімді және қолданысқа енгізілген жаңа баспанаға ие бола алады.
Қарыз берілетін ең үлкен мерзім – 15 жыл, субсидиялау мерзімі – 10 жыл.
Алматы және Астана қалалары үшін қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн. теңге, барлық қалған өңірлер үшін – 15 млн. теңге.
Бағдарламаның негізгі артықшылықтары:
- Бұрын қолданыста болған басқа ипотекалық мемлекеттік бағдарламалармен (мысалы, Самұрық-Қазына қорының тек бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері мен халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған бағдарламасы) салыстырғанда, ешбір шектеусіз халықтың басым көпшілігі үшін қолжетімді.
- Сатып алынатын мүлікке ерекше талаптар қойылмайды. Басты параметр – қолданысқа енгізілген жаңа баспана болуы тиіс.
- Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялаған кезде клиент төлейтін төлемақы 40%-ға дейін төмендетіледі.
- Ипотекалық кредитті ресімдеу кезінде Банк комиссия алмайды.
– Жалпы алғанда, аталмыш бағдарлама бойынша үлкен перспективаларды көріп тұрмын және оператор банк ретінде біз клиенттерге жедел сервис көрсету және сапалы кеңес беру арқылы бағдарламаның сәтті іске асуына толық қолдау көрсетуге дайынбыз, – деп ақпарат берді ЦКБ басшысы.
Қосымша ақпарат алу үшін "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың баспасөз қызметіне хабарласуды өтінеміз. Байланыс телефоны: +7 727 2598603, asel.durbaeva@bcc.kz