Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Баспасөз қызметі
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
Жаңалықтар
Банкке қатысы жоқ себептермен Банктің төлем карталары, банкоматтары/ POS-терминалдары/өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары бойынша уақытша қызмет көрсетілмейтіні жөнінде хабарлаймыз

Құрметті клиент! Банкке қатысы жоқ себептермен Банктің төлем карталары, банкоматтары/ POS-терминалдары/өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары бойынша уақытша қызмет көрсетілмейтіні жөнінде хабарлаймыз. Жұмыс процесінің қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарланады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз! Сұрақтарыңыз болса, келесі нөмірге хабарласуға болады: Алматы – 244 77 77 244 30 00 (Call Center) ҚР аумағында Beeline / Kcell / Activ ұялы телефон арқылы – 8 8000 8000 88 қосымша 5777, немесе қосылған кезде «0» басыңыз (Келіп түскен қоңырауларға қызмет көрсету орталығы. Қоңырау шалу тегін).

Жаңалықтар
Банкоматтарда/POS-терминалдарда/өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғыларында қызмет көрсету уақытша қолжетімсіз.
Жаңалықтар
Банкке қатысы жоқ себептермен Банктің төлем карталары, банкоматтары/ POS-терминалдары/өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары бойынша уақытша қызмет көрсетілмейтіні жөнінде хабарлаймыз

Құрметті клиент!

Банкке қатысы жоқ себептермен Банктің төлем карталары, банкоматтары/ POS-терминалдары/өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары бойынша уақытша қызмет көрсетілмейтіні жөнінде хабарлаймыз. Жұмыс процесінің қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарланады.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!

Сұрақтарыңыз болса, келесі нөмірге хабарласуға болады:
Алматы – 244 77 77
244 30 00 (Call Center)
ҚР аумағында Beeline / Kcell / Activ ұялы телефон арқылы – 8 8000 8000 88 қосымша 5777, немесе қосылған кезде «0» басыңыз (Келіп түскен қоңырауларға қызмет көрсету орталығы. Қоңырау шалу тегін).

Жаңалықтар
Банктің төлем карталары, банкоматтары/ POS –терминалдары/өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары бойынша жұмыс процесінің қалпына келтірілгені туралы хабарлаймыз

Құрметті клиент!

Банктің төлем карталары, банкоматтары/ POS –терминалдары/өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары бойынша жұмыс процесінің қалпына келтірілгені туралы хабарлаймыз.

Сұрақтарыңыз болса, келесі нөмірге хабарласуға болады:
Алматы – 244 77 77
244 30 00 (Call Center)
ҚР аумағында Beeline / Kcell / Activ ұялы телефон арқылы – 8 8000 8000 88 қосымша 5777, немесе қосылған кезде «0» басыңыз (Келіп түскен қоңырауларға қызмет көрсету орталығы. Қоңырау шалу тегін).

Ақционерлерге
Құрметті акционерлер!
HTML:
050059, Алматы қаласы, Медеу ауданы, әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы сырттай дауыс беру арқылы келесі күн тәртібімен өткізілуге тиісті (дауыстарды санау күні – 2017 жылғы 31 қаңтар) акционерлердің кезектен тыс жиналысы Директорлар кеңесінің бастамасымен кейінге қалдырылғаны туралы хабарлайды:
  1. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Есеп комиссиясы құрамының өзгергені туралы.
  2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Директорлар кеңесі құрамының өзгергені туралы.
Ақционерлерге
Құрметті акционерлер!
HTML:
050059, Алматы қаласы, Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 36 және 49-баптарына сәйкес Директорлар кеңесінің бастамасымен сырттай дауыс беру арқылы келесі күн тәртібі бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлайды:
  1. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Есеп комиссиясының құрамын өзгерту туралы.
  2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы.
Жаңалықтар
Банктің банкоматтары бойынша жұмыс процесінің қалпына келтірілгені туралы хабарлаймыз

Құрметті клиент!

Банктің банкоматтары бойынша жұмыс процесінің қалпына келтірілгені туралы хабарлаймыз.

Сұрақтарыңыз болса, келесі нөмірге хабарласуға болады:
Алматы – 244 77 77
244 30 00 (Call Center)
ҚР аумағында Beeline / Kcell / Activ ұялы телефон арқылы – 8 8000 8000 88 қосымша 5777, немесе қосылған кезде «0» басыңыз (Келіп түскен қоңырауларға қызмет көрсету орталығы. Қоңырау шалу тегін).

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми хабарламасы
Ақционерлерге
Құрметті акционерлер!
HTML:
"Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамы 2016 жылғы 12 тамызда сырттай дауыс беру арқылы өткізілген "Банк ЦентрКредит" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындысы бойынша Есеп комиссиясы мәжілісінің хаттамасына сәйкес жай көпшілік дауыспен Kwon Oh Ki мырзаның өкілеттігін тоқтату және қоса алғанда 2017 жылы акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілетін күнге дейін өкілеттік мерзімімен Тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына Lee Sangwon мырзаны тағайындау туралы шешім қабылданғанын хабарлайды.
Жаңалықтар
Банктің банкоматтары/ POS –терминалдары/өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары бойынша жұмыс процесінің қалпына келтірілгені туралы хабарлаймыз

Құрметті клиент!

Банктің банкоматтары/ POS –терминалдары/өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары бойынша жұмыс процесінің қалпына келтірілгені туралы хабарлаймыз.

Сұрақтарыңыз болса, келесі нөмірге хабарласуға болады:
Алматы – 244 77 77
244 30 00 (Call Center)
ҚР аумағында Beeline / Kcell / Activ ұялы телефон арқылы – 8 8000 8000 88 қосымша 5777, немесе қосылған кезде «0» басыңыз (Келіп түскен қоңырауларға қызмет көрсету орталығы. Қоңырау шалу тегін).

Жаңалықтар
Банкоматтары/ POS-терминалдары/өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары бойынша уақытша қызмет көрсетілмейтіні жөнінде хабарлаймыз

Құрметті клиент!

Банкке қатысы жоқ себептермен Банктің банкоматтары/ POS-терминалдары/өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары бойынша уақытша қызмет көрсетілмейтіні жөнінде хабарлаймыз. Жұмыс процесінің қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарланады.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!

Сұрақтарыңыз болса, келесі нөмірге хабарласуға болады:
Алматы – 244 77 77
244 30 00 (Call Center)
ҚР аумағында Beeline / Kcell / Activ ұялы телефон арқылы – 8 8000 8000 88 қосымша 5777, немесе қосылған кезде «0» басыңыз (Келіп түскен қоңырауларға қызмет көрсету орталығы. Қоңырау шалу тегін).

Жаңалықтар
Сот «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС-ны банкрот деп таныды

ЦентрКредит Банкі «Ромат» ФК» ЖШС-мен болған жағдайға түсініктеме берді, сондай-ақ фармкомпания басшылары тарапынан банктің өкілдеріне және сот органдарына қатысты БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жарияланған айыптаудың негізсіз екенін растады.


«Ромат» ФК» ЖШС-ның мәлімдеуі бойынша Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот 06.04.2015 жылы өтінішті қанағаттандыру туралы шешім шығарды және «Ромат» ФК» ЖШС-ға қатысты оңалту процедурасы қолданылды, аталмыш шешім 24.06.2015 жылы күшіне енген болатын.


Осылайша, сот «Ромат» ФК ЖШС» басшылығының тіпті осы өтінішті беруге дәрменсіздігінің байқалуына қарамастан, оңалту процедураларының көмегімен төлем жасауға қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік беріп, «Ромат» ФК ЖШС» КТ басшылығының бастамасын қолдады, себебі компания тек банктердің алдында ғана емес, өзара қарым-қатынасы компанияның бизнесіне тікелей ықпал ететін контрагенттердің алдында да ірі несиелік берешегі бар, төлемге қабілетсіз кәсіпорын болып қалды.


Алайда сот оңалту процедурасын қолдану мүмкіндігін берген күннен бастап «Ромат» ФК» ЖШС басшылығы мен оның үлестес компаниясы «Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС басшылығының іс-әрекеттері компанияның төлем жасауға қабілеттілігі мен бизнесін қайта қалпына келтіруге емес, сот тағайындаған уақытша әкімгерді шеттетуге ғана бағытталған еді. Нақтырақ айтқанда, уақытша әкімгерді «Ромат» ФК» ЖШС-дағы жұмыс орнына жібермеген, «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы заңы бойынша талап етілетін ақпарат пен құжаттаманы бермеген. Өзінің қызметтік міндеттерін орындауға мүмкіндігі болмағандықтан, уақытша әкімгер сот органдарына шағым жасауға мәжбүр болған, себебі «Ромат» ФК» ЖШС сот актілерін елемеді және орындамады, Қазақстан Республикасының 76-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 21-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға тиісті екенін елемеді.


Оңалту процедурасын жүргізу талаптарының бірі компания басшылығының оңалту жоспарын құру міндеті болып табылатынын айта кеткен жөн.


Мысалы, 04.09.2015 жылы «Ромат» ФК» ЖШС ілеспе хат арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа өтем жасау кестесі көрсетілген төмендегі оңалту жоспарын ұсынды:

  1. Оңалту жоспары бекітілген сәттен бастап ЖШС 24 ай ішінде жалпы көлемі 800 000 000,00 теңге мөлшерінде бейінді емес активтерді, соның ішінде кепілге берілген активтерді сату есебінен несие бойынша берешекті өтейді.
  2. Оңалту жоспары бекітілген сәттен бастап 25-ші айдан оңалту процедурасының 36-шы айына дейін ЖШС қолданыстағы бизнес ретінде бөлімшелерді сату есебінен 1 500 000 000,00 теңге мөлшерінде өтем жасайды.
  3. Оңалту жоспары бекітілген сәттен бастап 38-ші айдан оңалту процедурасының 60-шы айына дейін ЖШС алынған пайданың есебінен және кепіл мүлкін іске асыру есебінен 59 875 015 теңге мөлшерінде ай сайын төлем жасайды.

Жоғарыда көрсетілген мәселелер «ФК Ромат» ЖШС-ның төлем қабілеттілігін және бизнесті қалпына келтіруге ниетінің болмауын білдіреді, себебі ұсынылған оңалту жоспарының жобасы нарықтың қандай болмасын есебін, болжамын және компанияның операциялық іс-әрекетінің талаптарын көрсетпейді. Мұндай жоспар құрылтайшылардың оңалту процедурасында активтерді сатуға дайын екенін және бесінші жылдың соңында толық банкрот болуын растайды.

Мұндай жағдайда заңды сұрақ туындайды: егер «ФК Ромат» ЖШС мүлкін және қолданыстағы бизнесін сатса, нені оңалтуы тиіс?


Осылайша, «ФК Ромат» ЖШС сырттан инвестордың капиталын тартпай төлем жасауға қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігінің болмауына байланысты оңалту жоспарын құра алмайтынын көрсетті. Бұл жағдайды «ФК Ромат» ЖШС-ның өкілетті өкілдері сот талқылауы барысында, сондай-ақ компанияның басшылығы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің және Павлодар облысы Әкімдігінің алаңдарында ұйымдастырылған кездесулер кезінде растады.

«ФК Ромат» ЖШС КТ басшылығының және оның өкілдерінің сырттан инвесторларды тартпай, компанияның төлем жасауға қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігінің болмауы туралы ресми өтінішін ескере отырып, сот жасаған қорытынды заңды болып табылады – бұл Роматты банкрот деп тану, өйткені сот органдарының инвесторларды тартуға өкілеттігі және құқығы жоқ.

Сонымен қатар, сот және мемлекеттік органдар, сондай-ақ кредиторлар компанияны басқаруға, бизнесті жүргізуге қатыспайды.


Сондықтан «Ромат ФК» ЖШС КТ басшысының және оның жақтастарының бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде сот органдарына және «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қатысты жасаған дәлелсіз айыптауларын, сондай-ақ компанияның мемлекеттік органдарға берген өтініштерін банк компанияның өз дәрменсіздігін ақтауға және кәсіпорынды басқаруда, менеджментте жіберілген түзелмейтін қателіктерді ақтауға бағытталған іс-әрекеттері деп есептейді.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 727 2598603, asel.durbaeva@bcc.kz, www.bcc.kz

телефоны арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың баспасөз қызметіне хабарласыңыздар.

Жаңалықтар
Visa карталарын ұстаушыларға арналған ақпарат!

Құрметті клиенттер!

ЦентрКредит Банкі Visa Gold, Visa Platinum, Visa Infinite карталарын ұстаушыларға арналған Қолдау қызметінің телефон нөмірлерінің өзгеруі туралы хабардар етеді.

Жаңа телефон нөмірлері:
+7 727 349 50 62 ( Халықаралық және Қазақстан бойынша қоңыраулар үшін);
8 800 555 70 46 (Қазақстан бойынша мобилді және стационарлы телефон арқылы шалынған қоңыраулар үшін)

Жаңалықтар
Номиналы 1000 теңгелік банкноттар туралы ҚР Ұлттық Банкінің ақпараттық хабарламасын

Құрметті клиенттер!

Номиналы 1000 теңгелік банкноттар туралы ҚР Ұлттық Банкінің ақпараттық хабарламасын назарларыңызға ұсынамыз. Қазіргі уақытта айналыста Ұлттық Банк төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған, қалған бөлігінде бірдей болып табылатын номиналы 1000 теңгелік банкноттар бар. Бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті!

Біздің сайтымыздан ҚР Ұлттық Банкі ұсынған және қазіргі кезде заңды төлем құралы болып табылатын номиналы 1 000 теңгелік банкноттың сыртқы түрімен танысуға болады. Ынтымақтастығымыз жалғасады деген сеніммен,
"Банк ЦентрКредит" АҚ


ҚР ҰБ ақпараттық хабарламасы

Банкноттың сыртқы түрі

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі қалыпты режимде жұмыс істейді

Бүгін ЦентрКредит Банкінің Алматы қаласындағы бөлімшелерінің бірінің күзетшісіне шабуыл жасалғаны туралы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпаратқа байланысты банктің Баспасөз қызметі осы мәселе бойынша түсіндірме берді. Хабарламада қаржы институтының барлық бөлімшелері штаттық режимде жұмыс істейтіні көрсетілген.

ЦентрКредит Банкінің баспасөз мәлімдемесінде:
– Бүгін таңертең ЦентрКредит Банкінің Мәметова көшесі, 67-үй мекенжайы бойынша орналасқан №22 ҚҚО-ға кезекшілікке түскен күзет агенттігінің инспекторына екі белгісіз адам шабуыл жасаған. Қарсылық көрсеткен күзетші дене жарақаттарын алған. Қаскүнемдер оның травматикалық қаруын алып кеткен, – деп көрсетілген.

Банктің мәлімдеуінше, аталмыш бөлімшенің қызметкерлері жарақат алмаған, күзет агенттігінің инспекторына медициналық көмек көрсетілді, оның өміріне төнген қауіп жоқ. Қазіргі сәтте ЦентрКредит Банкінің барлық бөлімшелері мен қашықтан қызмет көрсету сервистері штаттық режимде жұмыс істеуде.

Банктің өкілдері қылмыскерлерді іздестіруге және ұстауға бағытталған іс-шараларды жүргізуде Алматы қаласының ІІД қызметкерлеріне көмек көрсетіп жатыр. ЦентрКредит Банкінің мәлімдемесінде:
– Біз қылмыскерлер жақын уақытта табылады және жасаған қылмыстары үшін оларға тиісті жаза қолданылады деп сенеміз, – деп көрсетілген.

Жаңалықтар
2006 жылғы үлгідегі банкноттар

Құрметті клиенттер!

2016 жылғы 4 қазаннан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттардың заңды төлем құралы болып табылмайтынын естеріңізге саламыз.

ҚР Ұлттық Банкі ұсынған және қазіргі уақытта заңды төлем құралы болып табылатын 2008 және 2011 жылғы үлгідегі банкноттардың сыртқы түрімен біздің сайтымыз арқылы танысуыңызға болады.

Сізге қызмет көрсетуді жалғастырамыз деп үміттенеміз.
"Банк ЦентрКредит" АҚ

ҚР ҰБ жадынамасы

ҚР ҰБ ақпараттық хабарламасы

Жаңалықтар
Қазіргі кезде Банк жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді аударуға арналған Арнайы ағымдағы есепшоттарға түгендеу жүргізіп жатыр

Құрметті клиенттер!

Қазіргі кезде Банк жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді аударуға арналған Арнайы ағымдағы есепшоттарға түгендеу жүргізіп жатыр.

Егер Сіз ЗТМО-дан жәрдемақы немесе әлеуметтік төлемдер алатын болсаңыз, арнайы осы мақсатқа арналған Арнайы ағымдағы есепшоттың ашылғанына көз жеткізіңіз. Олай болмаған жағдайда, есепшоттың дұрыс түрін ашып, кейін жаңа деректемелерді ЗТМО-ға хабарлау қажет. Егер Сіз ЗТМО-дан алатын жәрдемақы немесе әлеуметтік төлемдер әдеттегі Ағымдағы есепшотқа түсетін болса, Банк несие бойынша олардың берешек есебіне өндіріп алынғаны, оның ішінде төлемдік талапты ұсыну арқылы алынғаны үшін жауап бермейді.

Толық ақпаратты Банктің бөлімшелерінен, сонымен қатар Алматы қаласында 244 30 00 телефоны, өңірлерде 8 8000 8000 88 телефоны арқылы тегін білуге болады.

Жаңалықтар
Құрметті клиент! ЦентрКредит Банкі жоспарлы жұмыстардың жүргізілуі туралы ескертеді

Құрметті клиент!

ЦентрКредит Банкі Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 06.10.2016 жылы сағат 00-30-дан 01-30-ғa дейін және 03-30-дан 04-30-ғa төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлайды.

Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар:

Алматы +7 727 244 77 77

Жаңалықтар
Құрметті клиенттер! Өтемақы арнайы есепшоты

Сіздерге 2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін жасалған "Өтемақы арнайы есепшоты" шарттарының қолданыс мерзімінің аяқталуына байланысты салымның осы түрі бойынша қалдықтар туралы ақпараттың Starbanking жүйесінде көрсетілмейтінін хабарлаймыз.

Сұрақтарыңыз болса, Банктің бөлімшелеріне хабарласуды өтінеміз.

Жаңалықтар
"Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың л истинг ережесінің талаптарына сәйкес

"Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың (бұдан кейін "Биржа") Листинг ережесінің талаптарына сәйкес "Банк ЦентрКредит" АҚ (бұдан кейін "Банк") Биржаның ресми тізімінде тұрған мерзімсіз облигацияларға (саудадағы коды: CCBNe3, ISIN XS0245586903, бұдан кейін "Облигациялар") қатысты келесі ақпаратты жіберіп отыр:

Банк 2016 жылғы "23" қыркүйекте Облигация ұстаушыларға Сенімгерлікпен басқарушының, Бас төлем агентінің, трансферттік, есеп айырысу агенттерінің, сондай-ақ Облигациялар бойынша тіркеушінің ауысуына және 2006 жылғы "3" наурызда жасалып, 2010 жылғы "16" сәуірде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Сенімгерлікпен басқару туралы шартқа өзгерістер енгізілуіне байланысты 5 Old Street, London EC2N 1DW, United Kingdom (Ұлыбритания) мекенжайы бойынша 2016 жылғы "17" қазанда Облигация ұстаушылардың жиналысы өткізілетіні туралы хабарлама хат жіберді.

Жаңалықтар
Құрметті клиент! ЦентрКредит Банкі жоспарлы жұмыстардың жүргізілуі туралы ескертеді

ЦентрКредит Банкі Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 23.09.2016 жылы сағат 04-00-ден 04-15-ке дейін төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлайды.

Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар:
Алматы 7 727 244 77 77

Жаңалықтар
Құрметті клиенттер! Сіздерге "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың тарифтерінің өзгергені туралы хабарлаймыз.

"Банк ЦентрКредит" АҚ Сіздерге 2016 жылғы 09 қыркүйектен бастап бизнес-клиенттерге арналған қызметтер бойынша жаңа тарифтердің енгізілетінін хабарлайды. Келесі бөлімдерге өзгерістер енгізіледі:

  • Банктік есепшот: ашу, енгізу және жабу;
  • Ақша аударымдары;
  • Есеп айырысу - касса операциялары;
  • Кепілдіктер және кепілдемелер.

Бизнес-клиенттерге арналған жаңа тарифтермен  банктің https://www.bcc.kz/kz/smallbiz/tarify-biz/. сайтынан таныса аласыздар. 

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі Facebook әлеуметтік желісіндегі «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС-ға қатысты бейнехабарға түсінік берді

«Банк ЦентрКредит» АҚ өкілдері Facebook.com әлеуметтік желісіндегі пайдаланушы Сырым Абдрахмановтың парақшасында орналасқан бейнероликке түсінік берді. Банк бейнехабар жағдайды біржақты көрсеткен деген сенімде,сондықтан өз ресми жауабында нақты айғақтар мен мәліметтерді беруге әзір.

Банкте атап өткендей, «Ромат» фармацевтикалық компаниясы» ЖШС (бұдан кейін – «Ромат» ФК» ЖШС) ұзақ уақыттан бері «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың (бұдан кейін мәтін бойынша – банк) клиенті болып табылады. Алайда 2013 жылдан бастап «Ромат» ФК» ЖШС банк алдындағы міндеттемелерін орындауда қиындықтарға тап болды. Ұзақ жылдардан бері қалыптасқан серіктестікті және бейілді өзара қарым-қатынасты ескере отырып, банк оның жағдайына түсіністікпен қарап, клиентке қолдау көрсетті. Осылайша, екі жыл бойы (2013 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде) банк қызметкерлері берешекті өтеудің талаптарын он төрт рет жеңілдетті: қарызды өтеу бойынша төлем мерзімін кейінге жылжытты, икемді төлем кестесін жасады, сыйақы мөлшерлемесін төмендетті, банктік қарыз шарттарының қолданыста болатын мерзімін ұзартты, сондай-ақ несиелік міндеттемелерін орындамағаны үшін есептелген өсімпұлды кешірді.
  
Осыған қарамастан, 2015 жылғы ақпан айынан бастап «Ромат» ФК» ЖШС несиелік берешегін өтеген жоқ.

Сонымен қатар 2014 жылы қараша айында тағы бір кредитор – екінші деңгейдегі банк «Ромат» ФК» ЖШС-ны несиелеу лимитін пайдалану мүмкіндігінен айырды, соның нәтижесінде компания айналым капиталындағы ақша қаражатын екінші кредитордың қарызы бойынша берешегін өтеуге жұмсады, бұл «Ромат» ФК» ЖШС-ның қаржы жағдайын одан сайын ушықтыра түсті.

 – Бұл бейнехабарда көптеген фактілер бұрмаланып көрсетілген, мысалы «Банк ЦентрКредит» АҚ «Ромат» ФК» ЖШС-ның айналым капиталынан ақша қаражатын алуға әрекет жасаған жоқ, керісінше, «Ромат» ФК» ЖШС 2014 жылдың аяғында басқа кредиторға 1 000 000 000 (бір миллиард) теңгеге жуық сомада берешегін өтеді, ал «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың алдында едәуір берешек сомасы болса да, оны өтеу үшін ешқандай төлем жасамады. Мүмкін бір кредиторға ірі соманы төлей отырып, «Ромат» ФК» ЖШС компаниясының басшылығы оның салдарын, яғни компанияның төлем жасауға қабілетсіз бола бастағанын түсінген шығар, – деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Банк жеңілдік берген екі жыл ішінде, сондай-ақ қазіргі күнге дейін «Ромат» ФК» ЖШС-ның өзінің төлем жасауға қабілетін қалпына келтіру үшін ешқандай шара қолданбағанын айта кеткен жөн. Қарыз алушы жүзеге асырған бірден-бір әрекет – «Ромат» ФК» ЖШС-ға қатысты оңалту процедурасын қолдану туралы өтінішпен сотқа шағымданды. Нәтижесінде Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 06.04.2015 жылы өтінішті қанағаттандыру туралы шешім шығарды және «Ромат» ФК» ЖШС-ға қатысты оңалту процедурасы қолданылды, ол 24.06.2015 жылы күшіне енді.

Сотқа берілген бұл өтініш «Ромат» ФК» ЖШС басшылығының дәрменсіздігін көрсетті, себебі «Ромат» ФК» ЖШС тек банктердің алдында ғана емес, өзара қарым-қатынасы компанияның бизнесіне тікелей ықпал ететін контрагенттердің алдында да ірі несиелік берешегі бар, төлемге қабілетсіз кәсіпорын болып қалды. Бұл ретте, оңалту процедурасы қолданылған күннен бастап «Ромат» ФК» ЖШС басшылығы мен оның үлестес компаниясы «Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС басшылығының іс-әрекеттері компанияның төлем жасауға қабілеттілігі мен бизнесін қайта қалпына келтіруге емес, сот тағайындаған уақытша әкімгерді шеттетуге ғана бағытталған еді. Нақтырақ айтқанда, уақытша әкімгерді «Ромат» ФК» ЖШС орналасқан жердегі жұмыс орнына жібермеген, «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы заңы бойынша талап етілетін ақпарат пен құжаттаманы бермеген. Өзінің қызметтік міндеттерін орындауға мүмкіндігі болмағандықтан, уақытша әкімгер сот органдарына шағым жасауға мәжбүр болған. Алайда, «Ромат» ФК» ЖШС Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлығы орындауға міндетті сот актілерін орындау қажеттігін елемей отыр. Банк «Ромат» ФК» ЖШС басшылығының мұндай іс-әрекеті Компанияны төлем жасауға қабілетсіз, дәрменсіз күйге жеткізу үшін әдейі жасалған шара деп күдіктенуге негіз болады деп есептейді.

«Ромат» ФК» ЖШС басшылығының оңалту процедурасының қолданылуын негізге ала отырып, уақытша әкімгерді кәсіпорынға кіргізбеуіне және қаржылық-шаруашылық қызметінің жай-күйін көрсетпеуіне байланысты, ағымдағы сәтте кредиторлар, соның ішінде банк 2015 жылғы наурыздан бастап «Ромат» ФК» ЖШС-ның қаржылық-шаруашылық қызметі мен оның ахуалы туралы ақпарат алмаған. Бұған қоса, «Ромат» ФК» ЖШС Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оңалту процедурасын қолданған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей бекіту үшін сотқа тапсырылуға тиісті оңалту жоспарын бір жылдан астам уақыт бойы кредиторлармен келісуге қабілетсіз болды.

«Ромат» ФК» ЖШС өзінің қаржылық қызметін сауықтыруға бағытталған өзара байланысты нақты іс-шаралар кешенін және оны растайтын құжаттарды кредиторларға ұсынбағандықтан, «Ромат» ФК» ЖШС-ның уақытша әкімгері және «Банк ЦентрКредит» АҚ оңалту процедурасын тоқтату туралы өтінішпен сотқа шағымдануға мәжбүр болды, себебі бұл компания құрылтайшыларының жағдайды теріс пайдалануына жол бермеу мақсатында «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР заңы бойынша талап етіледі. Ұсынылған оңалту жоспарының жобасы құрылтайшылардың барлық мүлікті, активтерді сату және оңалту процедурасының мерзімі соңында активсіз қалу ниетін растады. Соның нәтижесінде «Өндірістік активтерін сатқан кәсіпорын төлем жасау қабілеттілігін қалпына келтіріп, өз бизнесін сақтай ала ма?» деген сұрақ туындайды. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың өз құқықтары мен мүддесін қорғау бойынша заңды іс-әрекеттер қолданатыны сөзсіз, бұған қоса заң аясында сот шешімін орындаудан жалтарып жүрген «Ромат» ФК» ЖШС-ның кепілгерлері болған құрылтайшылары Т. Ракиштен және М. Кимнен берешектің бір бөлігін өндіріп алу туралы сот шешімінің орындалуын жүзеге асыруды көздеп отыр.

– Банк барлық клиенттермен, соның ішінде «Ромат» ФК» ЖШС-мен әділ және саналы түрде бірлесіп әрекет етеді. Бұған «Ромат» ФК» ЖШС-ның басқа банктегі берешегін қайта қаржыландыруға «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың алдын ала келісім беруі туралы 2016 жылғы 2 тамыздағы өтінішіне оң жауап беруі дәлел. Қазіргі кезде банк мерзімінен кешіктірілген берешекті қайта қаржыландыруға немесе өтеуге қатысты «Ромат» ФК» ЖШС тарапынан жасалған қандай болмасын іс-әрекет туралы бейхабар. Біз өз қызметімізде іскерлік этика нормаларын сақтай отырып, Заңның талаптарын қатаң орындаймыз, сондықтан «Ромат» ФК» ЖШС банкті рейдерлік әрекет жасады деп айыптай отырып, жалғыз ғана мақсатты – несиелік берешекті өтеу бойынша міндеттемелерін орындаудан бас тартуды көздейді. Банкті рейдерлік басып алуға әрекет жасады деп негізсіз айыптағаннан кейін, біз «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың абыройы мен беделін заңда белгіленген тәртіппен қорғауға құқылымыз, – деген тұжырымдама банктің ресми хабарламасында көрсетілген.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 727 2598603, asel.durbaeva@bcc.kzwww.bcc.kz телефоны арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың баспасөз қызметіне хабарласыңыздар.

Жаңалықтар
Бірінші кредиттік бюро Қазақстанның атынан "Халықаралық кредиттік бюро күні (International Credit Bureau Day)" әлеуметтік акциясына қатысады

Кредиттік бюро күні – әлемнің 20-дан астам елінің Creditinfo тобынна кіретін кредиттік бюролары арасында өткізілетін кең ауқымды әлеуметтік акция. Бұл күні кредиттік бюро ШОБ үшін корпоративтік несиелік есептерді және ҚР азаматтары үшін жеке несиелік есептерді тегін ұсынады. Биыл Кредиттік бюро күні 22 қыркүйекте өткізілмек.


Акция барлық кәсіпкерлердің назарын несие тарихының маңыздылығына, төлем жасау тәртібін қалыптастыруға және қарыз алушылар, кәсіпкерлер мен несие ұйымдары арасында байланыс орнатуды реттеуге аударады.


Бизнес үшін:


22 қыркүйектен 22 қазанға дейін алдын ала тіркеу арқылы өзіңіздің корпоративтік несиелік есебіңізді (КНЕ) тегін алуға болады.


ШОБ желісі бойынша акцияның серіктесі: "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.


Егер кең ауқымды халықаралық Кредиттік бюро күні акциясына қатысқыңыз келсе, тіркеу нысанын толтырып жіберуіңізді өтінеміз.


Акцияға қатысушыларға арналған жадынама:

  1. Акцияға Қазақстан Республикасының кез келген кәсіпкері қатыса алады. Жеке кәсіпкерлер де акцияға қатысуға құқылы.
  2. Сіз бір ғана заңды тұлға үшін, бір ғана тіркеу нысанын толтыра аласыз.
  3. Тіркеу деректері шынайы болуы керек. Корпоративтік несиелік есеп компанияның Электронды сандық қолтаңбасы расталғаннан кейін жүргізіледі. Тіркеу деректерінде БСН, сондай-ақ электронды сандық қолтаңба шығарылған сенімді тұлғаның ЖСН нөмірлері көрсетілуі тиіс.
  4. Есеп сұрау жасалған күнгі жай-күйі бойынша Бірінші кредиттік бюро www.1cb.kz порталының Жеке кабинетінде 2016 жылғы 22 қыркүйектен бастап 22 қазанға дейін қалыптасады. Қосымша сұрақтарыңыз болса, БКБ day@1cb.kz сервис-орталығына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Егер кең ауқымды халықаралық Кредиттік бюро күні акциясына қатысқыларыңыз келсе, Бірінші кредиттік бюроның https://www.1cb.kz/icbd порталында тіркеу нысанын толтыруды өтінеміз.


Жеке тұлғалар үшін:


Жеке тұлғалар тек 22 қыркүйекте өздерінің жеке несиелік есебін (ЖНЕ) тегін ала алады. Жеке несиелік есепті Бірінші кредиттік бюроның барлық трансфер-агенттік бөлімшелерінде алуға болады*.


Акцияның серіктесі: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" – ХҚО департаменті" КЕАҚ.


Өзіңіздің тегін Жеке несиелік есебіңізді:

  • Қазақстан бойынша ХҚО-ның 83 бөлімшесінен және Алматы облысы бойынша "Қазпошта"АҚ бөлімшелерінен (мекенжайын БКБ-нің www.1cb.kz сайтынан білуге болады);
  • www.egov.kz порталынан;
  • www.1cb.kz сайтынан;
  • БКБ-нің мобильді қосымшаларынан;
  • Алматыда БКБ офисінен алуға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 (727) 3000 150 телефон нөміріне хабарласуды сұраймыз.

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді