E-mail: Pr@bcc.kz
Банк ЦентрКредит қаржы қызметін тұтынушылардың өтініштерін қарау тетіктерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құрған FinOtinish цифрлық платформасымен жұмысын бастады.
Платформаға қосылу Банктің клиентке бағдарланған сервисті дамыту және клиенттермен өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыру бағытындағы кезекті қадамы болды.
Жаңа цифрлық құрал қаржылық қызметтерді тұтынушыларға Банкке бірыңғай электронды арна арқылы өтініш жолдауға, сондай-ақ олардың қаралу барысы мен нәтижелерін онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді.
FinOtinish қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға арналған бірыңғай цифрлық арнаны ұсынады.
FinOtinish цифрлық платформасы арқылы қаржы қызметтерін тұтынушылар (жеке тұлғалар) өз құқықтарының бұзылуына, Банктің әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен келіспеуіне, сондай-ақ қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынуға байланысты шағымдары бойынша Банкке өтініш жолдай алады.
Платформа арқылы жолданған өтініштің мәртебесі мен оны қарау мерзімдерін онлайн режимінде бақылауға болады. Келіп түскен өтініш автоматты түрде Банкке жіберіледі.
Өтініштерді жолдау сілтемесі: https://finotinish.kz/.
Мәселе Банк деңгейінде реттелмеген жағдайда, платформа қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес банк омбудсманына жүгіну мүмкіндігін қарастырады. FinOtinish платформасын пайдалану тегін және оны пайдалану тұтынушының өз еркіне байланысты. Сонымен қатар, платформаға қосылу қаржы қызметтерін тұтынушылардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада көзделген өзге де тәсілдерін пайдалану құқығын шектемейді.
Өнімдер мен қызметтер бойынша кеңес алу, қызмет көрсету шарттарын білу немесе басқа да анықтамалық ақпарат алу үшін клиенттер Банктің келесі байланыс арналарына хабарласа алады:
Банктің байланыс орталығы:
Қазақстан Республикасы аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.
жеке тұлғалар үшін — 505;
Банктің мессенджерлері: WhatsApp және Telegram
(мессенджерлер арқылы қоңырау қабылданбайды)
жеке тұлғалар үшін — 8 (747) 111-15-05.
Банктің ресми сайтындағы чат.
Құрметті клиенттер!
Назарларыңызға "Card For Fly Парижге апарады және iPhone7 сыйлайды" маркетингтік акцияның қорытындысын ұсынамыз.
2016 жылғы 15 қазаннан 15 желтоқсанға дейін акция өткізілген кезеңде Visa Gold Nomad Club және/немесе Platinum Nomad Club карталарын ұстаушылар 1000 теңгеден жоғары сомаға 10 және одан көп қолма-қолсыз операциялар жүргізе отырып, банктің құнды сыйлықтарының ұтыс ойынына қатысты.
- Бірінші ұтыс ойыны бойынша (3 апта үшін) – iPhone 7 (32 gb). Жеңімпаз – Айдарбаев М.Б.
- Екінші ұтыс ойыны бойынша (6 апта үшін) – iPhone 7 (32 gb). Жеңімпаз – Исмагулов А. А.
- Үшінші ұтыс ойыны бойынша (9 апта үшін) – Бас жүлде – Әуе билеттері*. Жеңімпаз – Кан И.Г.
* «Эконом» санатындағы әуе билеттері, Алматы/Астана-Париж-Алматы/Астана.
Жеңімпаздарымызды тағы да құттықтай отырып, барлықтарыңызды біздің акцияларымызға және викториналарымызға қатысуға шақырамыз!
Құрметті Клиент!
Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 11.01.2017 жылы Астана уақытымен сағат 02:30-дан 06:35-ке дейін "StarBanking" жүйесінің жұмыс істемейтінін және төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлаймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөміріне хабарласа аласыздар:
Алматы +7 727 244 77 77
Құрметті клиент! Банктің төлем карталары, банкоматтары/ POS –терминалдары/өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары бойынша жұмыс процесінің қалпына келтірілгені туралы хабарлаймыз. Сұрақтарыңыз болса, келесі нөмірге хабарласуға болады: Алматы – 244 77 77 244 30 00 (Call Center) ҚР аумағында Beeline / Kcell / Activ ұялы телефон арқылы – 8 8000 8000 88 қосымша 5777, немесе қосылған кезде «0» басыңыз (Келіп түскен қоңырауларға қызмет көрсету орталығы. Қоңырау шалу тегін).
Құрметті клиент! Банкке қатысы жоқ себептермен Банктің төлем карталары, банкоматтары/ POS-терминалдары/өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары бойынша уақытша қызмет көрсетілмейтіні жөнінде хабарлаймыз. Жұмыс процесінің қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарланады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз! Сұрақтарыңыз болса, келесі нөмірге хабарласуға болады: Алматы – 244 77 77 244 30 00 (Call Center) ҚР аумағында Beeline / Kcell / Activ ұялы телефон арқылы – 8 8000 8000 88 қосымша 5777, немесе қосылған кезде «0» басыңыз (Келіп түскен қоңырауларға қызмет көрсету орталығы. Қоңырау шалу тегін).
Құрметті клиент!
Банктің төлем карталары, банкоматтары/ POS –терминалдары/өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары бойынша жұмыс процесінің қалпына келтірілгені туралы хабарлаймыз.
Сұрақтарыңыз болса, келесі нөмірге хабарласуға болады:
Алматы – 244 77 77
244 30 00 (Call Center)
ҚР аумағында Beeline / Kcell / Activ ұялы телефон арқылы – 8 8000 8000 88 қосымша 5777, немесе қосылған кезде «0» басыңыз (Келіп түскен қоңырауларға қызмет көрсету орталығы. Қоңырау шалу тегін).
Құрметті клиент!
Банкке қатысы жоқ себептермен Банктің төлем карталары, банкоматтары/ POS-терминалдары/өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары бойынша уақытша қызмет көрсетілмейтіні жөнінде хабарлаймыз. Жұмыс процесінің қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарланады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!
Сұрақтарыңыз болса, келесі нөмірге хабарласуға болады:
Алматы – 244 77 77
244 30 00 (Call Center)
ҚР аумағында Beeline / Kcell / Activ ұялы телефон арқылы – 8 8000 8000 88 қосымша 5777, немесе қосылған кезде «0» басыңыз (Келіп түскен қоңырауларға қызмет көрсету орталығы. Қоңырау шалу тегін).
050059, Алматы қаласы, Медеу ауданы, әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы сырттай дауыс беру арқылы келесі күн тәртібімен өткізілуге тиісті (дауыстарды санау күні – 2017 жылғы 31 қаңтар) акционерлердің кезектен тыс жиналысы Директорлар кеңесінің бастамасымен кейінге қалдырылғаны туралы хабарлайды:
- «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Есеп комиссиясы құрамының өзгергені туралы.
- «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Директорлар кеңесі құрамының өзгергені туралы.
050059, Алматы қаласы, Медеу ауданы, әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 36 және 49-баптарына сәйкес Директорлар кеңесінің бастамасымен сырттай дауыс беру арқылы келесі күн тәртібі бойынша акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетіні туралы хабарлайды:
- «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Есеп комиссиясының құрамын өзгерту туралы.
- «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы.
Құрметті клиент!
Банктің банкоматтары бойынша жұмыс процесінің қалпына келтірілгені туралы хабарлаймыз.
Сұрақтарыңыз болса, келесі нөмірге хабарласуға болады:
Алматы – 244 77 77
244 30 00 (Call Center)
ҚР аумағында Beeline / Kcell / Activ ұялы телефон арқылы – 8 8000 8000 88 қосымша 5777, немесе қосылған кезде «0» басыңыз (Келіп түскен қоңырауларға қызмет көрсету орталығы. Қоңырау шалу тегін).
"Банк ЦентрКредит" акционерлік қоғамы 2016 жылғы 12 тамызда сырттай дауыс беру арқылы өткізілген "Банк ЦентрКредит" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындысы бойынша Есеп комиссиясы мәжілісінің хаттамасына сәйкес жай көпшілік дауыспен Kwon Oh Ki мырзаның өкілеттігін тоқтату және қоса алғанда 2017 жылы акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілетін күнге дейін өкілеттік мерзімімен Тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына Lee Sangwon мырзаны тағайындау туралы шешім қабылданғанын хабарлайды.
Құрметті клиент!
Банктің банкоматтары/ POS –терминалдары/өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары бойынша жұмыс процесінің қалпына келтірілгені туралы хабарлаймыз.
Сұрақтарыңыз болса, келесі нөмірге хабарласуға болады:
Алматы – 244 77 77
244 30 00 (Call Center)
ҚР аумағында Beeline / Kcell / Activ ұялы телефон арқылы – 8 8000 8000 88 қосымша 5777, немесе қосылған кезде «0» басыңыз (Келіп түскен қоңырауларға қызмет көрсету орталығы. Қоңырау шалу тегін).
Құрметті клиент!
Банкке қатысы жоқ себептермен Банктің банкоматтары/ POS-терминалдары/өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғылары бойынша уақытша қызмет көрсетілмейтіні жөнінде хабарлаймыз. Жұмыс процесінің қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарланады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!
Сұрақтарыңыз болса, келесі нөмірге хабарласуға болады:
Алматы – 244 77 77
244 30 00 (Call Center)
ҚР аумағында Beeline / Kcell / Activ ұялы телефон арқылы – 8 8000 8000 88 қосымша 5777, немесе қосылған кезде «0» басыңыз (Келіп түскен қоңырауларға қызмет көрсету орталығы. Қоңырау шалу тегін).
ЦентрКредит Банкі «Ромат» ФК» ЖШС-мен болған жағдайға түсініктеме берді, сондай-ақ фармкомпания басшылары тарапынан банктің өкілдеріне және сот органдарына қатысты БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жарияланған айыптаудың негізсіз екенін растады.
«Ромат» ФК» ЖШС-ның мәлімдеуі бойынша Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот 06.04.2015 жылы өтінішті қанағаттандыру туралы шешім шығарды және «Ромат» ФК» ЖШС-ға қатысты оңалту процедурасы қолданылды, аталмыш шешім 24.06.2015 жылы күшіне енген болатын.
Осылайша, сот «Ромат» ФК ЖШС» басшылығының тіпті осы өтінішті беруге дәрменсіздігінің байқалуына қарамастан, оңалту процедураларының көмегімен төлем жасауға қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндік беріп, «Ромат» ФК ЖШС» КТ басшылығының бастамасын қолдады, себебі компания тек банктердің алдында ғана емес, өзара қарым-қатынасы компанияның бизнесіне тікелей ықпал ететін контрагенттердің алдында да ірі несиелік берешегі бар, төлемге қабілетсіз кәсіпорын болып қалды.
Алайда сот оңалту процедурасын қолдану мүмкіндігін берген күннен бастап «Ромат» ФК» ЖШС басшылығы мен оның үлестес компаниясы «Павлодар фармацевтикалық зауыты» ЖШС басшылығының іс-әрекеттері компанияның төлем жасауға қабілеттілігі мен бизнесін қайта қалпына келтіруге емес, сот тағайындаған уақытша әкімгерді шеттетуге ғана бағытталған еді. Нақтырақ айтқанда, уақытша әкімгерді «Ромат» ФК» ЖШС-дағы жұмыс орнына жібермеген, «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы заңы бойынша талап етілетін ақпарат пен құжаттаманы бермеген. Өзінің қызметтік міндеттерін орындауға мүмкіндігі болмағандықтан, уақытша әкімгер сот органдарына шағым жасауға мәжбүр болған, себебі «Ромат» ФК» ЖШС сот актілерін елемеді және орындамады, Қазақстан Республикасының 76-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 21-бабына сәйкес заңды күшіне енген сот актілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға тиісті екенін елемеді.
Оңалту процедурасын жүргізу талаптарының бірі компания басшылығының оңалту жоспарын құру міндеті болып табылатынын айта кеткен жөн.
Мысалы, 04.09.2015 жылы «Ромат» ФК» ЖШС ілеспе хат арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа өтем жасау кестесі көрсетілген төмендегі оңалту жоспарын ұсынды:
- Оңалту жоспары бекітілген сәттен бастап ЖШС 24 ай ішінде жалпы көлемі 800 000 000,00 теңге мөлшерінде бейінді емес активтерді, соның ішінде кепілге берілген активтерді сату есебінен несие бойынша берешекті өтейді.
- Оңалту жоспары бекітілген сәттен бастап 25-ші айдан оңалту процедурасының 36-шы айына дейін ЖШС қолданыстағы бизнес ретінде бөлімшелерді сату есебінен 1 500 000 000,00 теңге мөлшерінде өтем жасайды.
- Оңалту жоспары бекітілген сәттен бастап 38-ші айдан оңалту процедурасының 60-шы айына дейін ЖШС алынған пайданың есебінен және кепіл мүлкін іске асыру есебінен 59 875 015 теңге мөлшерінде ай сайын төлем жасайды.
Жоғарыда көрсетілген мәселелер «ФК Ромат» ЖШС-ның төлем қабілеттілігін және бизнесті қалпына келтіруге ниетінің болмауын білдіреді, себебі ұсынылған оңалту жоспарының жобасы нарықтың қандай болмасын есебін, болжамын және компанияның операциялық іс-әрекетінің талаптарын көрсетпейді. Мұндай жоспар құрылтайшылардың оңалту процедурасында активтерді сатуға дайын екенін және бесінші жылдың соңында толық банкрот болуын растайды.
Мұндай жағдайда заңды сұрақ туындайды: егер «ФК Ромат» ЖШС мүлкін және қолданыстағы бизнесін сатса, нені оңалтуы тиіс?
Осылайша, «ФК Ромат» ЖШС сырттан инвестордың капиталын тартпай төлем жасауға қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігінің болмауына байланысты оңалту жоспарын құра алмайтынын көрсетті. Бұл жағдайды «ФК Ромат» ЖШС-ның өкілетті өкілдері сот талқылауы барысында, сондай-ақ компанияның басшылығы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің және Павлодар облысы Әкімдігінің алаңдарында ұйымдастырылған кездесулер кезінде растады.
«ФК Ромат» ЖШС КТ басшылығының және оның өкілдерінің сырттан инвесторларды тартпай, компанияның төлем жасауға қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігінің болмауы туралы ресми өтінішін ескере отырып, сот жасаған қорытынды заңды болып табылады – бұл Роматты банкрот деп тану, өйткені сот органдарының инвесторларды тартуға өкілеттігі және құқығы жоқ.
Сонымен қатар, сот және мемлекеттік органдар, сондай-ақ кредиторлар компанияны басқаруға, бизнесті жүргізуге қатыспайды.
Сондықтан «Ромат ФК» ЖШС КТ басшысының және оның жақтастарының бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде сот органдарына және «Банк ЦентрКредит» АҚ-қа қатысты жасаған дәлелсіз айыптауларын, сондай-ақ компанияның мемлекеттік органдарға берген өтініштерін банк компанияның өз дәрменсіздігін ақтауға және кәсіпорынды басқаруда, менеджментте жіберілген түзелмейтін қателіктерді ақтауға бағытталған іс-әрекеттері деп есептейді.
Қосымша ақпарат алу үшін +7 727 2598603, asel.durbaeva@bcc.kz, www.bcc.kz
телефоны арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың баспасөз қызметіне хабарласыңыздар.
Құрметті клиенттер!
ЦентрКредит Банкі Visa Gold, Visa Platinum, Visa Infinite карталарын ұстаушыларға арналған Қолдау қызметінің телефон нөмірлерінің өзгеруі туралы хабардар етеді.
Жаңа телефон нөмірлері:
+7 727 349 50 62 ( Халықаралық және Қазақстан бойынша қоңыраулар үшін);
8 800 555 70 46 (Қазақстан бойынша мобилді және стационарлы телефон арқылы шалынған қоңыраулар үшін)
Құрметті клиенттер!
Номиналы 1000 теңгелік банкноттар туралы ҚР Ұлттық Банкінің ақпараттық хабарламасын назарларыңызға ұсынамыз. Қазіргі уақытта айналыста Ұлттық Банк төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған, қалған бөлігінде бірдей болып табылатын номиналы 1000 теңгелік банкноттар бар. Бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті!
Біздің сайтымыздан ҚР Ұлттық Банкі ұсынған және қазіргі кезде заңды төлем құралы болып табылатын номиналы 1 000 теңгелік банкноттың сыртқы түрімен танысуға болады. Ынтымақтастығымыз жалғасады деген сеніммен,
"Банк ЦентрКредит" АҚ
ҚР ҰБ ақпараттық хабарламасы
Банкноттың сыртқы түрі
Бүгін ЦентрКредит Банкінің Алматы қаласындағы бөлімшелерінің бірінің күзетшісіне шабуыл жасалғаны туралы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпаратқа байланысты банктің Баспасөз қызметі осы мәселе бойынша түсіндірме берді. Хабарламада қаржы институтының барлық бөлімшелері штаттық режимде жұмыс істейтіні көрсетілген.
ЦентрКредит Банкінің баспасөз мәлімдемесінде:
– Бүгін таңертең ЦентрКредит Банкінің Мәметова көшесі, 67-үй мекенжайы бойынша орналасқан №22 ҚҚО-ға кезекшілікке түскен күзет агенттігінің инспекторына екі белгісіз адам шабуыл жасаған. Қарсылық көрсеткен күзетші дене жарақаттарын алған. Қаскүнемдер оның травматикалық қаруын алып кеткен, – деп көрсетілген.
Банктің мәлімдеуінше, аталмыш бөлімшенің қызметкерлері жарақат алмаған, күзет агенттігінің инспекторына медициналық көмек көрсетілді, оның өміріне төнген қауіп жоқ. Қазіргі сәтте ЦентрКредит Банкінің барлық бөлімшелері мен қашықтан қызмет көрсету сервистері штаттық режимде жұмыс істеуде.
Банктің өкілдері қылмыскерлерді іздестіруге және ұстауға бағытталған іс-шараларды жүргізуде Алматы қаласының ІІД қызметкерлеріне көмек көрсетіп жатыр. ЦентрКредит Банкінің мәлімдемесінде:
– Біз қылмыскерлер жақын уақытта табылады және жасаған қылмыстары үшін оларға тиісті жаза қолданылады деп сенеміз, – деп көрсетілген.
Құрметті клиенттер!
2016 жылғы 4 қазаннан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттардың заңды төлем құралы болып табылмайтынын естеріңізге саламыз.
ҚР Ұлттық Банкі ұсынған және қазіргі уақытта заңды төлем құралы болып табылатын 2008 және 2011 жылғы үлгідегі банкноттардың сыртқы түрімен біздің сайтымыз арқылы танысуыңызға болады.
Сізге қызмет көрсетуді жалғастырамыз деп үміттенеміз.
"Банк ЦентрКредит" АҚ
ҚР ҰБ жадынамасы
ҚР ҰБ ақпараттық хабарламасы
Құрметті клиенттер!
Қазіргі кезде Банк жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді аударуға арналған Арнайы ағымдағы есепшоттарға түгендеу жүргізіп жатыр.
Егер Сіз ЗТМО-дан жәрдемақы немесе әлеуметтік төлемдер алатын болсаңыз, арнайы осы мақсатқа арналған Арнайы ағымдағы есепшоттың ашылғанына көз жеткізіңіз. Олай болмаған жағдайда, есепшоттың дұрыс түрін ашып, кейін жаңа деректемелерді ЗТМО-ға хабарлау қажет. Егер Сіз ЗТМО-дан алатын жәрдемақы немесе әлеуметтік төлемдер әдеттегі Ағымдағы есепшотқа түсетін болса, Банк несие бойынша олардың берешек есебіне өндіріп алынғаны, оның ішінде төлемдік талапты ұсыну арқылы алынғаны үшін жауап бермейді.
Толық ақпаратты Банктің бөлімшелерінен, сонымен қатар Алматы қаласында 244 30 00 телефоны, өңірлерде 8 8000 8000 88 телефоны арқылы тегін білуге болады.
Құрметті клиент!
ЦентрКредит Банкі Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 06.10.2016 жылы сағат 00-30-дан 01-30-ғa дейін және 03-30-дан 04-30-ғa төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлайды.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар:
Алматы +7 727 244 77 77
Сіздерге 2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін жасалған "Өтемақы арнайы есепшоты" шарттарының қолданыс мерзімінің аяқталуына байланысты салымның осы түрі бойынша қалдықтар туралы ақпараттың Starbanking жүйесінде көрсетілмейтінін хабарлаймыз.
Сұрақтарыңыз болса, Банктің бөлімшелеріне хабарласуды өтінеміз.
"Қазақстан қор биржасы" АҚ-тың (бұдан кейін "Биржа") Листинг ережесінің талаптарына сәйкес "Банк ЦентрКредит" АҚ (бұдан кейін "Банк") Биржаның ресми тізімінде тұрған мерзімсіз облигацияларға (саудадағы коды: CCBNe3, ISIN XS0245586903, бұдан кейін "Облигациялар") қатысты келесі ақпаратты жіберіп отыр:
Банк 2016 жылғы "23" қыркүйекте Облигация ұстаушыларға Сенімгерлікпен басқарушының, Бас төлем агентінің, трансферттік, есеп айырысу агенттерінің, сондай-ақ Облигациялар бойынша тіркеушінің ауысуына және 2006 жылғы "3" наурызда жасалып, 2010 жылғы "16" сәуірде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Сенімгерлікпен басқару туралы шартқа өзгерістер енгізілуіне байланысты 5 Old Street, London EC2N 1DW, United Kingdom (Ұлыбритания) мекенжайы бойынша 2016 жылғы "17" қазанда Облигация ұстаушылардың жиналысы өткізілетіні туралы хабарлама хат жіберді.