E-mail: Pr@bcc.kz
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап валюталық заңнамадағы өзгерістерге назар аударыңыз:
№78 Экспорттық-импорттық валюталық бақылаудың жаңа қағидасы (№ 42 Қағиданың орнына) күшіне енеді.
№ 40 Валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидасына және № 64 Валюталық операцияларға мониторинг жүргізу қағидасына өзгерістер енгізілді.
Өзгерген мәселелер (негізгі өзгерістер):
Баламасы $50 000-нан астам соманы құрайтын немесе егер Шартта ҚР шекарасы арқылы тауарларды өткізу көзделмесе немесе электрондық ақшамен операциялар жүргізу көзделсе, мәміле сомасын көрсетпей-ақ барлық белсенді валюталық шарттар үшін есептік нөмір (ЕН) алу қажет.
Мұндай шарттар бойынша ЕН-ді 2024 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей, бірақ валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау басталғанға дейін алу қажет.
ЕН алғанға дейін мұндай шарт аясында төлемдер және (немесе) аударымдар жүргізілмейді.
Егер ЕН берілген шарт аясында төлемдер және (немесе) аударымдар бірнеше банк арқылы жүргізілсе, онда төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілгенге дейін бірақ 2024 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей есептік тіркеу банкіне шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну қажет.
Егер банктің ақпараттық жүйесінде тауарларға арналған декларациялар, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштер, электрондық шот-фактуралар туралы мәліметтер болмаса, енді банкке мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінде осы деректердің бар екендігін растайтын анықтаманы ұсынудың қажеті жоқ.
Репатриациялау мерзімін бұзу бойынша есептілікті ұсыну мерзімдері:
1. Егер репатриациялау мерзімі аяқталса, ал бейрезиденттің валюталық шарт бойынша орындамаған міндеттемелері сомасының баламасы $50 000-нан асатын болса, 15-күнге дейін қоса есептегенде банктік бақылаудың жеке карточкасы (ББЖК) Ұлттық Банкке жіберіледі, ол жерден бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органдарына жіберіледі.
2. Егер репатриациялау мерзімі 2023 жылғы қарашада аяқталса және бейрезиденттің экспорттаушы/импорттаушы алдында орындалмаған міндеттемелері сомасының баламасы $50 000-нан асатын болса, онда ББЖК 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 15 қаңтарға дейін қоса есептелетін кезеңде ұсынылуы тиіс.
Қызмет көрсететін банк жаңа банкке ауысқан кезде:
1) экспорт/импорт бойынша валюталық шартты валюталық бақылауға қабылдау туралы өтініш;
2) валюталық шарттың ЕН берілгені туралы белгісі бар түпнұсқасы/көшірмесі.
ЕН тіркегеннен кейін жаңа банк клиентке бұрын қызмет көрсеткен банкке шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат алуға сұрату жібереді, оны алғанға дейін жаңа банк төлемдер/аударымдар жүргізбейді. Алдыңғы банк жаңа банктен сұратуды алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде клиенттің ЕН-ді алу туралы өтінішінсіз және ақпарат беруге келісімінсіз ЕН-ді есептік тіркеуден шығарады.
Экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарт бойынша ЕН алу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің болуына назар аударуды өтінеміз.
- Ұлттық Банк өзінің қаулысымен елден ақша шығару деп танылуы немесе валюталық заңнама талаптарын орындаудан жалтару ретінде қарастырылуы мүмкін валюталық операция түрлері мен критерийлерін бекітті. Осы операциялар бойынша резидент банкке* валюталық бақылау органдарына және құқық қорғау органдарына осы төлем және (немесе) ақша аударымы туралы ақпаратты тапсыруға, сондай-ақ уәкілетті банктің талабы бойынша өзге де құжаттар мен ақпаратты ұсынуға рұқсат береді. Бұдан басқа, банк осы операциялар бойынша Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес әзірленген және қабылданған ішкі бақылау ережелеріне сәйкес осындай операцияға мониторинг жүргізеді және зерттейді.
- Бұған операцияның келесі түрлері кіреді:
- егер сауда немесе исламдық қаржыландыру бойынша мәмілелерді, сондай-ақ бейрезиденттердің Қазақстандағы өзінің филиалдарымен жүргізетін операцияларын және елдегі шетелдік ұйымдардың өкілдіктері арасындағы операцияларды есептемегенде, шарттың/қосымша келісімнің талаптарымен банктегі шотқа ақша түсімі көзделмесе, бейрезиденттің – резидентке (банкті есептемегенде) берілетін кез келген қарызы;
- егер сауда немесе исламдық қаржыландыру бойынша мәмілелерді, сондай-ақ бейрезиденттердің Қазақстандағы өзінің филиалдарымен жүргізетін операцияларын және елдегі шетелдік ұйымдардың өкілдіктері арасындағы операцияларды есептемегенде, шарт талаптарымен қарызды пайдаланғаны үшін сыйақы төлеу көзделмесе, резиденттің бейрезидентке (үлестес емес тұлғаға) беретін қарызы;
- бейрезиденттің төлем мерзімі резиденттің міндеттемелерін орындаған күннен кейінгі 720 күннен асатын экспорт бойынша операциялар;
- бейрезиденттің міндеттемелерді орындау мерзімі, оның ішінде авансты/алдын ала төлемді қайтару бойынша мерзімі резиденттің міндеттемелерін орындаған күннен кейінгі 720 күннен асатын импорт бойынша операциялар;
- резиденттің клиенттердің тапсырмалары бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы - бейрезидентке $50 мың доллардан астам сомаға ақша аударуы;
- резиденттің шетелдегі меншікті шотына $50 мыңнан астам сомаға ақша аударуы;
- резиденттен бейрезидентке $50 мыңнан астам сомаға қайтарымсыз ақша аударуы;
- бір бейрезидентпен жасалған екі немесе одан да көп валюталық шарт бойынша резиденттің күнтізбелік айдағы бұндай валюталық шарттарға ЕН берілуі тиіс шекті мәннен асатын жалпы сомадағы төлемдері және (немесе) ақша аударымдары.
* рұқсат беру еркін нысанда ресімделеді. Валюталық шарт аясында валюталық операциялар бойынша барлық төлемге және (немесе) ақша аударымдарына қатысты бір рұқсатты ұсынуға жол беріледі
2024 жылғы 01 қаңтардан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес қолданыстағы жинақтау жүйесі міндетті жарнаның жаңа түрімен – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасымен (бұдан әрі - ЖМЗЖ) толықтырылды.
Сіздерге 2024 жылғы 03 қаңтардан бастап клиенттердің төлемдерін қашықтағы арналар арқылы да, офлайн форматта да қабылдайтынымыз туралы хабарлаймыз.
Құрметпен,
«Банк ЦентрКредит» АҚ
А25D5G0, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Банк) инвесторларға Банктің Атқарушы органының 28 желтоқсандағы қаулысымен қабылданған «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның айналым мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын жылдық табыстылық мөлшерлемесі 4,5%-дан аспайтын облигациялардың бойынша инвесторлардың шектеусіз саны арасында орналастыру туралы хабарлайды.
Облигациялар шығарылымы туралы ақпаратты келесі мекенжай бойынша танысуға болады: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 38 , Қазынашылық орталығы, тел. (727)259-60-99, . ішкі 12192, 23302 немесе келесі сілтемеде: https://kase.kz/ru/bonds/show/CCBNb35/
"Банк ЦентрКредит" АҚ 2023 жылғы 29 желтоқсанда ұлттық валютада шығыс төлемдерді қабылдау қалыпты режимде жүргізілетінін мәлімдейді. Банк болашақ валюталау күні бар ұлттық валютадағы шығыс төлем құжаттарын қабылдамайды.
Сондай-ақ, 2023 жылғы 29 желтоқсанда валютаның мынадай түрлері бойынша төлемдерді қоспағанда, SWIFT жүйесі арқылы сыртқа жөнелтілетін ағымдағы валюталау күнімен шетел валютасындағы шығыс төлем құжаттары қалыпты режимде қабылданатыны туралы хабарлаймыз:
- жапон йенасымен (JPY);
- австралиялық доллармен (AUD);
- БАӘ дирхамымен (AED);
- қырғыз сомымен (KGS)
- өзбек сумымен (UZS)
- армян драмымен (AMD)
- Оңтүстік Корея вонымен (KRW)
- грузин лариімен (GEL)
- түрік лирасымен (TRY)
- әзірбайжан манатымен (AZN)
Назар аударыңыз: 29.12.2023 ресей рубліндегі (RUB) төлем құжаттары сағат 16.00-ге дейін қабылданатын болады, ал 03.01.2024-09.01.2024 аралығында SWIFT жүйесі бойынша сыртқа жөнелтілетін ресей рубліндегі (RUB) төлем құжаттары қабылданбайды.
Қызметіңіз бойынша процестерді жоспарлау кезінде жоғарыда көрсетілген ақпаратты ескеруді сұраймыз.
"Банк ЦентрКредит" АҚ сізді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, басыңызға амандық, қызметіңізге мол табыс пен тұрақтылық тілейді!
Уважаемые клиенты!
Банк ЦентрКредит уведомляет о появлении в сети Интернет предложений по оказанию помощи в получении ипотеки и автокредита. Третьи лица просят передать им первоначальный взнос и обещают решить вопрос с кредитом. После этого присваивают денежные средства и перестают выходить на связь.
Банк ЦентрКредит не имеет отношения к подобным предложениям и сообщает, что оформление ипотечного займа и автокредита происходит при личной подаче заявки клиента с соблюдением внутренних требований банка. Решение о кредите принимает автоматизированная скоринговая система и исключен человеческий фактор.
Просим остерегаться мошенников, воздерживаться от посреднических услуг при оформлении кредитов и соблюдать необходимые правила безопасности.
20 декабря в Алматы, прошло торжественное закрытие Национальной Социальной Экокампании «TURAQTY JOL». Мероприятие, организованное при поддержке Банка ЦентрКредит, стало важным шагом в направлении устойчивого развития и привлечения внимания к принципам ESG (Environmental, Social, Governance) в бизнесе.
«TURAQTY JOL» - это образовательная инициатива, направленная на воспитание у подрастающего поколения бережливого отношения к окружающей среде. За период проведения экокампании было охвачено более 3000 участников различных мероприятий, акцентирующих внимание на экологической ответственности.
Круглый стол в рамках мероприяти на тему «Реализация компонентов ESG в бизнесе: устойчивость, развитие и процветание» собрал представителей бизнес-сообщества, международных организаций, неправительственного сектора и академических кругов. Участники обменялись передовыми практиками внедрения принципов ESG, а эксперты дали оценку текущим трендам в этой области.
«Нам приятно видеть, как «TURAQTY JOL» продолжает свою миссию в воспитании нового поколения, ориентированного на ценность устойчивого развития и ответственности. Участие банка в проекте не только финансовая поддержка, но и возможность активного воздействия на формирование экологической и социальной культуры общества. Принципы ESG играют ключевую роль в стратегии нашего банка, и мы убеждены, что устойчивое развитие - это не только ответственность, но и важный стратегический шаг для достижения долгосрочного успеха», - прокомментировала Управляющий директор центра риск-менеджмента Банка ЦентрКредит Клара Эрмакбаева.
Кроме обсуждения ESG, на мероприятии прошла церемония награждения победителей творческой части проекта «TURAQTY JOL» с фокусом на «Охрану водных ресурсов». Более 700 участников в возрасте от 12 до 35 лет представили свое видение проблем водных ресурсов через художественные произведения.
Проект поддержали Казахстанская Национальная Федерация клубов ЮНЕСКО, Ассоциация деловых женщин по городу Алматы, Акимат города Алматы, Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы, Национальная Комиссия РК по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО, компании «Saiko Group», «Caspian Group» и «Кумколь Транс Сервис». Генеральный спонсор проекта - Банк ЦентрКредит.
ЦентрКредит Банкінің төлем карталары бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде зат сатып алу және қолма-қол ақша алу үшін белгіленген лимиттердің өзгеретініне назар аударыңыз.
Оның ішінде Болгарияда, Черногорияда, Индонезияда және кейбір басқа елдерде қолма-қол ақша алу және сатып алу ақысын төлеу үшін қосымша шектеулер қойылған. Сапар алдында ақпаратты тексеріңіз. Толығырақ.
Өзгерістер 20.12.23 ж. күшіне енеді.
Қазіргі әлемде салық жүйесі – жете назар аударып, түсінуді талап ететін азаматтар өмірінің маңызды бөлігі. Салық міндеттемелері мүлікті, көлік пен кірістерді қоса алғанда, әртүрлі салаларға қатысты болуы мүмкін. Бұл мақалада біз Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесе отырып, ҚР-да жеке тұлғалар өздерінің салық міндеттемелерін қалай қадағалай алатыны, салық сомасын, салықтан босатылғанын біле алатыны және басқа да маңызды аспектілер туралы өзекті сұрақтарға жауап береміз.
1. Жеке тұлға салық бойынша берешегін қайдан көре алады?
Салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталының «Электрондық сервистер» бөлімінде, сондай-ақ «е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында (AppStore және PlayMarket дүкендерінен жүктеп алу) тексеруге болады.
2. Мүлік салығының сомасын қайдан білуге болады және оны қалай төлеуге болады?
Жеке тұлғалардың мүлік салығының есептелген сомасы туралы ақпаратты Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz порталының «Электрондық сервистер» бөлімінде - «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» бөлімінен, сондай-ақ «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының «Салық әмияны» сервисінен (AppStore және PlayMarket дүкендерінен жүктеп алу) білуге болады.
Көлік, мүлік және жер салығын қоса алғанда, салық төлеу, сондай-ақ BCC.KZ қосымшасын (AppStore және PlayMarket дүкендерінен жүктеп алу) пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін, онда «Төлемдер» - «Бюджетке төленетін төлемдер, айыппұлдар және төлемдер» бөлімінде заңды әрі жеке тұлғалардың деректемелері бойынша салық бойынша төлем жасау мүмкіндігі ұсынылған.
3. Зейнеткерлер мүлік салығын төлеуден босатыла ма?
Бөлек тұратын зейнеткерлер үшін мүлік салығын төлеуден босату меншік құқығындағы барлық объектінің жалпы құнының 1 000 еселенген АЕК мөлшерінде қарастырылған (ҚР Салық кодексінің 526-бабы).
4. Көп балалы аналар немесе көп балалы ата-аналар мүлік салығын төлеуден босатыла ма?
«Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналар үшін мүлік салығын төлеуден босату меншік құқығындағы барлық объектінің жалпы құнының 1 000 еселенген АЕК мөлшерінде қарастырылған (ҚР Салық кодексінің 526-бабы).
5. Мүгедектігі бар тұлғалар мүлік салығын төлеуден босатыла ма?
Мүгедектігі бар тұлғалар үшін мүлік салығын төлеуден босату меншік құқығындағы барлық объектінің жалпы құнының 1 500 еселенген АЕК мөлшерінде қарастырылған (ҚР Салық кодексінің 526-бабы).
6. Көлік салығын қайда және қалай төлеуге болады?
Жеке тұлғалардың салық төлеуі жеке тұлғаның тұрғылықты (тіркелген) жері бойынша жүргізіледі (Салық кодексінің 494-бабы).
7. Жеке тұлғалардың көлік құралына салықты қалай және қайда өз бетінше есептеуге болады?
Көлік құралына салық сомасын kgd.gov.kz порталының «Электрондық сервистер» - «Калькулятор» - «Көлік құралына салықты есептеу» бөлімінде немесе «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасын пайдалана отырып өз бетінше есептеуге болады. Автоматты есептеу үшін тиісті жолдарды толтырыңыз.
8. Неге жеке тұлғалардың мүлік салығының сомасы жыл сайын өзгеріп отырады?
Мүлік салығының сомасы тұрғын үйдің бір шаршы метрінің негізгі құнын, тұрғын үйдің пайдалы алаңын және аймаққа бөлу коэффициентін ескере отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ анықтайтын мүлікті бағалауға байланысты (ҚР Салық кодексінің 529-бабы).
9. Мүлік салығын қате төледім. Бұл төлемді басқа тұлғаға есептей аламын ба?
Артық төленген (өндіріп алынған) салық сомасы есепке алынбайды. Сіз қате төленген салық сомасын қайтару туралы салықтық өтініш бере аласыз (Салық кодексінің 101-бабы).
10. 2022 жылы мемлекеттік қызметтен босатылдым, бұл ретте 2021 жылы 250-нысан бойынша декларация тапсырдым Декларация тапсыруым керек пе?
«Жалпыға бірдей декларациялау» жүйесіне кірген және 250-нысан бойынша декларация тапсырған тұлғалар жыл сайын жеке табыс салығы бойынша 270-нысан бойынша декларация тапсыруға міндетті (ҚР Салық кодексінің 630 және 633-баптары).
Ақпарат салық міндеттемелерін түсінуді қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтау процесін оңайлату мақсатында ұсынылған. Қосымша сұрақтарыңыз болса, 1414 байланыс орталығына (қосымша нөмірі 3) хабарласуды немесе кәсіби салық консультанттарынан кеңес алуды ұсынамыз.
Біздің банк пен Allur Finance ұсынған Kia автокөліктері 3,5% мөлшерлемесімен кредитке - жаңа автокредит беру бағдарламасына қатысыңыз
- ЖТСМ: 3,55%
- Бастапқы жарна: 50%
- Мерзімі: 48 айға дейін
Kia автокөліктерін 48 айдан астам мерзімге кредитке алатын клиенттер үшін: - Мөлшерлеме: 21,3%-дан басталады
- ЖТСМ: 23,48%-дан басталады
- Бастапқы жарна: 10%-дан басталады
Бағдарламаға қатысатын автокөлік түрі:
Kia Picanto, Kia Ceed, Kia Ceed SW, Kia XCeed, Kia Cerato, Kia K5, Kia К8, Kia, K9, Kia Soul, Kia Seltos, Kia, Sportage, Kia Sorrento, Kia Carnival, Kia, EV6.
Кез келген Kia дилерлік орталығында толығырақ ақпарат алып, өтінім бере аласыз
Уважаемые клиенты!
11 декабря с 2:55 до 4:30 в связи с проведением плановых технических работ будут недоступны следующие сервисы Банка ЦентрКредит:
- АТМ, ИПТ, POS-терминалы, а также операции по платёжным картам (с 2:55 до 4:20)
- Приложения BCC.KZ и BCC Business (с 2:55 до 4:30)
- Возможна частичная недоступность АТМ, ИПТ, POS-терминалов, а также операций по платежным картам в период с 4:20 до 4:30.
Приносим извинения за неудобства!
Қазақстанда 2021 жылдан бастап азаматтардың түрлі санаттары үшін кезең-кезеңімен енгізілетін жалпыға бірдей декларациялау бағдарламасы жұмыс істейді. 2024 жылдан бастап декларацияны міндетті түрде кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары тапсыруы қажет.
Активтер мен міндеттемелерді 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша декларациялау қажет. Ол үшін бизнесмендер декларацияларды қағаз тасығышта 2024 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей, электронды түрде 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін тапсыра алады.
2024 жылы ЗТ және ЖК активтер мен міндеттемелер туралы «кіріс» декларацияны (250.00 СЕН) ұсынуы тиіс. Келесі жылдары кәсіпкерлер кірістер мен мүлік туралы жыл сайынғы жылдық декларацияны (270.00 СЕН) тапсыруы қажет.
Осылайша «кіріс» 250.00-нысан қолда бар жылжымалы және жылжымайтын мүлік, бағалы заттар, өзге де активтер, оның ішінде ҚР шегінен тысқары жердегі активтер, сондай-ақ декларациялау процесіне кіру сәтіндегі міндеттемелер бойынша деректерді декларациялайды. Жыл ішінде алынған кірістер, жұмсалған шығыстар, сатып алынған немесе сатылған мүлік туралы мәліметтер көрсетілетін жыл сайынғы 270.00-нысан кейінгі кезеңдердегі деректерді декларациялайды.
Есептерді электрондық үкімет порталында ұсынуға болады.
Онлайн қызметті қалай алуға болады:
1. Авторизациядан өтіп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
2. Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) тексеру және толтыру.
3. Өтінімге электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қою.
4. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу, ол көрсетілген уақыт ішінде келіп түседі.
Қазақстандық теңгенің туынды қаржы құралдары нарығында (ТҚҚ деривативтер) European Bank for Reconstruction and Development (ЕҚДБ) пен «Банк ЦентрКредит» АҚ арасында OIS (Overnight Indexed Swap) мәмілесі жасалды. Овернайт индексінің мөлшерлемесі ретінде TONIA ақша нарығының бенчмаркі пайдаланылды, ал овернайт мөлшерлемесін күнделікті капиталдандыру (есептеу) мақсатында биржада әрбір жұмыс күні жарияланатын TCI индикаторы (TONIA Compounded Index) пайдаланылды.
Overnight Indexed Swap (OIS) - ол бойынша овернайт мөлшерлемесі белгіленген пайыздық мөлшерлемеге айырбасталатын своп. Овернайт мөлшерлемесінің индексі хеджирлеу шарттарында пайдаланылады, онда бір тарап көрсетілген күні екінші тараппен алдын ала анықталған активпен алмасады."
«Даму» қоры және «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың еншілес компаниясы – Center Leasing ұсынатын қаржы лизингі. Лизинг мерзімі – 84 айға дейін, қаржыландыру сомасы – 500 млн теңгеге дейін. ЖТСМ мөлшерлемесі субсидиян есебімен жылдық 19,8%-дан басталады, қарыз алушы үшін түпкілікті мөлшерлеме 5%-дан басталады.
Бизнес үшін басты мәселелердің бірі – өз қаражатыңыз жеткіліксіз болғанда, автопаркті жаңартуға немесе ауыл шаруашылығы техникасына ақшаны қайдан алуға болады? Кредит алу бұл мәселенің әрдайым шешімі бола алмайды.
Бұл жағдайда лизинг өте қолайлы, оны ресімдеу оңай және кепілді талап етпейді. Бұл – автокөлік пен арнайы техниканы кейіннен сатып алу құқығымен ұзақ мерзімге жалға алу тәсілі. Ай сайын лизингтік төлемдер төленеді, шарт мерзімінің соңында жылжымалы мүлікті лизинг берушіге қайтаруға немесе қалдық құны бойынша сатып алуға болады.
Лизингтің артықшылықтары
Егер бизнесті жаңартуға немесе кеңейтуге, техниканы бірнеше жыл бойы пайдалануға қажеттілік болса немесе жұмыс маусымдық бизнеспен байланысты болса, лизинг – қолайлы шешім. Мысалы, ауыл шаруашылығында немесе жол-құрылыс жұмыстарында.
Лизинг салық салынатын негізді азайтуға мүмкіндік береді, өйткені лизингтік шарт бойынша барлық төлем өзіндік құнға қосылады, нәтижесінде пайдаға салынатын салық төмендейді.
Талаптары
- Сыйақы мөлшерлемесі – 5%-дан бастап (ЖТСМ – жылдық 19,8%-дан бастап),
- Лизинг мерзімі – 37 айдан 84 айға дейін
- Қарыздың ең көп сомасы – 500 млн теңгеге дейін
- Бастапқы жарна 20%-дан басталады
Кәсіпкер ескірген техниканы сатып, лизинг шарты бойынша бастапқы жарнаны енгізген соң, жаңартылған автопаркті немесе арнайы техниканы ала алады. Жеңілдікті қаржы лизингі бағдарламасына қатысу арқылы сіз пайыздық мөлшерлемені субсидиялау* түрінде мемлекеттік қолдауға ие боласыз.
Қаржы лизингінің шарттары туралы толығырақ мына сілтеме бойынша білуге болады: https://damu.kz/ru/programmi/loans/damu-lizing/
Сілтеме бойынша өтіп, өтінімді онлайн жіберуге болады.
ҚНРДА 03.02.2020 жылы берген № 1.2.25/195/34 лицензия
*Субсидиялау – кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды болашақта орындаудың орнына кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны.
2023 жылғы 1-31 желтоқсан аралығында BCC.KZ мобильді қосымшасында 1 000 000 теңге немесе одан жоғары сомаға қолма-қол ақшамен берілетін онлайн-кредит ресімдегендердің барлығы iPhone 15 Pro флагмандық смартфонының ұтыс ойынына қатысады.
Бір ғана ақжолтай жеңімпаз болады!
2024 жылғы 15 қаңтарда біз жеңімпазды кездейсоқ сандар генераторының көмегімен @centercreditkz Instagram парақшасында тікелей эфирде анықтаймыз.
ЦентрКредит Банкінің мобильді қосымшасының ыңғайлы функционалы арқасында сіз өз шотыңызға 7 000 000 теңгеге дейін жылдам ақша алып, жоспарларыңызды жүзеге асырасыз әрі жүлде ұтысына қатыса аласыз.
Өзіңізге мерекелік көңіл-күй сыйлаңыз!
Толығырақ
2023 жылғы 28 қарашада Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақстан ұлттық техникалық зерттеу университетінде (Satbayev University) ЦентрКредит Банкінің және Автоматика институтының қолдауымен ақпараттық қауіпсіздік бойынша Satbayev University Capture The Flag (SUCTF) 2023 жарысы өтті. Алматы және Астана қалаларының 7 жоғары білім беру мекемесінен 30 команда мен 120 студент киберқауіпсіздік бойынша өз дағдыларын көрсетіп, жүлделі орындар үшін күресті.
«SUCTF-2023-Red-Line» – Қазақстандағы киберқауіпсіздік бойынша мамандардың этикалық қоғамын дамытуға бағытталған шығармашылық алаң. Іс-шара студенттерге қауіпсіздіктің осал тұстарына жасалған шабуыл объектісін талдау және оларды нақты режимде шабуылдарды имитациялау үшін пайдалануда өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар қатысушылардың тәжірибесін байыта отырып, ақпараттық қауіпсіздік бойынша шақырылған сарапшылардың баяндамаларын қамтыды.
Турнир аясында үздік әйелдер командасы үшін 100 000 теңге көлеміндегі «Techno Woman» жүлдесін Totally Spies тобы алды. Сондай-ақ 1 500 000 теңге көлемінде жүлде қоры ұсынылып, оны бес команданың қатысушылары бөлісті:
1-орын: FR13NDS Team
2-орын: Em1x
3-орын: Space
4-орын: RedNet
5-орын: Cthulhu
ЦентрКредит Банкі ақпараттық қауіпсіздік саласында білім беру мен дамуды қолдауға деген ұмтылысын атап өтіп, іс-шараның демеушісі және бірлескен ұйымдастырушысы болды.
«Киберқауіпсіздік – біздің еліміз үшін маңызды бағыт және бүгінде студенттер киберкеңістікте қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болашақ мамандар ретінде шешуші рөл атқарады. Ақпараттық қауіпсіздікті дамыта отырып, біз бұл саланың үнемі өзгеріп отыратынын, бізден жаңа білім мен тәсілдерді талап ететінін көріп отырмыз. Студенттердің «SUCTF-2023-Red-Line» сияқты іс-шараларға қатысуы олардың кәсіби өсуіне ықпал ететін құнды тәжірибеге айналады. ЦентрКредит Банкі жастардың білім беру саласындағы бастамаларын белсенді түрде қолдайды және осы жолды жалғастыруға ниетті. Біз талантты балаларға тағылымдамадан өту мүмкіндігін ұсынуға дайынбыз және оларды командамызда көруге әрқашан қуаныштымыз», – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының атқарушы директоры Артем Туленов
Құрметті клиенттер!
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 2023 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютамен жаңадан тартылған «Чемпион» және «Икемді» (ЭЦБ-ден көшірілген) депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне өзгерістердің енгізілгені туралы хабарлайды.
В Алматы 2-3 декабря пройдет грандиозный фестиваль фантастики, фэнтези, поп-культуры, комиксов и игр Almaty Geek Games Expo. Наш банк стал генеральным спонсором масштабного события в Центральной Азии. Это место встречи авторов, издателей, разработчиков, актёров, режиссёров, иллюстраторов и творческих людей.
Благодаря поддержке Банка ЦентрКредит детям до 8 лет вход на фестиваль будет бесплатным.
Купив билеты с помощью карт Visa #картакарта и #juniorbank, вы получите приятную скидку и автоматически станете участником розыгрыша суперпризов! На фестивале разыграют два iPhone 14 Pro, два MacBook Air, два комплекта AirPods Max, 42 футболки и толстовки, а также 42 рюкзака и брендированные бутылки.
Almaty Geek Games Expo (AGGE) — это два дня насыщенной программы для взрослых и детей разного возраста. Участников фестиваля ждут тематические выставки, сценические шоу, мастер-классы, презентации и творческие встречи с участием приглашённых гостей.
В этом году на фестивале выступят известные хэдлайнеры — Мэтт Райан (он воплощал образ Джона Константина в популярных сериалах DC Comic), Кристиан Нэйрн (незаменимый Ходор из «Игры Престолов») и Сергей Цырульников (казахстанский супергерой и рекордсмен Книги рекордов Гиннеса).
Также вас ждут турниры по UFC 5, Counter Strike и PUBG, яркие косплеи, диджейские сеты и многое другое. Ожидается более 30 000 участников ComicCon-фестиваля.
Не пропустите!

Алматыда 25 қарашада Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) 2-4 курс студенттері арасында "Кейс-чемпионат 2023" өтті. Іс-шара қаржы саласындағы нақты бизнес-міндеттерді практикалық жұмыс түрінде өткізіп, онда студенттер талдаумен айналысып, кейстердің шешімдерін ұсынды. Бір күнде қатысушылар қаржы және IT салаларына терең үңіліп қана қоймай, компанияларда кездесетін мәселелерді шешуде құнды тәжірибе алды. Жұмыс берушілер үшін бұл әлеуетті қызметкерлерді анықтауға мүмкіндік болды. ЦентрКредит Банкі студенттердің қаржы және ақпараттық технологиялар саласындағы кәсібилігін дамытуға қолдау көрсетіп, демеушілік жасады
Чемпионаттың жүлде қоры 1 500 000 теңгені құрады, оны келесі үш жеңімпаз команда бөліп алды:
- бірінші орынды, яғни 700 000 теңгені университеттерге арналған арнайы инновациялық банктік сервистерді әзірлеу идеясы үшін TechSpirits командасы иеленді. Олардың концепциясы студенттердің қаржылық есебін жақсартуға және білім беру үшін стипендия төлеу процестерін оңтайландыруға бағытталған;
- екінші орын мобильді қосымшаларды, онлайн-банкинг құралдарын және клиенттерге қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған деректерді талдау әдістерін қоса алғанда, банктік қызметтерді жақсарту үшін заманауи шешімдер жасау идеясы үшін 500 000 теңге алған Thrawn командасына бұйырды;
- үшінші орынды Case Aces командасы иеленді, олар мобильді қосымшалар арқылы банктік қызметтерді жақсарту және операциялардың тиімділігі мен клиенттерге қызмет көрсетуді арттыруға арналған заманауи шешімдерді әзірлегені үшін 300 000 теңге алды.
Қатысушылардың еңбегін лайықты бағалау ретінде берілген марапаттар олардың кәсіби тұрғыдан одан әрі дамуға ынталандырып қана қоймай, одан бөлек студенттер үшін практикалық тәжірибенің маңызды екенін көрсетеді. Бұл чемпионат нақты бизнес-міндеттерді шешуге дайын болашақ мамандарды шығаруға таптырмас қадам болды. Осы қатысушылар болашақта жұмыс берушілерге де құнды кадр болады деп білеміз.
Құрметті клиенттер!
04.12.2023 жылдан бастап «Western Union» жүйесі бойынша ақша аудару тарифтерінің өзгергенін хабарлаймыз. Енді сіз ақшаны Қазақстан Республикасынан келесі бағыттарға бұрынғыдан да тиімді тарифпен жібере аласыз:
- Қытайға қазақстандық теңгемен;
- ТМД елдеріне қазақстандық теңгемен;
- Алыс шетелге қазақстандық теңгемен;
- Еуропаға АҚШ долларымен және қазақстандық теңгемен;
- Оңтүстік Кореяға АҚШ долларымен және қазақстандық теңгемен.
Аударымды BCC.KZ мобильді қосымшасы арқылы жіберуге болады немесе «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың кез келген бөлімшесіне хабарласыңыз.
Кредитке машина алуды жоспарлап жүргендерге арналған керемет жаңалық: 2023 жылғы 24 қарашадан бастап Hyundai i20 және i30 модельдері үшін біз бастапқы жарнасыз автокредит береміз!
Кредиттің ең ұзақ мерзімі – 7 жыл, сомасы – 45 000 000 теңгеге дейін.
Мөлшерлеме:
▫Бастапқы жарнасыз – 24,6%-дан бастап (ЖТСМ 27,56%-дан бастап)
▫Бастапқы жарнамен – 21%-дан (ЖТСМ 23,12%-дан бастап)
Кез келген Hyundai ресми дилерлік орталығында толығырақ білуге және өтінім беруге болады.
Қазақстан қор биржасы (KASE) "Қаржы нарықтарын трансформациялаудағы биржалардың рөлі" халықаралық биржалық форумын өткізді.
Форум аясында серіктестерді, листингілік компанияларды және KASE мүшелерін, сондай-ақ БАҚ өкілдерін, Қазақстанның қор нарығын дамытуға елеулі үлес қосқан қаржы секторының сарапшылары мен жетекші мамандарын марапаттау рәсімі өтті.
ЦентрКредит Банкі бірден төрт марапатқа ие болды:
- Валюта нарығын дамытуға қосқан үлесі үші
- Бөлшек инвесторлар нарығын дамыту үшін
- Акциялар нарығының көшбасшысы
- Облигациялар нарығының көшбасшысы
Форум Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" ЗТБ (ҚҚҚ) бірлесіп өткізілді.
KASE 30 жылдық мерейтойына орайластырылған халықаралық биржалық форумда қаржы нарықтарын дамытудың әлемдік үрдістері, реттеушілік өзгерістер және олардың бизнес-ортаға әсері; өтімділікті арттыру, жергілікті және шетелдік инвесторлар үшін тартымды жағдайлар жасау саласындағы дамушы нарықтар үшін сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер; қаржы өнімдері нарығының ландшафтына цифрлық инновациялардың революциялық әсері талқыланды. қызмет көрсету; жаһандық ESG күн тәртібін іске асырудағы қаржы нарығының маңызды рөлі.
Цифрлық теңге – бұл Қазақстандағы жаңа ақша нысаны, оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі эмиссиялайтын болады. Цифрлық теңге қолма-қол немесе қолма-қолсыз ақшаны ауыстыруға арналмаған, қатар пайдаланылатын болады. Цифрлық валютамен интернет-эквайринг, мобильді қосымшалар, POS-терминалдар арқылы және тіпті интернет желісіне тұрақты қолжетімділік жоқ жерлерде де қолма-қолсыз қаражатпен төлегендей төлей беруге болады.
Банк ЦентрКредит Visa төлем жүйесімен және Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясымен бірге цифрлық теңгені пайдалана отырып, қаржылық операцияларды әзірлеу және тестілеу бойынша бірінші кезеңді сәтті аяқтады. Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі кезінде жобаның ағымдағы нәтижелерінің таныстырылымы өтіп, цифрлық валюта арқылы алғашқы төлемдер жүргізілді.
Руслан Владимиров, Банк ЦентрКредиттің президенті:
— Цифрлық валюта қаржы нарығына қатысушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге және көптеген жаңа сервистерді іске қосуға ықпал ететін болады. Біздің банк осы жобаның алғашқы серіктестерінің бірі болды және болжам мен әзірлемеден бастап алғашқы төлемдерді табысты тестілеуге дейінгі жолдан өтті. Бүгінгі таңда банк түпкілікті пайдаланушылар үшін өнімдер мен сервистерді өнеркәсіптік пайдалануға беруге дайын. Мысалы, цифрлық теңгемен жалақы алу үшін дебеттік карталарды шығару.
Вера Платонова, Украина, Грузия, ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі Visa вице-президенті және өңірлік менеджері:
— Цифрлық теңгеге тіркелген картаны шығару Қазақстан Республикасындағы инновациялар мен цифрлық төлемдердің сенімділігін қамтамасыз етуге көмектесу үшін мемлекеттік және жеке сектордың бірге жұмыс істеуді жалғастырып келе жатқанын көрсетеді. Біз цифрлық валюта ақша қозғалысының болашағына әсер етуі мүмкін деп есептейміз. Қаржылық экожүйеге қатысушылар осы технологиялық прогрестен пайда алып, Visa ұсынатын артықшылықтарды пайдалана алатынына сенімдімін. Мен Қазақстандағы цифрлық төлемдердің болашағын алға жылжытуға көмектесуге ұмтылатын Банк ЦентрКредитіне ынтымақтастығы үшін алғысымды білдіремін.
Цифрлық нысан ақша массасын неғұрлым тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Қазақстандықтар мемлекеттен тиесілі төлемдерді (зейнетақылар, стипендиялар, әлеуметтік жәрдемақылар және т.б.) тікелей және барынша жылдам ала алады, банк оларды ешқандай өзгерістер мен шектеулерді сезінбей-ақ, осы ақшаны әдеттегідей пайдалану мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.
Цифрлық валютаны пайдаланудың үлкен артықшылығы үнемдеу болып табылады. Цифрлық теңгені енгізу делдалдар санын қысқарту арқылы транзакция құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл ақша аударуда үнемдеу және эквайринг бойынша комиссияны төмендету болып табылады. Тиісінше төлем айналымына қатысушылар арзан, тез әрі қауіпсіз төлемдерге қол жеткізе алады.
Алдағы уақытта интернет болмаған кезде де төлем жасауға мүмкіндік пайда болады. Бұл еліміздің өңірлері арасындағы цифрлық алшақтықты еңсеруге септігін тигізетіні және қолма-қол ақшасыз төлемге көшуге ықпал ететіні сөзсіз.
ҚНРДА 03.02.2020 жылы берген № 1.2.25/195/34 лицензия.
Сіз бағалаңыз, біз сыйлық береміз!
2023 жылдың 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында бөлімшеге барып, Банктің кызмет көрсетуін бағалаңыз және «Банкке баға беріңіз – Сіздің даусыңыз біз үшін маңызды» акциясының қатысушысы атаныңыз!
Не істеу керек?
Бөлімшеде қызмет көрсетілгеннен кейін келген SMS-хабарламадағы сілтеме бойынша өтіп, өз бағаңызды қойыңыз.
Брендтелген сыйлықтар Жеке тұлғалар арасында 20 жеңімпазға және Бизнес клиенттер арасында 10 жеңімпазға бұйырады.
1. Жолдорба - 10 жеңімпаз;
2. Термосаптыаяқ - 5 жеңімпаз;
3. Термос - 5 жеңімпаз;
4. Ауа ылғалдандырғыш - 5 жеңімпаз;
5. Үстел сағаттары - 5 жеңімпаз.
Жеңімпаздарды @centercreditkz Instagram парақшамызда 2023 жылдың 25 желтоқсан күні тікелей эфирде кездейсоқ сандарды құру әдісімен анықтайтын боламыз.
Ерекше талаптар:
Егер Жеңімпаз Ұйымдастырушы бірінші қоңырау шалған сәттен бастап 48 сағат ішінде Ұйымдастырушының қоңырауларына жауап бермесе немесе Жүлдеден бас тартса, ұйымдастырушы резервтік жеңімпазбен байланысады.