E-mail: Pr@bcc.kz
Қуанышты жаңалықты хабарлаймыз: 2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап жеке кәсіпкерлерге жаңа тарифтік талап енгізіледі.
Бюджетке төленетін төлемдер — 0 теңге тарифі бойынша!
Енді сіз бюджетке төленетін барлық төлемді толығымен тегін жүргізіп, комиссияға жұмсайтын ақшаңызды үнемдеп, бизнесті бұрынғыдан да ыңғайлы ете аласыз.
- Жылдам
- Тиімді
- Сенімді
ЦентрКредит Банкін таңдағаныңызға рақмет!
Қатысу талаптары: акция кезеңінде ЦентрКредит Банкінің тендерлік кепілдігін шығарыңыз да, Таиландқа екі адамға арналған жолдама ұтыс ойынына қатысыңыз. Кепілдік неғұрлым көп болса, жеңіске жету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Кім қатыса алады: ЦентрКредит Банкінің тендерлік кепілдігін ресімдеген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер
Жүлде: Таиландқа екі адамға арналған жолдама, ұшу билеттері және 7 күн/6 түн 5* қонақүйде тұру, оның ішінде таңғы ас пен сақтандыру. Алматыдан/Астанадан ұшу.
Акция мерзімі: 2025 жылғы 1 қыркүйектен 31 қазанға дейін
10.09.2025 ж. бастап жеке тұлғалардың АҚШ долларымен ашылған ағымдағы шоттары бойынша жаңа тарифтер енгізіледі.
Ескі үлгідегі АҚШ долларын қабылдау үшін комиссия алынады.
5 АҚШ доллары – 2006 ж. дейін
10, 20, 50 АҚШ доллары – 2004 ж. дейін
100 АҚШ доллары – 2009 ж. дейін
Құрметті клиенттер!
1 қыркүйектен бастап 4433 нөмірі өшіріледі. Енді PIN-кодты bcc.kz қолданбасында немесе 505 нөміріне SMS жіберу арқылы өзгертуге болады.
PIN-кодты орнату немесе өзгерту үшін келесі тәсілдердің бірін пайдаланыңыз:
- bcc.kz мобильді қолданбасында: «Әрекеттер» → «Картаны теңшеу» → «PIN-кодты өзгерту».
- 505 қысқа нөміріне SMS жіберу арқылы: PIN (немесе epin) + карта нөмірінің соңғы 4 цифры.
Қаржыңызды еш қиындықсыз басқаруыңыз үшін біз сервисті үнемі жетілдіріп отырамыз.
Ерекше акция! iSpace дүкендер желісінде Visa Business, Visa Platinum Business, Visa Signature Business, Visa Corporate T&E карталарымен төлем жасаған кезде, Apple өнімдерін сатып алуға және жөндеуде 10% жеңілдік беріледі.
Талаптар:
- Құрылғылар мен қызметтерді сатып алған кездегі ең жоғары сома — 2 500 000 ₸
- Бірреттік сатып алған кездегі ең жоғары жеңілдік сомасы — 250 000 ₸
Ұсыныс 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін жарамды.
31 қазанға дейін әлемдегі ең ірі маркетплейстердің бірі – Pinduoduo қолданбасында #DragonCard және #GoldCard карталары арқылы жеңілдікпен ең көп дегенде 10 сауда жасап үлгеріңіз.
- 50 юаньнен басталатын тапсырыстарға 3 юань жеңілдік.
- 100 юаньнен басталатын тапсырыстарға 10 юань жеңілдік.
Ұсыныс шектеулі – акция ертерек аяқталуы мүмкін.
23 тамыз күні сағат 03:00-ден 04:50-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты bcc.kz және bcc business қосымшалары, сондай-ақ банкоматтар мен терминалдар арқылы жасалатын операциялар уақытша қолжетімсіз болады.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.
2025 жылғы қыркүйектен бастап премиум қызмет көрсету критерийлерін жаңартамыз.
Ай сайын әр айдың 10-шы күніне дейін келесі талаптардың біріне сәйкес мәртебе тағайындалады:
Premium | Private |
немесе
|
немесе
|
Қосымша ақпарат алу үшін дербес менеджеріңізге немесе 303 премиум қолдау желісіне хабарласа аласыз.
Смарт жанармай құю — отын шығынын оңтайландыру және бизнес тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген, ЦентрКредит Банкі мен SMART GAS GLOBAL LTD компаниясының бірлескен тегін жобасы.
Смарт жанармай құю сервисінің артықшылықтары:
- Жанармай шығынын толық бақылау — егжей-тегжейлі аналитика.
- Бухгалтерлердің уақытын үнемдеу: автоматты есептер мен ҚҚС-ны өтеуге арналған құжаттар.
- Еліміздегі барлық ірі АЖҚБ-да жанармайды ешқандай кезексіз және жылдам құю.
- Алдын ала төлемсіз төлеу — қаражат компанияның ағымдағы шотынан есептен шығарылады.
Сервис толығымен тегін және оны ЦентрКредит Банкінің кез келген бизнес-картасы арқылы қолдануға болады.
Толығырақ: https://www.bcc.kz/kz/business/smart-fuel/
2025 жылғы 11 тамыз бен 11 қараша аралығында 500 мыңнан бастап 1 млн теңгеге дейінгі сомада салым ашқан жаңа бизнес-клиенттерге/салымшыларға* арналған акцияның басталғаны туралы хабарлаймыз.
Талаптары:
Акция өткізілетін кезеңде салым ашқан жаңа клиенттерге/салымшыларға:
«Мерзімді» салымдарын 3 айдан бастап 6 айға дейінгі мерзімге ашқан кезде стандарт мөлшерлемеге +2,0% беріледі.
Акция тек теңгемен ашылатын салымдарға қатысты қолданылады.
Маңызды: Пакет бойынша үстеме акция бойынша үстемеге қосылмайды.
*Алғаш рет салым орналастыратын және соңғы 12 айда салым орналастырмаған клиенттер жаңа салымшылар деп танылады.
Мемлекеттік «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында арнайы шот ашып, балаңыздың біліміне арналған мемлекеттік қаражатты алыңыз:
- Қазақстанда білім алу ақысын төлеу.
- Шетелде білім алу ақысын төлеу.
- AQYL білім беру салымын толықтыру.
Бұл төлемдерге 2006 жылы және одан кейін туған барлық Қазақстан азаматы құқылы. Қаражатты балаңыз 18 жасқа толғаннан кейін пайдалануға болады.
bcc.kz мобильді қолданбасында арнайы шотты оңай ашып, балаңыздың біліміне арналған қаражатты алыңыз.
Білім алуға жинаған қаражатыңызды қорғап, көбейту үшін ЦентрКредит Банкінде өз атыңызға немесе балаңыздың атына AQYL білім беру салымын ашыңыз.
Жиналған қаражатты кәсіби-техникалық және жоғары білім алуға жұмсауға болады – қаражат сенімді түрде қорғалады және оны банк Қазақстандағы немесе шетелдегі оқу орнының шотына аударады.
Мемлекеттік сыйлықақы есептеледі
«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында алынған қаражат есебінен толықтыру мүмкіндігі
«Келешек» бағдарламасы аясында бастапқы білім беру капиталына ие болу мүмкіндігі
ББК 2025 жылы және одан кейін 5 жасқа толған балаларға төленеді. ББК-ны сақтау үшін оны шотқа түскен күннен бастап жыл сайын толықтырып отыру қажет: жыл сайынғы ең төменгі жарна – 12-24 АЕК.
Мемлекет кепілдігі – тиімді пайыз:
Жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы 5-7%
Оған қоса банк сыйақысы
Оқу орнының шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы қаражаттың бір бөлігін алуға болады
AQYL білім беру салымын Қазақстан азаматтары bcc.kz мобильді қолданбасы арқылы онлайн аша алады, бұл – балаларыңыздың болашағына тиімді инвестиция салуға тамаша мүмкіндік.
Толығырақ біздің сайтымыздан біле аласыз: AQYL білім беру салымы
20.08.2025 ж. жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша рубльмен жүргізілетін кассалық операциялар үшін жаңа тарифтер қолданысқа енді.
Тарифтер туралы толық ақпаратты 505 нөмірі бойынша немесе сайтымыздан ала аласыз: https://www.bcc.kz/kz/personal/tariffs/
2025 жылғы 1-31 шілде аралығында сақтандырумен бірге кепілсіз кредит ресімдеген клиенттер арасында жолдама ұтысқа тігілген акция өтті. Енді жақсы жаңалығымыз бар: акция жалғасады!
1-31 тамыз аралығында өмірді сақтандырумен бірге қолма-қол ақшамен берілетін кредит немесе қайта қаржыландыру ресімдеп, қосымша саяхат сертификаттары ұтыс ойынына қатысыңыз.
Біз әрқайсысы 1 000 000 ₸ сомасында тағы 3 жолдама қостық. Жаңа ұтыс ойынының қорытындысы 23 қыркүйекте @centercreditkz Instagram-парақшасындағы тікелей эфирде жарияланады.
Қатысып үлгеріңіз — тамыз айында сақтандырумен бірге кредит ресімдеп, армандаған саяхатыңызды ұтып алыңыз!
Маңызды:
Жолдама ұтып алған клиенттер 23 қыркүйектегі ұтыс ойынына қатыспайды.
Шілде айында ресімделген қарыздары бар қатысушылар да қыркүйектегі ұтыс ойынына қатыспайды.
Бизнесіңізге арналған FX-платформаның кеңейтілген мүмкіндіктері.
ЦентрКредит Банкі бизнес-клиенттерге арналған FX-платформаның жұмыс уақытын ұзартты: енді кейбір валюта жұптары бойынша операцияларды жұмыс күндері сағат 21:00-ге дейін жүргізуге болады. Бұл – келесі негізгі валюта жұптары бойынша мәміле жасауға көбірек уақыт пен мүмкіндіктің болуы:
EUR/USD, USD/RUB, GBP/USD, EUR/GBP, EUR/RUB, GBP/RUB, USD/CNY, USD/AED, CNY/RUB, AED/RUB.
Сонымен қатар ақша айырбастау процесі бойынша 24 валюта жұбынан тұратын кеңейтілген желі ұсынылатынын есіңізге саламыз, бұл ақшаны жедел айырбастауға, серіктестермен есеп айырысуды нақты теңшеуге және валюта тәуекелдерін тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
ЦентрКредит Банкі ұсынған FX-платформаның артықшылықтары:
- BCC Business қолданбасының виджеті мен авторизациядан өтпеген аймағы арқылы тиімді бағамдарға қол жеткізу
- BCC Business қолданбасымен интеграция — мәміле небәрі бірнеше батырманы басу арқылы жасалады
- Сіздің кестеңіз бен міндеттеріңізге сай ұзартылған жұмыс уақыты
Көбірек валюта. Көбірек уақыт. Көбірек бақылау.
ЦентрКредит Банкінің FX-платформасы — белсенді бизнеске арналған заманауи құрал.
31 шілде күні сағат 02:00-04:00 аралығында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Осыған байланысты банкомат арқылы операция жүргізу 20 минут бойы мүмкін болмайды.
Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.
30 шілде күні сағат 02:00-03:00 аралығында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты банкомат арқылы операция жүргізу 20 минут бойы мүмкін болмайды.
Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.
Демалысыңызды табиғат аясында өткізгіңіз келе ме? Aqbulaq эко-қонақүйінде тұру ақысын Mastercard картасымен төлеңіз де, 10% жеңілдік алыңыз.
Маңызды: ұсыныс тек тұру ақысына қатысты қолданылады және басқа акциялармен қосылмайды.
📅 Ұсыныс 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жарамды
Visit Almaty бейілділік клубының мүшесі
Алматының ғажайып көрінісімен биіктікте әсерлі кешкі ас!
Sunqar мейрамханасында #BlackEdition премиум картасымен төлеңіз де, 10% жеңілдік алыңыз.
Шыны кубтағы ерекше үстелді брондасаңыз, жалға алу құнын Mastercard төлейді.
📍 Сұңқар трамплині, Алматы
📅 Ұсыныс 2025 жылғы 31 тамызға дейін жарамды
Visit Almaty бейілділік клубының мүшесі
Демалыс пен өзіңізге қамқорлық көрсету атмосферасына бөленіңіз — Alatau Wellness Center мен Pürovel Spa & Sport орталықтарында сауықтыру бағдарламалары мен күндізгі баруға 10% жеңілдік алыңыз.
Жай ғана брондап, #BlackEdition премиум картасымен төлем жасаңыз:
📞 +7 701 346 0214 (Alatau Wellness Center)
📞 +7 701 346 0216 (Pürovel Spa & Sport)
Ұсыныс 2026 жылғы 30 сәуірге дейін жарамды.
26 шілде күні сағат 04:00-ден 04:45-ке дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты bcc.kz және bcc business қосымшалары, сондай-ақ банкоматтар мен терминалдар арқылы жасалатын операциялар уақытша қолжетімсіз болады.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.
Сіздің қаржылық қауіпсіздігіңіз үшін қосымша қорғаныс шарасын енгіздік:
Енді ЖСН бойынша АТМ-ге қолма-қол ақша салған кезде, қосымша мына деректерді енгізу қажет:
- карта бойынша жүргізілетін операциялар үшін – толықтырылатын картаның соңғы 4 цифр;
- ағымдағы шоттар мен депозиттер бойынша жүргізілетін операциялар үшін – толықтырылатын шоттың соңғы 4 цифр
Карта немесе шот нөмірін әрқашан банктің мобильді қолданбасынан көруге болады.
Бұл қосымша қауіпсіздік деңгейі конфиденциалды ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуге жол бермейді, клиентті дәлірек сәйкестендіруге мүмкіндік береді және кездейсоқ немесе қате толықтырудың алдын алады.
#картакарта кредит картасы енді жаңа кейіпте — қазақ халқының тарихы мен мәдениетінен шабыт алған ерекше дизайнда ұсынылады.
Найман, Арғын, Алшын және басқа да қазақ руларының таңбалары бейнеленген #картакарта үлгілерін bcc.kz мобильді қолданбасынан таңдаңыз.
Картаның дизайнын қалай өзгертуге болады?
* Картаны Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay немесе Garmin Pay жүйесіне қосыңыз
* bcc.kz қолданбасына кіріңіз
* #картакартаны таңдаңыз
* Жоғарғы оң жақ бұрыштағы қылқалам белгішесін басыңыз
*«Картаның дизайнын өзгерту» тармағын таңдаңыз
*Жаңа патриоттық топтамадан ұнаған дизайнды таңдаңыз
#картакарта — бұл:
* кез келген мақсатқа пайдалануға болатын 7 000 000 ₸ дейінгі кредит лимиті
* 55 күнге дейін жеңілдікті кезең
* серіктестерде 20%-ға дейін, ал сүйікті санаттарда 10%-ға дейін кешбэк
* bcc club серіктестері болатын сүйікті дүкендер мен сервистерде бөліп төлеу мүмкіндігі