E-mail: Pr@bcc.kz
Банк ЦентрКредит қаржы қызметін тұтынушылардың өтініштерін қарау тетіктерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құрған FinOtinish цифрлық платформасымен жұмысын бастады.
Платформаға қосылу Банктің клиентке бағдарланған сервисті дамыту және клиенттермен өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыру бағытындағы кезекті қадамы болды.
Жаңа цифрлық құрал қаржылық қызметтерді тұтынушыларға Банкке бірыңғай электронды арна арқылы өтініш жолдауға, сондай-ақ олардың қаралу барысы мен нәтижелерін онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді.
FinOtinish қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға арналған бірыңғай цифрлық арнаны ұсынады.
FinOtinish цифрлық платформасы арқылы қаржы қызметтерін тұтынушылар (жеке тұлғалар) өз құқықтарының бұзылуына, Банктің әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен келіспеуіне, сондай-ақ қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынуға байланысты шағымдары бойынша Банкке өтініш жолдай алады.
Платформа арқылы жолданған өтініштің мәртебесі мен оны қарау мерзімдерін онлайн режимінде бақылауға болады. Келіп түскен өтініш автоматты түрде Банкке жіберіледі.
Өтініштерді жолдау сілтемесі: https://finotinish.kz/.
Мәселе Банк деңгейінде реттелмеген жағдайда, платформа қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес банк омбудсманына жүгіну мүмкіндігін қарастырады. FinOtinish платформасын пайдалану тегін және оны пайдалану тұтынушының өз еркіне байланысты. Сонымен қатар, платформаға қосылу қаржы қызметтерін тұтынушылардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада көзделген өзге де тәсілдерін пайдалану құқығын шектемейді.
Өнімдер мен қызметтер бойынша кеңес алу, қызмет көрсету шарттарын білу немесе басқа да анықтамалық ақпарат алу үшін клиенттер Банктің келесі байланыс арналарына хабарласа алады:
Банктің байланыс орталығы:
Қазақстан Республикасы аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.
жеке тұлғалар үшін — 505;
Банктің мессенджерлері: WhatsApp және Telegram
(мессенджерлер арқылы қоңырау қабылданбайды)
жеке тұлғалар үшін — 8 (747) 111-15-05.
Банктің ресми сайтындағы чат.
ЦентрКредит Банкі Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 06.03.2018 жылы сағат 00-00-ден 01-00-ге дейін банк құрылғылары жұмыс істемейтіндігін хабарлайды.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар: Алматы +7 727 244 77 77, 505
Құрметті клиенттері!
Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 23.02.2018 жылы Астана уақытымен сағат 04:00-ден 05:00-ге дейін төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлаймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөміріне хабарласа аласыздар: Алматы 7 727 244 77 77
"Банк ЦентрКредит" АҚ 2018 жылғы 13 ақпаннан бастап "Қазинвестбанк" АҚ салымшыларының кепілдік берілген депозиттері бойынша жеке тұлға депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеу туралы өтініштер қабылдауды бастайды.
Сізге Банкке келген кезде келесі құжаттарды беру қажет:
- белгіленген нысан бойынша кепілдік берілген өтемді төлеу туралы өтініш
- жеке тұлғаңызды куәландыратын құжат*
*Құжаттар тізбесі толық емес. Қажет болса, банк сіздің жағдайыңызға сәйкес қосымша құжаттарды талап ете алады.
Депозитор кепілдік берілген өтемді төлеу бойынша өзінің құқықтарын растайтын қажетті барлық құжаттарды берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банк депозиторға кепілдік берілген өтемді төлейді.
Өз қалауыңыз бойынша сіз төлемді қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз аласыз немесе біздің банкіміздің депозиттеріне орналастыра аласыз.
Интернет-төлемдердің саны жыл сайын артып келеді. Сондықтан интернет-дүкендерде жүргізілетін төлемдерді қорғау мәселесі бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Алайда сауда жасау ыңғайлылығы сіздің қаражатыңыздың қауіпсіздігімен тығыз байланысты болуы тиіс, сол себепті біз MasterCard және Maestro карталарын ұстаушылар үшін SecureCode жаңа сервисін ендіріп жатырмыз.
Бұл – осы технологияны қолдаушы интернет-дүкендерде тауар құнын төлеудің оңай әрі қауіпсіз тәсілі. Сәтті ендіру мен пайдаланушылардың мақұлдауының арқасында сервис кең өріс алып, қазір дүние жүзі бойынша 350 000-нан астам онлайн-дүкендерде пайдаланылады.
Төлемдерді қорғау құпия пароль арқылы қамтамасыз етіледі, ол сізге ғана белгілі болады және интернет-төлемдер жүргізген кезде пайдаланылады.
Жүйені қалай пайдалану қажет?
Сауда жасаған кезде сізге 3 оңай іс-әрекет жасау қажет:
- SecureCode сервисін қолдайтын интернет-дүкенде картаның деректемелерін енгізіңіз (Бағдарламаға қатысушылар өз сайттарында SecureCode логотипін орналастырады, ал транзакция жасаған кезде құпия кодты енгізуді ұсынады).
- Пароль көрсетілген SMS алыңыз да, оны арнайы ұяшыққа енгізіңіз. Есіңізде болсын, сіз парольді енгізуге 3 рет қана әрекет жасай аласыз!
- Төлемнің дұрыстығы расталған кезде, қауіпсіз транзакция аяқталады.
SecureCode сервисі қызметке қосылуды талап етпейді. Тіркелу және SecureCode паролін алу тегін және комиссиясыз жүргізіледі.
505 (тегін) немесе +7 (727) 244 77 77 нөмірі арқылы сервисті пайдалану мәселелері бойынша кеңес алуға, сондай-ақ телефон нөмірлерін актуализациялауға болады.
Банктің Қаскелең және Талдықорған қалаларындағы құрметті клиенттері!
Жоспарлы жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Қаскелең қ. №1 Қаржылық қызмет көрсету орталығы (Абылай хан көш., 197) және Талдықорған қ. Операциялық басқарма (Абылай хан көш., 185/189) сенбі күні (20.01.2018 ж.) жұмыс істемейді.
Құрметті клиенттер, "CashBack" жаңа карточкалық өнімінің іске қосылғаны туралы қуана хабарлаймыз.
CashBack – тауарды/қызметті төлем карточкасы арқылы сатып алған кезде, карточканы ұстаушыға қолма-қол ақшасыз жүргізілген операция сомасының бір бөлігін қайтару.
Енді 1 000 теңгеге және одан көп сомаға кез келген тауар сатып алғанда жұмсаған қаражатыңыздың 1%-на дейін тез арада қайтарып алуға мүмкіндігіңіз бар.
ЦентрКредит Банкінің CashBack есептеу артықшылықтары:
- Кез келген банктің POS-терминалынан немесе Интернет арқылы төлеу;
- Дебет картасын да, кредит картасын да пайдалану мүмкіндігі.
CashBack қызметі келесі карталар бойынша қолжетімді:
- MasterCard Gold – 0,8% есептеледі.
- MasterСard Gold Credit – 1% есептеледі.
CashBack қызметі келесі жағдайларда ұсынылмайды:
- Қолма-қол ақша алу;
- Айыппұлдар, салық төлемдерін, мемлекеттік қызметтер ақыларын, сот шығыстарын төлеу;
- Өз шоттары бойынша және үшінші тұлғаның шотына ақша аудару;
- Жеткізушілердің қызметтеріне Starbanking жүйесі және басқа арналар арқылы төлем жасау;
- Ақша айырбастау операциялары;
- Казинода және өзге ойын мекемелеріндегі мөлшерлемелер мен бәстесу құнын төлеу;
- Электрондық әмияндарды толықтыру;
- Жол чектерін, акцияларды және өзге бағалы қағаздарды, бағалы металдарды, лоторея билеттерін сатып алу;
- Банк комиссиясын төлеу.
CashBack сомасын есептеп, ағымдағы шотқа төлеу карточкалық операция жүргізілгеннен кейін лезде жүргізіледі.
CashBack жаңа картасын ашсаңыз, жасаған барлық саудаңыз бұрынғыдан да тиімді болады!
Құрметті клиенттер!
Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 10.12.2017 жылы Астана уақытымен сағат 03:00-ден 04:00-ге дейін "StarBanking" жүйесінің жұмыс істемейтінін және төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөміріне хабарласа аласыздар: Алматы 7 727 244 77 77
Құрметті клиенттер!
Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 08.12.2017 жылы Астана уақытымен сағат 03:00-ден 04:00-ге дейін «StarBanking» жүйесінің жұмыс істемейтінін және төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөміріне хабарласа аласыздар: Алматы 7 727 244 77 77
Құрметті клиенттер!
Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 22.11.2017 жылы Астана уақытымен сағат 03:00-ден 05:00-ге дейін төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөміріне хабарласа аласыздар: Алматы 7 727 244 77 77
Ресей Федерациясының аумағында клиенттерді алдап кету жағдайлары жиілеп кетті. Алаяқтар өздерін "Банк ЦентрКредит" АҚ-тың қызметкеріміз деп таныстырып, клиентке кепілсіз кредиттің мақұлданғанын, бірақ кредиттің қашықтан берілетініне байланысты ақша қаражатын аудару үшін алынатын комиссияны төлеу қажеттігін хабарлайды.
Назар аударыңыздар! "Банк ЦентрКредит" АҚ кредитті қашықтан ресімдемейді. Кредит Қазақстан Республикасының аумағында, клиенттің өзінің қатысуымен және оның жеке тұлғасын куәландыратын құжаты арқылы ғана ресімделеді.
Құрметті ЦентрКредит Банкінің Visa картасын ұстаушылар!
Интернет желісінде картамен төлем жасаған кезде қауіпсіздік деңгейін арттыратын 3D Secure технологиясымен жұмыс істейтін Visa International төлем жүйесінің Verified by Visa қауіпсіздік стандартының іске қосылғаны туралы қуана хабарлаймыз.
3D Secure дегеніміз не?
3D Secure технологиясы (ағылшын тілінен Three-Domain Secure) интернет желісінде картамен төлем жасаған кезде оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи технология болып табылады. Интернет арқылы төлем жасаған кезде мобильді телефонға SMS-хабарлама түрінде жіберілетін арнайы бірреттік 3D Secure паролі карточканың иесін сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
3D Secure қалай жұмыс істейді?
1-қадам. Сатып алу 3D Secure технологиясымен жұмыс істейтін (сайтта Verified by Visa белгісі бар) интернет-дүкендерде сауда жасаңыз.
2-қадам. Пароль көрсетілген SMS алу
Интернет-дүкенде төлем жасау үшін қажетті деректерді енгізгеннен кейін SMS-хабарламамен телефоныңызға жіберілген бірреттік парольді енгізу үшін арнайы парақшаға өтіңіз.
3-қадам. Парольді енгізу
SMS-хабарламамен келген парольді арнайы жолға енгізіп (бар болғаны 3 мүмкіндік беріледі), төлемді растаңыз. Сәйкестендірудің сәтті өткені туралы Банктен растама алған жағдайда ғана Интернет-дүкен жасалған сауданың төлемін қабылдайды.
Картаны 3D Secure қызметіне қалай қосуға болады?
1. Төлем картасын ашқан кезде Банкте көрсеткен телефон нөміріңізге SMS-хабарлама жіберіледі.
2. Егер телефоныңызда SMS-хабарлама қызметі (карта бойынша жүргізілген операциялар туралы SMS-хабарлама) қосылған болса, онда нөмірді растау талап етілмейді.
3. Банктің тәулік бойы жұмыс істейтін авторизациялау орталығына 505 немесе + 7 (727) 244 77 77 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалып, қызметке қосылуға болады.
Қызметті қосу үшін алынатын комиссияның мөлшері қандай?
3D Secure қызметіне тіркелу және пароль алу Банкке бармай-ақ және комиссиясыз іске асырылады.
3D Secure технологиясымен жұмыс істемейтін интернет-дүкендерде сауда жасауға бола ма?
Егер интернет-дүкен 3-D Secure технологиясымен (интернет-дүкендердің сайтында Verified by Visa логотипі орналастырылмаған) жұмыс істемесе, интернет-дүкеннің сұрауы бойынша картаның деректерін көрсете отырып, төлем жасауға болады. Бұл кезде төлем 3D Secure технологиясымен қорғалмайды.
SMS-хабарламамен бірреттік пароль алмаған жағдайда не істеу керек?
505 немесе + 7 (727) 244 77 77 тегін телефон нөмірі бойынша Банктің тәулік бойы жұмыс істейтін авторизациялау орталығына қоңырау шалып, Банктің жүйесінде тіркелген мобильді нөміріңіздің өзектілігін тексертіңіз.
Құрметті клиент!
ЦентрКредит Банкі Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 05.11.2017 жылы сағат 02:50-ден 04:30-ға дейін StarBanking жүйесі жұмыс істемейтінін, сағат 01:45-тен 04:40-қа дейін "Интернет-Банкинг" жүйесі жұмыс істемейтінін, сағат 03:00-ден 04:20-ге дейін төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлайды.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар:
Алматы 7 727 244 77 77
Құрметті клиенттер!
Сіздерге "StarBanking" жүйесінің жаңа мүмкіндіктері туралы хабарлаймыз. Енді сіздер "Чемпион" және "Оңай шешім" депозиттерін, сонымен қатар ағымдағы шотты онлайн режимде аша аласыздар. Қызметті "StarBanking" жүйесінің web-нұсқасынан пайдалануға болады.
Депозитті қалай ашуға болады?
- StarBanking жүйесіне кіріңіз;
- "Шоттар, карталар" бөлімінде "Депозит ашу" батырмасын таңдаңыз;
- Өзіңізді қызықтырған салымды таңдаңыз (онлайн ашуға болатын қолжетімді депозиттер - "Чемпион" және "Оңай шешім");
- Салым валютасын (депозитті теңгемен, рубльмен, доллармен немесе еуромен ашуға болады), салым мерзімін, салым сомасын көрсетіңіз, ақша қаражаты алынатын шотты немесе салымды таңдаңыз;
- SMS арқылы жүргізілген операцияны растаңыз.
Ағымдағы шотты қалай ашу қажет?
- StarBanking жүйесіне кіріңіз;
- "Шоттар, карталар" бөлімінде "Ағымдағы шотты ашу" батырмасын таңдаңыз;
- Шоттың валютасын көрсетіңіз (шотты теңгемен, рубльмен, доллармен немесе еуромен ашуға болады);
- SMS арқылы жүргізілген операцияны растаңыз.
Депозитті ашқан тұлғаларға StarBanking жүйесінде картаңыз немесе ағымдағы шотыңыз арқылы өз депозиттеріңізді толықтыруға, есептелген пайыздарды тексеруге, олар бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты қарауға және т.б. әрекеттерді жасауға болатынын ескертеміз.
Құрметті клиенттер!
Енді сіздердің DirectBank тікелей құжат айналымын 1С:Кәсіпорын бағдарламасы арқылы пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар екенін қуана хабарлаймыз.
DirectBank тікелей құжат айналымы технологиясы "1С:Кәсіпорын" бағдарламалық өнімі арқылы келесі құжат алмасу мүмкіндіктерін ұсынады
- Төлем тапсырмаларын, зейнетақы, әлеуметтік және жалақы төлемдерін (қарапайым және тізіммен) 1С:Кәсіпорын бағдарламасынан импорттау және олардың негізінде Жүйеде құжаттар құру.
- "Интернет-Банкинг" жүйесінен клиенттің шоты бойынша үзінді көшірмені жүктеп, одан әрі 1С:Кәсіпорын бағдарламасына жіберу.
Қызмет туралы толық ақпаратты "1С" компаниясының ресми ресурстарынан немесе техникалық қолдау бөліміне төмендегі нөмірлер арқылы хабарласып біле аласыздар.
Мобильді телефоннан тегін - 505 (тілді таңдағаннан кейін 2 санын басу).
Алматы қаласы бойынша - 244-30-44.
"Интернет-банкинг" жүйесі бойынша жұмыс істеуге үйрететін бейнероликтер
Құрметті Клиент!
Сізге жоспар бойынша өткізілетін жұмыстарға байланысты 11.10.2017 жылы Астана уақытымен сағат 02:00-ден 05:30-ға дейін "StarBanking" жүйесінің жұмыс істемейтінін және төлем карталары бойынша барлық операциялардың жүргізілмейтінін хабарлаймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.
Сұрақтарыңыз болса, келесі телефон нөміріне хабарласа аласыздар: Алматы 7 727 244 77 77
Банкоматта картаңызды ұмытып кеттіңіз бе?
Сіздің Банкте негізгі байланысу нөмірі ретінде көрсеткен мобильді телефоныңыздың нөміріне "Сіз картаңызды банкоматта ұмытып кеттіңіз, өтінеміз, кейін қайтыңыз" деген sms-хабарлама келеді. Бұл хабарлама бір минут ішінде күшінде болады.
Бір минут ішінде PIN-кодты дұрыс енгізсеңіз, карта қайтарылады. Егер осы уақыт ішінде қайтып келмесеңіз немесе PIN-кодты қате енгізсеңіз, банкомат картаны алып қояды және экранда "Транзакция тоқтатылды" деген жазу шығады.
Бұл кезде Сіздің телефоныңызға: "Сіз картаңызды банкоматта ұмытып кеттіңіз. Банктің бөлімшесіне хабарласыңыз" деген sms- хабарлама жіберіледі.
Картаны қайтарып алу үшін банкоматтың экранында көрсетілген телефон нөмірлеріне немесе колл-орталықтың бірыңғай нөміріне (8 (727) 2443030) немесе 505 (мобильді телефоннан тегін) қоңырау шалып хабарласу қажет. Банкоматты инкассациялағаннан кейін карта Филиалдың ұмытып кеткен карталарды беру жөніндегі арнайы бөлімшесіне тапсырылады.