Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Баспасөз қызметі
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
FinOtinish цифрлық платформасы арқылы пилоттық жобаға қосылу

Банк ЦентрКредит қаржы қызметін тұтынушылардың өтініштерін қарау тетіктерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құрған FinOtinish цифрлық платформасымен жұмысын бастады.

Платформаға қосылу Банктің клиентке бағдарланған сервисті дамыту және клиенттермен өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыру бағытындағы кезекті қадамы болды.

Жаңа цифрлық құрал қаржылық қызметтерді тұтынушыларға Банкке бірыңғай электронды арна арқылы өтініш жолдауға, сондай-ақ олардың қаралу барысы мен нәтижелерін онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді.


FinOtinish қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға арналған бірыңғай цифрлық арнаны ұсынады.

FinOtinish цифрлық платформасы арқылы қаржы қызметтерін тұтынушылар (жеке тұлғалар) өз құқықтарының бұзылуына, Банктің әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен келіспеуіне, сондай-ақ қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынуға байланысты шағымдары бойынша Банкке өтініш жолдай алады.

Платформа арқылы жолданған өтініштің мәртебесі мен оны қарау мерзімдерін онлайн режимінде бақылауға болады. Келіп түскен өтініш автоматты түрде Банкке жіберіледі.

Өтініштерді жолдау сілтемесі: https://finotinish.kz/.

Мәселе Банк деңгейінде реттелмеген жағдайда, платформа қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес банк омбудсманына жүгіну мүмкіндігін қарастырады. FinOtinish платформасын пайдалану тегін және оны пайдалану тұтынушының өз еркіне байланысты. Сонымен қатар, платформаға қосылу қаржы қызметтерін тұтынушылардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада көзделген өзге де тәсілдерін пайдалану құқығын шектемейді.



Өнімдер мен қызметтер бойынша кеңес алу, қызмет көрсету шарттарын білу немесе басқа да анықтамалық ақпарат алу үшін клиенттер Банктің келесі байланыс арналарына хабарласа алады:


Банктің байланыс орталығы:

Қазақстан Республикасы аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

жеке тұлғалар үшін — 505;


Банктің мессенджерлері: WhatsApp және Telegram

(мессенджерлер арқылы қоңырау қабылданбайды)

жеке тұлғалар үшін — 8 (747) 111-15-05.

Банктің ресми сайтындағы чат.

Жаңалықтар
Онлайн-кредит беру ережелеріне енгізілген өзгеріс

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген «Банктер туралы» заңға енгізілген түзетудің күшіне енуіне байланысты:

  • 21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан клиенттерге қарыз міндетті түрде кредит алу туралы келісім берген жағдайда ғана ресімделеді.
  • Кредит тарихы жоқ клиенттер бойынша онлайн-кредиттің ең үлкен сомасы – 150 АЕК-ке дейін.
  • 150-255 АЕК аралығындағы сомадағы онлайн-кредиттер 8 сағатқа, ал 255 АЕК-тен жоғары сомадағы кредиттер 24 сағатқа уақытша бұғатталады.

Аталған өзгеріс банк филиалдарында ресімделетін кредиттерге қатысты емес.

Инвесторларға
Үшінші бағдарлама аясындағы облигациялардың бірінші шығарылымын өтеу (ISIN KZ2C00003424)

Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың үшінші облигациялық бағдарламасы шегінде облигациялардың бірінші шығарылымын (ISIN KZ2C00003424) өтеу туралы "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-тың хабарламасын (02.10.2025 жылғы № 23-25/11222) мәлімет ретінде қабылдағаны жөнінде хабарлайды.

Инвесторларға
Облигацияларды өтеу (KZ2C00003424, CCBNb28)

Банк ЦентрКредит» АҚ 2025 жылдың 29 қыркүйегінде облигацияларды шығару шарттарына сәйкес CCBNb28 (ISIN KZ2C00003424, «Негізгі» алаңы, "Облигациялар" санаты) облигациялардың соңғы 20-шы купондық сыйақысымен бірге өтелгенін хабарлайды.

Төленген негізгі борыш сомасы - 22 153 875 700,00 (жиырма екі миллиард жүз елу үш миллион сегіз жүз жетпіс бес мың жеті жүз) теңге 00 тиын, 20-шы купондық сыйақы сомасы 1 107 693 785,00 (бір миллиард жүз жеті миллион алты жүз тоқсан үш мың жеті жүз сексен бес) теңге 00 тиын.

Жаңалықтар
«Құмар ойындар» санатындағы операцияларға өзгеріс енгізілді

2025 жылғы 29 қыркүйектен бастап «құмар ойындар» санатындағы транзакцияларға шектеу енгізіледі. Бұл осы санаттағы кейбір операцияларды жүргізу мүмкін болмайтынын білдіреді.

Толығырақ ақпарат алу үшін 505 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласыңыз.

Техникалық жұмыстар
Жаңалықтар
2025 жылғы 24 қыркүйекте жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

24 қыркүйек күні сағат 00:30-02:30 аралығында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты «Оңай» және Avtobus қызметтерінің ақысын төлеу және толықтыру, bcc mall-да бөліп төлеу, КГТА коммуналдық төлемдері, сондай-ақ ATAIX: BYBIT әмиянын толықтыру мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі Банкаралық мобильді аударымдар жүйесіне қосылды

Біз Банкаралық мобильді аударымдар жүйесіне қосылдық. Енді клиенттер жүйеге қатысушы басқа банктердің клиенттерінен телефон нөмірі бойынша ақша аударып, қабылдай алады.

Ұлттық төлем корпорациясы әзірлеген Мобильді аударымдар жүйесі – Ұлттық қаржы инфрақұрылымының бір бөлігі. Бұл жылдам әрі қауіпсіз мобильді аударымдар үшін бірыңғай кеңістік қалыптастырады. Енді бірнеше секунд ішінде ақша аударуға болады.

Біздің банктен бөлек, жүйеге Freedom Bank, Bank RBK, Halyk Bank, Altyn Bank, Home Credit Bank Қазақстан және Forte Bank қосылған. Банктер арасындағы аударымдар саны тұрақты түрде өсіп, ал қатысушылар тізімі кеңейіп келеді.

Жаңалықтар
#BlackEdition: Яндекс Go арқылы ең жоғары пайда

Осы қыркүйекте әуежайға немесе әуежайдан сапарға жеңілдік, сондай-ақ наурыз айының соңына дейін тамаққа тапсырыс беруге 20% жеңілдік сыйлаймыз, ол үшін #BlackEdition картаңызды Яндекс Go-ға тіркеңіз.   

  1. 1. 31 наурызға дейін Алматы мен Астанада Яндекс Такси арқылы әуежайға немесе әуежайдан 2 сапарға 4000 ₸ жеңілдік. 

  1. 2. 2026 жылғы 31 наурызға дейін Яндекс тамақ жеткізу сервисінде үш тапсырысқа 20% жеңілдік. 

#BlackEdition картасы туралы толығырақ

Инвесторларға
БЦК 2025 жылдың 16 қыркүйегінде 100 млрд теңгелік облигациялар шығарылымын тіркеді

Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі РММ 2025 жылдың 16 қыркүйегінде көлемі 100 000 000 000 (Жүз миллиард) теңге құрайтын жеке орналастыруға тиіс облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүргізгенін туралы хабарлайды

Жаңалықтар
Benoit мейрамханасында 20%-ға дейін пайда

Benoit мейрамханасында #BlackEdition картасының иелері екі есе пайда — барлық мәзірге 10% жеңілдік және 10% кешбэк алады.

Ұсыныс 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды.

#BlackEdition картасы туралы толығырақ

Жаңалықтар
Qazaq Energy Charge: #BlackEdition картасының иелеріне 30% жеңілдік

Электрмобильді Qazaq Energy Charge станцияларында зарядтау тиімдірек!

Vlife қолданбасында Mastercard Green 200 kW абонементін таңдап, зарядтау ақысын #BlackEdition картасымен төлеңіз де, 30% жеңілдік алыңыз.

Ұсыныс 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін жарамды.

#BlackEdition картасы туралы толығырақ

Жаңалықтар
Mandarin Oriental қонақүйлерінде #BlackEdition картасымен төлеген кезде кешбэк беріледі

#BlackEdition картасының иелері mandarinoriental.com сайтында Лондон, Париж, Бостон, Макао және Милан қалаларындағы Mandarin Oriental қонақүйлерін брондаған кезде кешбэк алады.
Төлем жергілікті валютамен жасалуы қажет.

Ұсыныс 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды.
#BlackEdition картасы туралы толығырақ

Инвесторларға
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 11.09.2025 жылы Банктің Директорлар кеңесінің келесі шешімді қабылдағаны туралы хабарлайды:

1. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды шығару және орналастыру талаптарын бекіту туралы» Директорлар кеңесінің 18.08.2025 жылғы №0818/3 Қаулысының 2-тармағына енгізілетін өзгерістер (Қосымша) бекітілсін.

Техникалық жұмыстар
Жаңалықтар
2025 жылғы 15 қыркүйекте жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер!

15 қыркүйек күні сағат 22:00-ден 23:00-ге дейін жаңа платформаға көшуге байланысты bcc.kz сайтындағы жекелеген сервистердің жұмысында қысқа мерзімді баяулау немесе кідірістер болуы мүмкін. Біз бұл процестің мүмкіндігінше тез әрі сіздерге байқалмай өтуі үшін барлық күш-жігерімізді салудамыз.

Түсіністік танытқандарыңызға рақмет!

Жаңалықтар
Moody's ЦКБ рейтингін инвестициялық деңгейге көтерді

Рейтинг Baa3 деңгейіне көтерілді, болжам – тұрақты

Moody's рейтинг агенттігі бүгін ЦентрКредит Банкінің рейтингтері мен бағаларын көтерді: ұлттық және шетел валютасымен ашылған депозиттердің ұзақмерзімді рейтингі Ba1-ден Baa3-ке дейін артты.

Банк депозиттерінің ұзақмерзімді рейтингі «позитивті» болжамнан «тұрақты» болжамға өзгерді. Сонымен қатар ЦКБ-нің ұлттық шкала бойынша банк депозиттерінің ұзақмерзімді рейтингі A3.kz-тен A1.kz-ке дейін көтерілді.

«Бұл – біздің банкіміз үшін ғана емес, еліміз үшін де тарихи сәт. Өйткені бұл өңіріміздің инвестициялық тартымдылығы мен артқанын айғақтайды. Қазіргі және болашақ серіктестеріміз үшін инвестициялық деңгейдегі рейтинг сенімділіктің оң белгісі болып саналады», – деп атап өтті «Банк ЦентрКредит» АҚ Президенті Руслан Владимиров.

Рейтингтің негіздемесі

Рейтингтің көтерілуі банк активтері сапасының, табыстылығы мен төлем қабілетінің жақсаруымен байланысты. Бұған қолайлы операциялық орта да ықпал етті.

Сонымен қатар банктің өтімді активтерінің айтарлықтай қоры ескерілді. Ол тұрақты деңгейде сақталып, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында банктің материалдық активтерінің 40%-ынан асып түсті.

Тұрақты болжамның негіздемесі

Депозиттердің ұзақмерзімді рейтингі бойынша тұрақты болжам банктің қарқынды өсуіне байланысты кредит тәуекелдерін тиімді басқарып, кірістілік, активтердің сапасы, капиталдандыру және өтімділік сияқты кредит төлеу қабілетінің негізгі қаржылық көрсеткіштерін тұрақты деңгейде сақтайды деген болжалды білдіреді.


ҚР ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензия

Жаңалықтар
#DragonCard және #GoldCard: бүкіл әлем бойынша 5%-ға дейін кешбэк

#DragonCard және #GoldCard карталарының жаңа мүмкіндіктері аталған карта иелеріне тамаша жаңалық болмақ.

Сауда ақысын премиум карта арқылы төлеп, #DragonCard картасының иелері бүкіл әлем бойынша 5% кешбэкпен айына 40 000 теңгеге дейін пайда таба алады. Қытайда, Alipay және WeChat арқылы жасалған төлемдер ескерілмейді.

#GoldCard картасына белгіленген бүкіл әлем бойынша негізгі кешбэк – 3%. Қытайда, Alipay және WeChat арқылы жасалған төлемдер ескерілмейді.

Егер Қытайда жиі сауда жасайтын болсаңыз, юаньмен тиімді сауда жасау үшін міндетті түрде #DragonCard немесе #GoldCard карталарын ашып, басқа елдерде 5%-ға дейін кешбэк алыңыз. Енді кез келген жерде тиімді.

#DragonCard картасы туралы толығырақ
#GoldCard картасы туралы толығырақ

Жаңалықтар
Call-орталықта ағылшын тілінде қызмет көрсету

Біздің банктің call-орталығында енді ағылшын тілінде қызмет көрсету қолжетімді екенін хабарлаймыз.
Клиенттер банк өнімдері мен қызметтері бойынша қажетті ақпарат пен кеңесті келесі нөмірлер арқылы ала алады:

505 — жеке клиенттер үшін

605 — бизнес-клиенттер үшін

303 — премиум-клиенттер үшін

Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.
Біз клиенттердің банкпен өзара әрекеттесуін барынша қолайлы ету үшін сервисімізді үнемі жетілдіріп отырамыз.

Жаңалықтар
S&P ЦКБ рейтингі бойынша болжамын көтеріп, банктің ESG бағасын жақсартты

Болжам — «Позитивті», ESG бағасы — 75 балл

28 тамызда S&P Global Ratings агенттігі ЦентрКредит Банкі рейтингін «Тұрақты» болжамнан «Позитивті» болжамға дейін өзгертті. Агенттік Банктің ұлттық шкала бойынша рейтингін «kzA+» деңгейінен «kzAA-» деңгейіне дейін көтерді. Сонымен қатар ЦКБ эмитентінің ұзақмерзімді және қысқамерзімді кредит рейтингтері «BB/B» деңгейінде расталды.

Банктің операциялық көрсеткіштері тұрақты. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы таза пайда 2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 70%-ға өсті. Меншікті капиталдың рентабельдігі (ROE) соңғы бірнеше жыл ішінде орта есеппен тұрақты түрде 35%-дан асып отырды (2025 жылдың бірінші жартыжылдығында — 43%).

25 тамызда ЦКБ S&P Global агенттігінен жаңартылған ESG бағасын алды. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға жақсарып, 61 балдан 75 балға дейін өсті. Бұл банктің тұрақты даму саласындағы айтарлықтай ілгерілеуін растайды.

Осы жылғы шілде айында банк ҚНРДА талаптарына, сондай-ақ халықаралық GRI, SASB, IFRS S1 және S2 стандарттарына сәйкес әзірленген өзінің қаржы саласынан тыс екінші есебін ұсынды. Құжат ашылатын ақпараттың ауқымын кеңейтіп, ESG-тәсілдердің жүзеге асырылуын жан-жақты көрсетуге мүмкіндік берді.

ЦКБ көлемі жағынан Қазақстандағы үшінші коммерциялық банк болып саналады. 2025 жылғы 1 шілдедегі жай-күй бойынша оның нарықтағы үлесі жиынтық активтер бойынша шамамен 11%, ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 12%. 2025 жылғы тамыз айының басында банк мемлекеттен алынған көмектің барлығын мерзімінен бұрын өтеді.

ҚР ҚНРДА 03.02.2020ж. берген №1.2.25/195/34 лицензия

Жаңалықтар
#IronCard картасымен Rixos Turkistan-да эксклюзивті артықшылықтар

#IronCard картасымен Rixos Turkistan-да эксклюзивті артықшылықтарға ие болыңыз:

  • Rixos Spa&Fitness абонементіне 10% жеңілдік;
  • Kazakhasia мейрамханасында 10% жеңілдік;
  • Қонақүйден кеш шығу – сағат 16:00-ге дейін;
  • Бөлмеге дәмді сый.

Артықшылыққа ие болу үшін #IronCard картасымен төлейтініңізді айтыңыз.

Жаңалықтар
ЖК үшін бюджетке төленетін төлемдер — тегін!

Қуанышты жаңалықты хабарлаймыз: 2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап жеке кәсіпкерлерге жаңа тарифтік талап енгізіледі.

Бюджетке төленетін төлемдер — 0 теңге тарифі бойынша!

Енді сіз бюджетке төленетін барлық төлемді толығымен тегін жүргізіп, комиссияға жұмсайтын ақшаңызды үнемдеп, бизнесті бұрынғыдан да ыңғайлы ете аласыз.

  • Жылдам
  • Тиімді
  • Сенімді

ЦентрКредит Банкін таңдағаныңызға рақмет!

Жаңалықтар
«Таиландтағы демалыс» акциясы

Қатысу талаптары: акция кезеңінде ЦентрКредит Банкінің тендерлік кепілдігін шығарыңыз да, Таиландқа екі адамға арналған жолдама ұтыс ойынына қатысыңыз. Кепілдік неғұрлым көп болса, жеңіске жету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Кім қатыса алады: ЦентрКредит Банкінің тендерлік кепілдігін ресімдеген заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер

Жүлде: Таиландқа екі адамға арналған жолдама, ұшу билеттері және 7 күн/6 түн 5* қонақүйде тұру, оның ішінде таңғы ас пен сақтандыру. Алматыдан/Астанадан ұшу.

Акция мерзімі: 2025 жылғы 1 қыркүйектен 31 қазанға дейін

Акцияның толық ережесі

Жаңалықтар
Ескі үлгідегі АҚШ долларын қабылдау бойынша тарифтер өзгерді

10.09.2025 ж. бастап жеке тұлғалардың АҚШ долларымен ашылған ағымдағы шоттары бойынша жаңа тарифтер енгізіледі.

Ескі үлгідегі АҚШ долларын қабылдау үшін комиссия алынады.
5 АҚШ доллары – 2006 ж. дейін
10, 20, 50 АҚШ доллары – 2004 ж. дейін
100 АҚШ доллары – 2009 ж. дейін

Жаңалықтар
Мобильді қолданбада PIN-кодты өзгерту

Құрметті клиенттер!

1 қыркүйектен бастап 4433 нөмірі өшіріледі. Енді PIN-кодты bcc.kz қолданбасында немесе 505 нөміріне SMS жіберу арқылы өзгертуге болады. 

PIN-кодты орнату немесе өзгерту үшін келесі тәсілдердің бірін пайдаланыңыз:

  • bcc.kz мобильді қолданбасында: «Әрекеттер» → «Картаны теңшеу» → «PIN-кодты өзгерту».
  • 505 қысқа нөміріне SMS жіберу арқылы: PIN (немесе epin) + карта нөмірінің соңғы 4 цифры.

 

Қаржыңызды еш қиындықсыз басқаруыңыз үшін біз сервисті үнемі жетілдіріп отырамыз.

Жаңалықтар
Visa Business картасымен төлем жасағанда iSpace дүкендерінде Apple өнімдеріне және жөндеуіне 10% жеңілдік

Ерекше акция! iSpace дүкендер желісінде Visa Business, Visa Platinum Business, Visa Signature Business, Visa Corporate T&E карталарымен төлем жасаған кезде, Apple өнімдерін сатып алуға және жөндеуде 10% жеңілдік беріледі.


Талаптар: 

  • Құрылғылар мен қызметтерді сатып алған кездегі ең жоғары сома — 2 500 000 ₸
  • Бірреттік сатып алған кездегі ең жоғары жеңілдік сомасы — 250 000 ₸


Ұсыныс 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін жарамды.

Жаңалықтар
Pinduoduo қолданбасында ЦентрКредит Банкінде ресімдеген UnionPay картаңыз арқылы жеңілдік беріледі

31 қазанға дейін әлемдегі ең ірі маркетплейстердің бірі – Pinduoduo қолданбасында #DragonCard және #GoldCard карталары арқылы жеңілдікпен ең көп дегенде 10 сауда жасап үлгеріңіз.

  • 50 юаньнен басталатын тапсырыстарға 3 юань жеңілдік.
  • 100 юаньнен басталатын тапсырыстарға 10 юань жеңілдік.

Ұсыныс шектеулі – акция ертерек аяқталуы мүмкін.

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді