Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Жаңалықтар
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
Жаңалықтар
0%-дан басталатын комиссиямен ЖК үшін сауда эквайрингі

Біздің банктің бизнес-клиенттері үшін тамаша жаңалық! Біз айналымы жылына 45 млн ₸ дейінгі ЖК үшін барлық қызметтер пакетіне сауда эквайрингін қостық.

2024 жылғы 1 шілдеден бастап сіздердің клиенттеріңіз терминалдар немесе интернет арқылы төлем карталарымен келесі тарифтер бойынша тауар немесе қызмет ақысын ыңғайлы төлей алады:


Тарифтің атауы

Стандарт шарттар/

пакетсіз

Еркін

Оңтайлы +

Премиум

Ультра

bcc pay Micromerchant* арқылы жүргізілетін клиенттердің төлемдеріне қызмет көрсету

- ЦентрКредит Банкі шығарған карталар бойынша – 0,4%

- басқа банк шығарған карталар бойынша – 0,8%

0%

0,7%

0,5%

0%

*Micromerchant – тариф айналымы жылына 45 млн ₸ дейінгі ЖК клиенттеріне қолданылады

Біздің банктің сауда эквайрингінің арқасында сату көлемін ұлғайтыңыз. Біз сіздің бизнесіңізді дамыту үшін тарифтерді үнемі жаңартып, жақсартып отырамыз.

Жаңалықтар
Жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары рубльмен бойынша кассалық операцияларға арналған тарифтердегі өзгерістер

10.07.2024 ж. бастап жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары рубльмен бойынша кассалық операциялар үшін жаңа тарифтер қолданылады

Тарифтер туралы толығырақ 505 нөмірі бойынша немесе біздің сайтымызда:https://www.bcc.kz/fizical/tarify/ 

Жаңалықтар
Бизнес-клиенттерге қызмет көрсету бойынша тарифтер жинағына өзгерістер енгізілді

Құрметті клиенттер!

ЭЦҚ шығару/қайта шығару бойынша тарифтің өзгергені туралы хабарлаймыз.

 

ЭЦҚ шығару/қайта шығару* - 3 000 KZT

* ҰТК КО ЭЦҚ – ҰТК куәландырушы орталығының электрондық-цифрлық қолтаңбасы/ҰКО ЭЦҚ – ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық-цифрлық қолтаңбасы.  

Өзгерістер 01.07.2024 ж. бастап күшіне енеді.

Жаңалықтар
ЦКБ – Еуропа қайта құру және даму банкінің нұсқасы бойынша Қазақстандағы сауданы қаржыландыру өнімдерін шығаратын ең белсенді банк

2024 жылдың 14 мамырында Ереванда (Армения) ЕҚДБ Сауданы жеңілдету бағдарламасының (TFP) ақпараттық сессиясы шеңберінде марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара ЕҚДБ-ның 33-ші жыл сайынғы отырысы мен бизнес-форумы аясында өтті, жиында ЦентрКредит Банкіне Қазақстандағы ең белсенді эмитент-банк ретінде тағы бір сыйлық табыс етілді. Номинация бойынша жеңімпаздар ЕҚДБ TFP бағдарламасы бойынша орындалған транзакциялар саны негізінде анықталады.

«ЦКБ – сауданы қаржыландыру өнімдері бойынша Қазақстандағы жетекші банктердің бірі, контрагенттердің кең желісіне және халықаралық банк нарығында оң беделге ие. Біз үшін банктің сауданы қаржыландыру саласындағы жетістіктері мен белсенділігі ЕҚДБ тарапынан еленуі үлкен мәртебе. Айта кетсек, ЕҚДБ TFP бағдарламасына қатысу клиенттерге қолайлы шарттармен бүкіл әлем бойынша халықаралық саудаға қол жеткізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ халықаралық сауданы қаржыландыру нарықтарында банкті тану және оған деген сенім деңгейін арттырады. Біздің номинациядағы жеңісіміз клиенттеріміздің адалдығы мен ЦКБ командасының кәсібилігінің арқасында мүмкін болды. Біз ЕҚДБ-мен одан әрі жемісті ынтымақтастық пен бірлескен транзакциялардың ұлғаюына үміттенеміз», – деп түсіндірді ЦентрКредит Банкінің вице-президенті Нұрлан Шегебаев.

ЦентрКредит Банкі көптеген жылдар бойы аккредитивтерді шығару және растау мәртебесінде ЕҚДБ TFP бағдарламасының қатысушысы болды, бұл клиенттер мен контрагенттер үшін сауданы қаржыландыру өнімдерінің құнын төмендетуге бірегей мүмкіндік ашады.

TFP бағдарламасы аясында ЕҚДБ халықаралық коммерциялық банктерге кепілдіктер береді, осылайша ЕҚДБ жұмыс істейтін аймақтарда ЦентрКредит Банкі жүргізетін операциялар үшін саяси және төлем тәуекелдерін жабады.

ЦентрКредит Банкі ЕҚДБ-мен бірлесіп аккредитивтерді, резервтік аккредитивтерді, қарсы кепілдіктер мен кепілдіктерді қоса алғанда, сауданы қаржыландыру құралдарының барлық түрлерімен жұмыс істейді. Бұл құралдарды тауарлардың барлық түрлерінің импорты мен экспортын қолдау үшін пайдалануға болады.


ҚНРДА 03.02.2020 ж. №1.2.25/195/34 лицензиясы 

Жаңалықтар
ЦКБ-мен бизнес-кездесу: кім болды және олар нені талқылады

Өткен жұмада ЦентрКредит Банкі қазіргі жағдайларда тиімді басқару және маркетинг  бойынша бизнес-кездесуде қазақстандық кәсіпкерлердің басын қосты. Бизнесті дамыту болашағы мен оның қажеттіліктері, экономикадағы жеткізу тізбегінің маңызы, сондай-ақ осы процестерді оңтайландыру мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесуде спикерлер ретінде Арманжан Байтасов (Forbes.kz), Игорь Манн (маркетер, спикер, автор, баспагер), Антон Манин (ЦентрКредит Банкінің жеткізу тізбегін қаржыландыру дирекциясының басшысы), Құмар Мұсаев (серіктес әрі Kaizer Center бірлесіп негізін қалаушы) сөз сөйледі.

Антон Манин шағын дүкендерден қолма-қол ақша жинап, оларды банкке жеткізетін дистрибьюторларды мысалға ала отырып, өнімнің қымбаттауы және артық ақша айналымы мәселелерін қозғады. Оның айтуынша, QR-төлемді енгізу шығынды азайтып, барлық қатысушы үшін процесті оңайлататын қарапайым әрі тиімді шешім болып шыққан. Сондай-ақ Банк бизнес-клиенттерге кредит беруді, эквайрингті және қашықтан шот ұсынуды қоса алғанда, күнделікті міндеттерді тиімдірек шешуге көмектесетін өз өнімдерін ұсынды.

ТМД-да танымал теоретик және маркетинг жөніндегі кітаптардың авторы, «Манн, Иванов және Фербер» баспа үйінің негізін қалаушылардың бірі Игорь Манн қазіргі бизнес үшін өте өзекті екі тақырыпты – жылдам нәтижелер маркетингі және клиенттерді ұстаудың тиімді жолдары тақырыптарын ұсынды.

Бизнесмен және Қазақстандағы Forbes баспагері Арманжан Байтасов бизнесте креативті ойлауды қолдану туралы айтты.

Құмар Мұсаев сапаны үздіксіз арттыруға және өндіріс шығындарын азайтуға назар аударылатын жапондық кайдзен философиясын қолдану бойынша нақты тәжірибелер тақырыбын ашты.

«Клиенттер бизнесінің Банкпен бірге дамуы оның күш-жігерінің тиімділігін растайды. Біз бизнес-процестерді оңайлату және шығындарды азайту үшін заманауи технологиялар мен қаржы құралдарын пайдаланудың әлеуеті зор екенін көріп отырмыз. Клиенттерімізбен және серіктестерімізбен өзара іс-қимыл бізге олардың қажеттіліктеріне жауап беретін және тұрақты дамуға ықпал ететін шешімдер табуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің вице-президенті Нұрлан Шегебаев.  

Жаңалықтар
17 маусым демалыс күні болмайды. Құрбан айт мерекесі 16 маусымда басталады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылғы 17 маусымда демалмайтынымызды растады.


«Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес, мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып табылады. 2024 жылға арналған өндірістік күнтізбені қалыптастырған кезде, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2023 жылғы 17 қазанда ресми хат жолдаған болатын, онда 2024 жылы Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға түсетіні, бірақ айдың фазаларына байланысты ауысуы мүмкін екені хабарланған. Ағымдағы жылдың 7 маусымында ҚМДБ 2024 жылы Құрбан айттың бірінші күні 16 маусымға түсетінін жариялады. Бұл күннің жексенбі екенін ескере отырып, дүйсенбі күні, 17 маусымда қосымша демалыс күні болмайды», – деп мәлімдеді министрлікте.


Қазақстанда демалыс күндеріне түсетін діни мерекелерді ауыстыруға болмайтынын естеріңізге саламыз. Осыған байланысты 17 маусым – жұмыс күні.


ЦентрКредит Банкінің бөлімшелері қалыпты режимде жұмыс істейді.

Жаңалықтар
Таксиге, азық-түлікке және кафеге #картакартамен төлегеніңіз үшін 10 %-ға дейін жоғары кэшбэк алыңыз

2024 жылғы 1 маусымнан 31 шілдеге дейін #картакарта ашып, мынадай танымал санаттар бойынша жоғары кэшбэк алыңыз:

▪️ Такси – 10 %

▪️ Азық-түлік пен супермаркеттер – 4 %

▪️ Кафелер мен мейрамханалар – 5 %

 

Бұл қалай жұмыс істейді? 

#картакартаны пайдаланып, ай сайын ұсынылатын жеті санаттың ішінен жоғары кэшбэк беретін 3 санатты таңдап, әр төлем үшін 10 %-ға дейін кэшбэк ала аласыз!

 

Кэшбэкті қалай пайдалануға болады?

Кэшбэкті картаға 2000 ₸ бастап нақты ақша түрінде аударуға болады.

Айына 20 000 ₸ дейін, ал жылына 240 000 ₸ дейін кэшбэк жинауға болады.

 

Кэшбэк күйіп кетпеуі үшін жыл аяқталғанға дейін оны #картакартаға аудару қажет.

Жаңалықтар
изнес-клиенттерге қызмет көрсету бойынша тарифтер жинағына өзгерістер енгізілді

Құрметті клиенттер!
Бизнес-клиенттерге қызмет көрсету бойынша тарифтер жинағына өзгерістер енгізілгені жөнінде хабарлаймыз:

Ағымдағы шоттарды жүргізу*- 1900 KZT

* Ай сайын:
1) 01.06.2024ж. дейін ашылған шоттар бойынша банк бөлімшесі арқылы операциялар жүргізген кезде.
2) қызмет көрсету орны мен арнасына қарамастан 01.06.2024ж. бастап ашылған шоттар бойынша.

Өзгерістер 03.06.2024 ж. бастап күшіне енеді.

Құрметпен, «Банк ЦентрКредит» АҚ.

Жаңалықтар
Алматыда ЦКБ қолдауымен бухгалтерлерге арналған конференция өтті

2024 жылдың 22 мамырында Алматыда ЦентрКредитБанкінің қолдауымен бухгалтерлерге арналған «Бухгалтердің бақыты = БАЛАНС. Өмір. Мансап. МЕН ...» тақырыбында конференция өтті. Іс-шараға түрлі саланың мамандары жиналып, бағдарлама аясында мансаптық және бизнес табысқа жету жайлы пайдалы білім мен тәжірибе алмасты. 


Конференцияда бухгалтерлер үшін қосымша табыс тақырыбына ерекше назар аударылды. ЦентрКредит Банкінің өкілі Эмиль Гаязов Банк өнімдерінің ұсыныстарынан қалай ақша табуға болатыны туралы сұрақтарды жауап берді. Ол бухгалтердің кірісін едәуір арттыра алатын банкпен серіктестіктің артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі айтып, қосымша табыс көздерінің болмауы жағдайында осы стратегиялардың маңызын атап өтті. Сонымен қатар қосымша табыс табудың практикалық шешімдері мен нақты әдістерін ұсынды.


Конференцияның спикерлері мен амбассадорлары


Конференцияға бухгалтерия және салық саласындағы көптеген танымал сарапшылар қатысты. 18 спикердің ішінде төмендегілерді атап өтуге болады:

● Дмитрий Казанцев – ҚР-да салықтар бойынша сұранысқа ие сарапшы;

● Елена Коломейцева – «Коломейцева-инфо» бухгалтерлерге арналған курстардың авторы және лекторы;  

● Сандугаш Тулегенова – табысты бухгалтерлер клубының негізін қалаушы; 

● Елена Седых – «Шарт24» басқарушы серіктесі;

● Серік Акишев – «Миллион кімге бұйырады» телебағдарламасының жүргізушісі және продюсері, медиа-кәсіпкер;

● Эмиль Гаязов – ЦентрКредит Банкінің Стратегиялық әріптестерімен жұмыс жүргізу бағытының басшысы;

● Анна Осипова және Алексей Розинкин – Balance Conf конференциясының идеялық шабыттандырушылары және Аутсорсинг бизнесінің негізін қалаушылар қауымдастығының негізін қалаушылар. 


Іс-шарада сарапшылар әртүрлі салалар бойынша, атап айтсақ, жеке бренд құру, уытты клиенттер мен жұмыс берушілерге қарсы тұру стратегиялары, бухгалтерлік есепте өз бизнесін немесе мансабын құру, бизнесті, мансапты және жеке өмірді сәтті үйлестіру, кәсіби өсу үшін дұрыс стратегияны таңдау сияқты өз білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісті. Ал қатысушылар өз кезегінде мансап пен бизнесте барынша нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететін құнды чек-парақтарды, құжаттарды және авторлық әзірлемелерді алды.

Жаңалықтар
ЦКБ Алматыда өткен алғашқы Орта Азиялық SWIFT конференциясына қатысты

22 мамырда Алматыда SWIFT халықаралық төлем жүйесі ұйымдастырған бірінші Орта Азиялық SWIFT конференциясы өтті. Іс-шарада Орта Азияның бес еліндегі банк делегаттары бас қосып, инновацияларды, үздіксіз транзакцияларды және комплаенс, идеялар, білім және тәжірибе алмасу жайлы ой өрбітті.

 

Конференция аймақтағы төлем технологиялары саласындағы мамандар үшін айтулы оқиға болды. Банк өкілдері қазіргі нарық үрдістерін талқылап, жүзеге асырылып жатқан жобалар, соның ішінде алаяқтықпен күресу шаралары туралы пікір алмасты.

 

«Біз серіктесіміз – халықаралық SWIFT корпорациясы ұйымдастырған осы шара аясында төлем технологиялары нарығындағы қазіргі тенденцияларды талқылап, әріптестерімізбен тәжірибе алмаса алғанымызға қуаныштымыз. Swift Central Asian Conference төлем жүйелері нарығындағы озық тәжірибелер мен жаңа технологиялармен алмасудың маңызды алаңына айналды», - деді ЦентрКредит Банкінің Төлемдерді өңдеу және карталық бизнесті қолдау дирекциясының басшысы Шынар Әлішева.

 

«Орта Азиялық SWIFT конференциясы белді сарапшыларды, қаржы институттары мен технологиялық компаниялардың өкілдерін қаржы секторындағы инновацияларды талқылау және ілгерілету үшін біріктіреді. Бұл – қатысушылар үшін озық тәжірибе алмасуға және нарықтағы жаңа технологияларды зерттеуге тамаша мүмкіндік», - деді Матвей Геринг, Swift-тің Ресей, Орта Азия және Кавказ аймағының басшысы.

Жаңалықтар
Center Home жылжымайтын мүлік маркетплейсі

ЦентрКредит Банкі ұсынатын онлайн ипотека берілетін жылжымайтын мүлікті сату және сатып алу бойынша жайлы сервис  – серіктесіміз Center Home сервисін ұсынамыз.


Егер жылжымайтын мүлікті сатуды немесе сатып алуды жоспарласаңыз, бүкіл процесті жайлы әрі оңай ете түсу үшін құрылған Сenter Home маркетплейсінің қызметтерін пайдаланыңыз.

 

Сатушы үшін артықшылықтары:

  • Жылжымайтын мүлікті сату туралы хабарландыруды тегін әрі ыңғайлы орналастыру;
  • Жылжымайтын мүлік объектіңізге тегін 3D-тур, соның арқасында әлеуетті сатып алушылар жылжымайтын мүлікпен онлайн таныса алады, ал сіз пәтерді көрсетуге кететін уақытты үнемдейсіз;
  • Ипотека берілген нақ қазіргі клиенттер;
  • 100 %-ға дейінгі жеңілдікпен «Жайлы көшу» қызметі, оған жүк тасымалы және жүк тасушы қызметтері кіреді; 
  • «Мәміле орталығы» қосымша қызметі, оған нотариус қызметі, күзетілетін кабинет, есептеу машинасы мен купюралардың түпнұсқалығын тексеру аппараты кіреді.


Сатып алушы үшін артықшылықтары:

  • Ипотека туралы өтінім бойынша банктен 60 секунд ішінде алдын ала жауап алу;
  • Ипотеканы 1-2 күн ішінде онлайн ресімдеу;
  • Өтінімді қарастырғаны үшін комиссия — 0 ₸;
  • Жылжымайтын мүлік объектілерін барып көруді алмастыратын шынайы әрі толық 3D-тур: енді кездесу уақытын келісіп, жол кептелісінде тұрудың қажеті жоқ;
  • Жылжымайтын мүлік иелері мен тексерілген жылжымайтын мүлік агенттерінен ғана келетін тексерілген хабарландырулар;
  • Шегерімдер мен сервис серіктестерінің арнайы ұсыныстарына (жылжымайтын мүлікті сақтандыру, пәтерді жинау, көшіру және т.б.) кепілхаттар.


Сenter-home.kz сайтына кіріп, маркетлейстің артықшылықтары мен жайлылығын қазірден бастап сезініңіз!

Жаңалықтар
Алматыда ЦКБ қолдауымен "Қазақстан бойынша 100 мүгедектер арбасы" акциясы өтті

Алматы қаласында Dos Ortopedia компаниясы ұйымдастырған "Қазақстан бойынша 100 мүгедектер арбасы" қайырымдылық акциясы аясында тұрғындарға 20 арба табысталды. Бұл шара ерекше қажеттіліктері бар жандардың өмірін жақсартуға және инклюзивті қоғам құруға бағытталған. Іс-шара ЦентрКредит Банкінің қолдауымен өтті.

 

"Dos Ortopedia өз миссиясының аясында азаматтарды мүгедектер арбасымен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар оларды осы саладағы сапалы шешімдер туралы хабардар етіп келеді. Біз сапалы жабдықтың артықшылықтарын көрсетуді міндетіміз деп санаймыз. Жыл сайын біз қолдау көрсетуді арттырудамыз, оның ішінде 

паралимпиадашылар мен аз қамтылғандарға көмектесудеміз. "Қазақстан бойынша 100 мүгедектер арбасы" жобасы әрі қарай жалғасады, келесі жылы біз арбалар санын 200-ге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Мұның барлығы бүкіл Қазақстан бойынша әрбір жан еш кедергісіз, лайықты өмір сүре алатын тең қоғам құруға бағытталған»,", - деп атап өтті Dos Ortopedia компаниясының маркетинг және PR бөлімінің басшысы Сұлтан Қоңырбасов.

 

"Банк әлеуметтік жобаларға қатысып, қоғамға үлес қосуға басымдық береді. Біз тең орта құруға бағытталған бастамалар аясында күш біріктіре отырып, баршамыз үшін тұрақты әрі әділ қоғам құруға ұмтыламыз», - деді ЦентрКредит Банкінің PR директоры Сәкен Нығмашев.

Жаңалықтар
Алматыда ЦКБ қолдауымен TURAQTY JOL экофестивалінің финалы өтті

11 мамырда Алматы қаласында TURAQTY JOL жалпыұлттық әлеуметтік экокампаниясы аясында Республикалық экологиялық идеялар мен жобалар фестивалінің финалы өтті. Жастар арасында экологиялық құндылықтарды насихаттауғабағытталған бұл фестиваль ЦентрКредит Банкінің қолдауына ие болды.

 

Жолданған 300-ден астам өтінім ішінде 10 команда финалға шықты. Қатысушылар сарапшылармен бірге онлайн курстарды тәмәмдап, жүлде қоры 15 миллион теңгегежететін қорытынды кезеңде өз жобаларын ұсынды.

 

"Жоба 2020 жылы басталғаннан бері он мыңға жуық қатысушыны жинап, тұрақты даму үшін ЮНЕСКО-ның білім беру саласындағы басым міндеттерінің бірін шешуге бағытталған негізгі бастамасы болып табылады. Бұл бастама жастардың дүниетанымының өзгеруіне ықпал етіп, экологияны сақтау мәселелеріне қоғамдық назар аударатынына сенімдімін", - деп Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтары Федерациясының Президенті Болат Оралұлы Ақшолақов атап өтті.

 

«ЦентрКредит Банкі тұрақты дамуға және экологиялық тұрғыдан саналы бастамаларды насихаттауға бағытталған TURAQTY JOL жобасын екінші жыл қатарынан қолдап келеді. Бұл жоба табиғи ресурстарға және қоршаған ортаға қамқорлық жасауға, жастарға өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беруге бағытталған. Біздің банк те осы принциптерді ұстанады. Біз мұндай құндылықтарды бойға сіңіру әр адам өз рөлін түсінетін, планетамызды сақтауға атсалысатын болашақ үшін маңызды екеніне кәміл сенеміз», - деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің PR директоры Сәкен Нығмашев.

 

Өсімдік өсірудің инновациялық жүйесін әзірлеген «MUNARA» жобасы бірінші орын алып, 6 миллион теңге грантқа ие болды. Екінші орын және 4 миллион теңге грант омартаның жағдайын қашықтан бақылауға мүмкіндік беретін ұяны дамытуға арналған BEELIEVE жобасына берілді. Ал парникті газдардан таза сутегін алу бойынша зерттеуге негізделген CARBONICK жобасы үшінші орын мен 3 миллион теңге грантқа ие болды.

Жаңалықтар
ЦКБ алғашқы синдикатталған қаржыландыруға қатысты

«Банк ЦентрКредит» АҚ «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Нұрбанк» АҚ серіктестігімен Қазақстандағы алғашқы синдикатталған қаржыландыруды ұсыну туралы келісімге қол қойды. Қаражат «RG BrandsKazakhstan» ЖШС ірі сусын өндіруші компаниясына өндіріс қуатын кеңейту және Өзбекстан нарығына өнім экспортын ұлғайту үшін ұсынылады. Бұл ҚДБ-ның қазақстандық екінші деңгейдегі банктермен серіктестік аясындағы алғашқы синдикатталған қарыз шарты екенін атап өткен жөн. 

«Банк ЦентрКредит» АҚ синдикат аясында транш берген және синдикаттың барлық кредиторының мүдделерін білдіре отырып, синдикатталған қарыз шегінде кредиттік әкімгерлік ету бойынша қызмет көрсететін Банк агент рөлін атқарған Қазақстанның алғашқы банкі болды.

«Синдикатталған қарыздар бізге бірден екі мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бір жағынан, біз өңдеуші өнеркәсіптен қарыз алушылар үшін қолжетімді шарттармен ұзақмерзімді қаржыландыру базасын кеңейтсек, екінші жағынан, экономиканың нақты секторындағы ірі жобаларды кредиттеуге көбірек жеке қаржы институттарын тартамыз», – деп мәлімдеді ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев.

«Банктің басым бағыттарының бірі – экономиканың нақты секторын қолдау. Сондықтан біз осы бастамаға қатысу жөнінде шешім қабылдадық. ЦКБ командасы Қазақстанда алғаш рет синдикатталған қаржыландыру аясында әкімгерлік ету қызметін көрсетуге мүмкіндік беретін өнім әзірледі. Біз мүмкіндіктерімізді кеңейтіп, өзімізді жетілдірудеміз және осындай мәміле бойынша банк агент ретінде қызмет көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті «Банк ЦентрКредит» АҚ вице-президенті Нұрлан Шегебаев.

«Нұрбанк бизнес, өнеркәсіп өкілдері үшін, демек мемлекеттің барлық экономикасы үшін синдикатталған қарыз тетігінің оң әсері мен маңызын жоғары бағалайды. Мұндай қаржылық коллаборация экономиканың нақты секторына кредит беру көлемін ұлғайтып қана қоймай, клиенттерге неғұрлым қолайлы жағдайлар ұсынуға мүмкіндік береді. Оған қоса, біз ҚДБ және ЦентрКредит Банкімен синдикатталған қаржыландыру бағдарламаларын іске асыру аясында бірлескен ынтымақтастық мүмкіндігін жоғары бағалаймыз», – деп баяндады Нұрбанк Басқармасының төрағасы Гүлнар Мұсатаева.

 

«Синдикатталған кредит барлық қатысушылардың нақты және үйлесімді жұмысының арқасында сәтті жүзеге асырылды. «RG Brands», «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Нұрбанк» АҚ командаларының бірлескен жұмысы Қазақстанның бүкіл бизнес-қоғамдастығы үшін қолжетімді жаңа қаржыландыру құралына жол ашты. Синдикат бизнесті және жалпы ұлттық экономиканы дамытуға қосымша мүмкіндіктер береді. Бұл жобаны жүзеге асыру RG Brands компаниясына Қазақстандағы өндірістік қуаттарды кеңейтуге және компания өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыруға инвестициялау бағдарламасын жалғастыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті RG Brands қаржы директоры Тимур Жанғожанов.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы желтоқсан айында Даму Банкі, Нұрбанк және ЦентрКредит Банкі арасында бірлескен кредит беру туралы келісімге қол қойылды. Бөлінген қаражатты қарыз алушы жаңа жоғары технологиялық өндірістік желілерді сатып алуға, өндірістік цехты кеңейтуге және Өзбекстан Республикасының нарығына өнім экспортын ұлғайтуға пайдаланатын болады.

Қаржыландырудың жалпы көлемі 26,5 млрд теңге тең, оның 12,5 млрд теңгесі өндірістік қуатты кеңейтуге және тағы 14 млрд теңгесі экспорт алдындағы қаржыландыруға арналған. Өндірістік қуатты кеңейту нәтижесінде олардың кезең-кезеңмен пайдалануға берілуіне қарай шай сусындарының, құрамында шырыны бар, сондай-ақ газдалған және газдалмаған сусындардың көлемі шамамен екі есе артады. Өз кезегінде бұл ішкі сусын өндірісі мен экспортын ұлғайтып қана қоймай, қазақстандық мамандар үшін кәсіпорында жаңа жұмыс орындарын да құрады.

Жаңалықтар
Жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша кассалық операцияларға арналған тарифтердегі өзгерістер

29.05.2024 ж. бастап жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша кассалық операцияларға арналған тарифтерге енгізілген өзгерістерге назар аударыңыз.

 

Енді банк мына операциялар үшін комиссия алады:

• Ағымдағы шоттан айырбастау нәтижесінде түскен қолма-қол ақшаны беру

• Жинақ шотынан депозитте 15 күннен аз уақыт тұрған, айырбастау нәтижесінде түскен қолма-қол ақшаны беру

• Ағымдағы шоттан депозиттен ішінара алу нәтижесінде түскен қолма-қол ақшаны беру

 

Тарифтер туралы толығырақ 505 нөмірі бойынша немесе біздің сайтымызда:https://www.bcc.kz/fizical/tarify/

Жаңалықтар
Приобретайте автомобили Cobalt и Onix в кредит от 5% (ГЭСВ 5,1-22,3%)

Покупайте автомобили Chevrolet Cobalt и Chevrolet Onix в кредит от 5 до 20,3% годовых (ГЭСВ 5,1–22,3%) сроком до 7 лет. Быстрое рассмотрение заявки. Выгодные условия кредитования. При первоначальном взносе от 50% и оформлении кредита на 1 год номинальная ставка составляет 5%. Приобрести автомобиль можно в любом дилерском центре Allur. 

Жаңалықтар
Отключение пролонгации пакетов услуг PRO и PROMAX

Уважаемые клиенты, просим принять во внимание следующую информацию.
С 13.05.2024 г. автопролонгация пакетов услуг "PRO" и "PROMAX" будет отключена по истечению срока своего действия.

Выбирайте новый тарифный план для осуществления деятельности.

Подключайте новый пакет услуг: https://www.bcc.kz/business/current-account/tariffs/

Жаңалықтар
Мамыр айындағы мереке күндері бойынша демалыс күнін ауыстыру: 2024 жылы қалай демаламыз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс күнін 4 мамырдағы сенбіден 8 мамырға, яғни сәрсенбіге ауыстыру туралы бұйрықты бекітті. Осылайша мамыр айындағы мерекелерде қазақстандықтар қатарынан үш күн, яғни 7, 8, 9 мамыр күндері демалады.

Демалыс күні жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында ауыстырылды


Қазақстанда 2024 жылғы мамыр айындағы мереке күндері:

Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамыр

Бұдан әрі қазақстандықтар қатарынан үш күн: 7, 8 және 9 мамыр күндері демалады

Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр және Жеңіс күні – 9 мамыр.


ЦентрКредит Банкі бөлімшелерінің алдағы демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс тәртібі:

2024 жылғы 1, 7, 8, 9 мамыр – банктің барлық бөлімшесінде демалыс күндері

2024 жылғы 4 мамыр (сенбі) – жұмыс күні


Басқа күндері бөлімшелер қалыпты режимде жұмыс істейді.


Келе жатқан мерекелеріңізбен!

Жаңалықтар
ЦКБ тобы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 5,5 млрд теңге аударады

«Банк ЦентрКредит» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Бақытбек Байсейітов Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 5,5 млрд теңге бөлді. Қаражат тұрғын үйлерді қалпына келтіруге және жаңасын салуға жұмсалады.

«Біз су тасқынымен бірігіп күресеміз, бірге ғана ғана кез келген қиындықтарды еңсере аламыз. Осы қиын кезеңде зардап шеккендермен бірге екенімді және кез келген қиындықты жеңетінімізге сенімімді білдіргім келеді. Елімізді қалпына келтіру және одан әрі дамыту үшін күш-жігерімізді біріктірейік», - деді «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Бақытбек Байсейітов.

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкінде Алматы кәсіпкерлеріне арналған BUSINESS BOOST воркшопы өтті

Алматы қаласында ЦентрКредит Банкінің қатысуымен BUSINESS BOOST іс-шарасы өтті. Іс-шараға Алматы бизнес-қоғамдастығының 80 өкілі қатысты.

ЦентрКредит Банкі өз серіктестеріне тиімді бизнес-шешімдер ұсынуға аса көңіл бөледі, бұл семинар да шет қалмады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты кәсіпкерлердің қаржылық танымын арттыру және олардың бизнес саласында тұрақты дамуын ынталандыру болды.

BUSINESS BOOST іс-шарасында негізгі спикерлер ретінде қаржы, салық, маркетинг және франшизаларды басқару саласындағы белгілі сарапшылар сөз сөйледі:

  • Dass and Partners және Scale Up компанияларының негізін қалаушы Даяна Асанова даму үшін жаңа перспективалар аша отырып, «Бизнесті масштабтау» әдістерін қарастырды.
  • Finpark LLP қаржылық консалтинг компаниясының директоры Жұлдыз Шанайбаева жаңа қаржы стратегияларын ұсына отырып, «Кассалық серпіліс» мәселелеріне тоқталып өтті.
  • ҚР салық және қаржы жөніндегі сарапшысы Дмитрий Казанцев бизнесті қорғаудың маңыздылығын атап өтіп, «меншік иесінің салық қауіпсіздігіне» назар аударды.
  • Кәсіпкер-маркетолог Саби Бейс бизнесті ілгерілетудің заманауи тәсілдерін көрсете отырып, «2024 жылға арналған маркетингтік стратегияны» ашты.


«Бүгінгі іс-шара іскерлік саласында бірлесіп іс-әрекет ету және оқыту үшін қолайлы ахуал жасау жөніндегі стратегиямыздың маңызды бөлігіне айналды. Алынған білім клиенттеріміздің бизнес жүргізуде табысқа жетуіне әсер ететініне сенімдіміз», – деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің өкілі Эмиль Гаязов.

Банк кәсіпкерлердің әрі қарай өсуін ынталандыратын жаңа дағдылар мен мүмкіндіктерге қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін осындай іс-шаралар сериясын жалғастырады.

Жаңалықтар
Алматыда ЦентрКредит Банкінің қолдауымен Smart Space байқауының финалы сәтті аяқталды

12 сәуір күні Алматыда жас ұрпақтың жоғары технологиялар саласындағы, атап айтқанда, ғарыш индустриясындағы ғылыми шығармашылық пен технологиялық кәсіпкерлікке қызығушылығын ынталандыруға бағытталған және Қазақстанның 40 жетекші оқу орнының 80-нен астам жобалық командасын біріктірген Smart Space байқауының финалы өтті.

Жобаның мақсаты – білім, ғылым және кәсіпкерлік салаларын біріктіретін «Халықаралық ғарыштық желілік қоғамдастық (МК2С)» бастамашылық индустриялық-инновациялық және ғылыми-білім беру бағдарламасының бизнес-жобаларына кейіннен қосу мақсатында үздік жобалық командаларды іріктеу және оларға қолдау көрсету.

ЦентрКредит Банкі жобаны қолдап, елдің инновациялық әлеуетін дамытуға және жастарды серпінді зерттеу мен әзірлеу жұмыстарына тартуға бағытталған ғылыми-білім беру бастамаларын қолдауға ұмтылатынын атап өтті.

«Kazakhstan Smart Space – біліммен және жаңашыл идеялармен алмасу алаңы болып қана қоймай, біздің прогреске, инновацияға және жас таланттарды дамытуға деген ортақ ұмтылысымыздың жарқын мысалы. ЦентрКредит Банкі жастардың ғылыми әлеуетіне және креативтілігіне, әсіресе білім саласына үлес қосу мүмкіндігін жоғары бағалайды. Біз жас ұрпақтың ғарышты зерттеу мен игеруде маңызды рөл атқаратынына сенімдіміз», – деп мәлімдеді ЦентрКредит Банкінің өкілі Дидар Халық.

Smart Space байқауы барысында TRIZ, PRIZ, STEM және STEAM салаларындағы пікір көшбасшыларымен шеберлік кластары, телекөпірлер өткізіліп, тағылымдама мен акселерациялық бағдарлама мүмкіндіктері, сондай-ақ ғарыш саласындағы жетекші серіктестердің міндеттері таныстырылды. Space Cup KZ Smart Space 2024 турнирі басты оқиға болды, турнир барысында командалар «SpaceTech саласындағы үздік жас жобалау менеджері» атағы үшін бақ сынады. Байқаудың 7-12 жас, 12-16 жас, 16-22 жас аралығындағы үш санаттағы жеңімпаздары Байқоңыр ғарыш айлағына экскурсия және PRIZ Guru Hub платформасына жылдық жазылу сияқты түрлі сыйлықтармен марапатталды.

Жаңалықтар
ТМД елдерінің валюталарымен жүргізілетін валюталық аударымдар бойынша тарифке өзгерістер енгізу

Құрметті клиенттер!
«Банк ЦентрКредит» АҚ 2024 жылғы 15 сәуірден бастап ТМД елдерінің валюталарымен жүргізілетін валюталық аударымдар бойынша бизнес клиенттердің тарифтеріне өзгерістер енгізілетіні туралы хабарлайды.

Стандарт тариф:

5.4. ТМД елдерінің валюталарымен (RUB - 9.00-17.00, қалған валюталар 9.00-14.30)

5.4.1. Қағаз тасымалдағышпен - аударым сомасының 0,25% min 6 000 KZT max 80 000 KZT

5.4.2. BCC Business арқылы - аударым сомасының 0,20% min 3 000 KZT max 50 000 KZT


«Оңтайлы+» ҚП:

5.4.2. BCC Business арқылы - аударым сомасының 0,15% min 2 500 KZT max 40 000 KZT


«Премиум» ҚП:

5.4.2. BCC Business арқылы - аударым сомасының 0,10% min 2 000 KZT max 30 000 KZT


«Ультра» ҚП:

5.4.2. BCC Business арқылы - 25 төлем (оның ішінде шетелдік валютамен) - 0 KZT, кейін - 0,05%

Min 2 000 KZT max 20 000 KZT


Стандарт тарифтерге сілтеме жасайтын архивтік тарифтер бойынша талаптардың да өзгеретініне назар аударыңыз.

Жаңалықтар
ЦКБ қолдауымен ҚазҰМУ-да Альбина Котова атындағы ғылыми-технологиялық парк пен Зал ашылды

Алматыда 10 сәуірде ЦентрКредит Банкінің қолдауымен Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде (ҚазҰМУ) Альбина Леоновна Котова атындағы зал мен Ғылыми-технологиялық паркінің салтанатты ашылуы өтті.

ҚазҰМУ-дағы ғылыми-технологиялық парк – академиялық және ғылыми ресурстарды индустрия және бизнес мүмкіндіктерімен біріктіретін заманауи инновациялық орталық. Бұл орын академиялық және зерттеу топтары, стартаптар, фармацевтикалық компаниялар және инновациялық экожүйенің басқа қатысушылары арасындағы ынтымақтастыққа ықпал етеді.

«ҚазҰМУ ғылыми-технологиялық паркі жай ғимарат немесе зертханалар кешені емес. Бұл идеялар мен инновациялар тоғысатын, студенттер мен зерттеушілер өздерінің ең батыл жобаларын жүзеге асыра алатын орын, ал біздің мамандар, ғалымдар, лаборанттар және Эндаумент қорының өкілдері жаңашылдарға ғылыми идеяларын жүзеге асыруға қолдау білдіруге тартылған. Ғылыми-технологиялық парктің ашылуы – инновациялар мен сапалы білім беруге ұмтылысымыздың дәлелі. Мұнда біз озық медициналық технологияларды дамытуды, денсаулық сақтаудың заманауи сын-қатерлерін шешуге көмектесетін зерттеулер жүргізуді жүзеге асырамыз және болашақ сын-қатерлерге дайын медициналық мамандардың болашақ буынын даярлаймыз», – деді ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов.

ҚазҰМУ технопаркі оқу орнының құрылымдарын, атап айтсақ, ғылым департаментін оның бөлімдерімен, неврология және қолданбалы нейроғылымдар бойынша оқу-ғылыми орталығын, Дата Орталығын, Атчабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институтын біріктіреді. Онда бес заманауи зертхана, ғылыми-білім беру фармакопеялық орталығы және виварий жұмыс істейді.

"Біз еліміздің білім беру саласын дамытып, осындай шараға қатысуға шын жүректен қуаныштымыз. ЦентрКредит Банкі және С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті көптеген жылдар бойы сенімді серіктестер. Профессор Котова Альбина Леоновна атындағы жаңа оқу залы мен ғылыми-технологиялық парк Денсаулық сақтау мамандарының жас буынын оқыту үшін тамаша алаң болатынына және университетке жаңа биіктерге жетуге көмектесетініне сенеміз", - деп атап өтті ЦентрКредит Банкінің президенті Руслан Владимирович.

Жаңалықтар
#IronCard OYU және премиум карталардың тарифтері жаңартылуы

Ою-өрнегі бар күміс түсті металл премиум карта #IronCard OYU деген өзінің ерекше атауын алды.

#IronCard OYU – бұл ЦентрКредит Банкінің ұлттық сипаты бар шектеулі премиум картасы, оны ашу және қайта шығару бағасы да әртүрлі.

Барлық өзгерістерді ескере отырып, премиум карталардың тарифтерін жаңарттық.

Жаңа тарифтер 2024 жылғы 24 сәуірден бастап күшіне енеді, қазірдің өзінде олармен сайтта танысуға болады.

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді