E-mail: Pr@bcc.kz
20.08.2026 жылдан бастап:
• Банк бөлімшесінде ағымдағы шот ашу;
• Банк бөлімшесінде 6 айдан асатын кезеңге банк шоты бойынша үзінді көшірме ұсыну;
• жеке тұлғалардың ағымдағы шотын жүргізу үшін жаңа тарифтер күшіне енеді.
Толығырақ 505 нөмірі арқылы немесе bcc.kz сайтынан біле аласыз: https://www.bcc.kz/fizical/tarify/
2026 жылғы 1 тамыздан бастап Банкте жеке тұлғалардың Ресей рублімен ашылған ағымдағы және жинақ шоттарынан қолма-қол ақша алу жөніндегі кассалық операциялары бойынша акция кезеңі қолданысқа енгізіледі.
SWIFT жүйесіндегі халықаралық аударымдардың тарифтеріне енгізілген өзгерістер 2026 жылғы 31 қазаннан бастап күшіне енеді. Жаңа тарифтер тек Қазақстан Республикасының бейрезидент клиенттеріне қолданылады.
Келесі тұлғаларға қолданыстағы тарифтер сақталады:
- Қазақстан Республикасының азаматтары;
- Қазақстан Республикасында қолданыстағы тұру ықтиярхаты бар шетел азаматтары.
Клиенттердің аталған санаттарына белгіленген комиссия мен халықаралық SWIFT-аударымдарын жасау тәртібі өзгеріссіз қалады.
Қолданыстағы тарифтермен осы жерде танысуға болады.
Құрметті клиенттер!
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 2026 жылғы 9 маусымнан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютамен жаңадан тартылған «Моя цель» және «Рақмет» депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне өзгеріс енгізілгені туралы хабарлайды.
Құрметті клиенттер,
2026 жылғы 16 маусымнан бастап кассалық операциялар тарифіне енгізілген өзгеріс күшіне енетінін хабарлаймыз:
8.1.2-тармақ. Рубльмен (RUB) қолма-қол ақша қабылдау - 5%.
Операцияларды жоспарлау және жүргізу барысында жаңартылған талаптарды назарға алуды сұраймыз.
Ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз.
01.06.2026 ж. бастап бизнес-клиенттерге шотты басқа банктің картасынан толықтыру үшін 2% (кемінде 1 000 теңге) комиссия енгізіледі. «Оңтайлы», «Премиум» және «Ультра» пакеттерін қосқан бизнес-клиенттерге қызмет тегін көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы № 422 қаулысына сәйкес зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегін есептеу тәртібіне өзгерістер 2026 жылғы 5 маусымнан бастап күшіне енеді.
Осыған байланысты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жұмсауға болатын біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) қолжетімді сомасы өзгеруі мүмкін.
Егер сіз зейнетақы жинақтарын пайдалануды жоспарласаңыз, 2026 жылғы 4 маусымға дейін (қоса алғанда) өтінім беріп, оған қол қойып үлгеріңіз.
Назар аударыңыз: егер жаңа ережелер күшіне енгенге дейін өтінімге қол қойылмаса, БЗТ-ның қолжетімді сомасы жаңартылған есептеу әдісіне сәйкес қайта есептелуі мүмкін.
Өтінімді m.bcc.kz жеке кабинетінде беруге болады.
ЦентрКредит Банкі UnionPay қолдауымен Қытайда және басқа елдерде тауарлар мен қызметтер ақысын төлеуге мүмкіндік беретін QR-төлемдер сервисін іске қосты. Бұл сервис Қытайдағы 100 миллионнан астам сауда орнында QR-код арқылы төлем жасауды қолдайды, соның ішінде елдегі ең кең таралған QR-төлем әдістерінің бірі – Weixin Pay (Қытайдағы WeChat Pay) жүйесінің барлық QR-код түрін қамтиды. Функция bcc.kz мобильді қолданбасында жұмыс істейді және қосымша сервистерді орнатуды қажет етпейді.
Қытайдағы сауда орындарының басым бөлігі UnionPay QR-коды арқылы төлем қабылдайды. Төлем жасау үшін bcc.kz мобильді қолданбасын ашып, «QR арқылы төлеу» бөліміне өту жеткілікті. Одан кейін төлем әдістерінің бірін таңдауға болады:
- сатушының QR-кодын сканерлеп, қаражат алынатын шотты көрсетіп, операцияны растау;
- немесе «Менің QR» бөлімінде өз QR-кодыңызды жасау. Кейін төлемге арналған картаны таңдап, кодты сатушыға көрсету немесе сканерге жақындату қажет. Сканерлегеннен кейін сома автоматты түрде таңдалған картадан алынады.
Сервисті UnionPay халықаралық желісінде шығарылған #DragonCard және #GoldCard карталарының иелері пайдалана алады.
«Қытай – қазақстандықтар үшін туристік және іскерлік сапарлардың ең танымал бағыттарының бірі болып қала береді. Елдегі есеп айырысу операцияларының басым бөлігі мобильді төлемдер арқылы жүзеге асады, ал дәстүрлі қолма-қол ақша іс жүзінде қолданылмайды, бұл цифрлық сервистердің ыңғайлылығын растайды. UnionPay-мен интеграция трансшекаралық төлемдердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, шетелде карталарды пайдалануды жеңілдетеді және Қазақстан мен Қытайдың төлем жүйелері арасында сенімді цифрлық көпір қалыптастырады», – деп атап өтті «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың бөлшекті бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Жұлдыз Қайыржанова.
UnionPay халықаралық ынтымақтастықты дамытып, пайдаланушы тәжірибесін жетілдіріп келеді. Қытайдағы Weixin Pay-дің барлық QR-коды UnionPay желісіне толық интеграцияланған. QR-төлемдер сервисі қазірдің өзінде 48 ел мен өңірдегі 150 миллионнан астам сауда орнында жұмыс істейді, оның ішінде материктік Қытай, Гонконг, Макао, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері, Оңтүстік Корея, Жапония және басқа да мемлекеттер бар.
Сервис туралы толығырақ ақпаратты сілтеме арқылы қараңыз.
ҚР ҚНРДА берген 03.02.2020 ж. № 1.2.25/195/34 лицензия
16.06.2026 ж. жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша рубльмен жүргізілетін кассалық операциялар үшін жаңа тарифтер қолданысқа енді:
Шотқа қолма-қол ақшаны рубльмен (RUB), соның ішінде банкоматтар/АТТ арқылы қабылдау – 5%.
Тарифтер туралы толық ақпаратты 505 нөмірі бойынша немесе сайтымыздан ала аласыз: https://www.bcc.kz/kz/personal/tariffs/
Бизнесіңізге қажет тауарларды сатып алған кезде кешбэк сіздің жеке бонус шотыңызға түсетінін білесіз бе?
2026 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында өтетін акция аясында кез келген сауда ақысын #businesscredit бизнеске арналған кредит картасымен төлеп, 5% жоғары кешбэк алыңыз. Кешбэк ЖК немесе ЖШС шотына емес, карта ұстаушының жеке бонус шотына түседі.
Кешбэктің ең жоғары мөлшері айына 20 000 теңгеден аспайды.
Қолма-қол ақша алу, ақша аудару, жойылған операциялар, сондай-ақ кешбэк қарастырылмаған тауарларды сатып алу үшін кешбэк берілмейді.
#businesscredit бизнеске арналған кредит картасы – сауда бизнесіңізге, пайдасы өзіңізге!
Балаларға арналған дүкендер, ойыншық сататын дүкендер және ойын алаңдары үшін төлем қабылдаудың тиімді талаптарын ұсынатын жазғы акцияны іске қосамыз!
Қатысушылар: MCC кодтары бойынша жұмыс істейтін жаңа және қазіргі мерчанттар: 5641 – балаларға арналған дүкендер, 5945 – ойыншық сататын дүкендер, 7996 – ойын-сауық (мәдениет және демалыс саябағы, цирк)
Акция өткізілетін кезең:
2026 жылғы 1 маусым – 31 шілде
Акция талаптары:
Акция кезеңінде POS-терминал және BCCPAY арқылы төлем қабылдау бойынша 1 000 000 теңгеге дейінгі айналымға 0% комиссия белгіленеді.
Акция Банк карталарымен, сондай-ақ басқа банктердің карталарымен жүргізілетін операцияларға қолданылады.
* 0% жеңілдікті комиссия 1 000 000 теңге шегіндегі айналымға қолданылады. Лимиттен асқан сомаға стандарт тариф есептеледі.
Енді жай ғана жөндеу жұмыстарын жасап, ақшалай жүлде ұтып алу мүмкіндігі бар! 2026 жылдың 1 маусымы мен 31 шілдесі аралығында ЦентрКредит Банкі мен «12 Месяцев» құрылыс гипермаркеттерінің желісі арнайы ұтыс ойынын бастайды.
Ұтысқа қатысу үшін:
«12 Месяцев» дүкендерінен кемінде 50 000 ₸ көлеміндегі сомаға тауар таңдаңыз.
Олардың ақысын ЦентрКредит Банкінің карталарымен төлеңіз.
Сіз ұтыс ойынына автоматты түрде қатысасыз.
Жүлде қоры:
3 жеңімпаздың әрқайсысы 1 000 000 ₸ алады.
Тағы 10 адамға құрылыс материалдары сатып алуға арналған 100 000 ₸ сертификаты беріледі.
Жеңімпаздарды акция аяқталғаннан кейін рандомайзер көмегімен анықтаймыз.
Қазақстанда алғаш рет! Click to Pay – интернетте Visa карталарымен жасалатын сауда ақысын жылдам әрі қауіпсіз төлеуге арналған жаңа сервис.
- Карта нөмірін, қолданыс мерзімін және CVV кодын енгізудің қажеті жоқ – сатушының сайтында төлем жасаған кезде тек телефон нөміріңізді көрсетіп, өзіңіздің Visa карталарыңыз тізімінен қажетті картаны таңдаңыз.
- Пайдаланушылар сервисті кез келген құрылғыда және сатушы-серікстестерде пайдалана алады.
- Visa деректердің қауіпсіз сақталуын қамтамасыз етеді.
Қалай пайдалануға болады?
- Онлайн дүкен, сервис немесе қызмет жеткізуші Click to Pay сервисіне қосылған болуы тиіс.
- Click to Pay сіздің карталарыңызды табуы үшін төлем тәсілін таңдағанда телефон нөміріңізді енгізіңіз.
- Егер сіз Visa клиенті болсаңыз, тізімнен қажетті картаны таңдаңыз.
- Сауда ақысын төлеу үшін тұлғаңызды растаңыз. Дайын!
Қазіргі таңда қазақстандықтар Click to Pay сервисі арқылы Marriott, Lufthansa, Emirates сияқты шетелдік сайттарда, сондай-ақ әлемнің басқа да ірі брендтерінің сайттарында сауда ақысын төлей алады.
Карталар сервиске кезең-кезеңімен қосылады. Егер дәл қазір Click to Pay арқылы төлем жасай алмасаңыз, бұл қызмет сізге кейінірек қосылады.
Ал сервисті теңшеуді bcc.kz мобильді қолданбасындағы «Картаны теңшеу» бөлімінде басқаруға болады.
Енді bcc.kz қолданбасында Western Union арқылы ақша аудару бұрынғыдан да тиімді – аударым құны 500 теңгеден басталады.
Онлайн аударымдар банк бөлімшесінде ресімдеумен салыстырғанда тиімдірек, ал процесс бірнеше минут қана уақыт алады. Ол үшін алушының елін таңдап, соманы және алушының деректерін енгізу жеткілікті.
Тарифтермен толығырақ мына жерден танысуға болады.
Құрметті клиенттер,
2026 жылғы 21 мамырдан бастап кассалық операциялар тарифіне енгізілген өзгеріс күшіне енетінін хабарлаймыз:
8.1.2-тармақ. Рубльмен (RUB) қолма-қол ақша қабылдау – 0,3%.
Операцияларды жоспарлау және жүргізу барысында жаңартылған талаптарды назарға алуды сұраймыз.
Ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз.
Банк 2026 жылғы 17 сәуірден бастап күшіне енген жаңа ережеге сәйкес, ипотеканы біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) есебінен ішінара және толық мерзімінен бұрын өтеу туралы өтінім қабылдауды қайта бастады.
Не өзгерді?
Зейнетақы қаражатын енді ипотека бойынша негізгі борышты өтеуге ғана пайдалануға болады. Оның есебінен пайызды, айыппұлды немесе өсімпұлды төлеу мүмкін емес – бұл сомаларды өз қаражатыңыздан төлеуіңіз қажет.
Енді процедура қалай жұмыс істейді?
Процесс бірнеше кезеңнен тұрады:
- Қаражат БЖЗҚ-дан шотқа түседі
- Қарыз алушы БЗТ есебінен ипотеканы өтеу туралы өтінімге қол қояды
- Банк есептелген пайыз бен басқа да төлемдер туралы хабарлама жібереді, оларды клиент өз қаражаты есебінен төлейді
Төлем жасалғаннан кейін зейнетақы қаражаты негізгі борышты өтеуге бағытталады
Құрметті клиенттер!
2026 жылғы 19.05 күні сағат 02:00-ден 03:00-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Көрсетілген уақыт аралығында келесі сервистер уақытша қолжетімсіз болады:
- bcc.kz
- bcc business;
- 3D Secure;
- SMS-хабарламалар;
- POS-терминалдар.
Қажетті операцияларды жұмыстар басталғанға дейін алдын ала жоспарлап, орындауларыңызды сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
bcc.kz мобильді қолданбасында Private Club атты жаңа сервис іске қосылды. Бұл – ыңғайлылықты, әр клиенттің көңілінен шығуды және қосымша артықшылықтарды бағалайтындарға арналған кеңістік.
Енді премиум қызметтің барлық мүмкіндігі бір бөлімде қолжетімді: сіз дербес қолдау алып, өзекті ұсыныстармен танысып, серіктестердің эксклюзивті сервистерін пайдалана аласыз.
Private Club аясындағы мүмкіндіктер:
чат арқылы дербес қолдау қызметі
премиум карталар бойынша ұсыныстар
артықшылықтар мен арнайы ұсыныстар
жылжымайтын мүлік және lifestyle саласындағы сервистер
Сервис қазір bcc.kz мобильді қолданбасында іске қосылған.
VIP мәртебесі бар клиенттерге сервистің толық функционалы ашық, ал басқа пайдаланушылар премиум қызметке қосылу туралы өтінімді тікелей қолданба арқылы бере алады.
Private Club – үйреншікті цифрлық форматта көбірек мүмкіндік пен сервисті пайдаланудың ыңғайлы тәсілі.
16 мамыр күні сағат 03:00-ден 04:00-ге дейін жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның келесі сервистері уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін:
- банкоматтар мен терминалдар;
- bcc.kz мобильді қосымшасы;
- FX платформасы;
- bcc business.
Операцияларыңызды алдын ала жоспарлап, техникалық жұмыстар басталғанға дейін орындауыңызды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
12.05.2026 ж. жоспардан тыс техникалық жұмыстардың жүргізілетіні туралы хабарлаймыз. Осыған байланысты bcc.kz мобильді және BCC Business қосымшасы уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Операцияларды жоспарлау кезінде төмендегі уақыт аралықтарын ескеруіңізді сұраймыз:
- 03:00-ден 03:30-ға дейін (GMT+5) — келесі сервистер қолжетімсіз болады:
bcc.kz мобильді қосымшасы;
Банкоматтар мен терминалдар;
POS-терминалдар;
- 03:30-дан 10:18-ге дейін (GMT+5)
Аударымдарда шектеулер қойылады (басқа ҚР банктерінің карталарына және өз шоттарыңыз арасындағы (конвертациясыз) аударымдардан басқа).
QR арқылы төлем жасау.