Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Жаңалықтар
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
Жаңалықтар
INR, TRY, AZN, AMD және басқа валюталармен ақша аудару және конвертациялау

Бизнес-клиенттер доллармен, еуромен, юаньмен, сондай-ақ ұнді рупиясы, түрік лирасы, әзірбайжан манаты, армян драмы және басқа валюталармен ақша аударып, конвертациялай алады.

Шетелдік серіктестеріңізбен жұмыс істеген кезде өзіңізге қолайлы валюталарды таңдай аласыз.
Толығырақ білу үшін менеджеріңізге немесе 605 нөміріне хабарласыңыз

Жаңалықтар
«HoReCa» шешімі

Кафе немесе мейрамхана иесісіз бе және біздің қызмет пакеттеріміздің («Негізгі», «Оңтайлы+», «Премиум» немесе «Ультра») бірін пайдаланасыз ба? Онда қосымша «HoReCa» шешімін қосып, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына арнайы әзірленген тиімді талаптарды қолданыңыз.

«HoReCa» шешімі — бұл төмендетілген эквайринг тарифтері және теңгемен жасалатын комиссиясыз төлемдер санын арттыру мүмкіндігі.

«HoReCa» шешіміне қосылудың алғашқы 3 айы — тегін!

Өнім туралы толығырақ

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі мен BCC Life-тан көбірек жүлде!

2025 жылғы 15 қазаннан 2026 жылғы 15 қаңтарға дейін сақтандырумен кепілсіз кредит ресімдеңіз де, ай сайын өтетін бағалы жүлделер ұтыс ойынына қатысыңыз — Apple iPhone 17 Pro, Technodom және Sulpak дүкендерінің 300 000 теңгелік сертификаттары, Яндекс Станция Лайт, Dyson стайлері, робот-шаңсорғышы, PlayStation 5 Slim + Sackboy A Big Adventure PS5, Apple AirPods Pro гарнитурасы сізді күтеді.

Ай сайын біз Instagram желісіндегі @centercreditkz парақшасында тікелей эфир өткізіп, жеңімпаздарды кездейсоқ таңдау арқылы анықтаймыз. Нәтижелер жарияланатын күндер: 2025 жылғы 5 желтоқсан, 2026 жылғы 9 қаңтар және 5 ақпан.

Мөлшерлеме: 12 – 38% 
ЖТСМ: 30,11 – 46% 

Бүгіннен бастап қатысыңыз! 
Сақтандырумен кредитті банк бөлімшесінде немесе bcc.kz қолданбасында ресімдеуге болады. 

Акция ережесі

Қолданбаны жүктеп алу 

Жаңалықтар
Армандаған саяхатыңызды ұтып алыңыз!

2025 жылғы 1 қазаннан 1 желтоқсанға дейін MalinaMix мейрамханасында тапсырыс ақысын ЦентрКредит Банкінің картасымен төлеңіз де, ұтыс ойынына қатысыңыз:

🎁 Бас жүлде — 700 000 ₸ сомасына саяхат сертификаты

🎁 «Золотое Яблоко» және «Sulpak» желілерінде 20 000 ₸ сомасына 8 сертификат

Сертификаттар ұтыс ойыны дүйсенбі сайын өтеді: 6, 13, 20, 27 қазанда және 3, 10, 17, 24 қарашада.


Науқан туралы толығырақ

Жаңалықтар
«Кассирдің пайдасы» акциясы

«Кассирдің пайдасы» акциясы: ЦентрКредит Банкінің PAX POS-терминалдары арқылы 3000 теңгеден жоғары сомаға қолма-қол ақшасыз төлем жүргізіп, жүлделер ұтыс ойынына қатысыңыз:

15 қараша – 1000 кассир, әрқайсысына 10 000 теңгеден
15 желтоқсан – 1000 кассир, әрқайсысына 10 000 теңгеден
25 желтоқсан – ақтық ұтыс ойыны: 100 кассир, әрқайсысына 50 000 теңгеден

Жүлде алу үшін кассир:

1) ЦентрКредит Банкінің картасын иеленуі қажет
2) жеңімпаз болған жағдайда, bcc.kz сайтындағы нысан арқылы деректемелерді ұсынып, POS ID (POS-терминалдың бірегей нөмірін) міндетті түрде көрсетуі қажет.
3) жеңімпаздардың тізімі bcc.kz сайтында жарияланады.

Транзакция неғұрлым көп болса, ұту мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады!

Толығырақ ақпаратты өз менеджеріңізден немесе 605 нөмірі арқылы біле аласыз.

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкіндегі кредитіңізге қатысты өтінішті онлайн беруге болады

Енді банкіміздің клиенттері кредиттеріне қатысты өтініштерді бөлімшеге бармай-ақ онлайн қалдыра алады. Барлық өтініш қауіпсіз сервис арқылы жіберіледі, ал жауап bcc.kz қолданбасына келіп түседі.

Сіз кепіл бойынша талаптарды өзгерту, құжат көшірмелерін алу, қосымша кепілдіктер беру және басқа да өтініштерді жібере аласыз. Барлық өтініш белгіленген мерзімде өңделеді, ал олардың мәртебесін bcc.kz қолданбасында оңай қадағалауға болады.

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкіндегі кредитті өзге банктің картасымен төлеуге болады

Енді банкімізден алған кредитті өтеу бұрынғыдан да ыңғайлы. Клиенттер ай сайынғы төлемді кез келген басқа банктің картасымен жасай алады.

Төлем картадан картаға ақша аудару (P2P) принципі бойынша жасалады. Қызмет Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелерінің карталарын қолдайды, деректердің қауіпсіз өңделуін және қаражаттың кредит шотына әп-сәтте түсуін қамтамасыз етеді.

Енді бөлімше немесе банкомат іздеудің қажеті жоқ, кредитті бірнеше батырманы басып, кез келген уақытта және кез келген банктен төлеуге болады.

Жаңалықтар
YOOX сайтында сауда жасауға 15% жеңілдік

#BlackEdition картасының иелері ұсыныс мерзімі ішінде YOOX сайтында сауда жасауға 5 ретке дейін 15% жеңілдік алады. Жеңілдік алу үшін сілтеме арқылы тіркеліп, электронды поштаңызға келетін промокодты енгізу қажет.

Ұсыныс 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды.

#BlackEdition картасы туралы толығырақ

Жаңалықтар
Ерекше саяхатқа 10% жеңілдік

#BlackEdition картасының иелері Антарктидаға, Гренландияға, Галапагос аралдарына және тағы 150-ден астам бағытқа аттанатын сәнді Hurtigruten лайнерлерімен саяхатқа жолдама сатып алған кезде, 10% жеңілдік алады. Сонымен қатар борттағы қызметтерге 100 еуро сомасына ваучер сыйлыққа беріледі.

Ұсыныс 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды.

#BlackEdition картасы туралы толығырақ

Жаңалықтар
АҚШ-тағы Saks Fifth Avenue дүкендерінде #BlackEdition картасымен жасаған саудаңыз үшін кешбэк беріледі

#BlackEdition картасының иелері АҚШ-тағы Saks Fifth Avenue офлайн-дүкендерінде 250 АҚШ долларынан бастап жасаған саудасы үшін 5% кешбэк (15 АҚШ долларына дейін) алады. Ұсыныс АҚШ долларымен төлем жасаған кезде бір карта бойынша бір рет қана жарамды, сыйлық карталары мен алдын ала тапсырыстар бойынша жасалатын саудаға қатысты қолданылмайды.

Ұсыныс 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды.

#BlackEdition картасы туралы толық ақпарат

Жаңалықтар
Алаяқтық әрекеттерден қорғану жөніндегі нұсқаулық

Жыл сайын киберқауіпсіздікке төнетін қатер, деректерді ұрлау және азаматтарды алдау мәселелері барған сайын өзекті болып келеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаменті сіздерге арнайы дайындаған ақпаратпен танысып шығуды сұраймыз.

№08-2-06/3003 09.09.2025 ж.

Өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады

Жалпы қауіпсіздік ережелері:

  • Ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз.
  • Телефон арқылы немесе интернетте айтылған өтініштерді орындауға асықпаңыз.
  • Күрделі құпиясөздер мен екі факторлы аутентификация қолданыңыз.
  • Қолданбаларды және операциялық жүйені тұрақты түрде жаңартып отырыңыз.

Егер алаяқтардың құрбаны болсаңыз:

  • Дереу полицияға 102 нөмірі арқылы немесе https://qamqor.gov.kz/ сайтында «Полицияға өтініш беру» бөлімі арқылы хабарласыңыз.
  • Ақша шешу әрекеті байқалса, картаңызды банк арқылы немесе мобильді қосымша арқылы бұғаттаңыз.
  • Көмек алу үшін бірыңғай 116 нөміріне хабарласыңыз.

Банктің картаны бұғаттау нөмірі:

  • Банк ЦентрКредит – 505
  • Бизнес-клиенттер үшін 605
    Маңызды! Сіз алаяқтардың шотын Антифрод-орталық арқылы бұғаттай аласыз: банкке хабарлап немесе полицияға өтініш беріп.

Қосымша ақпарат:

Сұрақтар туындаған жағдайда немесе кеңес қажет болса, Қазақстан Ұлттық Банкінің Байланыс орталығына 1477 қысқа нөмірі арқылы хабарласуға болады.


1. «Қызметкермін» деген қоңыраулар

Алаяқтар банк, полиция, прокуратура, экономикалық тергеу, пошта, ұялы байланыс операторлары, коммуналдық қызмет және басқа органдардың қызметкерлері болып танысады. Олар «күдікті операциялар», «бұзу», «есептегіштерді жаңарту», «нөмірді ұзарту», «сәлемдеме алу» туралы айтып, кодты айтуыңызды немесе ақша аударуыңызды сұрайды.

Кеңестер:

  • Құпиясөздерді, PIN, CVV және SMS-кодтарды ешқашан айтпаңыз.
  • Телефонды қоя салыңыз да, банкке өзіңіз қайта қоңырау шалыңыз.
  • Барлық ақшаңызды бір картада сақтамаңыз.
  • «Қауіпсіз шоттар» болмайды.
  • Мессенджерлердегі суреттерге, формаларға, логотиптерге сенбеңіз.
  • Ресми органдар азаматтарға WhatsApp арқылы қоңырау шалмайды және тергеу жүргізбейді.

2. «Туысыңыз қоңырау шалды» деген алдау

Алаяқтар таныс адамның даусын қолдан жасап, «жедел» ақша аударуды сұрайды: емге, айыппұлға, «құтқару» үшін.

Кеңестер:

  • Таныс адамның нақты нөміріне өзіңіз хабарласыңыз.
  • Тек ол білетін сұрақ қойыңыз.
  • Егде жастағы туыстарыңызды ескертіңіз — олар басты нысана.

3. Фишингтік SMS және сілтемелер

Алаяқтар «1414», «Egov», «QazPost», «E-Salyk», Ұлттық Банк атынан жалған хабарламалар жібереді. Онда жалған сайтқа сілтеме немесе жеке деректерді енгізу өтініші болады.

Кеңестер:

  • SMS, мессенджер, e-mail арқылы келген сілтемелерге өтпеңіз.
  • Жеке мәліметтер мен карта деректерін бейтаныс сайттарға енгізбеңіз.
  • Сенімді антивирус қолданыңыз.

4. Вирустық бағдарламалар

Алаяқтар зиянды қосымшалар мен баннерлер таратады: олар телефоныңызды бұғаттап немесе деректеріңізді ұрлайды.

Кеңестер:

  • Қосымшаларды тек ресми дүкендерден жүктеңіз (Play Market, App Store).
  • Пікірлерді және әзірлеушінің атын тексеріңіз.
  • Күдікті сайттарға кірмеңіз, файл жүктемеңіз.
  • Бейтаныстардың өтініші бойынша ештеңе орнатпаңыз.

5. Жалған интернет-дүкендер

Алаяқтар kaspi.kz, Wildberries, temu сияқты танымал дүкендерді көшіріп, жалған сайттар жасайды.

Кеңестер:

  • Тек тексерілген сайттардан сауда жасаңыз.
  • Сайттың мекенжайын мұқият тексеріңіз (бір әріп, таңба айырмашылығы болуы мүмкін).
  • Сатушы туралы пікірлерді оқыңыз.
  • Бейтаныс шоттарға алдын ала төлем жасамаңыз.

6. Жеңіл табыс уәделері

Алаяқтар жалған суреттер мен танымал тұлғалардың атын пайдаланып, «тәуекелсіз инвестиция», «қазір салыңыз, көп пайда табасыз» деп сендіреді.

Кеңестер:

  • Тәуекелсіз тез пайдаға сенбеңіз.
  • Күмән туса, сөйлесуді тоқтатыңыз.
  • Компания туралы ресми дереккөздерден тексеріңіз.
  • «Комиссияға», «активацияға» ақша жібермеңіз.

7. Жалған қайырымдылық ұйымдары

Төтенше жағдайлар кезінде «емге көмектесіңіз», «үйсіз қалды», «баланың операциясы қажет» деген жалған хабарламалар таратады.

Кеңестер:

  • Бейтаныс сілтемелер арқылы ақша аудармаңыз.
  • Ұйымды ресми сайтынан тексеріңіз.
  • Тек белгілі қорлар арқылы көмек көрсетіңіз (“Красный полумесяц”, «Халық» қоры және т.б.).

8. «Сіз ұттыңыз!»

«Сіз ұтыстың жеңімпазысыз!» деп хабарласып, «сыйлық алу үшін» комиссия, салық немесе жеткізу ақысын төлеуді сұрайды.

Кеңестер:

  • Мұндай хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз.
  • Жеке деректеріңізді бейтаныс сайттарға енгізбеңіз.
  • Сыйлық үшін ешқашан ақша төлемеңіз.

9. Жалған жұмыс пен бизнес ұсыныстары

Алаяқтар «жоғары жалақы», «қашықтан жұмыс» немесе «пайдалы серіктестік» ұсынып, «тіркелу ақысын», «оқу ақысын» сұрап, жоғалып кетеді.

Кеңестер:

  • Спам-хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз.
  • Жұмысқа тұру немесе «бизнеске кіру» үшін ақша төлемеңіз.
  • Жұмыс берушіні ресми көздерден тексеріңіз.

Алаяқтық туралы хабарлау үшін:

https://qamqor.gov.kz/ сайтындағы «Полицияға өтініш беру» бөлімі арқылы немесе 102 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Қосымша ақпаратты ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес департаментінің Instagram парақшасынан табуға болады:
https://www.instagram.com/cybercrime.kz/

Жаңалықтар
Онлайн-кредит беру ережелеріне енгізілген өзгеріс

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген «Банктер туралы» заңға енгізілген түзетудің күшіне енуіне байланысты:

  • 21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан клиенттерге қарыз міндетті түрде кредит алу туралы келісім берген жағдайда ғана ресімделеді.
  • Кредит тарихы жоқ клиенттер бойынша онлайн-кредиттің ең үлкен сомасы – 150 АЕК-ке дейін.
  • 150-255 АЕК аралығындағы сомадағы онлайн-кредиттер 8 сағатқа, ал 255 АЕК-тен жоғары сомадағы кредиттер 24 сағатқа уақытша бұғатталады.

Аталған өзгеріс банк филиалдарында ресімделетін кредиттерге қатысты емес.

Жаңалықтар
«Құмар ойындар» санатындағы операцияларға өзгеріс енгізілді

2025 жылғы 29 қыркүйектен бастап «құмар ойындар» санатындағы транзакцияларға шектеу енгізіледі. Бұл осы санаттағы кейбір операцияларды жүргізу мүмкін болмайтынын білдіреді.

Толығырақ ақпарат алу үшін 505 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласыңыз.

Техникалық жұмыстар
Жаңалықтар
2025 жылғы 24 қыркүйекте жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі

24 қыркүйек күні сағат 00:30-02:30 аралығында жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты «Оңай» және Avtobus қызметтерінің ақысын төлеу және толықтыру, bcc mall-да бөліп төлеу, КГТА коммуналдық төлемдері, сондай-ақ ATAIX: BYBIT әмиянын толықтыру мүмкін болмайды.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қажетті операцияларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі Банкаралық мобильді аударымдар жүйесіне қосылды

Біз Банкаралық мобильді аударымдар жүйесіне қосылдық. Енді клиенттер жүйеге қатысушы басқа банктердің клиенттерінен телефон нөмірі бойынша ақша аударып, қабылдай алады.

Ұлттық төлем корпорациясы әзірлеген Мобильді аударымдар жүйесі – Ұлттық қаржы инфрақұрылымының бір бөлігі. Бұл жылдам әрі қауіпсіз мобильді аударымдар үшін бірыңғай кеңістік қалыптастырады. Енді бірнеше секунд ішінде ақша аударуға болады.

Біздің банктен бөлек, жүйеге Freedom Bank, Bank RBK, Halyk Bank, Altyn Bank, Home Credit Bank Қазақстан және Forte Bank қосылған. Банктер арасындағы аударымдар саны тұрақты түрде өсіп, ал қатысушылар тізімі кеңейіп келеді.

Жаңалықтар
#BlackEdition: Яндекс Go арқылы ең жоғары пайда

Осы қыркүйекте әуежайға немесе әуежайдан сапарға жеңілдік, сондай-ақ наурыз айының соңына дейін тамаққа тапсырыс беруге 20% жеңілдік сыйлаймыз, ол үшін #BlackEdition картаңызды Яндекс Go-ға тіркеңіз.   

  1. 1. 31 наурызға дейін Алматы мен Астанада Яндекс Такси арқылы әуежайға немесе әуежайдан 2 сапарға 4000 ₸ жеңілдік. 

  1. 2. 2026 жылғы 31 наурызға дейін Яндекс тамақ жеткізу сервисінде үш тапсырысқа 20% жеңілдік. 

#BlackEdition картасы туралы толығырақ

Жаңалықтар
Benoit мейрамханасында 20%-ға дейін пайда

Benoit мейрамханасында #BlackEdition картасының иелері екі есе пайда — барлық мәзірге 10% жеңілдік және 10% кешбэк алады.

Ұсыныс 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды.

#BlackEdition картасы туралы толығырақ

Жаңалықтар
Qazaq Energy Charge: #BlackEdition картасының иелеріне 30% жеңілдік

Электрмобильді Qazaq Energy Charge станцияларында зарядтау тиімдірек!

Vlife қолданбасында Mastercard Green 200 kW абонементін таңдап, зарядтау ақысын #BlackEdition картасымен төлеңіз де, 30% жеңілдік алыңыз.

Ұсыныс 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін жарамды.

#BlackEdition картасы туралы толығырақ

Жаңалықтар
Mandarin Oriental қонақүйлерінде #BlackEdition картасымен төлеген кезде кешбэк беріледі

#BlackEdition картасының иелері mandarinoriental.com сайтында Лондон, Париж, Бостон, Макао және Милан қалаларындағы Mandarin Oriental қонақүйлерін брондаған кезде кешбэк алады.
Төлем жергілікті валютамен жасалуы қажет.

Ұсыныс 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жарамды.
#BlackEdition картасы туралы толығырақ

Техникалық жұмыстар
Жаңалықтар
2025 жылғы 15 қыркүйекте жоспарлы техникалық жұмыстар

Құрметті клиенттер!

15 қыркүйек күні сағат 22:00-ден 23:00-ге дейін жаңа платформаға көшуге байланысты bcc.kz сайтындағы жекелеген сервистердің жұмысында қысқа мерзімді баяулау немесе кідірістер болуы мүмкін. Біз бұл процестің мүмкіндігінше тез әрі сіздерге байқалмай өтуі үшін барлық күш-жігерімізді салудамыз.

Түсіністік танытқандарыңызға рақмет!

Жаңалықтар
Moody's ЦКБ рейтингін инвестициялық деңгейге көтерді

Рейтинг Baa3 деңгейіне көтерілді, болжам – тұрақты

Moody's рейтинг агенттігі бүгін ЦентрКредит Банкінің рейтингтері мен бағаларын көтерді: ұлттық және шетел валютасымен ашылған депозиттердің ұзақмерзімді рейтингі Ba1-ден Baa3-ке дейін артты.

Банк депозиттерінің ұзақмерзімді рейтингі «позитивті» болжамнан «тұрақты» болжамға өзгерді. Сонымен қатар ЦКБ-нің ұлттық шкала бойынша банк депозиттерінің ұзақмерзімді рейтингі A3.kz-тен A1.kz-ке дейін көтерілді.

«Бұл – біздің банкіміз үшін ғана емес, еліміз үшін де тарихи сәт. Өйткені бұл өңіріміздің инвестициялық тартымдылығы мен артқанын айғақтайды. Қазіргі және болашақ серіктестеріміз үшін инвестициялық деңгейдегі рейтинг сенімділіктің оң белгісі болып саналады», – деп атап өтті «Банк ЦентрКредит» АҚ Президенті Руслан Владимиров.

Рейтингтің негіздемесі

Рейтингтің көтерілуі банк активтері сапасының, табыстылығы мен төлем қабілетінің жақсаруымен байланысты. Бұған қолайлы операциялық орта да ықпал етті.

Сонымен қатар банктің өтімді активтерінің айтарлықтай қоры ескерілді. Ол тұрақты деңгейде сақталып, 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының соңында банктің материалдық активтерінің 40%-ынан асып түсті.

Тұрақты болжамның негіздемесі

Депозиттердің ұзақмерзімді рейтингі бойынша тұрақты болжам банктің қарқынды өсуіне байланысты кредит тәуекелдерін тиімді басқарып, кірістілік, активтердің сапасы, капиталдандыру және өтімділік сияқты кредит төлеу қабілетінің негізгі қаржылық көрсеткіштерін тұрақты деңгейде сақтайды деген болжалды білдіреді.


ҚР ҚНРДА 03.02.2020 ж. берген №1.2.25/195/34 лицензия

Жаңалықтар
#DragonCard және #GoldCard: бүкіл әлем бойынша 5%-ға дейін кешбэк

#DragonCard және #GoldCard карталарының жаңа мүмкіндіктері аталған карта иелеріне тамаша жаңалық болмақ.

Сауда ақысын премиум карта арқылы төлеп, #DragonCard картасының иелері бүкіл әлем бойынша 5% кешбэкпен айына 40 000 теңгеге дейін пайда таба алады. Қытайда, Alipay және WeChat арқылы жасалған төлемдер ескерілмейді.

#GoldCard картасына белгіленген бүкіл әлем бойынша негізгі кешбэк – 3%. Қытайда, Alipay және WeChat арқылы жасалған төлемдер ескерілмейді.

Егер Қытайда жиі сауда жасайтын болсаңыз, юаньмен тиімді сауда жасау үшін міндетті түрде #DragonCard немесе #GoldCard карталарын ашып, басқа елдерде 5%-ға дейін кешбэк алыңыз. Енді кез келген жерде тиімді.

#DragonCard картасы туралы толығырақ
#GoldCard картасы туралы толығырақ

Жаңалықтар
Call-орталықта ағылшын тілінде қызмет көрсету

Біздің банктің call-орталығында енді ағылшын тілінде қызмет көрсету қолжетімді екенін хабарлаймыз.
Клиенттер банк өнімдері мен қызметтері бойынша қажетті ақпарат пен кеңесті келесі нөмірлер арқылы ала алады:

505 — жеке клиенттер үшін

605 — бизнес-клиенттер үшін

303 — премиум-клиенттер үшін

Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.
Біз клиенттердің банкпен өзара әрекеттесуін барынша қолайлы ету үшін сервисімізді үнемі жетілдіріп отырамыз.

Жаңалықтар
S&P ЦКБ рейтингі бойынша болжамын көтеріп, банктің ESG бағасын жақсартты

Болжам — «Позитивті», ESG бағасы — 75 балл

28 тамызда S&P Global Ratings агенттігі ЦентрКредит Банкі рейтингін «Тұрақты» болжамнан «Позитивті» болжамға дейін өзгертті. Агенттік Банктің ұлттық шкала бойынша рейтингін «kzA+» деңгейінен «kzAA-» деңгейіне дейін көтерді. Сонымен қатар ЦКБ эмитентінің ұзақмерзімді және қысқамерзімді кредит рейтингтері «BB/B» деңгейінде расталды.

Банктің операциялық көрсеткіштері тұрақты. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы таза пайда 2024 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 70%-ға өсті. Меншікті капиталдың рентабельдігі (ROE) соңғы бірнеше жыл ішінде орта есеппен тұрақты түрде 35%-дан асып отырды (2025 жылдың бірінші жартыжылдығында — 43%).

25 тамызда ЦКБ S&P Global агенттігінен жаңартылған ESG бағасын алды. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға жақсарып, 61 балдан 75 балға дейін өсті. Бұл банктің тұрақты даму саласындағы айтарлықтай ілгерілеуін растайды.

Осы жылғы шілде айында банк ҚНРДА талаптарына, сондай-ақ халықаралық GRI, SASB, IFRS S1 және S2 стандарттарына сәйкес әзірленген өзінің қаржы саласынан тыс екінші есебін ұсынды. Құжат ашылатын ақпараттың ауқымын кеңейтіп, ESG-тәсілдердің жүзеге асырылуын жан-жақты көрсетуге мүмкіндік берді.

ЦКБ көлемі жағынан Қазақстандағы үшінші коммерциялық банк болып саналады. 2025 жылғы 1 шілдедегі жай-күй бойынша оның нарықтағы үлесі жиынтық активтер бойынша шамамен 11%, ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 12%. 2025 жылғы тамыз айының басында банк мемлекеттен алынған көмектің барлығын мерзімінен бұрын өтеді.

ҚР ҚНРДА 03.02.2020ж. берген №1.2.25/195/34 лицензия

Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді