E-mail: Pr@bcc.kz
Банк ЦентрКредит қаржы қызметін тұтынушылардың өтініштерін қарау тетіктерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құрған FinOtinish цифрлық платформасымен жұмысын бастады.
Платформаға қосылу Банктің клиентке бағдарланған сервисті дамыту және клиенттермен өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыру бағытындағы кезекті қадамы болды.
Жаңа цифрлық құрал қаржылық қызметтерді тұтынушыларға Банкке бірыңғай электронды арна арқылы өтініш жолдауға, сондай-ақ олардың қаралу барысы мен нәтижелерін онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді.
FinOtinish қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға арналған бірыңғай цифрлық арнаны ұсынады.
FinOtinish цифрлық платформасы арқылы қаржы қызметтерін тұтынушылар (жеке тұлғалар) өз құқықтарының бұзылуына, Банктің әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен келіспеуіне, сондай-ақ қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынуға байланысты шағымдары бойынша Банкке өтініш жолдай алады.
Платформа арқылы жолданған өтініштің мәртебесі мен оны қарау мерзімдерін онлайн режимінде бақылауға болады. Келіп түскен өтініш автоматты түрде Банкке жіберіледі.
Өтініштерді жолдау сілтемесі: https://finotinish.kz/.
Мәселе Банк деңгейінде реттелмеген жағдайда, платформа қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес банк омбудсманына жүгіну мүмкіндігін қарастырады. FinOtinish платформасын пайдалану тегін және оны пайдалану тұтынушының өз еркіне байланысты. Сонымен қатар, платформаға қосылу қаржы қызметтерін тұтынушылардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада көзделген өзге де тәсілдерін пайдалану құқығын шектемейді.
Өнімдер мен қызметтер бойынша кеңес алу, қызмет көрсету шарттарын білу немесе басқа да анықтамалық ақпарат алу үшін клиенттер Банктің келесі байланыс арналарына хабарласа алады:
Банктің байланыс орталығы:
Қазақстан Республикасы аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.
жеке тұлғалар үшін — 505;
Банктің мессенджерлері: WhatsApp және Telegram
(мессенджерлер арқылы қоңырау қабылданбайды)
жеке тұлғалар үшін — 8 (747) 111-15-05.
Банктің ресми сайтындағы чат.
В Туркестане в рамках II Центрально-Азиатского финансово-банковского форума «Банки и финтех» состоялась панельная сессия «ESG, Green Finance и устойчивое развитие», объединившая представителей финансового сектора, международных финансовых институтов, консалтинга и компаний реального сектора экономики.
Модератором выступила Сабина Акжарова, Вице-президент по коммуникациям и международному сотрудничеству Казахстанской национальной федерации клубов ЮНЕСКО. Среди спикеров — Руководитель Центра по устойчивому развитию Банка ЦентрКредит Арнур Ибраев, а также представители ведущих международных и национальных организаций, охватывающих консалтинговый сектор, банковскую индустрию и международные финансовые институты, включая Европейский банк реконструкции и развития, Алтын Банк, KPMG, EY и KZ Recycling.
В ходе сессии участники обсудили развитие ESG-повестки в финансовом секторе, внедрение стратегий устойчивого развития, инструменты зеленого финансирования, а также вопросы ESG-зрелости заёмщиков и верификации нефинансовой отчетности. Отдельное внимание было уделено ключевым барьерам, включая доступность данных, регулирование и экономику устойчивых проектов.
По итогам дискуссии отмечено, что ESG в Казахстане и регионе переходит в практическую плоскость и становится важным элементом банковской деятельности, одновременно усиливая влияние на компании реального сектора и формируя новые рыночные стандарты в области устойчивого развития.
22 апреля с 02:55 до 03:15 будут проводиться плановые технические работы, и в связи с этим будут недоступны оплаты в интернете и переводы с карты на карту.
Приносим извинения за возможные неудобства и рекомендуем заранее запланировать необходимые операции.
bcc plus жазылымымен сіз жыл соңына дейін промокод бойынша Lamoda-дан 10% және 15% жеңілдік аласыз!
Промокодты бір рет қана пайдалануға болады, сондай-ақ ол Lamoda бейілділік бағдарламасының басқа жеңілдіктеріне қосылмайды. Акцияның толық талаптары туралы lamoda.kz/promo/ сайтында оқуға болады.
Киім, аяқ киім және аксессуарларды тиімді сатып алу үшін bcc.kz қолданбасында bcc plus жазылымын қосыңыз!
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 19.03.2026 жылғы №116 бұйрығы негізінде 17.04.2026 жылдан бастап Бірыңғай зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енеді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес енді БЗТ қаражаты тек ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша негізгі борышты ішінара немесе толық көлемде өтеуге ғана жұмсала алады. Кредит бойынша пайызды, өсімпұлды, айыппұлды және басқа да берешекті төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға бұдан былай рұқсат берілмейді.
Қағидалардың бұрынғы нұсқасында БЗТ есебінен тек негізгі борышты ғана емес, сонымен қатар қарыз бойынша ілеспе міндеттемелерді де өтеу мүмкіндігі қарастырылған болатын. Жаңа нұсқада бұл мүмкіндік алынып тасталды.
Клиенттеріміз үшін процесс қалай өзгереді:
• Банктің сайтында негізгі борышты БЗТ қаражатынан өтеу үшін клиент алдымен өз қаражаты есебінен пайызды төлеуі қажет.
• Клиент пайызды, өсімпұлды, айыппұлды өз қаражаты есебінен төлеген бойда БЗТ қаражаты негізгі борышты өтеуге есептеледі.
• Пайыз 10 күн ішінде төленбесе, БЗТ қаражаты Зейнетақы қорына қайтарылады.
Жүйені жаңартылған заңнама талаптарына сәйкестендіруге, сондай-ақ Банктің теңшеуге қатысты қажетті техникалық жұмыстарды жүргізуіне байланысты 17.04.2026 жылдан бастап БЗТ қаражаты есебінен берешекті ішінара мерзімінен бұрын өтеу (ІМБӨ) / толық мерзімінен бұрын өтеу (ТМБӨ) мақсатына төлем жасау уақытша мүмкін емес.
Зейнетақы қаражатын тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланудың басқа мақсаты өзгеріссіз қалады.
1С жүйесі мен ЦентрКредит Банкінің интернет-банкингінің интеграциясы: төлемдерді 1С жүйесінде толтырыңыз – олар интернет-банкингке автоматты түрде жіберіледі.
Қолмен енгізуді барынша азайтып, қателерге жол бермеңіз.
1С жүйесінде интернет-банкингтен үзінді-көшірмелерді автоматты түрде жүктеу мүмкіндігі. Деректерді берудің жоғары деңгейдегі қауіпсіздігі қамтамасыз етілген.
14 апреля с 03:00 до 04:00 будут проводиться плановые технические работы, и в связи с этим будут недоступны операции с банкоматами и терминалами, переводы, оплата в интернете и через POS-терминалы.
Приносим извинения за возможные неудобства и рекомендуем заранее запланировать необходимые операции.
Ақысы #DragonCard және #GoldCard карталарымен төленген сауда бойынша кешбэк есептеу талаптары өзгертілді.
#DragonCard
• 31 мамырға дейін сауда ақысын Apple Pay арқылы төлеген кезде берілетін кешбэк – 5%
• Нақты картамен жасалған саудаға және интернет арқылы бүкіл әлем бойынша жасалған операцияларға берілетін кешбэк – 2%
#GoldCard
• 31 мамырға дейін сауда ақысын Apple Pay арқылы төлеген кезде берілетін кешбэк – 3%
• Нақты картамен жасалған төлемдерге және интернет арқылы бүкіл әлем бойынша жасалған операцияларға берілетін кешбэк – 1%
Картаны Apple Pay-ге қалай қосуға болады? Қазақстандағы Apple Pay: контактісіз төлем қалай жұмыс істейді және картаны қалай қосуға болады?
Құрметті бизнес-клиенттер,
2026 жылғы 12 мамырдан бастап валютамен ақша аудару бойынша бизнес-клиенттерге арналған тарифтерге өзгеріс енгізілетіні туралы хабарлаймыз.
Стандарт тарифтер:
5.5.2-тармақ. ТМД елдерінің валюталарында BCC Business арқылы – аударым сомасының 0,25%-ы, ең азы 3 000 KZT, ең көбі 50 000 KZT;
Оңтайлы+ ҚП:
3.4.1-тармақ. ТМД елдерінің валюталарында BCC Business арқылы – аударым сомасының 0,20%-ы, ең азы 2 500 KZT, ең көбі 40 000 KZT;
Премиум ҚП:
3.4.1-тармақ. ТМД елдерінің валюталарында BCC Business арқылы – аударым сомасының 0,15%-ы, ең азы 2 000 KZT, ең көбі 30 000 KZT;
Ультра ҚП:
3.4.1-тармақ. ТМД елдерінің валюталарында BCC Business арқылы – аударым сомасының 0,08%-ы, ең азы 2 000 KZT, ең көбі 20 000 KZT.
Операцияларды жоспарлау және жүргізу барысында жаңартылған талаптарды назарға алыңыздар.
Ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз.
Енді төлемнің қайда екенін болжаудың қажеті жоқ. Банкімізде кіріс төлемдерін бақылауға арналған SWIFT GPI сервисі жұмыс істейді.
UETR-кодты енгізіп, төлем бағыты туралы мәлімет алыңыз:
• төлемнің қазіргі кезеңі;
• төлем өңделіп жатқан орын.
Шетелдік контрагенттерден түсетін қаражатты BCC Business қолданбасы арқылы бақылаңыз.
27.04.2026 ж. жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша рубльмен жүргізілетін кассалық операциялар үшін жаңа тарифтер қолданысқа енді.
Тарифтер туралы толық ақпаратты 505 нөмірі бойынша немесе сайтымыздан ала аласыз: https://www.bcc.kz/kz/personal/tariffs/
Құрметті клиенттер,
2026 жылғы 6 сәуірден бастап кассалық операциялар бойынша тарифке енгізілген келесі өзгерістер күшіне енетінін хабарлаймыз:
8.2.1-т. Ресей рублін (RUB) қолма-қол алу – 5%
Операцияларды жоспарлаған және жүргізген кезде жаңартылған талаптарды ескеріңіздер.
Ынтымақтастығыңызға алғыс білдіреміз.
Құрметті клиенттер!
«Банк ЦентрКредит» АҚ (бұдан әрі – Банк) осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сізге өз құрметін білдіреді және Банкке білдірген сеніміңіз үшін алғыс айтады.
Осы хабарлама заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкілдіктері), кәсіпкерлік қызметті, адвокаттық қызметті, жеке нотариаттық қызметті, жеке сот орындаушысының қызметін, кәсіби медиатордың қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып саналатын клиенттерге, сондай-ақ заңды тұлға құрмаған шаруа (фермер) қожалықтарына (бұдан әрі – Клиенттер) жолданады.
Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 28-бабының 1-тармағына сәйкес, клиенттің банктік шотын жабуды клиенттің өтініші бойынша немесе осы Заңның 29-бабында қарастырылған тәртіппен банктік шот шартының, банктік салым шартының қолданылуы тоқтатылған не оларды орындаудан бас тартылған жағдайларда банк өзі дербес жүзеге асырады. Заңның 29-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, клиенттің банктік шотында 1 (бір) жылдан астам ақша болмаған жағдайда банк банктік шот шартын орындаудан бас тартуға (банктік шотты жабуға) құқылы. Заңның 29-бабының 7-тармағында клиенттің банктік шотында ақша болмаған кезде банк банктік шот шартын немесе банктік салым шартын орындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберілген күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң банктік шот шартын немесе банктік салым шартын бұзады және банктік шоттарды жабады деп қарастырылған.
Банк соңғы 12 (он екі) айдан асатын кезең үшін қалдық 0 (нөлге) тең және Хабарлама орналастырылған күннен бастап келесі 3 (үш) айда ақша қалдығы болмайтын банктік шоттардың жабылғаны туралы (жоғарыда көрсетілген шарттарды орындаудан бас тарту туралы) хабарлайды. Бұл ретте ағымдағы шоттарды жүргізу және жабу үшін комиссия Банктің тарифтеріне сәйкес алынады. Іскерлік қатынастарды тоқтатумен келіспеген жағдайда, Банкті жазбаша түрде хабардар етуді немесе ағымдағы шот бойынша ақша аудару операциясын (яғни төлем жасау және (немесе) ақша аудару) жүргізуді немесе банктік салымды толықтыруды сұраймыз.
Құрметпен, «Банк ЦентрКредит» АҚ.
Осы Хабарламаның жарияланған күні: 202___ жылғы «___» _________.
16.04.2026 ж. бастап жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсету және оларды жүргізу, сондай-ақ клиенттің сұрауы бойынша шоттың болуы, ағымдағы қалдық және шот/салым бойынша қозғалыс туралы анықтама беру үшін жаңа тарифтер қолданылады.
Тарифтер туралы толығырақ 505 нөмірі арқылы немесе біздің сайтымыздан біле аласыз: https://www.bcc.kz/fizical/tarify/
Енді төлемнің қайда екенін болжаудың қажеті жоқ. Банкімізде кіріс төлемдерін бақылауға арналған SWIFT GPI сервисі жұмыс істейді.
UETR-кодты енгізіп, төлем бағыты туралы мәлімет алыңыз:
- төлемнің қазіргі кезеңі;
- төлем өңделіп жатқан орын.
Шетелдік контрагенттерден түсетін қаражатты BCC Business қолданбасы арқылы бақылаңыз.
1 сәуірден бастап Банкіміз қолма-қол ақшалай кредит немесе BCC Life сақтандыруымен бірге қайта қаржыландыру ресімдейтін клиенттерге арналған акцияны бастайды.
Үш ай ішінде акцияға қатысушылар алтын құйма ұтып ала алады.
Ойнатылатын сыйлықтар:
1-ай — номиналы 5 грамдық 3 алтын құйма
2-ай — номиналы 5 грамдық 3 алтын құйма
3-ай (финал) — номиналы 5, 10 және 20 грамдық 3 алтын құйма
Акцияға қатысу үшін 1 сәуір мен 30 маусым аралығында қолма-қол ақшалай кредит немесе BCC Life сақтандыруымен бірге қайта қаржыландыру ресімдеңіз. Ұтыс нәтижелері Instagram желісіндегі centercreditkz парақшасында 20 мамыр, 19 маусым және 20 шілде күндері жарияланады.
SmartGas компаниясы «Смарт жанармай құю» сервисінің қызмет көрсету талаптарының алдағы уақытта өзгеретіні туралы хабарлайды.
2026 жылғы 1 сәуірден бастап сервиске қосылған жүргізушілердің есептік жазбаларын сүйемелдеу үшін ай сайынғы абоненттік төлем енгізіледі.
Абоненттік төлем мөлшері – әр белсенді жүргізуші үшін айына 2 000 теңге.
«Смарт жанармай құю» сервисінде тіркелген және бұғатталмаған жүргізуші белсенді болып саналады.
Алғашқы төлем 2026 жылғы 1 мамырда – сервисті пайдаланудың сәуір айындағы кезеңі үшін жүргізіледі.
Келесі төлемдер әр айдың 1-ші күні жүзеге асырылады.
Абоненттік төлем жүргізуші ай ішінде жанармай құймаған жағдайда да толық көлемде ұсталады.
Артық шығынның алдын алу үшін 2026 жылғы 1 сәуірге дейін «Смарт жанармай құю» жеке кабинетінде жүргізушілер тізімінің өзектілігін тексеріп, сервисті пайдаланбайтын жүргізушілерді бұғаттауды ұсынамыз.
06.04.2026 ж. жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша рубльмен жүргізілетін кассалық операциялар үшін жаңа тарифтер қолданысқа енді.
Тарифтер туралы толық ақпаратты 505 нөмірі бойынша немесе сайтымыздан ала аласыз: https://www.bcc.kz/kz/personal/tariffs/
Құрметті «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың акционерлері!
2026 жылғы 18 наурызда өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындысы туралы хабарлаймыз. Жиналысқа қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының 89,4%-ын құрайтын, яғни 157 181 711 дауыс беретін акцияға иелік ететін акционерлер мен олардың өкілдері қатысты.
ДАУЫС БЕРУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
| Күн тәртібіндегі мәселелер | Қолдағандар | Қарсы болғандар | Қалыс қалғандар |
| 1. Банктің 2025 жылғы қызметінің нәтижелері туралы есеп. | 157 181 711 | 0 | 0 |
| 2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2025 жылға арналған шоғырландырылған және жеке жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы. | 157 181 711 | 0 | 0 |
| 3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2025 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы. | 152 017 508 | 5 164 203 | 0 |
| 4. 2026 жылы Банктің және оның еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды бекіту туралы. | 152 017 508 | 5 164 203 | 0 |
| 5. «Банк ЦентрКредит» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы. | 152 017 508 | 0 | 5 164 203 |
Акционерлер «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 2025 жылғы таза кірісін бөлудің келесі тәртібін бекіту туралы шешім қабылдады:
- 2025 қаржы жылы үшін жай акциялар бойынша дивидендтер төленбесін.
- 2025 жыл қорытындысы бойынша 240 194 млн теңге (екі жүз қырық миллиард бір жүз тоқсан төрт миллион теңге) мөлшеріндегі таза табыс «Өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасы (өтелмеген залал)» шотында қалсын.
2026 жылғы 1 сәуірден бастап ЦентрКредит Банкінде қаржыландыру талаптарын өзгерту бойынша жеке тұлғаларға арналған тарифтер жаңартылады. Жаңартылған тарифтер 2026 жылғы 1 сәуірден бастап ресімделген жаңа қарыздарға қатысты қолданылады. 2026 жылғы 1 сәуірге дейін берілген қарыздар бойынша бұрын белгіленген тарифтер қолданыста қалады.
Өзгерістер келесі операцияларға қатысты:
- Төлем мерзімін кейінге жылжыту;
- қарыз мерзімін өзгерту;
- төлем түрін өзгерту;
- берешекті өтеу күнін өзгерту.
Қолданыстағы тарифтермен және жалпы ережелермен тарифтер бөлімінде танысуға болады
Кредиттерді ыңғайлы басқару үшін bcc.kz мобильді қолданбасын пайдалануды ұсынамыз.
Сеніміңіз бен ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз!
Енді автокөлікті жалға алу ақысын бүкіл әлем бойынша #rentacar орнына #IronCard және #TravelCard арқылы төлеуге болады. Біз #IronCard және #TravelCard премиум карталарының функционалын кеңейттік. Барлығына бір карта — игілігіңізге пайдаланыңыз.
Басқа карталар сияқты, сіздің #rentacar картаңыз 12 ай бойы қолданылмаса, жабылады.
01.04.2026 ж. жеке тұлғалардың ағымдағы және жинақ шоттары бойынша рубльмен жүргізілетін кассалық операциялар үшін жаңа тарифтер қолданысқа енді.
Тарифтер туралы толық ақпаратты 505 нөмірі бойынша немесе сайтымыздан ала аласыз: https://www.bcc.kz/kz/personal/tariffs/
Банк ЦентрКредит Қазақстан қор биржасының (KASE) жыл сайынғы Жылдық есептер байқауында «Қаржы секторындағы 2024 жылғы үздік тұрақты даму есебі» номинациясы бойынша лауреат атанды.
Кәсіби қоғамдастықтың жоғары бағасы Банк ЦентрКредит-тің ақпараттың ашықтығын арттыруға, деректерді толық көрсетуге және банк бизнес-процестерінде тұрақты даму принциптері мен ESG-тәсілдерін жүйелі түрде интеграциялауға бағытталған жұмысының растамасы болып табылады.
Байқау KASE тарапынан жыл сайын өткізіледі және биржада құнды қағаздары айналымда жүрген компаниялар арасында бейқаржылық және ESG-есептіліктің сапасын арттыруға бағытталған. Оның мақсаты – ақпараттың ашықтығы, деректердің толықтығы және корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелеріне адалдығын көрсететін ұйымдарды атап өту.
Қатысушылардың есептері тәуелсіз сарапшылар мен кәсіби қоғамдастық өкілдері тарапынан бірнеше критерий бойынша бағаланады, соның ішінде ESG-ақпаратты көрсету сапасы, есеп құрылымы, деректердің толықтығы және халықаралық тәжірибелерге сәйкестігі. Банк ЦентрКредит-тің 2024 жылғы есебі «жасыл» қаржыландыруды дамыту, климаттық тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқаруды жетілдіру және әлеуметтік бағытты нығайту сияқты негізгі ESG-салаларында жүйелі прогресті көрсетті.
«Бұл марапат біз үшін атқарылған жұмыстың мойындалуы ғана емес, сонымен қатар әрі қарай дамуға қосымша ынталандыру болып табылады. Біз тұрақты даму басқару тәжірибелерін жетілдіруді, көрсеткіштердің тиімділігін арттыруды және ESG-принциптерін банктің стратегиясына интеграциялауды жалғастырамыз», - деді АО «Банк ЦентрКредит»-тің Chief Sustainability Officer Арнур Ибраев.
2024 жылғы есеппен банктің ресми сайтынан танысуға болады.
Жоспарлы тексерудің нәтижелері бойынша ЦентрКредит Банкі 2025 жылы шот ашқан клиенттердің — АХҚО резиденттерінің шоттарынан наурыз айының соңына дейін 50 000 теңге мөлшерінде комиссия ұстап қалады. Техникалық қателік салдарынан бұл комиссия бұрын есептен шығарылмаған. Клиенттерден кешірім сұраймыз. Берешектің пайда болуына жол бермеу үшін шотта қажетті соманың болуын қамтамасыз етіңіз.