E-mail: Pr@bcc.kz
Қазақстанда телефон және интернет алаяқтығы жиілеп кетті. Өзіңізді және қаражатыңызды қорғау үшін негізгі қауіпсіздік ережесін сақтау маңызды: ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз, бейтаныс адамдардың телефон арқылы немесе желіде айтқан өтініштерін орындамаңыз, күрделі парольдер мен екіфакторлы аутентификацияны қолданыңыз, гаджеттердегі қолданбалар мен жүйені ұдайы жаңартып отырыңыз.
Егер алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға 102 нөмірі арқылы немесе qamqor.gov.kz сайтындағы «Полицияға өтініш беру» бөлімі арқылы хабарласыңыз. Сонымен қатар картаңызды банк қолданбасы немесе байланыс орталығы арқылы бұғаттаңыз. Бұған қоса бірыңғай 116 нөміріне қоңырау шалуға болады.
Алаяқтар көбіне өздерін банк, полиция немесе басқа ұйым қызметкерлері ретінде таныстырып, мемлекеттік органдар мен дүкендердің атынан жалған хабарламалар жібереді, жалған интернет-дүкендер құрып, «тиімді инвестиция» ұсынады. Ресми органдар ешқашан код пен пароль сұрамайтынын және телефон арқылы тергеу әрекеттерін жүргізбейтінін есіңізде сақтаңыз.
Алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы толығырақ ақпаратты ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің Instagram желісіндегі @cybercrime.kz парақшасынан біле аласыз.
Өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады, сілтемеден толығырақ танысыңыз.
ЦентрКредит Банкі Қазақстандағы қаржылық алаяқтықтан қорғауға бағытталған заңнамаға енгізілген өзгеріс туралы маңызды ақпаратты хабарлайды.
2025 жылғы қыркүйектен бастап енгізілетін өзгеріс
Қазақстанда қаржылық қылмыстарға қарсы күрес аясында банктік шоттарға, карталарға және банктің мобильді қолданбасына кіру рұқсатын үшінші тұлғаларға заңсыз бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Жұбайлар мен жақын туыстар арасындағы операцияларға қатысты бұл талап қолданылмайды. Жаза мөлшері: ірі айыппұлдан бастап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе мүлікті тәркілеу. Алаяқтық сұлбаларды ұйымдастырушыларға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылады
Алаяқтық сұлбалардың жұмыс істеу принципі
Қылмыскерлер әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы азаматтарды белсенді түрде тартып, банк деректемелерін пайдалану үшін «оңай табыс табу» жолын ұсынады. «Дропперлер» деп аталатын мұндай ұсыныстардың құрбандары қылмыскерлердің сыбайласына айналғанын білмей қалуы да мүмкін. Ұлттық Банк ескерткендей, мұндай сұлбалар елдің қаржы жүйесіне елеулі зиян келтіреді және азаматтардың банк қызметтеріне деген сеніміне селкеу түсіреді.
Алаяқтардың әдеттегі ұсыныстары:
- «Картамды 50 000 теңгеге жалға беремін»
- «Қолма-қол ақша алу үшін адамдар керек»
- «Банктік операциялардан табыс табу»
ЦентрКредит Банкінің қаржылық қауіпсіздік бойынша кеңесі
Келесі деректерді үшінші тұлғаларға ешқашан бермеңіз:
- Банк карталары мен олардың деректемелері
- Мобильді банкингке кіретін PIN-кодтар мен парольдер
- Банктік қолданбаларға кіру рұқсаты
- Операцияларды растау үшін жіберілетін SMS-кодтар
Алаяқтық белгілері:
- Банк операциялар арқылы «оңай табыс табуды» ұсыну
- Сыйақы үшін «ақша аударуға көмектесуді» сұрау
- Шотыңызды бөгде «бизнес» үшін пайдалануды ұсыну
Күдікті операцияларды байқаған кезде:
1. Call-center/банктің мобильді қолданбасы арқылы картаны дереу бұғаттаңыз
2. Құқық қорғау органдарына өтініш жасаңыз
3. Банкке алаяқтық операциялар туралы хабарлаңыз
4. Барлық құжаттама мен хат алмасуды сақтаңыз
Банктің өкілдері келесі деректерді ешқашан сұрамайтыны есіңізде болсын:
- SMS-хабарламалардағы кодтар
- «Қауіпсіз шоттарға» ақша аудару
- Банк деректерін үшінші тұлғаларға беру
ЦентрКредит Банкі клиенттердің қаржылық қауіпсіздігін қорғауды баста назарда ұстап, банк өнімдерін пайдаланған кезде сақтық танытуға шақырады.
Кешбэк в магазинах SMALL и SPAR будет начисляться до 21 сентября 2026 года, так как сеть магазинов перестала участвовать в партнёрской программе bcc club.
Если вы выбрали SMALL и SPAR в любимой категории, кешбэк за покупки в сети будет начисляться до конца сентября.
Мы продолжаем развивать bcc club и работать над тем, чтобы у вас было ещё больше возможностей для выгодных покупок.
02.10.2026 жылдан бастап жаңа тарифтер күшіне енеді:
- шетелдік валюта банкноталарының түпнұсқалығын тексеру үшін
- клиенттің сұрауы бойынша банкноталарды қайта санау үшін
Толығырақ 505 нөмірі арқылы немесе bcc.kz сайтынан біле аласыз: https://www.bcc.kz/fizical/tarify/
10 қыркүйектен бастап премиум жалақы карталарының иелері bcc.kz қолданбасында келесі қызметтерге төлем жасаған кезде 10% жоғары мөлшердегі кешбэк алады:
- Коммуналдық қызметтер
- Интернет және теледидар
- Балабақша
- Қоғамдық көлік
Кешбэк бонустық шотқа есептелуі үшін қызмет ақысын төмендегі премиум жалақы карталарының бірімен төлеу жеткілікті:
- #IronCard
- #TravelCard
- #BlackEdition
- #DragonCard
Осы қызметтер үшін төленетін кешбэктің ең жоғары мөлшері айлық лимит аясында айына 10 000 теңгені құрайды.
Автокредитті ресімдегеннен кейін сізге #bccpay цифрлық картасына арналған Jetour автокөлігі бейнеленген арнайы скин қолжетімді болады.
ЦентрКредит Банкінің автокредиті банктің қаржыландыруымен жаңа автокөлік сатып алуға мүмкіндік береді. Өзіңізге ұнайтын Jetour моделін таңдап, автокредитке өтінім беріңіз және акция бойынша қосымша артықшылықтарды алыңыз.
Акцияға қатысу үшін:
- 1. Jetour автокөлігін таңдаңыз.
- 2. Өтінім беріп, ЦентрКредит Банкінен автокредит ресімдеңіз.
- 3. #bccpay цифрлық картасына арналған бірегей скин және Jetour-дан кепілді сыйлық алыңыз.
Ұсыныс акция аясында Jetour автокөліктерін сатып алған кезде жарамды.
Мөлшерлеме: 0,10 – 23,00%
ЖТСМ: 0,70 – 23,00%
ЦентрКредит Банкі халықаралық Global Business Outlook басылымының «Қазақстандағы шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін озық инновациялық банк» (Most Innovative SME Bank – Kazakhstan 2026) марапатына ие болды. Бұл жоғары марапат банктің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға арналған ұтымды шешімдері, цифрлық технологияларды белсенді енгізуі және клиенттерге заманауи қаржылық қызмет көрсеткен жетістіктері үшін берілді.
Global Business Outlook сарапшылары ЦентрКредит Банкінің шағын және орта бизнеске арналған кешенді шешімдерді дамытудағы жетістіктерін жоғары бағалады. Олардың қатарында жаңартылған BCC Business мобильді қолданбасы, кредит өнімдері мен кепілдіктерді онлайн ресімдеу мүмкіндігі, сондай-ақ мәмілелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін эскроу-шот ашу және эскроу қолхаттарымен алмасу қызметтері бар. Сонымен қатар валюталық бақылау мәселелері бойынша қашықтан кеңес алуға мүмкіндік беретін видеобанкинг сервистері мен қолданбадағы валюталық жұптардың кең таңдауын ұсынатын FX-айырбастау қызметі ерекше атап өтілді. Сарапшылар банктің цифрлық төлем инфрақұрылымын да жоғары бағалады. Атап айтқанда, цифрлық теңгемен есеп айырысу сервистері, интернет-эквайринг пен сауда эквайрингін жылдам әрі оңай қосу мүмкіндіктері ЦентрКредит Банкінің бизнесті дамытуға бағытталған заманауи әрі тиімді қаржылық шешімдер ұсынудағы көшбасшылығын айқындады.
Шағын және орта бизнес банктің негізгі стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Біз кәсіпкерлердің қажеттіліктері үнемі өзгеріп отыратынын жақсы түсінеміз. Сондықтан технологияларды дамытып, цифрлық сервистердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, банк қызметін пайдалануды барынша жеңіл әрі тиімді ету үшін клиенттерге көрсетілетін қызмет сапасын үздіксіз жақсартып келеміз», – деді ЦентрКредит Банкінің президенті Руслан Владимиров.
Global Business Outlook – әлемдік бизнес пен қаржы саласындағы үздік тәжірибелер мен жетістіктерді дәріптейтін халықаралық беделді іскерлік басылым. Басылым жыл сайын бизнесті дамытуға, инновацияларды енгізуге және салалық өсімге елеулі үлес қосқан компаниялар мен қаржы ұйымдарын марапаттайды. Қатысушыларды бағалайтын кезде олардың нарықтағы көшбасшылық ұстанымы, қол жеткізген нәтижелері, табысты жүзеге асырылған бастамалары, өнімдері мен қызметтерінің сапасы, сондай-ақ саланың дамуына қосқан үлесі жан-жақты сараланды.
Банк өз қызметін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 05.08.2026 жылы берген № 1.1.856.145 әмбебап банк лицензиясына сәйкес жүзеге асырады.
Яндекс Лавкада сауда жасау енді UnionPay карталарымен тиімдірек. #GoldCard және премиум санатындағы #DragonCard карталарын ұстаушылар ай сайын 3 тапсырысқа жеңілдік алып, карталардың қосымша артықшылықтарын пайдалана алады.
Акцияның бірінші айында:
- бірінші тапсырысқа – 50% жеңілдік, бірақ 5 000 ₸-ден аспайды;
- екінші тапсырысқа – 20% жеңілдік;
- үшінші тапсырысқа – 10% жеңілдік.
Екінші айдан бастап:
- #GoldCard – айына үш тапсырысқа 10% жеңілдік;
- #DragonCard – айына үш тапсырысқа 20% жеңілдік.
Яндекс Лавкадағы жеңілдіктерден бөлек, әр картаның өз артықшылықтары бар:
- #GoldCard – тегін қызмет көрсету және барлық саудаға 1% кешбэк;
- #DragonCard – барлық саудаға 2% кешбэк, карта ұстаушыға Dragonpass бизнес-залдарына лимитсіз кіру және 6 қонақпен бірге кіру мүмкіндігі.
Жеңілдікті пайдалану үшін Yandex Go қолданбасынан Яндекс Лавканы тауып, тапсырыс ақысын ЦентрКредит Банкінің UnionPay картасымен төлеңіз.
#GoldCard немесе #DragonCard картасын bcc.kz қолданбасында ашып, күнделікті сауда жасағанда және саяхат кезінде UnionPay артықшылықтарын пайдаланыңыз.
Құрметті клиенттер,
жоспарлы техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 6 қыркүйек күні сағат 03:00-ден 05:20-ға дейін «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның бірқатар сервистері уақытша қолжетімсіз болады.
Қолжетімсіз болады:
- bcc.kz (ішінара қолжетімсіз);
- Банкоматтар мен терминалдар (оның ішінде толықтыру);
- POS-терминалдар;
- Карталар бойынша валюта айырбастау операциялары;
- BCC Business сервистері.
- BCC Business mobile 2.0 сервистері.
- ib.bcc.kz (BCC Corporate)
- lib.bcc.kz (BCC Corporate Lite)
bcc.kz сайтында келесі қызметтер қолжетімді болады:
- Балансты көру;
- Өз шоттарыңыз арасында аударымдар (конвертациясыз);
- P2P-аударымдар;
- Төлемдер.
Қажетті операцияларды техникалық жұмыстар басталғанға дейін алдын ала жоспарлап, орындауыңызды сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 01.09.2026 жылы Банктің Директорлар кеңесінің келесі шешімді қабылдағаны туралы хабарлайды:
1. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың 500 000 000 000 (Бес жүз миллиард) теңге сомасындағы бесінші облигациялық бағдарлама шығарылымы бекітілсін.
2. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың бесінші облигациялық бағдарламасы аясында «Банк ЦентрКредит» АҚ облигацияларының бес шығарылымы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың міндеттемелерін 500 000 000 000 (Бес жүз миллиард) теңге сомасына ұлғайту бекітілсін.
3. «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың бесінші облигациялық бағдарламасы аясында облигациялардың бес шығарылымының талаптары осы шешімнің 1–5-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
Автокредитті ресімдегеннен кейін сізге #bccpay цифрлық картасына арналған MG автокөлігі бейнеленген арнайы скин қолжетімді болады.
ЦентрКредит Банкінің автокредиті банктің қаржыландыруымен жаңа автокөлік сатып алуға мүмкіндік береді. Өзіңізге ұнайтын MG моделін таңдап, автокредитке өтінім беріңіз және акция бойынша қосымша артықшылықтарды алыңыз.
Акцияға қатысу үшін:
1. MG автокөлігін таңдаңыз.
2. Өтінім беріп, ЦентрКредит Банкінен автокредит ресімдеңіз.
3. #bccpay цифрлық картасына арналған бірегей скин және MG-ден кепілді сыйлық алыңыз.
Ұсыныс акция аясында MG автокөліктерін сатып алған кезде жарамды.
Мөлшерлеме 22,60% - 24,10%, ЖТСМ 26,20% - 32,70%
Құрметті клиенттер!
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 2026 жылғы 21 тамыздан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютамен жаңадан тартылған «Чемпион» депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне өзгеріс енгізілгені туралы хабарлайды.
Біздің банктің UnionPay карталарының иелері Қытайда тауарға QR-код арқылы төлеген кезде жеңілдіктер ала алады. Акция 2026 жылғы 30 қарашаға дейін жарамды.
Акция аясында төмендегідей артықшылықтар ұсынылады:
- Алғашқы төлемге 50% жеңілдік – 10 CNY-ға дейін.
- Әрбір кейінгі төлемге 5% жеңілдік – бір транзакция үшін 50 CNY-ға дейін.
- Акцияға қатысатын серіктестерден қосымша жеңілдіктер – серіктестер тізімі сілтеме арқылы қолжетімді.
Қытайға барған кезде ЦентрКредит Банкінің UnionPay картасымен QR арқылы ыңғайлы төлем жасап, қаражатыңызды үнемдеңіз.
* Акция серіктестерінде қосымша жоғары мөлшердегі жеңілдіктер қолжетімді болуы мүмкін.
Құрметті клиенттер,
2026 жылғы 12 тамыздан бастап кассалық операциялар тарифіне енгізілген өзгеріс күшіне енетінін хабарлаймыз:
8.1.2-тармақ. Рубльмен (RUB) қолма-қол ақша қабылдау – 10%.
Операцияларды жоспарлау және жүргізу барысында жаңартылған талаптарды назарға алуды сұраймыз.
Ынтымақтастығыңызға алғыс айтамыз.
KoronaPay мен ЦентрКредит Банкі өткізген ұтыс ойынының қорытындысын шығардық. 2026 жылғы 4 маусымнан 31 тамызға дейін bcc.kz қолданбасында KoronaPay арқылы халықаралық аударымдар алған клиенттер жаңа iPhone ұтысына автоматты түрде қатысты.
Кездейсоқ таңдау нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:
- МАКСИМ (1219) — Алматы қаласынан
- IRINA (0735) — Петропавл қаласынан
Резервтегі жеңімпаздар:
- ШОЛПАН (9775) — Шымкент қаласынан
- ЯРОСЛАВ (3683) — Қарағанды қаласынан
- АЛЕКСАНДР (4985) — Орал қаласынан
- AMIR (5353) — Алматы қаласынан
Жеңімпаздармен қосымша байланысамыз.
Акцияға қатысқан барлық қатысушыға алғыс айтамыз!
Бірыңғай банкаралық QR-код (ҰТК QR) арқылы төлем қабылдаған кезде арнайы тарифтің көмегімен сауда эквайрингі бойынша комиссияны үнемдеңіз.
Жаңартылған комиссия мөлшерлемелері келесі қызметтер пакеті қосылған барлық клиентке қолжетімді:
- «Оңтайлы+» және «Премиум» пакеттері: 0,2% (қосымша опциямен — 0%).
- «Ультра» пакеті: 0% (қосымша опциямен — 0%).
Арнайы тариф тек ҰТК QR-коды арқылы төлем қабылдауға қолданылады.
ЦентрКредит Банкімен бірге төлем қабылдау барынша тиімді болсын!
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) ЦентрКредит Банкіне №1.1.856.145 әмбебап банк лицензиясын берді. Жаңа құжат банкарлық қызметке бағытталған қосымша операция түрлерін (заемдар, кепілдіктер мен кепілгерліктер, сондай-ақ басқа да банкаралық операциялар) жүргізуге мүмкіндік береді.
ЦентрКредит Банкі – 37 жылдан астам тарихы бар Қазақстандағы жетекші коммерциялық банктердің бірі. Банкі корпоративтік клиенттерге, шағын және орта бизнеске, жеке тұлғаларға әрі халықаралық компанияларға қаржы қызметтерінің кең ауқымын ұсынады.
«Банк ЦентрКредит» АҚ 2026 жылғы 6 тамызда CCBNb30 (ISIN KZ2C00004158) облигациялары бойынша купондық сыйақы төленгенін хабарлайды.
Төленген купондық сыйақының жалпы сомасы 600 000 000 (алты жүз миллион) теңге 00 тиын болды.
Қазақстанда «қауіпсіз шот» деп аталатын алаяқтық схема кеңінен таралып келеді. Алаяқтар телефон арқылы хабарласып, адамның ақшасына қауіп төніп тұрғанына сендіріп, жинақ ақшасын оны сақтап қалуға көмектесетін шотқа өз еркімен аударуға көндіреді. Шын мәнінде бұл шот алаяқтардың атына ашылған, ал оған аударылған қаражат толықтай олардың иелігіне өтеді. Алаяқтардың құрбанына көбіне егде жастағы адамдар ұшырайды, алайда бұл схемаға жастар да жиі алданып жатады. ЦентрКредит Банкі бұл схеманың қалай жұмыс істейтінін және жинақ қаражатыңыздан айырылып қалмау үшін қандай шара қабылдау қажет екенін түсіндіреді.
Неліктен «қауіпсіз шот» болмайды
Банктерде клиентке қаражатын сақтау үшін аударуды ұсынатын арнайы «қауіпсіз», «резервтік», «қорғалған» немесе «сақтандырылған» шоттар жоқ және болуы да мүмкін емес.
ЦентрКредит Банкі қаражатыңызды «қауіпсіз шотқа» аударуды ұсынған кез келген адам алаяқ екенін ескертеді. Бұл — сіздің қаражатыңызды қорғау әрекеті емес, оны иемденудің айласы.
Схема қалай жұмыс істейді
Алаяқтар алдын ала дайындалған сценарий бойынша әрекет етеді.
- Алдымен адамға емханадан, есептегішті ауыстыруға қатысты немесе маркетплейстегі тапсырыс жөнінде хабарласып, SMS-пен келген кодты айтуды сұрайды. Клиент кодты айтқаннан кейін әңгіме аяқталады.
- Содан кейін қайтадан басқа «маман» қоңырау шалып, өзін банк, полиция немесе қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырады да, шотыңыздағы қаражатты ұрламақ болып жатыр, атыңызға кредит ресімделіп жатыр, дербес деректеріңіз алаяқтардың қолына түсті немесе шотыңызға қауіп төніп тұр деп үрей туғызатын ақпарат айтады.
- Қысымды күшейту үшін шұғыл әрекет ету қажет деген әсер қалыптастырады: дәл қазір әрекет етпесеңіз, ақшаңыздан айырылып қаласыз дейді.
- Алаяқтар жәбірленушіге алдын ала «нұсқау береді»: артынан банк қызметкері хабарласуы мүмкін екенін ескертеді. Шынында да банк күмәнді операцияны байқап, клиентпен байланысқа шығуы мүмкін. Сонымен қатар банк хабарласқан жағдайда не айту керек екенін де үйретеді: аударымды растауды және ақшаны анасына, әкесіне, ағасына, інісіне немесе құрбысына жіберіп жатқанын айтуды тапсырады. Мұндағы мақсат — банктің операцияны бұғаттамай, қаражатты ұрлауға кедергі келтірмеуі.
- Жалғыз «шешім» ретінде ақшаны «қауіпсіз шотқа» аударуды ұсынады. Олардың айтуынша, тексеру аяқталғанға дейін қаражат сол жерде «қауіпсіз» сақталады.
Шын мәнінде ақша толықтай алаяқтардың бақылауындағы шоттар мен карталарға түседі. Аударым жасалғаннан кейін қаражатты қайтару өте қиын.
Қандай сөздерден сақ болған жөн
Егер телефонмен сөйлесу барысында мынадай сөздерді естісеңіз, әңгімені бірден тоқтатыңыз:
- «Ақшаңызды шұғыл түрде қауіпсіз шотқа аударыңыз»
- «Біз сізге қорғалған шот ашып қойдық»
- «Тергеу аяқталғанға дейін ақшаңызды сақтау қажет»
- «Бұл әңгіме туралы ешкімге айтпаңыз»
- «Біздің нұсқауларымызды орындаңыз және телефонды өшірмеңіз»
- «Алаяқтардан бұрын үлгеру үшін кредит ресімдеңіз»
- «Ақшаңызды мобильді қолданба арқылы өзіңіз аударыңыз»
Осы сөздердің кез келгені — алаяқтық схеманың айқын белгісі.
Банк ешқашан:
- қаражатыңызды «сақтау» үшін оны басқа шоттарға аударуды талап етпейді;
- қаражатты қорғау мақсатында кредит ресімдеуді сұрамайды;
- бөгде қолданбаларды орнатуға көндірмейді;
- әңгімені құпия сақтауды талап етпейді;
- психологиялық қысым көрсетпейді және шешім қабылдауға асықтырмайды.
Өзіңізді қалай қорғауға болады
Егер сізге қоңырау шалып, шотыңыз бойынша «күмәнді операциялар» жасалып жатқанын хабарласа, ЦентрКредит Банкі мынадай әрекеттерді ұсынады:
- қоңырау шалушы сенімді сөйлеп, өзін ресми тұлға ретінде таныстырса да, әңгімені бірден тоқтатыңыз;
- ресми сайтта көрсетілген нөмір арқылы банкке өзіңіз қоңырау шалыңыз;
- бейтаныс адамдардың нұсқауымен қаражатыңызды қандай да бір «арнайы» шоттарға аудармаңыз;
- SMS-кодты, PIN-кодты, картаның CVV-кодын және мобильді қолданбаға кіруге арналған парольді ешкімге айтпаңыз;
- қандай да бір күмән туындаса, банкпен тек ресми байланыс арналары арқылы хабарласыңыз.
ЦентрКредит Банкі қаражатыңызға қатысты шешімді тек өзіңіз қабылдайтыныңызды және оны тек тікелей банк арқылы, ешқандай делдалсыз, «арнайы тексерусіз» әрі қаражатты шұғыл аударуды талап ететін қоңырауларсыз жүзеге асыратыныңызды еске салады.
Есте сақтайтын ең маңызды жайт
«Қауіпсіз шот» деген ұғым жоқ. Егер біреу ақшаңызды «сақтап қалу» үшін оны басқа шотқа аударуға көндірсе, бұл — қаражатыңызды ұрлау әрекеті. Ең дұрыс шешім — әңгімені бірден тоқтатып, ресми байланыс арналары арқылы банкпен өзіңіз хабарласу.
20.08.2026 жылдан бастап:
• Банк бөлімшесінде ағымдағы шот ашу;
• Банк бөлімшесінде 6 айдан асатын кезеңге банк шоты бойынша үзінді көшірме ұсыну;
• жеке тұлғалардың ағымдағы шотын жүргізу үшін жаңа тарифтер күшіне енеді.
Толығырақ 505 нөмірі арқылы немесе bcc.kz сайтынан біле аласыз: https://www.bcc.kz/fizical/tarify/
2026 жылғы 1 тамыздан бастап Банкте жеке тұлғалардың Ресей рублімен ашылған ағымдағы және жинақ шоттарынан қолма-қол ақша алу жөніндегі кассалық операциялары бойынша акция кезеңі қолданысқа енгізіледі.
SWIFT жүйесіндегі халықаралық аударымдардың тарифтеріне енгізілген өзгерістер 2026 жылғы 31 қазаннан бастап күшіне енеді. Жаңа тарифтер тек Қазақстан Республикасының бейрезидент клиенттеріне қолданылады.
Келесі тұлғаларға қолданыстағы тарифтер сақталады:
- Қазақстан Республикасының азаматтары;
- Қазақстан Республикасында қолданыстағы тұру ықтиярхаты бар шетел азаматтары.
Клиенттердің аталған санаттарына белгіленген комиссия мен халықаралық SWIFT-аударымдарын жасау тәртібі өзгеріссіз қалады.
Қолданыстағы тарифтермен осы жерде танысуға болады.
Банк ЦентрКредит опубликовал третий отчет об устойчивом развитии по итогам 2025 года. Документ подготовлен с учетом рекомендаций АРРФР и в соответствии с международными стандартами GRI, SASB, а также IFRS S1 и S2. Впервые в отчет включена оценка социально-экономического воздействия банка на экономику Казахстана. Оценка банка в рейтинге S&P Corporate Sustainability Assessment выросла до 75 баллов, что на 23% больше, чем годом ранее.
Банк продолжает реализацию климатической стратегии и наращивает «зеленый» портфель, финансируя проекты в сфере возобновляемой энергетики, газовой генерации и низкоуглеродного транспорта. Доля «зеленой» электроэнергии выросла до 31%, выбросы Scope 2 сократились на 26%, а портфельные выбросы (Scope 3, financed emissions) снизились до 1,7 млн тонн CO₂-эквивалента.
На благотворительные и социальные проекты банк направил более 2,8 млрд тенге, сотрудничая с национальными и международными партнерами, включая Казахстанскую Национальную Федерацию клубов ЮНЕСКО. Продолжили работу BCC Academy и «Школа лидерства», проведено более 200 обучающих программ. Также банк провел процедуру Human Rights Due Diligence по методологии ПРООН.
Отчет прошел независимое заверение по стандарту ISAE 3000, которое провела аудиторская компания KPMG. Полный текст отчета и ESG Databook доступны на официальном сайте Банка ЦентрКредит.
Құрметті клиенттер!
Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 2026 жылғы 9 маусымнан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютамен жаңадан тартылған «Моя цель» және «Рақмет» депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне өзгеріс енгізілгені туралы хабарлайды.