Кіру
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Скачать мобильное приложение bcc.kz
Cканируйте QR-код, камерой вашего телефона
Баспасөз қызметі
«Банк ЦентрКредит» АҚ баспасөз қызметі
E-mail: Pr@bcc.kz
FinOtinish цифрлық платформасы арқылы пилоттық жобаға қосылу

Банк ЦентрКредит қаржы қызметін тұтынушылардың өтініштерін қарау тетіктерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құрған FinOtinish цифрлық платформасымен жұмысын бастады.

Платформаға қосылу Банктің клиентке бағдарланған сервисті дамыту және клиенттермен өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыру бағытындағы кезекті қадамы болды.

Жаңа цифрлық құрал қаржылық қызметтерді тұтынушыларға Банкке бірыңғай электронды арна арқылы өтініш жолдауға, сондай-ақ олардың қаралу барысы мен нәтижелерін онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік береді.


FinOtinish қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға арналған бірыңғай цифрлық арнаны ұсынады.

FinOtinish цифрлық платформасы арқылы қаржы қызметтерін тұтынушылар (жеке тұлғалар) өз құқықтарының бұзылуына, Банктің әрекеттерімен немесе әрекетсіздігімен келіспеуіне, сондай-ақ қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынуға байланысты шағымдары бойынша Банкке өтініш жолдай алады.

Платформа арқылы жолданған өтініштің мәртебесі мен оны қарау мерзімдерін онлайн режимінде бақылауға болады. Келіп түскен өтініш автоматты түрде Банкке жіберіледі.

Өтініштерді жолдау сілтемесі: https://finotinish.kz/.

Мәселе Банк деңгейінде реттелмеген жағдайда, платформа қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес банк омбудсманына жүгіну мүмкіндігін қарастырады. FinOtinish платформасын пайдалану тегін және оны пайдалану тұтынушының өз еркіне байланысты. Сонымен қатар, платформаға қосылу қаржы қызметтерін тұтынушылардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңнамада көзделген өзге де тәсілдерін пайдалану құқығын шектемейді.



Өнімдер мен қызметтер бойынша кеңес алу, қызмет көрсету шарттарын білу немесе басқа да анықтамалық ақпарат алу үшін клиенттер Банктің келесі байланыс арналарына хабарласа алады:


Банктің байланыс орталығы:

Қазақстан Республикасы аумағында ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін.

жеке тұлғалар үшін — 505;


Банктің мессенджерлері: WhatsApp және Telegram

(мессенджерлер арқылы қоңырау қабылданбайды)

жеке тұлғалар үшін — 8 (747) 111-15-05.

Банктің ресми сайтындағы чат.

Жаңалықтар
Алаяқтардан қалай қорғануға болады: кеңестер мен маңызды байланыс нөмірлері

Қазақстанда телефон және интернет алаяқтығы жиілеп кетті. Өзіңізді және қаражатыңызды қорғау үшін негізгі қауіпсіздік ережесін сақтау маңызды: ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз, бейтаныс адамдардың телефон арқылы немесе желіде айтқан өтініштерін орындамаңыз, күрделі парольдер мен екіфакторлы аутентификацияны қолданыңыз, гаджеттердегі қолданбалар мен жүйені ұдайы жаңартып отырыңыз.

Егер алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға 102 нөмірі арқылы немесе qamqor.gov.kz сайтындағы «Полицияға өтініш беру» бөлімі арқылы хабарласыңыз. Сонымен қатар картаңызды банк қолданбасы немесе байланыс орталығы арқылы бұғаттаңыз. Бұған қоса бірыңғай 116 нөміріне қоңырау шалуға болады.

Алаяқтар көбіне өздерін банк, полиция немесе басқа ұйым қызметкерлері ретінде таныстырып, мемлекеттік органдар мен дүкендердің атынан жалған хабарламалар жібереді, жалған интернет-дүкендер құрып, «тиімді инвестиция» ұсынады. Ресми органдар ешқашан код пен пароль сұрамайтынын және телефон арқылы тергеу әрекеттерін жүргізбейтінін есіңізде сақтаңыз.

Алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы толығырақ ақпаратты ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің Instagram желісіндегі @cybercrime.kz парақшасынан біле аласыз.

Өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады, сілтемеден толығырақ танысыңыз.

Жаңалықтар
Жаңа қорғаныс шаралары: банк деректерін үшінші тұлғаларға бергені үшін белгіленетін қылмыстық жауапкершілік

ЦентрКредит Банкі Қазақстандағы қаржылық алаяқтықтан қорғауға бағытталған заңнамаға енгізілген өзгеріс туралы маңызды ақпаратты хабарлайды.

2025 жылғы қыркүйектен бастап енгізілетін өзгеріс 

Қазақстанда қаржылық қылмыстарға қарсы күрес аясында банктік шоттарға, карталарға және банктің мобильді қолданбасына кіру рұқсатын үшінші тұлғаларға заңсыз бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Жұбайлар мен жақын туыстар арасындағы операцияларға қатысты бұл талап қолданылмайды. Жаза мөлшері: ірі айыппұлдан бастап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе мүлікті тәркілеу. Алаяқтық сұлбаларды ұйымдастырушыларға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылады

Алаяқтық сұлбалардың жұмыс істеу принципі

Қылмыскерлер әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы азаматтарды белсенді түрде тартып, банк деректемелерін пайдалану үшін «оңай табыс табу» жолын ұсынады. «Дропперлер» деп аталатын мұндай ұсыныстардың құрбандары қылмыскерлердің сыбайласына айналғанын білмей қалуы да мүмкін. Ұлттық Банк ескерткендей, мұндай сұлбалар елдің қаржы жүйесіне елеулі зиян келтіреді және азаматтардың банк қызметтеріне деген сеніміне селкеу түсіреді.

Алаяқтардың әдеттегі ұсыныстары:

  • «Картамды 50 000 теңгеге жалға беремін»
  • «Қолма-қол ақша алу үшін адамдар керек»
  • «Банктік операциялардан табыс табу»


ЦентрКредит Банкінің қаржылық қауіпсіздік бойынша кеңесі

Келесі деректерді үшінші тұлғаларға ешқашан бермеңіз:

  • Банк карталары мен олардың деректемелері
  • Мобильді банкингке кіретін PIN-кодтар мен парольдер
  • Банктік қолданбаларға кіру рұқсаты
  • Операцияларды растау үшін жіберілетін SMS-кодтар


Алаяқтық белгілері:

  • Банк операциялар арқылы «оңай табыс табуды» ұсыну
  • Сыйақы үшін «ақша аударуға көмектесуді» сұрау
  • Шотыңызды бөгде «бизнес» үшін пайдалануды ұсыну


Күдікті операцияларды байқаған кезде:

1. Call-center/банктің мобильді қолданбасы арқылы картаны дереу бұғаттаңыз

2. Құқық қорғау органдарына өтініш жасаңыз

3. Банкке алаяқтық операциялар туралы хабарлаңыз

4. Барлық құжаттама мен хат алмасуды сақтаңыз


Банктің өкілдері келесі деректерді ешқашан сұрамайтыны есіңізде болсын:

  • SMS-хабарламалардағы кодтар
  • «Қауіпсіз шоттарға» ақша аудару
  • Банк деректерін үшінші тұлғаларға беру


ЦентрКредит Банкі клиенттердің қаржылық қауіпсіздігін қорғауды баста назарда ұстап, банк өнімдерін пайдаланған кезде сақтық танытуға шақырады.

Жеке тұлғаларға
Жаңалықтар
New! АҚШ долларымен «Рахмет» салымы енді 13 айға да ашылады

Клиенттеріміз АҚШ долларымен «Рахмет» салымын 13 ай мерзімге де аша алады.

Салымды bcc.kz мобильді қолданбасында немесе банк бөлімшесінде ашуға болады. Шарттары мен мөлшерлемелері туралы сілтеме арқылы біліңіз.

Инвесторларға
«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың KZ2C00006062 облигацияларын өтеу туралы хабарламасы

Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде» «Альфа-Банк» АҚ ЕБ екінші облигациялық бағдарламасы бойынша бірінші облигация шығарылымының (ISIN KZ2C00006062), өтеуі туралы "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-тың хабарламасын (29.10.2026 жылғы № 23-27/13969) мәлімет ретінде қабылдағаны жөнінде хабарлайды. «Альфа-Банк» АҚ ЕБ міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқоры «Банк ЦентрКредит» АҚ болып табылады.

Жаңалықтар
«Аванс беру» сервисі — енді қызметкерлеріңізге жалақы күнін күту қажет емес

ЦентрКредит Банкінің клиенттеріне жалақы жобасы аясында жаңа серіктестік «Аванс беру» сервисі ұсынылады.

Бұл сервисті жалақы жобасына қатысушылар пайдалана алады: қазіргі клиенттерге сервисті қосу туралы өтінім беру жеткілікті

Бизнес үшін бұл сервис бухгалтерия мен HR бөлімінің жұмысын жеңілдетуге көмектеседі: компаниямен есеп айырысу айына бір рет жүргізіледі, ал операциялар 1С бағдарламасында автоматты түрде көрсетіледі. Компанияға сервисті қосу — тегін, ал қызметкерлерге — пайызсыз.

Қызметкерлер тапқан ақшасын кез келген күні ала алады, сондай-ақ өтінім берген кезде қолжетімді аванс сомасы көрсетіледі. Бұл жалақы күнін күтпей-ақ, тапқан қаражатты қажет кезде жұмсауға мүмкіндік береді.

Сервисті қалай қосуға болады? Сервисті пайдалану үшін сілтеме арқылы өтінім қалдырып, жалақы жобасына қатысушы атаныңыз

Бизнеске
Жаңалықтар
Акция мерзімін ұзартамыз: бизнес-клиенттер үшін рубльді қолма-қол алуға 0% комиссия

2026 жылғы 1 қарашадан 31 желтоқсанға дейін бизнес-клиенттің шотынан Ресей рублін комиссиясыз қолма-қол алыңыз.

Ұсыныс қазіргі клиенттерге де, жаңа клиенттерге де қолданылады.

Қолма-қол ақшаны банктің кез келген бөлімшесіндегі есеп айырысу-касса бөлімінен алуға болады.

Жеке тұлғаларға
Жаңалықтар
Жеке тұлғалардың ресей рубліндегі ағымдағы және жинақ шоттарынан қолма-қол ақша алуға арналған акция тарифі

«Банк ЦентрКредит» АҚ жеке тұлғалардың Ресей рубліндегі ағымдағы және жинақ шоттарынан қолма-қол ақша алуға арналған акция тарифінің қолданылу мерзімін ұзартады.

Акция кезеңі 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады.

Шарттар мен тарифтер туралы толығырақ ақпаратты 505 нөмірі арқылы алуға болады.

Жеке тұлғаларға
Жаңалықтар
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап телефон нөмірі бойынша аударым тарифтерінің өзгеруі

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ЦентрКредит Банкі жекелеген карта өнімдері бойынша ҚР-ның басқа банктеріне телефон нөмірі арқылы ақша аудару тарифтерін жаңартады.

Премиум карталар бойынша талаптар өзгеріссіз қалады —бұрынғыдай комиссиясыз ақша аударуға болады.

Қалған карталар бойынша комиссиясыз ақша аударуға мынадай лимиттер қолданылады:

  • #bccpay 2.0 — айына 700 000 теңгеге дейін комиссиясыз, лимиттен асқан жағдайда — аударым сомасының 1%-ы, кемінде 250 теңге;
  • #Үлкенгеқұрмет, #GoldCard, Әлеуметтік/Алименттік карта — айына 300 000 теңгеге дейін комиссиясыз, лимиттен асқан жағдайда — 1%, кемінде 250 теңге;
  • Visa Silver ZP ENU — айына 500 000 теңгеге дейін комиссиясыз, лимиттен асқан жағдайда — 1%, кемінде 250 теңге;
  • #картакарта — жеке қаражатты айына 300 000 теңгеге дейін комиссиясыз аударуға болады, лимиттен асқан жағдайда — 1%, кемінде 250 теңге. Кредит қаражатын аудару комиссиясы өзгеріссіз қалады — 4%;
  • #180 — жеке қаражатты айына 300 000 теңгеге дейін комиссиясыз аударуға болады, лимиттен асқан жағдайда — 1%, кемінде 250 теңге. Кредит қаражатын аудару комиссиясы өзгеріссіз қалады — 3,9% + 390 теңге.


Жаңа шарттар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Ақша аударған кезде жаңартылған лимиттерді ескеріңіздер.

Инвесторларға
Банк ЦентрКредит ALBNb5 облигацияларын өтеуді аяқтады

Банк ЦентрКредит» АҚ 2026 жылдың 28 қазаныңда облигацияларды шығару шарттарына сәйкес ALBNb5 (ISIN KZ2C00006062, «Негізгі» алаңы, "Облигациялар" санаты) облигациялардың соңғы 14-ші купондық сыйақысымен бірге өтелгенін хабарлайды.

Төленген негізгі борыш сомасы - 4 503 656 000,00 (төрт миллиард бес жүз үш  три миллион алты жүз елу алты мың) теңге 00 тиын, 14-ші купондық сыйақы сомасы 242 071 510,00 (екі жүз қырық екі миллион жетпіс бір мың бес жүз он) теңге 00 тиын.

Инвесторларға
Банк ЦентрКредит CCBNpp3 облигациялары бойынша купондық сыйақы төледі

«Банк ЦентрКредит» АҚ 2026 жылдың 28 қазанында CCBNpp3 (KZ2C00016202) облигациясы бойынша купондық сыйақы төленгені туралы  хабарлайды.

Төленген купондық сыйақының жалпы сомасы 9 500 000 000,00 (тоғыз миллиард бес жүз миллион) теңге 00 тиын.

Ақционерлерге
«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

Құрметті «Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлері!

A25D5G0, Алматы қ., Медеу ауданы, әл-Фараби даңғ., 38 мекенжайы бойынша орналасқан «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы АҚ Директорлар кеңесінің бастамасымен (Директорлар кеңесінің 22.10.2026 жылғы №1022/1 қаулысы) 2026 жылғы 25 қарашада сағ. 10:00-де жеке қатысу нысанында Zoom конференция арқылы акционерлердің жалпы жылдық жиналысының өтетіні туралы хабарлайды.

Акционерлердің жалпы жылдық жиналысына қатысушыларды тіркеу жергілікті уақыт бойынша сағ. 09:30-да басталады.

«Банк ЦентрКредит» АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысына қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2026 жылғы 22 қазандағы жай-күйі бойынша «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ ұсынған «Банк ЦентрКредит» АҚ акцияларын ұстаушылар тізілімінің деректері негізінде құрылады.

Күн тәртібі:

1.  Банк ЦентрКредит» АҚ-тың исламдық банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия алу ниеті туралы.

2. «Банк ЦентрКредит» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

3. «Банк ЦентрКредит» АҚ исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі Кеңес мүшелерінің кандидатураларын тағайындау туралы.

Акционерлер жалпы жылдық жиналыстың күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша материалдармен 2026 жылғы 15 қарашадан бастап келесі мекенжай бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-та сағ. 9:00-18:00 аралығында таныса алады: Алматы қ., Медеу ауд., әл-Фараби даңғ., 38. Жеке тұлғаңызды куәландыратын құжатыңыз болуы тиіс. Акционердің сауалы болған кезде, материалдар сауал алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, бірақ жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін жолданады.

Кворум болмаған жағдайда, Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы 2026 жылғы 27 қарашада сағат. 10:00-де жеке қатысу нысанында Zoom конференция арқылы қайта өткізіледі.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-II заңының (бұдан әрі – Акционерлік қоғамдар туралы заң) 52-бабының 1-тармағына сәйкес акционерлердің жалпы жылдық жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылуы тиіс.

Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 36-37, 39-48, 50-52-баптарына, сонымен қатар «Банк ЦентрКредит» АҚ Жарғысының қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Барлық сұрақ бойынша келесі телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады:

7 (727) 259 85 18

ESG
БЦК S&P Global CSA нұсқасы бойынша корпоративтік тұрақтылық бағасын 78 балға дейін арттырды

2026 жылдың қорытындысы бойынша Банк ЦентрКредит S&P Global Corporate Sustainability Assessment (CSA) халықаралық корпоративтік тұрақтылық бағалауында 100 балдың ішінен 78 балл жинады. 2025 жылмен салыстырғанда нәтиже 3 балға, ал 2024 жылдан бері 17 балға өсті.

Бағаның жақсаруы жауапты қаржыландырудың дамуын, қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыруды, сондай-ақ банктің экологиялық және әлеуметтік жауапкершілігін күшейтуді көрсетеді. Негізгі бағыттардың қатарында қаржылық инклюзия, ақпараттық қауіпсіздік, іскерлік этика, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару, сондай-ақ климаттық стратегияны іске асыру және «жасыл» қаржыландыруды дамыту бар.

Банктің тұрақты даму тәсілдері 2025–2050 жылдарға арналған Климаттық стратегияда, «Жасыл» қаржыландыру саясатында, Тұрақты даму саясатында және Экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару саясатында бекітілген. Бұл құжаттар ESG факторларын бизнес-процестерге және шешім қабылдау үдерісіне интеграциялау қағидаттарын айқындайды.

2026 жылы банк 2025 жылдың қорытындысы бойынша тұрақты даму жөніндегі үшінші есебін де жариялады. Құжат GRI, SASB және IFRS S1/S2 халықаралық стандарттарын ескере отырып дайындалған және алғаш рет банк қызметінің Қазақстан экономикасына әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалауды қамтиды.

S&P Global CSA — компаниялардың экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық тәжірибелерін 0-ден 100 балға дейінгі шкала бойынша бағалайтын жыл сайынғы бағалау. Ол компаниялардың ESG факторларын басқару және ақпаратты ашу тәсілдерін бағалауға мүмкіндік береді.

2025 жылға арналған тұрақты даму жөніндегі есептің толық нұсқасы Банк ЦентрКредиттің ресми сайтында қолжетімді.

Жеке тұлғаларға
Жаңалықтар
2026 жылғы 16 қазаннан бастап жеке тұлғаларға арналған депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелері өзгереді

Құрметті клиенттер!

Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 2026 жылғы 16 қазаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютамен жаңадан тартылған «Моя цель» депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне өзгеріс енгізілгені туралы хабарлайды.

Жаңалықтар
ЦентрКредит Банкі мен Sunwah Group ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Биылғы 25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы аясында ЦентрКредит Банкі мен Гонконгтың Sunwah Group корпорациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың қаржы, инвестиция және жобалық қызмет салаларындағы бірлескен бастамаларды дамыту ниетін бекітеді.

Меморандумға қол қояр алдында 24 қыркүйекте Банктің бас офисінде Sunwah Group компаниясымен бірлесіп дөңгелек үстел өткіздік. Оған ҚХР мен Гонконгтың бизнес және қаржы институттарының 42 өкілі қатысты. Қонақтарға BCC Group және оның негізгі қызмет бағыттары туралы ақпарат беріліп, топ құрамындағы BCC Invest, Nomade Invest, BCC Project және ODEPT компаниялары таныстырылды. Іс-шараның басты бөлігі Гонконгтың HKEX биржасының басқарушы директоры (Managing Director) Ли Сихуанның (Larry Li) баяндамасы болды. Ол Қазақстан алтынын Гонконгтың клирингтік инфрақұрылымына қосып, трансшекаралық есеп айырысу үшін алтынмен қамтамасыз етілген цифрлық құрал құруды ұсынды. Сонымен бірге Sunwah Group төрағасы Джонатан Чой (Jonathan Choi) компаниялар арасындағы әріптестікті әрі қарай дамыту маңызды екенін атап өтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін білдірді.

Sunwah Group компаниясымен серіктестік BCC Group пен Қытай және Гонконгтың іскерлік және қаржы қауымдастығын байланыстыратын көпірге айналып, Азия бағытында бірлескен жобаларды іске асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Анықтама

Sunwah Group төрағасы Джонатан Чой (Jonathan Choi - Цай Гуаньшэнь) – белгілі гонконгтік кәсіпкер әрі қоғам қайраткері. Ол көпсалалы халықаралық Sunwah Group корпорациясын, Гонконгтың Қытай бас сауда палатасын басқарады, сондай-ақ Қытай Халық саяси консультативтік кеңесі (ҚХСКК) Бүкілқытайлық комитеті Тұрақты комитетінің мүшесі.

Бизнеске
Жаңалықтар
Тұрғын үй кешендерін басқарушы компанияларға арналған салымдар

Басқарушы компанияларға арналған арнайы депозит арқылы үйді күрделі жөндеуге тиімді шарттармен ақша жинаңыз. Сыйақы мөлшерлемесі — 7,5% (ЖТСМ — 7,76%)

  • Орналастырудың ең төменгі сомасы: 1 000 теңгеден бастап.
  • Орналастыру мерзімі: мерзімсіз.
  • Қосымша жарналар: шектеусіз.
  • Ішінара ақша алу: тұрғын үй меншік иелерінің хаттамасы (Үй кеңесінің өтінімі) болған жағдайда ғана.
  • Сыйақы мөлшерлемесі: 7,5%.
  • Сыйақы төлеу: сыйақы салым сомасына қосылады (сыйақыны капиталдандыру).

Салымды жабу: басқарушы компанияның өтініші негізінде және тұрғын үй меншік иелерінің хаттамасы болған жағдайда жүзеге асырылады. Ақша салынған күннен бастап 1 күнтізбелік ай аяқталғанға дейін салым жабылса, сыйақы төленбейді. Ақша салынған күннен бастап 1 күнтізбелік айдан астам уақыт өткеннен кейін салым жабылған жағдайда, сыйақы салым жабылған сәтте қолданыста болатын сыйақы мөлшерлемесі бойынша төленеді.

Назар аударыңыз: сыйақыдан табыс салығы ҚР заңнамасына сәйкес ұсталады.

Жеке тұлғаларға
Жаңалықтар
#IronCard: Supreme және Supreme+ артықшылықтары енді қолжетімді

#IronCard картасын ұстаушылардың Supreme және Supreme+ артықшылықтарын пайдалану шарттарын есептеу тәртібін өзгерттік. Енді шарттар түсінікті, ал оларды орындау оңай болады. 

Енді Supreme және Supreme+ артықшылықтарын пайдалану үшін күнтізбелік тоқсандарға қарамастан, жазылым шарттарының бірін 3 ай қатарынан орындау жеткілікті. 

  1. 1. Supreme артықшылықтар деңгейі үшін 

Supreme артықшылықтар деңгейі — бүкіл әлем бойынша әуежайлардағы DragonPass бизнес-залдарына шектеусіз және Астанадағы VIP Lounge-ға  екі қонақпен бірге (жылына 6 рет) кіру мүмкіндігі. Supreme деңгейін пайдалану үшін келесі шарттардың бірін орындау жеткілікті: 

  • 3 ай ішінде ұлттық валютамен (немесе оның баламасымен) айына 3 млн ₸-ден 5 млн ₸-ге дейінгі сомаға сауда жасау 

  • Теңгемен ашылған шоттардағы күнделікті қалдықты 3 ай қатарынан кемінде 500 000 ₸ сомасында сақтау 

  1. 2. Supreme+ артықшылықтар деңгейі үшін 

Supreme+ артықшылықтар деңгейі — бүкіл әлем бойынша әуежайлардағы DragonPass бизнес-залдарына шектеусіз және Астанадағы VIP Lounge-ға бұрынғыдай 6 рет емес, енді жылына 10 рет үш қонақпен бірге кіру мүмкіндігі. Supreme+ деңгейіне қол жеткізу үшін келесі шарттардың бірін орындау жеткілікті: 

  • 3 ай ішінде ұлттық валютамен (немесе оның баламасы) айына кемінде 5 млн ₸ сомаға сауда жасау 

  • Теңгемен ашылған шоттардағы күнделікті қалдықты 3 ай қатарынан кемінде 1 млн ₸ сомасында сақтау 

Толығырақ 

Жаңалықтар
Қазақстанда Антифрод орталығының ақпараттық сайты іске қосылды

Қазақстан азаматтары мен ұйымдарына арналған Қазақстан Республикасының Антифрод орталығының antifraud.kz ресми сайты іске қосылды. Порталда алаяқтық, одан қорғану тәсілдері және күмәнді жағдай туындаған кезде орындалатын әрекеттер туралы материалдар жинақталған.

Сайттан не білуге болады?

Пайдаланушылар Қазақстан Республикасының Антифрод орталығының қызметі, оның міндеттері мен функциялары, сондай-ақ алаяқтыққа қарсы қолданылатын шаралар туралы ақпаратпен таныса алады. Сонымен қатар кең таралған және жаңа алаяқтық схемалар, оларды анықтау және олардың алдын алу тәсілдері туралы мәлімет ала алады.

Сайтта сондай-ақ ақшалай қаражат пен дербес деректерді қорғау жөніндегі ұсынымдар, алаяқтыққа тап болған жағдайда әрекет ету тәртібі туралы нұсқаулықтар, қайда хабарласу қажет екені жөніндегі ақпарат, анықтамалық және оқу материалдары, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар және осы саладағы заңнама туралы мәліметтер орналастырылған.

Өзіңіз туралы ақпаратты тексеріңіз

Сайтта биометриялық сәйкестендіруден өтіп, Антифрод орталығының ақпараттық жүйелерінде өзіңіз туралы мәліметтің бар-жоғын тексеруге болады. 24 сағат ішінде бір реттен артық тексеруге болмайды. Тиісті мәлімет болған жағдайда пайдаланушы алдағы әрекеттер тәртібі мен жағдайды реттеуге мүмкіндік беретін қолжетімді тетіктер туралы ақпарат ала алады.

«Фроддиге» сұрақ қойыңыз

«Фродди» ЖИ-агенті алаяқтық және цифрлық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес алуға, сондай-ақ оқыс жағдай туындаған кезде қалай әрекет ету керек екенін білуге мүмкіндік береді.

Пайдалы сервистер бір жерде

Порталда мемлекеттік және салалық ресурстарға сілтемелер жинақталған. Бұл ресурстарда сайттар мен ұйымдарды тексеруге, кредит тарихы туралы ақпарат алуға, қаржы сауаты мен цифрлық қауіпсіздік жөніндегі материалдармен танысуға болады.

Мұқият болыңыз және деректеріңізді қорғаңыз

Қаржы операцияларын жасамас бұрын ақпаратты тексеріңіз. SMS арқылы келген кодтарды, парольдерді және басқа да конфиденциалды деректерді бөгде адамдарға бермеңіз.

Антифрод орталығы қатысушылардың сайтты әрі қарай дамыту, оның функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту, пайдалануды ыңғайлы ету және өзекті материалдармен толықтыру жөніндегі ұсыныстары мен ұсынымдарын да қабылдауға дайын.

Антифрод орталығының мүмкіндіктері туралы толығырақ antifraud.kz ресми сайтынан біліңіз.

Бизнеске
Жаңалықтар
#BusinessCredit картасы бір клиентке арналған 4 карта лимитіне кірмейді

Бір ұстаушыға тиесілі төлем карталарының ең көп санына қатысты қолданыстағы талаптарға сәйкес, #BusinessCredit картасы клиенттің карталар санына белгіленген лимитті есептеген кезде ескерілмейтінін хабарлаймыз.

Бұл ЦентрКредит Банкінде 4 картаңыз болса да, бизнеске арналған #BusinessCredit кредит картасын ресімдей алатыныңызды білдіреді.

Осылайша, лимитті есептеген кезде банкіміздің мына карта өнімдері ескерілмейді:

— #bccjunior

— әлеуметтік карта

— #businesscredit

«Бір клиентке 4 карта» шектеуі мына карталарға қатысты қолданыла береді:

— стандарт және премиум санаттағы дебет карталары

— кредит карталары

— зейнетақы карталары

— бизнес-карталар (#BusinessCredit картасынан басқа)

#BusinessCredit кәсіпкерлерге бизнеске қажетті тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін қаржыны икемді пайдалануға қосымша мүмкіндік береді.

#BusinessCredit картасы туралы толығырақ ақпаратты ЦентрКредит Банкінің сайтынан, банк бөлімшелерінен немесе дербес менеджерлерден біле аласыз.

Бизнеске
Жаңалықтар
Бизнесті оңай дамытыңыз: bcc.business қолданбасында қосымша POS-терминалдарға онлайн тапсырыс беріңіз

Уақытыңызды бағалаймыз, сондықтан кәсіпкерлер үшін Bank CenterCredit қызметтерін бұрынғыдан да ыңғайлы етуді жалғастырамыз. Енді bcc.business серіктесінің жеке кабинетінде (веб-нұсқада және BCC Business мобильді қолданбасында) сауда эквайрингі қызметін пайдаланып жүрген клиенттер үшін жаңа мүмкіндік қолжетімді.

Егер бизнесіңізге қосымша POS-терминал керек болса, бұдан былай банк бөлімшесіне барудың немесе менеджерді күтудің қажеті жоқ. Өтінімді бірнеше минутта онлайн ресімдеуге болады.

Бұл қалай жұмыс істейді? Сізге өтінімді ресімдеудің ыңғайлы екі тәсілі ұсынылады:

  • Қолданыстағы шарт аясында жаңа құрылғыны қосу
  • Банктің қазіргі тарифтік талаптарына сәйкес жаңа шарт жасау

Барлығы автоматты түрде іске асады, bcc.business сайтына немесе мобильді қолданбасына кіріп, серіктестің кабинетіндегі «Сауда эквайрингі» бөлімінен  қажетті опцияны таңдап, өтінімді жіберіңіз. Кеңсеге баруды,  қағазбастылықты ұмытып, бизнесіңізді ауқымды түрде дамытыңыз. 

Бизнеске
Жаңалықтар
Форвардные сделки онлайн в bcc business без комиссии

Теперь вы можете заключать форвардные сделки онлайн — в новой версии приложения bcc business.

Форвард позволяет заранее зафиксировать курс, сумму и дату валютной операции. Такой инструмент помогает снизить риски, связанные с изменением валютного курса, и заранее планировать расходы по международным контрактам.

Основные условия:

  • валютные пары: USD/KZT, EUR/KZT, RUB/KZT;
  • сумма сделки — от 100 000 до 50 000 000 долларов США в эквиваленте;
  • срок — от 1 недели до 1 года;
  • залоговое обеспечение — 10% от суммы сделки;
  • без комиссии.


Форвардные сделки позволяют заранее зафиксировать валютный курс и снизить влияние рыночной волатильности, сокращая риск непредвиденных расходов по международным контрактам. Оформление проходит полностью онлайн, без скрытых комиссий, а при необходимости клиенты могут получить квалифицированную поддержку специалистов банка.

Бизнеске
Жаңалықтар
Әрдайым 0%: ЦентрКредит Банкі BCC QR арқылы төлем жасау комиссиясын алып тастады

Құрметті кәсіпкерлер!

BCC QR арқылы төлем жасауға 0% комиссия қарастырылған акция ресми түрде тұрақты тарифке айналды. Енді банк ішінде QR арқылы жасалатын төлемдерге 0% комиссия әрдайым қолданылады — мерзімсіз әрі жасырын шарттарсыз.


Бизнесіңізге берер артықшылықтары:

  • Қаражатты үнемдеу: тұрақты 0% комиссияның арқасында түсімнің 100%-ы өзіңізде қалады.
  • Шығынды азайту: банк ішіндегі төлемдер бойынша эквайринг шығыны болмайды.
  • Клиенттерге ыңғайлы: BCC.KZ қолданбасы арқылы жылдам әрі қауіпсіз контактісіз төлем жасау мүмкіндігі

Толық ақпаратты bcc.kz сайтынан немесе BCC Business қолданбасынан біліңіз

ЦентрКредит Банкінің эквайрингін қосып, бизнесіңізге барынша тиімді шарттармен төлем қабылдаңыз!

Бизнеске
POS-марафон жалғасуда: кондитерлік және гүл дүкендерінде төлем қабылдағаны үшін комиссия 0%!

Қазан айы – жылы жүздесулер мен мерекелер айы, сонымен қатар Ұстаздар күні атап өтілетін ай. Осы кезеңде гүл шоқтары мен тәттілерге сұраныс арта түседі. Бизнестің белсенді маусымда табысын арттыруға көмектесу үшін жаңа акцияны іске қосып отырмыз!

Қазан айының соңына дейін төлемдерді артық шығынсыз қабылдаңыз: ЦентрКредит Банкі гүл және кондитерлік бизнес иелері үшін эквайринг комиссиясын 0%-ға дейін төмендетеді.

Бұл ұсыныс кімдерге арналған?

Акция келесі MCC-кодтар бойынша жұмыс істейтін мерчанттарға (жаңа және бұрыннан бар) қолданылады:

• 5992 — флористика;
• 5441 — кондитерлік дүкендер.

Сізге берілетін артықшылықтар:

  • POS-терминалдар және BCCPAY арқылы төлемдерді қабылдау бойынша қызмет көрсету тарифі аясында 0% комиссия;
  • күзгі мерекелер қарсаңында табысты арттыру мүмкіндігі;
  • кез келген банктің карталары арқылы төлемдерді ыңғайлы қабылдау.

POS-терминалды немесе BCCPAY қызметін дәл қазір қосып, осы қазан айын бизнесіңіз үшін барынша табысты айға айналдырыңыз!

 Акция 01.10.2026–31.10.2026 аралығында өтеді. Акция Банк карталары және басқа банктердің карталары бойынша жүргізілген операцияларға қолданылады.

Инвесторларға
Облигациялар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу — 25.09.2026

Осы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ 2026 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мыналарды мемлекеттік тіркеуден өткізгенін хабарлайды:

  • 5-ші облигациялық бағдарлама шеңберіндегі 2-ші облигациялар шығарылымы (ISIN KZ2C00020329), номиналды құны 1 000 (бір мың) теңге, көлемі 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңге және айналым мерзімі 4 жыл;
  • 5-ші облигациялық бағдарлама шеңберіндегі 3-ші облигациялар шығарылымы (ISIN KZ2C00020337), номиналды құны 1 000 (бір мың) теңге, көлемі 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңге және айналым мерзімі 5 жыл;
  • 5-ші облигациялық бағдарлама шеңберіндегі 4-ші облигациялар шығарылымы (ISIN KZ2C00020345), номиналды құны 1 000 (бір мың) теңге, көлемі 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңге және айналым мерзімі 6 жыл;
  • 5-ші облигациялық бағдарлама шеңберіндегі 5-ші облигациялар шығарылымы (ISIN KZ2C00020352), номиналды құны 1 000 (бір мың) теңге, көлемі 100 000 000 000 (жүз миллиард) теңге және айналым мерзімі 7 жыл.
Поиск по сайту
Cookie файлдарын баптау
Әрқашан белсенді